Теңiз кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз iс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияға 2005 жылғы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 15 наурыздағы № 145-VІ ҚРЗ.

      2005 жылғы 14 қазанда Лондонда жасалған Теңiз кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз iс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияға 2005 жылғы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

ТЕҢІЗ КЕМЕ ҚАТЫНАСЫ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ БАҒЫТТАЛҒАН ЗАҢСЫЗ ІС-ӘРЕКЕТТЕРМЕН КҮРЕС ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯҒА
2005 ЖЫЛҒЫ ХАТТАМА

      Кіріспе

      Осы Хаттамаға ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР

      1988 жылғы 10 наурызда Римде қабылданған Теңіз кеме қатынасы қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияның ҚАТЫСУШЫЛАРЫ БОЛА ОТЫРЫП,

      террористік актілер халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретінін МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП,

      қолданыстағы халықаралық заңдық және техникалық шараларға шолу жүргізу, сондай-ақ кеме бортындағы және порт аудандарындағы жолаушылар, экипаж және порт персоналы үшін, сондай-ақ кемелер мен олардың жүктері үшін қауіп-қатерді азайту мақсатында кемелерге қарсы жасалатын терроризмді болдырмау және жолын кесу, кемелердегі және жағадағы күзетті күшейту жөніндегі жаңа шараларды қарау ұсынылатын Халықаралық теңіз ұйымы Ассамблеясының А.924 (22) қарарын ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,

      1994 жылғы 9 желтоқсандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 49/60 қарарына қосымшада қамтылған, атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер терроризмді, оның ішінде мемлекеттер мен халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарға қауіп төндіретін және мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін терроризмнің барлық актілерін, әдістері мен практикасын қайда болса да, кім жүзеге асырса да қылмыс және ақтауға жатпайтын ретінде сөзсіз айыптайтындығын салтанатты түрде растаған Халықаралық терроризмді жою жөніндегі шаралар туралы декларацияны СЕЗІНЕ ОТЫРЫП,

      Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1996 жылғы 17 желтоқсандағы 51/210 қарарын және оған қосымшада қамтылған 1994 жылғы Халықаралық терроризмді жою жөніндегі шаралар туралы декларацияны толықтыратын Декларацияны АТАП КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП,

      Халықаралық қоғамдастықтың терроризмнің барлық нысандарымен және көріністерімен күресу ниетін білдіретін және мемлекеттердің терроризммен күрес бойынша міндеттері мен жауаптылығын белгілейтін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің 1368 (2001) және 1373 (2001) қарарларына СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП, сондай-ақ террористік шабуылдардан болатын қатердің сақталып отырғанын назарға ала отырып,

      ядролық, химиялық немесе биологиялық қаруды және оны жеткізу құралдарын таратуды болдырмау үшін барлық мемлекеттердің қосымша тиімді шараларды қабылдауы аса қажетті екендігін мойындайтын Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің 1540 (2004) қарарына да СІЛТЕМЕ ЖАСАЙ ОТЫРЫП,

      1963 жылғы 14 қыркүйекте Токиода қабылданған Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияға; 1970 жылы 14 желтоқсанда Гаагада қабылданған Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияға; 1971 жылғы 23 қыркүйекте Монреальда қабылданған Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күрес туралы конвенцияға; 1973 жылғы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға, соның ішінде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстарды болдырмау және оларды жазалау туралы конвенцияға; 1979 жылғы 17 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Кепілге адам алуға қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияға; 1979 жылғы 26 қазанда Венада қабылданған Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияға және 2005 жылғы 8 шілдеде қабылданған оған түзетулерге; 1988 жылғы 24 ақпанда Монреальда қабылданған Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күрес туралы конвенцияны толықтыратын Халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсететін әуежайларда заңсыз күш көрсету актілеріне қарсы күрес туралы хаттамаға; 1988 жылғы 10 наурызда Римде қабылданған Құрлықтық қайраңда орналасқан стационарлық платформалар қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы хаттамаға; 1991 жылғы 1 наурызда Монреальда қабылданған Пластикалық жарылғыш заттарды анықтау мақсатында оларды таңбалау туралы конвенцияға; 1997 жылғы 15 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Бомбалық терроризмге қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияға; 1999 жылғы 9 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияға; және 2005 жылғы 13 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Ядролық терроризм актілерімен күрес туралы халықаралық конвенцияға БҰДАН ӘРІ СІЛТЕМЕ ЖАСАЙ ОТЫРЫП,

      1982 жылғы 10 желтоқсанда Монтего-Бейде қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Теңіз құқығы жөніндегі конвенциясының және жалпы халықаралық теңіз құқығының маңыздылығын ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,

      халықаралық ынтымақтастық терроризмге қарсы күрес бойынша мемлекеттердің іс-қимылдары сияқты Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының қағидаттарына, халықаралық құқық нормаларына және тиісті халықаралық конвенцияларға сәйкес жүзеге асырылуға тиіс екендігін растайтын Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 59/46 қарарын, сондай-ақ мемлекеттерді Теңіз кеме қатынасы қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияның және оған Хаттаманың қатысушылары болуға табанды түрде шақыратын, мемлекеттерге осындай заңсыз актілерге, оның ішінде террористік актілерге қарсы күрес құралдарын күшейту мүдделерінде Халықаралық теңіз ұйымының Құқық комитетінің осы құжаттарды қарауына қатысуды ұсынатын және осы құжаттардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолдануға, атап айтқанда, қарулы шабуыл және теңізде террористік актілер болған жағдайда ден қою үшін тиісті базаның бар болуын қамтамасыз етуге арналған заңнаманы қолайлы жағдайларда қабылдау арқылы шаралар қолдануға да мемлекеттерді табанды түрде шақыратын Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 59/24 қарарын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,

      қорғауды қозғайтын қауіпті анықтау үшін үкіметтер, үкіметтік мекемелер, ұлттық және жергілікті әкімшіліктер, сондай-ақ кеме және порт салалары арасындағы ынтымақтастықты пайдаланатын тиісті халықаралық техникалық құрылымды құру және халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын кемелерді немесе порттық құралдарды қорғауға байланысты оқиғалардың алдын алу шараларын қолдану үшін 2002 жылғы осы Конвенцияның Уағдаласушы үкіметтерінің Конференциясында қабылданған 1974 жылғы Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға түзетулердің және Кемелер мен порттың құралдарды қорғау жөніндегі халықаралық кодекстің (КПҚҚ Кодексі) маңыздылығын да НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,

      мемлекеттер терроризмге қарсы күрес шеңберінде қолданылатын кез келген шаралардың олардың халықаралық құқық бойынша міндеттемелеріне, атап айтқанда, адам құқықтары, босқындар мәртебесін реттейтін құқық және гуманитарлық құқық саласындағы халықаралық нормаларға сәйкес болуын қамтамасыз етуге тиіс екендігін тағы да растайтын Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 58/187 қарарын ОДАН ӘРІ НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,

      халықаралық теңіз кеме қатынасының қауіпсіздігіне және қорғалуына қарсы жаңа қатыгез террористік актілердің жолын кесуге және Конвенцияның тиімділігін арттыруға бағытталған Конвенцияны толықтыратын ережелерді қабылдау қажет деп ЕСЕПТЕЙ ОТЫРЫП,

      төмендегілер туралы КЕЛІСТІ:

1-БАП

      Осы Хаттаманың мақсаттары үшін:

      1 "Конвенция" 1988 жылғы 10 наурызда Римде қабылданған Теңіз кеме қатынасы қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияны білдіреді.

      2 "Ұйым" Халықаралық теңіз ұйымын (ХТҰ) білдіреді.

      3. "Бас хатшы" Ұйымның Бас хатшысын білдіреді.

2-БАП

      1. Конвенцияның 1-бабы былайша өзгертіледі:

1-бап

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін:

      a) "кеме" ұстаудың динамикалық қағидатына негізделген кемені, су асты аппараттарын немесе кез келген басқа да жүзгіш құралдарды қоса алғанда, теңіз түбінде тұрақты бекітілмеген кез келген кеме түрін білдіреді;

      b) "тасымалдау" шешім қабылдау құқығын қоса алғанда, адамның немесе заттың орын ауыстыруына бастамашылық жасауды, оны ұйымдастыруды немесе тиімді бақылауды білдіреді;

      c) "қатты дене жарақаты немесе залал":

      i) қатты жарақатты; немесе

      ii) ірі экономикалық залалға әкеп соғатын қоғамдық пайдалану орындарының, мемлекеттік немесе үкіметтік объектінің, инфрақұрылым объектісінің немесе қоғамдық көлік жүйесінің едәуір бүлінуін; немесе

      ііі) ауаны, топырақты, суды, фаунаны немесе флораны қоса алғанда, қоршаған ортаға едәуір залал келтіруді білдіреді;

      d) "БХЯ қару дегеніміз":

      i) "биологиялық қару" болып табылатын:

      1) олардың шығарылған жеріне немесе өндіру әдісіне қарамастан, профилактикалық, қорғаныс немесе басқа да бейбіт мақсаттарда қолдануға болмайтын түрлеріне және санына қарамастан микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттерді немесе уытты заттарды; немесе

      2) осындай агенттер мен уытты заттарды дұшпандық мақсаттарда немесе қарулы қақтығыстарда қолдануға арналған қаруды, жабдықты немесе жеткізу құралдарын;

      ii) "химиялық қару" болып табылатын жиынтығындағы немесе жекелей алғандағы мыналар:

      1) олар:

      A) өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, зерттеушілік, медициналық, фармацевтикалық немесе өзге де бейбіт мақсаттарға; немесе

      B) қорғаныстық мақсаттарға, атап айтқанда, уытты химикаттардан қорғануға және химиялық қарудан қорғануға тікелей байланысты мақсаттарға; немесе

      C) химиялық қаруды қолданумен байланысы жоқ және соғысты жүргізу құралы ретінде химикаттардың уытты қасиеттерін пайдалануға тәуелді емес әскери мақсаттарға; немесе

      D) елдегі тәртіпсіздіктермен күресті қоса алғанда, құқық қорғау мақсаттарына арналған жағдайларды қоспағанда, олардың түрлері мен саны осындай мақсаттарға сай келген кезде уытты химикаттар мен олардың прекурсорларын;

      2) іі) 1) тармақшада көрсетілген осындай оқ-дәрілер мен құрылғыларды қолдану нәтижесінде босайтын уытты химикаттардың уытты қасиеттерінің есебінен жойқын зақымдау немесе өзге де зиян келтіруге әдейі арналған оқ-дәрілер мен құрылғыларды;

      3) іі) 2) тармақшада көрсетілген оқ-дәрілер мен құрылғыларды қолданумен байланысты тікелей пайдалануға әдейі арналған кез келген жабдықты;

      ііі) ядролық қаруды және басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды білдіреді;

      е) "уытты химикат" өмірлік маңызы бар процестерге өзінің химиялық әсер етуінің есебінен кісі өліміне ұшырататын, уақытша естен тандыратын немесе адамға немесе жануарларға үнемі зиян келтіретін кез келген химикатты білдіреді. Бұған өздерінің шығарылған жеріне немесе оларды өндіру тәсіліне қарамастан және оқ-дәрілер объектілерінде немесе әлдебір жерде өндірілгеніне қарамастан осындай барлық химикаттар жатады;

      f) "прекурсор" уытты химикатты қандай да болмасын тәсілмен өндірудің кез келген сатысына қатысатын кез келген химиялық реагентті білдіреді. Бұған бинарлық немесе көп құрамды химиялық жүйенің кез келген негізгі құрауышы жатады;

      g) "Ұйым" Халықаралық теңіз ұйымын (ХТҰ) білдіреді;

      h) "Бас хатшы" Ұйымның Бас хатшысын білдіреді.

      2. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін:

      a) "қоғамдық пайдалану орындары", "мемлекеттік немесе үкіметтік объект", "инфрақұрылым объектісі" және "қоғамдық көлік жүйесі" деген терминдердің 1997 жылғы 15 желтоқсанда Нью-Йоркте қабылданған Бомбалық терроризмге қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияда пайдаланылатын осыларға ұқсас терминдермен мағынасы бірдей, және

      b) "бастапқы материал" және "арнаулы ыдыратқыш материал" деген терминдердің 1956 жылғы 26 қазанда Нью-Йоркте қабылданған Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Жарғысында пайдаланылатын осыларға ұқсас терминдермен мағынасы бірдей.

3-БАП

      Конвенцияның 2bis бабы ретінде мынадай мәтін қосылады:

2bis бап

      1 Халықаралық құқыққа сәйкес, атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына және адам құқықтары, босқындар мәртебесін реттейтін құқық және гуманитарлық құқық саласындағы халықаралық нормаларға сәйкес осы Конвенцияда ешнәрсе мемлекеттердің және жекелеген тұлғалардың басқа да құқықтарын, міндеттемелері мен міндеттерін қозғамайды.

      2 Осы Конвенция осы құқықпен реттелетін халықаралық гуманитарлық құқықта осы терминдер түсінілетіндей қарулы жанжал кезіндегі қарулы күштердің әрекеттеріне және мемлекеттің әскери күштері өздерінің ресми функцияларын жүзеге асыру мақсатында қолданатын әрекеттерге қолданылмайды, өйткені олар басқа халықаралық құқық нормаларымен реттеледі.

      3 1968 жылғы 1 шілдеде Вашингтонда, Лондонда және Мәскеуде қол қойылған Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа, 1972 жылғы 10 сәуірде Вашингтонда, Лондонда және Мәскеуде қол қойылған Бактериологиялық (биологиялық) және уытты қарулар жасауға, өндіруге және оның қорларын шоғырландыруға тыйым салу және оларды жою жөніндегі конвенцияға немесе 1993 жылғы 13 қаңтарда Парижде қол қойылған Химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинақтау мен қолдануға тыйым салу және оны жою туралы конвенцияға сәйкес осы Конвенцияда ешнәрсе осындай шарттардың мүше мемлекеттеріне қатысты құқықтарды, міндеттемелер мен міндеттерді қозғамайды.

4-БАП

      1 Конвенцияның 3-бабы 1-тармағының кіріспе сөйлемі мынадай мәтінмен ауыстырылады:

      Осы Конвенцияның мазмұны бойынша кез келген адам, егер ол заңсыз немесе қасақана:

      2 Конвенцияның 3-бабының 1 f) тармағы мынадай мәтінмен ауыстырылады:

      f) осы арқылы кеменің қауіпсіз жүзуіне қауіп төндіре отырып, алдын ала жалған мәліметтер хабарласа;

      3 Конвенцияның 3-бабының 1 g) тармағы алып тасталады.

      4 Конвенцияның 3-бабының 2-тармағы мынадай мәтінмен ауыстырылады:

      2 Кез келген адам, егер ол жеке немесе заңды тұлғаны қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе одан тартынуға, 1-тармақтың b), с) және e) тармақшаларында көрсетілген қылмыстардың қайсыбірін жасауға мәжбүр ету мақсатында ұлттық заңнамада көзделгендей талаппен немесе онсыз қауіп төндірсе, егер осы қауіп сөз болып отырған кеменің қауіпсіз жүзуіне қатер төндіретін болса, қылмыс жасайды.

      5 Конвенцияның 3bis бабы ретінде мынадай мәтін қосылады:

3bis бап

      1 Осы Конвенцияның мазмұны бойынша кез келген адам, егер ол заңсыз немесе қасақана:

      а) осы әрекеттің мақсаты өзінің сипаты немесе мазмұны жағынан халықты қорқыту немесе үкіметті не халықаралық ұйымды қандай да бір іс-әрекет жасауға мәжбүрлеу немесе тартылу болып табылған жағдайда:

      і) жарылғыш заттарды, радиоактивті материалдарды немесе БХЯ қаруын кісі өліміне немесе қатты дене жарақатына немесе зиянға әкеп соғатындай немесе әкеп соғуы мүмкін болатындай қандай да бір кемеге қарсы немесе онда пайдаланса не кемеден лақтырса; немесе

      іi) а) і) тармақшада аталмаған мұнайды, сұйытылған табиғи газды немесе өзге де қауіпті немесе зиянды затты кісі өліміне немесе қатты дене жарақатына немесе зиян келтіруге әкеп соғатындай немесе әкеп соғуы мүмкін болатындай мөлшерде немесе концентрацияда кемеден лақтырса; немесе

      іii) кемені кісі өліміне немесе қатты дене жарақатына немесе зиянға әкеп соғатындай пайдаланса; немесе

      іv) бұл ұлттық заңнамада көзделгендей талаппен немесе онсыз а) і), іі) немесе ііі) тармақшада көрсетілген қылмысты жасаймын деп қорқытса; немесе

      b) кеменің бортында:

      і) халықты қорқыту немесе үкіметті не халықаралық ұйымды қандай да бір әрекет жасауға мәжбүрлеу немесе тартылу мақсатында бұл ұлттық заңнамада көзделгендей талаппен немесе онсыз кісі өліміне әкеп соғуға немесе қатты дене жарақатына немесе зиян келтіруге немесе зиян келтіру қаупін туғызуға арналғанын біле отырып, қандай да бір жарылғыш затты, радиоактивті материалды; немесе

      іi) 1-бапта айқындалғандай оның БХЯ қару болып табылатынын сезіне отырып, кез келген БХЯ қаруды; немесе

      іii) ядролық жарылыстарға байланысты қызметте немесе МАГАТЭ-мен Жан-жақты кепілдіктер туралы келісімге сәйкес кепілдіктермен қамтылмайтын басқа да ядролық қызметте пайдалануға арналғанын сезіне отырып, арнаулы ыдыратқыш материалды өңдеуге, пайдалануға немесе өндіруге әдейі арналған немесе дайындалған кез келген бастапқы материалды, арнаулы ыдыратқыш материалды не жабдықты немесе материалды; немесе

      іv) осындай мақсат үшін пайдалану ниетімен БХЯ қаруды жобалауға, өндіруге немесе жеткізуге елеулі үлес қосатын кез келген жабдықты, материалдарды немесе бағдарламалық қамтылымды не тиісті технологияны тасымалдаса, қылмыс жасайды.

      2 Осы Конвенцияның мазмұны бойынша, егер:

      а) осы затты немесе материалды түпкілікті беру немесе алу, оның ішінде мемлекеттің шегінде беру немесе алу Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қатысушы осы мемлекеттің міндеттемелеріне қайшы келмесе; және

      b) осы зат немесе материал Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қатысушы мемлекеттің ядролық қаруды немесе басқа да ядролық жарылғыш құрылғыны жеткізу жүйесіне арналған болса, осындай қаруға немесе құрылғыға иелік ету осы Шарт бойынша қатысушы осы мемлекеттің міндеттемелеріне қайшы келмесе,

      ядролық қаруға немесе өзге де ядролық жарылғыш құрылғыға жататын шамада 1 b) ііі) тармақта көрсетілген, осындай зат немесе материал Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің аумағында немесе аумағынан тасымалданатын не өзге түрде олардың бақылауымен тасымалданатын болса, 1 b) iv) тармақта көрсетілген затты немесе материалды тасымалдау қылмыс болып табылмайды.

      6 Конвенцияның 3ter бабы ретінде мынадай мәтін қосылады:

3ter бап

      Осы Конвенцияның мағынасы бойынша кез келген адам, егер ол басқа адамның 3, 3bis немесе 3quater бапта көрсетілген қылмыс болып табылатын немесе Қосымшада санамаланған шарттардың кез келгенінде көрсетілген қылмыс болып табылатын әрекетті жасағанын біле отырып және осындай адамға қылмыстық қудалаудан құтылу үшін көмек көрсетуге ниет білдіре отырып, осы адамды кеменің бортында заңсыз және қасақана тасымалдаса, қылмыс жасайды.

      7 Конвенцияның 3quater бабы ретінде мынадай мәтін қосылады:

3quater бап

      Егер кез келген адам:

      а) 3-баптың 1-тармағында, 3bis бапта немесе 3ter бапта көрсетілген қылмыстардың қандай да бірін жасауға байланысты қандай да бір адамға заңсыз және қасақана дене жарақаттарын келтірсе немесе оны өлтірсе; немесе

      b) 3-баптың 1-тармағында, 3bis баптың 1-тармағының а) і), іі) немесе ііі) тармақшасында немесе осы баптың а) тармақшасында көрсетілген қылмысты жасауға әрекеттенсе; немесе

      c) 3-бапта, 3bis бапта, 3ter бапта немесе осы баптың а) немесе b) тармақшасында көрсетілген қылмысты жасауға сыбайлас қатысушы ретінде қатысса; немесе

      d) 3-бапта, 3bis бапта, 3ter бапта немесе осы баптың а) немесе b) тармақшасында көрсетілген қылмысты жасау мақсатында басқа адамдарды ұйымдастырса немесе оларға басшылық етсе; немесе

      е) 3-бапта, 3bis бапта, 3ter бапта немесе осы баптың а) немесе b) тармақшасында көрсетілген бір немесе одан көп қылмыстарды ортақ мақсатпен, қасақана әрекет ететін адамдар тобының жасауына ықпал етсе және:

      i) қылмыстық әрекетті немесе топтың қылмыстық мақсатын қолдау мақсатында мұндай әрекет немесе мақсат 3, 3bis немесе 3ter бапта көрсетілген қылмыс жасауды қамтыса; немесе

      ii) 3, 3bis немесе 3ter бапта көрсетілген қылмысты жасауға топтың ниетін ұғынса, ол да осы Конвенцияның мағынасы бойынша қылмыс жасайды.

5-БАП

      1 Конвенцияның 5-бабы мынадай мәтінмен ауыстырылады:

      Әрбір қатысушы мемлекет осы қылмыстардың ауыр сипатын ескере отырып, 3, 3bis, 3ter және 3quater баптарда көрсетілген қылмыстар үшін тиісті жазалар белгілейді.

      2 Конвенцияның 5bis бабы ретінде мынадай мәтін қосылады:

5bis бап

      1 Заңды тұлғаны басқаруға немесе оны бақылауға жауапты, өзі ресми түрде әрекет ететін жеке тұлға осы Конвенцияда көрсетілген қылмысты жасаған жағдайда, әрбір қатысушы мемлекет өз ішкі құқығының қағидаттарына сәйкес өз аумағындағы немесе өз заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаны жауаптылыққа тартуға мүмкіндік беретін қажетті шараларды қолданады. Мұндай жауаптылық қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік сипатта болуы мүмкін.

      2 Мұндай жауаптылық осы қылмыстарды жасаған жеке тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы үшін нұқсан келтірмей басталады.

      3 Әрбір қатысушы мемлекет, атап айтқанда, 1-тармаққа сәйкес жауаптылыққа тартылатын заңды тұлғаларға қатысты тиімді, мөлшерлес және тежемелі әсер ететін қылмыстық, азаматтық-құқықтық немесе әкімшілік санкцияларды қолдануды қамтамасыз етеді. Мұндай санкциялар ақшалай санкцияларды қамтуы мүмкін.

6-БАП

      1 Конвенцияның 6-бабы 1-тармағының кіріспе сөйлемі мынадай мәтінмен ауыстырылады:

      1 Әрбір қатысушы мемлекет қылмыс жасалғанда, 3, 3bis, 3ter және 3quater баптарда көрсетілген қылмыстарға қатысты өз юрисдикциясын белгілеу үшін қажет болуы мүмкін шараларды қолданады.

      2 Конвенцияның 6-бабының 3-тармағы мынадай мәтінмен ауыстырылады:

      3 2-тармақта атап көрсетілген юрисдикцияны белгілеген кез келген қатысушы мемлекет бұл туралы Бас хатшыны хабардар етеді. Егер мұндай қатысушы мемлекет кейіннен мұндай юрисдикциядан бас тартса, ол бұл туралы Бас хатшыны хабардар етеді.

      3 Конвенцияның 6-бабының 4-тармағы мынадай мәтінмен ауыстырылады:

      4 Болжанатын қылмыскер оның аумағында болған және оны осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес өз юрисдикциясын белгілеген қандай да бір қатысушы мемлекетке бермеген жағдайларда, әрбір қатысушы мемлекет 3, 3bis, 3ter және 3quater баптарда көрсетілген қылмыстарға қатысты өз юрисдикциясын белгілеу үшін қажет болуы мүмкін шараларды қолданады.

7-БАП

      Конвенцияға қосымша ретінде мынадай мәтін қосылады:

ҚОСЫМША

      1 1970 жылғы 16 желтоқсанда Гаагада қабылданған Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенция.

      2 1971 жылғы 23 қыркүйекте Монреальда қабылданған Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күрес туралы конвенция.

      3 1973 жылғы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға, соның ішінде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстарды болдырмау және оларды жазалау туралы конвенция.

      4 1979 жылғы 17 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Кепілге адам алуға қарсы күрес туралы халықаралық конвенция.

      5 1979 жылғы 26 қазанда Венада қабылданған Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенция.

      6 1988 жылғы 24 ақпанда Монреальда қабылданған Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күрес туралы конвенцияны толықтыратын Халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсететін әуежайларда заңсыз күш көрсету актілеріне қарсы күрес туралы хаттама.

      7 1988 жылғы 10 наурызда Римде қабылданған Құрлықтық қайраңда орналасқан стационарлық платформалар қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы хаттама.

      8 1997 жылғы 15 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Бомбалық терроризмге қарсы күрес туралы халықаралық конвенция.

      9 1999 жылғы 9 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы халықаралық конвенция.

8-БАП

      1 Конвенцияның 8-бабының 1-тармағы мынадай мәтінмен ауыстырылады:

      1 Қатысушы мемлекет ("туы көтерілген мемлекет") кемесінің капитаны оның 3, 3bis, 3ter немесе 3quater бапта көрсетілген қылмысты жасады деп санауға ақылға қонымды негіздері бар кез келген адамды кез келген басқа да қатысушы мемлекеттің ("қабылдаушы мемлекет") органдарына бере алады.

      2 Конвенцияның 8 bis бабы ретінде мынадай мәтін қосылады:

8bis бап

      1 Осы Конвенцияда қамтылатын заңсыз актілерді болдырмау және жолын кесу мақсатында қатысушы мемлекеттер халықаралық құқыққа сәйкес барынша мүмкін болатын дәрежеде ынтымақтасады және осы бапқа сәйкес сұрау салуларға мүмкіндігінше тез жауап береді.

      2 Осы бапқа сәйкес әрбір сұрау салуда мүмкіндігінше күдік тудыратын кеменің атауы, кеменің ХТҰ тану нөмірі, тіркеу порты, шығу және межеленген порттары, сондай-ақ басқа да кез келген қажетті ақпарат көрсетілуге тиіс. Егер сұрау салу ауызша нысанда жіберілген болса, сұрау салушы Қатысушы сұрау салуды жазбаша нысанда мүмкіндігінше тез растайды. Сұрау салынатын Қатысушы кез келген жазбаша немесе ауызша сұрау салуды алғанын дереу растайды.

      3 Қатысушы мемлекеттер теңізде кемеге отыруға және оның жүгін тексеріп қарауға байланысты қауіптер мен қиындықтарды назарға алады және келесі кіру портында немесе басқа жерде тиісті мемлекеттердің арасында келісілген басқа да қажетті шаралардың неғұрлым қауіпсіз өткізілу мүмкіндігі туралы мәселені қарайды.

      4 3, 3bis, 3ter немесе 3quater бапта көрсетілген қылмыс оның туы астында жүзетін кеменің қатысуымен жасалды, жасалып жатыр немесе жасалуға дайын деп күдіктенуге ақылға қонымды негіздері бар қатысушы мемлекет басқа қатысушы мемлекеттерге осы қылмыстың алдын алу немесе жолын кесу үшін көмек көрсету туралы өтінішпен жүгіне алады. Осындай өтініш алған қатысушы мемлекеттер өздерінде бар құралдар шегінде осындай көмек беру үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды.

      5 Қатысушы мемлекеттің ("сұрау салушы Қатысушы") құқық қорғау органдарының лауазымды адамдары немесе басқа да уәкілетті лауазымды адамдары басқа қатысушы мемлекеттің ("бірінші Қатысушы") туы астында жүзетін немесе осындай мемлекетте оның тіркеу белгілері бар және кез келген мемлекеттің аумақтық теңізінен тыс болатын кемемен ісі болған әр кезде және сұрау салушы Қатысушының кеме немесе осы кеме бортындағы адам 3, 3bis, 3ter немесе 3quater бапта көрсетілген қылмысты жасауға қатысты, қатысады немесе қатысуға дайын деп күдіктенуге ақылға қонымды негіздері болғанда және сұрау салушы Қатысушы кемеге отырғызуға ниет білдіргенде,

      а) ол 1 және 2-тармақтарға сәйкес бірінші Қатысушының ұлты туралы өтінішті растауын сұрайды және

      b) егер ұлты расталса, сұрау салушы Қатысушы (бұдан әрі "туы көтерілген мемлекет" деп аталатын) бірінші Қатысушыдан кемеге отыруға рұқсат беруді және осы кемеге қатысты кемені тоқтатуды, кемеге отырғызуды және кемені, борттағы оның жүгін және адамдарды тексеріп қарауды, сондай-ақ 3, 3bis, 3ter және 3quater баптарда көрсетілген қылмыстың жасалғанын, жасалып жатқанын немесе жасалуға дайын екенін айқындау мақсатында борттағы адамдарға сұрау жүргізуді қамтуы мүмкін тиісті шараларды қолдануды сұрайды.

      c) туы көтерілген мемлекет:

      i) сұрау салушы Қатысушыға кемеге отырғызуға және 7-тармаққа сәйкес ол белгілей алатын кез келген талаптарды сақтай отырып, b) тармақшасында көрсетілген тиісті шараларды қолдануға рұқсат етеді; немесе

      ii) кемеге отырғызуға және жеке өз құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарының немесе өзге лауазымды адамдардың көмегімен оны тексеріп қарауды жүргізеді; немесе

      iii) 7-тармаққа сәйкес ол белгілей алатын кез келген талаптарды сақтай отырып, кемеге отырғызуды және сұрау салушы Қатысушымен бірге оны тексеріп қарауды; немесе

      iv) кемеге отырғызуды және оны тексеріп қарауды жүргізуге рұқсат беруден бас тартады.

      Сұрау салушы Қатысушы туы көтерілген мемлекеттің тікелей рұқсатынсыз кемеге отырмайды және b) тармақшасында көрсетілген шараларды қолданбайды.

      d) Ратификациялық грамотаны немесе қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырған кезде немесе оны тапсырғаннан кейін қатысушы мемлекет, егер ұлтын растау туралы сұрау салуды алғанын растағаннан кейін төрт сағат ішінде бірінші Қатысушыдан жауап алынбаса, Бас хатшыны оның туы астында жүзетін немесе оның тіркеу белгілері бар кемелерге қатысты сұрау салушы Қатысушының кемеге отырғызуға және кемені, борттағы оның жүгін және адамдарды тексеріп қарауды жүргізуге, сондай-ақ кеменің ұлтын растайтын құжаттарды табу және тексеру мақсатында борттағы адамдарға сұрау жүргізуге, сондай-ақ 3, 3bis, 3ter немесе 3quater бапта көрсетілген қылмыстың жасалғанын, жасалып жатқанын немесе жасалуға дайын екенін айқындауға рұқсат алатыны туралы хабардар ете алады.

      е) Ратификациялық грамотаны немесе қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырған кезде немесе оны тапсырғаннан кейін қатысушы мемлекет Бас хатшыны оның туы астында жүзетін немесе оның тіркеу белгілері бар кемелерге қатысты сұрау салушы Қатысушыға кемеге отырғызуға және кемені, борттағы оның жүгін және адамдарды тексеріп қарауды жүргізуге, сондай-ақ 3, 3bis, 3ter немесе 3quater бапта көрсетілген қылмыстың жасалғанын, жасалып жатқанын немесе жасалуға дайын екенін айқындау мақсатында борттағы адамдарға сұрау жүргізуге рұқсат берілетіні туралы хабардар ете алады.

      Осы тармаққа сәйкес жіберілген хабарламалар кез келген уақытта кері қайтарып алынуы мүмкін.

      6 Егер осы бапқа сәйкес жүргізілген кез келген кемеге отырғызу нәтижесінде 3, 3bis, 3ter немесе 3quater бапта сипатталған іс-әрекеттің дәлелдемесі анықталса, туы көтерілген мемлекет сұрау салушы Қатысушыға туы көтерілген мемлекеттен шаралар қолдануға қатысты нұсқаулар алуды күткен кезде кемені, кеме бортындағы жүк пен адамдарды ұстап қалуға рұқсат бере алады. Сұрау салушы Қатысушы туы көтерілген мемлекетке осы баптың негізінде жүргізілген отырғызу, тексеріп қарау және ұстап қалу нәтижелері туралы дереу хабарлайды. Сұрау салушы Қатысушы да туы көтерілген мемлекетке осы Конвенцияда қамтылмаған басқа заңсыз іс-әрекеттің дәлелдемесін анықтағаны туралы дереу хабарлайды.

      7 Осы Конвенцияның басқа ережелерімен үйлесетіндей шамада туы көтерілген мемлекет 5 немесе 6-тармақтың негізінде ұсынылатын өзінің рұқсатын шарттармен, оның ішінде сұрау салушы Қатысушыдан қосымша ақпарат алу шарттарымен және қолданылатын шаралар үшін жауаптылыққа және осындай шаралардың ауқымына қатысты шарттармен қоса жібере алады. Адамдардың өмірі үшін тікелей қауіпті жою үшін қажет немесе басқа да тиісті екіжақты немесе көпжақты келісімдерден туындайтын шараларды қоспағанда, туы көтерілген мемлекеттің тікелей рұқсатынсыз ешқандай қосымша шаралар қолданыла алмайды.

      8 Осы бапқа сәйкес жүргізілетін кез келген отырғызуға қатысты туы көтерілген мемлекеттің ұсталған кемеге, кеме бортындағы жүкке немесе басқа заттарға, сондай-ақ адамдарға алып қоюды, тәркілеуді, тыйым салуды және қудалауды қоса алғанда, юрисдикцияны жүзеге асыруға құқығы бар. Алайда туы көтерілген мемлекет өз конституциясы мен заңнамасын сақтай отырып, 6-баптың негізінде юрисдикциясы бар басқа мемлекеттің юрисдикцияны жүзеге асыруына келісім бере алады.

      9 Өз лауазымды адамдарының және кеме бортындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет болған немесе өздеріне рұқсат етілген әрекеттерді орындау үшін ресми адамдарға бөгет жасалған жағдайлардан басқа, осы баптың негізінде рұқсат етілген әрекеттерді орындау кезінде күш қолданылмауы қажет. Осы баптың негізінде кез келген күш қолдану нақты мән-жайларда қажетті және ақылға қонымды болып табылатын күштің ең төмен деңгейінен аспауға тиіс.

      10 Қорғаушы ережелер:

      а) Осы бапқа сәйкес қатысушы мемлекет қандай да бір кемеге қатысты шаралар қолданған кезде, ол:

      i) тиісті түрде теңіздегі адам өмірінің қауіпсіздігіне қауіп төндірмеу қажеттілігін ескереді;

      ii) борттағы барлық адамдарға олардың адами ар-намысы сақталатындай және адам құқықтары саласындағы халықаралық құқықты қоса алғанда, халықаралық құқықтың қолданылатын ережелері орындалатындай түрде қарауды қамтамасыз етеді;

      iii) осы баптың негізінде кемеге отырғызу және тексеріп қарау қолданылатын халықаралық құқыққа сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етеді;

      iv) кеме мен оның жүгінің қауіпсіздігін және қорғалуын тиісті түрде ескереді;

      v) туы көтерілген мемлекеттің коммерциялық немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтірмеу қажеттілігін тиісті түрде ескереді;

      vi) қолда бар мүмкіндіктер шегінде кемеге немесе оның жүгіне қатысты қолданылған кез келген шараның нақты мән-жайларды ескере отырып, экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан сай болуын қамтамасыз етеді;

      vii) 3, 3bis, 3ter немесе 3quater бапта көрсетілген кез келген қылмыстарға байланысты оларға қарсы талқылау қозғалуы мүмкін кеме бортындағы адамдарға олар қайда болса да, 10-баптың 2-тармағында көзделген қорғану құралдарының берілуін қамтамасыз етеді;

      viii) кеме капитанының осы мемлекеттің кемеге отырғызу ниеті туралы хабардар болуын және алғашқы мүмкіндік болғанда оған кеме иесімен және туы көтерілген мемлекетпен байланысу мүмкіндігінің берілуін қамтамасыз етеді; және

      ix) кемені негізсіз ұстауды немесе ұстап қалуды болдырмау үшін ақылға қонымды күш-жігерін жұмсайды.

      b) Егер:

      i) кеме қолданылған шараларды ақтайтын ешқандай іс-әрекет жасамаған жағдайда, қолданылған шаралар ескеріле отырып келтірілген уәждер негізсіз болса; немесе

      ii) осындай шаралар заңсыз болып табылса немесе осы баптың ережелерін жүзеге асыру үшін қолда бар ақпаратқа сәйкес ақылға қонымды қажет шаралардан асатын болса, туы көтерілген мемлекеттің кемеге отырғызуға рұқсат беруі оны жауаптылыққа әкеп соқтырмайтын жағдайда, қатысушы мемлекеттер осы баптың негізінде қолданылған шаралар нәтижесінде келтірілген, оларға жүктелетін залал, зиян немесе шығындар үшін жауапты болады.

      Қатысушы мемлекеттер осындай залалға, зиянға немесе шығындарға қатысты тиімді регресс құқығын қамтамасыз етеді.

      c) Егер қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес кемеге қатысты шаралар қолданса, ол тиісті түрде:

      i) халықаралық теңіз      құқығына сәйкес жағалау маңындағы мемлекеттердің құқықтары мен міндеттемелеріне және юрисдикциясының жүзеге асырылуына; немесе

      ii) кемеге байланысты әкімшілік, техникалық және әлеуметтік мәселелер бойынша юрисдикциясын және бақылауды жүзеге асыруға туы көтерілген мемлекеттің құқықтылығына бөгет жасамау немесе нұқсан келтірмеу қажеттілігін ескеруге тиіс.

      d) Осы баптың негізінде қолданылатын кез келген шараны құқық қорғау органдарының лауазымды адамдары немесе басқа уәкілетті лауазымды адамдар әскери корабльдерден немесе әскери ұшу аппараттарынан не оларды мемлекеттік қызметте тұратындар ретінде тануға мүмкіндік беретін және осы мақсатқа уәкілеттік берілген анық сыртқы белгілері бар басқа кемелерден немесе ұшу аппараттарынан жүзеге асырады және 2 және 2bis баптарға қарамастан, осы баптың ережелері қолданылады.

      е) Осы баптың мақсаттары үшін "құқық қорғау органдарының лауазымды адамдары немесе басқа уәкілетті лауазымды адамдар" өз мемлекеттері тиісті түрде уәкілеттік берген, форма киетін немесе оларды анық ерекшелендіретін өзге де белгілері бар құқық қорғау немесе өзге мемлекеттік орғандардың қызметкерлері болып табылады. Осы Конвенцияның негізінде заңнаманың орындалуын қамтамасыз етудің нақты мақсаты үшін кемеге отырғызу кезінде құқық қорғау органдарының лауазымды адамдары немесе басқа уәкілетті лауазымды адамдар кеме капитанына танысу үшін үкімет тиісті түрде берген жеке куәлігін ұсынуға тиіс.

      11 Осы бап кез келген қатысушы мемлекет халықаралық құқыққа сәйкес қандай да бір мемлекеттің аумақтық теңізінің шегінен тыс жерлерде жүргізетін кемеге отырғызуға қатысты қолданылмайды және тексеріп қарау құқығына, апатқа немесе қауіп-қатерге ұшырау жағдайындағы адамдарға, кемелерге және мүлікке көмек көрсетуге не заңнаманы орындауды қамтамасыз ету жөніндегі шараны немесе өзге шараны қолдануға туы көтерілген мемлекет берген құқықтылықтарға негізделген отырғызуларды қоса алғанда, осындай отырғызуды шектемейді.

      12 Қатысушы мемлекеттер осы баптың негізінде бірлескен операцияларға арналған стандартты шұғыл рәсімдер әзірлеуге және қажет болған кезде операциялар жүргізу үшін осындай рәсімдерді үйлестіру мақсатында басқа қатысушы мемлекеттермен консультациялар жүргізуге көтермеленеді.

      13 Қатысушы мемлекеттер өздерінің арасында осы бапқа сәйкес жүргізілетін заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету бойынша операцияларды жеңілдетуге бағытталған келісімдер немесе уағдаластықтар жасаса алады.

      14 Әрбір қатысушы мемлекет оның құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарының немесе басқа уәкілетті лауазымды адамдардың, сондай-ақ басқа қатысушы мемлекеттің атынан әрекет ететін басқа қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарының немесе басқа уәкілетті лауазымды адамдарының осы бапқа сәйкес әрекет ету өкілеттіктерінің болуын қамтамасыз ететін тиісті шаралар қолданады.

      15 Ратификациялық грамотаны немесе қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырған кезде немесе оны тапсырғаннан кейін әрбір қатысушы мемлекет көмек көрсету туралы, кеме ұлтын растау туралы және тиісті шаралар қолдануға рұқсат беру туралы сұрау салуды алуға, сондай-ақ осындай сұрау салуларға жауап беруге тиіс органды немесе, қажет болған жағдайда, органдарды тағайындайды. Мемлекет қатысушы болғаннан кейін бір айдың ішінде ол байланыс ақпаратын қоса алғанда, осындай тағайындау туралы Бас хатшыны хабардар етеді, ол бұл туралы тағайындаған кезден бастап бір айдың ішінде барлық басқа қатысушы мемлекеттерге хабарлайды. Әрбір қатысушы мемлекет тағайындалған органның немесе байланыс ақпаратының кез келген өзгеруі туралы хабарламаның Бас хатшы арқылы уақтылы берілуіне жауапты болады.

9-БАП

      10-баптың 2-тармағы мынадай мәтінмен ауыстырылады:

      2 Күзетпен ұсталған немесе оған қатысты кез келген басқа да шаралар қолданылған немесе осы Конвенцияға сәйкес талқылау жүзеге асырылатын кез келген адамға әділ түрде қарауға, оның ішінде аумағында осы адам тұратын мемлекеттің заңнамасына және адам құқықтары саласындағы халықаралық құқықты қоса алғанда, халықаралық құқықтың қолданылатын ережелеріне сәйкес барлық құқықтар мен кепілдіктерді пайдалануға кепілдік беріледі.

10-БАП

      1 11-баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтары мынадай мәтінмен ауыстырылады:

      1 3, 3bis, 3ter немесе 3quater баптарда көрсетілген қылмыстар беруге әкеп соғатын қылмыстар ретінде қандай да бір қатысушы мемлекеттер арасында жасалған, кез келген беру туралы шартқа қосылуға жатады деп есептеледі. Қатысушы мемлекеттер мұндай қылмыстарды беруге әкеп соғатын қылмыстар ретінде өздері арасында жасалатын барлық беру туралы шарттарға қосуға міндеттенеді.

      2 Беруді шарттың болуымен байланыстыратын қатысушы мемлекет беру туралы шарт жасалмаған екінші қатысушы мемлекеттен беру туралы өтінішті алған кезде, сұрау салынатын мемлекет өз қарауы бойынша осы Конвенцияны 3, 3bis, 3ter немесе 3quater баптарда көрсетілген қылмыстарға байланысты беру үшін құқықтық негіз ретінде қарай алады. Беру сұрау салынатын қатысушы мемлекеттің заңнамасында көзделген басқа да талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.

      3 Беруді шарттың болуымен байланыстырмайтын қатысушы мемлекеттер өзара қатынастарда сұрау салынатын қатысушы мемлекеттің заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып, 3, 3bis, 3ter немесе 3quater баптарда көрсетілген қылмыстарды беруге әкеп соғатын қылмыстар ретінде қарайды.

      4 Қажет болған жағдайда, 3, 3bis, 3ter немесе 3quater баптарда көрсетілген қылмыстарды, егер олар жасалған жерінде ғана емес, сонымен қатар беру туралы өтінішпен жүгінген қатысушы мемлекеттің юрисдикциясы шегінде қандай да бір орында жасалған ретінде болса, қатысушы мемлекеттер оларды беру мақсаттары үшін қарайды.

      2 Конвенцияның 11bis бабы ретінде мынадай мәтін қосылады:

11bis бап

      3, 3bis, 3ter немесе 3quater баптарда көрсетілген қылмыстардың ешқайсысы беру немесе өзара құқықтық көмек көрсету мақсаттары үшін саяси қылмыс немесе саяси қылмыспен байланысты қылмыс немесе саяси себептерден туындаған қылмыс ретінде қаралмайды. Сондықтан осындай қылмыспен байланысты беру туралы немесе өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтініш саяси қылмысқа немесе саяси қылмыспен байланысты қылмысқа немесе саяси себептерден туындаған қылмысқа қатысты болуының негізінде ғана қабылданбауы мүмкін емес.

      3 Конвенцияның 11ter бабы ретінде мынадай мәтін қосылады:

11ter бап

      Осы Конвенцияда ешнәрсе де, егер сұрау салынатын қатысушы мемлекеттің 3, 3bis, 3ter немесе 3quater баптарда көрсетілген қылмыстарға байланысты беру туралы немесе осындай қылмыстарға қатысты өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтініштің мақсаты сол адамды оның нәсілі, діни сенімі, азаматтығы, этникалық шыққан тегі, саяси сенімі немесе жынысы бойынша соттық қудалау немесе жазалау болып табылады немесе осы өтінішті қанағаттандыру осы себептердің кез келгені бойынша сол адамның жағдайына нұқсан келтіреді деген пайымдауға дәлелді негіздер болса, қандай да бір адамды беруге немесе өзара көмек көрсетуге міндеттеме жүктейтіндей түсіндірілмеуге тиіс.

11-БАП

      1 Конвенцияның 12-бабының 1-тармағы мынадай мәтінмен ауыстырылады:

      1 Қатысушы мемлекеттер 3, 3bis, 3ter немесе 3quater баптарда көрсетілген қылмыстарға қатысты басталған қылмыстық қудалауға байланысты, талқылау үшін қажетті өздеріндегі дәлелдемелерді алуға жәрдемдесуді қоса алғанда, бір-біріне барынша көмек көрсетеді.

      2 Конвенцияның 12bis бабы ретінде мынадай мәтін қосылады:

12bis бап

      1 Қатысушы мемлекеттің бірінде күзетпен ұсталып отырған немесе түрмеде қамақта отыру мерзімін өтеп жатқан адам және екінші қатысушы мемлекетте болуы жеке басын анықтау, айғақтар беру немесе 3, 3bis, 3ter немесе 3quater баптарда көрсетілген қылмыстарға байланысты тергеу немесе қылмыстық қудалау үшін дәлелдемелер алуға өзге де көмек көрсету мақсаттары үшін талап етілсе, мынадай:

      a) бұл адам соған өз келісімін толық ақпарат негізінде еркін беруі; және

      b) екі мемлекеттің де құзыретті биліктері осы мемлекеттер тиімді деп есептеуі мүмкін шарттарда келісімге қол жеткізуі шарттары сақтала отырып берілуі мүмкін.

      2 Осы баптың мақсаттары үшін:

      a) адам берілетін мемлекет, егер сол адамды берген мемлекет өзгеше сұрамаса немесе өзгеге санкция бермесе, берілген адамды күзетпен ұстауға құқылы және міндетті;

      b) адам берілген мемлекет алдын ала келісілгендей немесе екі мемлекеттің де құзыретті биліктерімен өзгеше келісілгендей, сол адамды бұрын берген мемлекеттің иелігіне осы адамды қайтару бойынша өз міндеттемесін кідіріссіз орындайды;

      c) адам берілген мемлекет сол адамды берген мемлекеттен оны қайтару үшін беру рәсімін қозғауды талап етпеуге тиіс;

      d) берілген адамның берген мемлекетте жазасын өтеу мерзіміне адам берілген мемлекетте күзетпен ұстау мерзімі есептеледі.

      3 Осы бапқа сәйкес белгілі бір адам берілуге тиіс болатын қатысушы мемлекеттің келісімінсіз, бұл адам өзінің азаматтығына қарамастан, қудалануға немесе күзетпен ұсталуға жатпайды және өзі берілген мемлекеттің аумағынан кеткенге дейін әрекеттеріне немесе өзіне қатысты шығарылған үкімдерге байланысты осы адам берілген мемлекеттің аумағында өзінің жеке бостандығына қатысты қандай да бір өзге де шектелуге ұшыратыла алмайды.

12-БАП

      Конвенцияның 13-бабы мынадай мәтінмен ауыстырылады:

      1 Қатысушы мемлекеттер 3, 3bis, 3ter немесе 3quater баптарда көрсетілген қылмыстарды болдырмау үшін, атап айтқанда:

      a) өз аумақтарының шегінде немесе шегінен тыс жерлерде осындай қылмыстарды олардың тиісті аумақтарында жасауға дайындықты болдырмау бойынша іс жүзінде жүзеге асырылатын барлық шараларды қолдану;

      b) 3, 3bis, 3ter немесе 3quater баптарда көрсетілген қылмыстардың жасалуын болдырмау мақсатында. өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес ақпарат алмасу және әкімшілік және қажет болғанда қолданылатын басқа да шараларды үйлестіру арқылы ынтымақтасады.

      2 3, 3bis, 3ter немесе 3quater бапта көрсетілген қандай да бір қылмысты жасау нәтижесінде кеме рейсі кешіктірілген немесе тоқтатылған жағдайда, аумағында кеме, жолаушылар немесе экипаж тұрған кез келген қатысушы мемлекет кеменің, оның жолаушыларының, экипажының немесе жүгінің негізсіз кешіктірілуін немесе ұсталуын болдырмау үшін барлық ықтимал күш-жігерді қолдануға міндетті.

13-БАП

      Конвенцияның 14-бабы мынадай мәтінмен ауыстырылады:

      3, 3bis, 3ter немесе 3quater баптарда көрсетілген қандай да бір қылмыс жасалады деп пайымдауға негізі бар кез келген қатысушы мемлекет өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес өзінде бар кез келген тиісті ақпаратты, өзінің пікірі бойынша 6-бапқа сәйкес юрисдикция орнатқан мемлекеттер болып табылатын мемлекеттерге барынша тез береді.

14-БАП

      Конвенцияның 15-бабының 3-тармағы мынадай мәтінмен ауыстырылады:

      3 1 және 2-тармақтарға сәйкес берілген ақпаратты Бас хатшы барлық қатысушы мемлекеттерге, Ұйым мүшелеріне, басқа да мүдделі мемлекеттерге және тиісті халықаралық үкіметаралық ұйымдарға хабарлайды.

15-БАП Түсіндіру және қолдану

      1 Осы Хаттамаға қатысушылар арасындағы қатынастарда Конвенция мен осы Хаттама ортақ құжат ретінде бірге оқылады және түсіндіріледі.

      2 Осы Хаттамамен өзгертілген Конвенцияның 1 - 16-баптары осы Хаттаманың 17-24-баптарымен және оған Қосымшамен бірге 2005 жылғы Теңіз кеме қатынасы қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы конвенция (2005 ЗІК Конвенциясы) болып табылады және солай аталады.

16-БАП

      Конвенцияның 16 bis бабы ретінде мынадай мәтін қосылады:

2005 жылғы Теңіз кеме қатынасы қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияның қорытынды баптары

      2005 жылғы Теңіз кеме қатынасы қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияның қорытынды баптары Теңіз кеме қатынасы қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияға 2005 жылғы Хаттаманың 17-24-баптары болып табылады. Осы Конвенциядағы қатысушы мемлекеттерге сілтемелер осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттерге сілтеме білдіру ретінде қаралады.

ҚОРЫТЫНДЫ БАПТАР

17-БАП Қол қою, ратификациялау, қабылдау, бекіту және қосылу

      1 Осы Хаттама Ұйымның штаб-пәтерінде 2006 жылғы 14 ақпаннан 2007 жылғы 13 ақпанға дейін қол қою үшін ашық және одан кейін де қосылу үшін ашық болады.

      2 Мемлекеттер:

      a) ратификациялауға, қабылдауға немесе бекітуге қатысты ескертпесіз қол қою; немесе

      b) ратификациялауға, қабылдауға немесе бекітуге қатысты ескертпемен кейіннен ратификациялай, қабылдай немесе бекіте отырып, қол қою; немесе

      с) қосылу арқылы осы Хаттаманың өздері үшін міндетті екеніне өз келісімін білдіре алады.

      3 Ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу Бас хатшыға тиісті құжатты сақтауға тапсыру арқылы жүзеге асырылады.

      4 Ратификациялауға, қабылдауға немесе бекітуге қатысты ескертпесіз Конвенцияға қол қойған не Конвенцияны ратификациялаған, қабылдаған, бекіткен немесе оған қосылған мемлекет қана осы Хаттамаға қатысушы бола алады.

18-БАП Күшіне ену

      1 Осы Хаттама он екі мемлекет не оны ратификациялауға, қабылдауға немесе бекітуге қатысты ескертпесіз қол қойған не ратификациялық грамотаны немесе қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатты Бас хатшыға сақтауға тапсырған күннен кейін тоқсан күн өткен соң күшіне енеді.

      2 Ратификациялық грамотаны немесе осы Хаттаманы қабылдау немесе бекіту немесе оның күшіне енуі үшін 1-тармақта көрсетілген шарттарды орындағаннан кейін оған қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырған мемлекет үшін ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу осындай сақтауға тапсырған күннен кейін тоқсан күн өткен соң күшіне енеді.

19-БАП Денонсация

      1 Осы Хаттаманы кез келген қатысушы мемлекет осы Хаттама сол мемлекет үшін күшіне енген күннен кейін кез келген уақытта денонсациялай алады.

      2 Денонсация Бас хатшыға денонсация туралы құжатты сақтауға тапсыру арқылы жүзеге асырылады.

      3 Денонсация Бас хатшыға денонсация туралы құжатты сақтауға тапсырғаннан кейін бір жыл өткен соң немесе денонсация туралы құжатта көрсетілуі мүмкін мерзім өткен соң күшіне енеді.

20-БАП Қайта қарау және түзетулер енгізу

      1 Ұйым осы Хаттаманы қайта қарау немесе оған түзетулер енгізу мақсатында конференция шақыруы мүмкін.

      2 Бас хатшы қатысушы мемлекеттердің үштен бірінің немесе он қатысушы мемлекеттің өтініші бойынша, қайсысының саны көп болуына қарай, осы Хаттаманы қайта қарау немесе оған түзетулер енгізу мақсатында осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің конференциясын шақырады.

      3 Осы Хаттамаға түзету күшіне енген күннен кейін сақтауға тапсырылған кез келген ратификациялық грамота немесе қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжат түзету енгізілген осы Хаттамаға қатысы бар құжаттар ретінде қаралады.

21-БАП Өтініштер

      1 Өзінің ратификациялық грамотасын немесе қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатын сақтауға тапсырған кезде Қосымшада тізбеленген қандай да бір шарттардың қатысушысы болып табылмайтын қатысушы мемлекет осы Хаттама сол қатысушы мемлекетке қолданылған кезінде бұл шарт 3ter бапқа қосылмаған деп есептеледі деп мәлімдей алады. Мұндай өтініш бұл шарт осы факт туралы Бас хатшыны хабардар ететін сол қатысушы мемлекет үшін күшіне енгенде қолданысын тоқтатады.

      2 Қатысушы мемлекет Қосымшада тізбеленген қандай да бір шарттың қатысушысы болуын тоқтатқан кезде, ол осы бапта көзделгендей, сол шартқа қатысты өтініш жасай алады.

      3 Өзінің ратификациялық грамотасын немесе қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатын сақтауға тапсырған кезде қатысушы мемлекет отбасы мүшелерін жауаптылықтан босатуға қатысты өзінің қылмыстық заңнамасының қағидаттарына сәйкес 3ter баптың ережелерін қолданатын болады деп мәлімдей алады.

22-БАП Қосымшаға түзетулер

      1 Қосымшаға:

      a) барлық мемлекеттердің қатысуы үшін ашық;

      b) күшіне енген; және

      c) ратификациялаған, қабылдаған немесе бекіткен не осы Хаттамаға кем дегенде он екі қатысушы мемлекет қосылған тиісті шарттарды қосу арқылы түзетулер енгізуге болады.

      2 Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін Хаттаманың кез келген қатысушы мемлекеті Қосымшаға осындай түзетуді ұсына алады. Түзету енгізу туралы кез келген ұсыныс Бас хатшыға жазбаша түрде жіберіледі. Бас хатшы 1-тармақтың талаптарына сай келетін кез келген ұсынылатын түзетуді Ұйымның барлық мүшелеріне жібереді және осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттерден ұсынылған түзетуді қабылдауға келісетіндігін-келіспейтіндігін хабарлауды өтінеді.

      3 Қосымшаға ұсынылатын түзету осы Хаттамаға он екіден астам қатысушы мемлекет Бас хатшыны жазбаша хабардар ету арқылы мұндай түзетумен келісетінін білдіргеннен кейін қабылданды деп есептеледі.

      4 Қосымшаға қабылданған түзету Бас хатшыға он екінші ратификациялық грамотаны немесе мұндай құжатты сақтауға тапсырған осы Хаттамаға қатысушы әрбір мемлекеттер үшін мұндай түзетуді қабылдау немесе бекіту туралы құжатты сақтауға тапсырған соң отыз күннен кейін күшіне енеді. Бас хатшыға он екінші құжатты сақтауға тапсырған соң түзетуді ратификациялайтын, қабылдайтын немесе бекітетін осы Хаттамаға қатысушы мемлекет үшін түзету сол қатысушы мемлекет өзінің ратификациялық грамотасын немесе қабылдау немесе бекіту туралы құжатын сақтауға тапсырғаннан кейін отызыншы күні күшіне енеді.

23-БАП Депозитарий

      1 Осы Хаттама және 20 және 22-баптарға сәйкес қабылданған кез келген түзетулер Бас хатшыға сақтауға тапсырылады.

      2 Бас хатшы:

      a) осы Хаттамаға қол қойған немесе оған қосылған барлық мемлекеттерді, мыналар:

      i) әрбір жаңа қол қою немесе ратификациялық грамотаны немесе қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатты олардың күнін көрсете отырып, сақтауға тапсырылғаны;

      ii) осы Хаттаманың күшіне енген күні;

      iii) осы Хаттаманы денонсациялау туралы кез келген құжаттың сол құжат алынған күн мен денонсацияның күшіне ену күні көрсетіле отырып сақтауға тапсырылғаны;

      іv) осы Хаттаманың қандай да бір бабының негізінде талап етілетін кез келген хабарлама;

      v) 22-баптың 2-тармағына сәйкес ұсынылған Қосымшаға түзету енгізу туралы кез келген ұсыныс;

      vi) 22-баптың 2-тармағына сәйкес қабылданды деп есептелетін кез келген түзету;

      vii) 22-баптың 4-тармағына сәйкес ратификацияланған, қабылданған немесе бекітілген кез келген түзету туралы мұндай түзетудің күшіне енген күнін көрсете отырып хабардар етеді; және

      b) осы Хаттаманың куәландырылған көшірмелерін осы Хаттамаға қол қойған немесе оған қосылған барлық мемлекеттерге жібереді.

      3 Осы Хаттама күшіне енген кезде Бас хатшы оның мәтінінің куәландырылған көшірмесін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес тіркеу және жариялау үшін жібереді.

24-БАП Тілдер

      Осы Хаттама бір төлнұсқа данада ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдерінде жасалды әрі барлық мәтіндер теңтүпнұсқалы болып табылады.

      Екі мың бесінші жылғы он төртінші қазанда ЛОНДОНДА ЖАСАЛДЫ.

      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ үшін өздерінің тиісті үкіметтері тиісінше соған уәкілеттік берген төменде қол қойғандар, осы Хаттамаға қол қойды.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Хаттаманың ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдеріндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады