Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 13 маусымдағы № 104-V Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар, № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат, 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 21-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      193-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «193-бап. Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе
                өзге мүлiктi заңдастыру»;
      199-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «199-бап. Тауар таңбасын заңсыз пайдалану»;
      2) 7-тараудағы «ірі зиян», «ірі мөлшердегі залал», «Ірі зиян», «ірі мөлшерде зиян», «ірі зиянға» деген сөздер тиісінше «ірі залал», «Ірі залал», «ірі залалға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 190-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып не онсыз, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.»;
      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «айлық есептік көрсеткіштің бір мыңнан бір жарым мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      ескертулердің 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы тараудың 194198199200202202-1203204,  205және 218-баптарында ірі залал деп қылмыс жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомада азаматқа келтірілген залал, не айлық есептік көрсеткіштен мың есе асатын сомада ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал танылады.»;
      4) 191-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «айлық есептік көрсеткіштің сегіз жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып не онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.»;
      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      5) 193-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «193-бап. Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе
                өзге мүлікті заңдастыру»;
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатымен немесе өзге мүлікпен қаржылық операциялар және (немесе) басқа да мәмілелер жасау не көрсетілген қаражаттың немесе мүліктің қылмыстық жолмен шығарылғанын жасыру мақсатында оларды өзгеше пайдалану – »;
      ескертулердің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе мүлікті заңдастырудың дайындалып жатқаны не жасалғаны туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның іс-әрекетінде осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстардың немесе өзге де қылмыстың құрамдары болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;
      6) 199-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «199-бап. Тауар таңбасын заңсыз пайдалану»;
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, фирмалық атауды, тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілеулерді заңсыз пайдаланғаны үшін бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған адамның нақ сондай әрекет жасауы –»;
      екінші бөліктің бірінші абзацында:
      «тауарлық белгіге» деген сөздер «тауар таңбасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «таңбаларын» деген сөз «маркалауды» деген сөзбен ауыстырылсын;
      7) 202-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «202-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртiбiн бұзу
      Көрінеу анық емес ақпараты бар эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісін бекіту, сол сияқты эмиссиялық бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу анық емес есепті бекіту, егер бұл әрекеттер ірі залал келтірсе, –
      айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не бір жүз айлық көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып не онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      8) 203-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ірі залал келтірген нақ сол әрекет –
      айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.»;
      9) 205-1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.»;
      10) 208-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салына отырып, бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салына отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз, айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салына отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      11) 217-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «айлық есептік көрсеткіштің сегіз жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салына отырып немесе онсыз, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      12) 219-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банк қызметкерлерінің заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсынуы, сол сияқты осы банктің іс жүзіндегі қаржы жағдайымен көрінеу қамтамасыз етілмеген кепілгерліктер, кепілдіктер және өзге де міндеттемелер беруі, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіруге әкеп соқса, –».
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      145-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «145-бап. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын,
                тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық
                атауды заңсыз пайдалану
      Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілеулерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану –
      тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының, тауар шығарылған жер атауының немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілеулердің заңсыз бейнесiн қамтитын тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейiнгi мөлшерінде, лауазымды адамдарға – отыздан елуге дейiнгi мөлшерінде, заңды тұлғаларға – елуден бір жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту:
      1. Осы бапта көрсетiлген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәркiлеу тауардан, оның орамасынан, бланкiлерден немесе басқа да құжаттамадан тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жер атауының дайындалған бейнесiн, заңсыз пайдаланылатын тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын, сондай-ақ олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеуді жою мүмкiн болмаған жағдайда жүргiзiледi.
      2. Осы бапқа сәйкес тәркiленген тауарлар, құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оған берiлген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 628-бабында көзделген тәртiппен жойылуға жатады.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.НАЗАРБАЕВ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады