РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Хаттаманың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.
2012 жылғы 4 желтоқсанда Ашхабадта жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер
Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің
арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және
Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық
өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгеріс
енгізу туралы
хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинеті,
2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 7-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімнің 4-бабының 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Келісімде көрсетілген жер учаскелерін жалға алған Тараптар инженерлік желілер мен коммуникацияларды (сумен, жылумен жабдықтау, кәріз, электр энергиясы, байланыс және басқалары) өздері жалға алған жер учаскелерінің шекарасына дейін жеткізуді және шекаралары шегінде әрқайсысы өз мемлекетінің қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.».
2-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама өз қолданысын Келісімнің қолданысы тоқтатылуымен бір мезгілде тоқтатады.
2012 жылғы 4 желтоқсанда Ашхабад қаласында әрқайсысы қазақ, украин және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіннің күші бірдей.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Украинаның Министрлер
Үкіметі үшін Кабинеті үшін
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Хаттаманың украин тіліндегі мәтіні берілген.