"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 - 2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 наурыздағы № 5-V Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      1-бап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 – 2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2011 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 19, 146-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
      2012 жыл – 1 380 000 000 мың теңге;
      2013 жыл – 1 380 000 000 мың теңге;
      2014 жыл – 1 200 000 000 мың теңге.».
      2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады