Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы № 564-IV Заңы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша
ПРЕСС-РЕЛИЗ

      Мемлекет Басшысымен 2012 жылдың 20 ақпанында Дағдарыстан кейінгі қалыпқа келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі - Бағдарлама) жүзеге асыру шеңберінде әзірленген, сондай-ақ төлем қабілетсіз борышкерлермен оңалту рәсімін қолдану бөлігінде банкроттық жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды.
      Заңмен АзаматтықАзаматтық іс жүргізу және Салық Кодекстеріне, сондай-ақ «Банкроттық туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» және басқа да Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер енгізілді.
      Азаматтық кодексіне жаңа жеделтетілген оңалту рәсімін енгізуге қатысты түзетулер енгізілді. Азаматтық іс жүргізу кодексі оңалту және жеделдетілген оңалту туралы істі сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралатындығы бөлігінде толықтырылды.
      «Банкроттық туралы» Заңға оңалту және банкроттықтың сот рәсімдерінің іс жүргізілуін бөлуді; жаңа жеделдетілген оңалту рәсімін енгізуді, қолданыстағы оңалту рәсімінің тиімділігін жоғарылатуды; кредиторлар жиналысы институтын енгізу арқылы кредиторлардың құқықтарын кеңейтуді; оңалту рәсімінде кепілді кредиторлардың құқықтарын кеңейтуді; құжаттар жобасын уәкілетті органмен келісу бойынша бөлек функцияларды алып тастау арқылы әкімшілік кедергілерді төмендетуді қарастыратын өзгерістер енгізілді.
      «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға толықтырулар үш айдан астам мерзімі өткізілген салық берешегі бар болған кезде, Бағдарлама қатысушыларына мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін қарастырады.
      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заң кепілсіз және банктің кепілісіз үш жылға дейін мерзімге Бағдарлама қатысушыларына салық берешегін төлеу мерзімін ұзартуды қарастыратын ережелермен толықтырылды.
      Заңмен қабылданған шараларды іске асыру бизнеске әкімшілік салмақты төмендетеді, сауықтыру рәсімін енгізуді жеңілдетеді, борышты соттан тыс тәртіпте борышты реттеуге жағдайлар ынталандыратын, сондай-ақ жүйенің одан әрі дамуына алдын ала себеп жасайды. Бұл өз кезегінде, өзінің төлемге қабілеттігін қалпына келтіру шаралары ретінде соттан тыс келіссөздер немесе сауықтырудың сот рәсімдерін таңдаған кәсіпорындар санының өсуін қамтамасыз етеді, ол жұмыс орындарын және «өмірге қабілетті» салық төлеушілерді сақтау есебінен мемлекет кірістері өсуінің тұрақтылығын сақтауға мүмкіншілік береді.
      Сонымен, Заңмен Бағдарламаны іске асыру үшін құқықтық база құрылды, бұл оның орындалуы үшін бөлінген бюджет қаражаттарын орынды пайдалануға мүмкіндік береді, сондай-ақ оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдану тиімділігін жоғарлатуға бағытталған ережелер енгізілді.

      ҚР Қаржы министрлігінің
      Дәрменсіз борышкерлермен
      жұмыс жөніндегі комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз