индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңын (бұдан әрі – Заң) қабылдау мақсаты қолданыстағы заңнама нормаларын "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңның ережелерімен сәйкестендіру болып табылды.
Ағымдағы жағдайларды бағалау негізінде және елдің экономикалық дамуының ұзақ мерзімді мақсаттарына сүйене отырып, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу мәселелерімен тікелей немесе жанама қиылысатын Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болды.
Заңмен Қазақстан Республикасының мынадай заңнама актілеріне өзгеріс және толықтыру енгізілді:
Қазақстан Республикасының Жер кодексіндегі түзетулер индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін уақытша жер пайдалану құқығында жер учаскелерін бөлу мүмкіндігін көздейді;
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңындағы өзгеріс Қазақстан Республикасының Заңнамасында "индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган" деген сөзтіркесін қолдануды бірыңғай ретке келтіру үшін;
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына түзетулер индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінен өнімнің кепілденген сатып алынуы шеңберінде сатып алуды жүзеге асыру үдерісін реттеуге танылған;
"Мемлекеттік сатып алулар туралы", "Концессиялар туралы" және "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы"Қазақстан Республикасының Заңдарына қазақстандық қамтуды жергілікті қамтуға өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізіліп жатыр;
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңына толықтыру тікелей келіссөздер негізінде конкурс өткізбей индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жер қойнауын пайдалану құқығын беру мүмкіндігін беруге бағытталған;
Жоғарыда көрсетілген нормативтік-құқықтық актілерге заң жобасымен көзделген өзгеріс пен толықтыру индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыру жөніндегі заңнамаларды толық, сапалы және уақытылы реттеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ экономиканың басым салаларының пәрменді дамуын және қызмет жасауын жетілдіруге, ұзақ мерзiмдi перспективада ұлттық экономиканың тұрақты өсуіне және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпалдасатын болады.
Заңды қабылдаудың Қазақстан Республикасында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыру мәселелері бойынша толыққанды заңнама базасын қалыптастыруды және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді құқықтық салдарына жатқызу қажет.
Заң жобасын қабылдаған жағдайда әлеуметтiк-экономикалық салдарларға:
1) ұлттық экономиканы қарқынды индустриялық - инновациялық дамыту, оның ішінде бәсекеге қабілетті өнімді шығару арқылы ұлттық экономиканың негiзi ретінде өнеркәсіп саласына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайларды жасау;
2) индустриялық қызметтің дамуын ынталандыру, сондай-ақ индустриялық -инновациялық шағын және орта бизнесті қалыптастыру жолымен жоғары технологиялық, ғылымды қажет ететін, экологиялық таза және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру;
3) ғылыми-техникалық, еңбектік, инфрақұрылымдық және басқарушылық пен инвестициялық әлуетті дамытуды қамтамасыз ету;
4) өндiрiс қуаттарын орналастыру, жалпы қосылған құнды ұлғайту, өнімділік, басқару технологияларын енгізу бөлiгiнде республика өңірлерінің кешендi және ұтымды индустриялық - инновациялық дамуын қамтамасыз ету;
5) халықты жұмыспен қамтуды, жаңа жұмыс орындарын құру, бiлiктiлiкті арттыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын ұлғайту жатады.
Қазақстан Республикасының | |
Индустрия және жаңа технологиялар | |
министрлігі | |