"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 5 мамырдағы N 158-IV Заңы

       1-бап . "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 17, 135-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат; N 20, 87-құжат; N 21, 97-құжат; N 24, 128-құжат; 2009 ж., N 2-3, 21-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-баптың 20-2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында тізбеленген, толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды;
      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 35-бабында белгіленген жеткілікті өңдеу критерийлеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті өңделген тауарларды өндіретін әлеуетті өнім берушілер (бұдан әрі - отандық тауар өндірушілер) - жеке және (немесе) заңды тұлғалар;";
      2) 41-баптың 3-тармағы 8) тармақшасындағы "қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады." деген сөздер "қызметтерді;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.";
      3) 47-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Осы Заңның 41-бабы 3-тармағы 9) тармақшасының ережесі 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.".
       2-бап . Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті                              Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады