Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 5 наурыздағы № 235-VІ ҚРЗ.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы бойынша баспасөз релизі

      2019 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә. Назарбаевпен "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

      Бұл Заң 2017 жылғы 28 қарашадағы қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімді ратификациялау және Тараптар мемлекеттері өнеркәсібінің қорғаныс салалары ұйымдарының экономикалық, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы үшін қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

      Келісімді ратификациялау экспорттау және импорттау операциялары кезінде пайда болатын негізгі әкімшілік кедергіні шешуге ықпал етеді, бұл - әкелетін әскери өнімді лицензиялаудан босатады және оларды жеткізу мерзімдерін қысқартады.

      Өз кезегінде, бұндай өнім мемлекет-контрагенттің келісімінсіз тікелей кері экспортталмайды және үшінші тұлғаларға берілмейді.

      Келісімді іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға алып келмейді, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз