2000 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 18 ақпандағы № 77-V Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Хаттаманың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз.

      2010 жылғы 7 сәуірде Астанада жасалған 2000 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

2000 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы азаматтардың өзара
сапарлары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
хаттама

(2013 жылғы 4 сәуірде күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2013 ж., N 2, 19-құжат)

      Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинеті,
      2000 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімде, бұдан әрі - «Келісім», көзделген екі мемлекет азаматтарының өзара сапарларының режимін одан әрі реттеу мақсатында,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 1-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бір Тарап мемлекетінің азаматтары шетелге жол жүру үшін жарамды құжаттарының негізінде баратын мемлекеттің мемлекеттік шекарасын бірінші рет кесіп өткен күнінен бастап бір жүз сексен (180) күн ішінде тоқсан (90) күнге дейінгі мерзімде екінші Тарап мемлекетінің аумағына визасыз келе алады, транзитпен өте алады, кете алады және бола алады.».

2-бап

      Келісімнің 1-бабы мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Егер мұндай болу мерзімі екінші Тарап мемлекетінің аумағына бірінші рет келген күнінен бастап бір жүз сексен (180) күн ішінде тоқсан (90) күннен аспайтын болса, оларда осы екінші Тарап мемлекетінің аумағына кірген кезде шекаралық бақылау органдарының белгісі қойылған көші-қон карточкасы болған жағдайда, бір Тарап мемлекетінің азаматтары өзара негізде осы екінші Тарап мемлекетінің аумағына құзыретті органдарда тіркелуден босатылады.».

3-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап отызыншы күні күшіне енеді.
      Осы Хаттама Келісіммен бір мезгілде күшін жояды.

      2010 жылғы 7 сәуірде Астана қаласында әрқайсысы қазақ, украин және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде пікір алшақтығы туындаған жағдайда, Тараптар Хаттаманың орыс тіліндегі мәтініне жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының             Украинаның Министрлер
            Үкіметі үшін                        Кабинеті үшін

      2010 жылғы 7 сәуірде Астана қаласында жасалған 2000 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың бұл көшірмесінің  дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігінің
      Халықаралық-құқық
      департаменті Директорының
      орынбасары                                            А. Исетов

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Хаттаманың украин тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады