Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 4 шiлдедегi № 172-VІ ҚРЗ.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат):

      1) 116-бапта:

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;

      3) дуальды оқыту туралы шарт – білім алушы, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту шарттары мен тәртібін регламенттейтін оқу орны және өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту үшін жұмыс орнын ұсынатын кәсіпорын (ұйым) арасындағы жазбаша келісім;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) өндірістік оқыту – білім беру ұйымдарының және (немесе) кәсіпорындардың (ұйымдардың) базасында білім алушылардың теориялық білім алуына, практикалық машықтануына бағытталған оқыту;";

      "8) тәлімгер – өндіріс немесе қызметтер көрсету саласы технологияларын меңгерген, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыратын кәсіпорынның (ұйымның) білікті жұмыскері.";

      2) 118-бапта:

      4-тармақтың 1) тармақшасындағы "кәсіпке," деген сөз алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес кәсіптік практикадан, сондай-ақ өндірістік оқытудан өту үшін орындар ұсынады, қауіпсіз жағдайлар жасайды және шарттарда көзделген міндеттерді орындайды.";

      3) 119-бапта:

      екінші бөліктегі "Өндірістік" деген сөз "Өндірістік оқыту мен кәсіптік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "практикадан" деген сөз "кәсіптік практикадан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктегі "практикадан" деген сөз "кәсіптік практикадан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Дуальды оқыту туралы шарт негізінде кәсіпорын (ұйым) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыру үшін білім алушыға тәлімгерді бекітіп береді.".

      2. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат):

      1) 1-бапта:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу сабағының, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын оларды зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;";

      9) тармақшадағы "тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың" деген сөздер "олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің көлемін" деген сөздермен ауыстырылсын;";

      19-1) және 29-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-1) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;";

      "29-2) кәсіптік даярлау – белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажет жаңа немесе өзгертілген кәсіптік дағдыны меңгеру үшін жеке адамды дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;";

      30) тармақша алып тасталсын;

      46) және 47) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "46) оқу бағдарламасы – әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

      47) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;";

      мынадай мазмұндағы 49-3) және 49-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "49-3) "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы – білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсатын, мазмұнын, сондай-ақ жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдерін айқындайтын бағдарлама;

      49-4) өндірістік оқыту – білім беру ұйымдарының және (немесе) кәсіпорындардың (ұйымдардың) базасында білім алушылардың теориялық білім алуына, практикалық машықтануына бағытталған оқыту;";

      53-6), 53-7) және 53-8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53-6) тәлімгер – өндіріс немесе қызметтер көрсету саласы технологияларын меңгерген, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыратын кәсіпорынның (ұйымның) білікті жұмыскері;

      53-7) техникалық және кәсіптік білім беру – білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру;

      53-8) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым" гранты – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдарға рейтингтік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындысы бойынша жыл сайын бөлетін ақша;";

      мынадай мазмұндағы 53-9) және 53-10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "53-9) тыңдаушы – білім беру ұйымында қосымша білімнің және дайындық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;

      53-10) тiрек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы бiлiм алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың қысқа мерзiмдi сессиялық сабақтарын, аралық және қорытынды аттестатталуын өткiзу үшiн таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердiң бiлiм беру ресурстары оның базасында шоғырланатын орта бiлiм беру ұйымы;";

      2) 5-баптың бірінші бөлігінде:

      мынадай мазмұндағы 6-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-5) "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекітеді;";

      8-7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-7) "Орта бiлiм беретін үздiк ұйым", "Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым" гранттарының мөлшерін және оларды беру тәртiбiн белгiлей отырып, осы гранттарды беруге арналған конкурстарды өткiзу қағидаларын бекiтедi;";

      20) тармақша алып тасталсын;

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөнiндегi қағидаларды әзiрлейдi және бекiтедi, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 25-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "25-3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құрады және олардың қызметі туралы ережелерді бекітеді;";

      35) тармақшадағы "орта", "тағайындау" деген сөздер тиісінше "орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі", "орналасу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      46-11) тармақшадағы "ұйымдарды" деген сөз "кәсіпорындарды (ұйымдарды)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 6-бапта:

      2-тармақта:

      8) тармақшадағы "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі," деген сөздер алып тасталсын;

      8-1) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік," деген сөздер "өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі," деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;";

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;";

      мынадай мазмұндағы 24-9) тармақшамен толықтырылсын:

      "24-9) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына "Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым" грантын төлейді;";

      3-тармақта:

      7) тармақшадағы "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі," деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;";

      25-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 25-9) тармақшамен толықтырылсын:

      "25-9) конкурс жеңімпаздарына – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдарға "Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым" грантын төлейді;";

      4) 8-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "жұмысшы біліктілігінің белгіленген және жоғарылатылған деңгейін" деген сөздер "бір мамандық шеңберінде жұмысшы біліктілігін немесе жұмысшы біліктіліктерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 17-бапта:

      1-тармақтағы "қызметкерлер" деген сөз "жұмысшы кадрлар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары мазмұнына және білім алушылардың даярлық деңгейіне қарай мынадай болып бөлінеді:

      1) білікті жұмысшы кадрлар даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары.

      Білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді немесе базалық және кәсіптік модульдерге интеграцияланған жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, жұмысшы біліктіліктері беріле отырып, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді көздейді;

      2) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары.

      Білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін, әлеуметтік-экономикалық, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді немесе базалық және кәсіптік модульдерге интеграцияланған әлеуметтік-экономикалық, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, "орта буын маманы" біліктілігі және (немесе) жұмысшы біліктіліктері беріле отырып, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді көздейді.";

      4-тармақтағы "экономикалық" деген сөз "әлеуметтік-экономикалық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "кәсіпорын", "практиканы" деген сөздер тиісінше "кәсіпорын (ұйым)", "кәсіптік практиканы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 20-бапта:

      1-тармақтағы "білікті жұмысшы кадрлар, орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын" деген сөздер "қолданбалы бакалаврларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының жекелеген модульдерін немесе пәндерін енгізе отырып, модульдерге интеграцияланған техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын зерделеуді көздейді.";

      7) 28-баптың 10-тармағының бірінші бөлігі алып тасталсын;

      8) 29-баптың 2-тармағында:

      үшінші абзац "әдістемелік кабинеттеріне" деген сөздерден кейін "және бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктеріне" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерінің оқу-әдістемелік жұмысына басшылық жасау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесіне жүктеледі.";

      9) 32-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу процесі білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды, сондай-ақ оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында – өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен, кәсіпорындар (ұйымдар) базасында тәлімгердің, өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен орындалатын өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы қамтиды.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға жұмысшы біліктілігі және (немесе) "орта буын маманы" біліктілігі беріледі.";

      10) 32-1-бапта:

      2-тармақтағы "ұйымдарда" деген сөз "кәсіпорын (ұйым) базасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың үшінші бөлігіндегі "кәсіпорындарда" деген сөз "кәсіпорында (ұйымда)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Біліктілік емтиханын тапсырған адамдарға нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік деңгейі беріледі және біліктілік беру туралы куәлік (сертификат) беріледі.";

      11) 33-бапта:

      екінші бөліктегі "мамандарды" деген сөз "кадрларды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға "қолданбалы бакалавр" біліктілігі беріледі.";

      12) 38-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөліктегі "мамандар" деген сөз "кадрлар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "ұйымдарда" деген сөз "кәсіпорындарда (ұйымдарда)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      бірінші бөліктегі "ұйымдары айқындайды" деген сөздер "кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "ұйымының", "ұйымдардың" деген сөздер тиісінше "ұйымдарының", "кәсіпорындардың (ұйымдардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "ұйымдарда" деген сөз "кәсіпорындарда (ұйымдарда)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "ұйымдармен" деген сөз "кәсіпорындармен (ұйымдармен)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 39-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдерді меңгеру қорытындысы және аралық аттестаттау нәтижелері бойынша кәсіптік даярлық туралы куәлік береді.";

      14) 43-баптың 3-тармағында:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ұлттық бірыңғай тестілеуді қоспағанда, білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүргізу, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жұмысшы біліктіліктерін, "орта буын маманы", "қолданбалы бакалавр" біліктіліктерін беру;";

      15) 45-1-баптың 2-тармағында:

      2) тармақшадағы "кәсіпорындардың технологиялық базасын пайдалана отырып," деген сөздер "кәсіпорындардың (ұйымдардың) технологиялық базасын пайдалана және тәлімгер бекітіп беріле отырып," деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-1) тармақшадағы "практикадан өту үшін ұйымдардың" деген сөздер "кәсіптік практикадан өтуі үшін кәсіпорындардың (ұйымдардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "мамандар" деген сөз "кадрлар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "және түлектердің кәсіптік даярлығын бағалауға" деген сөздер алып тасталсын;

      16) 47-баптың 7-тармағының бірінші бөлігіндегі "(кәсіптік лицейлердің оқушыларынан басқа)" деген сөздер алып тасталсын;

      17) 62-баптың 5-тармағында:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "Білікті жұмысшылар мен мамандарды даярлауға, біліктілігін арттыруға және" деген сөздер "Кадрларды даярлауға, білікті жұмыскерлер мен мамандардың біліктілігін арттыруға және оларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "мамандарды" деген сөз "кадрларды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "маманды" деген сөз "білім алушыны (маманды)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші және үшінші бөліктердегі "мамандарды" деген сөз "кадрларды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      18) 64-баптың 4-тармағындағы "грантын алған мемлекеттік орта білім беру мекемелері грантты" деген сөздер ", "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым" гранттарын алған орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік мекемелер гранттарды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 10, 49-құжат; № 15, 78-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 14, 53-құжат; № 22-III, 109-құжат):

      25-баптың 9) тармақшасындағы "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді алғаш рет алса, түлектерге жұмыс біліктілігінің белгіленген және жоғары деңгейін бере отырып, осындай" деген сөздер "бір мамандық шеңберінде жұмысшы біліктілігін немесе жұмысшы біліктіліктерін алғаш рет алса, түлектерге оны (оларды) бере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап.

      Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады