1928 жылғы 16 маусымда Женевада Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 11-сессиясында қабылданған Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы конвенция (26-конвенция) ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 26-КОНВЕНЦИЯ
Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы конвенция
Женева, 1928 жылғы 16 маусым
теңтүпнұсқалы мәтін
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
26-конвенция
Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы конвенция
Халықаралық Еңбек Бюросының Әкімшілік кеңесі Женевада шақырған және 1928 жылғы 30 мамырда өзінің он бірінші сессиясына жиналған Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас Конференциясы
сессия күн тәртібінің бірінші тармағы болып табылатын ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімі туралы бірқатар ұсыныстарды қабылдауға қаулы ете отырып,
осы ұсыныстарға халықаралық конвенция нысанын беруді ұйғара отырып,
бір мың тоғыз жүз жиырма сегізінші жылғы маусым айының он алтысы күні ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімі туралы 1928 жылғы Конвенция деп аталуы мүмкін және Халықаралық Еңбек Ұйымы Жарғысының ережелеріне сәйкес Халықаралық Еңбек Ұйымының Мүшелері ратификациялауға тиіс төмендегі Конвенцияны қабылдайды:
1-бап
1. Халықаралық Еңбек Ұйымының осы Конвенцияны ратификациялайтын
әрбір Мүшесі оның көмегімен жалақыны ұжымдық шарт арқылы немесе өзге де жолмен тиімді реттеудің белгіленген рәсімі болмаған және жалақысы өте төмен өнеркәсіптің белгілі бір салаларында немесе секторларында (және атап айтқанда, үй өндірісінде) жұмыс істейтін еңбекшілер жалақысының ең төменгі мөлшерлемелері белгіленуі мүмкін рәсімді енгізуге немесе сақтауға міндеттенеді.
2. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін «өнеркәсіп» термині өңдеуші
өнеркәсіп пен сауданы қамтиды.
2-бап
Ұйымның осы Конвенцияны ратификациялайтын әрбір Мүшесінің мұндай өнеркәсіптің тиісті салаларының немесе секторларының еңбекшілері мен кәсіпкерлерінің ұйымдары бар болса, олармен консультациядан кейін 1-бапта айтылған ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімі өнеркәсіптің қандай салаларына немесе секторларына және атап айтқанда, үй өндірісінің қандай түрлеріне қолданылуға тиіс екенін шешуге құқығы бар.
3-бап
1. Ұйымның осы Конвенцияны ратификациялайтын әрбір Мүшесінің ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімінің сипаты мен нысанын, сондай-ақ оны жүзеге асыру әдістерін айқындауға құқығы бар.
2. Алайда:
1) мұндай жүйені өнеркәсіптің қандай да бір салаларына немесе
секторларына қолданғанға дейін мұндай мүдделі кәсіпкерлер мен
еңбекшілердің өкілдері, оның ішінде олардың тиісті ұйымдарының өкілдері бар болса, құзыретті билік органдары өз кәсібіне немесе өздерінің міндеттеріне қарай осы саланы жақсы білетін адамдары ретінде кеңесуді орынды деп есептеген кез келген басқа адамдар сияқты консультацияларға тартылады;
2) мүдделі кәсіпкерлер мен еңбекшілер осы рәсімді осылай етіп және осындай дәрежеде, бірақ қандай жағдайда болса да ұлттық заңнамада айқындалуы мүмкін тең өкілдікпен және тең шарттарда жүзеге асыруға бірлесіп қатысады;
3) белгіленген ең төменгі жалақы тиісті кәсіпкерлер мен еңбекшілер үшін міндетті болып табылады және жеке келісім бойынша да, егер тек құзыретті билік органы тарапынан жалпы рұқсат немесе жеке жағдайға қатысты рұқсат болмағанда ғана, ұжымдық шарт бойынша да төмендетілмеуге тиіс.
4-бап
1. Ұйымның осы Конвенцияны ратификациялайтын әрбір Мүшесі
мүдделі кәсіпкерлер мен еңбекшілердің қолданыстағы ең төменгі
мөлшерлемелер туралы хабардар болуын және осы ең төменгі мөлшерлемелер қолданылатын жерде жалақының осы мөлшерлемелерден төмен болмауын қамтамасыз ету үшін бақылау жүйесі мен санкциялар түрінде қажетті шараларды қабылдайды.
2. Ең төменгі мөлшерлемелер қолданылатын және жалақысын анағұрлым төмен мөлшерлемелер бойынша алған еңбекшінің ұлттық заңнамада белгіленуі мүмкін ескіру мерзімін сақтаған жағдайда, өзіне толық төленбеген соманы сот тәртібімен немесе өзге заңды рәсім арқылы алуға құқығы бар.
5-бап
Ұйымның осы Конвенцияны ратификациялайтын әрбір Мүшесі жыл сайын Халықаралық Еңбек Бюросына ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін қолданудың әдістері мен нәтижелерін, сондай-ақ қысқаша нысанда қамтылған жұмысшылардың шамамен алынған санын, жалақының белгіленген ең төменгі мөлшерлемелерін және егер мұндай ең төменгі мөлшерлемелерге қатысты белгіленген басқа да аса маңызды шарттар бар болса, оларды көрсете отырып, осы рәсім қолданылатын өнеркәсіп салаларының немесе секторларының тізбесін қамтитын жалпы есепті жолдайды.
6-бап
Халықаралық Еңбек Ұйымы Жарғысының ережелеріне сәйкес осы Конвенцияны ратификациялау туралы ресми құжаттар тіркеу үшін Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директорына жолданады.
7-бап
1. Осы Конвенция ратификациялау туралы құжаттары Халықаралық
Еңбек Бюросында тіркелген Халықаралық Еңбек Ұйымының Мүшелерін ғана
байланыстырады.
2. Ол Ұйымның екі Мүшесінің ратификациялау туралы құжаттарын Бас Директор тіркегеннен кейін он екі айдан соң күшіне енеді.
3. Кейіннен осы Конвенция Ұйымның әрбір Мүшесіне қатысты оның ратификациялау туралы құжаты тіркелген күннен кейін он екі айдан соң күшіне енеді.
8-бап
Халықаралық Еңбек Ұйымының екі Мүшесінің ратификациялау туралы құжаттары Халықаралық Еңбек Бюросында тіркелгеннен кейін, Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директоры бұл туралы Халықаралық Еңбек Ұйымының барлық Мүшелеріне хабарлайды. Ол сондай-ақ оларға Ұйымның басқа да Мүшелерінен кейін алынған ратификациялау туралы барлық құжаттардың тіркелгені туралы хабарлайды.
9-бап
1. Ұйымның осы Конвенцияны ратификациялаған кез келген Мүшесі оның алғаш күшіне енген кезінен бастап он жылдық кезең өткеннен кейін Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директорына жолданған және ол тіркеген денонсациялау туралы акті арқылы оны денонсациялай алады. Денонсация Халықаралық Еңбек Бюросында денонсациялау туралы акті тіркелгеннен кейін бір жыл өткен соң күшіне енеді.
2. Осы Конвенцияны ратификациялаған, алдыңғы тармақта айтылған он жылдық кезең өткеннен кейін бір жылдық мерзімде өзінің осы бапта көзделген денонсациялау құқығын пайдаланбаған Ұйымның әрбір Мүшесі келесі бес жылдық кезеңге онымен байланысты болады және кейіннен әр бес жылдық кезең өткеннен кейін осы бапта белгіленген тәртіппен осы Конвенцияны денонсациялай алады.
10-бап
Халықаралық Еңбек Бюросының Әкімшілік кеңесі қажет деп есептеген әрбір жағдайда ол Бас Конференцияға осы Конвенцияның қолданылуы туралы баяндаманы ұсынады және Конференцияның күн тәртібіне оның толық немесе ішінара қайта қаралуы туралы мәселені енгізу қажеттігін шешеді.
11-бап
Осы Конвенцияның француз және ағылшын тілдеріндегі мәтіндерінің күші бірдей.
Жоғарыда баяндалған мәтін баптарды түпкілікті қайта қарау бойынша 1946 жылғы Конвенциямен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы 1928 жылғы конвенцияның теңтүпнүсқалы мәтіні болып табылады.
Конвенцияның түпнұсқалық мәтіні 1928 жылғы 22 маусымда Конференцияның Президенті Карлос Сааверда Ламас пен Халықаралық Еңбек Ұйымының Директоры Альберт Томастың қол қоюы арқылы мақұлданды.
Конвенция 1930 жылғы 14 маусымда күшіне енді.
Баптарды түпкілікті қайта қарау бойынша 1946 жылғы Конвенцияның 6-бабының ережелерін орындау үшін 1948 жылғы 30 сәуірде өзгерістер ескерілген Конвенция мәтінінің екі түпнұсқа көшірмесінің төлнұсқалығын өз қолыммен куәландырамын.
Эдвард Фелан
Халықаралық Еңбек Бюросының
Бас Директоры
Конвенцияның ұсынылған мәтіні Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директоры қол қойып куәландырған теңтүпнұсқалы мәтіннің дұрыс көшірмесі болып табылады.
Көшірменің дұрыстығы мен толықтығы куәландырылады.
Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директоры үшін:
С. В. Дженкс
Халықаралық Еңбек Бюросының
Заң кеңесшісі
1928 жылғы 16 маусымда Женевада өткен Халықаралық Еңбек Ұйымы Бас Конференциясының он бірінші сессиясында қабылданған «Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы конвенцияның» (26-Конвенция) көшірмесін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Құқықтық қамтамасыз ету
департаментінің директоры Ә. Қуан
1928 жылғы 16 маусымда Женева қаласында Халық Еңбек Ұйымы Бас Конференциясының 11-ші сессиясында қабылданған Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы № 26 Конвенцияның куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесін дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
Халықаралық құқық департаментінің
Басқарма бастығы Д. Есентаев
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Конвенцияның ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.