Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы өзара қаржылық мәселелерді реттеу және әскери білім беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 11 маусымдағы № 18-V Заңы

      2005 жылғы 25 қарашада Мәскеуде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Өзара қаржылық мәселелерді реттеу және әскери білім беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы Өзара қаржылық мәселелерді реттеу және
әскери білім беру мен сынақ полигондарын пайдалану
саласындағы есеп айырысу шарттары туралы
КЕЛІСІМ

(2012 жылғы 3 тамызда күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары
бюллетені, 2012 ж., N 5, 68-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы Әскери ынтымақтастық туралы шартты басшылыққа ала отырып,
      қатысушылары бір мезгілде Тараптар болып табылатын әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық шарттарға сәйкес өзара қаржылық міндеттемелерді реттеудің қажеттілігін тани отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар:
      Ресей Тарапынан - 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сары-Шаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру шарттары және Приозерск қаласының тіршілік әрекетін қамтамасыз ету туралы келісімге сәйкес Приозерск қаласының инфрақұрылымын ұстауға және тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты Ресей Тарапының шығыстарын ескере отырып, 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа, 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын жалдау туралы шартқа, 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектілері мен жауынгерлік алаңдарын жалдау туралы шартқа, 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 4 Мемлекеттік орталық полигонының объектілері мен жауынгерлік алаңдарын жалдау туралы шартқа сәйкес осы шарттардың 4-бабына сәйкес жалға алынған мүлік пен жер учаскелері бөлігін жалдаудан шығаруды ескере отырып, 1999 жыл мен 2004 жыл аралығындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан сынақ полигондарын пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бойынша берешекті;
      Қазақстан тарапынан - 1998 жылғы 6 наурыздағы Әскери кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге, оқыту үшін келісім-шарттарда белгіленген өтеу ставкаларына және 2005 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерін Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарында оқыту және ұстау үшін өзара есеп айырысуларды салыстыру актісіне сәйкес 1996 жыл мен 2004 жыл аралығындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі арасындағы келісім-шарттар мен шарттардың негізінде Ресей Федерациясында қазақстандық әскери қызметшілерді оқыту жөніндегі берешекті қамтитын өзара қаржылық міндеттемелердің болуын таниды.

2-бап

      Тараптар осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген өзара қаржылық міндеттемелерді бір жолғы өтеуді 135,73 млн. АҚШ доллары сомасына жүргізеді.
      Қазақстан Тарапы бұдан әрі 1999 жылдан бастап 2004 жылды қоса алғанда Сарышаған, Ембі сынақ полигондарын, Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының және Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 4 Мемлекеттік орталық полигонының объектілері мен жауынгерлік алаңдарын пайдаланумен байланысты Ресей Тарапына кінәраттар қоймайды.
      Ресей Тарапы бұдан әрі Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерін оқыту және ұстау үшін өзара есеп айырысуларды салыстырудың 2005 жылғы 30 наурыздағы кесіміне сәйкес 1996 жыл мен 2004 жыл аралығындағы Ресей Федерациясында қазақстандық әскери қызметшілерді оқыту жөніндегі шығындармен байланысты Қазақстан Тарапына кінәраттар қоймайды.

3-бап

      2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей Тарапы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан сынақ полигондарын пайдаланғаны үшін жыл сайынғы жалдау ақысы АҚШ долларымен жүзеге асырылатын болады.
      Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери-оқу орындарында қазақстандық әскери қызметшілерді дайындау жөніндегі қызметтерге ақы төлеуді Қазақстан Тарапы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап АҚШ долларымен жүзеге асырады.
      Тараптар осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген сынақ полигондарын жалдау туралы шарттарға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

4-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындауы туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
      2005 жылы 25 қарашада Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ
      ҮКІМЕТІ ҮШІН ҮКІМЕТІ ҮШІН

      Осымен 2005 жылғы 25 қарашада Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Өзара қаржылық мәселелерді реттеу және әскери білім беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын Қазақстан Республикасы СІМ-нің 2007 жылғы 21 ақпандағы № 15-1-1/529 және РФ СІМ-нің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 6109н/3дснг ноталарының куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық-құқық
      департаментінің
      Басқарма бастығы Б.Пискорский

      Осы арқылы бұл аударманың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2007 жылғы 21 ақпандағы № 15-1-1/529 және Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 6109н/3дсмг ноталарының мәтіндеріне сәйкес келетіндігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Кадр жұмысын үйлестіру және
      бақылау департаментінің
      Басқарма бастығы Б.Ахметжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады