"Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 218-V ҚРЗ

      1-бап. «Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы» 2011 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 9, 72-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Конвенцияның 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Конвенцияның 14-бабының 2-тармағын өзінің конституциялық қағидаттарын және өзінің құқықтық жүйесінің негізгі тұжырымдамаларын ескере отырып қана қолданады;».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады