Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Даму бағдарламасын қолдауға берілетін кредит) ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 329-IV Заңы

      2010 жылғы 31 мамырда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Даму бағдарламасын қолдауға берілетін кредит) ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

ҚАРЫЗ НӨМІРІ 7911-KZ

Қазақстан Республикасы
мен
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі
арасындағы
Қарыз туралы келісім
(Даму бағдарламасын қолдауға берілетін кредит)

Күні 2010 жылғы 31 мамыр

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

      Қазақстан Республикасы (Қарыз алушы) мен Халықаралық Қайта Құру  және Даму Банкі (Банк) арасындағы Даму бағдарламасын қолдау үшін (осы Келісімге Толықтыруда анықталғандай) қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында жасасқан 2010 жылғы 31 мамырдағы Келісім. Банк осы қаржыландыру туралы шешімді, басқалар арасында, (а) Қарыз алушының Бағдарлама шеңберінде қабылдаған және осы Келісімге 1-қосымшаның 1-бөлімінде баяндалған іс-қимылдар және (б) Қарыз алушының тиісті макроэкономикалық саясатты қолдауы негізінде қабылдады. Осымен Қарыз алушы мен Банк мына төмендегілер туралы уағдаласады:

1-БАП - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АЙҚЫНДАМАЛАР

      1 01. Жалпы шарттар (осы Келісімге Толықтыруда айқындалған) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
      1.02. Егер түпмәтінінен өзгеше туындамаса, онда осы Келісімде пайдаланылатын бас әріптен басталатын терминдердің Жалпы шарттарда немесе осы Келісімге Толықтыруда жазылған мәндері болады.

2-БАП - ҚАРЫЗ

      2.01. Банк Қарыз алушыға осы Келісімде баяндалған немесе көрсетілген мерзімге және шарттарда бір миллиард АҚШ долларына тең ($ 1 000 000 000) соманы беруге келісті және осы сома осы Келісімнің (Қарыз) 2.07-тармағының ережелеріне сәйкес валюта Конверсиясы арқылы кезең-кезеңмен айырбасталуы мүмкін.
      2.02. Қарыз алушы Бағдарламаны қолдау үшін Қарыз қаражатын осы Келісімге 1-қосымшаның II бөліміне сәйкес алуға құқығы бар.
      2.03. Қарыз алушы төлеуге тиіс Біржолғы комиссия Қарыз сомасының бір пайызының төрттен бір бөлігін (0,25 %) құрайды. Қарыз алушы Біржолғы комиссияны Күшіне енген күннен кейінгі алпыс күннен кешіктірмей төлейді.
      2.04. Қарыз алушы төлеуге тиіс сыйақы әрбір Пайыздық кезеңде Қарыз Валютасы қосу Ауыспалы спрэд үшін ЛИБОР ставкасына тең ставка бойынша есептелетін болады; Қарыздың негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігін Конверсиялау кезінде Қарыз алушы осы сома бойынша Конверсиялау кезеңі уақытында төлеуге тиіс сыйақы мөлшері Жалпы шарттардың 4-бабының ережелеріне сәйкес анықталуы тиіс. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, Қарыздың өтелмеген қалдығының Алынған кез келген бөлігі уақтылы төленбесе және отыз күннің ішінде төленбесе, онда Қарыз алушы төлеуге тиіс сыйақы мөлшері мұндай жағдайда Жалпы шарттардың 3.02 (d) Бөлімінің ережелеріне сәйкес есептелуі тиіс.
      2.05. Төлем күндері әр жылдың 15 наурызы және 15 қыркүйегі болып табылады.
      2.06. Қарыздың негізгі сомасы осы Келісімге 2-қосымшада келтірілген өтеу кестесіне сәйкес өтелетін болады.
      2.07. (а) Қарыз алушы кез келген уақытта борышты ұтымды басқаруды қамтамасыз ету үшін Қарыз шартының мынадай Конверсияларынан кез келгенін жүргізуді сұратуға құқығы бар: (і) алынған да, алынбаған да Қарыз Валютасының барлық немесе Қарыздың негізгі сомасының кез келген бөлігін Мақұлданған валютаға өзгерту; (іі) Ауыспалы ставкадан Тіркелген ставкаға және керісінше Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне қолданылатын пайыздық ставканың базисін өзгерту, және (ііі) Ауыспалы ставка үшін жоғарғы немесе төменгі шектерін белгілеу арқылы Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне қолданылатын Ауыспалы ставка үшін шектерін енгізу.
      (б) Осы Бөлімнің (а) тармақшасына сәйкес сұратылған және Банк мақұлдаған кез келген өзгеріс Жалпы шарттарда айқындалғандай «Конверсия» болып саналады және Жалпы шарттардың 4-бабының және Конверсия жөніндегі нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес күшіне енеді.
      2.08. Жалпы шарттардың 5.08-бөлімінің (осы Келісімге Толықтырудың II бөлімі 4-тармағына сәйкес қайта нөмірленген және Өзара іс-қимылдар мен консультацияларға қатысы бар) ережелеріне қатысты шектеусіз Банк кезең- кезеңімен осы 2-баптың ережелеріне қатысты ақпаратты негізді түрде талап ете алады, ал Қарыз алушы Банкке сұратылған ақпаратты дереу беруге тиіс.

3-БАП - БАҒДАРЛАМА

      3.01. Қарыз алушы өзінің Бағдарламаның мақсаттарын және оны іске асыруды жақтайтынын мәлімдейді. Осы мақсатпен және Жалпы шарттардың 5.08-бөліміне сәйкес:
      (а) Қарыз алушы мен Банк кезең-кезеңімен қандай да бір тараптың сұратуы бойынша Қарыз алушының макроэкономикалық саясаты және Бағдарламаны іске асыру барысында қол жеткізген прогресс жөнінде пікір алмасып отыруға тиіс;
      (б) Банк негізді түрде талап етуі мүмкін болған дәрежеде егжей-тегжейлі дәрежеде Банкке қарауға және түсіндірме үшін Бағдарламаны іске асыру барысында қол жеткізген нәтижелер туралы есепті Қарыз алушы әрбір осындай пікір алмасуға дейін беруге тиіс; және
      (в) осы Бөлімнің (а) және (б) тармақтарының ережелерін шектеусіз, Қарыз алушы Бағдарламаның мақсаттарына іс жүзінде қол жеткізуге немесе осы Келісімге 1-қосымшаның I бөлімінде айқындалған кез келген іс-қимылды қоса алғанда, Бағдарлама шеңберінде қабылданатын кез келген іс-қимылды жүзеге асыруға елеулі кедергі болуы мүмкін кез келген оқиғалар туралы Банкті дереу хабардар етіп отыруға тиіс.

4-БАП - БАНКТІҢ ЗАҢДЫҚ ШАРАЛАРЫ

      4.01. Уақытша тоқтата тұруға әкеп соқтыратын қосымша жағдай мынаны: нәтижесінде Бағдарламаны немесе оның елеулі бөлігін іске асыру іс жүзінде мүмкін болмаған жағдайдың туындауын қамтиды.
      4.02. Тоқтата тұруды жеделдететін қосымша жағдай мынаны: осы Келісімнің 4.01-тармағында сипатталған жағдай басталады және Банк осындай жағдайдың басталғаны туралы Қарыз алушыға хабарлама жіберген күннен кейінгі 30 күн бойындағы кезеңде жалғасады.

5-БАП - КҮШІНЕ ЕНУІ; БҰЗУ

      5.01. Күшіне енудің қосымша шарты мынадай: Банк Қарыз алушы Бағдарламаны іске асыру барысында қол жеткізген прогреспен және Қарыз алушының макроэкономикалық саясатының келісілгендігімен қанағаттанады.
      5.02. Күшіне енудің соңғы мерзімі осы Келісімге қол қойылған күннен кейін бір жүз сексен (180) күн өткен соң басталатын күн болып табылады.

6-БАП - ӨКІЛДЕРІ; МЕКЕНЖАЙЛАР

      6.01. Қарыз алушының өкілі Қаржы министрлігі болып табылады.
      6.02. Қарыз алушының мекенжайы:

      Қазақстан Республикасы
      Астана, 010000
      Жеңіс даңғылы, 11
      Қаржы министрлігі

      Телекс:                            Факс:
      265126 (FILIN)                     7-7172-717785

      6.03. Банктің мекенжайы:

      Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі
      1818 Н Street, N.W.
      Washington, D.C. 20433
      United States of America

      Телеграф:               Телекс:                 Факс:
      INTBAFRAD              248423(MCI) or           1-202-477-6391
      Washington, D.C.    64145(MCI)

___________, ______________, жоғарыда көрсетілген күні және жылы
КЕЛІСІЛДІ.

Қазақстан Республикасы үшін
Уәкілетті өкіл     

Халықаралық Қайта Құру
және Даму Банкі үшін
Уәкілетті өкіл  

1-ҚОСЫМША

Бағдарламаның іс-әрекеттері; Қарыз қаражатына қолжетімділік

I бөлім. Бағдарлама шеңберінде қолға алынған іс-әрекеттер

Бағдарлама шеңберінде Қарыз алушы қолға алған іс-әрекеттер мынаны қамтиды:

      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» ҚР Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірде № 962 Жарлығы шықты, ол Ұлттық қор қаражатынан республикалық бюджетке жыл сайынғы кепілдік берілген трансферттің көлеміне 8 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде шектеуді белгілейді және Ұлттық қордың активтерін тек қана шетел қаржы нарықтарында айналып жүрген қаржы құралдарына орналастыруды міндеттейді.
      2. Қарыз алушы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV ҚР Кодексін (2010 жылғы 2 сәуірдегі өзгерістермен және толықтырулармен) қабылдады, ол тиісті нормативтік актілердің қабылдануымен мыналарды: (і) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары негізінде республикалық және жергілікті деңгейлерде сырғымалы негізде үш жылдық бюджеттерді әзірлеуді және мақұлдауды; (іі) бюджеттің атқарылуы барысында кіші бағдарламалар арасында қаражатты қайта бөлу бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне республикалық және жергілікті деңгейлерде өкілеттіктер беруді; (ііі) орталық мемлекеттік органдар мен облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтерін құруды қолданысқа енгізеді.
      3. Қарыз алушы 2010 жылғы 29 наурызда қайта қаралған «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 219-IV ҚР Заңын қабылдады; басқалардың қатарында ол басымдығы жоқ әкімшілік шығыстардың және шоғырландырылған бюджеттің шығыстарында әлеуметтік шығыстардың үлесін ұлғайту пайдасына ұлттық компаниялардың қаржы активтерін сатып алуға арналған шығыстардың үлесін қысқартуды көздейді.
      4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 шілдедегі № 185-IV ҚР Заңына сәйкес ТӘБ банкі және Альянс банкі тиісінше ТӘБ банкінің кредит берушілер комитетімен және Альянс банкінің кредит берушілер комитетімен басқалардың қатарында осы банктердің өмірге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған және сыртқы борыштарының көп бөлігін есептен шығаруды көздейтін қайта құрылымдау жоспарын қамтитын Негізгі коммерциялық шарттарға (қайта құрылымдау) қол қойды.
      5. Қарыз алушы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 шілдедегі № 185-IV ҚР Заңын қабылдады; ол проблемалы банктерді реттеу жүйесін, оның ішінде тұрақтандырушы банктер құру, міндеттемелер сатып алу және қабылдау туралы келісімдер арқылы күшейтуді, сондай-ақ қайта құрылымдауды мамандандырылған қаржылық соттардың жүргізуін көздейді.
      6. Қарыз алушы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2008 жылғы 23 қазандағы № 72-IV Заңын қабылдады; ол ерте ден қою жүйесін құруды көздейді, оның көмегімен ҚҚА (і) банктің тиімділік көрсеткіштерін қадағалай алады және (іі) мұндай көрсеткіштер нашарлаған жағдайда ерте ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын орындауды талап ете алады, және (ііі) тіпті пруденциалдық нормалар көрінеу бұзылмаса да банктің қызметіне араласуды жүргізе алады.
      7. ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2009 жылғы 30 қарашадағы өзгерістермен және толықтырулармен Басқарманың «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтік мәндері мен әдістемесі туралы нұсқаулық» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысын шығарды, онда басқалардың қатарында (і) 2011 жылғы 1 шілдеден бастап коммерциялық банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігіне қойылатын талаптарды ұлғайту; және (іі) коммерциялық банктің өзінің меншікті капиталына қатысты резидент еместер алдындағы жиынтық міндеттемелерін бір мөлшерге шектеу көзделеді.

II бөлім. Қарыз қаражатының қолжетімділігі

      A. Жалпы ережелер. Қарыз алушы осы Бөлімнің ережелеріне және Банк Қарыз алушыға хабарламасында көрсеткен қосымша нұсқаулықтарға  сәйкес Қарыз қаражатын ала алады.
      B. Қарыз қаражатын бөлу. Қарыз Біржолғы транш түрінде бөлінеді, оның қаражатынан Қарыз алушы қарыз қаражатын ала алады. Қарыз сомаларын бөлу мына кестеде көрсетілген:

Қаражатты бөлу

Бөлінген қарыз сомасы (АҚШ долларымен көрсетілген)

(1) Біржолғы транш

1 000 000 000

ЖАЛПЫ СОМА

1 000 000 000

      C. Біржолғы комиссияны төлеу. Біржолғы комиссия толығымен төленбейінше Қарыз алушы Қарыз шотынан қаражат ала алмайды.
      D. Траншты бөлу шарттары. Біржолғы транш түріндегі қаражатты Банк (а) Қарыз алушы іске асырып жатқан Бағдарламамен және (б) Қарыз алушының макроэкономикалық саясатының келісілуімен қанағаттанбайынша алу мүмкін емес.
      E. Қарыз қаражатын депозитке салу. Банкпен өзгеше келісілген жағдайларды қоспағанда:
      1. Қарыз Шотынан әрқандай қаражат алуды Банк Қарыз алушы көрсеткен және Банк үшін қолайлы шотқа депозитке салуға тиіс; және
      2. Қарыз алушы осы шотқа қандай да бір Қарыз сомасын әрбір депозитке салу кезінде балама сома Қарыз алушының бюджеттік басқару жүйесінде Банк үшін қолайлы нысанда есепке алынып отырады.
      F. Заңсыз шығыстар. Қарыз алушы өзіне Қарыз қаражатын заңсыз шығыстарды қаржыландыру үшін пайдалануға жол бермеу жөніндегі жауапкершілікті алады. Егер Банк кез келген уақытта Қарыз қаражаты заңсыз шығыстарды жабу үшін пайдаланылды деп тапса, онда Қарыз алушы Банктен хабарлама алғаннан кейін Банкке дереу балама соманы өтеуге тиіс. Банкке мұндай талап бойынша өтелген сомалар өз күшін жояды.
      G. Жабылған күні. Жабылған күні 2011 жылғы 7 қаңтар болып табылады.

2-ҚОСЫМША

Өтеу кестесі

      1. Келесі кестеде негізгі борышты Өтеу күндері мен негізгі борышты өтеудің әрбір күніне өтеуге жататын Қарыздың жалпы негізгі сомасының пайыздық үлесі (Өтеу үлесі) көрсетілген. Егер Қарыз қаражаты негізгі борышты өтеудің бірінші Күнінде толығымен алынған болса, онда Қарыз алушы негізгі борышты Өтеудің осындай әрбір күнінде өтеуге тиісті Қарыздың негізгі сомасын Банк: (а) негізгі борышты өтеудің бірінші Күнінде алынған Қарыз сомасы мен (б) негізгі борышты өтеудің әрбір Күніне төлемнің Өтеу үлесін көбейту жолымен айқындайды. Бұл төлеуге жататын сома осы Қосымшаның 4-тармағында көзделген және валюта Конверсиясы қолданылатын соманы шегеру мақсатында қажеттілігіне қарай түзетілетін болады.

Негізгі борыш бойынша төлеу күні

Өтеу үлесі (пайызбен көрсетілген)

2013 жылдың 15 қыркүйегінен бастап 2034 жылдың 15 қыркүйегі аралығында әрбір жылдың 15 наурызы мен 15 қыркүйегі

2,27 %

2035 жылғы 15 наурыз

2,39 %

      2. Егер Қарыз қаражаты негізгі борышты өтеудің бірінші Күніне толығымен алынбаған болса, онда Қарыз алушының негізгі борышты Өтеудің осындай әрбір күніне өтеуіне жататын Қарыздың негізгі сомасы былайша айқындалады:
      (a) Негізгі борышты өтеудің бірінші Күні алынған Қарыздың кез келген қаражаты шамасында Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес осындай күнге алынған Қарыз сомасын өтеуге тиіс.
      (b) Негізгі борышты өтеудің бірінші Күнінен кейін алынған кез келген сома әрбір осындай алу сомасын осы Қосымшаның 1-тармағының кестесінде көрсетілген төлем үлесінің бастапқы сомасы осы Негізгі борышты өтеу күні үшін алымы болып табылатын (Төлемді өтеу үлесінің бастапқы сомасы), ал бөлшегі осындай күнге немесе одан кейін негізгі борышты өтеу күнінде Төлемдерді өтеу үлесінің бастапқы сомаларының барлық қалған сомаларының сомасы болып табылатын бөлшекке көбейту жолымен Банк анықтаған сомада осындай алу күнінен кейін негізгі борышты өтеудің әрбір Күніне өтелуге тиіс. Төленуі тиіс бұл сома осы Қосымшаның 4-тармағында көзделген және валютаны Конверсиялау қолданылатын сомаларды шегеру мақсатында қажеттілігіне қарай түзетілуге тиіс.
      3. (а) Негізгі борышты өтеудің кез келген Күніне төленуге тиіс негізгі борыш сомаларын есептеу мақсатында ғана негізгі борышты өтеудің кез келген Күніне дейін күнтізбелік екі ай ішінде алынған Қарыз сомалары алынған күннен кейін негізгі борышты өтеудің екінші Күніне алынды және өтелмеді деп есептеледі және алынған күннен кейін негізгі борышты өтеудің екінші Күнінен бастап негізгі борышты өтеудің әрбір Күніне өтеуге жататын болады.
      (b) Осы тармақтың (а) тармақшасының ережесіне қарамастан, егер кез келген уақытта Банк толем мерзімдері бойынша шоттарды шығару жүйесін қабылдаса, осы ретте шоттар негізгі борышты өтеудің тиісті Күніне немесе одан кейін беріледі, шоттарды шығарудың осындай жүйесі қабылданғаннан кейін жасалған қандай да алуға осы тармақшаның ережесі қолданылмайтын болады.
      4. Осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, барлық немесе Қарыздың кез келген бөлігінің валютасын конверсиялау кезінде кезеңі ішінде пайда болатын негізгі борышты өтеудің кез келген Күніне өтеуге жататын Мақұлданған валютаға осындай түрде конвертацияланатын Мақұлданған валюта сомасындағы Қарыздың барлық валютадағы немесе алынған соманың кез келген бөлігіндегі Конвертациялаудан кейін осы, тікелей конвертациялау алдында осындай соманы деноминациялау валютасында көбейту жолымен немесе (!) конвертациялауға жататын Валюталық хедждік мәмілелер шеңберінде Банктің төлеуіне жататын немесе (іі) Конверсия бойынша нұсқауға сәйкес мұндай шешімді егер Банк қабылдаса, Экранды ставканың валюталық құрылымы анықталуға тиіс.

ТОЛЫҚТЫРУ

I Бөлім. Айқындамалар

      1. «Альянс» басында 2001 жылы 13 тамызда құрылған және кейіннен «Альянс Банк» акционерлік қоғамының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына сату туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысын шығарған ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі қайта атаған және қайта құрылымдаған «Альянс Банк» акционерлік қоғамын білдіреді.
      2. «ТӘБ» «Тұранбанк» және AlemBank Kazakhstan» қазақ акционерлік банкін қайта ұйымдастыру туралы» ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 15 қаңтардағы № 73 қаулысымен құрылған және 2008 жылғы ақпанда «ТӘБ Банкі» акционерлік қоғамына ресми қайта аталған банкті білдіреді.
      3. «Заңсыз шығыстар»: мынадай кез келген шығыстарды білдіреді:
      а) кез келген ұлттық немесе халықаралық қаржы ұйымы немесе Банк болып табылмайтын агент қаржыландыратын немесе қаржыландыруы тиіс немесе басқа қарыздар, кредиттер немесе гранттар шеңберінде Банк немесе Қауымдастық қаржыландыратын келісімшарттар бойынша жеткізілетін тауарларға немесе қызмет көрсетулерге;
      b) БҰҰ Статистикалық материалдар жинағында жариялаған, 3-нұсқа (SITC, Rev.3), М сериялы, № 34/ 3-нұсқа (1986) (SITC) Халықаралық сауда сыныптамасы стандарттарының мынадай топтарының немесе кіші топтарының немесе Банк Қарыз алушыны ол туралы хабарландыратын Халықаралық сауда сыныптамасы стандарттарының жаңа нұсқаларының кез келген басқа кейінгі топтарының немесе кіші топтарының құрамына кіретін тауарларға:

Топ

Топ

Тауардың сипаттамасы

112


Алкогольді ішімдіктер

121


Темекі, өнеркәсіптік емес темекі, темекі қалдықтары

122


Өнеркәсіптік темекі (темекіні ауыстыратындары бар/оларсыз)

525


Радиоактивтік немесе оған ілеспе материалдар

667


Өңделген немесе өңделмеген маржан, асыл және жартылай асыл тастар

718

718.7

Атом реакторлары және оның бөліктері, отындық элементтері (картридждер), сәулеленбеген, ядролық реакторлар үшін

728

728.43

Темекі өнімдерін өндіруге арналған жабдық

897

897.3

Алтыннан, күмістен, платинадан жасалған зергерлік бұйымдар (сағаттан және сағат камераларынан басқа), сондай-ақ алтын және күміс зергерлік бұйымдар (асыл тастардан жасалған тұғырларды қоса алғанда)

971


Монетарлық емес алтын (құрамында алтын бар кендерді және концентраттарды қоспағанда)

      с) әскери және әскерилендірілген мақсаттарға немесе әдемілік заттар ретінде тұтынуға арналған тауарларға;
      d) Қарыз алушының заңдарымен немесе олар бойынша Қарыз алушы тараптардың бірі болып табылатын халықаралық келісімдермен өндіру, пайдалану және импорты тыйым салынған экологиялық қауіпті тауарларға;
      е) БҰҰ Жарғысының VII тарауына сәйкес қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің шешімімен тыйым салынған кез келген төлемдер бойынша; және
      f) Қарыз алушының қандай да бір өкілінің (немесе Қарыз қаражаттарын кез келген өзге алушы) Қарыз қаражаттарының пайдаланылуына байланысты сыбайлас жемқорлық, жалған, алаяқтық мәжбүрлеуге негізделген немесе бәтуаласуға, тәжірибеге қатысқанын, және Қарыз алушының (немесе кез келген өзге алушының) осындай тәжірибені жедел жоюға бағытталған Банк үшін қанағаттанарлық уақтылы шаралар және тиісті іс-әрекеттер қолданбағанын Банк анықтаған төлемдерге қатысты кез келген шығыстарды білдіреді.
      4. ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығымен алғаш құрылған, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді және қадағалауды жүзеге асыруға жауапты агенттік.
      5. «Жалпы шарттар» - осы Толықтырудың II Бөлімінде ұсынылған өзгерістер ескеріле отырып, 2005 жылғы 1 шілдедегі «Халықаралық қайта құру және даму банкінің қарыздары үшін жалпы шарттар» (2008 жылғы 12 ақпандағы түзетулермен).
      6. «Ұлттық қор» «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы» ҚР Президентінің 2000 жылғы 23 тамыздағы № 402 Жарлығымен құрылған Қарыз алушының ұлттық қорын білдіреді.
      7. «Бағдарлама» Қарыз алушы Банкке Бағдарламаны іске асыру бойынша өз міндеттемелері туралы мәлімдейтін және Банктен оны іске асыру бойынша қолдау көрсету туралы сұрайтын 2010 жылғы 19 сәуірдегі № DGZ-1/4909 хатта айқындалған немесе оған сілтеме жасайтын, кедейшілікті біртіндеп қысқартудың өсуін ынталандыру және оған қол жеткізу үшін әзірленген іс-әрекет, мақсат пен стратегия бағдарламасын білдіреді.
      8. «Біржолғы транш» осы Келісімге 1-қосымшаның II бөлімі В бөлігінде келтірілген кестеде «Біржолғы транш» санаты бойынша бөлінген Қарыз сомасын білдіреді.

II Бөлім. Жалпы шарттарға түзетулер

      Жалпы шарттарға мынадай өзгерістер енгізілді:
      1. 2.03-бөлімнің (а) тармағының соңғы сөйлемі (Қаражаттарды алуға өтінімдерге қатысты) толық алып тасталды.
      2. 2.04 {Бөлінген шоттар) мен 2.05 {Қолданымды шығыстар) бөлімдер толығымен жойылды, ал қалған бөлімдер 2-бапта тиісінше қайта нөмірленді.
      3. 2.05-бөлімінің (а) тармағы (2-тармаққа сәйкес қайта нөмірленді) мынадай редакцияда жазылады:

      «2.05-бөлім. Қайта қаржыландыруға дайындық үшін авансы, Бір жолғы комиссия мен сыйақыны капиталдандыру

      (a) Eгep Қарыз туралы келісім Банк немесе Қауымдастық Берген Қарыз қаражатынан аванс төлеуді («Дайындыққа арналған аванс») көздесе, онда Банк Қарыз бойынша Тараптардың атынан Қарыз шотынан осы сома алынған күні алынған және өтелмеген аванс сомасын өтеу үшін қажет осындай сома күшіне енген күні немесе одан кейін осы соманы Қарыз шотынан алуға тиіс және егер мұндай қолданылатын болса, осы күнге аванс сомасына есептелген және төленбеген барлық алымдарды төлеуге тиіс. Банк осылайша алған соманы өз пайдасына немесе мән-жайларға қарай Қауымдастық пайдасына төлейді және аванстың алынбаған сомасын жоюға тиіс».
      4. 5.01 (Жобаны орындаудың жалпы қағидаттары) және 5.09-бөлімдер (Қаржылық басқару; Қаржылық есептілік; Аудит) толығымен алып тасталған, ал қалған 5-баптың Бөлімдері тиісінше қайта нөмірленген.
      5. 5.05-бөлімнің (а) тармағы (жоғарыда көрсетілген 4-тармаққа сәйкес және Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді пайдалануға қатысты қайта қайта нөмірленген) толығымен алып тасталған.
      6. 5.06-бөлімнің (с) тармағы (жоғарыда көрсетілген 4-тармаққа сәйкес қайта нөмірленген) мынадай редакцияда оқылады:

      «5.06-бөлім. Жоспарлар; Құжаттар; Есепке алу жазбалары

      (с) Қарыз алушы есепті жабу күнінен кейін екі жыл ішінде Қарыз шеңберіндегі шығыстарды растайтын барлық есепке алу жазбаларын (шарттар, төлем құжаттары, шот-фактуралар, шоттар, квитанциялар мен басқа да құжаттар) сақтайды. Қарыз алушы осы есепке алу жазбаларын Банк өкілдеріне зерттеу мүмкіндігін береді».

      7. 5.07-бөлімнің (с) тармағы (жоғарыда көрсетілген 4-тармаққа сәйкес қайта нөмірленген) мынадай редакцияда оқылады:

      5.07-бөлім. Бағдарламаның мониторингі мен оны бағалау

      (с) Қарыз алушы Қарыз бойынша тараптардың және Банктің Бағдарламаны атқарғаны, заң келісімдері бойынша өздерінің тиісті міндеттемелерін орындағаны туралы және қарыз міндеттерін орындағаны туралы есепті Банк дәлелді талап етуі мүмкін көлемде және осындай егжей-тегжейлі деңгейде әзірлейді немесе әзірлеуді қамтамасыз етеді және есепті жабу күнінен кейін алты айдан кешіктірмей Банкке ұсынады.
      8. Қосымшада мынадай ұғымдар өзгертілген немесе мынадай ұғымдар мен анықтамалар алып тасталған, сондай-ақ әліпби тәртібімен тиісінше ұғымдардың нөмірленуі өзгертіліп мынадай жаңа ұғымдар мен анықтамалар енгізілді:
      (a) «Қолайлы шығыс» ұғымының анықтамасы мынадай редакцияда оқылады:
      «Қолайлы шығыс» деген Қарыз туралы осы келісімге сәйкес қаржыландыруға жол берілмейтін шығыстардан басқа, Бағдарламаны қолдауға бөлінген Қарыз қаражатын кез-келген жұмсауды білдіреді.
      b) «Қаржылық есептілік» ұғымы және оның анықтамасы толығымен алып тасталған.
      с) «Жоба» ұғымы өзгертілген және ол «Бағдарлама» ретінде мынадай редакцияда оқылады (және «Жобаға» жасалған барлық сілтемелер осы Жалпы шарттардың барлық мәтіні бойынша «Бағдарламаға» жататын болып есептеледі):
      «Бағдарлама» Қарыз туралы келісімде сілтеме жасалатын және оны қолдауға қарыз бөлінген бағдарламаны білдіреді.
      (d) «Бағдарламаны әзірлеуге арналған аванс» ұғымы (жоғарыда аталған (с) 8 тармақшасына сәйкес осылайша қайта аталған) ұғымын айқындау мынадай редакцияда оқылады. «Әзірлеуге арналған аванс» ұғымына ауыстырылған және өзгертілген анықтама тиісінше мынадай редакцияда оқылады:
      «Әзірлеуге арналған аванс» деген осы Қарыз туралы келісімде сілтеме жасалатын және 2.05-бөлімге сәйкес өтеуге жататын авансты білдіреді.
      (e) «Конверсия күні» ұғымын мынадай редакцияда оқылады:
      «Конверсия күні» Конверсияға қатысты, Конверсия бойынша нұсқаулықтан күшіне енетін Конверсияны Орындау күні (осы тармақта айқындалғандай) немесе Қарыз алушы сауал салған және Банк қабылдаған кез келген күнді білдіреді.

      Осы Аударма Астана қаласында 2010 жылғы 31 мамырда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы (Даму бағдарламаларын қолдауға берілетін кредит) қарыз туралы келісімнің орыс тіліндегі мәтініне сәйкес келетіндігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Кадрмен қамтамасыз ету және
      құжат айналымы департаментінің
      Басқарма бастығы                                    Н. Шабанов

      РҚАО-ның ескертпесі. Бұдан әрі Келісімнің мәтіні ағылшын тілінде берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады