2010 жылғы 18 маусымда Кабулда жасалған 2009 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. НАЗАРБАЕВ
2009 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Білім беру
саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу
туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі,
2009 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 19-бабын басшылыққа ала отырып,
Тараптар мемлекеттерінің арасындағы білім беру саласындағы алмасуды одан әрі кеңейту мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімнің 5-бабының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтарын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқыту мынадай салалардағы мамандықтар бойынша жүзеге асырылады: денсаулық сақтау - 200 адам (жоғары арнайы (жалпы медицина) - 194, фармация бакалавриаты - 6); ауыл шаруашылығы - 129 (бакалавриат - 117, магистратура - 12), ветеринария - 6 (магистратура - 6); ішкі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету - 75 (бакалавриат - 75); гуманитарлық сала және журналистика - 40 (бакалавриат - 16, магистратура - 24), жаратылыстану ғылымдары — 6 (магистратура - 6), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес - 18 (магистратура - 18); өнер - 18 (магистратура - 18); құқық - 6 (магистратура - 6); мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз ету - 45 (бакалавриат — 45); инженерлік - 91 (бакалавриат - 40, магистратура - 51) және педагогикалық бағыттар - 66 (бакалавриат - 30, магистратура - 36)».
2-бап
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде немесе қолдануда даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар мен келіссөздер жолымен шешеді.
3-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
2010 жылғы 18 маусым Кабул қаласында әрқайсысы қазақ, дари және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Түсіндіруде алшақтықтар туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
2010 жылғы 18 маусымда Кабул қаласында жасалған 2009 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың ажырамас бөліктері болып табылатын Қазақстан Республикасы СІМ-нің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 11-2/3279 және Қазақстан Республикасындағы Ауғанстан Ислам Республикасы Елшілігінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 218 ноталарының куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық құқық департаментінің
Басқарма бастығы Д.Есентаев