Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және оны дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 163-V ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұл келісім Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күнінен бастап қолданылуын тоқтатады - ҚР 14.10.2014 N 240-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 113-баптан қараңыз).

      2010 жылғы 21 қыркүйекте Мәскеуде жасалған Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және оны дамыту туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және оны дамыту туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберiндегi Кеден одағына мүше мемлекеттердiң үкiметтерi
      2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартты және 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағы комиссиясының Хатшылығы туралы келiсiмдi негiзге ала отырып,
      2007 жылғы 6 қазандағы Бiрыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты негiзге ала отырып,
      Тараптар мемлекеттерiнiң шаруашылық жүргiзуші субъектiлерiне қолайлы жағдайлар жасау, Кеден одағының бiрыңғай кеден аумағындағы сыртқы және өзара сауданы тиiмдi реттеудi қамтамасыз ету, ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кедендiк, салықтық, көлiктік бақылауды және мемлекеттiк бақылаудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру, экономикалық интеграция процестерін қамтамасыз ету, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесiнiң (Кеден одағының жоғарғы органының) және Кеден одағы комиссиясының тиiмдi жұмысын ұйымдастыру мақсатында,
      осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Кеден одағын қалыптастыру және оның жұмыс iстеуi кезiнде ақпараттық технологияларды кеңiнен қолдану айқындаушы болып табылатынын ұғына отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Тараптар Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесiн (бұдан әрi – Жүйе) құрады және оның жұмыс iстеуiн, сондай-ақ оны дамытуды қамтамасыз етедi.

2-бап

      Осы Келiсiм Жүйенi құрудың, оның жұмыс iстеуi мен оны дамытудың негiздерiн, Кеден одағы комиссиясының (бұдан әрi – Комиссия), Комиссия Хатшылығының (бұдан әрi – Хатшылық) және Тараптардың Жүйенi құру жөніндегі өкiлеттiктерiн, қаржыландыру көздерi мен тәртiбiн, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) орындаушыларды (өнім берушілерді) таңдау тәртiбiн айқындайды.

3-бап

      Осы Келiсiмде мынадай терминдер мен олардың анықтамалары қолданылады:
      «сыртқы және өзара сауда туралы дерекқор» – белгiлi бiр қағидалар бойынша ұйымдастырылған және осы ақпаратты электрондық есептеу машинасының көмегiмен табуға және өңдеуге болатындай түрде жүйелендiрiлген, құрылымдалған және өзара байланысты ақпарат жиынтығы (дерекқор);
      «ақпаратты қорғау» – ақпараттың тұтастығын (өзгертiлмеуiн), құпиялылығын, қолжетiмдiлiгi мен сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенi;
      «ақпарат» – ұсынылу нысанына қарамастан, мәлiметтер (хабарламалар, деректер);
      «ақпараттық жүйе» – дерекқорда қамтылған ақпараттың және оны өңдеудi қамтамасыз ететiн ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдардың жиынтығы;
      «ақпараттық технологиялар» – ақпаратты iздеу, жинау, сақтау, өңдеу, ұсыну және тарату процестерi, әдiстерi, сондай-ақ осындай процестер мен әдiстердi жүзеге асыру тәсiлдерi;
      «ақпараттық ресурс» – ақпараттық жүйелерде қамтылған құжатталған ақпараттың ұйымдастырылған жиынтығы;
      «интеграциялық сегмент» – Тараптар мемлекеттерінің сыртқы және өзара сауданы реттейтін мемлекеттік органдарының ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң, Комиссияның ақпараттық жүйелерi мен ақпараттық ресурстарының ақпараттық өзара iс-қимыл жасауын қамтамасыз ететiн ақпараттық жүйе.

4-бап

      Жүйе Тараптар мемлекеттерiнiң сыртқы және өзара сауданы реттейтiн мемлекеттiк органдарының аумақтық жағынан бөлiнген мемлекеттiк ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң, Комиссияның ақпараттық жүйелерi мен ақпараттық ресурстарының Тараптар мемлекеттерiнiң мемлекеттiк интеграциялық сегменттерiмен және Комиссияның интеграциялық сегментiмен бiрiктiрiлетiн ұйымдастырылған жиынтығы болып табылады.

5-бап

      Комиссияның интеграциялық сегментi, Комиссияның ақпараттық жүйелерi мен ақпараттық ресурстары сияқты Жүйе құрамдастарына қатысты Комиссия меншiк иесiнiң құқықтарын жүзеге асырады және мiндеттерін мойнына алады.

6-бап

      Хатшылық Комиссия бекiтетiн құжаттарға сәйкес Жүйенi құруды, оның жұмыс iстеуi мен оны дамытуды қамтамасыз етудi үйлестiредi.
      Хатшылықтың болу мемлекеттінің мемлекеттiк мұқтаждар үшiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге) тапсырыстарды (оларды сатып алуды) жүзеге асыру мәселелерiн реттейтiн заңнамасына сәйкес Хатшылық осы Келiсiмнiң 5-бабында көрсетiлген Жүйе құрамдастарын құру кезiнде тауарларға (жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге) тапсырыс берушiнiң құқықтарын жүзеге асырады және мiндеттерін мойнына алады.

7-бап

      Жүйенiң интеграциялық сегменттерiн құру, дамыту және олардың жұмыс iстеуі кезiнде қолданылатын ұйымдастырушылық және техникалық шешiмдердi бiрiздендiрудi қамтамасыз ету, ақпараттың қорғалуын тиiсті деңгейде ұстап тұру үшiн Хатшылық Комиссия бекiтетiн техникалық және ұйымдастырушылық құжаттардың жобаларын әзiрлеудi үйлестiредi.

8-бап

      Тараптардың әрқайсысы өзiнiң мемлекеттiк интеграциялық сегментiн құру, жұмыс iстеуі мен оны дамытуды қамтамасыз ету бойынша құқықтарды жүзеге асыратын және мiндеттерді мойнына алатын операторын белгілейді.

9-бап

      Хатшылық осы Келiсiмнiң 5-бабында көрсетiлген Жүйе құрамдастарын жобалауды, әзiрлеудi, енгiзудi, олардың жұмыс нәтижелерiн қабылдауды және одан әрi сүйемелдеудi осы Келiсiмнiң 7-бабында көрсетiлген құжаттарға сәйкес, ал көрсетiлген құжаттарда реттелмеген мәселелер бойынша - Хатшылықтың болу мемлекетінің заңнамасына сәйкес ұйымдастырады.
      Жүйенi әзiрлеуге арналған техникалық тапсырма Тараптармен келiсiледi.

10-бап

      Осы Келiсiмнiң 5-бабында көрсетiлген Жүйе құрамдастарына қатысты тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тапсырыстарды (оларды сатып алуды) жүзеге асыру және мүлiктiк құқықтарға ие болу кезiнде берiлген конкурстық ұсыныстарды бағалауды, сондай-ақ осы құрамдастарды жобалау және әзiрлеу жөнiндегi жұмыстардың нәтижелерiн қабылдауды жұмыс органдары жүзеге асырады, олардың құрамы Хатшылықтың ұсынысы бойынша Комиссияның шешiмiмен бекiтiледі.

11-бап

      Жүйенi құру және дамыту жөнiндегi жұмыстар Хатшылық әзiрлейтiн және Комиссияның шешiмiмен бекiтiлетiн жыл сайынғы жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады.

12-бап

      Осы Келiсiмнiң 5-бабында көрсетiлген Жүйе құрамдастарын құру, дамыту және олардың жұмыс iстеуi жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру Жүйенi құруға, дамытуға және оның жұмыс iстеуiне арналған шығыстардың Комиссия бекiткен сметасына сәйкес Комиссияның шығыстар сметасында көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
      Тараптардың келiсуі бойынша осы жұмыстардың бiр бөлiгiн қаржыландыру Тараптар мемлекеттерi бюджеттерiнің қаражаты есебiнен жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Тараптар мемлекеттерiнiң сыртқы және өзара саудасын реттейтiн мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiн, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң мемлекеттiк интеграциялық сегменттерiн құру, дамыту және олардың жұмыс iстеуi жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру Тараптардың мемлекеттерi бюджеттерiнің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

13-бап

      Тараптарда осы Келiсiмнiң 5-бабында көрсетiлген Жүйе құрамдастарына тең пайдалану құқықтары болады.

14-бап

      Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетін өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.

15-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар, бірінші кезекте, консультациялар мен келiссөздер жүргiзу арқылы шешiледi.
      Егер дау тараптарының бiрі даудың екiншi тарапына консультациялар мен келiссөздер жүргiзу туралы ресми жазбаша өтiнiш жiберген күнінен бастап 6 ай iшiнде дау тараптары дауды олар арқылы реттемесе, онда дау тараптарының арасында оны шешу тәсіліне қатысты өзге уағдаластық болмаған кезде, даудың кез келген тарабы бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшiн бере алады.
      Комиссия дау Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшiн берілгенге дейiн Тараптарға дауды реттеуде жәрдем көрсетедi.

16-бап

      Осы Келiсiм ратификациялануға жатады және қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады.
      Осы Келiсiм Тараптар мемлекеттерiнiң осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      2010 жылғы «21» қыркүйекте Мәскеу қаласында орыс тiлiнде бiр төлнұсқа данада жасалды.
      Осы Келiсiмнiң төлнұсқа данасы осы Келiсiмнiң депозитарийi бола отырып, әрбiр Тарапқа оның расталған көшiрмесiн жiберетiн Комиссияда сақталады.

      Беларусь              Қазақстан            Ресей
  Республикасының        Республикасының     Федерациясының
    Үкiметi үшiн           Үкiметi үшiн       Үкiметi үшiн

      Осы хатпен, Кеден одағының сыртқы және өзара саудаcының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және оны дамыту туралы келісімнің толық және сәйкестендірілген көшірмесі болып табылатын осы мәтінді 2010 жылдың 21 қыркүйегінде Мәскеу қаласында қол қойылған тұлғалармен растаймын:
      Беларусь Республикасы үшін - Премьер-Министрінің орынбасары - А.В.Кобяков,
      Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Ө.Е.Шөкеев,
      Ресей Федерациясы Үкіметі үшін - Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының Бірінші орынбасары - И.И.Шувалов.
      Түпнұсқа данасы кеден одағының Комиссиясында сақталуда.

      Кеден одағы Комиссиясы хатшылығының
      Құқықтық департамент директоры        Н.Б.Слюсарь

      Осымен 2010 жылдың 21 қыркүйегінде Мәскеу қаласында қол қойылған Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының және интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және оны дамыту туралы келісімнің аудармасы орыс тіліндегі мәтінге сәйкес келетінін куәландырамын.

      Мемлекеттік тілді дамыту
      басқармасының басшысы                 С. Досаров

      2010 жылғы 21 қыркүйекте Мәскеу қаласында қол қойылған Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграциялық ақпараттық жүйесінің құрылуы, жұмыс істеуі және дамуы туралы келісімнің куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                      Б. Пискорский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады