2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қазандағы № 358-V ҚРЗ

      2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2014 жылғы 7 қарашада Астанада жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық
автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттама

(2016 жылғы 2 наурызда күшіне енді - Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттары бюллетені, 2016 ж., № 3, 43-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,
      2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімнің (бұдан әрі — Келісім) 19-бабын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 5-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-бап
      «1. Автокөлік құралдарымен жүктерді тасымалдау рұқсат болмаса да:
      1) екі Тарап мемлекеттерінің арасында;
      2) екі Тарап мемлекеттерінің аумақтары бойынша транзит арқылы жүзеге асырылады.
      2. Уақытша (транзиттік) тіркеу нөмірлері бар, айырым белгілерінсіз бос автокөлік құралдарын межелі жерге айдап бару  кезінде де рұқсат талап етілмейді.».
      3. Екінші Тарап мемлекетінің аумағынан үшінші мемлекеттің аумағына және үшінші мемлекеттің аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына жүктерді тасымалдау екінші Тарап мемлекетінің құзыретті органынан алынған рұқсат негізінде орындалады.
      Егер екі Тараптың мемлекеттері де қатысушысы болып табылатын өзге халықаралық шарттарда жүктерді үшінші мемлекет аумағына/аумағынан екінші Тарап аумағына тасымалдауды жүзеге асырудың өзге тәртібі белгіленсе, онда мұндай тасымалдаулар осы халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылады.».

2-бап

      Келісімнің 10-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жүргізушілерде өздері басқаратын автокөлік құралдарының санатына сәйкес келетін ұлттық немесе халықаралық жүргізуші куәліктері және автокөлік құралына ұлттық тіркеу құжаттары болуға тиіс.
      Уақытша (транзиттік) тіркеу нөмірлері бар, айырым белгілерінсіз бос автокөлік құралдарын межелі жерге айдап бару жағдайында жүргізушілерде осы автокөлік құралдарына арналған уақытша тіркеу құжаттары болуға тиіс.».

3-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.

      2014 жылғы 7 қараша Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының                Қырғыз Республикасының
           Үкіметі үшін                            Үкіметі үшін

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Хаттаманың қырғыз тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады