РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 718-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.";
2) 739-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Банкпен банк шоты шартын және (немесе) банк салымы шартын жасасқан кезде банк шоттары ашылады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Банк клиенттiң өз ақшасына кедергiсiз билік ету құқығына кепiлдiк бере отырып, банк шотындағы ақшаны пайдалана алады.".
2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат):
1) 30-баптың 1-4-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1-4. Мамандандырылған қаржылық сот өңірлік қаржы орталығы қатысушысының мүліктік немесе мүліктік емес даулары бойынша азаматтық істерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы азаматтық істерді қарайды.";
2) 158-бап мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі дауға салынатын құқықтық актісінің, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдануға жол берілмейді.";
3) 159-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының дауға салынатын құқықтық актісінің (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актісін, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларын қоспағанда) қолданылуын тоқтата тұру;";
4) 312-2-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 312-3-бап "оны қабылдаған күннен" деген сөздер "ол соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 312-4-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін мамандандырылған қаржылық сот қаржы ұйымына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және атқарушылық іс жүргізетін аумақтық органдарға жібереді.";
7) 312-6-бапта:
бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Соттың қаржы ұйымын қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтінішімен:";
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтінішін сот оны іс жүргізуіне қабылдаған күннен бастап бес күн ішінде қарайды.".
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
168-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"168-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес талап етілетін құжаттарды ұсынбай валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және аударымдарын жүргізу";
168-4-баптың тақырыбындағы "168-4-бап. Әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормаларды асырып жіберу" деген сөздер "168-8-бап. Әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормаларды асырып жіберу" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 168-6 және 168-7-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
"168-6-бап. Валюталық бақылау агенттерінің есеп беру тәртібін және мерзімдерін бұзуы
168-7-бап. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру мақсаттары үшін есеп беру тәртібін және мерзімдерін бұзуы";
169, 171, 172-2, 175-1, 175-2, 179-3, 180, 187, 191 және 193-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"169-бап. Клиенттерге банк қызметін көрсетуге байланысты талаптарды бұзу";
"171-бап. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпаратты (мәліметтерді) беру жөніндегі талаптарды бұзу";
"172-2-бап. Қаржы нарығы субъектілерінің өздері қабылдаған және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы";
"175-1-бап. Қаржы ұйымдарының, банк және сақтандыру холдингтерінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерлерін келісудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерін бұзу
"175-2-бап. Қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органды уақтылы хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау";
"179-3-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық нормативтерді және (немесе) өзге де сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді орындамауы";
"180-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес талап етілетін валюталық операциялар бойынша есептемені, ақпаратты және құжаттарды беру тәртібін бұзу";
"187-бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау";
"191-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсіне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуге арналған құжаттарды ұсыну мерзiмiн бұзу";
"193-бап. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға есептілікті, ақпаратты, мәліметтерді беру жөніндегі талаптарды бұзуы";
197-баптың тақырыбы алып тасталсын;
197-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"197-1-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының олардың қызметiне қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзуы";
198-баптың тақырыбы алып тасталсын;
201-1 және 587-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"201-1-бап. "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу";
"587-бап. Заңды тұлғаның өкілдері";
2) 16-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу процесiнде адамның не оның өкiлiнiң еркiне қарсы жеке басқа қол сұғылмаушылықты бұзатын iс-әрекеттер жасау тек осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайларда және тәртiппен ғана мүмкiн болады.";
3) 48-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әкiмшiлiк айыппұл (бұдан әрi – айыппұл) – осы бөлiмнiң ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн салынатын, әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңға сәйкес белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшеріне сай келетiн көлемде ақша өндіріп алу.
Осы бөлiмнiң ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда айыппұл мөлшері:
қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының;
орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесі сомасының;
аударылмаған (уақтылы аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының;
заңсыз кәсіпкерлік нәтижесінде алынған акцизделетін тауарлар құны сомасының;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есепке алынбаған не тиісті түрде есепке алынбаған соманың;
Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасын бұза отырып жасалған (жүргізілген) мәміле (операция) сомасының;
монополистiк қызметтi жүзеге асыру немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу нәтижесiнде алынған табыс (түсiм) сомасының;
құқық бұзушылық жасалған, бірақ бір жылдан аспайтын кезең үшін бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының;
есепке жатқызылмаған ұлттық және шетел валютасы сомасының пайызымен көрсетіледі.
Егер осы бөлiмнiң ерекше бөлімінің көзделген баптарында айыппұл мөлшері Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасының нормаларын бұза отырып жүргізілген операция сомасының пайызымен көрсетілсе және мұндай операция шетел валютасымен жүргізілсе, айыппұл сомасын теңгемен қайта есептеу әкімшілік жаза қолданылған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша жүзеге асырылады.";
4) 61-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын болғызбауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы;";
5) 69-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, сондай-ақ қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғылатын бюджеттік қатынастар, заңсыз нормативтік құқықтық актіні басып шығару мен қолдану саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бұзғаны үшін адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткен соң әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жатпайды.
Қаржы саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жылдан кешіктірілмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жатады, бірақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткен соң әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.";
6) 88-бап мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
"7. Жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген оның мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі –
лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
7) 158-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
8) 158-1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
9) 158-2, 168 және 168-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"158-2-бап. Зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтау міндетін бұзу
Зейнетақы жинақтарының құпиясы бар мәліметтерді сақтау міндетін кәсіптік немесе қызметтік әрекетіне байланысты адамның өзіне мәлім болған осы мәліметтерді олардың иесінің келісімінсіз бұзуы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
"168-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес талап етілетін құжаттарды ұсынбай валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және аударымдарын жүргізу
1. Уәкілетті банктердің Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес талап етілетін құжаттарды ұсынбай валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және аударымдарын жүргізуі –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
"168-2-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарын бұзу
1. Банктердiң, банктердiң ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға есептемені, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты уақтылы бермеуі немесе Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес берілу талап етілетін есептемені, мәліметтері жоқ ақпаратты беруі не анық емес есептілікті немесе мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты беруі –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) –
жеке тұлғаларға – жүз, лауазымды адамдарға – екі жүз, заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы –
заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Банктердiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы –
заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Банктердiң, банк холдингтерінің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тыйым салынған не Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұза отырып, сол сияқты олардың құқық қабiлеттiлiгi шегiнен тыс операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруы –
лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға мәмiле сомасының оннан бiр пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден кем емес және бір мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға мәмiле сомасының бiр пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің төрт жүзден кем емес және екі мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың ондағы көрсеткiштердiң не Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалған пруденциялық нормативтердiң және (немесе) сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң орындалуы туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есептілікті жасауы –
лауазымды адамдарға – жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
лауазымды адамдарға – екі жүз, заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң банк шоттарын ашу және жабу тәртiбiн бұзуы, –
лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк) –
лауазымды адамдарға – алпыс, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттермен жасалатын шарттарда анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесін көрсету жөніндегі, сондай-ақ қаржылық қызметтер көрсету бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезіндегі міндеттерін орындамауы –
лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Банктің бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнге шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
10) 168-4-баптың тақырыбындағы "168-4-бап. Әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормаларды асырып жіберу" деген сөздер "168-8-бап. Әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормаларды асырып жіберу" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) мынадай мазмұндағы 168-6 және 168-7-баптармен толықтырылсын:
"168-6-бап. Валюталық бақылау агенттерінің есептемені беру тәртібін және мерзімдерін бұзуы
1. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің операциялары бойынша есептемені уақтылы бермеуі –
заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің операциялары бойынша анық емес есептеме беруі –
заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің операциялары бойынша есептеме бермеуі –
орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
168-7-бап. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздерінің,
сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын
пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру
мақсаттары үшін есептеме беру тәртібін және
мерзімдерін бұзуы
1. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру мақсаттары үшін есептемені уақтылы бермеуі –
заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру мақсаттары үшін анық емес есептеме беруі –
заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру мақсаттары үшін есептемені бермеуі –
заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
12) 169, 171, 172-1, 172-2 және 173-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"169-бап. Клиенттерге банк қызметін көрсетуге байланысты талаптарды бұзу
1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уақтылы акцепт жүргізбеуі немесе акцептеуден бас тартуы, ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқауларды "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерді бұза отырып уақтылы орындамауы –
заңды тұлғаларға ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың нұсқауда қойылғаннан ерекшеленетін бенефициардың пайдасына немесе нұсқауда қойылғаннан ерекшеленетін сомаға жасалған ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқауды орындауы –
заңды тұлғаларға ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқаулар сомасының бес пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердің төлем құжаттарын жоғалтуы -
заңды тұлғаларға әрбір төлем құжаты үшін жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:
жөнелтуші ақша аударымын жүзеге асыру үшін қажетті ақша сомасын қамтамасыз еткен кезде;
егер төлем құжатында қолдан жасау белгілері болмаса;
егер жөнелтуші ақша аударымы туралы нұсқауды жасау және ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) шарттың талаптарында белгіленген өзге де талаптарды сақтаса;
егер нұсқауды акцептеуден бас тарту "Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларға қатысты болмаса, ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқауды акцептеуден негізсіз бас тартуы –
заңды тұлғаларға ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқау сомасының бес пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттің банк шотынан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген ақша алу кезектілігін бұзуы –
заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқауларды не қолма-қол ақша алу жөніндегі талаптарды орындамау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, иеленушінің банк шотына ақша аудармау –
заңды тұлғаларға ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Осы баптың талаптары жауаптылығы осы Кодекстің 88-бабының бесінші бөлігінде, 88-1-бабының үшінші бөлігінде, 216 және 217-баптарында көзделген іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.";
"171-бап. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат (мәліметтер) беру жөніндегі талаптарды бұзу
Банк, жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және олардың үлестес тұлғаларының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым ірі қатысушысының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғалардың есептемені, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты уақтылы бермеуі немесе олардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін есептемені, мәліметтері жоқ ақпаратты беруі не олардың анық емес есептемені немесе мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты беруі –
жеке тұлғаларға – жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
"172-1-бап. Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын таратуға байланысты талаптарды бұзу
1. Банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқаманы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындамауы –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тарату комиссиясы төрағасының не бөлімшесі басшысының тарату комиссиясының қызметіне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тексеру жүргізуінен жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тарату комиссиясы төрағасының, бөлімшесі басшысының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға анық емес есептемені және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп) беруі, есептемені және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген қосымша ақпаратты уақтылы бермеуі, бермеуі –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
172-2-бап. Қаржы нарығы субъектілерінің өздері қабылдаған және
(немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолдану
арқылы өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы
1. Банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы –
орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, жинақтаушы зейнетақы қорының, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, арнайы қаржы компаниясының, исламдық арнайы қаржы компаниясының, инвестициялық қордың өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы –
орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – жетпіс, заңды тұлғаларға төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – жүз, лауазымды адамдарға – жүз қырық, заңды тұлғаларға тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру тобына кіретін заңды тұлғалардың, актуарийдің өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – жүз, заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым ірі қатысушыларының, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – жүз, заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
173-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және
сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген
талаптарды бұзу
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысушыларының (құрылтайшыларының) және үлестес тұлғаларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің) белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға есептемені, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты уақтылы бермеуі, бермеуі не Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін мәліметтері жоқ есептемені, ақпаратты беруі не анық емес есептемені немесе мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты беруі –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өзара сақтандыру қоғамының өсімдік саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органға "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептемені не уәкілетті орган сұратқан өзге де ақпаратты уақтылы бермеуі, бермеуі не анық емес есептемені беруі –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрлескен қызмет туралы шартты тіркеу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға оны бермеуі не уақтылы бермеуі –
төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының бас ұйымының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы –
бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру агентiнiң мәмiлелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы –
мәмiле сомасының оннан бiр пайызы не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің елуден кем емес және екі мыңнан аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Өзара сақтандыру қоғамының мәмілелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы –
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Актуарийдiң өз қызметiн Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Сақтандыру ұйымының сақтанушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің тұрақты жұмыс істейтін органының, оқшауландырылған бөлімшесінің орналасқан жерінің өзгергені немесе атауының өзгергені туралы уақтылы хабардар етпеуі –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгіленген сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын тиісінше құжаттандыру, оған арналған құжаттарды сақтау, лицензиялардың көшірмелерін орналастыру жөніндегі талаптарды бұзуы, сондай-ақ сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің және сақтандыру агентінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сақтандыру құжаттамасы бланкілерін есепке алу және сақтау, қолма-қол ақшамен жұмыс істеу қағидаларын бұзуы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнiң жарияланған күнге шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауы немесе жариялауы –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есептіліктегі көрсеткiштердiң не пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi сақтау туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есептілікті жасауы –
лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Сақтандыру брокерiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлетсiздiгiнiң өзiне белгiлi болған фактiлерi туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға хабарламауы –
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Актуарийдiң өзi анықтаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi заңнамасының талаптарын сақтамау фактiлерi туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға хабарламауы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына мiндеттi немесе төтенше жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық көлемде төлемеу –
лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы есептілігін және өзге де мәлiметтердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мiндеттiлiгi туралы талаптарды бұзуы –
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
13) 174-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"заңды тұлғаларға әрбір жоғалған құжат үшін елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
14) 175-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндетті сақтандыру шартын:
сақтандыру сомаларының мөлшерлерін Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарында айқындалғаннан өзге мөлшерде белгілеуден;
сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлерін Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарында айқындалғаннан өзге мөлшерде белгілеуден, сол сияқты сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезінде коэффициенттерді дұрыс емес (негізсіз) қолданудан;
сақтандыруға жатпайтын объектілерді міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандырудан көрiнетін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін талаптармен жасасуы –
лауазымды адамдарға – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға мәміле сомасының оннан бір пайызы не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз пайызы не операциялар бойынша алынған сақтандыру сыйлықақылары сомасының жүз пайызы мөлшерiнде, бірақ айлық есептiк көрсеткiштің екі жүзден кем емес және екі мыңнан аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
15) 175-1 және 175-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"175-1-бап. Қаржы ұйымдарының, банк және сақтандыру холдингтерінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерлерiн келісудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзімдерін бұзу
1. Қаржы ұйымының, банк және сақтандыру холдингінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерiн келісудің мерзімдерін қаржы ұйымының, банктің және сақтандыру холдингінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының бұзуы –
заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
175-2-бап. Қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң
ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы
қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен
қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органды уақтылы
хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының
филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау
Қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органды уақтылы хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметi, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтамау –
лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
16) 179-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"3. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың және Қазақстанның Даму Банкінің операцияларды бухгалтерлік есепте олардың нәтижелерін тиісті түрде көрсетпестен жүргізуі –
заңды тұлғаларға есепке алынбаған соманың жиырма пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің жүзден кем емес және төрт мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың және Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық есептілікті бұрмалауға әкеп соққан, бухгалтерлiк есепті Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарды және бухгалтерлік есеп әдістерін (қағидаттарын) бұза отырып жүргізуі –
заңды тұлғаларға тиісінше есепке алынбаған соманың бес пайызына дейінгі, бірақ айлық есептік көрсеткіштің жүзден кем емес және төрт мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
17) 179-3 және 180-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"179-3-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық нормативтердi және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi орындамауы
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың есептіліктегі көрсеткіштерді не пруденциялық нормативтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында айқындалған өзге де сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді орындау туралы мәліметтерді бұрмалауға әкеп соққан есептілікті жасауы –
лауазымды адамдарға – жүз, заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп) орындамауы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
180-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес
талап етілетін валюталық операциялар бойынша
есептемені, ақпаратты және құжаттарды беру тәртібін
бұзу
1. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша анық емес есептемені беру –
жеке, заңды тұлғаларға және Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
жеке тұлғаларға – бес, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – он, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша есептілікті уақтылы ұсынбау –
жеке және заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
жеке тұлғаларға – бес, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – он, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Ресімделген тіркеу куәліктері, хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша есептілікті ұсынбау –
жеке тұлғаларға – қырық, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау мерзіміне және шарттарына әсер ететін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпаратты және құжаттарды уақтылы бермеу –
дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау мерзіміне және шарттарына әсер ететін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпаратты және құжаттарды бермеу –
дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
18) 184-1-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Аудит жүргізілуі міндетті қаржы ұйымдарына аудит жүргізу нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамасын бұзушылықтар туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға хабарламау және аудиттелетін осы ұйымдарды хабардар етпеу –
аудиторлық ұйымдарға жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның белгiленген мерзiмде аудиторлық есептi ұсыну туралы жазбаша нұсқамасын аудиторлық ұйымдардың орындамауы не аудиторлық ұйымдардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органға аудиторлық есептi бермеуі –
аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымдарға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
19) 187 және 191-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"187-бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау
Уәкiлеттi банктердегi банк шоттарына:
тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) экспортынан түсетін ұлттық және шетел валютасындағы түсiмдердi;
резиденттiң тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) импорты үшін резидент еместiң пайдасына аударған ұлттық және шетел валютасын, резидент еместiң тауарларды жеткізу (жұмыстарды жүзеге асыру, қызметтер көрсету) бойынша мiндеттемелердi орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға жататын ұлттық және шетел валютасын есепке жатқызбау түрiнде жасалған ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау –
дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға есепке жатқызылмаған ұлттық және шетел валютасы сомасының жиырма пайызы, бірақ екі мың айлық есептiк көрсеткіштен аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Осы бапта көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі аяқталғаннан кейін есепке жатқызылмаған ұлттық және шетел валютасының сомасы елу мың АҚШ долларына балама сомадан асып кеткен және егер осы іс-әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстың жазаланатын әрекет белгілері болмаған жағдайларда туындайды.";
"191-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуге арналған құжаттарды беру мерзiмiн бұзу
Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуге арналған құжаттарды беру мерзiмiн бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы –
эмитентке елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
20) 192-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жарнама берушiге жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
21) 193 және 194-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"193-бап. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға есептемені, ақпаратты, мәліметтерді беру жөніндегі талаптарды бұзуы
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға есептемені, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты уақтылы бермеуі немесе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін мәліметтері жоқ есептемені, ақпаратты беруі не анық емес есептемені немесе мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы субъектiлерінің қызметіне тексеру жүргізу барысында, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың және (немесе) өтеудің қорытындылары туралы есепті бекіту, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін ақпаратты беруі –
лауазымды адамдарға – жүз, заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бағалы қағаздар нарығы субъектiсiнiң қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға бағалы қағаздармен операциялар туралы көрiнеу жалған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ мәлiметтердi ұсынуы –
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
"194-1-бап. Акцияларды сатып алу тәртiбiн бұзу
Акцияларды сатып алудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн бұзу, оның iшiнде акцияларды сатып алу кезiндегi олардың құнын айқындаудың қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бекiткен әдiстемесi болмаған кезде акционерлiк қоғамның орналастырылған акцияларын осы қоғамның сатып алуы –
лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
22) 195-1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға – үш жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
23) 197-бап алып тасталсын;
24) 197-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"197-1-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының олардың қызметiне қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзуы
Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының олардың қызметiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп) бұзуы –
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
25) 198-бап алып тасталсын;
26) 200-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
27) 201-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"лауазымды адамдарға - екi жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
28) 201-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"201-1-бап. "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу
1. Инвестициялық қордың компаниясын басқаратын акционерлiк инвестициялық қордың өзiнiң қызметi, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткiштер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, сондай-ақ оны жариялау және тарату тәртiбiн бұзуы –
лауазымды адамдарға – екi жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Инвестициялық қордың компаниясын басқаратын акционерлiк инвестициялық қордың дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы немесе жариялауы –
лауазымды адамдарға – екi жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
29) 202-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
30) 216-баптың бірінші бөлігінің үшінші, төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"банк шоттарында клиенттің ақшасы клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін жеткілікті болған кезде салық төлеушiлердiң өздерiнiң банк шотынан бюджетке төленетін салықтар, басқа да міндетті төлемдер, өсiмпұлдар мен айыппұлдар сомаларын аударуға (төлеуге) төлемдiк тапсырмаларды бiрiншi кезекте орындамау;
банкке немесе бюджет жүйесiнiң кассалық атқарылуын жүзеге асыратын басқа ұйымға салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын аудару кезiнде банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнен аудармау (есепке жатқызбау), уақтылы аудармау (банк шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күнінен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзгеннен кейінгі күні) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;
банк шоттарында клиенттің ақшасы клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін жеткілікті болған кезде салық органдарының салық төлеушiлерден белгiленген мерзiмде енгiзiлмеген салық және басқа да міндетті төлемдер, өсiмпұлдар мен айыппұлдар сомаларын бюджетке алу жөнiндегi инкассолық тапсырмаларын (өкімдерін) бiрiншi кезекте орындамау;";
31) 217-баптың бірінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"банк шоттарында клиенттің ақшасы клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін жеткілікті болған кезде салық органдарының салық төлеушiлерден салық және басқа да міндетті төлемдер, өсiмпұлдар мен айыппұлдар сомаларын бюджетке алуға инкассолық тапсырмаларын (өкiмдерiн) бiрiншi кезекте орындамау;";
32) 356-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке тұлғаларға – жетi, лауазымды адамдарға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
үшінші бөліктің бірінші абзацындағы "168, 173" деген цифрлар "172-1, 172-2" деген цифрлармен ауыстырылсын;
33) 541-баптың бірінші бөлігінде:
"168-4, 168-5" деген цифрлар "168-5, 168-8" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"179" деген цифрлардан кейін "(бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
"185," деген цифрлардан кейін "187," деген цифрлармен толықтырылсын;
34) 567-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстің 173 (екінші және алтыншы бөліктерінде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсімдік шаруашылығында жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 175 (екінші бөлігінде) (өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер жасаған құқық бұзушылық бөлігінде) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";
35) 572-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң органдары осы Кодекстiң 166-1, 168, 168-2 (төртінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 168-6, 168-7, 169, 169-2, 172-2 (бiрiншi және екінші бөлiктерiнде), 179 (үшінші және төртінші бөлiктерiнде), 180, 182, 188 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 188-1, 218, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында, сондай-ақ жиналуы олардың құзыретiне кiретiн алғашқы статистикалық деректер бөлігінде 381-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";
36) 573-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 88 (бірінші, 1-1, 1-2, алтыншы және жетінші бөлiктерінде), 158-1, 158-2, 167-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 168-2 (бірінші - үшінші, бесінші - егізінші, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 168-4, 170, 170-1, 171, 172, 172-1, 172-2 (үшінші – алтыншы бөліктерінде), 173 (бірінші, үшінші – бесінші, жетінші - он бесінші бөліктерінде), 174, 175 (бiрiншi, үшінші және төртінші бөлiктерінде), 175-1, 175-2, 179-3, 191, 193, 194, 194-1, 195, 195-1, 196, 196-1, 197-1, 199, 201, 201-1, 218, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";
37) 585-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жәбiрленушiден осы Кодекстiң 594-бабында көзделген тәртiппен куә ретiнде жауап алынуы мүмкiн. Егер жәбiрленушi заңды тұлға болса, куә ретiнде оның өкiлiнен жауап алынуы мүмкiн.";
38) 587-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"587-бап. Заңды тұлғаның өкілдері
1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан немесе жәбiрленушi болып табылатын заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды оның өкiлдерi жүзеге асырады.
2. Заңды тұлғаның атынан іс-әрекет жасайтын заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаның заңды өкiлi болып табылады. Заңды тұлғаның заңды өкiлiнің өкiлеттiктерi оның қызметтiк жағдайын куәландыратын құжаттармен расталады.
Заңды тұлғаның мүддесін білдіретін өзге де тұлғалар тапсырма бойынша өкілдер болып табылады, олардың өкілеттіктері заңды тұлғаның атқарушы органы заңды тұлғаның атынан беретін және атқарушы органның басшысы қол қоятын сенімхатта айқындалады.
3. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлға және жәбірленуші өкiлдерінің өздері өкілдері болып отырған тұлғаларға қатысты осы Кодексте көзделген құқықтары болады және міндеттерді өз мойнына алады.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлға өкiлiнiң қатысуымен қаралады. Аталған адамға iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiстi түрде хабарланғаны туралы деректер болған жағдайларда ғана, егер одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат түспесе, iс оның өзi болмаған кезінде қаралуы мүмкiн.
5. Жасалуы әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты тәркiлеу немесе ақысын төлеп алып қою не әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстердi (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу түрiндегi әкiмшiлiк жазаға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын заңды тұлға өкiлiнiң қатысуы мiндеттi.
6. Заңды тұлғаның өкiлi iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда аталған адамға iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер органының (полицияның) алып келуi қолданылуы мүмкiн.";
39) 590-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қорғаушыны, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам, оның өкiлдерi, сондай-ақ өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тапсыруымен немесе келiсуiмен басқа да адамдар шақырады. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам қорғау үшiн бiрнеше қорғаушы шақыруға құқылы.";
40) 601-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сарапшы мен аудармашы, егер: олардың біліксіз екені анықталса; олар әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылып жатқан адаммен, жәбiрленушiмен, олардың өкiлдерiмен, қорғаушысымен, өкiлiмен, осы iстi жүргiзiп жатқан прокурормен, судьямен, алқалы органның мүшесiмен немесе лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса не, егер олар бұрын осы iстi жүргiзуге өзге қатысушылар ретiнде әрекет етсе, сол сияқты, егер бұл адамдарды осы iске жеке өз басы, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi деп есептеуге негiздер болса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысуға жiберiлмейдi.";
41) 619-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманың жасалуы не қорғау нұсқамасының шығарылуы мiндеттi болып, оларды сол болған жерiнде жасау мүмкiн болмаса, хаттама жасау не, егер қорғау нұсқамасын шығару мақсатында жеке тұлғаны, заңды тұлғаның өкiлiн мына жағдайларда:";
төртінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Адамды әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін оны көзделген мерзімде жеткізуді жүзеге асыру мүмкін болмаған кезде өтініш беруші органның (лауазымды адамның) атына жеткізілмеу себептері көрсетіліп, жазбаша хабарлама жіберіледі.";
42) 625-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Кодекстiң 618-бабында көзделген жағдайларда, өздерiне қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаны не заңды тұлғаның өкiлiн, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылушы кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлiн алып келу жүргізіледі.";
43) 627-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Көлiк құралдарын, шағын көлемді кемелердi тексеру туралы хаттама жасалады. Бұл хаттаманың көшiрмесi тексерiлген көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi иеленушi адамға не оның өкiлiне немесе заңды негiзде көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзетiн адамға тапсырылады.";
44) 627-2-баптың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Тексеру хаттамасының көшірмесі өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамға не оның өкіліне тапсырылады.";
45) 628-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Заттар мен құжаттарды алып қою туралы хаттама жасалып, оның көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға немесе оның өкiлiне тапсырылады не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға тиiстi жазба жасалады.";
46) 631-бапта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөнi, тиiстi заңды тұлға туралы, сондай-ақ оның өкiлiнің не өзге қызметкерiнің жеке басы туралы мәлiметтер, тексерiлген аумақтар мен үй-жайлар, тауарлар мен басқа да заттардың түрлерi, саны, өзге де сәйкестік белгiлерi, құжаттардың түрлерi мен деректемелері туралы мәлiметтер көрсетiледi.";
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, оның өкiлi не кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда заңды тұлғаның өзге қызметкерi, сондай-ақ куәгерлер қол қояды. Аталған заңды тұлғаның өкiлi немесе өзге қызметкерi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда онда тиiстi жазба жасалады.";
47) 632-1-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Заңды тұлғаға тиесілі әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары не нысанасы болған тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы, оларға билік етуге (ал қажет болған жағдайларда пайдалануға да) тыйым салынғаны туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның өкiлiне хабарлана отырып, аталған тауарлардың, көлiк құралдарының және өзге де мүлiктiң тiзiмдемесi болып табылады және, егер осы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi алып қою мүмкiн болмаған және (немесе) олардың сақталуын алып қоймай қамтамасыз ету мүмкiн болатын жағдайда қолданылады. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк тыйым салған лауазымды адам тағайындаған басқа да адамдардың жауапкершілікпен сақтауына берiлуi мүмкiн.";
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның өкiлiне тапсырылады.";
48) 633-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өзiне қатысты iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi тиiстi хаттамалар мен өзге де материалдардың көшiрмелерi жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң талабы бойынша оған дереу тапсырылады.";
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ұйғарымның көшiрмесi жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне дереу тапсырылады, ал бұл адамдар болмаған жағдайда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап бір тәулiк iшiнде жiберiледi.";
49) 635-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"635-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
1. Осы Кодекстiң 639-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманы оған уәкiлеттi лауазымды адам жасайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөнi; өзiне қатысты ic қозғалған адам туралы мәлiметтер (жеке тұлғалар үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), туған күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмiрi, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшiн – атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмiрi және күнi, сәйкестендіру нөмiрi және банк деректемелері); әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi; осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң 2-бөлімінің осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер олар бар болса, куәлардың және жәбiрленушiлердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), мекенжайы; өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның не заңды тұлға өкiлiнiң түсiнiктемесi; егер ол әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және тіркеп жазу кезiнде пайдаланылса, метрологиялық салыстырып тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, техникалық құралдың көрсеткіштері; iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса берiледi.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ іс бойынша iс жүргiзудiң басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам (адамның өкілі) қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайларда хаттамаға осы адамдар да қол қояды.
5. Тиiстi түрде хабарланған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам болмаған немесе келмеген жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның болмауы немесе келмеуi туралы белгi қоя отырып, оны толтырған адам қол қояды.
6. Өзiне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі хаттамаға қол қойып қабылдаудан бас тартқан жағдайда, хаттамаға оны толтырған адам тиісті жазба жасайды.
7. Өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған адамдар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктеме беруге және ескертпелер жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту уәждерiн баяндауға құқылы, олар осы хаттамаға қоса тiркеледi. Бұл адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
8. Осы бөлiкте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейiн, оның көшiрмесi қолхат алынып, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ жәбiрленушiге дереу тапсырылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстің 634-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген негіздер бойынша өзіне қатысты іс қозғалған адам болмаған кезде жасалған жағдайда, ол өзіне қатысты іс қозғалған адамға хабарлана отырып, тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.
Ескерту. Жол жүрісінің қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты хаттама жасау кезінде сәйкестендіру нөмiрi ол бар болса, көрсетіледі.";
50) 636-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшада:
отыз бірінші абзацта:
"168-4, 168-5" деген цифрлар "168-5, 168-8" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"179" деген цифрлардан кейін "(бірінші және екінші бөліктері)" деген сөздермен толықтырылсын;
отыз үшінші абзацтағы "184-1 (үшінші бөлігі)" деген сөздер "184-1 (үшінші және жетінші бөліктері) деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз бесінші абзац "179" деген цифрлардан кейін "(бірінші және екінші бөліктері)" деген сөздермен толықтырылсын;
елу төртінші абзацтағы "168-4, 168-5" деген цифрлар "168-5, 168-8" деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң уәкiлеттi қызметкерлерi (158, 168-3, 179 (бірінші және екінші бөліктері), 179-1, 183, 187, 188 (екiншi бөлiгi), 356, 357-1, 357-5-баптар);";
51) 638-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлға жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлғаның өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлген жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген деректер анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, ал осы Кодекстiң 168, 168-6, 168-7, 169-баптарында, 172-2-бабының (бірінші және екінші бөліктерінде), 179-бабының (үшінші және төртінші бөліктерінде), 180, 182, 187 және 188-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі материалдарды аумақтық филиалдарға беру кезінде құқық бұзушылық немесе оны жасаған адам табылған кезден бастап он жұмыс күні ішінде жасалады.";
52) 639-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ескерту немесе айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде, егер айыппұл бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспаса және адам (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын адам) құқық бұзушылық жасау фактiсiн мойындаса және осы баптың 1-1 және екінші бөлiктерінде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Қаржы және сауда саласындағы құқық бұзушылықты қоспағанда, ескерту түрiндегi жазаны соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ресiмдейдi. Айыппұл түрiнде жаза қолданылған кезде қатаң қаржылық есептiлiк құжаты болып табылатын, белгiленген үлгiдегi түбiртек берудi соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырады.";
53) 642-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау ведомстволық бағыныстылығына жататын лауазымды адамның (уәкілетті мемлекеттік органның) орналасқан жері бойынша қаралады.";
54) 644-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жауаптылыққа тартылып отырған адамның немесе жәбiрленушiнiң, олардың өкiлдерiнiң, қорғаушының туысы болса;";
55) 645-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Кодекстiң 644-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адам, жәбiрленушi, жеке тұлғаның заңды өкілдері мен заңды тұлғаның өкілдері, қорғаушы, прокурор судьядан, алқалы органның мүшесiнен, лауазымды адамнан бас тартатындығын мәлiмдеуге құқылы.";
56) 646-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Кодекстiң 584-бабының төртiншi бөлiгiнде, 586-бабының алтыншы бөлiгiнде және 594-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда жауаптылыққа тартылып отырған адамның, оның өкiлiнiң, куәнiң дәлелсiз себептермен келмей қалуына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қайта қарауға әзiрлеу кезiнде iстi қарайтын судья, орган (лауазымды адам) аталған адамдарды алып келу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.";
57) 648-бапта:
бірінші бөліктің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылып отырған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ iстi қарауға қатысатын өзге де адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;
3) iс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және жеке тұлғаның заңды өкілдерінің немесе заңды тұлға өкiлдерiнiң, қорғаушының өкiлеттiктерiн тексереді;";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Алқалы органның отырысында төрағалық етушi судья немесе лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiсiп, iс бойынша өздерiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлға немесе заңды тұлға өкiлiнiң түсiнiктемелерiн, iс жүргiзуге қатысатын басқа адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдемелерді зерттейді, ал iстi қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысын тыңдайды.";
58) 652-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өздеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге, жеке тұлғаның заңды өкіліне, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаған уәкілетті органға (лауазымды адамға) қаулының көшірмесі ол хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тапсырылады және (немесе) жіберіледі. Әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарылған жағдайда қаулының көшірмесі дереу прокурорға жіберіледі.";
59) 658-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Шағымға немесе наразылыққа оны берушi қол қояды. Заңды тұлға атынан берiлетін шағымға оның өкiлi немесе осыған уәкiлеттiк берілген басқа адам қол қояды.";
60) 663-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) iс бойынша өзiне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ шағымды, наразылықты қарауға қатысу үшiн шақырылған адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;";
61) 671-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөнiндегi ұйғарымның көшiрмесi ол шығарылғаннан кейiн үш тәулiкке дейiнгi мерзiмде iс бойынша өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, өзi шағым берген жағдайда немесе оның өтiнiшi бойынша жәбiрленушiге, наразылық келтiрген прокурорға тапсырылады немесе жiберiледi.";
62) 700-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне өздерiне қатысты шығарылған қаулының көшiрмесi дереу, сондай-ақ өзінің өтiнiшi бойынша жәбiрленушiге оның қолхатымен тапсырылады. Аталған адамдар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылған күннен бастап үш күн iшiнде жiберiледi, бұл туралы iсте тиiстi жазба жасалады.";
63) 701-бап мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Екінші деңгейдегі банкке және (немесе) бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын ұйымға қайта құрылымдау жүргізу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі бар болған кезде, олардың өтініштері бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны судья, қаулыны шығарған орган (лауазымды адам) екінші деңгейдегі банкке және (немесе) бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын ұйымға қайта құрылымдауды тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кейінге қалдыруы мүмкін.";
64) 705-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Ұйғарымның көшiрмесi әкiмшiлiк жауапқа тартылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне дереу тапсырылады, ал аталған адамдар болмаған жағдайларда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап үш күн мерзiмде жiберiледi.";
65) 708-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) жауаптылыққа тартылған адамның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен ұстап қалу үшiн ол жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұл алты айдан аспайтын мерзiмде ұсталады. Айыппұлды өндiрiп алу кезектілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.";
66) 709-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"709-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату
1. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкiлеттi орган (лауазымды адам) заңды тұлғаның банк шотынан оның келiсiмiнсiз, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Қазақстан Республикасының ақша төлемдері мен аударымдары туралы және атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен ақшаны алып қою үшiн мемлекеттік сот орындаушысына жiбередi.
Салық қызметiнiң органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметiнiң органдары орындайды.
2. Банк немесе банк операцияларының өзге де түрлерін жүзеге асыратын ұйым айыппұл сомасын белгіленген тәртіппен бюджетке аударуға міндетті.
3. Заңды тұлғаның шоттарында ақша болмаған жағдайда сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борышкерге тиесілі басқа мүліктен өндіріп алады.";
67) 709-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік сот орындаушысына айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттiгi туралы нұсқаманы мәжбүрлеп орындатуға жiберген кезде оларға әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулының көшірмесі және әкімшілік жазаны қолданған органның айыппұл сомасының мемлекет кiрiсiне түспегенi туралы анықтамасы мiндеттi түрде қоса берiледi.".
4. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат):
1) мазмұнында:
28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"28-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ,
ПАРЛАМЕНТІ ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ,
СУДЬЯЛАРЫНЫҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕГІ АДАМДАРДЫҢ, АРНАУЛЫ
МЕМЛЕКЕТТІК, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ
ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ВЕДОМСТВОЛАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ";
мынадай тақырыптағы 257-1-баппен толықтырылсын:
"257-1-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегін реттеу";
2) 28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"28-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ,
ПАРЛАМЕНТІ ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ,
СУДЬЯЛАРЫНЫҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕГІ АДАМДАРДЫҢ, АРНАУЛЫ
МЕМЛЕКЕТТІК, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ
ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ВЕДОМСТВОЛАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ";
3) 28-тарау мынадай мазмұндағы 257-1-баппен толықтырылсын:
"257-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегін реттеу
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегі лауазымға тағайындаудың, еңбек шартын тоқтатудың ерекше талаптарын, ерекше еңбек жағдайын және еңбекақы төлеу шарттарын, сондай-ақ артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктерімен бірге осы Кодекспен реттеледі.".
5. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; №15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат):
1) мазмұнындағы 5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және оның ведомстволарын қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінің және қаржылық есептілігінің жүйесі";
2) 53-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының он тоғызыншы абзацы алып тасталсын;
3) 62-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органның стратегиялық жоспары жоспарлы кезеңге арналған қаржыландыру көлемі бар бюджеттік бағдарламаларды қамтиды.";
4) 5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және оның ведомстволарын қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінің және қаржылық есептілігінің жүйесі";
5) 216-баптың 3) тармақшасының бірінші бөлігіндегі және 229-баптың 2) тармақшасындағы "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат, № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11,15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 106-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Активтерді және шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіздер санатына жатқызу тәртібін уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру резервтерiн құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. Сақтандыру резервтерiн құру тәртiбiн уәкiлеттi органның келiсiмі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.";
2) 143-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы және 156-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы", "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы" деген сөздер "лицензия" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 250-баптың 2-тармағында:
1) тармақшаның бірінші абзацындағы "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы" деген сөздер "лицензия" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-1) тармақшаның бірінші абзацындағы "қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы" деген сөздер "лицензия" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 541-бапта:
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның филиалдары, өкілдіктері мен ведомстволары – өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап арыздар берілген кезде;";
21) тармақша алып тасталсын;
5) 542-баптың 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
6) 581-бапта:
1), 5), 8), 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарынан, резидент емес заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарынан және (немесе) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан басқа резидент еместі қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға банк шоттарын ашу кезінде, уәкілетті органды сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабарлардың кепілдікпен жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы олардың ашылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
Салық төлеушілер туралы, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпарат банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға олардың осы тармақшада және осы баптың 4), 6), 9) және 12) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындауы мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ұсынылады.
Техникалық проблемалар салдарынан мұндай электрондық байланыс арналары арқылы көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабардар ету мүмкін болмаған кезде, хабарлама қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;";
"5) берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақы есептеуді тоқтата тұру арқылы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға осындай сыйақы түріндегі кiрiстердi тану тоқтатылған кезде, бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нысанда мұндай тану тоқтатылған, осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалатын есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей уәкiлеттi органды хабардар етуге;";
"8) нұсқамасы болған кезде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ақшасының бар-жоғын және банк шоттары бойынша жасалатын операцияларын тексеруге салық қызметі органдарының лауазымды адамын жіберуге;
9) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу жөніндегі операциялардан басқа, банк шоттарындағы (корреспонденттік шоттарын қоспағанда) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
10) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушының берiлген кредиттер (қарыздар) бойынша мiндеттемелерiн есептен шығарған кезде қарыз алушыда – салық төлеушіде міндеттемелерін есептен шығарудан кіріс пайда болғаны туралы оның орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органын күнтізбелік отыз күн ішінде хабардар етуге;";
бірінші бөлікте:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"салық салуға байланысты мәселелер бойынша – дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаның;";
төртінші, бесінші және алтыншы абзацтар алып тасталсын;
сегізінші және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"орналасқан жері бойынша шын мәнінде жоқ екендігі осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіппен расталған және салық есептілігін ұсынудың осы Кодексте белгіленген мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін, осы Кодексте көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, осы есептілікті ұсынбаған дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған әрекетсіз жеке тұлғаның, заңды тұлғаның;";
екінші бөліктегі "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 624-баптың 3-тармағының бірінші абзацындағы "қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы" деген сөздер "лицензия" деген сөзбен ауыстырылсын.
7. 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):
138-баптың 5-тармағындағы "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат):
1) 4-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы заңдарының негiзiнде және оларды орындау мақсатында өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша барлық қаржы ұйымдарының, қаржы қызметін тұтынушылардың, басқа да жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орындауы үшін мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.";
2) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - заңды тұлға
Қазақстан Ұлттық Банкi республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен, ведомстволарымен және ұйымдарымен бiрге бiртұтас құрылымды құрайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының атынан акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады, ұйымдардың қызметіне, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкiнің өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын ұйымдардың қызметіне қатысады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты Алматы қаласында орналасқан. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өз филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.";
3) 7-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5), 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ өзге де тұлғаларды реттеу, бақылау және қадағалау;
6) қаржы қызметін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
7) ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер.";
4) 8 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары мен өкiлеттiктерi
Қазақстан Ұлттық Банкі:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын әзірлейді және жүргiзедi;
2) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды эмиссиялайды;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитентi болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналымын ұйымдастырады;
4) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың резервтiк мемлекеттік қорларын құрады;
5) қаржы ұйымдары мен олардың филиалдарының үй-жайларды орналастыруға қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
6) банкаралық ақша аударымдары жүйесін, банкаралық клиринг жүйесін және пайдаланушылар арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да төлем жүйелерін реттейді және қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады;
7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақша төлемдерi мен аударымдарын реттеу мақсатында, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және кәсіпкерлік қызмет субъектілері банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердің кезектiлiгiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң келiсімі бойынша белгiлейді;
8) Қазақстан Республикасында валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
9) екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізетін экспорттық операцияларын бақылауды жүзеге асырады;
10) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқаруды қамтамасыз етеді;
11) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларына (үлгілеріне) бақылау сынақтарын жүзеге асырады;
13) дербес және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен бірлесіп олардың құзыреті шеңберінде жүйелік тәуекелдерді реттеуді жүзеге асырады;
14) соңғы сатыдағы қарыз беруші болып табылады, Қазақстан Ұлттық Банкінде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға қарыздар беруге құқылы, оларды қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырады;
15) қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады;
16) статистикалық әдістемені әзірлейді және қолма-қол ақша айналысы, ақша-кредит және банк статистикасы, төлем балансы, сыртқы борыш, халықаралық инвестициялық позиция, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бастапқы статистикалық деректердің тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен оларды ұсыну тәртібін айқындайды;
17) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық бақылау жүргізеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында бақылауды жүзеге асырады;
18) қаржы нарығына шолу жасау, ақша-кредит және банк статистикасы, төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш жөніндегі статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзірлеуге қатысады;
19) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ өзге тұлғаларды реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
20) қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялайды;
21) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда банк операцияларын жүргізу қағидаларын бекітеді;
22) Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
23) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкіне арналған бухгалтерлік есеп саясаты мен әдістерін айқындайды;
24) қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, Қазақстанның Даму Банкінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарын, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
25) Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша оның мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетедi;
26) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге және тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді және жариялайды;
27) мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
28) сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асырады;
29) банк қызметiн, бағалы қағаздар нарығындағы кәсiптік қызметті және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;
30) Қазақстан Ұлттық Банкiнің клиенттеріне банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
31) Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және ресми баспа басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;
32) Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Үкiметімен немесе заңды тұлғалармен жасасатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады;
33) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынады;
34) мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;
35) қаржы ұйымдары мен өзге де ұйымдар өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда, оларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, санкцияларды және өзге де шараларды қолданады;
36) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
37) банктік сәйкестендіру кодтарын береді, жояды және оларды пайдалануды айқындайды, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын береді және жояды, олардың құрылымын белгілейді, сондай-ақ Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргізеді;
38) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құрады;
39) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкiлеттiктерді жүзеге асырады.";
"10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы, қайта бағалау шоттары және арнайы провизиялары (резервтерi)
Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы кемінде жарғылық капитал мөлшерінде қалыптастырылады, бөлiнбеген таза табыс есебiнен толықтырылады және тек қана Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлеген тәртiппен жүргiзiлетін операциялар бойынша ысырапқа өтемақы төлеуге және залалдарды өтеуге арналады. Алтын-валюта резервтерiн және шетел валютасындағы өзге де активтерді қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен iске асырылмаған табысты есепке алуға арналған. Негiзгi қаражаттарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкінің негiзгi қаражатын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған.
Кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезіндегі залалдарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі жөніндегі өзге де талаптарды және әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа да активтерді қоса алғанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптар бойынша арнайы провизиялар (резервтер) қалыптастырылады.";
5) 11-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Алтын-валюта резервтерін және шетел валютасындағы өзге де активтерді қайта бағалау шоттарына жатқызылатын бағамдық қайта бағалау сомасын қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтерді қайта бағалау сомасына түзетілген таза кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің бөлінбеген таза кірісі болып табылады. Бөлінбеген таза кіріс Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтік капиталдарды ұлғайтуға жұмсалады.";
6) 12-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымына департаменттерден және басқа да бөлiмшелерден тұратын орталық аппарат, филиалдар, өкiлдiктер, ведомстволар мен ұйымдар кiредi.";
7) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы және оның өкiлеттiктерi
Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғары органы Басқарма болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:
1) ең төменгі резервтік талаптар туралы қағидаларды;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің бағалы қағаздармен операциялар жүргізу қағидаларын;
4) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларын;
5) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын;
6) Қазақстан Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидаларын;
7) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын;
8) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларын;
9) ұлттық валютаның айналыстағы ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру қағидаларын;
10) қолма-қол ақша белгілерін ақша айналысынан алу қағидаларын;
11) банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын;
12) тиiстi уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын;
13) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi операцияны жүргiзуге арналған Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметке қойылатын талаптарды;
14) банктер болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша қызметін лицензиялаудың тәртібі мен шарттарын;
15) Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты;
16) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеу мәселелері жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды, оның ішінде банкаралық ақша аудару жүйесіндегі ақша аудару қағидаларын, клиринг жүйесінде операциялар жүргізу қағидаларын, операторы Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы болып табылатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын;
17) төлем жүйелеріне банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қолжетімділігін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды;
18) Қазақстан Республикасында банкаралық клирингті жүзеге асыру қағидаларын;
19) төлем тапсырмаларын, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассолық өкімдерді, чектерді ресімдеу, пайдалану және орындау, банк шотын тікелей дебетке алу, аккредитивтермен операциялар жүргізу, вексельдерді есепке алу және қайта есепке алу, жай және аударым вексельдерімен операциялар жүргізу, төлем карточкаларын шығару және пайдалану және қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де тәсілдерін пайдалану, қолма-қол ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді, сондай-ақ банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді;
20) банк операцияларын жүзеге асыру кезінде электрондық банк қызметтерiн көрсету қағидаларын;
21) Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде электрондық құжаттар алмасу қағидаларын;
22) электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы электрондық ақшаның эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды;
23) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелiнетiн вексель қағазының қорғалу дәрежесiне қойылатын талаптарды белгілейтін қағидаларды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды;
24) банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін белгілейтін қағидаларды;
25) электрондық терминалдар және қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалана отырып жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары жөнінде мәліметтер ұсыну қағидаларын;
26) экономика секторларының кодтарын қолдану және төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер жөнінде мәліметтер ұсыну қағидаларын;
27) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктерге, оның ішінде соңғы сатыдағы қарыз беруші ретінде, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға банк қарыздарын беру қағидаларын;
28) Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын;
29) банктер арасындағы, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын;
30) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша ақша төлемдері мен аударымдары лимитінің мөлшерін;
31) клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірменің мазмұнына қойылатын талаптарды;
32) қаржы ұйымдарын жүйе құрушылар қатарына жатқызу тәртібін айқындайтын қағидаларды;
33) екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулықты;
34) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді;
35) Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді;
36) айырбастау пункттерi арқылы жүргiзiлетiн операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегiн белгiлеу қағидаларын;
37) Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын;
38) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;
39) Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алуы қағидаларын;
40) Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместердiң валюталық операцияларының мониторингiн жүзеге асыру қағидаларын;
41) бухгалтерлiк есеп мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi, оның ішінде барлық қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялары, исламдық арнайы қаржы компаниялары, Қазақстанның Даму Банкі және инвестициялық қорлар орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгі жоспарларын, бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөніндегі нұсқаулықты, бухгалтерлiк есеп жүргiзудi ұйымдастыру қағидаларын және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру қағидаларын;
42) бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсім бойынша халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсынымдарды;
43) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына сәйкес келетiн нысандар не нысандарға қойылатын талаптар, қаржылық есептiлiктiң тiзбесi, оны қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, Қазақстанның Даму Банкінің және инвестициялық қорлардың беру мерзiмдерi мен тәртiбi жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді;
44) қаржылық есептiлiктiң тiзбесi, оны акционерлік қоғамдар мен қаржы ұйымдарының жариялау тәртібі мен мерзімдері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді;
45) есеп саясатын, бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарын және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін;
46) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютерлік жүйелердің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын;
47) валюталық реттеу, қаржы ұйымдарынан қаржы секторына шолуды қалыптастыру, қолма-қол ақша айналысы, ақша төлемдері мен аударымдары, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді беру жөніндегі нұсқаулықты және сұраныс пен ұсыныс көздерінің мониторингін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарын;
48) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару нәтижелері туралы есепті;
49) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау және қайта айырбастау қағидаларын;
50) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларын;
51) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтын сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын;
52) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін қызметке тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын;
53) Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының және оларға қатысты өзі құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын;
54) ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде ішкі аудитті ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді;
55) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік сәйкестендіру кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы және Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты;
56) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де нормативтік құқықтық актілерін бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:
1) мемлекеттік ақша-кредит саясатын мақұлдайды;
2) қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін белгiлейдi;
3) ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн белгілейді;
4) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын дайындау және айналысқа шығару, оның ішінде басқа елдердің тапсырыстары бойынша дайындау және айналысқа шығару, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны немесе нысаны өзгерген кезде оларды ауыстыру туралы шешiмдер қабылдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлiнген банкноттары мен монеталарын айырбастау тәртiбiн белгiлейді;
5) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және дизайнын айқындайды;
6) коллекциялық және инвестициялық монеталарды шығару тақырыбын, дайындау тиражын, қорытпасын, шығарылатын мерзiмдерi мен күнiн айқындайды;
7) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілейді;
8) уәкілетті ұйымдар үшін жарғылық капиталды қалыптастыру мөлшерін және тәртібін белгілейді;
9) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді, олардың құрылымын қоса алғанда, басқарудың негізгі қағидаттарын айқындайды;
10) монетарлық қызметке жататын қызметті айқындайды;
11) Қазақстан Ұлттық Банкі қызмет көрсететін заңды тұлғалардың санаттарын айқындайды;
12) Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмысы туралы жылдық есепті қарайды, қабылдайды және Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;
13) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымын, жалпы штат санын, еңбекақы төлеу жүйесiн және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ереженi, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтыруларды қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;
14) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бюджетiн (шығыстар сметасын) бекiтеді;
15) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін қарайды және бекітеді;
16) Қазақстан Ұлттық Банкi, оның филиалдары, өкiлдiктерi, ведомстволары мен ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбек жағдайын, оған ақы төлеудi, оларды әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етудi, бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлауды бекiтеді;
17) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару бойынша шешiмдерді жедел қабылдау өкiлеттiгiне кiретiн, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейдегi лауазымды адамды (өкiлеттi өкiл) айқындайды;
18) қаржы және өзге де ұйымдар Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда, оларға өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шектеулi ықпал ету шараларын, санкцияларды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолдану тәртібін айқындайды;
19) банктерге соңғы сатыдағы қарыз беруші ретінде, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне бiр жылдан аспайтын мерзiмге өтiмдiлiгi жоғары, тәуекелсiз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етiлген қарызды ұлттық валютамен де, шетел валюталарымен де беру туралы мәселені қарайды;
20) ұйымдарды құру, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын ұйымдарды құру және олардың қызметіне қатысу туралы шешімдер қабылдайды;
21) осы Заңға сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің халықаралық және өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдайды;
22) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құру туралы шешім қабылдайды;
23) аудиторлық тексерулердің орта мерзімді жоспарын және ішкі аудит бөлімшесінің жылдық есебін бекітеді;
24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды және өкiлеттiктерді жүзеге асырады.";
8) 16-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкінің бес лауазымды адамы, Қазақстан Республикасының Президентiнен бiр өкiл және Қазақстан Республикасының Үкіметінен екi өкiл кiредi.";
9) 19-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi құрылымдық бөлiмшелерiнiң және ведомстволарының басшылары кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекiтедi.";
10) 20-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары, өкiлдiктерi, ведомстволары мен ұйымдары
Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары, өкiлдiктерi мен ведомстволары өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлеген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асырады.";
11) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
"4-1-тарау. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ВЕДОМСТВОЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
20-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының
қызметкерлері лауазымдарының құрамы және олардың
еңбегін реттеу
Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында қызмет атқарып жүрген, еңбекақысы Қазақстан Ұлттық Банкі бюджетінің қаражатынан (шығыстар сметасынан) төленетін, мемлекеттік әкімшілік және азаматтық қызметшілерге жатпайтын адамдар Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері лауазымдарының құрамына:
1) мемлекеттік саяси қызметшілердің;
2) Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметшілерінің;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының техникалық қызметшілерінің лауазымдары кіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын, мемлекеттік қызметшілерге жатпайтын адамдар Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері болып табылады.
Лауазымдық өкілеттіктер деп қызметшілердің Қазақстан Ұлттық Банкіндегі және оның ведомстволарындағы нақты мемлекеттік лауазымымен көзделген, Қазақстан Ұлттық Банкінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге сай келетін құқықтар мен міндеттер түсініледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкіне және оның ведомстволарына қызмет көрсету және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша еңбек міндеттерін орындайтын, азаматтық қызметшілерге жатпайтын адамдар Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының техникалық қызметшілері болып табылады.
Техникалық қызметшілер лауазымдарының тізбесін Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегі осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген ерекшеліктермен қоса Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің Қазақстан Республикасы Президенті бекітетін бірыңғай жүйесі негізінде белгіленеді.
20-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының
қызметшілерін қызметке тағайындау шарттары
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасуға үміткер адамдардың Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында тиісті лауазымға орналасу үшін қажетті білімі, кәсіби даярлығының деңгейі болуға тиіс.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасу міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына:
1) заңда белгiленген тәртiппен әрекетке қабілетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына тағайындалар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған;
3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан босатылған;
5) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасатын уақытта заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
6) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталу нысанасына арнайы тексеруден өтпеген адамды тағайындауға болмайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы бекітеді.
20-3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының
қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату мынадай негіздер:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында олардың болу мерзімін жыл сайын ұзарту құқығымен, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толу;
3) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталу нысанасына арнайы тексерудiң терiс нәтижелерi;
4) кірістері мен мүлкі туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi ұсыну;
5) осы Заңда және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамау;
6) инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлікпен басқаруға бермеу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкіне және оның ведомстволарына жұмысқа кiру кезiнде жұмысқа қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болуы мүмкiн көрiнеу жалған құжаттар мен мәлiметтерді ұсыну;
8) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша жүргізіледі.
20-4-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары
қызметшілерінің құқықтары мен міндеттері
1. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметшілерінің:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясында және Еңбек кодексінде Қазақстан Республикасының азаматтарына кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өз өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;
4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұйымдарға баруға;
5) басшыдан Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметшілерінің атқаратын лауазымына сәйкес лауазымдық өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл айқындауды талап етуге;
6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылардың, өзге де жеке тұлғалар мен лауазымды адамдардың өзiне әдiл әрі құрметпен қарауына;
7) Қазақстан Ұлттық Банкiнің бюджеті қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;
8) өздерiнiң лауазымдық өкілеттіктеріне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған кезде жеке түсiнiктемелер беруге;
9) бiлiктiлiгi, қабілетi, өзiнiң лауазымдық өкілеттіктерін адал орындауы ескеріле отырып, лауазымы бойынша жоғарылауға;
10) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;
11) педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар.
2. Қазақстан Ұлттық Банкiнің және оның ведомстволарының қызметшілері:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;
2) Қазақстан Ұлттық Банкі айқындаған тәртiппен ант беруге;
3) жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;
4) өздерiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға;
5) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiктерi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде алатын, жеке тұлғалардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан осындай ақпарат берудi талап етпеуге;
7) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;
8) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың немесе құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге;
9) лауазымдық өкілеттіктерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, автоматтандырылған ақпараттық кіші жүйелермен жұмыс істеген кезде (оларға қолжетімділік болғанда) алынған ақпаратты қоса алғанда, өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде кез келген жеткізгіш түрінде, қабылдау үшін кез келген қолжетімді нысанда алынған қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, сақтандыру, зейнетақы жинақтары құпиясын және өзге де ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге;
11) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының қызметшісі лауазымына орналасқан күннен бастап бір ай мерзімде инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлікпен басқаруға беруге және сенімгерлікпен басқару жөніндегі шарттың нотариат куәландырған көшірмесін Қазақстан Ұлттық Банкінің кадр қызметіне табыс етуге міндетті.
3. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері инвестициялық қорлардың пайларын, коммерциялық ұйымдардың облигацияларын, акцияларын сатып алуға құқылы емес.
4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай қаржы ұйымдарының, олардың филиалдары мен үлестес тұлғаларының, Қазақстанның Даму Банкінің, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, төлем жүйелерін пайдаланушылардың, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, уақытша әкімшіліктердің (уақытша әкімшілердің), банктердің тарату комиссияларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – тексерілетін субъект) қызметіне тексеру жүргізуді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және әділ орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жайлар туралы, оның ішінде:
тексерілетін субъектілердің басшы қызметкерлері болып табылатын жақын туыстары (жекжаттары), жұбайлары;
тексерілетін субъектілерде жұмыс істейтін жақын туыстары немесе жұбайлары;
тексерілетін субъектілерден алған қарыздары және тексерілетін субъектілердің алдындағы өзге де мүліктік міндеттемелері туралы жоғары тұрған басшылыққа дереу хабарлауға міндетті.
20-5-бап. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары
қызметкерлерінің жауапкершілігі
1. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілері өздерiне жүктелген мiндеттер мен еңбек тәртібін орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.
2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілеріне тәртіптік жазаның мынадай түрлері:
1) қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
2) лауазымын төмендету;
3) еңбек шартын бұзу қолданылады.
Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза лауазымын төмендету түрінде тәртіптік жазаны қолдану мүмкін болмаған кезде қолданылады.
Лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жаза төмен тұрған бос лауазым болған кезде қолданылады.
Еңбек шартын бұзу түріндегі тәртіптік жаза "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша қолданылады.
3. Тәртiптiк жазаны:
1) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының тәртіптік жауаптылыққа тартылатын қызметшісін қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға құқығы бар лауазымды адам қолданады;
2) нақ сол терiс қылық үшiн қайтадан қолдануға болмайды;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің актiсiнде айқындалатын тәртiппен қолданылады.
4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының тәртiптiк терiс қылыққа жол берген қызметшілерін оларды қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға құқығы бар лауазымды адам белгiленген тәртiппен жауаптылығы туралы мәселе шешiлгенге дейiн лауазымдық мiндеттерiн атқарудан уақытша шеттетуi мүмкiн.
5. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты не сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
6. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық iстi тоқтатқан жағдайда, бiрақ адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде, тәртiптiк жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей, бiрақ терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктірiлмей қолданылуы мүмкiн.
7. Тәртіптік жаза қолданудың бiр жылдық және үш айлық мерзімдерінің өтуі Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметшілерінің еңбекке уақытша жарамсыздығына, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындау үшiн жұмыстан босатылуына, демалыста, iссапарда болуына байланысты жұмыста болмаған уақытына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрады.
8. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілері тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты барлық материалдармен міндетті түрде таныстырылуға тиіс, оларға қызметтік тексеру рәсіміне жеке өзінің қатысу құқығы беріледі.
9. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының жауапқа тартылған қызметшілері мен техникалық қызметшілері Қазақстан Ұлттық Банкінің iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне сотқа шағым жасай алады.
10. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілері қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негіздерде және тәртiппен тиiсiнше қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық жауаптылықта болады.";
12) 21-бапта:
"заң актiлерiмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"өкiлдiктерi" деген сөзден кейін ", ведомстволары" деген сөзбен толықтырылсын;
13) 22-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі жүйелі қаржы дағдарысы туындауын болдырмау және оның салдарын азайту мақсатында қаржы тұрақтылығы үшін тәуекел факторларын бірлесіп бағалау, келісілген шешімдер кешенін әзірлеу, қабылдау және іске асыру жолымен қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.";
14) 32-бапта:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын жүзеге асыру мақсатында ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн белгілейді.
Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгi резервтiк талаптар туралы қағидаларды, банктердің есеп айырысу үшін қабылдайтын міндеттемелерінің құрылымын, ең төменгi резервтiк талаптарды орындау шарттарын, резервке қою тәртібін бекітеді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.";
үшінші бөлік алып тасталсын;
15) 35-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкi банктерге қарыздарды өтiмдiлiгі жоғары әрі тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етіп те, қамтамасыз етпей де бiр жылдан аспайтын мерзiмге бередi. Бұл мерзiмдi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ұзартуы мүмкiн.";
16) 36-2-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары – Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссиялайтын, олар бойынша міндеттемелерді Қазақстан Ұлттық Банкi көтеретін мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар.";
17) 41-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта резервтерінің мөлшері туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жариялап тұрады.";
18) мынадай мазмұндағы 8-1-тараумен толықтырылсын:
"8-1-тарау. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ
ЖӘРДЕМДЕСУ
51-1-бап. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі
шараларды әзірлеу және жүзеге асыру
Қазақстан Ұлттық Банкi дербес және (немесе) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шеңберінде қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлейді және жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкi қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында:
1) қаржы жүйесінің тұрақтылығына ықпал ететін макроэкономикалық және макроқаржылық факторларға ұдайы мониторинг жүргізеді;
2) қаржы жүйесін макропруденциалдық реттеуді жүзеге асырады;
3) Қазақстан Ұлттық Банкiнің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде банктер үшін соңғы сатыдағы қарыз беруші болады.
51-2-бап. Макропруденциалдық реттеу
Макропруденциалдық реттеу деп қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін реттеуге бағытталған әкімшілік, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар кешені түсініледі.
Жүйелік тәуекелдер деп, тұтастай алғанда, басталуы қаржы жүйесінің тұрақсыздануына әкеп соғатын және оның тұрақты жұмыс істеуіне нұқсан келтіретін қаржы жүйесінің тәуекелдері түсініледі. Қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдері жүйе құраушы қаржы ұйымдарының тәуекелдерін де қамтиды.
Жүйе құраушы қаржы ұйымдары деп тұрақты жұмыс істеуіне тұтастай алғанда, қаржы жүйесінің тұрақтылығы байланысты болатын қаржы ұйымдары түсініледі.
Қазақстан Ұлттық Банкi макропруденциалдық реттеуді жүзеге асыру мақсатында:
1) тұрақты негізде қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне мониторинг жүргізеді;
2) қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу тәртібін айқындайды;
3) қаржы жүйесі жүйелік тәуекелдерінің деңгейін төмендету және олардың басталуының алдын алу үшін пруденциалдық нормативтерді және (немесе) жүйе құраушы қаржы ұйымдары үшін сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы;
4) жүйелі қаржы дағдарысы туындаған немесе туындау қаупі төнген жағдайда, дербес немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесе отырып, қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеу енгізеді.";
19) 56-баптың бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының тәртібін белгілейді және мониторингін (валюталық мониторинг) жүзеге асырады;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға міндетті валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептіліктің тәртібі мен нысандарын, сондай-ақ валюталық бақылау агенттерінің есептеме беру тәртібі мен мерзімдерін белгілейді;";
20) 57, 58 және 59-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"57-бап. Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтермен жасалатын операциялар
Қазақстан Ұлттық Банкi шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтермен мынадай операцияларды жүргізеді:
шетел валютасын сатып алады және сатады;
Қазақстан Республикасының Үкіметі шетел валютасында, шет мемлекеттердiң үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепiлдiк берген бағалы қағаздармен операцияларды жүргізеді;
Қазақстан Республикасының банктерінде, өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңнамасы бойынша тиiстi құқығы бар шетелдік орталық банктерде, шетел банктерінде және басқа қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңнамасы бойынша тиiстi құқығы бар шетелдік орталық банк, шетел банктері және басқа қаржы институттары, шет елдердің үкіметтері мен олардың агенттерi, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары үшiн шоттарды ашады және жүргiзеді, олардың өкiлі немесе корреспонденті ретiнде iс-әрекет жасайды;
тазартылған алтынды, басқа бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды қабылдау мен сақтауды, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырған кезде оларды бағалауды жүзеге асырады;
ішкі және сыртқы нарықтарда тазартылған алтынды және басқа да бағалы металдарды сатып алу мен сату жөнiндегі, оның ішінде мемлекеттің басым құқығын іске асыру шеңберінде тазартылған алтынды сатып алу жөніндегі операцияларды жүргiзеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасына шетел валютасындағы активтер мен бағалы металдарды әкеледі, сондай-ақ оларды шетел банктеріндегі және мамандандырылған қаржы ұйымдарындағы өз шоттарына орналастыру үшiн шет елдерге әкетеді;
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы оларға қойылатын талаптарды айқындайтын бағалы қағаздармен операцияларды жүргізеді;
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы ең төменгі деңгейін айқындайтын кредиттік рейтингі бар қарсы әріптестермен ақша нарығының құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша басқа да операцияларды жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкі валюталық операциялардың кез келген түрін шектеусіз жүзеге асырады.
Осы Заңда көзделген мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді орындау үшін Қазақстан Ұлттық Банкі активтерді салу тәуекелін ескере отырып және оларды басқарудың негізгі қағидаттарына сәйкес, шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді олардың ұзақ мерзімді болашақта сақталуын, өтімділігі мен кірістілігін қамтамасыз ете отырып басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
58-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта резервтері
Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта резервтері (бұдан әрі – алтын-валюта резервтері) халықаралық капитал нарығында жоғары өтімділікке ие Қазақстан Ұлттық Банкі активтерінен Қазақстан теңгесінің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылады және:
тазартылған құйма алтынды және металл шоттарындағы алтынды;
Халықаралық валюта қорындағы резервтік позицияны және Халықаралық валюта қорының арнайы қарыз беру құқығындағы активтерді;
қолма-қол ақшаны, шетел банктерінде орналастырылған депозиттерді қоса алғанда, еркін айырбасталатын шетел валютасындағы активтерді және эмитенттері шетелдердің үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын бағалы қағаздарды;
өтімділікке және шектеу талаптарынсыз пайдалану мүмкіндігіне ие, еркін айырбасталатын шетел валюталарында номинирленген басқа да сыртқы активтерді қамтиды.
Қазақстан Ұлттық Банкі алтын-валюта резервтерін ұлттық валютаның тұрақтылығын және айырбасталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті деңгейде ұстап тұруды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, алтын-валюта резервтерін кредиттер (қарыздар, несиелер) беру нысанында пайдалануға және Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместеріне кепiлдiктер немесе басқа да мiндеттемелер ұсынуға жол берiлмейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкі алтын-валюта резервтерінің құрылымын ұлғайтуды және өзгертуді:
Қазақстан теңгесi мен шетел валютасына тазартылған алтынды сатып алу;
Қазақстан теңгесiне (естелiк және кәдесый монеталарын қоса алғанда) және шетел валютасына Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметінен еркін айырбасталатын шетел валютасындағы активтерді сатып алу;
шетел валютасымен депозиттік, салымдық, дилингтік операциялардан және шетел валютасында номинирленген бағалы қағаздармен операциялардан, сондай-ақ оларға шетел валютасында берілген кредиттерден түсетiн еркін айырбасталатын шетел валютасындағы комиссиялық және басқа да сыйақы түсімдері;
Қазақстан Ұлттық Банкінің тазартылған алтында номинирленген бағалы қағаздарымен операциялардан түсетін түсiмдерді қоса алғанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің алтынды сатудан, депозитке салудан және онымен басқа да операциялар жүргізуінен түсетін алтын және еркін айырбасталатын шетел валютасындағы түсімдер;
Қазақстан Ұлттық Банкінің шетел валютасындағы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруынан түсетін еркін айырбасталатын шетел валютасындағы түсімдер;
Қазақстан Ұлттық Банкi халықаралық қаржы ұйымдарынан, шет мемлекеттердiң орталық банктерiнен және басқа кредиторлардан алған кредиттерден түсетін түсімдер;
осы Заңға және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететін қызметтерден түсетін еркін айырбасталатын шетел валютасындағы түсімдер жолымен жүргізеді.
Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта резервтерінің құрылымын азайтуды және өзгертуді:
айырбастау бағамы саясатын қоса алғанда, ақша-кредит саясатын жүргiзу және iшкi валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздікті деңгейлестіру мақсатында еркін айырбасталатын валютаны сату;
бюджет қаражаты және Қазақстан Ұлттық Банкiнің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен, Қазақстан Ұлттық Банкінің халықаралық міндеттемелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының сыртқы борышын өтеу және оған қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттемелерін, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;
өнiм (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) импортына ақы төлеу, шет елдегі дипломатиялық және өзге де өкiлдiктердi ұстау, iссапар және өкілдік шығыстарын төлеу;
басқа шетел валютасын сатып алу үшін еркін айырбасталатын шетел валютасындағы активтерді сату;
Қазақстан Ұлттық Банкінің эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу;
Қазақстан Ұлттық Банкі алған кредиттер бойынша негiзгi соманы және сыйақыны қайтару, сондай-ақ комиссиялық және соларға iлеспе басқа да шығыстарды төлеу;
тазартылған алтынды Қазақстан теңгесіне және шетел валютасына өткізу;
шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқару мен сақтауға байланысты шығыстарды төлеу;
шығынды алтын-валюта резервтерін есептен шығару жолымен жүргізеді.
Алтын-валюта резервтерін ұлғайту немесе азайту алтын-валюта резервтеріне кіретін активтердің нарықтық құнының өзгеруі және Қазақстан Ұлттық Банкінде ашылған еркін айырбасталатын валютадағы банк шоттары иелерінің-резиденттердің операциялары нәтижесінде де жүргізіледі.
59-бап. Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін
тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым
құқығы
Қазақстан Республикасының өндіру және шығару субъектілерімен бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алу жөніндегі мәмілелерді жасасуға басым құқығы бар.
Қазақстан Ұлттық Банкі өндіру және шығару субъектілерінен бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырушы орган болып табылады.
Өндіру және шығару субъектілері тазартылған алтынды өткізген кезде ол басымдықты түрде Қазақстан Ұлттық Банкіне ұсынылады.
Мемлекеттің басым құқығы көлік шығыстарын, өткізу шығындарын және Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығы қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондон сапалы жеткізілімі" ("London good delivery") стандарты ретінде белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сай келмейтін тазартылған алтынды сатып алған жағдайда қолданылатын сапа жеңілдігін шегергендегі халықаралық нарықта қалыптасқан бағалар пайдаланылып есептелген бағалар бойынша тазартылған алтынды сатып алу жолымен іске асырылады.
Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру тәртібін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкі тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырудан бас тартқан жағдайда тазартылған алтынды өндіру және шығару субъектілері оны өздерінің қалауынша өткізеді.";
21) 11-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"11-тарау. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ МЕН ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЗАҢНАМАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ
МЕН ҚАДАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
ТӘРТІБІ
61-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының
бақылау мен қадағалау жөніндегі өкілеттіктері
1. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы Қазақстан Республикасының банк қызметі, сақтандыру және сақтандыру қызметi, валюталық реттеу мен валюталық бақылау, ақша төлемдері мен аударымдары, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, мемлекеттік статистика, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, почта, Қазақстанның Даму Банкі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды қаржы нарығының субъектілері мен қатысушыларының сақтауын бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында көрсетілген талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік іс қозғайды не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.
2. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы Қазақстан Республикасының банк қызметі, сақтандыру және сақтандыру қызметi, валюталық реттеу мен валюталық бақылау, ақша төлемдері мен аударымдары, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, почта, Қазақстанның Даму Банкі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды қаржы нарығының субъектілері мен қатысушыларының сақтауын қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өздерінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік іс қозғамай, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолданады.
3. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы бақылау мен қадағалауды осы Заңға сәйкес тексеру жүргізу нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.
4. Қазақстан Ұлттық Банкі басқа мемлекеттердің орталық банктерімен және бақылау мен қадағалау органдарымен ынтымақтастық жасайды және құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере отырып, бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алмасуға құқылы.
62-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының
тексеру түрлері
1. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы өз бетінше не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып, тексерілетін субъектілердің қызметіне кешенді түрде не олардың қызметінің жекелеген мәселелері бойынша іріктеп жоспарлы, жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулер жүргізеді.
2. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының жоспарлы тексеруі тексерулер жоспарына сәйкес жылына бір реттен жиі емес, тексерілетін субъектіге бара отырып жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының тексерулерді жоспарлауы жартыжылдық негізде жүзеге асырылады. Тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Тексерулер жоспарларын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы не Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының тиісті бұйрығының негізінде өзге де уәкілетті лауазымды адамдар бекітеді.
3. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының жоспардан тыс тексеруі тексерілетін субъектіге бара отырып мынадай жағдайларда:
1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген сұрау салулары келіп түсуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар және қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар туралы өзге де ақпараттың келіп түсуіне байланысты;
2) Қазақстан Ұлттық Банкі және (немесе) оның ведомствосы бақылау мен қадағалау функцияларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанын және қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғанын анықтаған жағдайда;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде;
4) алдыңғы тексеру анықтаған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру бір мезгілде бірнеше субъектінің Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері жөніндегі қызметін қамтуы мүмкін.
4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының құжаттамалық тексеруі бастапқы статистикалық және әкімшілік деректерді талдау процесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу белгілері анықталған кезде не жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттік органдардың өтініштері және Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын тексеруді талап ететін өзге де ақпараттың келіп түсуіне байланысты тексерілетін субъектіге бармай-ақ, құжаттар мен ақпаратқа сұрау салу нысанында жүзеге асырылады.
62-2-бап. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыру мен
жүргізудің жалпы тәртібі
1. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы жоспарлы, жоспардан тыс тексеруді Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Ұлттық Банкі ведомствосының және аумақтық филиалдарының басшылары не тиісті бұйрық негізінде өзге де уәкілетті лауазымды адамдар бекіткен тексеруді белгілеу туралы актінің (бұдан әрі - тексеруді белгілеу туралы акт) негізінде жүргізеді.
Жоспарлы немесе жоспардан тыс тексеру белгіленген жағдайда оны белгілеу туралы акт тексеруді белгілеу туралы актілерді тіркеу журналында тіркеледі. Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелері, аумақтық филиалдары және ведомствосы тексеруді белгілеу туралы актілерді тіркеудің жеке журналдарын жүргізеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі немесе оның ведомствосы тексеруді белгілеу туралы актіні тексеру басталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркейді.
Тексеруді белгілеу туралы актіде:
1) актінің нөмірі мен күні, айы, жылы;
2) тексеруші қызметкерлердің, сондай-ақ тексеруді басқару жүктелген адамдардың тегі, аты-жөні және лауазымы;
3) өзіне қатысты тексеру жүргізу белгіленген тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері;
4) тексерудің түрі;
5) тексеруге жататын мәселелер;
6) тексеруді жүргізу мерзімі;
7) тексерілетін кезең көрсетіледі.
2. Тексерілетін субъектінің басшысына (оның орынбасарына) тексеруді белгілеу туралы актінің көшірмесі тапсырылған күн жоспарлы, жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі. Тексерілетін субъектіге тексеру белгілеу туралы актінің көшірмесі тапсырылғаннан кейін оның түпнұсқасына актіні алғаны және онымен танысқаны туралы белгі қойылады.
Тексеруді белгілеу туралы актіні қабылдаудан бас тартқан немесе Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдарының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі жасалған жағдайда тиісті акт жасалады. Актіге Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы қол қояды. Тексерілетін субъектінің қызметкері тексеруді белгілеу туралы актіні қабылдаудан бас тартқан кезде онда тиісті жазба жасалады. Тексеруді белгілеу туралы актіні алудан бас тарту тексеруді жүргізбеуге негіз болып табылмайды. Тексерілетін субъект тексеруші топтың сұрау салуында көрсетілген мерзімде құжаттарды, ақпаратты беруден бас тартқан, тексеруді белгіленген мерзімде жүргізудің мүмкін болмауына әкеп соқтырған, осы баптың шарттары орындалмаған жағдайда, тексеруді белгілеу туралы актіні бекітуге уәкілетті лауазымды адамның келісімімен тексеру басшысының шешімі бойынша тексеру жүргізілмеген болып есептеледі.
Тексерілетін субъектінің басшысы (оның орынбасары) болмаған жағдайда тексеруді белгілеу туралы актінің көшірмесі тексерілетін субъектінің қызметкеріне не оның құрылтайшысына (құрылтайшыларының біріне) актінің түпнұсқасына қол қойғыза отырып тапсырылады.
Тексеруді белгілеу туралы актінің көшірмесі тексерілетін субъектінің қызметкеріне не оның құрылтайшысына (құрылтайшыларының біріне) тапсырылған кезде тексерілетін субъект басшысының (оның орынбасарының) оны алғаны туралы белгісі бар тексеруді белгілеу туралы актінің көшірмесі тексеруді белгілеу туралы акт тапсырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының лауазымды адамдарына ұсынылуға тиіс.
Тексеруді белгілеу туралы актінің көшірмесін тексерілетін субъектінің қызметкеріне не оның құрылтайшысына (құрылтайшыларының біріне) тапсыру мүмкін болмаған жағдайда ол тексерілетін субъектінің және (немесе) оның басшысының (оның орынбасарының) тіркелген жері бойынша хабарлана отырып, почта арқылы тапсырыс хатпен жіберіледі. Хат кері қайтарылған және тексеруді белгілеу туралы актіні тексеру жүргізу белгіленген мерзімде тапсыру мүмкін болмаған кезде тексеру жүргізілмеген болып есептеледі. Бұл ретте, тексеру басшысы тексеруді белгілеу туралы актіні бекітуге уәкілетті лауазымды адамды бұл жөнінде жазбаша хабардар етеді.
3. Тексерілетін субъект тексеру басталғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей, тексеру басшысының немесе Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының тексеруші қызметкерінің атына:
1) тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ тексерудің аяқталуы туралы актімен, аралық актімен және (немесе) тексерудің нәтижелері туралы актімен танысуға және оған қол қоюға жауапты басшы және оны алмастыратын адам;
2) тексерілетін субъектінің қажетті құжаттарды (мәліметтерді) дайындауға, оларды тексеруші қызметкерлерге уақтылы беруге және (немесе) тексеруші қызметкерлерден аралық актілерді алуға жауапты мамандары туралы деректері бар хатты ұсынады.
4. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Тексеру көлемінің ауқымдылығына байланысты жоспарлы, жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Ұлттық Банкі ведомствосының және аумақтық филиалдарының басшылары не өзге де уәкілетті лауазымды адамдар бекіткен тексеруді ұзарту туралы қосымша актінің негізінде отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Тексеруді ұзарту туралы қосымша актіде тексеруді белгілеу туралы алдыңғы актінің нөмірі және күні көрсетіледі.
5. Тексерілетін субъект тексеруші қызметкерлерге өзінің әкімшілік ғимараттарына (оның ішінде мереке және демалыс күндері) кіруге рұқсат беруге, жұмыс істеу үшін ұйымдастыру техникасымен және қалааралық байланыспен жабдықталған жеке үй-жай ұсынуға, тексерілетін субъектінің қызметіне қатысты ақпаратқа, оның ішінде деректерді түзету мүмкіндігінсіз, нақты уақыт режимінде (деректерді қағаз жеткізгішке шығару мүмкіндігімен қарау режимінде) автоматтандырылған жүйелерге және дерекқорларға қол жеткізуін қамтамасыз етуге, тексеруші қызметкерлерге қажетті құжаттардың көшірмелерін, оның ішінде электрондық түрдегі құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға мүмкіндік беруге, сондай-ақ тексеруші қызметкерлердің сұрақтарына түсініктемелер (ауызша және жазбаша) беруді қамтамасыз етуге және тексеруші қызметкерлерге тексеруді уақтылы аяқтауға жәрдемдесуге міндетті.
6. Тексеруші қызметкерлер тексерілетін субъектінің басшысына, тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшыға не тексерілетін субъектінің өзге де уәкілетті қызметкеріне көрсетілген мерзімде орындалуға жататын жазбаша сұрау салуды жібереді.
Тексерілетін субъект тексеруші қызметкерлерден сұрау салуды алған күні не сұрау салуда белгіленген мерзімде тексеру материалдарына қоса тіркеу үшін барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде олардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.
7. Тексеруші қызметкер ауыстырылған (тексеруші топтың құрамы өзгертілген) кезде қосымша акт жасалады, онда тексеруді белгілеу туралы бұрын жасалған актінің нөмірі мен күні және тексеруші қызметкерді ауыстыру (тексеруші топтың құрамын өзгерту) негіздері көрсетіледі.
8. Тексерілетін субъектіге тексеруді аяқтау туралы акті тапсырылған күн жоспарлы, жоспардан тыс тексерудің аяқталған күні болып есептеледі. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеруді аяқтау туралы актіге тексеру басшысы және оның тікелей басшысы қол қояды және ол тексерілетін субъектіге тексеруді белгілеу туралы актіде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімі аяқталғаннан кешіктірмей тапсырылады.
62-3-бап. Құжаттамалық тексеруді жүргізу ерекшеліктері
1. Құжаттамалық тексеру оны белгілеу туралы актіні ресімдеуді талап етпейді.
2. Құжаттамалық тексеру кезінде қосымша мән-жайларды анықтау мақсатында тексерілетін субъектінің атына уәкілетті лауазымды адам қол қойған сұрау салу жіберіледі, онда:
1) тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері;
2) құжаттамалық тексерудің негізі;
3) тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе оның ведомствосына ұсынуға міндетті құжаттардың тізбесі;
4) сұратылған материалдарды ұсыну мерзімі;
5) қажет болғанда, тексерілетін субъект тарапынан түсіндіру талап етілетін мәліметтер көрсетіледі.
3. Тексерілетін субъект, егер сұрау салуда өзгеше белгіленбесе, сұрау салуды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сұратылған құжаттар мен түсініктемелерді береді.
4. Тексерілетін субъект тарапынан қол қою талап етілмейтін құжаттамалық тексерудің нәтижелері туралы қорытындыға уәкілетті лауазымды адам қол қойған күн құжаттамалық тексерудің аяқталуы болып табылады.
62-4-бап. Тексерулердің өзге де мәселелері
1. Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының тексеруші қызметкерлері қажет болғанда тексерілетін субъектіге танысу үшін ұсынылатын аралық актілерді жасайды.
2. Тексерілетін субъект аралық актіні алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тексерілетін субъектінің басшысы (оның орынбасары) не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысы қол қойған аралық актінің бір данасын қайтарады және аралық актінің мазмұнына қатысты ескертулер болған жағдайда өзінің жазбаша қарсылықтарын тексеру басшысына ұсынады.
Аралық актілерде жазылған қорытындылар алдын ала жасалған қорытындылар болып табылады және тексерілетін субъектіден, оның ішінде үшінші тұлғалардан алынған қарсылықтар мен қосымша ақпарат ескеріле отырып, тексеру нәтижелері туралы актіде қайта қаралуы мүмкін.
3. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеру аяқталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тексерілетін субъекті басшысының атына Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының тексеруші қызметкерлері, тексеру басшысы және оның тікелей басшысы қол қойған тексеру нәтижелері туралы актінің екі данасы жіберіледі.
Тексеру нәтижелері туралы актіде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні және орны;
2) тексеруді жүргізген органның атауы;
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді белгілеу туралы актінің күні және нөмірі;
4) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты-жөні және лауазымы;
5) тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса), тексерілетін субъекті басшысының не оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
6) тексеруді жүргізу орны және кезеңі;
7) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер;
8) тексерілетін субъекті басшысының (оның орынбасарының) не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысының не осы баптың 7-тармағында көрсетілген өзге де адамның тексеру нәтижелері туралы актімен танысқаны туралы мәліметтер;
9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы.
Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелерімен байланысты қажетті құжаттар (мәліметтер) немесе олардың көшірмелері қоса берілуі мүмкін.
4. Тексерілетін субъектінің басшысы (оның орынбасары) не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын қабылдайды, актінің екінші данасының әрбір парағына қол қояды, оның соңғы парағына лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, алған күні туралы белгі қояды және тексеру нәтижелері туралы актіні алған күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей, оны Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе оның ведомствосына жібереді. Тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіде жазылған тексеру нәтижелерін тексерілетін субъектінің атқарушы және басқа да басқару органдарының назарына жеткізеді.
5. Тексеру нәтижелері бойынша қарсылықтар болған кезде тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіні алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе оның ведомствосына жазбаша нысанда ұсынады.
6. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде жазылған тексерілетін субъектіні тексеру нәтижелері, қажет болғанда, тексерілетін субъектінің басшылары шақырыла отырып, Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының (оның орынбасарларының), оның ведомствосы басшысының (оның орынбасарларының), Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының бөлімшелері басшыларының (олардың орынбасарларының), тексеруге басшылық ету жүктелген адамдардың төрағалық етуімен өтетін кеңесте қаралады.
Кеңес нәтижелері кеңес төрағасы қол қойған хаттамамен ресімделеді және қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде тексерілетін субъектінің басшысына танысуға жіберіледі. Қарсылықтары болған жағдайда тексерілетін субъект кеңес хаттамасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе оның ведомствосына жазбаша нысанда ұсынады.
Қазақстан Ұлттық Банкі немесе оның ведомствосы тексерілетін субъектінің кеңес хаттамасына қарсылықтарымен келіспеген кезде түпкілікті шешімді Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы немесе оның ведомствосының басшысы не олардың орынбасары қабылдайды және ол тексерілетін субъект басшысының назарына жеткізіледі.
7. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге тексерілетін субъект тарапынан басшысы, оның орынбасары не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысы қол қояды.
Тексерілетін субъектінің басшысы, оның орынбасары не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысы болмаған кезде жоспарлы, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге тексерілетін субъект тарапынан оның құрылтайшысы (құрылтайшыларының бірі) не тексерілетін субъектінің атынан, оның ішінде тиісті бұйрық және (немесе) сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын өзге қызметкері қол қояды.
8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген адамдар болмаған және оларға тексеру нәтижелері туралы актіні қол қою үшін тапсыру мүмкін болмаған жағдайда тексеруші адамдар оның нәтижелері туралы актіге қол қойған күннен бастап тексеру аяқталған болып есептеледі.
9. Тексеру нәтижелері Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының өз функцияларын орындауы мақсатында ғана пайдаланылуға тиіс.
10. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіні тексерілетін субъект жарнамалық немесе өзге де мақсатта өзінің қаржылық жай-күйін растау үшін пайдалана алмайды, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді.
11. Тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе оның ведомствосына берген қаржылық және өзге есептіліктің құжаттамалық деректері жоспарлы, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде келтірілген мәліметтерге сәйкес келмеген кезде тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының нұсқауы бойынша өзінің есептілігін, тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген нақты деректерге, оның ішінде өткен есепті күндерге сәйкес келтіреді.
12. Тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкінің ведомствосы белгілеген мерзімде жоспарланған шаралары, жауапты орындаушылары және тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мерзімдері көрсетілген іс-шаралар жоспарын келісуге ұсынады.
Іс-шаралар жоспарын Қазақстан Ұлттық Банкінің ведомствосымен келісуден өткізген соң тексерілетін субъект бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы есептерді не іс-шаралар жоспары бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелердің орындалмау себептері туралы түсініктемелерін береді.
13. Тексерілетін субъектінің осы Заңның 62-2-бабы 2-тармағының төртінші бөлігінде, 3, 5 және 6-тармақтарында, 62-3-бабының 3-тармағында, сондай-ақ осы баптың 2, 4 және 12-тармақтарында көрсетілген талаптарды бұзуы тексерілетін субъектіге не оның басшысына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдануға негіз болып табылады.
14. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының қызметкерлеріне тексерілетін субъектінің қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жариялауға не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
15. Тексеруді жүзеге асыратын адамдар тексерілетін субъектінің қызметін тексеру барысында алынған және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
62-5-бап. Бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары
Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес берілетін ақпарат пен есептілікті талдау;
2) қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау үшін олардың қызметін талдау (қашықтан қадағалау);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген рұқсат беру құжаттарын келісу, беру және қайтарып алу, келісулер, лицензиялау, бағалы қағаздардың шығарылымдарын тіркеу, бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есептерді бекіту, бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою мәселелері бойынша құжаттарды, үлестес тұлғалар туралы ақпаратты қарау;
4) уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің үй-жайлардың техникалық жарақталуына қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеріп қарау;
5) кредиттік тарих жүйесіне және сақтандыру бойынша дерекқорына қатысушылардың қауіпсіздік жүйесін және үй-жайларына, электрондық және өзге жабдықтарына қойылатын талаптарды орындауын тексеріп қарау;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен қаржы ұйымдарына өз өкілін жіберу;
7) аккредиттеу, тізілімдерді жүргізу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттарды тіркеу;
8) белгіленген пруденциялық нормативтердің және (немесе) өзге де сақталуы міндетті нормалар мен лимиттердің, оның ішінде шоғырландырылған негізде орындалуымен немесе сақталуымен байланысты қызметті талдау;
9) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының уақытша әкімшіліктері (уақытша әкімшілері), тарату комиссиялары беретін есептілік пен өзге де ақпаратты қарау;
10) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, тарату комиссияларының төрағасы мен мүшелерін тағайындау және босату;
11) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының аралық тарату балансын және кредиторлары талаптарының тізілімін, ерікті түрде немесе мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының кредиторлары комитетінің құрамын бекіту;
12) мәжбүрлеп таратылатын банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы есепті және тарату балансын келісу;
13) валюталық бақылау агенттеріне олардың валюталық бақылауды тиісінше жүзеге асыру мақсатында орындауы үшін міндетті тапсырмалар беру;
14) тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша олардың кездесулері мен талқылауларын өткізу;
15) қаржы ұйымдарының және сақтандыру тобының немесе банктік конгломераттың бас ұйымының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды сақтауымен байланысты қызметті талдау;
16) актуарийлердің біліктілік емтиханын өткізу;
17) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебін бекіту жолымен жүзеге асырады.";
22) 66-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын;
23) 70-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"70-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкiлеттiктер
Қазақстан Ұлттық Банкiне жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi кез келген жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді өтеусіз алуға құқылы. Бұл ретте алынған мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.
Мемлекеттік органдар, қаржы және өзге де ұйымдар, олардың қауымдастықтары (одақтары), сондай-ақ жеке тұлғалар Қазақстан Ұлттық Банкінің сұрау салуы бойынша құжаттарды, қаржы есептемесін қоса алғанда, есептемені және қажет болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкінің өз функцияларын орындауына қажетті өзге де қосымша ақпаратты беруге міндетті.";
24) 70-1-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметтерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға өтеусіз негізде мемлекеттік қызметтер көрсетеді.";
25) 71 және 72-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"71-бап. Талап етудің ескіру мерзімі
Қазақстан Ұлттық Банкінің кредит шарттарының тиiсiнше орындалмауы жөнiнде қарыз алушыларға қоятын талаптарына талап етудің ескіру мерзiмi қолданылмайды.
72-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің жауапкершiлiгi
Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.".
9. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж. № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
1) 4-баптағы "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкілеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-бапта:
екінші бөлікте:
бірінші сөйлемдегі "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемдегі "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "Ұлттық Банк" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі "қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер "Ұлттық Банктің" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 16-баптың екінші бөлігінің 12) тармақшасындағы және сегізінші бөлігіндегі "уәкiлеттi органның" деген сөздер "Ұлттық Банктің" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 18-баптың төртінші бөлігіндегі "уәкілетті органға" деген сөздер "Ұлттық Банкке" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны тіркеуші органдарда (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі лицензиясының болуымен айқындалады.";
2) 2-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) банкаралық клиринг – төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есепке жатқызуын жүргізу және клирингке қатысушылардың – банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) депозит – бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға – банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Ұлттық почта операторына олардың алғашқы талап ету бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз толық немесе бөліп-бөліп тікелей депозиторға қайтарылуы не тапсыру бойынша үшінші тұлғаларға берілуі тиіс не тиіс емес екеніне қарамастан, оларды номиналды түрде (ислам банкіндегі инвестициялық депозитті қоспағанда) қайтару талабымен беретін ақша;";
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) мамандандырылған салалық банк – қызметі Қазақстан Республикасының жеке заңнамалық актісімен реттелетін екінші деңгейдегі банк;";
3) 3-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн білдіреді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (уәкілетті орган) мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiктері "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен айқындалады.
Уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде банк қызметiнiң мәселелерi бойынша реттеудi, сондай-ақ өзінің ведомствосымен қатар бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға ықпал етеді.
Уәкілетті органның банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты реттеу функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұруға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған.";
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Қазақстан Республикасында "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамын қоспағанда, мемлекет қатысатын мамандандырылған салалық банктерді құруға жол берілмейді.";
4) 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.";
5) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым
Уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы Заңда көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргiзуге құқылы, банк болып табылмайтын заңды тұлға банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болып танылады.";
6) 5-1-бапта:
1-тармақтағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақшаның бірінші бөлігіндегі "Ұлттық Банкке" деген сөздер "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "Ұлттық Банктiң" деген сөздер "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап. Уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу
1. Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлғаның:
1) негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде банк операцияларын орындауға;
2) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада "банк" деген сөздi немесе содан туындайтын, ол банк операцияларын орындайтындай әсер қалдыратын сөздi (ұғымды) пайдалануға құқығы жоқ. Бұл тыйым уәкілетті органға, банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне, банктердің еншілес ұйымдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.
2. Мемлекеттiк орган, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық почта операторы, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің операторы, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметтi (операцияларды) қоспағанда, уәкiлеттi органның лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болып табылады.";
8) 8-баптың 9-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) банкаралық клирингті жүзеге асырумен;";
9) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Банк операцияларын жүргiзуге уәкiлеттi органның лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға банк операциялары санатына жатқызылған, жүзеге асырылатын қызметтердi жарнамалауға тыйым салынады.";
10) 11-1-бапта:
6-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) өтініш берілген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде ықпал етудің қолданыстағы шектелген шарасының және (немесе) уәкілетті органның банкке және (немесе) банк холдингіне және (немесе) сатып алу көзделген еншілес ұйымға қатысты қолданған санкциясының болуы;";
13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты қайтарып алған кезде уәкілетті орган рұқсатты қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған немесе банк және (немесе) банк холдингі рұқсатты қайтарып алу туралы өтінішті берген күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.";
11) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уәкілетті органнан басқа барлық банктерге өз атауында кез келген тiлде толық немесе қысқарған түрде "ұлттық", "орталық" деген сөздердi пайдалануға тыйым салынады.";
12) 17-1-бапта:
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Келісім беруге негіз болған мәліметтер анық емес деп анықталған немесе өтініш беруші ірі қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін иелену салдарынан Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзған немесе ірі қатысушылар немесе банк холдингі Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтамаған жағдайда уәкілетті орган келісімді қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде осы бапқа сәйкес берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдай отырып, оны қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда, өзіне осындай шара қолданылатын тұлға алты ай ішінде өзіне тиесілі банк акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.";
18-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Банк акцияларының саны банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне тиесілі он немесе жиырма бес пайыздан кем болатын санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің өтініші бойынша не көрсетілген фактіні өз бетінше анықтаған жағдайда оны анықтаған күннен бастап екі ай ішінде банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.";
13) 24-баптың 1-тармағы г-1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болса;";
14) 26-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уәкiлеттi орган банк операцияларын, сондай-ақ осы Заңда белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге лицензияларды осы Заңның талаптарына сәйкес уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен бередi.";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкiлеттi орган лицензия берген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктердің жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш беруші мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есеп беру мен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауға, тиісті персонал жалдауға, содан соң уәкілетті органға мынадай құжаттарды:";
2) тармақша алып тасталсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) ең төменгі мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін беруге тиіс.";
3, 4 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде лицензиат осы баптың 2-тармағындағы талаптардың орындалғанын растайтын құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен беруге мiндеттi.
4. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін құжаттар берілген күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.";
"8. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру туралы шешiм уәкiлеттi органның ресми басылымдарында жарияланады.";
15) 28-баптың 1 және 2-тармақтары алып тасталсын;
16) 29-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
6-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "қолданбауы;" деген сөз "қолданбауы міндетті шарттар болып табылады." деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;
17) 30-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тапсырма шарты негізінде сенім білдірушінің (қызметті берушінің) атынан және оның тапсырмасы бойынша іс-әрекет жасайтын сенім білдірілген адам жүзеге асыратын қаржылық қызметтен басқа, көрсетілетін қызметтер үшін төлеуге тұтынушылардан қолма-қол, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы ақша қабылдау. Сенім білдірілген адамның төлемдерді сенім білдірушінің (қызметті берушінің) пайдасына қабылдау құқығын растайтын құжаттар төлеушіге оның талап етуі бойынша танысу үшін берілуге тиіс.";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы баптың 2-тармағында тізбеленген банк операциялары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін.
5. Банктерге осы бапта көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны уәкілетті орган береді.";
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осындай ұйымның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген;";
7, 7-1, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдар, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық почта операторы, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің операторы, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкі уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.
7-1. Уәкілетті органның лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоспағанда, қызметтің өзге түрлерімен (операциялармен) айналысуына тыйым салынады.";
"9. Осы бапта көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
10. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде банктерге және жекелеген қызмет түрлеріне лицензиялар алуына байланысты банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.";
18) 34-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Банктiк қарыз операциялары банктiң, ипотекалық ұйымның немесе агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымының басқару органы бекiтетiн Ішкi кредит саясаты туралы қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.";
19) 36-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен, қарыз алушының талабы бойынша ашылған банк шоттарындағы, қарыз алушы мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылары мен әлеуметтік төлемдер түрінде алатын ақшаны қоспағанда, қарыз алушының кез келген банк шоттарындағы ақшаны даусыз (акцептсіз) тәртіппен өндіріп алуға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында ескертілген болса);";
20) 40-3-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Қарыз алушы – жеке тұлғалардың ипотекалық қарыз шарттары жөніндегі міндеттемелерді орындау шарттарын өзгертуге қатысты өтініштері бойынша банк омбудсманы тараптардың осы бапта көзделген шешімді қабылдамай-ақ, кездесулер өткізу және ұсынымдар беру жолымен өзара қолайлы шешімге қол жеткізуіне жәрдемдеседі.
Өтінішті қарау нәтижелері мүдделі тараптар немесе олардың өкілдері қол қоятын хаттамамен ресімделіп, қарыз алушының және банктің назарына жеткізіледі.";
21) 46-баптың 9-тармағы алып тасталсын;
22) 47-баптың 6-1-тармағы алып тасталсын;
23) 48-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"48-бап. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берілген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату не олардан айыру үшiн негiздер";
1-тармақтың ж) және з) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"ж) уәкiлеттi органға есептер мен мәлiметтер бермеу немесе оларды көрінеу анық емес етiп беру;
з) уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерін үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзу не жазбаша нұсқаманы үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау;";
мынадай мазмұндағы 1-4-тармақпен толықтырылсын:
"1-4. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берілген лицензияның қолданылуын тоқтату "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша және лицензиатты барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге құқылы және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын тұлғалар тізбесінен алып тастаған кезде жүзеге асырылады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уәкiлеттi орган бұзушылықтың сипатына қарай барлық не жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрады не одан айырады.
Уәкілетті органның барлық не жекелеген банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешімдеріне шағым жасау осы шешімдердің орындалуын тоқтата тұрмайды.";
24) 50-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) банктердің дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға, резидент еместі қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне банк шоттарының ашылғаны туралы салық органдарын міндетті түрде хабардар етуі;";
9) тармақшадағы "мәліметтер беруі банк құпиясын ашу болып табылмайды." деген сөздер "мәліметтер беруі;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) банктік қарыз беру фактісін растайтын құжаттарды басқа банктерге беруі;
11) банкроттық саласындағы уәкілетті органға және конкурстық басқарушыға оған қатысты соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаның банк шоты бойынша мәліметтерді беруі банк құпиясын ашу болып табылмайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмiрлерi туралы анықтамалар банк басқармасының төрағасы немесе оның орынбасарлары қол қойған жазбаша сұрау салу негізінде, оған қатысты шоттың (шоттардың) иесi қарыз алушы, кепілгер, кепiлдік берушi, лизинг алушы немесе кепiл берушi болып табылатын банкке кредит алынғанын растайтын, тізбесі мен ұсыну тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттарды ұсынған жағдайда, берiледi.";
д) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаға қатысты салық салуға байланысты мәселелер бойынша;";
төртінші, бесінші және алтыншы абзацтар алып тасталсын;
д-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"д-2) жеке сот орындаушыларына: олардың жүргізіп жатқан атқару істері бойынша жеке сот орындаушысының жеке мөрімен расталған және сот санкция берген қаулысы не оның жеке мөрмен расталған көшірмесі негізінде.";
6-1-тармақтың екінші бөлігіндегі "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен" деген сөздер "уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7-1. Егер осы баптың 6-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтамалар клиенттiң банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме нысанында беріледi. Клиенттiң банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзiндi көшірмеде болуға тиiс мәлiметтер уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.";
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Осы баптың талаптары банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға да қолданылады.";
25) 51-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен" деген сөздер "уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"54-бап. Банктердегi есепке алу және есептілік
1. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық және өзге де есептілiктi қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептiлiктiң тізбесін, нысандарын не нысандарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды беру мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкiлетті орган белгілейдi.
Банктер операциялар мен оқиғаларды есепке алуды Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Банктер уәкiлеттi органның сұрау салуы бойынша өздерiнiң қаражаттары, оның iшiнде Қазақстан Республикасы шегiнен тысқары жердегi қаражаттары, қабылданған депозиттер мен берiлген кредиттердiң мөлшерi, жасалған және жасалып жатқан банк операциялары туралы кез келген ақпаратты және банк құпиясын құрайтын мәлiметтердi қоса алғанда, өзге де мәлiметтердi беруге мiндеттi.
3. Банктер уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен ірі қатысушылары банктер болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде уәкілетті орган сұратқан кез келген ақпаратты беруге міндетті.
4. Уәкілетті органның қызметкерлері осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген құқықтарды іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені не үшінші тұлғаларға бергені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
27) 55-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктер – жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда, шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетін аудиторлық ұйым оларда ұсынылған мәліметтердің анықтығын растағаннан кейін және банк акционерлерінің жылдық жиналысы қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.
Банктер тоқсан сайын уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сай келетін бухгалтерлік балансын, пайдасы мен шығыны туралы есебiн, олардың аудиторлық растауынсыз-ақ жариялап отырады.";
28) 57-баптың 3-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жүргiзiлген банк операцияларының осы Заңның және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi;";
29) 59-3-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Банк соттың қайта құрылымдау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспа басылымында қазақ және орыс тілдерінде тиісті хабарландыру жариялау арқылы депозиторларға, кредиторларға және өзге де клиенттерге қайта құрылымдау туралы хабарлайды.
Банк соттың қайта құрылымдау туралы заңды күшіне енген шешімінің көшірмесін алған күннен кейінгі күннен кешіктірілмейтін мерзімде оны корреспондент-банктерге жібереді.";
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Банктер соттың қайта құрылымдауды тоқтату туралы заңды күшіне енген шешімінің көшірмесін алған күннен кейінгі күннен кешіктірілмейтін мерзімде оны корреспондент-банктерге жібереді.";
30) 61-3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Активтер мен міндеттемелерді тұрақтандыру банкіне бергеннен кейін сыйақыны есептеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерді орындау он екі ай мерзімге тоқтатыла тұрады. Жеке және заңды тұлғалардың жедел салымдары бойынша міндеттемелерді, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті орган алдындағы міндеттемелерді, сондай-ақ тұрақтандыру банкіне берілген активтермен қамтамасыз етілген екінші деңгейдегі банктер алдындағы міндеттемелерді қоса алғанда, орындалу мерзімі басталған міндеттемелерді тұрақтандыру банкі орындауға тиіс. Тұрақтандыру банкі жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары бойынша міндеттемелерді орындайды.";
31) 73-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Таратылатын банктің мүлкін өткізуді банкті тарату комиссиясы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүргізеді.";
32) 74-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Тарату комиссиясы төрағасының және мүшесінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, мәжбүрлеп таратылатын банктің істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және кредиторлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, олармен жасасатын келісіммен реттеледі.";
33) 74-4-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
34) 75-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Олардың әрқайсысы үшiн рұқсат етiлген банк операциялары түрлерiнiң тiзбесiн, оларға банк операцияларын жүргiзуге лицензия берудiң негiздерi мен олардың қызметiн ықтимал шектеулердi қоса алғанда, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық мәртебесi, құрылу тәртiбi, лицензиялануы, қызметiнiң реттелуi мен тоқтатылуы осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ал Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларда уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.";
3-тармақ алып тасталсын;
35) 77-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"77-бап. Уәкілетті органның iс-әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым беру
Уәкiлеттi органның банк қызметiн реттеу саласындағы iс-әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) сотқа шағым берілуі мүмкiн.".
11. "Прокуратура туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
21-баптың 1-тармағының 5-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-2) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лауазымды адамдарын қоспағанда) банк құпиясын құрайтын құжаттарға қол жеткiзуіне;".
12. "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 1-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.";
2) 5-4-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктің 2) тармақшасындағы "нұсқама беру шектеулі шараларын қолдануға құқылы." деген сөздер "нұсқама беру;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
"3) жазбаша ескерту жасау;
4) ипотекалық ұйыммен жазбаша келісім жасау шектеулі шараларын қолдануға құқылы.";
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
"Уәкілетті орган ипотекалық ұйымның Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда немесе егер орын алып отырған кемшiлiктер уәкілетті орган белгiлеген мерзiмде жойылмаса, жазбаша ескерту ипотекалық ұйымға осы баптың 4-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкiндiгi туралы уәкiлеттi органның хабарламасы болып табылады.
Жазбаша келiсiм ипотекалық ұйым мен уәкiлеттi орган арасында анықталған кемшiлiктердi дереу жою қажеттiгi туралы және осыған байланысты бiрiншi кезектегi шараларды бекiту туралы жасалады.";
3) 25-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) негiзгi мiндеттеменiң орындалмағаны және жеке тұлға болып табылатын ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепіл беруші ипотека тіркелген жердегі органда тіркелген ипотеканы өткізуді сот тәртібінен тыс жүргізуден жазбаша бас тартуды бермегені туралы хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған кезде, бiрақ аталған хабарлама кепiл берушiге осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес тапсырылған немесе жiберiлген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен ерте болмағанда, сенiм бiлдiрген тұлға кепiлге берiлген мүлiкке сауда-саттық өткiзу туралы хабарлама жасап, оны ипотека тіркелген органда тiркейдi, кепiл берушiге, сондай-ақ кепiл ұстаушыға тапсырады немесе кепіл шартында көрсетілген мекенжай бойынша тапсырыс хатпен жібереді және осы Заңның 28-бабына сәйкес сауда-саттық туралы ресми хабарландыру жариялайды;".
13. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"29) инвестициялық декларация – инвестициялау объектілерінің тізбесін, зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерін, зейнетақы активтерін хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын айқындайтын құжат;";
45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"45) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;";
2) 22-4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Агент уақтылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары салымшы табысты нақты төлеген және алған жағдайда оларды салық органдары өндiрiп алады немесе оларды агенттер әрбiр мерзімі өткен күнге (Орталыққа төлейтiн күндi қоса алғанда) уәкілетті орган белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен бiрге мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуға тиіс.";
3) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"29-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақылық қағидалары және инвестициялық декларациялары
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) зейнетақы шарттарын өзгерту немесе тоқтату тәртiбiн;
2) зейнетақы жарналары мен төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi мен талаптарын;
3) жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылар мен салымшылар алдындағы мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгiн;
4) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат беру тәртiбiн;
5) зейнетақы жинақтарын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне аудару талаптарын;
6) салымшыларға жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлері, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және кастодиан банк туралы мәліметтер ұсынуды;
7) жинақтаушы зейнетақы қоры қалыптастыратын инвестициялық портфельдер туралы мәліметтерді;
8) жинақтаушы зейнетақы қорлары, салымшылар мен алушылар арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшелiктерiн қамтитын зейнетақылық қағидаларды белгiлейдi.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары әрбір қалыптастырылатын инвестициялық портфель бойынша инвестициялық декларациялар қабылдайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының әрбір инвестициялық портфель бойынша инвестициялық декларациялары, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мерзімді баспа басылымдарында олар бекітілген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жариялануға тиіс.
Инвестициялық декларациялар жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
3. Зейнетақылық қағидаларды және инвестициялық декларацияларды, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды акционерлердің жалпы жиналысы уәкiлеттiк берген жинақтаушы зейнетақы қорының органы бекiтедi.
4. Зейнетақылық қағидалар мен инвестициялық декларациялар жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) мүдделерiне қысым жасамауға және оларды нашарлатпауға тиiс.";
4) 31-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жинақтаушы зейнетақы қорлары Орталықтың зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы хабарламасын орындамағаны, уақтылы орындамағаны үшін құқықтары бұзылған салымшының (алушының) пайдасына аударылуға жататын зейнетақы жинақтары сомасына әрбір мерзімі өткен күн үшін (аудару күнін қоса алғанда) уәкілетті органның қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін құқықтары бұзылған адамның пайдасына әрбір мерзімі өткен күн үшін (төлеу күнін қоса алғанда) уәкілетті органның қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еселенген мөлшеріндегі төлем сомасында өсімпұл төлеуге міндетті.
Орталық жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жинақтарын уақтылы аудармағаны үшін құқықтары бұзылған салымшының (алушының) пайдасына аударылуға жататын зейнетақы жинақтары сомасына әрбір мерзімі өткен күн үшін (аудару күнін қоса алғанда) уәкілетті органның қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.";
5) 36-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 36-1-бапта:
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Келісім беруге негіз болған анық емес мәліметтер анықталған немесе өтініш беруші ірі қатысушы мәртебесін иелену салдарынан Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзған немесе ірі қатысушылар осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда уәкілетті орган келісімді қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде осы бапқа сәйкес берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдай отырып, оны қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өзіне тиесілі акцияларының санын алты ай ішінде осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.";
16-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акциялары санының жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) санына пайыздық арақатынасы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына тиесілі он пайыздан кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының өтініші бойынша не көрсетілген фактіні өз бетінше анықтаған жағдайда осы факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.";
7) 37-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттiк тiркеудi әдiлет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органның рұқсаты болған кезде жүзеге асырады.";
8) 41-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен және мерзімдерде қаржылық есептілік пен аудиторлық есепті және уәкiлетті орган айқындаған тәртіппен өзге де есептілік пен өз қызметi туралы ақпаратты жариялауға мiндеттi. Бұл ретте, жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа кепiлдiк немесе уәде қамтылған ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Pecпубликасының заңнамасымен жариялауға тыйым салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi;";
9) 42-бапта:
8-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақылық қағидаларында және (немесе) инвестициялық декларациясында көзделген ережелерді жүйелі түрде (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп жағдайларда) бұзуы;";
14-тармақ алып тасталсын;
10) 42-7-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым мен оның ірі қатысушысының, ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның арасында уәкілетті органның осы Заңда көзделген бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қатынастар болған;";
11) 43-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша қосылу нысанында жүзеге асырылады. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Мемлекет, Ұлттық әл-ауқат қоры және (немесе) уәкiлеттi орган қатысатын жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргiзу ерекшеліктері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен айқындалады.
Уәкiлеттi органның қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсаты ол берілген күннен бастап тоғыз ай бойы қолданыста болады.
Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтінішхатқа мынадай құжаттар:
1) жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының оны қайта ұйымдастыру туралы шешiмi;
2) жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастырудың белгіленетін болжамды талаптары, тәртібі мен мерзiмдерi;
3) жинақтаушы зейнетақы қорының оны қайта ұйымдастырғаннан кейiнгi есептiк балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы қоса беріледi.
Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтінішхатты құжаттардың толық топтамасы берiлген күннен бастап екі ай iшiнде қарауға тиiс.";
12) 45-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтінішхатын уәкілетті орган тиісінше ресімделген құжаттарды алған күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.";
13) 45-2-баптың 7-тармағында:
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Тарату комиссиясы төрағасының және мүшесінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының істерін және мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және кредиторлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, олармен жасасатын келісіммен реттеледі.";
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін өткізуді оның тарату комиссиясы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүргізеді.";
14) 45-3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
15) 49-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары бухгалтерлiк есепті жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға өз қаражаты және зейнетақы активтері бойынша қаржылық есептемені және бастапқы статистикалық деректерді бөлек береді.".
14. "Ақша төлемi мен аударымы туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат, 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-бапта:
1-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) клиентіне "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 581-бабының 13) тармақшасында көзделген негіздер бойынша және жағдайларда жаңа банк шотын ашуға;";
2-1-тармақтың екінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) клиентке ақшаны (салымды) банк салымы шартында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптармен, оның iшiнде оны клиенттiң басқа банк шотына аудару жолымен қайтаруға;";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) шартта көзделген негіздер бойынша үшінші тұлғалардың клиенттің ақшасын алып қою туралы өкімін орындауға байланысты операцияларды орындау үшiн банктiң клиентке ашатын банк шоты.";
2) 13-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктер ақша жөнелтушінің акцептін талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы жасалған банктік қарыз шартына, кредиттік желі ашу туралы келісімге немесе қарыз операциясының не кепілдік беру фактісін растайтын өзге де құжатқа сәйкес қарыз алушының қарыз бойынша мерзімі өткен берешегі болған жағдайда, берешекті қарыз алушыдан, кепілгерден өндіріп алу үшін қолданады және ақша жөнелтушінің өз банк шотынан ақшаны акцептсіз алып қоюға келісімі бар құжаттар қоса тіркеліп, ақшаны жөнелтуші банкке береді.";
3) 15 және 34-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Инкассолық өкiм берiлген кезде пайдаланылатын құжаттар
Ақша жөнелтушiнің келiсiмiнсiз ақшаны алып қоюға арналған инкассолық өкiм соттардың шешiмдерi, үкiмдерi, ұйғарымдары және қаулылары бойынша берiлетiн атқару құжаттары немесе бұйрықтары немесе ақшаны өндiрiп алу туралы сот бұйрығы негiзiнде берiледi.";
"34-бап. Аударым жасау кезiнде ақшаны қайтару
1. Аударым жасау кезiнде ақшаны қайтару:
1) ақша аудару арқылы жүзеге асырылатын төлемнiң санкцияланбау фактiсi анықталған;
2) ақша жалған төлем құжаты негiзiнде аударылған;
3) қате берiлген нұсқау орындалған жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Бенефициар банк қате нұсқау бойынша ақшаны қайтаруды бенефициардың ақша қате есепке жатқызылған банк шотынан ақшаны акцептсіз алып қою жолымен жүзеге асырады.
3. Бенефициар банк қате нұсқау бойынша ақшаны қайтаруды бенефициардың банк шотындағы ақша есебінен, оның ішінде, егер банк шоты бойынша уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның банк шотындағы ақшаға тыйым салу және (немесе) банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімі және (немесе) белгіленбеген мерзімдерде орындалуға жататын орындалмаған нұсқаулар болған жағдайда жүзеге асырады.
4. Бенефициардың банк шотында ақша жеткіліксіз болған не ақша болмаған жағдайда қате нұсқау бойынша ақшаны қайтаруды қате нұсқауға жол берген жөнелтуші Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде өз ақшасы есебінен жүзеге асырады.
5. Ақшаны қайтару санкцияланбаған немесе қате нұсқау орындалған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін жүргізілмейді.
6. Ақшаны қайтарған кезде ақша аударуға қатысушы әрбiр жөнелтушiнiң (оның iшiнде делдал банктiң) осындай ақша аударымына байланысты және ақшаны қайтару салдарынан шеккен нақты шығыстарды өтетуге құқығы бар.";
4) 38-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенін жүзеге асыруға байланысты банкті қайта құрылымдау кезеңінде алушы банк қайта құрылымдау тоқтатылғанға дейін банктің олар бойынша міндеттемелерін тоқтата тұрған және қайта құрылымдау жоспарында бар нұсқауларды қабылдауға және сақтауға міндетті. Банкті қайта құрылымдау тоқтатылған жағдайда алушы банк мұндай нұсқауды орындамастан, оны жөнелтушіге қайтарып беруге міндетті.
Олар бойынша міндеттемелері тоқтатыла тұрмаған және қайта құрылымдау жоспарына кірмеген нұсқаулар осы Заңда, Қазақстан Республикасының Салық және Азаматтық кодекстерінде белгіленген тәртіппен орындалады.".
15. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат):
1) 3-баптың 3-тармағы 4) тармақшасындағы "атқаратын адамдар теңестіріледі." деген сөздер "атқаратын адамдар;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері теңестіріледі.";
2) 10-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасына және оның орынбасарларына инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымдарға тағайындалған күндерінен бастап бір ай ішінде лауазымдарға тағайындалғандарына дейін сатып алған, инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті.".
16. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 1-2) тармақшасындағы "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі – Ұлттық Банк)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 18-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қаржы ұйымдарының аудиторлық есебін жасау және оны Ұлттық Банкке беру мерзімдері Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.";
2, 3 және 4-тармақтардағы "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға", "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер тиісінше "Ұлттық Банкке", "Ұлттық Банк" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 21-баптың 2-тармағының 7) және 9) тармақшаларындағы "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға" деген сөздер "Ұлттық Банкке" деген сөздермен ауыстырылсын.
17. "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат):
1) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мыналар:
1) техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдар мемлекеттiк қызметшiлерге жатпайды. Мұндай адамдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілері мемлекеттiк қызметшiлерге жатпайды.";
2) 10-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары аталған лауазымдарға тағайындалған күндерінен бастап бір ай мерзімде өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге және оларды сенімгерлік басқаруға арналған, нотариат куәландырған шарттың көшірмесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кадр қызметіне ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға құқылы емес.";
3) 21-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жалақысы республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен төленедi.".
18. "Қаржы лизингі туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 247-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат):
10-баптың бірінші бөлігіндегі "қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын.
19. "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 378-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат):
13-баптың 5-тармағындағы "қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын.
20. "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
8-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мүдделi тұлғалардың жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа құқықтық актiнiң күшiн жою, оны өзгерту немесе қолданылуын тоқтата тұру туралы өтініш беруi тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн құқықтық актiнiң (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актісін, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларын қоспағанда) қолданылуын тоқтата тұрады.".
21. "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 21, 382-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2005 ж., № 7-8, 22-құжат; 2007 ж., № 14, 102-құжат; 2011 ж., № 4, 37-құжат; № 16, 128-құжат):
4-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі, 5-баптың 1 және 2-тармақтарының бірінші абзацтарындағы, 8-баптың 3-тармағындағы "қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын.
22. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"2-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар
1. Осы Заң сақтандыруды кәсіпкерлiк қызмет түрі ретінде жүзеге асырудың негізгi ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерiн құру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметiн тоқтату ерекшелiктерiн, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру нарығындағы қызметтерiнің талаптарын, сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерi сақтандыру нарығының барлық қатысушылары үшін мiндеттi болады.";
2) 21-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 26-бапта:
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Келісім беруге негіз болған анық емес мәліметтер анықталған немесе өтініш беруші ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену салдарынан Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзған немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары немесе сақтандыру холдингі осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда уәкілетті орган келісімді қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде осы бапқа сәйкес берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдай отырып, оны қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда оған осындай шара қолданылатын тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының өзіне тиесілі санын алты ай ішінде осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.";
18-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларын шегере отырып) санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы он немесе жиырма бес пайыздан кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің өтініші бойынша не көрсетілген фактіні өз бетінше анықтаған жағдайда осы факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.";
4) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекеттiк тiркеудi әдiлет органдары уәкiлеттi органның оны құруға рұқсаты болған кезде жүзеге асырады.";
5) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"31-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар
Құрылтай құжаттарына енгiзiлетін, әдiлет органдарында қайта тiркеудi талап ететiн өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды мемлекеттiк тiркеуден кейiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде уәкiлеттi органға тiркеген әдiлет органының белгiсiмен және мөрiмен құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.
Құрылтай құжаттарына қайта тiркеудi талап етпейтiн өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы әдiлет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының хатын қабылдағандығы туралы белгiсi қойылған күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiн де уәкiлеттi органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған хатының көшiрмесiн, құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.";
6) 32-бапта:
6-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) өтініш берген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне және (немесе) сатып алу болжанып отырған еншілес ұйымға қатысты уәкілетті органның қолданыстағы шектеулі ықпал ету шарасының және (немесе) қолданған санкциясының болуы;";
13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты қайтарып алу кезінде уәкілетті орган рұқсатты қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі рұқсатты қайтарып алу туралы өтініш берген күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.";
7) 37-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1) барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шараларды орындағаны туралы куәландыратын құжаттарды;";
8) 8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-тарау. Уәкiлеттi орган және сақтандыру қызметін мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау";
9) 41-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) сақтандыру нарығын реттеу, сақтандыру қызметiн бақылау мен қадағалау;";
10) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"42-бап. Уәкілетті орган
Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктерге сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.
Уәкілетті органның құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен айқындалады.";
11) 43-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) сақтандыру нарығын реттеудің қағидаттары мен әдiстерiн, сақтандыру қызметiн бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды;";
12) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және оларға қатысты шоғырландырылған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын бақылау және қадағалау уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуын немесе сақталуын бақылау мен қадағалау арқылы жүргізіледі.";
13) 53-2-баптың 8-тармағы алып тасталсын;
14) 67-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын өз еркімен таратылуына рұқсат алуға берілген өтінішхатты уәкілетті орган барлық қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.";
15) 70-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Тарату комиссиясы төрағасының және мүшесінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және кредиторлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, олармен жасасатын келісіммен реттеледі.";
4-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін өткізуді тарату комиссиясы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүргізеді.";
16) 73-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
17) 74-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық және өзге де есептіліктi қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң қаржылық және өзге де есептiлігінің тiзбесін, нысандарын не нысандарына қойылатын талаптарды, оларды беру мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкілетті орган белгілейдi.";
2-1-тармақ алып тасталсын;
18) 79-баптың 2-тармағындағы "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктің" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
23. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат):
22-баптың екінші бөлігіндегі "Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек инспекторлары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын.
24. "Қазақстанның Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат):
1) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Даму Банкі бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.";
2) 24-баптың 1-тармағындағы және 25-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 28-баппен толықтырылсын:
"28-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі реттелуі өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанын анықтаған жағдайларда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Даму Банкіне мынадай шектеулi ықпал ету шараларының бiрiн қолданады:
1) анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмдерде жою туралы орындалуға мiндеттi жазбаша нұсқама береді;
2) мiндеттеме-хат талап етеді;
3) Даму Банкімен жазбаша келiсiм жасайды.
Даму Банкі жазбаша нұсқаманың, мiндеттеме-хаттың немесе жазбаша келiсiмнiң оларда белгіленген мерзiмдерде орындалғаны туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етуге мiндеттi.".
25. "Почта туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат):
1) 4-баптың 3-тармағының 1) тармақшасындағы "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы және екінші бөлігіндегі "қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын.
26. "Кредиттiк серiктестiктер туралы" 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 5, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат):
1) 3-баптың 4-тармағындағы "қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 20-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша" деген сөздер алып тасталсын.
27. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат):
1) 1-бапта:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) корпоративтік веб-сайт – қоғамға тиесілі және уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келетін интернет-ресурстағы ресми электрондық сайт. Жария компаниялар үшін корпоративтік веб-сайттың болуы міндетті;";
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"22) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;";
2) 4-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қоғамнан жария компания мәртебесін қайтарып алған кезде уәкілетті орган жария компания мәртебесін қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған немесе қоғам жария компания мәртебесін қайтарып алу туралы өтініш берген күннен бастап екі ай ішінде қоғамды жария компания деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.";
3) 5-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiн, жергiлiктi атқарушы органдарды, сондай-ақ уәкілетті органды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен мемлекеттiк мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды.";
4) 22-баптың 6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Дивидендтер оларды төлеу үшін белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда акционерге дивидендтердің негізгі сомасы және ақша міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындау күніне уәкілетті органның қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелетін өсімпұл төленеді.";
5) 23-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер қоғамның жарғысында осындай төлем көзделген жағдайда, қоғамның жай акциялары бойынша тоқсан немесе жартыжылдық қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу тек қана қоғамның тиісті кезең үшін қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін және акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен жүзеге асырылады. Жалпы жиналыстың жай акциялар бойынша тоқсан немесе жартыжылдық қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімінде бір жай акцияға төленетін дивиденд мөлшері көрсетіледі.";
6) 68-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) нәтижесінде құны қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті қоғам сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) мәміле немесе өзара байланысты мәмілелердің жиынтығы;";
7) 75-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қоғамның бухгалтерлік есебін жүргізу мен қаржылық есептілігін жасау тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасымен және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарымен белгіленеді.";
8) 76-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қоғам шоғырландырылған жылдық қаржылық есептiлiктi, ал еншiлес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептiлiктi және аудиторлық есептi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен және мерзiмдерде бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын жариялауға мiндеттi.".
28. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
1) 1-баптың 20) тармақшасы алып тасталсын;
2) 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі – Қор) қызметін мемлекеттік реттеу мен бақылауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.";
3) 5-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қордың банк шоттары уәкілетті органда ашылады. Қордың ағымдағы қаржылық-шаруашылық және инвестициялық қызметті жүзеге асыруы үшін Қордың банк шоттары екінші деңгейдегі банктерде ашылуы мүмкін.";
4) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін Қор уәкілетті органнан, Қазақстан Республикасының Үкіметінен, өзге де ұйымдардан қарыздар тартуға не уәкілетті органның қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерлеме бойынша олардың кепілдік беруімен қарыз алуға құқылы. Қарыздар қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары есебінен өтелуге жатады.".
29. "Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 84-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат):
7-баптың 1-тармағындағы "заңдарына сәйкес сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын.
30. "Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 89-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат):
7-баптың 1-тармағындағы "заңдарына сәйкес сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын.
31. "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағындағы "заңдарына сәйкес сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-баптың 2-тармағында:
"уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мемлекеттік тілде және орыс тілінде" деген сөздер "қазақ және орыс тілдерінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
32. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат):
1) 1-баптың 1) тармақшасындағы "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың 1-тармағындағы "заңдарына сәйкес қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган)" деген сөздер "заңнамасына сәйкес уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-баптың 2-тармағында:
"уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мемлекеттік тілде және орыс тілінде" деген сөздер "қазақ және орыс тілдерінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
33. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналысы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң құрылуы мен олардың қызметiнің ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының қорғалуын, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындайды.";
2) 1-бапта:
49) тармақша "банк кепілдігімен" деген сөздерден кейін "толық немесе ішінара" деген сөздермен толықтырылсын;
88) тармақша алып тасталсын;
3) 3-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (уәкілетті орган) жүзеге асырады.";
2-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"19) өз құзыретi шегiнде эмитенттердiң, орталық депозитарийдiң, бірыңғай тіркеушінің және лицензиаттардың қызметiн бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ олардың қызметiне тексеру жүргiзедi;";
4) 3-1-баптың 9-тармағы алып тасталсын;
5) 31-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Yкiметi, уәкілетті орган немесе жергiлiктi атқарушы органдар шығарған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша табыс төлеудi жүзеге асырудың шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленедi.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Эмитенттiң кiнәсiнен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша табыс және (немесе) оларды өтеу кезінде облигациялардың номиналды құны төленбеген, сондай-ақ толық төленбеген жағдайда, эмитент бағалы қағаздарды ұстаушыларға негiзгi мiндеттеме сомасын және әрбір мерзiмi өткен күн үшiн ақшалай мiндеттеменi немесе оның тиiстi бөлiгiн орындау күнiне уәкілетті органның қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін негiзге ала отырып есептелетін өсiмпұл төлеуге мiндеттi.";
6) 32-3-баптың 6-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 32-6-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Исламдық арнайы қаржы компаниясының бухгалтерлік есепті жүзеге асыру және қаржылық есептілікті жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.";
8) 52-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес бағалы қағаздар нарығының субъектілері уәкілетті органға бастапқы статистикалық деректерді беруге міндетті.";
9) 64-1-баптың 2-тармағындағы, 78-баптың 2-тармағының бірінші және екінші бөліктеріндегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi", "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне" деген сөздер тиісінше "Уәкілетті орган", "уәкілетті органның" және "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 84-бапта:
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздер "Уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі "Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 92-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"92-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың құқықтық жағдайы
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның атауы осы ұйым мүшелерiнiң негiзгi қызмет түрiн көрсетуге, сондай-ақ "қауымдастық", "одақ" немесе "бiрлестiк" деген сөздерді қамтуға тиiс.";
12) 107-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"107-бап. Уәкiлеттi органның ақпарат алу құқығы
Уәкiлеттi органға жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ ақша-кредит статистикасын қалыптастыру, экономикалық ахуалды талдау мақсатында ол өз құзыретi шегінде эмитенттен, лицензиаттан және өзiн-өзi реттейтiн ұйымнан, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалардан қажеттi (оның iшiнде бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын) ақпаратты алады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, алынған мәлiметтер жария етуге жатпайды.
Осы Заңда белгiленген жарияланған акциялар шығарылымын тiркеу мерзiмдерiнiң сақталуын бақылау мақсатында әдiлет органдары уәкiлеттi органға оның сұрау салуы бойынша акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында тiркелген заңды тұлғалар туралы ақпарат ұсынады.".
34. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат, № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат):
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы";
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған.";
3) 1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi;";
4) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"2-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.";
5) 3-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мақсаттары, қағидаттары мен мiндеттерi";
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мақсаттары:";
2) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары:
1) реттеудің ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) қаржы ұйымдары қызметінің және қаржылық қадағалаудың ашықтығы;
3) қаржы ұйымдарының жауапкершілігі болып табылады.";
3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың міндеттері:";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, сондай-ақ тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.";
6) 7-бап алып тасталсын;
7) 8-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қаржы ұйымдарының қызметiн peттeу, бақылау және қадағалау стандарттары мен әдiстерiнiң деңгейiн арттыру, олар қабылдаған мiндеттемелердiң уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды пайдалану болып табылады.";
8) 9-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Уәкiлеттi органның функциялары мен өкiлеттiктерi";
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уәкiлеттi орган қаржы ұйымдарының қызметiн мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау мақсатында:";
7) тармақша алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Уәкiлеттi орган осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген функциялар мен өкiлеттiктерден басқа, осы Заңның 10-13-баптарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, қаржы ұйымдарын, банк және сақтандыру холдингтерін, банк конгломераттарын және сақтандыру топтарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.";
9) 9-1-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уәкілетті орган бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның өз қызметкерлері ішінен тағайындалатын өзінің өкілін банктерге, банк холдингтеріне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне жібереді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Өкілдің негізгі міндеті уәкілетті органның бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.";
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Өкіл өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, зейнетақы жинақтары, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның ішінде уәкілетті органда жұмысын тоқтатқаннан кейін де үш жыл бойы жауаптылықта болады.";
10) 10-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"10-бап. Банк қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкiлеттi орган банк қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:";
11) 11-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкiлеттi орган сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:";
12) 12-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкiлеттi орган бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:";
14-1) тармақша алып тасталсын;
13) 13-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"13-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:";
5) тармақша алып тасталсын;
14) 13-1-бап алып тасталсын;
15) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"14-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкiлеттiктер
Уәкiлеттi органға жүктелген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан өзiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпаратты өтеусіз алуға құқылы, бұл ретте алынған мәлiметтер жария етуге жатпайды.
Уәкiлеттi органның қызметкерлерi өздерiнің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткені үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.";
16) 15-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
17) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"16-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.".
35. "Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат):
1) 5-баптың 2-тармағындағы "сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-1-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
36. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 5-бапта:
2-тармақтың 12) тармақшасындағы "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (бұдан әрі – Ұлттық Банк)" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган" деген сөздер "Ұлттық Банк" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Агентке өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен агент арасында жасалатын шарт негiзiнде өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретін қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Ұлттық Банкте ағымдағы шот ашылады.
Уақытша бос қаражат Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттан Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырылуы мүмкін.
Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттың табыс бөлiгi өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган шарт негiзiнде беретін бюджет қаражаты және уақытша бос қаражатты Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан түсетін кiрiстер есебінен қалыптасады.
Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттың шығыс бөлiгiне Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру сомалары, сақтандырушыларға және қоғамдарға сақтандыру төлемiнiң бір бөлiгiн өтеу шығыстары кіреді.
Қаржы жылының соңына есептелетін Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттағы қаражат қалдығы өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органға және тиiсiнше бюджетке қайтаруға жатпайды.";
3) 14-баптың 2-тармағының алтыншы абзацы алып тасталсын;
4) 17-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның" деген сөздер "Ұлттық Банктің" деген сөздермен ауыстырылсын.
37. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
1) 1-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"17) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;";
2) 6-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жетпіс бес немесе одан да көп пайызы уәкілетті органға тиесілі бір ғана мамандандырылған коммерциялық емес ұйым мемлекет қатысатын кредиттік бюро болып табылады.".
38. "Инвестициялық қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2011 ж., № 24, 196-құжат):
1) 1-баптың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"20) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.";
2) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"38-бап. Бухгалтерлік есеп және инвестициялық қор активтерiнің құнын айқындау
1. Инвестициялық қор активтерiнің, инвестициялық қордың таза активтерiнің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген шарттармен, әдiстеме бойынша және тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Инвестициялық қор активтерiнің құнын айқындау Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
3. Уәкiлеттi орган инвестициялық қор активтерiнiң, оның таза активтерiнiң құнын, пайдың есептiк құнын, пайды кейiннен орналастыру немесе сатып алу бағаларын, акционерлiк инвестициялық қордың акциясын сатып алу бағасын бағалау әдiстерi дұрыс қолданылмаған немесе құны дұрыс есептелмеген жағдайда, басқарушы компанияларға орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге құқылы.
4. Инвестициялық қор активтерiнің бухгалтерлік есебін жүзеге асыру және олар бойынша қаржылық есептілікті жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.";
3) 42-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық пай қоры активтерiнің бухгалтерлік есебін бөлек жүргiзудi және олар бойынша қаржылық және өзге де есептемені берудi жүзеге асыруға;".
39. "Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 9, 44-құжат):
7-баптың 1-тармағындағы "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;
40. "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
4-баптың 1-тармағындағы, 17-1-баптың төртінші бөлігіндегі, 19-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігіндегі және 23-баптың 5-тармағындағы "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган", "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның", "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі", "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
41. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат):
1) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi уәкілетті ұйымдарды құру тәртібін, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметке қойылатын талаптарды, сондай-ақ айырбастау пункттерін тіркеу (ашу) тәртібін қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын белгiлейдi. Айырбастау пунктін тiркеу кезiнде белгiленген үлгідегi құжат – айырбастау пунктiн тiркеу куәлiгi берiледi. Уәкілеттi ұйымдар үшiн құрылтайшылардың құрамына, ұйымдық-құқықтық нысанына, жарғылық капиталды қалыптастыру мөлшері мен тәртiбiне қойылатын талаптар, бөлiмшелер құру және басқа заңды тұлғаларға қатысу бойынша шектеулер қосымша белгіленедi.";
2) 17-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Уәкілетті банктер ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздеріне, сондай-ақ шетел валютасын пайдалану бағыттарына мониторингті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіппен есептеме беруге міндетті.".
42. "Мiндетті экологиялық сақтандыру туралы" 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 23, 90-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат):
6-баптың 2-тармағындағы "қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын.
43. "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 4, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):
1) 1-баптың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"20) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;";
2) 6-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "уәкiлеттi органның рұқсатымен" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3) 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Арнайы қаржы компаниясының бухгалтерлік есепті жүзеге асыру және қаржылық есептілікті жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.";
4) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Уәкілетті орган реттелуі өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанын анықтаған жағдайларда, уәкілетті орган арнайы қаржы компаниясына ықпал етудің мынадай шектеулі шараларының бірін қолданады:
1) анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімдерде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқама береді;
2) міндеттеме-хат талап етеді;
3) арнайы қаржы компаниясымен жазбаша келісім жасайды.
3. Анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау туралы арнайы қаржы компаниясына нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Сотта уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына шағым жасалуы оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
4. Арнайы қаржы компаниясының міндеттеме-хатында орын алған кемшiлiктердi мойындау фактiсi және жоспарланған іс-шаралар тiзбесiн көрсете отырып, арнайы қаржы компаниясы басшылығының оларды қатаң белгiленген мерзiмде жою бойынша кепiлдігi болуға тиiс.
5. Анықталған кемшіліктерді дереу жою қажеттігі туралы және оған байланысты бірінші кезектегі шараларды бекіту туралы арнайы қаржы компаниясы мен уәкілетті орган арасында жазбаша келісім жасалады.
6. Арнайы қаржы компаниясы жазбаша нұсқаманы, міндеттеме-хатты немесе жазбаша келісімді оларда белгіленген мерзімдерде орындау туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге міндетті.
7. Шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.".
44. "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 10, 51-құжат; 2007 ж., № 17, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 1-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын;
2) 3-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы орталығын құрудың мақсаттары бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның капиталдың халықаралық нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету, бағалы қағаздар нарығы арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту және қаржы орталығының арнайы сауда алаңына шетелдік эмитенттердің қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.";
3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – уәкілетті орган) қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.";
4) 5-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "дамыту болып табылады." деген сөздер "дамыту;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) халықтың инвестициялық мәдениет және қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру болып табылады.";
2-тармақта:
1-1) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау;";
5) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Өз міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында уәкілетті органның мынадай:
1) қаржы орталығының қатысушысы – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік беру;
2) қаржы орталығының қатысушылары – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын бекіту;
3) бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізу болжанған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу;
4) рейтингтік бағаларын уәкілетті орган танитын рейтингтік агенттіктерге қойылатын талаптарды белгілеу және олардың тізбесін бекіту;
5) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына қойылатын талаптарды белгілеу;
6) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілік аудитіне шығындарды өтеу тәртібін белгілеу;
7) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілік аудитіне арналған шығындарды өтеу;
8) қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық қызмет саласындағы реттеу және аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметін бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
9) уәкілетті орган танитын қор биржаларына қойылатын талаптарды белгілеу және олардың тізбесін бекіту;
10) қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауы нысанасына тексеру жүргізу;
11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктері болады.";
6) 7-бап алып тасталсын;
7) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап. Қаржы орталығын дамыту жөніндегі кеңес
1. Қаржы орталығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады және уәкілетті органның жанынан құрылады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері қаржы орталығының қызметіне қатысты мәселелерде жәрдемдесу және қаржы орталығын дамыту бағыттарын айқындау болып табылады.
3. Кеңестің функциялары:
1) қаржы орталығын және бағалы қағаздар нарығын дамыту үшін қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау жөнінде ұсынымдарды тұжырымдау;
2) қаржы орталығын дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеу;
3) қаржы орталығының қызметін ұйымдастыру және жұмыс істеу мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау.
4. Кеңес туралы ереже және оның құрамы уәкілетті органның құқықтық актісімен бекітіледі.";
8) 11 және 12-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Қаржы орталығының қатысушылары
1. Қаржы орталығының қатысушылары:
1) уәкілетті орган берген қаржы орталығының қатысушысы – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке;
2) уәкілетті орган берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясына ие болған бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылады.
2. Мыналар:
1) банктер;
2) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары;
3) жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржы орталығының қатысушылары болып табылмайды.
3. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқарудың шарттары мен тәртібін ескере отырып, қаржы орталығының қатысушылары қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
4. Қаржы орталығының қатысушылары:
1) қаржы орталығының арнайы сауда алаңында;
2) қор биржаларында, оның ішінде шетелдік қор биржаларында;
3) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға құқылы.
5. Қаржы орталығының қатысушысы – заңды тұлғаның атқарушы органының Алматы қаласының аумағында орналасуы оны уәкілетті органның мемлекеттік тіркеуінің міндетті шарты болып табылады.
12-бап. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңы
1. Алматы қаласының аумағында жұмыс істейтін және уәкілетті орган айқындайтын, онда қаржы орталығының қатысушылары қаржы құралдарымен сауда-саттықты жүзеге асыратын қор биржасының сауда алаңы қаржы орталығының арнайы сауда алаңы болып табылады.
Осы Заңның 11-бабының 2-тармағында аталған, уәкілетті орган берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясына ие болған тұлғалар қаржы орталығының арнайы сауда алаңында қаржы құралдарымен сауда-саттықты жүзеге асыра алады.
2. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қатысты қабылданатын қағидалары уәкілетті органмен келісуге жатады.";
9) 15-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы орталығының қатысушылары құжаттаманы мемлекеттік органдарға беруі қажет болған кезде ағылшын тілінен қазақ және орыс тілдеріне аударуды уәкілетті орган жүзеге асырады.".
45. "Өзара сақтандыру туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 13, 84-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 1-баптың 4) тармақшасындағы "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бап. Уәкiлеттi органның қоғамға қатысты құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) қоғамдардың тізілімін жүргізеді;
2) қаржылық есептiлiкті қоспағанда, қоғамдардың есептілік тiзбесiн, нысандарын, оны беру мерзiмдерi мен тәртiбiн белгілейді;
3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды және әкiмшiлiк жаза шараларын қолданады;
4) қоғамның активтерін инвестициялаудың тәртібі мен мөлшерін белгілейді;
5) қоғамдардың қаржылық есептілік тізбесін, нысандарын және оны беру мерзімдерін белгілейді;
6) қоғамдардың бастапқы статистикалық деректерінің тізбесін, оларды беру нысандары мен мерзімдерін айқындайды;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.".
46. "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2011 ж., № 24, 196-құжат):
1) 1-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.";
2) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уәкілетті орган депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы – жалғыз акционерi болып табылады.";
3) 7-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
4) 8-бап алып тасталсын;
5) 9-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Осы Заңда көзделген жағдайда, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органнан қарыз алуға құқылы.
4. Уәкілетті орган депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның қаржылық есептеме көлемiн, беру тәртiбi мен мерзiмдерiн, сондай-ақ оның активтерiн инвестициялау тәртiбiн айқындайды.";
6) 23-бапта:
бірінші бөліктегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен" деген сөздер "уәкілетті органнан" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемді төлеуді бастау уәкiлеттi органмен келiсім бойынша қарыз алу үшiн қажеттi, бiрақ қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк қырық бес күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады.".
47. "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат):
1) 6-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін өтініш нысанын қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш нысанын бекіту;";
2) 10-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заңның 32-бабында көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.";
3) 42-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беру, беруден бас тарту, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.";
4) 45-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар беруден бас тарту үшін қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілей алады.".
48. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат, № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):
1) 6-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) синтетикалық (қорытынды) есепке алуды талдамалық (егжей-тегжейлi) есепке алуға сәйкес келтiру қамтамасыз етiлуге тиiс.";
2) 7-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) сәйкестендіру нөмірі.";
3) 8-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды, оның ішінде ұйым жасайтын барлық операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету тәртібін регламенттейтін, бекітілген ішкі құжаттардың болуын қамтамасыз етеді;";
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ведомстволарына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының күші қолданылмайды.";
4) 20-бапта:
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен және оның ведомстволарынан басқа, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесін мемлекеттік реттеудің ерекшелiктерiн уәкiлеттi орган мемлекеттік мекемелерге арналған Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк жөнiндегi нормативтік құқықтық актiлерiнде белгiлейдi.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесі (Директорат) жүзеге асырады.
4. Қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларында, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған исламдық арнайы қаржы компанияларында, инвестициялық қорларда және Қазақстанның Даму Банкінде бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтiк құқықтық актiлердi және оларға әдiстемелiк ұсынымдарды қабылдау арқылы жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
"3-2) инвестициялық қорлар және Қазақстанның Даму Банкі үшiн осы Заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгiлік жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың және Қазақстанның Даму Банкінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарын және халықаралық стандарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;";
5) 20-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.".
49. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 1-баптың 32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"32) тапсырыс берушілер – ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын және оларға қатысты өзі құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;";
2) 4-баптың 1-тармағында:
18) тармақша алып тасталсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"19) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар өтеусiз негiзде Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретін грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келiсiмдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi иелікке алудың өзге рәсiмдерi көзделген жағдайларда, осы гранттарды бiрлесіп қаржыландыруға бөлiнген ақшаны пайдаланумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;";
32) тармақша алып тасталсын;
3) 5-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына енгiзуге жатпайды.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi.";
4) 7-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, оған қатысты өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен үлестес тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде болуға құқылы.
Мемлекеттік кәсіпорын өзімен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде болуға құқылы.
Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға өзімен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болуға құқылы.
5. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;
3) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме немесе онымен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде болуға құқылы;
4) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекемелер немесе онымен үлестес тұлғалар үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы.
Осы тармақтың ережелері аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын электрондық мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.";
5) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылында жасасқан, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы, сандық және құндық көрсеткіштері туралы, тараптардың шарттық міндеттемелерді орындау нәтижелері туралы мәліметтер бар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізбесін білдіреді.
Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер бар мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жеке тізіліміне енгізіледі, оны жүргізудің тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды. Мұндай мәліметтерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) және 23) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізуге жатпайды.";
6) 23-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған кезде, конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасы тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар табысының есебіне жатқызылады.";
7) 23-1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған кезде, конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар табысының есебіне жатқызылады.";
8) 35-5-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бiрi туындаған кезде, аукционға қатысу өтiнiмін қамтамасыз ету сомасы тиiстi бюджет, мемлекеттiк кәсiпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар табысының есебіне жатқызылады.";
9) 37-баптың 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған не тиісті түрде орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші қаржы жылы аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу жөнінде шаралар қолдануға міндетті.".
50. "Бәсекелестік туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
39-баптың 1-тармағының 14) тармақшасындағы, 47-баптың 9-тармағындағы, 50-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі, 56-баптың 2-тармағындағы "қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен", "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен", "қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға да" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне де" деген сөздермен ауыстырылсын.
51. "Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
16-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша осы Заңның мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесін айқындайды және оны қаржы мониторингі субъектілеріне жеткізетін тиісті мемлекеттік органдарға жібереді;".
52. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат):
42-баптың бірінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы нарығында қызметті жүзеге асыру лицензияларынан айыру немесе олардың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім немесе қаржы ұйымына консервация жүргізу жөнінде шешім қабылдаған;".
53. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауға және қадағалауға байланысты бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде туындайтын қатынастар көрсетілген салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.";
2) 26-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) тексеру аяқталған күнi не "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тексерілетін субъектiге жүргiзiлген тексерудiң нәтижелерi туралы актiнi беруге;".
54. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат):
4) тармақша "акционерлiк қоғамдарды" деген сөздерден кейін "және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ведомстволарын қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының атынан, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң өзiне жүктелген функцияларын жүзеге асыруға ықпал ететiн және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады, мемлекеттiң акционерлiк қоғамды және жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқаруға акционер (қатысушы) ретiнде қатысу құқығын жүзеге асырады, сондай-ақ осы акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің акциясына (қатысу үлесіне) ие болу не иелiктен шығару туралы шешiм қабылдайды;".
2-бап.
1. Осы Заң, 2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 13-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 7) тармақшасының елу жетінші абзацында және 49-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін мемлекеттік сатып алу субъектілерінен шығаруға қатысты нормалар "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 7) тармақшасының елу жетінші абзацында және 49-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өздеріне қатысты құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік сатып алу субъектілерінен шығаруға қатысты нормалар 2015 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Екінші деңгейдегі банктер болып табылмайтын және осы Заңның 1-бабы 10-тармағы 17) тармақшасының оныншы абзацында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 6-1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілмеген заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін бір ай ішінде осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиялардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қайтарылуын қамтамасыз етеді.
4. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 635-бабының және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының мәтіні бойынша "сәйкестендіру нөмірі" деген сөздер "салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер болып есептелсін.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |