Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 533-IV Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

       1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115,117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат, № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнда:
      мынадай мазмұндағы екі жүз он бесінші және екі жүз он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «147-11-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасының талаптарын бұзу
      147-12-бап. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін, тауарлық және сұйытылған мұнай газын өткізудің шекті бағаларын асырып жіберу»;
      үш жүз қырық тоғызыншы абзацтағы «желілері мен жылу желілерінің» деген сөздер «мен жылу желiлерi жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үш жүз елуінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «226-бап. Газ пайдалану жөніндегі талаптарды, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігін бұзу»;
      үш жүз елу бірінші абзац алып тасталсын;

      2) мынадай мазмұндағы 147-11-баппен толықтырылсын:

      «147-11-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен
                   жабдықтау туралы заңнамасының талаптарын бұзу

      1. Газбен жабдықтау жүйелері субъектісінің тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу жөніндегі мәліметтерді табыс етпеуі, сол сияқты мәліметтерді белгіленген мерзімдерді бұза отырып табыс етуі –
      дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдалану жөніндегі шектеулерді сақтамау, –
      дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын есепке алу және (немесе) өткізу тәртібін бұзу, –
      дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығын жер қойнауын пайдаланушының бұзуы –
      заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерін және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері – заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып алуға мемлекеттің басым құқығын газбен жабдықтау жүйелері объектісі меншік иесінің бұзуы –
      заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық режимдерін тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі субъектілерінің сақтамауы –
      дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, кіріс (түсім) алуға әкеп соққан іс-әрекет, –
      аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айырып, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістің (түсімнің) отыз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған дара кәсіпкер немесе заңды тұлға алған кіріс (түсім) пен дара кәсіпкер немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаған кезде алуға тиіс болған кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.»;

      3) мынадай мазмұндағы 147-12-баппен толықтырылсын:

      «147-12-бап. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай
                   өнімдерін, тауарлық және сұйытылған мұнай газын
                   өткізудің шекті бағаларын асырып жіберу

      1. Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілердің Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасынан асырып жіберуі, -
      дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуді жүзеге асырушы тұлғалардың газ және газбен жабдықтау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген көтерме саудада өткізудің шекті бағасын асырып жіберуі, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүзден үш жүзге дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мыңнан екі мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –
      аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айырып, дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістің (түсімнің) жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған дара кәсіпкер немесе заңды тұлға алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға алуға тиіс  болған кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.»;

      4) 225-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «225-1-бап. Электр мен жылу желiлерi жолдарының, газбен
                  жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет
                  аймақтарында жұмыстар жүргiзу

      Қарамағында электр немесе жылу желiлерi не газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері бар ұйымдардың келiсiмiнсiз, электр мен жылу желiлерi жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында құрылыс, монтаж, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың құрылысына байланысты iздестiру жұмыстарын жүргiзу, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыру, базарларды орналастыру, материалдарды қоймаға жинау, қоршаулар мен дуалдар соғу, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастау мен төгу, –
      жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң екiден онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

      5) 226-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «226-бап. Газ пайдалану жөніндегі талаптарды, газбен жабдықтау
                жүйелері объектілерін пайдаланудың қауіпсіздігін бұзу

      1. Тұтынушылардың газ және газбен жабдықтау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық газ тұтыну жүйелерін және газ жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзуы, –
      жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жетіге дейiнгi, дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –
      жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң жетіден онға дейiнгi, дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Газ тұтыну жүйесіне тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді өз бетінше қайта қосу –
      жеке тұлғаларға – он, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Тұтынушылардың газ және газбен жабдықтау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық газ тұтыну жүйелерін және газ жабдықтарын пайдалануды қоспағанда, газбен жабдықтау жүйесі объектілерін пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзуы, –
      дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –
      дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

      6) 227-бап алып тасталсын;

      7) 228-баптағы «Газ тұтынушы ұйымдар», «газ пайдалану қондырғыларын» деген сөздер тиісінше «Өнеркәсіптік және (немесе) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар», «өнеркәсіптік және (немесе) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 541-баптың бірінші бөлігі:
      «147-10 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «147-11, 147-12,» деген цифрлармен толықтырылсын;
      «222-229» деген цифрлар «222-226, 228-229» деген цифрлармен ауыстырылсын;

      9) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      үшінші абзацта «229» деген цифрлардың алдынан «(225-1 (газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 226 (үшінші-бесінші бөліктер), 228,)» деген сөздермен толықтырылсын;
      отыз тоғызыншы абзацтағы «(147-1-бабы)» деген сөздер «(147-1, 147-12 (бірінші және үшінші бөліктер (мұнай өнімдерінің бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын асырып жіберу бойынша)-баптар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      қырық екінші абзац «225-1» деген цифрлардан кейін «(электр мен жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша)» деген сөздермен толықтырылсын;
      қырық алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның (147-11, 147-12-баптар (екінші және үшінші бөліктер (тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын асырып жіберу бойынша);»;
      алпыс бірінші абзацтағы «163-6,» деген цифрлардан кейін «226 (бірінші және екінші бөліктер),» деген сөздермен толықтырылсын;

      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне арнайы экономикалық аймақтар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 69-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы «жылумен жабдықтауды,» деген сөздерден кейін «газбен жабдықтауды,» деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 113-баптың 1 және 2-тармақтары «әуе» деген сөзден кейін «, құбыржол» деген сөзбен толықтырылсын;

      3) 121-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары;».

      3. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13; 112-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 4-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі;»;

      2) 7-1-баптың 1-тармағында:
      «газ,» деген сөз алып тасталсын;
      «байланысы» деген сөзден кейін «, сондай-ақ «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, газ» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 14-баптың 1-тармағының 18-1) тармақшасындағы «, электр, газ тарату желілерін» деген сөздер «және электр желілерін, газ тарату жүйелерін» деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат):
      аталған Заңның қосымшасының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) газ және газбен жабдықтау саласында;».

      2-бап. Осы Заң:
      1) 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының тоғызыншы – он екінші абзацтарын;
      2) 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының бесінші – сегізінші, он бесінші – он жетінші абзацтарын, 3) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші – тоғызыншы (тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасынан асырып жіберу бойынша) абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады