1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының 929-Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілері мен ұрыс алаңдарын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 22 ақпандағы № 459-V ҚРЗ

      1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының 929-Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілері мен ұрыс алаңдарын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2015 жылғы 16 сәуірде Мәскеуде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің
арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей
Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының
объектілері мен жауынгерлік алаңдарын жалдау туралы шартқа
өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

(2016 жылғы 1 сәуірде күшіне енді - Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттары бюллетені, 2016 ж., № 4, 61-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
      1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектілері мен жауынгерлік алаңдарын жалдау туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 18-бабын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Шарттың 4-бабының бірінші абзацындағы «2005 жылғы 1 қаңтардан бастап 4,454 млн. АҚШ долларына баламалы соманы құрайды» деген сөздер «2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 3,081 млн. АҚШ долларына баламалы соманы құрайды» деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар өзара консультациялар және келіссөздер арқылы шешеді.
      Тараптардың бірінде бірлесіп шешуді талап ететін мәселелер туындаған кезде көрсетілген Тарап келіссөздер басталғанға дейін 30 күннен кешіктірмей бұл туралы басқа Тарапты жазбаша хабардар етеді.
      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

      2015 жылғы 16 сәуірде Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының      Ресей Федерациясының
           Үкіметі үшін                  Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады