2017 жылғы 20 маусымда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы № 2967-KАZ Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 2 Дәліз инвестициялық бағдарламасы [Маңғыстау облысындағы учаскелер] – 2-жоба) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы келісім-хат ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.НАЗАРБАЕВ |
2017 жылғы 9 ақпан
Қаржы министрі
Бақыт Сұлтанов мырзаға
Қаржы министрлігі
Жеңіс даңғылы 11, Астана 010000
Қазақстан Республикасы
Құрметті Сұлтанов мырза,
Нысанасы: № 2967-KAZ Қарыз: ОАӨЭЫ 2 Дәліз инвестициялық бағдарламасы [Маңғыстау облысындағы учаскелер] - 2-жоба - Қарыз туралы келісімге түзетулер
1. Осы хат жоғарыда көрсетілген жоба үшін 2013 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасы ("Қарыз алушы") мен Азия Даму Банкі ("АДБ") арасындағы Қарыз туралы келісімге ("Қарыз туралы келісім") (Жай операциялар) қатысты жолданады. Осы құжатта пайдаланылатын, бірақ айқындалмаған барлық жазылған белгілемелер, егер мазмұны басқа мағынаны талап етпесе, Қарыз туралы келісімде айқындалған мағынаға ие болады.
2. 2015 жылғы 10 шілдеде, 2016 жылғы 18 қаңтарда және 2017 жылғы 9 ақпанда АДБ (і) Жетібай - Жаңаөзен автожолы учаскесін (0-73 км) реконструкциялауды; (іі) жобаны қадағалау мен мониторингтеуге жәрдем көрсету мақсатында жобаны басқару жөніндегі консультанттың көрсетілетін қызметтерін қаржыландыруды қосу; және (ііі) осы өзгерістерді қаржыландыру үшін қарыз қаражатын қайта бөлу мақсатында жобаға енгізілетін өзгерістерді мақұлдады. Осы өзгерістерді қолданысқа енгізу үшін АДБ Қарыз туралы келісімге мынадай түзетулер енгізуді ұсынады:
(і) Қарыз туралы келісімнің 1-қосымшасы (Жобаның сипаттамасы) 3-тармағының (а) және (b) тармақшалары мынадай редакцияда пысықталсын:
"(а) (і) Шетпе елді мекені мен Ақтау қаласының арасындағы шамамен 170 км (632.3 км-ден 802 км-ге дейін) жол учаскесін; және (іі) "Жетібай - Жаңаөзен - Фетисов - Түрікменстан Республикасының шекарасы (Түрікменбашыға)" автомобиль жолының Жетібай және Жаңаөзен арасындағы шамамен 73 км (0-73 км) жол учаскесін реконструкциялау; және
(b) құрылысты қадағалау және жобаны басқару құрамдастарын қамтиды;";
(іі) Қарыз туралы келісімнің 3-қосымшасына толықтыруда көрсетілген кесте пысықталсын және Қарыз туралы келісімге түзетулер туралы осы хатқа қоса берілген Қосымшамен ауыстырылсын.
3. Осы Келісім-хатта көрсетілген ережелерді қоспағанда, Қарыз туралы келісімнің өзі өзгертілмейді.
4. Қарыз алушының осы Келісім-хатта көрсетілген түзетулерді енгізуге және осы Келісім-хаттың шарттарына келісімін төменде көрсетілген жерде Келісім-хаттың екі түпнұсқасына қол қою арқылы көрсетуді сұраймыз. Келісім-хаттың қол қойылған бір данасын өзінің пайдалануы үшін өзінде қалдыруды және басқа данасын АДБ-ға қайтаруды өтінеміз. Осы Келісім-хатта көрсетілген түзетулер Келісім-хаттың қол қойылып бекемделген түпнұсқасын АДБ алған күннен бастап күшіне енеді.
Құрметпен,
__________________________________
Шон О’Салливан
Бас Директор
Орталық және Батыc Азия Департаменті
Қабылдаймын және мақұлдаймын.
Қазақстан Республикасы үшін және оның атынан
Аты: Бақыт Сұлтанов
Қолтаңба: ________________
Күні: 2017 жылғы 20 маусым
Көшірмесі: Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбекке;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Р.Склярға;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Бекетаевқа;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы М.Пішембаевқа.
Келісім-хатқа | |
ҚОСЫМША |
ҚАРЫЗ ҚАРАЖАТЫН БӨЛУ ЖӘНЕ АЛУ
(ОАӨЭЫ 2 Дәліз инвестициялық бағдарламасы
[Маңғыстау облысындағы учаскелер] - 2-жоба)
Санаты |
АДБ-ның қаржыландыруы | ||
---|---|---|---|
Нөмірі | Атауы |
Қаржыландыру үшін АДБ бөлген жалпы сома ($), санат | Қарыз шотынан алу үшін негіз |
1 | Жұмыстар | 328,800,178 | жалпы мәлімделген шығыстардың 100%-ы |
2 | Консалтингтік көрсетілетін қызметтер | 9,199,822 | жалпы мәлімделген шығыстардың 100%-ы |
3 | Алдын ала болжанбаған шығыстар | 33,300,000 | жалпы мәлімделген шығыстардың 100%-ы |
Жиыны | 371,300,000 |
Ескертпе: - * Қарыз алушының аумағында алынатын қосылған құн салығын қоспағанда.
Осымен 2017 жылғы 20 маусымда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы № 2967-KAZ Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 2 Дәліз инвестициялық бағдарламасы [Маңғыстау облысындағы учаскелер] - 2 жоба) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы келісім хаттың осы аудармасы ағылшын тіліндегі мәтініне сәйкес келетінін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Құжат айналымы департаментінің Құжаттарды редакциялау және лингвистикалық сараптау басқармасы басшысының міндетін атқарушы |
Б. Тоқымбаева |