Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің және "Астана" халықаралық қаржы орталығының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 13 наурыздағы № 53-VІ ҚРЗ.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 жылғы 1 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 39-2-бапта:

      1-тармақ 3) тармақшасындағы "ұйымға төленетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы аударым болып табылады." деген сөздер "ұйымға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) ұзақ мерзімді активтерді иелену, халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру үшін ғана, оның органдары мен олардың ұйымдарының, сондай-ақ қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйымға төленетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы аударым болып табылады.";

      4-тармақтың екінші бөлігіндегі "бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында айқындалған, өздерінің қызметіне нысаналы аударым нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін дербес кластерлік қор" деген сөздер ", дербес кластерлік қор, сондай-ақ халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының, сондай-ақ қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін ұйым бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында айқындалған, өздерінің қызметіне нысаналы аударым нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 67-баптың 12-1-тармағының үшінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дербес кластерлік қордың, ұйымдардың" деген сөздер "дербес кластерлік қордың, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының, сондай-ақ қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат):

      1) 8-баптың 37-1) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 15-баптың екінші бөлігінің 87) тармақшасы алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 173-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат):

      1) 3-баптың 1-тармағының 5) тармақшасында:

      екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайтылған жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда судья басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;

      сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, өкілеттіктер мерзімі өткен жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда сот төрағасы, сот алқасының төрағасы басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;

      Жоғарғы Сот судьяларының саны азайтылған жағдайда, егер Жоғарғы Соттың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда Жоғарғы Соттың судьясы басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;

      өкілеттіктер мерзімі өткен жағдайларда, егер Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;";

      жетінші абзац алып тасталсын;

      2) 17-бапта:

      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тиісті облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысы ұсынымдық сипатта болады және оны кандидат Кеңеске ұсынады.";

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысы ұсынымдық сипатта болады және оны кандидат Кеңеске ұсынады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Аудандық сот төрағасы мен судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Кеңеске тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.

      Облыстық сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Кеңеске тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.

      Егер облыстық сот судьясының лауазымына қонкурсқа қатысушылар өздері судья лауазымына үміттеніп отырған сот орналасқан өңірде жұмыс істейтін немесе тұратын жағдайда, облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын қайтадан алу талап етілмейді.

      Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.

      Жоғарғы Сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Кеңеске тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің де қорытындысын алуға тиіс. Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.".

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады