Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 8 ақпандағы № 222-VІ ҚРЗ.

"Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қою туралы

      Өздеріңізге белгілі, 8 ақпанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойып, осылайша біздің мемлекет бұл тарихи құжатты ратификациялады.

      Аталған құжат қазақстандық дипломаттардың және басқа да мемлекеттік органдардың Каспий маңы елдерімен 20 жылдан астам жүргізген келіссөздердің нәтижесі болып табалады.

      Каспий теңізінің мәртебесін реттеу және халықаралық, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың құқықтық режимін құру мәселесі жағалаудағы барлық мемлекеттер үшін стратегиялық маңызы бар аймақ болып қала береді,

      Былтырғы жылы 12 тамызда "Каспий бестігі" тарихындағы маңызды оқиға - Ақтау қаласында Каспий маңы елдерінің басшылары аймақ үшін - Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойған болатын.

      Мемлекет басшысы атап өткендей, Конвенция "Каспий теңізінің конституциясы" болып табылатын, аймақтағы кауіпсіздік, тұрақтылық пен гүлденудің кепілі болуға тиіс.

      Құқықтық мәселелерді шешу тек жағалаудағы мемлекеттердің өзара іс-қимылына ғана емес, сонымен қатар инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай туғызуға, Каспийдің бесжақты сауда-экономикалық байланыстарын сыртқы әлеммен, көліктік инфрақұрылыммен және тұтастай алғанда аймақтың транзиттік әлеуетін дамытуға оң әсерін тигізеді.

      Бұдан бөлек, Конвенция Қазақстандық секторының түбін делимитациялауды аяқтауға, сондай-ақ мемлекеттік шекараның бүкіл периметрі бойынша, оның ішінде Каспий теңізінің шекарасын делимитациялауды аяқтауға мүмкіндік береді.

      Бүгінгі таңда, Қазақстанмен қатар Конвенцияны Түрікменстан ратификациялады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз