Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тергеулер мақсаттары үшін тергеу жүргізетін органға мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді беру тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 8 шілдедегі № 460-IV Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұл хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күнінен бастап қолданылуын тоқтатады - ҚР 14.10.2014 N 240-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 113-баптан қараңыз).

      2010 жылғы 19 қарашада Санкт-Петербургте жасалған Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тергеулер мақсаттары үшін тергеу жүргізетін органға мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді беру тәртібі туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы
және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тексерістер
мақсаттары үшін тексеріс жүргізетін органға мәліметтерді,
оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді беру
тәртібі туралы хаттама

       Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,
      2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты және 2010 жылғы 16 сәуірдегі оған Хаттаманы, 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімді, Кеден одағының сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы шарттық-құқықтық базасын қалыптастыратын өзге де шарттар мен құжаттарды негізге ала отырып,
      үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тексерісті жүргізетін органды мемлекеттік биліктің (басқарудың) уәкілетті органдарынан, мемлекеттік  биліктің (басқарудың) аумақтық (жергілікті) органдарынан, Кеден одағына мүше мемлекеттердің басқа органдарынан алынған мәліметтермен, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтермен қамтамасыз ету мақсатында,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпинге қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тексерісті жүргізетін орган (бұдан әрі - тексеріс жүргізетін орган) тексерісті бастау және жүргізу, Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына өскен, демпингтік, субсидияланатын импорттың әсерін және Кеден одағына мүше мемлекеттердің тауар нарығындағы жағдайды объективті түрде талдау, сондай-ақ жүргізілген тексерістердің нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында кеден ісі, статистика, салық салу, заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы және басқа да салалардағы уәкілетті Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік (басқару) органдарына және аумақтық (жергілікті) мемлекеттік билік (басқару) органдарына, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктеріне (бұдан әрі - Кеден одағына мүше мемлекеттердің құзыретті органдары) немесе Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына тиісті сұраулар жібереді.

2-бап

      Кеден одағына мүше мемлекеттердің құзыретті органдары мен уәкілетті органдарына ақпарат ұсыну туралы сұраулар ақпаратты беру мақсатын, оның құқықтық негіздерін және мерзімін көрсете отырып, тексеріс жүргізетін органның бланкісінде жазбаша түрде ресімделеді және оған тексеріс жүргізетін органның басшысы (оның орынбасары) қол қояды.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің құзыретті органдары мен уәкілетті органдарына сұраулар пошта байланысы арқылы жіберіледі және  қажет болған жағдайда тексеріс жүргізетін органның серверінде тіркелген қызметтік электрондық пошта арқылы қайталанады. Сұраулар факсимильді байланыс арқылы берілген жағдайда құжаттың түпнұсқасы да пошта байланысымен жіберілуге тиіс.
      Тексеріс жүргізетін органның сұраулары бойынша мәліметтерді Кеден одағына мүше мемлекеттердің құзыретті органдары мен уәкілетті органдары өтеусіз негізде береді.

3-бап

       Кеден одағына мүше мемлекеттердің құзыретті органдары мен уәкілетті органдары өз құзыреті шеңберінде тексеріс жүргізетін сұратушы органға тексеріс мақсаттары үшін уақыт кезеңдері бойынша сұратылып отырған қажетті ақпаратты, мыналарды қоса алғанда:
      сыртқы сауда туралы статистикалық деректерді;
      тексеріс жүргізуге қажетті алдыңғы кезең ішіндегі сыртқы сауда туралы кедендік деректерді береді. Қажет болған жағдайда сыртқы сауда  туралы кедендік деректер кедендік декларациялар (бұдан әрі - КД) бойынша бөлініп ұсынылуға тиіс, онда тауар экспортының/импортының заттай және құндық көрсеткіштері, КД-дағы тауардың коммерциялық атауы, жеткізу шарттары, шығарылған елі (жөнелту елдері, межелі елдер) жөнелтушінің және алушының басқа да есептік деректемелерінің атаулары көрсетіледі;
      тексеріс объектісі болатын тауардың ішкі нарығы және Кеден одағына мүше мемлекеттер экономикасының тиісті саласы бойынша ақпаратты, оның ішінде тауар өндірісінің көлемдері, өндіріс қуаттарының жүктемесі, тауардың өткізілуі, тауардың өзіндік құны, Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық кәсіпорындарының пайдалары және шығындары, Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі нарығындағы тауардың бағалары, өндірістің рентабельділігі, қызметшілер саны, инвестициялар бойынша деректерді;
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің тексеріс объектісі болатын тауар нарығына тиісті тексерістің нәтижелері бойынша арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын ықтимал енгізу немесе енгізбеу салдарын бағалау туралы ақпарат, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық кәсіпорындарының өндірістік қызметінің болжамын ұсынады.
      Осы бапта келтірілген мәліметтер тізбесі толық болып табылмайды. Тексеріс жүргізетін орган қажет жағдайда тексеріс жүргізу  және оның нәтижелері туралы ұсыныстар әзірлеу мақсаттарын негізге ала отырып, осы бапта көрсетілмеген мәліметтерді сұратуға құқылы.
      Ақпарат ұсыну электрондық ақпарат жеткізгіштерде жүзеге асырылуға тиіс. Кесте түрінде ұсынылатын ақпаратты (статистикалық және кедендік ақпарат) беру кезінде тексеріс жүргізетін органның сұрауында көрсетілген формат қолданылады. Берілетін кестелердің құрылымы ақпарат алмасатын органдардың келісімі бойынша белгіленеді. Ақпаратты электрондық жеткізгіште беру мүмкіндігі болмаған жағдайда ақпарат қағаз жеткізгіште беріледі.
      Ақпараттың берілуі ақпарат алмасатын органдардың арасында келісілген берілу сәтінде қолжетімді және ақпараттың санкцияланбаған қолжетімділіктен қорғалуын және сақталуын қамтамасыз ететін құралдар арқылы жүзеге асырылады. Ақпаратты факсимильді байланыс арқылы жіберген жағдайда құжаттың түпнұсқасы да пошта байланысы арқылы жіберілуге тиіс.
      Осы Хаттаманың ережелерін іске асыру мәселелері жөнінде хат алысу және тексеріс жүргізетін органның сұраулары бойынша мәліметтер ұсыну орыс тілінде жүзеге асырылады. Шетелдік атаулары бар жекелеген деректемелер (көрсеткіштер) бойынша латынша әліпбидің әріптерін қолдана отырып ақпарат ұсынуға жол беріледі.

4-бап

       Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен мемлекеттік құпияны (мемлекеттік жасырымды) құрайтын мәліметтерді қоспағанда, қолжетімділігі шектелген ақпаратқа жатқызылған ақпарат (жасырын ақпарат), Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген оны қорғау туралы талаптар сақталып, тексеру жүргізетін органға ұсынылады.
      Бұл ақпаратты ұсынған Кеден одағына мүше мемлекеттің құзыретті органының жазбаша келісімінсіз тексеріс жүргізетін орган үшінші тарапқа осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген жасырын ақпаратты жария етпеуге және бермеуге міндетті.
      Жасырын ақпаратты пайдалану және жасырын ақпараты бар құжаттарды сақтаудың ішкі тәртібі тексеріс жүргізетін органның ішкі құжатымен айқындалады.
      Өтпелі кезең аяқталғанға дейін Еуразиялық экономикалық қауымдастығы Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының Жоғары органы) 2010 жылғы 21 мамырдағы № 37 шешіміне сәйкес жасырын ақпаратпен жұмыс және жасырын ақпараты бар құжаттарды сақтау қағидасы, сондай-ақ тергеу жүргізетін орган қызметкерлерінің құпия ақпаратты жария еткені үшін жауапты болуы Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.
      Өтпелі кезең аяқталғаннан кейін жасырын ақпаратпен жұмыс және жасырын ақпараты бар құжаттарды сақтау қағидасы, сондай-ақ орган қызметкерлерінің жасырын ақпаратты жария еткені үшін жауапты болуы жеке түрде айқындалады.

5-бап

      Кеден одағына мүше мемлекеттердің құзыретті органдары мыналарға:
      тексеріс жүргізетін органның сұрауын алған кезден бастап күнтізбелік 30 күн ішінде оған өз иелігіндегі мәліметтерді беруге немесе мұндай сұраулар бойынша мәліметтер берудің мүмкін еместігі туралы бас тарту себептерін көрсете отырып ескертуге міндетті. Тексеріс жүргізетін органның уәжді өтініші бойынша сұратылған мәліметтер неғұрлым қысқа мерзімде ұсынылуға тиіс;
      берілетін мәліметтердің толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз етуге және қажет болған жағдайда жедел түрде толықтырулар мен өзгерістерді ұсынуға міндетті.

6-бап

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар ең алдымен консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
      Егер дауды Тараптар консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы реттемесе, онда Тараптардың кез келгені бұл дауды қарау үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына береді.

7-бап

      Тараптардың уағдаласуы бойынша осы Хаттамаға жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

8-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады, ратификациялауға жатады және депозитарий дипломатиялық арналар арқылы осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Кеден одағына мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.

      2010 жылғы 19 қарашада Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарийі болып табылатын, оның куәландырылған көшірмесін әрбір Тарапқа жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.

      Беларусь               Қазақстан            Ресей                  Республикасының        Республикасының      Федерациясының              Үкіметі үшін             Үкіметі үшін       Үкіметі үшін

      Осы мәтін Санкт-Петербург қаласында 2010 жылғы 19 қарашада қол қойылған Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тексерістер мақсаттары үшін тексеру жүргізетін органға мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді беру тәртібі туралы хаттаманың толық және түпнұсқалық көшірмесі сай келетінін растаймын:
      Беларусь Республикасының Үкіметі үшін - Беларусь Республикасының Премьер-Министрі С.С.Сидорский;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімов;
      Ресей Федерациясының Үкіметі үшін - Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы В.В.Путин.
      Осы түпнұсқа Кеден одағының комиссиясында сақталады.

Барлығы тігілгені, қол қойылғаны
және мөр соғылғаны 6 парақ.    

      Кеден одағының комиссиясы
      хатшылығының Құқық
      департаменті директоры                     Н.Б.Слюсарь

      2010 жылғы 19 қарашадағы Санкт-Петербург қаласында қол қойылған Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тексерістер мақсаттары үшін тексеру жүргізетін органға мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді беру тәртібі туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқықтық департаментінің
      Басқарма бастығы                           Б. Пискорский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады