Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға Испания Корольдігінің қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 11-V Заңы

      2009 жылы 2 шілдеде Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға Испания Корольдігінің қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерлерге Испания Корольдігінің қатысуына байланысты әскери мүлікті және персоналды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуді қамтамасыз ету бойынша өзара түсіністік туралы келісім

(2012 жылғы 31 мамырда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2012 ж., N 4, 62-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі,
      Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 1368 (2001), 1373 (2001), 1386 (2001), 1444 (2002), 1510 (2003), 1536 (2004), 1589 (2005), 1623 (2005), 1659 (2006), 1707 (2006), 1776 (2007) және 1833 (2008) қарарлары қағидаларын назарға ала отырып,
      Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерлерге жәрдем ету мақсатында,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      1. Осы Келісім Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерлерге қатыстырылған Испания Корольдігінің әуе кемелерімен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлікті және персоналды транзиттеуді жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
      2. Испания Корольдігінің әуе кемелері апат жағдайындағы қонуды қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағына жанармай құю үшін, экипаждардың демалысы және басқа да мақсаттармен техникалық қону жасай алмайды.

2-бап

      Осы Келісімде келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      «транзит» - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақ тарапынан берілетін бағыттар бойынша әскери мүлік және персоналды Испания Корольдігі әуе кемелерінің тасымалданатын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қонбай ұшып өтуі;
      «әуе кемесі» - 16-қосымшасының І-томы 2-тарауының қолданысына жататын 1944 жылғы 7 желтоқсандағы Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияны қоса алғандағы Испания Корольдігінің әуе кемесі;
      «әскери мүлік» - 1990 жылғы 19 қарашадағы Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы Шартымен бекітілген шек қою тәртібімен Испания Корольдігінің жауапкершілігіндегі Қауіпсіздік жәрдемі жөніндегі халықаралық күштердің (ҚЖХК) бітімгершілік операциялар шеңберінде анықталған қару түрлері кешендері және оны соғыста қолдануды қамтамасыз ету құралдары, соның ішінде жеткізу құралдары, бағыттау жүйесі, жіберу, басқару, қарулы күштерді жарақтандыруға арналған оқ-дәрі және олардың құрауыш бөліктері, запас бөлшектер, аспаптар және аспаптарды құрайтын бұйымдар, қарулы күштер жеке құрамының тіршілігін қамтамасыз ету жүйесі, жаппай қырып жоятын қарудан ұжымдық және жекелей қорғану құралдары, жаппай қырып жоятын қаруды пайдалану зардаптарына қолданатын профилактикалық және емделу құралдары, арнайы тылдық құрал-жабдық, әскери киім формасы және оған арналған ерекшелік белгілері мен атрибуттар;
      «персонал» - Испания Корольдігінің әскери және азаматтық қызметкерлері.

3-бап

      1. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әуе кемелерін
транзиттеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін
арнайы рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Тарапы осы Келісімнің 1-бабында айтылған мақсат бойынша транзиттік ұшуларға жыл сайын жаңартылып отыратын бірегей жылдық арнайы рұқсат нөмірін белгілейді.
      3. Арнайы рұқсатты алу үшін Испан Тарапы дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан Тарапына жеті жұмыс күні алдын тиісті өтініш жібереді.
      4. Егер осы Келісімнің қолданысы тоқтатылған жағдайда арнайы рұқсат өздігінен жойылады.
      5. Испан Тарапы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін Қазақстан Тарапы ұсынған бағыт бойынша (осы Келісімге қосымша) пайдалану туралы хабарламаны әуе кемелерінің жоспарланған ұшу мерзімінен кем деген де 24 сағат бұрын Қазақстан Республикасының әуе қозғалысын жоспарлау жөніндегі Бас Орталығына (AFTN-UAAKZDZK) ұшу жоспарын жіберу арқылы келесі ұшу мәліметтерді:
      - арнайы рұқсаттың жылдық нөмірін;
      - әуе кемесінің түрін, тіркелу нөмірі мен радио шақыруын;
      - әуе кемесінің ұшып шығу және қону жерлерін;
      - тасымалдау туралы жалпы мәліметін (адамдар, жүк, қауіпті жүк);
      - ұшу бағытындағы әуе желісін, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне/нен кіру/шығу нүктесін міндетті түрде көрсету арқылы оның күнін, толық бағытын және қозғалыс кестесін көрсетуі тиіс.
      6. Азаматтық авиация үшін қолданыстағы халықаралық ұшу ережелеріне сәйкес әуе кемелерінің ұшуы Қазақстан Республикасының әуе желілері арқылы жүзеге асырылады. Ұшу кезінде әуе кемелері 0,9М аспайтын жылдамдықты ұстанады. Әуе кемелердің топтасып ұшуына тыйым салынады.
      7. Қазақстан Тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аэронавигациялық алымды төлету арқылы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетеді.
      8. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы ұшатын әуе кемелері:
      а) аэронавигациялық қызмет көрсету қызметімен екі жақты радио байланысты ұстап отыруды, қамтамасыз етуіне радио байланыс аппаратурасымен;
      б) Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) белгілеген тәртіп бойынша тиісті режимде істеп тұрған қабылдау және жауап беру радиолокациясымен (транспондер) жабдықталуы тиіс.
      9. ИКАО радиобайланыс фразеологиясының бекітілген ережелері бойынша әуе кемелерінің экипаждары диспетчерлермен келіссөздері ағылшын тілінде жүргізіледі.

4-бап

      1. Әуе кемесінің бортында болу персоналдың өмірі немесе денсаулығына қауіп туғызатын жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында апат жағдайындағы қону кезінде әуе кемесіндегі қызметкерлер Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз әуе кемесінің апат жағдайындағы қонған орнын тастай алмайды.
      2. Қазақстан Республикасының аумағына апат жағдайында қонған кезде персонал Қазақстан Республикасының заңнамасын, соның ішінде кедендік және басқа да ережелерді сақтауға міндетті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі істеріне араласпауы керек.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында болу кезеңінде персонал Қазақстан Республикасының сот қарауына жатады.
      4. Испания Корольдігінің әскерилері Қазақстан Республикасының аумағында болған уақытында Испания Корольдігінің әскери формасын киіп жүре алады.
      5. Қазақстан Республикасының аумағына апат жағдайында қонған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Келісімге сәйкес әскери мүлік және персонал шекаралық және кедендік тексерістерден өтуі, ал қажет болған жағдайда қазақстандық құзыретті органдардың шешімі бойынша басқа да тексеру мен ресімдеу болуы мүмкін.
      6. Әскери мүлік және персонал шекаралық және кедендік тексерістерден өткізу кезінде, сондай ақ шекаралық және кедендік тексеріс үшін қажетті қосымша құжаттар мен мағлұматтарды талап ету тек Қазақстан Республикасының шекаралық және кедендік органдардың көрсетілген мүлікті транзиттік тасымалдауға рұқсат берілмеген мүлік деп есептеуге негізі болған жағдайда ғана жүргізіледі.
      7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы әскери мүлік және персоналды транзиттеу кедендік бажды, кедендік ресімдеу үшін кедендік алымды және салықты төлеусіз жүзеге асырылады.

5-бап

      1. Қасақана әрекеттер немесе апат жағдайында қонудың нәтижесі болып табылатын өлімге, денені жарақаттауға немесе материалдық зиянға байланысты шығындарды қоспағанда, Тараптар осы Келісімді орындауды жүзеге асырудағы қызметке бір-бірімен дауласпайды және бір-біріне азаматтық сот ісін қозғамайды.
      2. Испан Тарапы әуе кемесінің Қазақстан Республикасының аумағына апат жағдайында қонуына Қазақстан Тарапына және қазақстандық заңды тұлғаларға байланысты нақты жасалған әрекет үшін келтірілген зиянды өтейді.
      3. Транзитті жүзеге асыру кезінде Испан Тарапының кесірінен басқа да үшінші тұлғаларға зиян келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Испан Тарапы өтеу жөнінде міндеттер қабылдайды.

6-бап

      Транзитке қатысты бір Тарап алған ақпарат үшінші Тарапқа осы ақпаратты берген Тараптың жазбаша түрдегі келісімінсіз берілуі мүмкін емес.

7-бап

      Осы Келісімнің ережелерін қолдануға және түсіндіруге байланысты туындайтын даулар мен келіспеушіліктер консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.

8-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламасы дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісімнің қолданысы ҚЖХК миссиясының аяқталуы бойынша немесе дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың бірі екіншісіне оның қолданысын тоқтау туралы өз ниетін хабарлаған күнінен алты ай өткен соң бітеді.

      2009 жылғы 2 шілдеде Астана қаласында әрқайсысы қазақ, испан және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ       ИСПАНИЯ КОРОЛЬДІГІНІҢ
            ҮКІМЕТІ ҮШІН                   ҮКІМЕТІ ҮШІН

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі
арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына
келтіру жөніндегі күш-жігерлерге қатысатын Испан Корольдігінің әскери
мүлігін және қызметкерлерін Қазақстан Республикасының аймағы арқылы
транзиттік ұшуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара түсіністік
туралы келісімге Қосымша

Екі бағытта ұсынылған маршруттар

      Ресейден:

      1. ОВАТА - G487-ATR - A356 - NT - A355 - RODAM

      Әзірбайжаннан:

      2. BALUN - G155 - ABDUN - А356 - NT - А355 - RODAM

      Өзбекстаннан:

      1. BORIS - А480 - GENDI - А352 - ARBOL - В142 - NT - A355 RODAM
      2. ABEKA - A117 - DODUR - A121 - SMK - B114 - NT - A355 RODAM

      Осымен, 2009 жылы 2 шілдеде Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерлерге Испания Корольдігінің қатысуына байланысты әскери мүлікті және персоналды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуді қамтамасыз ету бойынша өзара түсіністік туралы келісімнің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                           Б. Пискорский

      РҚАО-ның ескертпесі. Бұдан әрі Келісімнің мәтіні испан тілінде берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады