"2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 5 наурыздағы № 470-V ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      1-бап. «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-VІІ, 162-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1 және 2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. 2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2016 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
      1) кiрiстер – 7 268 407 231 мың теңге, оның iшiнде:
      салықтық түсiмдер бойынша – 3 189 806 996 мың теңге;
      салықтық емес түсiмдер бойынша – 159 104 528 мың теңге;
      негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 16 383 224 мың теңге;
      трансферттер түсiмдерi бойынша – 3 903 112 483 мың теңге;
      2) шығындар – 7 920 789 229 мың теңге;
      3) таза бюджеттiк кредиттеу – 112 155 814 мың теңге, оның iшiнде:
      бюджеттiк кредиттер – 205 246 481 мың теңге;
      бюджеттiк кредиттердi өтеу – 93 090 667 мың теңге;
      4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 138 148 303 мың теңге, оның iшiнде:
      қаржы активтерiн сатып алу – 140 798 303 мың теңге;
      мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 2 650 000 мың теңге;
      5) бюджет тапшылығы – - 902 686 115 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 2,0 пайызы;
      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 902 686 115 мың теңге.
      2-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 38 090 438 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 7 472 520 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.»;
      2) 89 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының облыстық бюджеттерінен жан басына шаққандағы қаржыландыруды ендіру бойынша сынақтан өткізу үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес орта білім беру ұйымдарында 1 – 11-сыныптар үшін білім беру процесін жүзеге асыруға көзделген шығыстарды беруге байланысты 914 330 мың теңге сомасында трансферттер түсiмдері көзделсін.
      9-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдендірiлген трансферт мөлшерi 2 880 000 000 мың теңге сомасында көзделсiн.
      10-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында айқындалған мақсаттарға нысаналы трансферт 807 500 000 мың теңге сомасында көзделсін.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансфертті бөлу және (немесе) оны пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»;
      3) 15-бапта:
      мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6-1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға;
      6-2) кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға;»;
      «7-1) экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге;
      7-2) жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуді қамтамасыз етуге;»;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге;»;
      мынадай мазмұндағы 29-1) және 29-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «29-1) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларының қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын штат санын ұстауға;
      29-2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға;»;
      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «30) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға;»;
      4) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
      «16-1-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің шығыстары шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша өтемақы төлеуге «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына аудару үшін 20 900 000 мың теңге мөлшерінде қаражат көзделсін.»;
      5) 20-бап алып тасталсын;
      6) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
      «20-1-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық меншіктегі объектілерді жекешелендіруден республикалық бюджетке түскен кірістер есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын толықтыру үшін 1 537 777 мың теңге сомасында шығыстар көзделсін.»;
      7) 212325 және 27-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылға арналған резервi 264 293 453 мың теңге сомасында, оның iшiнде арнайы резерв 101 671 852 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.»;
      «23-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 668 446 мың теңге көзделсiн.»;
      «25-бап. 2016 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 9 305 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.»;
      «27-бап. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитi 1 369 497 307 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.»;
      8) көрсетілген Заңға 1 және 4-қосымшалар осы Заңға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
      9) көрсетілген Заңға 5-қосымшада:
      04 «Білім беру» деген функционалдық топта:
      225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» әкімшісі бойынша:
      099 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша:
      110 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне орта білім беру ұйымдарының 10-11 сыныптарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» деген кіші бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      «110 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер».
      2-бап. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

«2016 – 2018 жылдарға арналған    
республикалық бюджет туралы»     
Қазақстан Республикасының Заңына    
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының       
2016 жылғы 5 наурыздағы        
№ 470-V Заңына             
1-қосымша               

«2016 – 2018 жылдарға арналған  
республикалық бюджет туралы»   
Қазақстан Республикасының     
2015 жылғы 30 қарашадағы    
№ 426-V Заңына          
1-қосымша             

2016 жылға арналған республикалық бюджет

Санаты

Атауы

Cомасы,
мың теңге



Сыныбы



Iшкi сыныбы

1

2

3



I. Кірістер

7 268 407 231

1



Салықтық түсімдер

3 189 806 996



1



Табыс салығы

1 074 927 600



1

Корпоративтік табыс салығы

1 074 927 600

5



Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар

1 476 642 658



1

Қосылған құн салығы

1 245 725 007

2

Акциздер

49 870 958

3

Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер

165 852 119

4

Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар

5 002 794

5

Ойын бизнесіне салық

10 191 780

6



Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар

619 177 306



1

Кеден төлемдерi

605 000 433

2

Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар

14 176 873

8



Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер

19 059 432



1

Мемлекеттік баж

19 059 432

2





Салықтық емес түсiмдер

159 104 528



1



Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер

76 197 434



1

Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері

2 822 519

3

Мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер

12 510 989

4

Мемлекет меншігінде тұрған, заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер

1 397 985

5

Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

46 982 101

6

Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны үшін сыйақылар

500 000

7

Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар

1 969 909

9

Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер

10 013 931

2


Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер

2 619 365



1

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер

2 619 365

3



Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

41 350



1

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

41 350

4



Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

5 325 675



1

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

5 325 675

5



Гранттар

1 891 741



2

Қаржылық көмек

1 891 741

6



Басқа да салықтық емес түсiмдер

73 028 963



1

Басқа да салықтық емес түсiмдер

73 028 963

3



Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

16 383 224



1



Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату

249 910



1

Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату

249 910

2



Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату

16 133 314



1

Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату

16 133 314

4



Трансферттердің түсімдері

3 903 112 483



1



Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер

215 612 483



1

Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттер

215 612 483

4



Ұлттық қордан трансферттер

3 687 500 000



1

Республикалық бюджетке Ұлттық қордан трансферттер

3 687 500 000



II. Шығындар

7 920 789 229

1



Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

463 721 685



101



Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

7 041 639



001

Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

4 868 208

002

Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық аспектілерін болжамды-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

166 921

003

Мұрағат қорының, баспа басылымдарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды арнайы пайдалану жөніндегі қызметтер

290 753

007

Орталық коммуникациялар қызметінің жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

489 046

008

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

673 646

009

Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

523 927

011

Қазақстан Республикасында әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту

29 138

102



Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы

11 441 998



001

Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

11 441 998

104



Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi

2 245 707



001

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

2 149 960

002

Мемлекеттік органдарда және мекемелерде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұйымдастыру жөніндегі қызметтер

95 747

106



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық

81 569



001

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі қызметтер

81 569

107



Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты

171 774



001

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер

171 774

201



Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi

61 704 409



001

Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер

61 704 409

204



Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi

71 293 712



001

Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер

3 051 836

003

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау

290 083

005

Шетелдік іссапарлар

3 899 110

008

Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету

111 221

010

Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру

47 485 367

013

Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру

483 250

017

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға, өзге де халықаралық және басқа органдарға қатысуы

13 171 232

019

Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету

2 801 613

217



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi

74 740 471



001

Бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және орындалуын қамтамасыз ету және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтер

64 767 625

002

Халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалардың аудитiн жүзеге асыру

36 000

019

Жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу

25 420

067

Саяси партияларды қаржыландыру

3 625 198

072

Салық әкімшілігі жүйесін реформалау

5 478 492

094

Мемлекеттік активтерді басқару

807 736

225



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

33 398 510



130

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру

4 953 445

217

Ғылымды дамыту

28 445 065

239



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

9 484 285



001

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру

9 484 285

240



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

1 993 321



001

Мәдениет, спорт және дін саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру

1 663 865

037

Діни қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, діни қызмет саласындағы әлеуметтанушылық, ғылыми-зерттеу және талдау қызметтерін жүргізу

329 456

241



Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

4 538 645



001

Энергетика, атом энергиясы, мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер

4 538 645

242



Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

32 311 589



001

Стандарттау, метрология, өнеркәсіп, инвестициялар тарту, геология, туристік индустрия, индустриялық саясатты қалыптастыру, инфрақұрылымды және бәсекелестік нарықты, көлік және коммуникацияны, байланысты, ақпараттандыруды және ақпаратты дамыту, ғарыш қызметін үйлестіру және бақылау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

10 619 666

002

Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру ақпараттық жүйесін құру

791 923

209

Тұрғын-үй құрылыс жинақтары үлестері бойынша төлем ақы төлеу

20 900 000

243



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

101 973 617



001

Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

27 205 331

004

Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақылар төлеу

13 562 790

006

Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды зерттеулердің іске асырылуын қамтамасыз ету

4 990 070

007

Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мемлекеттік басқаруды жетілдіру

118 800

015

Қазақстан Республикасының ұлттық статистика жүйесін нығайту

1 898 037

057

Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуы

506 074

070

Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыру

493 006

073

Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету

51 417 125

081

Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету

1 782 384

244



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі

4 205 508



001

Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен іске асыру

3 218 145

008

Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау және қызметтік этика, меритократияны қорғау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласында мемлекеттік қызмет реформасын қолдау

755 725

012

Республиканың мемлекеттiк қызмет кадрларын тестілеу жөніндегі қызметтер

231 638

406



Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi

1 467 146



001

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

1 314 314

007

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру

152 832

637



Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi

355 051



001

Қазақстан Республикасы Конституциясының республика аумағында жоғары тұруын қамтамасыз ету

355 051

690



Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

8 536 612



001

Сайлау өткізуді ұйымдастыру

551 312

002

Сайлау өткізу

7 985 300

694



Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы

36 736 122



001

Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

36 736 122

2



Қорғаныс

400 094 399



201



Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi

43 564 429



060

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы қызметті ұйымдастыру

43 564 429

208



Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi

356 529 970



001

Қорғанысты және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және іске асыру жөніндегі қызметтер

2 072 614

047

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету

354 457 356

3



Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

439 546 852



104



Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi

797 978



003

Мемлекеттік мекемелерді фельдъегерлік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

797 978

201



Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi

141 175 213



015

Халықты жеке басты куәландыратын құжаттармен, жүргізуші куәліктерімен, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттармен, нөмірлік белгілермен қамтамасыз ету

12 229 797

076

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

82 769 638

077

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін ұйымдастыру

36 808 314

078

Ішкі істер органдарының жедел-іздестіру қызметтерін жүзеге асыру

9 367 464

217



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi

1 718 513



096

Жедел-іздестіру қызметін және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру

1 718 513

221



Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi

38 591 006



001

Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету

13 661 072

002

Сот сараптамаларын жүргізу

2 481 922

005

Адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі

1 267 883

006

Нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына ғылыми сараптама

134 219

009

Құқықтық насихат

437 260

047

Мемлекет мүдделерін білдіру және қорғау, сот немесе төрелік талқылаулар перспективаларын бағалау және жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар және инвестициялық шарттар жобаларына заңгерлік сараптама

14 205 948

050

Қазақстанда құқық қорғау тетіктерін жетілдіру және БҰҰ әмбебап кезеңдік шолу ұсынымдарын тиімді іске асыру

20 739

055

Қазақстан Республикасы Заңнама институтының қызметін қамтамасыз ету

332 112

059

Сот төрелігінің секторын институционалды түрде нығайту жобасын іске асыру

2 698 676

062

Сот-медицина, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамалар бойынша қызметтер

3 351 175

244



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі

11 229 237



014

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

11 229 237

410



Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi

156 858 322



001

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

154 358 322

002

Ұлттық қауіпсіздік жүйесін дамыту бағдарламасы

2 500 000

411



Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі

11 099 641



001

Сыртқы барлауды қамтамасыз ету

11 099 641

501



Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

29 854 009



001

Сот органдарының азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғауды қамтамасыз етуі

29 844 829

015

Қазақстан Республикасында сот мониторингі жүйесін жетілдіру

9 180

502



Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

25 298 615



001

Қазақстан Республикасында заңдардың және заңға тәуелді актілердің дәлме-дәл және бірізді қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру

22 269 794

009

Қылмыстық процестерге қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз ету

40 000

014

Мемлекет мүдделерін білдіру және қорғау

2 987 027

015

Құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудің жедел жүйесін құру

1 794

681



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі

22 924 318



001

Күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

17 531 272

002

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін дамыту бағдарламасы

5 393 046

4



Бiлiм беру

492 200 432



104



Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi

1 106 753



009

«Назарбаев Университеті» ДБҰ-на нысаналы салым

1 106 753

201



Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi

12 431 251



079

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кадрларын оқыту, біліктілігін арттыру және қайта даярлау

12 431 251

208



Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi

9 720 204



005

Мамандандырылған білім беру ұйымдарында жалпы білім беру

1 012 918

011

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар мамандар даярлау

8 155 006

017

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау

552 280

221



Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi

10 132



060

Сот-сараптама кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау

10 132

225



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

416 460 446



001

Білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

3 555 331

060

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ-на нысаналы салым

10 940 819

092

«Назарбаев Университеті» ДБҰ-на нысаналы салым

30 706 974

098

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету

94 862 769

099

Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету

96 511 430

203

Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету

20 796 040

204

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету

152 944 302

221

Мектепке дейінгі мемлекеттік білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау

194 271

222

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау

4 320 261

223

Техникалық және кәсіптік білім беру мемлекеттік ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау

320 312

224

Мемлекеттік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау

1 307 937

239



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

33 175 529



003

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету

603 060

004

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі медициналық білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

558 664

005

Денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау

981 479

006

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету

29 073 257

007

Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау

1 959 069

240



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

15 191 712



005

Мәдениеттегі және өнердегі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу

1 191 439

006

Мәдениет пен өнер саласындағы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету

1 506 774

007

Мәдениет пен өнер саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау

8 592

038

Спорттағы дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу

3 012 892

039

Спорт саласындағы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету

675 493

040

Спорт саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау

7 828

041

Мәдениет пен өнер саласында кадрлар даярлау

8 788 694

242



Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

45 207



048

Техникалық реттеу және метрология саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау

11 803

086

Ғарыш саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау

33 404

243



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

339 476



017

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы, кәсіпкерлік, тұрғын үй шаруашылығы саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау

339 476

244



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі

2 361 761



002

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру

376 335

013

Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер

1 985 426

502



Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

1 168 531



018

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылату және жоғары білімнен кейінгі білім беру

1 168 531

694



Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы

189 430



011

Медицина ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау

189 430

5



Денсаулық сақтау

764 374 872



201



Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi

5 582 189



014

Әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін емдеу және төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтер

5 582 189

208



Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi

4 794 405



008

Қарулы Күштерді медициналық қамтамасыз ету

4 794 405

225



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

544 409



019

Балаларды сауықтыру, оңалту және олардың демалысын ұйымдастыру

544 409

239



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

728 230 894



013

Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер

494 869

020

Денсаулық сақтау жүйесін реформалау

12 120 713

024

«Назарбаев Университеті» ДБҰ-ға нысаналы салым

4 188 558

052

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету

600 204 584

053

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту

111 062 494

059

Аурулар диагностикасының және емдеудің жоғары технологиялық әдістерінің әлеуетін арттыру және енгізу

159 676

243



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

13 562 070



066

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер

143 757

088

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы іс-шараларды іске асыру

13 418 313

694



Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы

11 660 905



028

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы медициналық ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету

11 660 905

6



Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

1 911 102 067



239



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

1 911 102 067



027

Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу

1 834 513 861

034

Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер

64 451

044

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру

69 963 757

048

Әлеуметтік жаңғыртудың басымдықтарына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру

157 410

056

Жұмыспен қамту және кедейшілік базасы бойынша ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер, жұмыспен қамту саясатын жаңғырту

296 221

058

Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту

6 106 367

7



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

163 934 561



243



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

163 934 561



063

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

481 209

085

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыру

100 571 664

086

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыру

62 881 688

8



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

121 703 650



101



Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

168 090



004

Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау жөніндегі қызметтер

168 090

225



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

3 546 577



040

Жастар саясаты және азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жөнінде іс-шаралар өткізу

919 167

219

Ғылыми-тарихи құндылықтарға, ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету

2 627 410

240



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

70 951 038



017

Ішкі саяси тұрақтылықты, қазақстандық патриотизмді, азаматтық қоғам және мемлекеттік институттар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуды қамтамасыз ету

411 648

021

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту

331 428

022

Қолданбалы ғылыми зерттеулер

13 398

033

Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру

17 476 621

035

Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау

34 232 106

036

Жоғары жетістіктер спортын дамыту

18 485 837

242



Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

41 636 743



087

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу

41 417 629

088

Ұлттық туристік өнімді қалыптастыру мен оны халықаралық және ішкі нарықта ілгерілету

219 114

243



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

4 120 018



067

Алматы қаласының бюджетіне 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиада объектілерін жобалауға және салуға берілетін нысаналы даму трансферттері

4 120 018

694



Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы

1 281 184



006

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу

362 966

015

Щучье-Бурабай курорттық аймағының инфрақұрылымын дамыту

735 546

029

Щучинск–Бурабай курорттық аймағының туристік имиджін қалыптастыру

182 672

9



Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

54 439 321



225



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

418 887



024

Сейсмологиялық ақпарат мониторингі

418 887

241



Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

39 206 589



003

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне газ тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері

6 373 925

009

«Қарағандыкөмір» бұрынғы өндірістік бірлестігінің шахталары және көмір тіліктері қызметінің салдарын жою

1 102 984

036

Атомдық және энергетикалық жобаларды дамыту

5 070 320

041

Жылу-электр энергетикасын дамыту

26 659 360

242



Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

14 813 845



056

Экономика салаларында энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету

421 176

089

Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды және Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерттелуін арттыру

14 392 669

10



Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

148 763 099



212



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi

134 762 976



001

Ауыл шаруашылығы және табиғатты пайдалану саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару

13 090 691

233

Табиғи ресурстарды жоспарлау, мониторингтеу, сақтау және тиімді пайдалану жүйесін жетілдіру

64 845

249

Мал шаруашылығын дамыту үшін және мал шаруашылығы өнiмiн өндіруге, қайта өңдеуге, өткізуге жағдай жасау

25 162 213

250

Қаржылық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру

45 206 601

253

Өтеусіз негізде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету

1 023 695

254

Су ресурстарын тиімді басқару

22 918 729

255

Өсімдік шаруашылығы өнiмiн сату, қайта өңдеу, өндіруді дамыту үшін жағдайлар жасау

11 645 269

256

Орман ресурстары мен жануарлар әлемін сақтау мен дамытуды басқару, қамтамасыз ету

15 650 933

241



Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

7 314 444



034

«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы және «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын іске асыру

161 995

037

Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту

1 271 871

038

Парниктік газдар шығарындыларын қысқарту

162 453

039

Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті дамыту

5 718 125

243



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

5 939 941



083

Мемлекеттік жер кадастры, геодезиялық және картографиялық қызметтің іс-шараларын іске асыру

5 939 941

694



Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы

745 738



007

Ормандар мен жануарлар дүниесін күзету, қорғау, өсімін молайту

745 738

11



Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

9 638 285



241



Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

133 200



040

Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардағы жергілікті қамтуды дамыту

133 200

242



Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

6 051 475



057

Өнеркәсіп саласындағы технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер

1 185 195

058

Ақпаратты сақтауды қамтамасыз ету

386 724

090

Өнеркәсіп салаларының дамуына жәрдемдесу және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

4 479 556

243



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

3 453 610



084

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жетілдіру іс-шараларды іске асыру

3 453 610

12



Көлiк және коммуникация

528 065 941



242



Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

528 065 941



003

Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту

332 221 466

013

Жүйелі ішкі авиатасымалдарды субсидиялау

1 169 886

015

Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалдарын субсидиялау

22 100 000

076

Ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер

395 000

091

Ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жөндеу және олардың сапасын жақсартуға бағытталған күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

97 792 382

092

Су көлігін және су инфрақұрылымын ұстау, дамыту

5 602 486

093

Азаматтық авиацияны және әуе көлігін дамыту

3 425 756

095

Алматы қаласының бюджетіне метрополитен салуға берілетін нысаналы даму трансферттері

5 000 000

096

Ғылыми-технологиялық және тәжірибелік-эксперименттік базаны дамыту

1 209 072

097

Ғарыштық инфрақұрылымның сақталуын қамтамасыз ету және пайдалануды кеңейту

3 220 110

099

Электрондық үкіметті, инфокоммуникациялық инфрақұрылымды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту

55 929 783

13



Басқалар

1 009 213 255



204



Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi

1 510 372



006

Өкілдік шығындар

1 510 372

217



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi

389 223 878



005

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қаражаттарды аударуды ұйымдастыру

1 537 777

010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві

264 293 453

038

«Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)» шеңберінде сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау

9 499 139

089

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік әкімшілік қызметшілер еңбекақысының деңгейін арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

20 281 126

093

Жергілікті бюджеттердің шығыстарын өтеуді және өңірлердің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету

80 045 140

095

Мемлекеттік міндеттемелерді орындау

13 567 243

239



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

284 971 070



055

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделіне көшуге, сонымен қатар оларға лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

284 971 070

242



Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

14 695 006



061

Техникалық реттеу және метрология саласындағы көрсетілетін қызметтер

2 263 587

204

Инвестициялар тарту үшін жағдай жасау

5 623 653

205

Қазақстан Республикасының инновациялық дамуын қамтамасыз ету

5 807 766

210

«Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорына нысаналы аударым

1 000 000

243



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

315 187 015



062

Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу

725 000

065

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ға нысаналы аударым

233 538 571

082

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде моноқалаларда және өңірлерде іс-шараларды іске асыру

14 439 394

087

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру

57 447 157

089

Жұмылдыру дайындығы, жұмылдыру және мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру іс-шараларын іске асыру

9 036 893

694



Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы

3 625 914



008

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының объектілерін салу және реконструкциялау

3 625 914

14



Борышқа қызмет көрсету

576 687 028



217



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi

576 687 028



013

Үкіметтік борышқа қызмет көрсету

576 687 028

15



Трансферттер

837 303 782



217



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi

837 303 782



097

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тартылған қаражаттың бір бөлігін қайтару

420 834

400

Облыстық бюджеттерге субвенциялар

836 882 948



III. Таза бюджеттік кредит беру

112 155 814

Бюджеттік кредиттер

205 246 481

6



Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

30 823 827



239



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

30 823 827



039

Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесуге кредит беру

30 823 827

7



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

96 937 337



242



Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

19 092 292



206

Жалдамалы тұрғын үй құрылысына кейіннен «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» АҚ кредит бере отырып, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ кредит беру

19 092 292

243



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

77 845 045



072

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй жобалауға және (немесе) салуға кредит беру

2 845 045

074

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру

75 000 000

10



Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

68 669 587



212



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi

60 000 000



023

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ға кредит беру

60 000 000

243



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

8 669 587



034

Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер

8 669 587

13



Басқалар

8 815 730



217



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi

668 446



011

Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау

668 446

243



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

8 147 284



048

Облыстық бюджеттерге моноқалаларда, кіші қалаларда және ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беру

2 647 284

050

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға кредит беру

5 500 000



Бюджеттік кредиттерді өтеу

93 090 667

5



Бюджеттік кредиттерді өтеу

93 090 667



1



Бюджеттік кредиттерді өтеу

90 618 094



1

Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

90 618 094

2



Төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтару

2 472 573



1

Төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды заңды тұлғалардың қайтаруы

2 472 573



IV. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо

138 148 303

Қаржы активтерін сатып алу

140 798 303

1



Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

13 832 023



217



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi

13 832 023



006

Халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу

13 832 023

2



Қорғаныс

10 377 200



208



Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi

10 377 200



044

«Қазтехнологиялар» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

10 377 200

4



Бiлiм беру

3 375 686



212



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi

518 135



248

«Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

518 135

240



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

2 857 551



032

«Қазақ ұлттық хореография академиясы» КЕАҚ жарғылық капиталын ұлғайту

2 857 551

5



Денсаулық сақтау

106 050



239



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

106 050



060

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру

106 050

7



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

10 000 000



242



Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

10 000 000



083

Үлестiк салымдарды кепілдендіру тетігін іске асыру үшін «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

10 000 000

10



Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

25 000 000



212



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi

25 000 000



257

Қазақстандық-Венгерлік тікелей инвестициялардың инвестициялық қорын қаржыландыру үшін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

1 850 000

258

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

23 150 000

12



Көлiк және коммуникация

21 707 344



242



Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

21 707 344



043

Нысаналы ғарыш жүйелерін, технологияларды құру және оларды пайдалану, сондай-ақ Құрастырма-сынақ кешенін салу үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

2 410 272

079

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

10 000 000

200

Цифрлық телерадиохабарын дамыту мен енгізу үшін «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

9 297 072

13



Басқалар

56 400 000



243



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

56 400 000



049

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

56 400 000



Қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

2 650 000

6





Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

2 650 000



1



Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

2 650 000



1

Қаржы активтерін ел ішінде сатудан түсетін түсімдер

2 650 000



V. Бюджет тапшылығы

-902 686 115

VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру

902 686 115

«2016 – 2018 жылдарға арналған   
республикалық бюджет туралы»    
Қазақстан Республикасының Заңына   
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының      
2016 жылғы 5 наурыздағы       
№ 470-V Заңына             
2-қосымша               

«2016 – 2018 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының 
2015 жылғы 30 қарашадағы  
№ 426-V Заңына       
4-қосымша          

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін
2016 жылға арналған бюджет түсімдерінің көлемі

Санаты

Атауы

Сомасы,
мың теңге



Сыныбы



Кіші сыныбы







БАРЛЫҒЫ

1 564 051 622

1





Салықтық түсімдер

1 563 051 622



01



Табыс салығы

626 983 330





1

Корпоративтік табыс салығы

626 983 330



05



Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар

936 068 292





3

Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер

936 068 292

2





Салықтық емес түсімдер

0



04



Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

0





2

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің мұнай секторы ұйымдарына салатын айыппұлдары, өсімпұлдары, санкциялары, өндіріп алулары

0



06



Өзге де салықтық емес түсімдер

0





1

Өзге де салықтық емес түсімдер

0

3





Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

1 000 000



03



Жерді және материалдық емес активтерді сату

1 000 000





1

Жерді сату

1 000 000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады