Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 512-IV Заңы

      2011 жылғы 29 тамызда Киевте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер
Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің
арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және
Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық
өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

(2011 жылғы 26 желтоқсанда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинеті,
      2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 7-бабын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 2-бабының 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан тарапы Украина тарапына өзінің дипломатиялық өкілдігін орналастыру үшін Астана қаласындағы Арғанаты көшесі, 20 мекен жайы бойынша орналасқан, алаңы 0,9187 га. жер учаскесін жылына 1 теңге жалгерлік ақыға 49 жылға өзаралық шарттарымен жалға береді.».

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Хаттама өз қолданысын Келісімнің қолданысы тоқтатылған кезде бір мезгілде тоқтатады.

      2011 жылғы 29 тамызда Киев қаласында әрқайсысы қазақ, украин және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының       Украинаның Министрлер
           Үкіметі үшін                   Кабинеті үшін

      2011 жылғы 29 тамызда Киев қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқық департаментінің
      Кеңесшісі                                  Б. Мәшіков

      РҚАО-ның ескертпесі. Бұдан әрі Хаттама украин тілінде берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады