Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] ["Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама - 2-жоба) ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 260-IV Заңы

      2009 жылғы 3 желтоқсанда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] [«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама - 2-жоба) ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

ҚАРЫЗДЫҢ НӨМІРІ 2562-KAZ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
мен
АЗИЯ ДАМУ БАНКІ
арасындағы ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(Жай операциялар)

      (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] [«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама - 2-жоба)

3 ЖЕЛТОҚСАН 2009 ЖЫЛ

LAL: KAZ 41121

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(Жай операциялар)

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (бұдан әрі Қарыз алушы деп аталады) мен АЗИЯ ДАМУ БАНКІ (бұдан әрі АДБ деп аталады) арасындағы 2009 жылғы 3 желтоқсандағы ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ.
      ТӨМЕНДЕГІНІ НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,

      (А) Қарыз алушы мен АДБ арасында жасалған 2009 жылғы 13 қаңтардағы қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге сәйкес АДБ ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізінің Жамбыл облысындағы учаскелері үшін Қарыз алушының Инвестициялық Бағдарламасы (бұдан әрі Инвестициялық Бағдарлама деп аталады) шеңберіндегі жобаларды қаржыландыру үшін Қарыз алушыға көп траншты қаржыландыру тетігін (КҚТ) төмендегі шарттарға сәйкес беруге келісті;
      (В) Қарыз алушы 2009 жылғы 28 тамыздағы түзетулермен 2009 жылғы 17 тамыздағы және одан кейінгі қаржыландыру туралы мерзімді сұрау беру арқылы АДБ-ға осы Қарыз туралы келісімнің 1-қосымшасында сипатталған және Инвестициялық Бағдарламаның бір бөлігі болып табылатын Жобаның мақсаттары үшін Қарыз бөлу туралы өтінішпен жүгінді; сондай-ақ
      (С) АДБ Қарыз алушыға төменде белгіленген мерзімдер мен шарттарда АДБ-ның әдеттегі капитал ресурстарынан Қарыз беруге келісімін білдірді:

      ЖОҒАРЫДА БАЯНДАЛҒАНДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, осы келісім тараптары төмендегілер туралы уағдаласты:

1-БАП
Қарыз беру ережелері; Анықтамалар

      1.01-бөлім. 2001 жылғы 1 шілдедегі АДБ-ның Әдеттегі негізгі ресурстарынан бөлінетін қарыздарға Лондон банкаралық ставкасы бойынша қолданылатын жай операциялар үшін Қарыз беру ережелерінің барлығы осы арқылы осы Қарыз туралы келісімге қолданылатын және осы Келісімнің мәтінінде жазылғандай толық көлемде, алайда төмендегі өзгерістерді (жоғарыда аталған Жай операциялар үшін Қарыз беру ережесі осы сияқты өзгерістерімен бұдан әрі Қарыз беру ережесі деп аталады) сақтай отырып, қолданылатын болып есептеледі:
      (а) 3.03-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
      Резервтегені үшін комиссия; Кредит.
      (аа) Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімде көзделген ставкалар мен шарттар бойынша кредиттің талап етілмейтін сомасы бойынша резервтегені үшін комиссия төлеуге міндеттенеді.
      (bb) АДБ Қарыз алушыға осы Қарыз туралы келісімде айтылған ставкалар бойынша кредит беруге міндеттенеді, әрі мұндай кредит Қарыз мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге жатпайды. АДБ Қарыз алушы төлеуге тиіс проценттерге қатысты осы кредиттің сомасын қолдануға міндеттенеді.
      (b) 3.06-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
      Өтеу. (аа) Жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спред төмендетілетіні туралы АДБ-ның әр хабарламасынан кейін АДБ неғұрлым жоғары тіркелген спред қолданылатын, талап етілмеген Қарызы бар әр Қарыз алушыға өтем беруге міндеттенеді. Өтем сомасы талап етілмеген қарызға қолданылатын тіркелген спред пен жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген (жылдық проценттік мән түрінде көрсетілген) спред айырмасын (і) жаңа қарыздарға қолданылатын, төмендетілген спред күшіне енген күнінен бастап және одан кейін барлық проценттік кезеңдер ішінде проценттерді төлеуге Қарыз алушы міндеттенетін, талап етілмеген қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен айқындалатын болады.
      (bb) Қарыздың кез келген валютасына (немесе бекітілген валютаға) қатысты оның қаржыландыру құны маржасының есептеулері кез келген жарты жылдықта АДБ-ның қаражатын үнемдеуге әкелгені туралы АДБ-ның әр хабарламасынан кейін АДБ Қарыз алушыға өтем беруге міндеттенеді. Өтем сомасы (жылдық проценттік мән түрінде көрсетілген) қаржыландыру құнының маржасын (і) Қарыз алушы қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейін тікелей басталатын проценттік кезең ішінде проценттерді төлеуге міндеттенетін қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен айқындалады, АДБ қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейін дереу басталатын проценттік кезең ішінде Қарыз алушының төлеуіне жататын проценттерге өтемақы сомасын игеруге міндеттенеді.
      (с) 3.07-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
      Қосымша сома (аа) Жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спред өсетіні туралы АДБ-ның әр хабарламасынан кейін неғұрлым төмен тіркелген спред қолданылатын, талап етілмейтін Қарызы бар әр Қарыз алушы АДБ-ға қосымша сома төлеуге міндеттенеді. Осындай сома талап етілмейтін Қарызға қолданылатын тіркелген спредпен және талап етілмеген қолданылатын тіркелген (жылдық проценттік мән түрінде көрсетілген) спред айырмасын (і) жаңа қарыздарға қолданылатын, арттырылған тіркелген спред күшіне енген күнгі сәттен бастап және одан кейін, барлық проценттік кезеңдер ішінде проценттерді төлеуге Қарыз алушы міндеттенетін, талап етілмейтін Қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен айқындалатын болады.
      (bb) Қарыздың кез келген валютасына (немесе бекітілген валютаға) қатысты оның қаржыландыру құны маржасының есептеулері кез келген жарты жылдықта АДБ шеккен қосымша шығындарға әкеліп соққаны туралы АДБ-ның әр хабарламасынан кейін Қарыз алушы АДБ-ға қосымша сома төлеуге міндеттенеді. Осы сома қаржыландыру құнының маржасын (жылдық проценттік мән түрінде көрсетілген) (і) қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейін дереу басталатын проценттік кезең ішінде Қарыз алушы проценттерді төлеуге міндеттенетін қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен айқындалады. АДБ қосымша төлем сомасын қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейін дереу басталатын проценттік кезең ішінде Қарыз алушы төлеуге тиіс проценттерге қосуға міндеттенеді.
      1.02-бөлім. Егер түпмәтін бойынша өзгеше талап етілмесе, осы Қарыз туралы келісімде қолданылған әр жағдайда Қарыз беру ережесінде анықтамасын алған мынадай терминдер оларда айтылған тиісті мәнге ие, сондай-ақ бірнеше қосымша терминдердің мынадай анықтамалары бар:
      (а) «ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі» — Қытай Халық Республикасымен (ҚХР) шекарадағы Хоргостан Алматы мен Шымкент арқылы Ресей Федерациясымен батыс шекараға дейін өтетін Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізін білдіреді;
      (b) «Консультациялық қызметтерді тарту жөніндегі нұсқау» Азия Даму Банкінің және оның Қарыз алушыларының консультанттардың қызметтерін тартуы жөніндегі АДБ нұсқауын (2007 жылғы, мерзімді түзетулермен) білдіреді;
      (с) «АЖК» Қарыз алушының ККМ Автомобиль жолдары комитетін және оның кез келген құқықтық мирасқорын білдіреді;
      (d) «ЭБШТ» Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген және ҚНК-ға  5-қосымшағасілтеме арқылы енгізілген экологиялық бағалау және шолу тұжырымдамасын білдіреді;
      (е) «ҚОӘБ» Жоба үшін Қарыз алушы дайындаған және АДБ-мен келісілген Қоршаған ортаға әсерді бағалауды білдіреді;
      (f) «ҚОҚЖ» Қоршаған ортаға әсерді бағалауға (ҚОӘБ) енгізілген Қоршаған ортаны қорғау жоспарын білдіреді;
      (g) «Тауарлар» Қарыз қаражатынан, оның ішінде тасымалдау, сақтандыру, орнату, пайдалануға беру, оқыту және бастапқы қызмет көрсету сияқты оған байланысты қызметтерді бірақ консультациялық қызметтерді қоспағанда, қаржыландыруға жататын жабдықтар мен материалдарды білдіреді;
      (h) «Тетік» Инвестициялық Бағдарлама шеңберінде жобаларды қаржыландыру мақсаттары үшін АДБ Қарыз алушыға берген көп траншты қаржыландыру тетігін білдіреді;
      (і) «ҚНК» Тетікке қатысты АДБ мен Қарыз алушы арасында жасалған 2009 жылғы 13 қаңтардағы қаржыландыру туралы негіздемелік келісімді білдіреді;
      (j) «Инвестициялық Бағдарлама» осы Қарыз туралы келісімнің декларациялық (А) бөлігінде берілген мағынаға ие болады;
      (k) «Қарызды төлеу жөніндегі нұсқау» АДБ-ның Қарызды төлеу жөніндегі нұсқауын білдіреді (мерзімді түзетулерімен 2007 жылғы);
      (l) «км» километрді білдіреді;
      (m) «ЖСҚН» Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген және ҚНК-ға  5-қосымшаға сілтеме арқылы енгізілген Жерлерді сатып алу және қоныс аудару негіздерін білдіреді;
      (n) «ЖСҚЖ» Жоба шеңберінде Жерлерді сатып алу және қоныс аудару жоспарын білдіреді;
      (o) «2503-KAZ» қарызы» Қарыз алушы мен АДБ арасындағы 2009 жылғы 30 наурыздағы Қарыз туралы келісімді білдіреді;
      (p) «ҚарМ» Қарыз алушының Қаржы министрлігін және оның кез келген құқықтық мирасқорын білдіреді;
      (q) «ККМ» Қарыз алушының Көлік және коммуникация министрлігін білдіреді;
      (r) «ҚМС» Тетік шеңберінде қарыз алу мақсатында Қарыз алушы берген немесе беретін қаржыландыруға мерзімді сұранысты білдіреді және осы Қарыз туралы келісімнің мақсаттары үшін 2009 жылғы 28 тамыздағы кейінгі түзетулерімен 2009 жылғы 17 тамыздағы қаржыландыруға мерзімді сұранысты білдіреді;
      (s) «ЖБК-АДБ» 2503-KAZ қарызы шеңберінде құрылатын Жобаны басқару жөніндегі консультанттар тобын білдіреді;
      (t) «ҚХР» Қытай Халық Республикасын білдіреді;
      (u) «Сатып алу жөніндегі нұсқау» АДБ-ның Сатып алу жөніндегі нұсқауын (мерзімді түзетулермен 2007 жылғы) білдіреді;
      (v) «Сатып алу жоспары» Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген Сатып ату жөніндегі нұсқауға, Консультациялық қызметтерді тарту жөніндегі нұсқауға және АДБ-мен келісілген басқа да іс-шараларға сәйкес мерзімді жаңартулармен 2009 жылғы 28 қыркүйектегі Жоба үшін сатып алу жоспарын білдіреді;
      (w) «Жоба» жалпы анықтамасы Қарыз беру ережесінде берілген, сипаттамасы осы Қарыз туралы келісімге 1-қосымшада берілген Жобаны білдіреді;
      (x) «Жобаның аумағы» Қарыз алушының Жамбыл облысын білдіреді;
      (y) «Жоба жөніндегі атқарушы агенттік» немесе «АА» Қарыз беру ережесінің мақсаттары үшін және шеңберінде ККМ-ні және оның Жобаны орындауға жауапты кез келген құқықтық мирасқорын білдіреді;
      (z) «Жоба объектілері» Жоба шеңберінде салынатын не ұсынылатын объектілерді білдіреді;
      (аа) «Жоба жолы» Жоба шеңберінде қайта жаңартуға жататын Жобаның аумағындағы 310,5 км-ден 389,4 км дейінгі ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізінің учаскелерін білдіреді;
      (bb) «Облыс» Қарыз алушының әкімшілік бірлігін білдіреді;
      (сс) «Жұмыстар» консультациялық қызметтерді қоспағанда, Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын, бұрғылау немесе картаға түсіру сияқты қызметтерді және Жобаға қатысты, бірыңғай міндеттемелер не «пайдалануға берілген» құрылысқа келісім-шарт бөлігі ретінде көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, құрылысты немесе құрылыс жұмыстарын білдіреді.

2-БАП
Қарыз

      2.01-бөлім. (а) АДБ Қарыз алушыға АДБ-ның әдеттегі капитал қорынан бір жүз сексен жеті миллион АҚШ доллары ($ 187,000,000) сомасына қарыз беруге келіседі, әрі бұл соманы осы Қарыз туралы келісімнің 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес Айырбастау шеңберінде кезең-кезеңімен айырбастауға болады.
      (b) Қарызды негізгі өтеу кезеңі жиырма (20) жыл деп және осы Бөлімнің (с) тармағына сәйкес жеңілдікті өтеу кезең көзделеді.
      (с) Осы Бөлімнің (b) тармағында қолданылатын «жеңілдікті кезең» деген анықтама осы Қарыз туралы келісімнің 2-қосымшасында баяндалған өтеу кестесіне сәйкес Қарыздың негізгі сомасын өтеу төлемінің бірінші күнінің алдындағы кезеңді білдіреді.
      2.02-бөлім. Қарыз алушы АДБ-ға талап етілген және талап етілмеген Қарыздың негізгі сомасына Лондон банкаралық ставкасының сомасына тең әр проценттік кезеңнің ставкасы бойынша кезең-кезеңімен Қарыз беру ережесінің 3.03-бөліміне сәйкес жылына 0.40% кредитті шегере отырып, Қарыз беру ережесінің 3.02-бөліміне сәйкес жылына 0.60% проценттер төлеуге міндеттенеді.
      2.03-бөлім. Қарыз алушы жыл сайын 0.15 % сомасында резервтегені үшін комиссия төлеуге міндеттенеді. Бұл комиссия осы Қарыз туралы келісімге қол қойылған күнінен кейін алпыс (60) күн өткен сәттен бастап Қарыздың толық сомасына (кезең-кезеңімен алынатын соманы шегергенде) есептеледі.
      2.04-бөлім. Проценттер мен Қарыз жөніндегі өзге де төлемдер жарты жылда бір рет әр жылдың 1 сәуірінде және 1 қазанында төленуге тиіс.
      2.05-бөлім. Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 2-қосымшасындағы ережелерге сәйкес Несие шотынан талап етілген Қарыздың негізгі сомасын төлеуге міндеттенеді.
      2.06-бөлім. (а) Қарыз алушы борышты ұтымды реттеуді қамтамасыз ету мақсатында Қарыздың кез келген төмендегі айырбасталуын кез келген уақытта сұратуға құқылы:
      (і) төленген және талап етілмеген немесе төленбеген Қарыздың толық немесе ішінара сомасының Қарыз валютасын бекітілген валютаға өзгерту;
      (іі) Талап етілген немесе талап етілмеген Қарыздың толық немесе ішінара негізгі сомасына қолданылатын базалық проценттік ставканы, өзгермелі проценттік ставкадан тіркелген ставкаға және керісінше өзгерту; және
      (ііі) Проценттік ставканың тіркелген ең жоғары деңгейін немесе кез келген көрсетілген өзгермелі проценттік ставканың ең төменгі деңгейін белгілеу жолымен, талап етілетін немесе талап етілмейтін қарыздың толық немесе ішінара сомасына қолданылатын өзгермелі проценттік ставкаға лимиттерді бекіту
      (b) Осы Бөлімнің (а) тармағына сәйкес АДБ мақұлдаған өзгерістер туралы кез келген сұрауды Қарыз беру ережелерінің 2.01 (6) бөлімінің және Айырбастау жөніндегі нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес күшіне енетін Қарыз беру ережесінің 2.01 (6) бөлімінің анықтамасы бойынша «Айырбастау» деп есептеу керек.

3-БАП
Қарыз қаражатын пайдалану

      3.01-бөлім. Қарыз алушы Жоба бойынша шығындарды қаржыландыруға арналған қарыз қаражатын осы Қарыз туралы келісімнің ережелеріне сәйкес пайдалануға міндеттенеді.
      3.02-бөлім. Тауарлар, жұмыстар және консультациялық қызметтер, сондай-ақ Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын өзге де шығыстар және қарыз сомаларын тауарлардың, жұмыстардың, консультациялық қызметтердің және өзге де шығыстардың түрлі санаттары бойынша бөлу осы Қарыз туралы келісімнің 3-қосымшасының ережелеріне сәйкес жүргізілуге тиіс, бұл ретте осы Қосымшаға Қарыз алушы мен АДБ-ның келісімі бойынша мерзімді өзгерістер енгізуге болады.
      3.03-бөлім. Егер АДБ өзгеше көрсетпесе, Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын барлық тауарлар, жұмыстар мен консультациялық қызметтер осы Қарыз туралы келісімнің 4-қосымшасының ережелеріне сәйкес сатып алынуға тиіс. Ондағы тауарлар, жұмыстар немесе консультациялық қызметтер Қарыз беруші мен АДБ ескерген рәсімдер шеңберінде елеулі дәрежеде сатып алынбаса не келісім-шарттың мерзімдері мен талаптары АДБ талаптарын қанағаттандырмаса, АДБ келісім-шартты қаржыландырудан бас тартуға құқылы.
      3.04-бөлім. Егер АДБ өзгеше келіспесе, Қарыз алушы Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын барлық тауарлар, жұмыстар мен консультациялық қызметтер Жобаны орындау мақсатында ғана пайдалануын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      3.05-бөлім. Қарыз беру ережесінің 9.02-бөлімінде айтылған мақсаттар үшін Қарыз есебінен қаражат алу үшін жабу күні 2015 жылғы 30 маусым не Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген басқа күн есептеледі.

4-БАП
Ерекше жағдайлар

      4.01-бөлім. (а) Қарыз алушы Жобаны тиісті жауапкершілікпен және тиімділікпен әрі ұтымды әкімшілік, қаржы, инженерлік, экологиялық және әлеуметтік қауіпсіздік шараларына сәйкес жолдарды салу, техникалық қызметтер көрсету және пайдалану рәсімдеріне сәйкес орындауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      (b) Жобаны іске асыру және Жоба объектілерін пайдалану процесінде Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 5-қосымшасында баяндалған барлық міндеттемелерді орындауға не орындалуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      4.02-бөлім. Жобаны орындау үшін және Жоба объектілерін пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін қажетті құралдарды, объектілерді, қызметтерді, жер учаскелерін және өзге де ресурстарды Қарыз қаражатына қосымша қажеттілігіне қарай шұғыл қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      4.03-бөлім. (а) Жобаны іске асыру процесінде Қарыз алушы Қарыз алушы мен АДБ-ның талаптарына жауап беретін дәрежеде, мерзім мен шарттарда құзыретті және білікті консультанттар мен мердігерлерді тартуды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      (b) Қарыз алушы Жобаны АДБ үшін қолайлы жоспарларға, жобалау стандарттарына, ерекшеліктеріне, жұмыс графиктеріне және құрылыс әдістеріне сәйкес іске асыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді. Қарыз алушы бұл жоспарларды, жобалау стандарттарын, жұмыс ерекшеліктері мен графиктерін дайындағаннан кейін дереу, сондай-ақ АДБ негізді талап ететін толық дәрежеде жасалған көрсетілген құжаттарға кез келген елеулі өзгерістерді беруге немесе АДБ-ның беруін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      4.04-бөлім. Қарыз алушы Жобаны орындауға және Жоба объектілерін пайдалануға қатысты оның департаменттері мен ұйымдарының барлық әрекеттері ұтымды әкімшілік саясат пен рәсімдерге сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      4.05-бөлім. (а) Қарыз алушы Жоба үшін жекелеген шоттар жүргізуге не жүргізуді қамтамасыз етуге (і); осы шоттарға және тиісті қаржы есептеріне біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мен құзыретінің саласы АДБ талаптарына сәйкес келетін тәуелсіз аудиторларды тарта отырып тиісті аудит стандарттарына сәйкес жыл сайын аудит жүргізуге (іі); АДБ-ға алғанына қарай, бірақ әр тиісті фискальды жыл аяқталған сәттен бастап алты (6) ай өткен соң кешіктірмей, осы есептер мен қаржы есептерінің аудиттен өткен және расталған көшірмелерін Аудиторлардың Қарыз қаражатын пайдалануға қатысты және осы Қарыз туралы келісімнің қаржылық шарттарына сәйкес келетін қорытындысын қоса алғанда, сондай-ақ аудит есептерін ағылшын тілінде АДБ-ға (ііі) ұсынуға; сондай-ақ АДБ-ның (іv) мерзімді негізді талаптары бойынша осы есептер мен қаржы есептеріне және аудитке қатысты өзге ақпаратты АДБ-ға беруге міндеттенеді.
      (b) Қарыз алушы АДБ-ның талабы бойынша Қарыз алушының жоба үшін қаржылық есептерін және оның Жобаға қатысты қаржы істерін жоғарыда көрсетілген 4.05 (а) бөлімге сәйкес Қарыз алушы жалдаған аудиторлармен талқылау құқығын АДБ-ға беруге міндеттенеді және АДБ-ның сұрауы бойынша бұл талқылауға қатысуға, егер Қарыз алушы өзгешеге келісім бермесе, Қарыз алушының уәкілетті өкілінің қатысуымен ғана талқылау жүргізілетін жағдайда аудиторлардың кез келген өкіліне өкілеттік беруге және талап етуге міндеттенеді.
      4.06-бөлім. Қарыз алушы АДБ өкілдеріне Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын Жобаны және Жоба объектілерін, сондай-ақ тиісті жазбалар мен құжаттарды инспекциялау мүмкіндігін беруге міндеттенеді.
      4.07-бөлім. Қарыз алушы барлық Жоба объектілері ұтымды әкімшілік, қаржы, инженерлік, экологиялық және әлеуметтік қауіпсіздік шараларына сәйкес, сондай-ақ жолдарды пайдалану және оларға техникалық қызметтер көрсету рәсімдеріне сәйкес пайдаланылғанын, күтіп ұсталғанын және жөнделгенін қамтамасыз етуге міндеттенеді.

5-БАП
Күшіне ену

      5.01-бөлім. Осы Қарыз туралы келісімге қол қойылған күннен кейін алпыс (60) күн өткеннен кейінгі күн Қарыз беру ережесінің 10.04-бөлімінде жазылған мақсаттар үшін Қарыз туралы келісім күшіне енетін күні болып есептеледі.

6-БАП
Өзге де ережелер

      6.01-бөлім. Қарыз алушының Қаржы министрі Қарыз беру ережесінің 12.02-бөлімінде жазылған мақсаттар үшін Қарыз алушының өкілі ретінде әрекет етеді.
      6.02-бөлім. Төмендегі деректемелер Қарыз беру ережесінің 12.01 бөлімінде баяндалған мақсаттар үшін көрсетіліп отыр:

      Қарыз алушы үшін

      Қаржы министрлігі
      Жеңіс даңғылы, 11
      Астана, 010000
      Қазақстан Республикасы
      Факс +7(7172)71 77 85

      АДБ үшін

      Asian Development Bank
      Р.О. Box 789
      0980 Manila, Philippines
      Факс (632) 636-2444
           (632) 636-2448.

      ЖОҒАРЫДА БАЯНДАЛҒАНДЫ РАСТАУ үшін тараптар атынан олардың уәкілетті өкілдері осы Қарыз туралы келісімге қол қоюды және оны АДБ штаб-пәтеріне жоғарыда көрсетілген күні мен жылы жеткізуді қамтамасыз етті.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  
______________________ 
Уәкілетті өкіл    
БОЛАТ БИДАХМЕТҰЛЫ ЖӘМІШЕВ
Қаржы министрі   

АЗИЯ ДАМУ БАНКІ    
______________________ 
ШАОЮ ЖАО      
Вице-президент   
(1 Операциялық топ)

1-ҚОСЫМША Жобаның сипаттамасы

      1. Инвестициялық бағдарламаның мақсаты — Қарыз алушының тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу.
      2. Жоба Инвестициялық бағдарламаның бір бөлігі болып табыла отырып, Жоба жолын қайта жаңарту арқылы Жоба Аумағында тиімді көлік жүйесін дамытуға бағытталған.
      3. Жобаны аяқтау 2014 жылғы 31 желтоқсанға қарай күтілуде.

2-ҚОСЫМША Қарызды өтеу кестесі
(ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысының учаскелері]
(Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі)
Инвестициялық бағдарлама - 2-жоба)

      1. Төмендегі кестеде Қарыздың негізгі сомасын төлеу күні және Қарыздың негізгі сомасын төлеу күніндегі төленуге тиіс Қарыздың жалпы негізгі сомасының проценті көрсетілген (Кезекті жарна). Егер Қарыз қаражаты негізгі Қарызды өтеу төлемінің бірінші күнгі сәтіне толық көлемде алынған болса, онда Қарыз алушы өтеуге тиісті Қарыздың негізгі сомасын АДБ мыналарды: (а) негізгі Қарызды өтеуге төлемнің бірінші күнгі сәтінде талап етілетін және талап етілмейтін Қарыздың жалпы негізгі сомасын; (b) негізгі Қарызды өтеуге төлемнің әр күні үшін Кезекті жарнасына көбейту арқылы анықтайды, мұндай өтеу сомасы Валютаны айырбастау қолданылатын осы Қосымшаның 4-тармағында сипатталған кез келген сомаларды шегеру қажеттілігіне орай түрлендіріледі.

Реттілігі

Төлем күні

Кезекті жарна
(%-пен көрсетілген)

1

1 сәуір 2015

2.500000

2

1 қазан 2015

2.500000

3

1 сәуір 2016

2.500000

4

1 қазан 2016

2.500000

5

1 сәуір 2017

2.500000

6

1 қазан 2017

2.500000

7

1 сәуір 2018

2.500000

8

1 қазан 2018

2.500000

9

1 сәуір 2019

2.500000

10

1 қазан 2019

2.500000

11

1 сәуір 2020

2.500000

12

1 қазан 2020

2.500000

13

1 сәуір 2021

2.500000

14

1 қазан 2021

2.500000

15

1 сәуір 2022

2.500000

16

1 қазан 2022

2.500000

17

1 сәуір 2023

2.500000

18

1 қазан 2023

2.500000

19

1 сәуір 2024

2.500000

20

1 қазан 2024

2.500000

21

1 сәуір 2025

2.500000

22

1 қазан 2025

2.500000

23

1 сәуір 2026

2.500000

24

1 қазан 2026

2.500000

25

1 сәуір 2027

2.500000

26

1 қазан 2027

2.500000

27

1 сәуір 2028

2.500000

28

1 қазан 2028

2.500000

29

1 сәуір 2029

2.500000

30

1 қазан 2029

2.500000

31

1 сәуір 2030

2.500000

32

1 қазан 2030

2.500000

33

1 сәуір 2031

2.500000

34

1 қазан 2031

2.500000

35

1 сәуір 2032

2.500000

36

1 қазан 2032

2.500000

37

1 сәуір 2033

2.500000

38

1 қазан 2033

2.500000

39

1 сәуір 2034

2.500000

40

1 қазан 2034

2.500000



Жиыны

100.000000

      2. Егер Қарыз қаражаты негізгі Қарызды өтеу төлемінің бірінші күнгі сәтіне толық көлемде талап етілмесе, Қарыз алушы төлеуге тиісті Қарыздың негізгі сомасы, негізгі Қарызды өтеуге төлемнің әр күніне былай айқындалады:
      (а) Негізгі Қарызды өтеуге төлемнің бірінші күніне дейін талап етілуге тиісті Қарыз қаражаты шегінде Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес осы күнгі сәтке талап етілген және талап етілмеген соманы төлеуге міндеттенеді.
      (b) Негізгі Қарызды (Бастапқы кезекті жарна) өтеуге төлемнің бірінші күнінен кейін жүргізілген кез келген қаражатты алу әр алу сомасын осы Қосымшаның 1-тармағындағы кестеде көрсетілген бастапқы Кезекті жарна алымы болып есептелетін және бөлгіші осы күннен кейін қалған барлық бастапқы кезекті жарналар сомасын құрайтын бөлшекке көбейту жолымен АДБ айқындаған сомаларда осы алу күнгі сәттен кейінге түсетін негізгі Қарызды өтеуге төлемнің әр күнінде өтелуге тиіс және оның бөлгіші осы күнгі сәтке немесе кейін түсетін негізгі Қарызды өтеуге төлемдер күні үшін барлық қалған бастапқы кезекті жарналардың сомасын құрайды, бұл төлем сомалары, оларға Айырбастау қолданылатын осы Қосымшаның 4-тармағында көрсетілген сомаларды шегеру үшін қажет болған кезде түрлендірілетін болады.
      3. Негізгі өтеудің кез келген күні төленуге тиіс негізгі сомаларды есептеу үшін ғана негізгі Қарызды өтеуге төлемдердің кез келген күніне дейін екі күнтізбелік ай ішінде жүргізілген қаражат алуды алынған күннен кейінгі негізгі Қарызды өтеу төлемінің екінші күнгі сәтіне талап етілген және талап етілмеген деп есептеледі және бұл сома қаражат алынған күннен кейінгі негізгі Қарызды өтеу төлемінің екінші күнінен бастап негізгі Қарызды өтеуге төлемнің әр күнінде төленуге тиіс.
      4. Осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, валюталар толық көлемде немесе ішінара талап етілген Қарыздың негізгі сомасының қаражаты бекітілген валютаға айырбасталған кезде Айырбастау кезеңі ішінде кез келген негізгі өтеу күнінде өтелуге тиіс жоғарыда аталған бекітілген валютаға айырбасталған қаражат сомасын АДБ тікелей Айырбастау алдында ірілендірілген валютадағы бұл соманы не: (і) жоғарыда аталған Айырбастауға жататын валюталарды қос айырбастау шеңберінде АДБ-ға төленуге тиіс, көрсетілген бекітілген валютада көрініс табатын соманы валюта айырбастау бағамына; не (іі) Айырбастау жөніндегі нұсқауға сәйкес АДБ-ның шешімі бойынша бекітілген ставкадағы валюталар айырбастау бағамының құрамдасына көбейту жолымен айқындайды.
      5. Егер талап етілген және талап етілмеген Қарыздың негізгі сомасы Қарыздың бірден артық валютасында кезең-кезеңімен номиналданса, осы Қосымшаның ережелері Қарыздың әрбір валютасына номиналданған сомаларға жеке, осы әр сома үшін жеке өтеу кестесін әзірлеу мақсатында қолданылуға тиіс.

3-ҚОСЫМША Қарыз қаражатын бөлу және алу

      Жалпы ережелер

      1. Осы қосымшадағы кестеде (бұдан әрі Кесте деп аталады) тауарлардың, жұмыстардың, консультациялық қызметтердің Санаттары және қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын өзге де шығыстар, сондай-ақ әр Санат үшін Қарыз сомасын бөлу баяндалады. («Санат» немесе «Санаттар» деген ұғымдар Кестенің Санатына немесе Санаттарына жатады).

      АДБ қаржыландыруының проценттік мәндері

      2. Егер АДБ өзгеше келіспесе, кестеде санамаланған Санаттар шығыстары Қарыз қаражаты есебінен Кестеде көрсетілген проценттік мәндер негізінде қаржыландырылатын болады.

      Қайта бөлу

      3. Кестеде көрсетілген Қарыз қаражатын және қаражатты алу процентін белуге қарамастан,
      (а) егер кез келген Санат үшін бөлінген Қарыз сомасы осы Санаттың келісілген барлық шығыстарын қаржыландыру үшін жеткіліксіз болып табылса, АДБ Қарыз алушыға хабарлау шартымен, (і) басқа санат үшін бөлінген, бірақ АДБ пікірі бойынша басқа шығыстарды қаржыландыруға керек емес қаражат есебінен қаражат тапшылығының орнын толтыру үшін қажетті дәрежеде осы Санат үшін қаражатты қайта бөлуге құқылы, сондай-ақ (іі) егер бұл қайта бөлу есептелген тапшылықтың орнын толығымен толтыра алмайтын болса, бұл Санат үшін бұдан былайғы алулар барлық шығыстар жабылғанға дейін бұл шығыстар үшін қаражатты алу процентін азайтуға; және
      (b) Қандай да бір Санатқа бөлінген Қарыздың сомасы осы Санаттағы барлық келісілген шығыстардан асып түсетін болса, АДБ Қарыз алушыға хабарлай отырып, артық соманы басқа Санаттың пайдасына қайта бөлуге құқылы.

      Қарыз төлеу рәсімі

      4. Егер АДБ басқаша келіспесе, жұмыстарды, консультациялық қызметтерді және шығыстардың өзге баптарын қаржыландыру үшін Қарыз қаражаты АДБ-ның Қарыз төлеу жөніндегі анықтамалығына сәйкес төленуге тиіс.

3-қосымшаға толықтыру

КЕСТЕ

ҚАРЫЗ ҚАРАЖАТЫН БӨЛУ ЖӘНЕ АЛУ
(ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер]
(Батыс Еуропа — Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі)
Инвестициялық бағдарлама - 2-жоба)

САНАТ

АДБ-ның ҚАРЖЫЛАНДЫРУ НЕГІЗІ

Нөмір

Атауы

АДБ-ның қаржыландыруы үшін бөлінген жалпы сома
$
Санаты

Қарыз шотынан АДБ-ның қаржыландыру проценті

1

Жұмыстар

166,000,000


Шығындардың жалпы сұралған сомасының 85 проценті

2

Консультациялық қызметтер

4,000,000


Шығындардың жалпы сұралған сомасының 100 проценті*

3

Бөлінбеген қаражат

17,000,000




Жиыны

187,000,000








      * Қарыз алушының аумағында алынатын салықтар мен баждарды қоспағанда

4-ҚОСЫМША Тауарларды, жұмыстар мен консультациялық қызметтерді сатып алу

      А. Жалпы ережелер
      1. Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын барлық тауарлар, жұмыстар мен консультациялық қызметтер Сатып алу жөніндегі нұсқауға және Консультанттардың қызметтерін тарту жөніндегі нұсқауға сәйкес тиісінше орындалуға және бақылануға жатады.
      2. Осы Қарыз туралы келісімде пайдаланылатын және басқаша айқындалмаған барлық терминдер тиісті жағдайларда Сатып алу жөніндегі нұсқауда және (немесе) Консультанттардың қызметтерін тарту жөніндегі нұсқауда жазылған мағынаға ие болады.

      В. Тауарлар мен жұмыстарды сатып алу
      3. Егер АДБ өзгеше келіспесе, тауарлар мен жұмыстар төменде жазылған сатып алу рәсімдерінің негізінде сатып алынуға тиіс:

Халықаралық конкурстық сауда-саттық

Ұлттық конкурстық сауда-саттық

      4. Өзге шарттардан басқа, сатып алу рәсімі Сатып алу жоспарында көрсетілген егжей-тегжейлі уағдаластықтар мен шекті құнға сәйкес орындалуға тиіс. АДБ-мен алдын ала келісілген жағдайда ғана Қарыз алушы сатып алу рәсімін немесе шекті құнды түрлендіруге құқылы, бұл ретте барлық өзгерістер Сатып алу жоспарына толықтыруларда көрсетілуге тиіс.
      5. Ұлттық конкурстық сауда-саттық. Қарыз алушы мен АДБ ұлттық конкурстық сауда-саттық жүргізу негізіндегі сатып алу бойынша қандай да бір іс-шараларды өткізуді бастағанға дейін Қарыз алушының конкурстық сауда-саттықты жүргізу рәсімдерінің Сатып алу жөніндегі нұсқауға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Мұндай рәсімдерге Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген кез келген өзгерістер немесе түсіндірмелер Сатып алу жоспарында көрсетілетін болады. Келісілген өзгерістер немесе түсіндірмелердің кейіннен кез келген өзгеруі тек Қарыз алушы мен АДБ мұндай өзгерісті жазбаша бекіткеннен кейін ғана күшіне енеді.

      С. Консультациялық қызметтерді таңдау
      6. Қызметтердің сапасы мен бағасын бағалау негізінде іріктеу. Егер АДБ өзгеше көрсетпесе, Қарыз алушы көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бағасын бағалауды негізге ала отырып, құрылысты қадағалауды жүзеге асыру үшін көрсетілетін консультациялық қызметтер таңдауды және тартуды АА-ға тапсыруға міндеттенеді. Қарыз алушы консультанттарды іріктеу әдісін немесе олардың қызметтерінің көлемін АДБ-мен алдын ала келісіп өзгертуге құқылы, бұл ретте барлық өзгерістер Сатып алу жоспарына толықтыруларда көрсетілуге тиіс.

      D. АДБ-ның сатып алу туралы шешімдерді қарауы
      7. Егер Қарыз алушы мен АДБ арасында өзгеше келісілмеген және Сатып алу жоспарында көрсетілмеген болса, халықаралық конкурстық сауда-саттық рәсімдері шеңберінде сатып алынған барлық келісім-шарттар және консультациялық қызметтер көрсетуге арналған келісім-шарттар АДБ-ның алдын ала қарауына жатады.

      Е. Өнеркәсіптік және зияткерлік меншікке құқық
      8. (а) Қарыз алушы сатып алынған жұмыстар (жеке, не өзге тауарлар мен қызметтер құрамында сатып алынған барлық компьютерлік аппараттық және бағдарламалық қамсыздандыруды, компьютерлік жүйелерді қоса алғанда, бірақ олармен шектеліп қоймай) үшінші тұлғалардың өнеркәсіптік немесе зияткерлік меншікке кез келген құқықтарын бұзбауларын немесе қыспаққа алмауларын қамтамасыз етуді АА-ға тапсыруға міндеттенеді.
      (b) Қарыз алушы жұмыстарды сатып алу бойынша барлық келісім-шарттар тиісті нұсқамаларды, кепілдіктерді және егер қажет болса, осы тармақтың (а) тармақшасында көрсетілген жағдайларға қатысты мердігер немесе өнім беруші тарапынан зиянды өтеу кепілдіктерін қамтитынына көз жеткізуін АА-ға тапсыруға міндеттенеді.
      9. Қарыз алушы ұсынылып отырған көрсетілетін консультациялық қызметтер үшінші тұлғалардың өнеркәсіптік немесе зияткерлік меншікке кез келген құқықтарын бұзбайтынына немесе қыспаққа алмайтынына көз жеткізу үшін АДБ қаржыландыратын консультанттармен жасалатын барлық келісім-шарттар тиісті нұсқамаларды, кепілдіктерді және егер қажет болса, консультанттар тарапынан зиянды өтеу кепілдіктерін қамтитынына көз жеткізуін АА-ға тапсыруға міндеттенеді.

5-ҚОСЫМША Жобаны орындау жеке Жобалық объектілерді пайдалану

      I. ІСКЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ

      1. Қарыз алушы Жобаны іске асыруға жауапты ұйым ретінде ККМ-ні және Жоба бойынша Атқарушы Агенттік ретінде АЖК-ні тағайындады.
      2. ККМ тағайындаған Жоба Директоры Жобаның күнделікті іске асырылуына жауапкершілікті өзіне алады. Жоба Директоры ККМ-нің инженерлік, қаржы, заң және жабдықтау мәселелеріне жауапты персоналдары тарапынан қолдаумен қамтамасыз етіледі. ЖБК-АДБ Жоба Директорына мынадай: Жобаны басқару, сатып алу, қаржы, әкімшілендіру, бағалау, мониторинг және есептілік, сондай-ақ кейінгі жобаларды кешенді тексеру салаларында қолдау көрсету үшін қалыптасатын болады.
      3. Қарыз алушы (а) Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде Жоба Директорына қолдау көрсету үшін ККМ құзыретті персонал тағайындағанына; және (b) ККМ құрылысты қадағалауға жауапты консультанттарды жұмыстар басталғанға дейін шоғырландырғанына көз жеткізеді.

      II. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

      Бірлесіп қаржыландыру
      4. Қарыз алушы, осы Қарыз туралы келісімнің 4.02-бөлімінің жалпы мәнін шектеместен, бірлесіп қаржыландырудың Жобаны уақтылы және тиімді орындау үшін қажетті барлық қаражатына ККМ үшін жыл сайын бөлінетін бюджет қаражаты түрінде қол жетімділікті қамтамасыз етуге міндеттенеді және қажетті ресурстар уақытында беріліп отырғанына көз жеткізуге міндеттенеді. Қарыз алушы ККМ-нің Жобаны іске асыру үшін қаржыландырудағы барлық өзгертілген талаптарды оның жыл сайынғы даму бағдарламаларына енгізіп отырғанына көз жеткізуге міндеттенеді.

      Құрылыстың сапасы
      5. Қарыз алушы Жоба қолданылатын техникалық ерекшеліктер мен жоспарларға сәйкес орындалатынына және құрылысты қадағалау, сапаны бақылау және Жобаны басқару қолданылатын стандарттарға және үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес жүргізілетініне көз жеткізуді ККМ-ге тапсыруға міндеттенеді.

      Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
      6. Қарыз алушы ККМ-ге (а) құрылыс жұмыстарына арналған барлық келісім-шарттар өзіне мердігердің жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындау; және (b) Жоба жолын пайдалану ішінде апаттар мен қозғалыс тығыздығы деңгейінің мониторингін жүзеге асыру міндеттемелерін қамтитынына көз жеткізуді тапсыруға міндеттенеді.

      Қоршаған орта
      7. Қарыз алушы (а) жоба шешімдері, Жоба объектілерінің құрылысы мен оларды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету АДБ Экологиялық саясатына (2002), Қарыз алушының, ҚЭҚК-нің табиғатты қорғау заңнамасы мен нормативтік талаптарына, Инвестициялық бағдарлама үшін дайындалған және АДБ-мен және ҚОӘБ-мен келісілген қоршаған ортаға әсердің жалпы бағасына сәйкес жүргізілетініне; және (b) жобаның қоршаған ортаға әлеуетті зиянды әсері ҚОҚЖ-да көрсетілгендей қоршаған ортаға әсерін азайту және мониторингінің барлық шараларын қабылдау есебінен төмендегеніне көз жеткізуді ККМ-ге тапсыруға міндеттенеді.
      8. Қарыз алушы ККМ-ге (а) ҚОҚЖ жұмыстар басталуы туралы хабарлама берілгенге дейін жаңартылғанына; (b) ҚОҚЖ орындалуының іске асырылуы, мониторингі мен есептілігін іске асыру үшін жеткілікті ресурстар берілгеніне; (с) жарты жылдық экологиялық есептердің, ол бойынша есеп жасалатын әр кезеңнен кейінгі үш (3) айдың ішінде дайындалғанына және АДБ-ға ұсынылғанына; (d) есептер, өзгеден басқа, ҚОҚЖ орындаудағы жетістіктерге шолуды, мәселелерді және осы мәселелерді шешу жөніндегі шараларды қамтитынына; (е) Жоба шеңберіндегі егжей-тегжейлі инженерлік жоспар мен құрылыс жұмыстарының келісім-шарттары ҚОӘБ мен ҚОҚЖ-да берілген қолданылатын экологиялық шараларды қамтитынына; және (f) мердігерлері ҚОӘБ және ҚОҚЖ талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында бақыланатынына қосымша көз жеткізуді тапсыруға міндеттенеді.

      Жер учаскелерін сатып алу және қоныс аудару
      9. Қарыз алушы ККМ-ге Жоба өзгеден басқа, мынадай:
      (а) ЖСҚН ережелеріне сәйкес ЖСҚЖ қатысы бар тұрғындардың қаперіне жеткізілуі тиіс;
      (b) ЖСКЖ-ны қарауға және бекітуге АДБ-ға құрылыс жұмыстарына арналған қандай да болмасын келісім-шарттар жасасқанға дейін ұсыну қажет;
      (с) Жоба үшін қажетті барлық жер учаскелері мен жер бөлу құқықтары уақтылы сатып алынуға тиіс;
      (d) Қоныс аударуға барлық өтемақылар мен жәрдем, олар қоныс аудару сәтіне дейін қатысы бар адамдарға берілетін болады және меншік құқығынан айыру және ЖСҚЖ өтемақылар бағдарламасы жұмыс басталғаны туралы кез келген хабарлама шыққанға дейін толығымен іске асырылған болуы тиіс;
      (е) Шағымдарды шешудің тиімді тетіктері мәселелер мен шағымдар туындаған кезде, оларды уақтылы шешіп, қатысы бар адамдарға көмектесу мақсатында жұмыс істеуге тиіс;
      (f) ЖСҚЖ орындалу мониторингін бақылауды жүзеге асыру үшін құзыретті персонал мен ресурстар ұсыну қажет. АДБ үшін мониторинг жүргізу бойынша қолайлы тәуелсіз ұйым ЖСҚЖ-ның сыртқы мониторингін және бағалауын жүргізетін және ЖСҚЖ-ны іске асыру процесінің басында және аяқталған соң нәтижелерді АДБ-ға ұсынатын болады; және
      (g) Егер ЖСҚЖ орындау кезеңінде жергілікті мекенде кез келген өзгерістер, жолдар салу не қоршаған ортаға қосымша әсер болса және/немесе қоныс аудару айқындалып жатса, онда ЖСҚЖ-ға толықтырулар енгізу және ЖСКЖ-ны кейіннен іске асыруға дейін бірінші кезекте АДБ-ның және тиісті үкімет органдарының мақұлдауын алуды қажет ететін ережелерді қоса алғанда, Қарыз алушының қолданыстағы заңнамасы мен нормативтік талаптарына, АДБ-ның Еріксіз қоныс аудару туралы саясатына (1995) және ЖСҚН мен ЖСҚЖ-ға сәйкес орындалып жатқанына көз жеткізуді тапсыруға міндеттенеді.

      Жұмыстарға арналған келісім-шарттарды орындау
      10. Қарыз алушы, жұмыстарға арналған келісім-шарттарды жасасқаннан кейін, ЖСҚЖ-ның (атап айтқанда, қатысы бар адамдарға өтемақыны уақтылы төлеуді қоса алғанда), сондай-ақ ҚОӘБ-ның және жаңартылған ҚОҚЖ-ның тиісті ережелері сақталатын болғанға дейін мердігерге Жобалық жолдың тиісті сегменттері мен учаскелерінде жұмыстардың басталғаны туралы хабарлама берілмейтіндігіне көз жеткізуді ККМ-ге тапсыруға міндеттенеді.

      Еңбекті, денсаулықты қорғау, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау
      11. Қарыз алушы, ККМ-ге (а) құрылыс мердігерлерінің (і) Еңбек туралы кодекстің, еңбек заңнамасының қолданылатын негізгі стандарттарын және жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің тиісті нормаларын қолдануды, (іі) әйелдер мен еркектерге тең еңбек үшін тең ақы төлеуді; (ііі) жолдарды салу және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша іс-шаралар кезінде балалар еңбегін пайдаланбауды; және (іv) жұмысқа талаптарды баламалы және тиімділікпен орындау шартымен Жобаның құрылыстық мақсаттары үшін жергілікті аз қамтамасыз етілген және тұрмысы нашар халықты барынша жұмысқа орналастырудың ықтимал көлемінде; және (б) Жобаның шеңберінде тартылған мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері арасында және Жобалық жолға тікелей жақын тұратын жергілікті тұрғындар арасында ЖҚБТ/АҚТҚ-ны қоса алғанда, жыныстық жолмен тарайтын аурулар тәуекелдері туралы ақпаратты таратудың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін шарттарға ережелердің енгізілуін қамтамасыз етуді ККМ-ге тапсырады.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
      12. Қарыз алушы АДБ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі саясатын (1998 жылғы, бүгінгі таңдағы түзетулермен) қолдануға міндеттенеді. Қарыз алушы ұтымды басқару, есептілік және принциптерін қолдану міндеттемелеріне сәйкес АДБ тікелей не өзінің агенттері арқылы Жобаға қатысты барлық ықтимал сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, астыртын сөз байласу немесе мәжбүрлеу жағдайларын тексеруге құқылы екендігімен келіседі және Қарыз алушы кез келген мұндай тексерудің қанағаттанарлықтай аяқталуы үшін кез келген мұндай тексеруге қажеттігіне қарай тиісті есептер мен жазбаларға қол жетімділікті қамтамасыз етуді қоса алғанда, қолдау көрсету қажетті дәрежесінде толыққанды ынтымақтасатын және көмектесетін болады. Бұдан басқа, Қарыз алушы (а) мердігерлердің Қарыз қаражатын алуға және олар бойынша төлемдерге қатысты іс-қимылдарына мерзімді тексерулер жүргізуді; (b) Жоба шеңберінде АДБ қаржыландыратын барлық келісім-шарттар АДБ-ның аудит жүргізу және барлық мердігерлердің, өнім берушілер мен консультанттардың, сондай-ақ Жобаға қатысы бар қызметтердің өнім берушілерінің жазбалары мен шоттарына тексеру жүргізу құқығын белгілейтін ережелерді қамтитындығына көз жеткізуді; (с) құрылысты қадағалау жөніндегі консультант мердігерлердің төлем сертификаттарын келісім-шарттың жұмыс сызулары мен ерекшеліктеріне сәйкес тексеруіне көз жеткізуді; және (d) сыбайлас жемқорлыққа қарсы Инвестициялық бағдарлама үшін әзірленген және АДБ-мен келісілген жоспардың орындалуына көз жеткізуді ККМ-ге тапсырады.

      Қаржылық басқару жүйесі
      13. Қарыз алушы ККМ-ге 2010 жылдың 30 сәуіріне бухгалтерияның жыл сайынғы негізде Жоба транзакциясының есептілігін тіркеп отыру мен оларды жасауға және аралық қаржылық есептер жасауға қабілетті автоматтандырылған жүйесін құруды қоса алғанда, ККМ-нің қаржылық басқару жүйесі құрылатынына және жұмыс істейтініне көз жеткізуді тапсыруға міндеттенеді.

      Жобаның жұмыс істеу мониторингінің жүйесі
      14. Қарыз алушы ККМ-ге Күшіне енген күнінен бастап алты (6) ай ішінде ЖҚМЖ құруды және жұмыс істеуінің мониторингі үшін бастапқы деректерді жинақтау жүргізуді тапсыруға міндеттенеді. Жобалық жоспардың және мониторингтің әсер ету және нәтижелер деңгейінде санамаланған негізгі көрсеткіштер мен жорамалдар талдау үшін қажетті бастапқы деректерді құрайды.

      Жобаға шолу
      15. Қарыз алушы, АДБ-ға: (і) әрбір есепті тоқсан аяқталғаннан кейінгі екі (2) апта ішінде Жобаның жетістіктері туралы тоқсандық есептерді және (іі) жарты жылда бір рет жұмыс істеуі мен мониторингі туралы өзге де есептерді беріп отыруды тапсыруға міндеттенеді. Аралық жиынтық шолуды күшіне енгеннен кейін екі (2) жыл өткен соң жүргізу қажет. Аралық шолу Қарыздың шарттарына және ҚНК-де жазылған міндеттемелерге сәйкес, Жобаның инженерлік, экологиялық және әлеуметтік қауіпсіздік шараларын қамтуы тиіс. Шолу Жобаны және Инвестициялық бағдарламаны табысты іске асыруға және мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін кез келген қажетті аралық түзетулерді көздейді.

      Осымен 2009 жылғы 3 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] [«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама - 2-жоба) осы аудармасы ресми тілдегі мәтініне сәйкес келетінін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Кадрмен қамтамасыз ету және
      құжат айналымы департаментінің
      Басқарма бастығы                                     Н. Шабанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады