2009 жылғы 4 ақпанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы Астана қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі Елшілігінің объектілерін салу үшін жер учаскесін беру туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы
Корольдігінің Үкіметі арасындағы Астана қаласында Сауд Арабиясы
Корольдігі Елшілігінің объектілерін салу үшін жер учаскесін
беру туралы келісім
(2011 жылғы 10 сәуірде күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені,
2011 ж., № 3, 35-құжат)
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі
екі ел арасында дәстүрлі достастық қарым-қатынастарды нығайту, Сауд Арабиясы Корольдігі Елшілігінің Қазақстан Республикасында болуының тиісті жағдайлары мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Сауд тарабы Қазақстан тарабына Қазақстан Республикасы Елшілігінің объектілерін салу үшін Сауд Арабиясы Корольдігінің Эр-Рияд қаласындағы Дипломатиялық қалашықта орналасқан аумағы 1,2 га жер учаскесін кейіннен осындай мерзімге ұзарта отырып, 49 жыл мерзімге өтеусіз жер пайдалану шартымен пайдалану үшін беруге Қазақстан тарабы Сауд тарабына Сауд Арабиясы Корольдігі Елшілігінің объектілерін салу, пайдалану және қызмет көрсету үшін Астана қаласындағы Қарасаз көшесінде орналасқан аумағы 1,8 га жер учаскесін кейіннен осындай мерзімге ұзарта отырып, 49 жыл мерзімге пайдалану үшін айырбасқа береді.
2-бап
Хижра бойынша 1425 жылдың 5 айының 26 күніне сәйкес келетін 2004 жылғы 14 шілдедегі Дипломатиялық өкілдік және Өкіл резиденциясы үшін ұзақ мерзімді өтеусіз жалға алу шартымен пайдалану үшін жер учаскесін беру туралы келісімнің (өзаралық шартымен) 5-бабының тармағы осы Келісімнен туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылмайды.
3-бап
Сауд тарабы осы Келісімнің 1-бабына сәйкес берілген жер учаскесін үшінші тараптарға беруге құқылы емес.
4-бап
Сауд тарабы Қазақстан Республикасының қала құрылысы және сәулет саласындағы заңнамасын сақтауға міндеттенеді.
5-бап
Осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген жер учаскелері үшінші тараптардың борыштарынан, құқықтарынан және талаптарынан еркін болып беріледі.
6-бап
Жерге орналастыру және топографиялық-геодезиялық және басқа да жұмыстар, Сауд Арабиясы Корольдігі Елшілігінің объектілерін салу сияқты қызметтердің нақты түрлеріне арналған барлық шығыстарды, сондай-ақ ұстауға және жөндеуге, электр, газ, су және жылумен жабдықтау, басқа да нақты қызмет көрсету түрлеріне арналған шығыстарды Сауд тарабы Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтер мен тарифтерге сай дербес төлейді.
7-бап
Қазақстан тарабы инженерлік желілерді 1-бапта көрсетілген жер учаскесінің шекарасына жеткізуді қамтамасыз етеді және Сауд тарабы Астана қаласының коммуналдық құрылыстарына қосуға арналған бастапқы деректерді уақтылы ұсынғаннан кейін коммуналдық құрылыстарға барлық қажетті қосылуларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жәрдем көрсетеді.
8-бап
Қазақстан тарабы Сауд тарабына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қолданылатын ресімдерді міндетті түрде сақтаған жағдайда, осы Келісімнің 1-бабына сәйкес Сауд тарабына берілген жер учаскесінде жаңа ғимараттарды жоспарлау мен салу үшін қажетті құрылыс салуға арналған барлық рұқсаттардың, келісімдердің және бекітулердің берілуін ұйымдастыруға уақытылы жәрдем көрсетеді.
9-бап
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешеді.
10-бап
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын және 11-бапқа сәйкес күшіне енетін жеке хаттамалармен ресімделеді.
11-бап
Осы Келісім Тараптардың осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
2009 жылғы «4» ақпанда Астана қаласында, әрқайсысы қазақ, араб, орыс және ағылшын тілдерінде төрт данада, бір данасы Қазақстан тарабы үшін, ал үш данасы Сауд тарабы үшін жасалды және барлық мәтіннің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Сауд Арабиясы
Республикасының Корольдігінің Үкіметі
Үкіметі үшін үшін
2009 жылғы 4 ақпанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы Астана қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі Елшілігінің объектілерін салу үшін жер учаскесін беру туралы келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық-құқық департаментінің
Басқарма бастығы Б. Пискорский
РҚАО-ның ескертпесі! Бұдан әрі Келісімнің мәтіні араб және ағылшын тілдерінде берілген.