Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 18 наурыздағы № 237-VІ ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат, № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 жылғы 10 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 3-баптың 1-тармағының 17) тармақшасында:

      "арналған ақпараттық жүйелерді" деген сөздер "арналған ақпараттандыру объектілерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ақпараттық жүйелерін қоспағанда, ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге" деген сөздер "ақпараттандыру объектілерін қоспағанда, ақпараттандыру объектілерін құруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 54-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацы "облыстық" деген сөздің алдынан "облыстың аумақтық әскерлерінің аумақтық органдарын күтіп-ұстауды, оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді қоса алғанда, оларды қызметтік үй-жайлармен, көлік құралдарымен, ақпараттың, телекоммуникацияның және байланыстың техникалық құралдарымен, жиһазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз етуді, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылуға және байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды, аумақтық әскерлерді арнайы өрістетуді жүргізу кезінде әскери уақыттың штаттық қажеттілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдар запастарын жасауды, аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери міндеттілерімен бірге жиындар өткізуді қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 55-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацы "республикалық" деген сөздің алдынан "республикалық маңызы қалалардың, астананың аумақтық әскерлерінің аумақтық органдарын күтіп-ұстауды, оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді қоса алғанда, оларды қызметтік үй-жайлармен, көлік құралдарымен, ақпараттың, телекоммуникацияның және байланыстың техникалық құралдарымен, жиһазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз етуді, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылуға және байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды, аумақтық әскерлерді арнайы өрістетуді жүргізу кезінде әскери уақыттың штаттық қажеттілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдар запастарын жасауды, аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери міндеттілерімен бірге жиындар өткізуді қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 151-баптың 8-тармағының 1) тармақшасындағы "ақпараттық жүйелерді енгізуге және дамытуға" деген сөздер "сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 153-бапта:

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Ақпараттандыру объектілерін құруды және дамытуды көздейтін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді.";

      5-тармақтың екінші бөлігі "болып табылмайтын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 215-баптың 3-тармағы "компанияны" деген сөзден кейін ", қорғаныс мұқтаждарына, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің импортын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті ұйымды" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 216-баптың 11) тармақшасы "іске асыру кезінде" деген сөздерден кейін ", қорғаныс мұқтаждарына, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің импорты кезінде" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 жылғы 4 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 10 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 23 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      53-1-баптың тақырыбындағы "Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын" деген сөздер "Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      918-1-баптың тақырыбындағы "Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын" деген сөздер "Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 52-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы және 53-1-баптағы "қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын" деген сөздер "азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 641-баптың бірінші бөлігінде:

      3) тармақша алып тасталсын;

      4) тармақшадағы "мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің" деген сөздер "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақшадағы "мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін" деген сөздер "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 692-2-баптың бірінші бөлігіндегі "3)," деген цифр алып тасталсын;

      5) 821-баптың 3-1-бөлігіндегі, 829-14-баптың алтыншы бөлігіндегі және 918-1-баптығы "қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын", "Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын" деген сөздер тиісінше "азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын", "Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 жылғы 23 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      82-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымын, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымын, есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымын реттеуге;".

      4. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 жылғы 4 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 10 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 23 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 394-баптың бірінші бөлігінің 40) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "40) мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыруға арналған шарттар негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасына сәйкес басым бағыттар бойынша мемлекеттік тапсырыс шарттарының негізінде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын;";

      2) 554-баптың 4-тармағында кестенің 1.84-жолы алып тасталсын.

      5. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 21-III, 135-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат):

      1) бүкіл мәтін бойынша "жауынгерлiк техниканы", "жауынгерлiк техника", "жауынгерлiк техниканың", "жауынгерлік және басқа да техниканы", "жауынгерлік техникасын" деген сөздер тиісінше "әскери техниканы", "әскери техника", "әскери техниканың", "әскери және өзге де техниканы", "әскери техникасын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-1-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелеріндегі ресми өкілі, оның көмекшілері – ұлттық қауіпсіздік органдарының штатында тұратын және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген қызметкерлер, әскери қызметшілер.";

      3) 20-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріндегі ресми өкілдері мен олардың көмекшілері дипломатиялық артықшылықтар және иммунитет, еңбекке ақы төлеу және еңбек жағдайлары, сондай-ақ әлеуметтік және медициналық қамсыздандыру, оның ішінде олардың отбасы мүшелері мәселелерінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің тиісті лауазымдарына теңестіріледі.

      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріндегі ресми өкілдері мен олардың көмекшілерінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында белгіленген көлемде және тәртіппен, теңестірілген лауазымдар бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріндегі ресми өкілдері мен олардың көмекшілерінің лауазымдарын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне теңестіру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы мен Сыртқы істер министрінің бірлескен шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.".

      6. "Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; 2015 ж., № 19-ІІ, 104-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат):

      1) 1-баптың 9) тармақшасында:

      "төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қолдануға, әлеуметтiк сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимiн қамтамасыз етудiң бiрiншi кезектегi шараларын қолдануға" деген сөздер "табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қолдануға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстiк қызметiнде пайдаланбайтын" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 7-бап мынадай мазмұндағы 21-1) және 21-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "21-1) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану қағидаларын бекітеді;

      21-2) Қазақстан Республикасында жұмылдыру дайындығына басшылықты жүзеге асырады;";

      3) 16-баптың екінші бөлігіндегі "төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қолдану, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз етудің бірінші кезектегі шараларын қолдану" деген сөздер "табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қолдану" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат):

      1) 3-баптың бірінші абзацындағы "мен негізгі өлшемдері, сипаттамалары" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 4-бапта:

      бірінші бөлікте:

      "жауынгерлік және жедел-қызмет міндеттерін шешуге арналған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес" деген сөздер "жауынгерлік, жедел-қызмет және оқу міндеттерін шешуге арналған," деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондары қару-жарақ түрлерінің бірі болып табылады.";

      екінші бөліктегі "тәртібін заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды" деген сөздер "тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қару-жарақ пен әскери техника айналымының қағидаларында айқындалады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға, коллекциялауға, экспонаттауға арналған лицензияны ішкі істер органдары береді.";

      4) 12-баптың 1) тармақшасындағы "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының" деген сөздер "арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген субъектілердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 13-бапта:

      тақырып "органдарының" деген сөзден кейін "және өзге де субъектілердің" деген сөздермен толықтырылсын;

      "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының" деген сөздер "арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген субъектілердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Үкіметі белгілеген" деген сөздер "заңнамасында белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 15-баптың 4-тармағындағы және 16-баптың 2-тармағының 5-1) тармақшасындағы "қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын" деген сөздер "азаматтық және қызметтік қарумен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 17-баптың 4-тармағында:

      1) тармақшадағы "қолда бар қаруды, оның патрондарын және олар сақталатын орындарды, сондай-ақ қажетті құжаттаманы ұстау қағидаларының сақталуына бақылау жасау мақсатында оларды" деген сөздер "азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларының сақталуына бақылау жасау мақсатында қолда бар қаруды, оның патрондарын және олар сақталатын орындарды, сондай-ақ қажетті құжаттаманы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын" деген сөздер "қызметтік және азаматтық қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 19-баптың 4-тармағының 8-1) тармақшасындағы "қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын" деген сөздер "азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 21-баптың төртінші бөлігінде:

      "Тәжірибелік үлгілерін қоспағанда, жауынгерлік" деген сөздер "Жауынгерлік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "белгілеген тәртіппен" деген сөздер "бекіткен қару-жарақ пен әскери техника айналымының қағидаларына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 23-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      11) 25-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен" деген сөздер алып тасталсын;

      12) 28-бапта:

      1) және 3) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру тәртібін белгілейді;";

      13) 29-баптың 1-тармағында:

      1) тармақша алып тасталсын;

      4-1) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен" деген сөздер алып тасталсын;

      8-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1) мыналарды:

      азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын;

      азаматтық және қызметтiк қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын;

      азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын;

      азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін өлшемшарттарды әзірлейді және бекітеді;";

      8-5) тармақша алып тасталсын.

      8. "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат):

      4-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тығыздығы мен дәлдігі мемлекеттік топографиялық карталар мен жоспарлар жасауды, қорғаныстық, ғылыми-зерттеу және өзге де міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін, іргелі астрономиялық-геодезиялық желі, дәлдігі жоғары геодезиялық желі, спутниктік геодезиялық желі, барлық сыныптағы нивелирлік желілер, іргелі және бірінші сыныптағы гравиметриялық желілер жататын мемлекеттік геодезиялық желілерді құруды, дамытуды және жұмыс жағдайында ұстауды;".

      9. "Төтенше жағдайлар туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 18-құжат; 2006 ж., № 2, 14-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат):

      1) 3-1-бапта:

      5-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "5-1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалануға құқылы. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броньнан алу тәртібімен шығару Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін пайдаланылған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      5-2. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған немесе төтенше жағдай енгізілген жағдайларда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын тасымалдауды көлік ұйымдары бірінші кезектегі тәртіппен жүзеге асырады.

      Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған материалдық құндылықтарды тасымалдауға көлік ұйымдары материалдық құндылықтарды көрсеткен кезде алдын ала төлемсіз қабылдайды.

      Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын тасымалдау шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      2) 13-баптың 1-тармағының төртінші бөлігінде:

      үшінші абзац "дайындалуы және әрекеті" деген сөздерден кейін "; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші абзацтағы "министрлігінің;" деген сөз "министрлігінің өкілі тағайындалады." деген сөздермен ауыстырылып, бесінші абзац алып тасталсын.

      10. "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2017 ж., № 15, 55-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 жылғы 10 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      13-баптың 5-тармағы "Қызметтiк" деген сөзден кейін "және азаматтық" деген сөздермен толықтырылсын.

      11. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат):

      1) 2-бапта:

      мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-4) ақпараттық қауіпсіздікті куәландырушы орталық – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын, электронды нысанда қауіпсіздік сертификаттарын беретін заңды тұлға;";

      32-1) тармақша алып тасталсын;

      2) 9-2-бапта:

      1-тармақ 2) тармақшасындағы "қосуды жүзеге асырады." деген сөздер "қосуды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) ақпараттық қауіпсіздікті куәландырушы орталықты ұйымдастыруды және техникалық қолдап отыруды жүзеге асырады.";

      2-тармақтағы "ұлттық қауіпсіздік органдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-ІІ, 104-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) аумақтық әскерлердің аумақтық органдары – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық қорғанысы әскери басқармасының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің құқықтарында жұмыс істейтін тактикалық органдары;";

      12) тармақшадағы "оқ-дәрі," деген сөз алып тасталсын;

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) əскери техника – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар жарақтандырылатын жауынгерлік машиналар, әскери корабльдер (катерлер мен басқа да кемелер), әскери әуе кемелері мен басқа да ұшу аппараттары;";

      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) бірыңғай әскери-техникалық саясат – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жоғары техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз ету мүдделерінде олардың алдына қойылған практикалық міндеттерді, мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктері мен әскери-саяси ахуалдың жай-күйін ескере отырып, мемлекеттік органдар іске асыратын тұжырымдамалық көзқарастар мен практикалық әрекеттер жүйесі;";

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) қару-жарақ – жанды күшке, техникалар мен инфрақұрылым объектілеріне зақым келтіруге, құрылыстарды (бекіністерді) бұзуға арналған әртүрлі қару түрлері, кешендер мен жүйелер, көрсетілген құрамдастарды имитациялайтын құралдар, оқ-дәрілер, сондай-ақ оларды Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қолдануды қамтамасыз ететін жүйелер, құрылғылар, жеткізгіштер мен аспаптар;";

      32) тармақшадағы "қару-жарақ пен əскери техниканы жаңғырту, олардың жаңа түрлерін əзірлеу жəне енгізу" деген сөздер "қару-жарақтың, әскери техниканың, техникалық және арнайы құралдардың жаңа үлгілерін әзірлеу, жасау, оларды ендіру, қарулануда, жарақтандыруда, жабдықтауда және пайдалануда тұрған қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін жаңғырту" деген сөздермен ауыстырылсын;

      33) және 34) тармақшалар алып тасталсын;

      35) тармақшадағы ", оқ-дəрімен" деген сөз алып тасталсын;

      37), 38), 39) және 40) тармақшалар алып тасталсын;

      41) тармақшадағы "Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы басы артық жəне олар қолданбайтын" деген сөздер "Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қолданылмайтын басы артық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 4-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бiрыңғай әскери-техникалық саясатын" деген сөздер "бiрыңғай әскери-техникалық саясатты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 7-баптың бірінші бөлігінде:

      3), 4), 5), 9), 10), 11) және 19) тармақшалар алып тасталсын;

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) әскери және әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша халықаралық келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды;";

      23) тармақша алып тасталсын;

      24) тармақшадағы "кәсіпорындарда" деген сөз "ұйымдарда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 8-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      5) 9-бапта:

      6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан əрі – Қорғаныс министрлігі) бекіткен саны мен құрылымы шегінде аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын оларды ұстауды, оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылуға және байланыс қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындарды, аумақтық әскерлерді арнайы өрістетуді жүргізу кезінде әскери уақыттың штаттық қажеттілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдар запастарын жасауды, аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери міндеттілерімен бірге жиындар өткізуді қоса алғанда, қызметтік үй-жайлармен, көлік құралдарымен, техникалық ақпарат, телекоммуникация және байланыс құралдарымен, жиһазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз етеді;";

      мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-2) аумақтық әскерлердің аумақтық органдарына техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлерді ұстауды қамтамасыз етеді;";

      6) 11-баптың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

      7) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Пайдаланылмайтын әскери мүлiк Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасына сәйкес берілуі, өткізілуі, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жойылуы және қайта өңделуі мүмкін.";

      8) 18-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Әскери, арнайы, автомобиль техникасы және өзге де көлік құралдары осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауынгерлік техника ретінде пайдаланылады.";

      9) 22-баптың 2-тармағында:

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) халықаралық әскери және әскери-экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;";

      14), 15) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды және оларды қабылдап алуды жүзеге асырады;

      15) өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғанысты даярлау және қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін бақылайды;";

      "17) Қорғаныс министрлігі және Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері шегінде әскери мүлікті береді, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) береді;";

      мынадай мазмұндағы 17-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдаланылмайтын мүлік деп таниды;";

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жобалардың іске асырылуын ұйымдастырады;";

      26-5) тармақша "ережені," деген сөзден кейін "аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын қамтамасыз ету және ұстау қағидаларын," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 26-24) тармақшамен толықтырылсын:

      "26-24) меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;";

      10) 23-баптың 1-тармағының 12) тармақшасындағы ", оқ-дәрі" деген сөз алып тасталсын;

      11) 24-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Үкiметі айқындайтын тəртіппен бюджетке" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджетке" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 1-баптың 7) тармақшасындағы "(түпкі пайдаланушының сертификаты)" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 6-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) өнімді импорттаған кезде түпкі пайдаланушының сертификаты түріндегі кепілдік міндеттеме береді;";

      3) 9-бапта:

      4-тармақтағы "(түпкі пайдаланушының сертификаты)" деген сөздер алып тасталсын;

      7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін орындау, сондай-ақ оқу-жаттығуларға, байқауларға, конкурстарға, көрмелерге, парадтарға, жарыстарға, демонстрациялық іс-шараларға, сынақтарға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әдеттегі қару-жарағы мен әскери техникасын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету (аумағына әкелу) Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбенің негізінде лицензиясыз жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ұйымдастыратын оқу-жаттығуларды, байқауларды, конкурстарды, көрмелерді, сынақтарды, парадтарды, демонстрациялық іс-шараларды өткізу кезінде тартуға қажетті, шетелдік мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға тиесілі әдеттегі қару-жарақ пен әскери техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу (аумағынан әкету) Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбенің негізінде лицензиясыз жүзеге асырылады.".

      14. "Сыртқы барлау туралы" 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат):

      1) кіріспе "барлау субъектілерінің" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушылардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы – ел басшылығын барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаумен қамтамасыз етуге тиіс, сондай-ақ белгіленген құзырет шегінде сыртқы барлау субъектілерінің барлау мүмкіндіктерін күшейтуге ықпал ететін іс-шараларға қатысатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының жиынтығы;";

      3) 2-тараудың тақырыбындағы "сыртқы барлау субъектілерінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы сыртқы барлау субъектілерінің және барлау қоғамдастығының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 7-бап мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-2) Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушылардың тізбесін айқындайды;";

      5) 9-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) осы Заңның 12-1-бабында көзделген, Қазақстан Республикасы барлау қоғамдастығы қызметінің шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;";

      6) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:

      "12-1-бап. Қазақстан Республикасы барлау қоғамдастығының қызметін ұйымдастырудың жалпы шарттары

      1. Қазақстан Республикасы барлау қоғамдастығы қызметінің шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары іс-қимылдарының келісілуін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі жүзеге асырады.

      2. Сыртқы барлау субъектілері болып табылмайтын Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушыларға ұлттық қауіпсіздіктің сыртқы қауіп-қатерлерін мониторингтеуді, талдауды, бағалауды және болжауды жүзеге асыру, оларды бейтараптандыру жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысу, сыртқы барлау субъектілеріне жәрдем көрсету жөніндегі өкілеттіктер беріледі.

      3. Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушылардың өзара іс-қимылы:

      ұйымдастырушылық;

      жедел;

      талдамалық;

      әдістемелік;

      техникалық;

      бағдарламалық-аппараттық және өзге де бағыттар бойынша, сондай-ақ ортақ міндеттер мен мақсаттарды іске асыру үшін өзара ақпарат алмасу және келісілген іс-қимылдар арқылы жүзеге асырылады.

      4. Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы қызметінің шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін олардың уәкілетті өкілдері сыртқы барлау органына іссапарға жіберіледі және (немесе) жіберіледі.

      Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының немесе ұйымының уәкілетті өкілдерін сыртқы барлау органына іссапарға жіберу және (немесе) жіберу, сондай-ақ олардың қызметін жүзеге асыру тәртібін сыртқы барлау органының бірінші басшысы және Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына басқа қатысушының бірінші басшысы бірлескен нормативтік құқықтық актіде айқындайды.

      5. Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушылардың бірінші басшылары Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы қызметінің шеңберінде қабылданған шешімдерді іске асыру үшін тиісті құқықтық актілер шығара алады.".

      15. "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 4, 36-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 119-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; № 22, 83-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "23-1) мемлекеттік тапсырыс – уәкілетті органның және (немесе) салалық уәкілетті органдардың базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру нысанында мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған шарт негізінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісіне тапсырысы;";

      2) 2-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру мен орындау кезінде ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастар "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.";

      3) 4-баптың 2), 5) және 23) тармақшалары "мемлекеттік" деген сөздің алдынан "мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 18-баптың 3-тармағындағы "негізгі міндеті" деген сөздер "негізгі міндеттері, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын.

      16. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 жылғы 23 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 4-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Мемлекеттің пайдаланылмайтын мүлікке билік ету жөніндегі құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері осы Заңда белгіленген өзге де құқықтарды қоспағанда, "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.";

      2) 11-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдалану туралы шешімдер қабылдайды;";

      3) 100-баптың 1-тармағының бесінші бөлігі "тендерлерді" деген сөзден кейін "немесе аукциондарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 134-баптың 2-тармағының 20-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-1) пайдаланылмайтын мүлікті өткізу (оның ішінде экспорттау), құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, қорғаныс объектілерін жалға беру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мұқтаждары, мемлекеттік материалдық резерв, жұмылдыру, ғарыш қызметі үшін әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді сатып алу (оның ішінде импорттау), сондай-ақ әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) экспорттау;";

      5) 161-баптың 1-тармағында:

      "Мемлекеттік" деген сөз "Егер осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мемлекеттік мекемелерінің әскери мүлікті мемлекеттік орган шегінде мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның шешімі негізінде беруге және қайта бөлуге құқығы бар.

      Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының мемлекеттік мекемелеріне бөлуге құқылы.".

      17. "Ғарыш қызметі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 92-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-II, 56-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) 1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жоба – қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ғана іске асырылатын, ғарыш қызметі саласындағы жоба;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) ғарыш айлағы – ғарыш объектілерін дайындауды қамтамасыз етуге және ұшыруды жүзеге асыруға арналған техникалық құралдар, құрылғылар, ғимараттар, құрылысжайлар мен жер учаскелері кешені;";

      2) 9-бапта:

      1-тармақта:

      16-1) тармақшадағы "шығындар нормативтерін" деген сөздер "шығындарды есептеу әдістемесін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 16-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-2) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасында жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;";

      2-тармақтағы "қосарлы мақсаттағы" деген сөздер "қосарланған және әскери мақсаттағы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      18. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар):

      1) 1-бапта:

      25) тармақшада:

      "жұмылдыру тапсырысын орындау," деген сөздерден кейін "табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      "және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстiк қызметте пайдаланбайтын" деген сөздер алып тасталсын;

      39) тармақша "жұмылдыру мұқтаждарына," деген сөздерден кейін "табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "46-1) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы және сақтау көлемдері – мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының тізбесі мен көлемдері;";

      2) 11-бапта:

      11) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 34-1) және 34-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "34-1) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану қағидаларын бекітеді;

      34-2) гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекітеді;";

      42) тармақшадағы "төтенше жағдайлардың" деген сөздер "төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      45) тармақша алып тасталсын;

      3) 12-баптың 1-тармағының 45) тармақшасындағы "төтенше жағдайлардың" деген сөздер "төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 12-1-бапта:

      3) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) және 12-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "12-1) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;

      12-2) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану қағидаларын әзірлейді;

      12-3) гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын әзірлейді;";

      13) тармақша алып тасталсын;

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;";

      5) 13-баптың 10) тармақшасы алып тасталсын;

      6) 92-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс құрамына кіретін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын беру Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      7) 93-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі "қалыптастыруды, орналастыруды," деген сөздер алып тасталсын;

      8) 94-баптың 3-тармағы "төтенше жағдайлардың" деген сөздер "төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 96-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган тауарлардың бағаларына мониторинг жүргізеді және нарыққа реттеушілік ықпал ету орынды болатын бағалар деңгейіне жеткен жағдайда, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне сауда қызметінің субъектілері – шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды, олардың көлемін, бағасын және сауда үстемеақысының мөлшерін көрсете отырып, нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығарудың қажеттілігі туралы ұсыныс енгізеді.".

      19. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 91-құжат):

      1) 10-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 11-баптың 24) тармақшасында:

      бесінші абзац алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру тәртібін;".

      20. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-ІII, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 жылғы 10 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 23 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) Қазақстан Республикасында экспорттауға лицензия алған кезде қару-жарақ пен әскери техника түріндегі пайдаланылмайтын мүлікті өздері резиденті болып табылатын елдің не сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар ретінде тіркелген басқа елдің лицензиары берген рұқсаты бар шетелдік заңды тұлғалардың сатып алуына;";

      2) 28-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде қару-жарақтың, əскери техника мен жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттардың жəне олар қолданылып жасалатын бұйымдардың айналымы саласындағы" деген сөздер "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктер шегінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 37-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "түпкі пайдаланушы сертификатының" деген сөздер "кепілдік міндеттемесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 1-қосымшада:

      32-жол алып тасталсын;

      37-жолдағы "жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу" деген сөздер "құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу" деген сөздермен ауыстырылсын.

      21. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 1, 1-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат):

      5-баптың 1-тармағының 28) тармақшасындағы "жауынгерлік және арнайы техниканың" деген сөздер "әскери және арнайы техниканың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      22. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 20, 96-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 83-құжат):

      1) 1-бапта:

      4) тармақша "қамтылым" деген сөзден кейін ", интернет-ресурс" деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6) және 6-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) ақпараттандыру объектісін дамыту – ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің кезеңі, осы кезең ішінде ақпараттандыру объектісінің жұмыс істеуін оңтайландыру және (немесе) функционалын кеңейту мақсатында өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген оның қосымша функционалдық талаптарын іске асыру, сондай-ақ оны жаңғырту жөніндегі іс-шаралар кешені жүзеге асырылады;

      6-2) ақпараттандыру объектісін ендіру – автоматтандыру объектісі мен персоналды дайындауды, іске қосуды реттеу жұмыстарын, алдын ала және қабылдап алу сынақтарын жүргізуді қамтитын ақпараттандыру объектісін қолданысқа енгізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуге бағытталған ақпараттандыру объектісін құру немесе дамыту кезеңі;

      6-3) ақпараттандыру объектісін қолдап отыру – өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген ақпараттандыру объектісін оған жаңғырту жүргізбестен және қосымша функционалдық талаптарды іске асырмастан және оның тұтастығы сақталған жағдайда, бағдарламалық қамтылымға түзету, түрлендіру жүргізу және оның ақауларын жою жөніндегі іс-шараларды қамтитын, мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз ету;

      6-4) ақпараттандыру объектісін құру – ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің кезеңі, осы кезең ішінде ақпараттандыру объектісін әзірлеуге, тәжірибелік пайдалануға, ендіруге, сондай-ақ оның жұмыс істеуі үшін қажетті техникалық құралдар кешенін және бағдарламалық қамтылымды иеленуге және (немесе) мүліктік жалдауға (жалға беруге) бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін іске асыру жүзеге асырылады;

      6-5) ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану – ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің кезеңі, осы кезең ішінде ақпараттандыру объектісін техникалық құжаттамада және нормативтік-техникалық құжаттамада жазылған мақсаттарға, міндеттер мен талаптарға сәйкес штаттық режимде пайдалану жүзеге асырылады;

      6-6) ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалану – ақпараттандыру объектісін пилоттық аймақта пайдалану, бұл оның жұмыс істеуіндегі кемшіліктерді анықтау мен жою және техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізіледі;

      6-7) ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклі – ақпараттандыру объектісін құру, өнеркәсіптік пайдалану, дамыту және оның өнеркәсіптік пайдаланылуын тоқтату кезеңдерінің жиынтығы;";

      8), 13), 15), 16), 17), 19), 20), 21) және 22) тармақшалар алып тасталсын;

      25) тармақшада:

      "кешендер," деген сөзден кейін "серверлік үй-жайлар (деректерді өңдеу орталықтары)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "құралдардың" деген сөзден кейін "ақпараттық қауіпсіздігін және" деген сөздермен толықтырылсын;

      "және ақпараттық қауіпсіздікті" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "29-1) ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу – ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын анықтау және сәйкестендіру мақсатында ақпараттандыру объектісін тұрақты байқау;";

      34) тармақша алып тасталсын;

      46) тармақшада:

      "аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын," деген сөздер алып тасталсын;

      "жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс" деген сөздер "жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған (мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрдегі) ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      мынадай мазмұндағы 52-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "52-1) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімі – ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттары үшін құрылған тізбесі;";

      62-1) және 64) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "62-1) электрондық өнеркәсіп өнімі – электрондық құрамдастар және олардан жасалған түрлі мақсаттағы бұйымдар;";

      "64) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері – мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар, мемлекеттік органдардың бағдарламалық қамтылымы, мемлекеттік органның интернет-ресурсы, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері, оның ішінде өзге де тұлғалардың мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету шеңберінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған сервистік бағдарламалық өнімі, бағдарламалық қамтылымы және ақпараттық жүйелері;";

      68) тармақшадағы "ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыруға" деген сөздер "мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға, оның ішінде мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 6-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 7-бапта:

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеу, іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингтеу және дамыту қағидаларын бекітеді;";

      19) тармақшада:

      "инвестициялық" деген сөздің алдынан "ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      "техникалық-экономикалық негіздемелеріне және" деген сөздер алып тасталсын;

      20) тармақшадағы "мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға" деген сөздер "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) тармақшадағы "ақпараттық жүйелерін" деген сөздер "ақпараттандыру объектілерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) тармақша "уәкілетті органмен" деген сөздерден кейін "және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен" деген сөздермен толықтырылсын;

      30) тармақшадағы "мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу," деген сөздер алып тасталсын;

      31) тармақшада:

      "мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің" деген сөздер "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "және лицензиялық" деген сөздер ", лицензиялық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      39) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 41-1) және 41-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "41-1) мемлекеттік органдар архитектурасының жобаларын келіседі;

      41-2) мемлекеттік органдар архитектураларының іске асырылуын қолдап отыруды ұйымдастырады;";

      47) тармақшадағы "мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін" деген сөздер "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      48) тармақшадағы "техникалық-экономикалық негіздемелеріне және" деген сөздер алып тасталсын;

      49) тармақшадағы "сарапшылық кеңеске" деген сөздер алып тасталсын;

      50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "50) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманы келіседі;";

      52) тармақшадағы "мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеуді," деген сөздер алып тасталсын;

      53) тармақшада:

      "мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің" деген сөздер "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "және лицензиялық" деген сөздер ", лицензиялық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      54) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "54) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану тәртібін бекітеді;";

      4) 7-1-бапта:

      4) тармақша алып тасталсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына мониторинг жүргізу қағидаларын бекітеді;";

      6) және 11) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар нәтижелері бойынша акт береді;";

      13) тармақшада:

      "Қазақстан Республикасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "кезде" деген сөзден кейін "орындау үшін" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14-1) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қатысады;

      14-2) электрондық ақпараттық ресурстарды алу, көшiрмесін түсіру, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау бойынша құқыққа сыйымсыз әрекеттердi болғызбауды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауiпсiз пайдалану мәселелерiнде ақпараттандыру объектілерінің меншiк иелерiне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдемдесуді ұйымдастырады;";

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымының және өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіптің бағдарламалық қамтылымын және өнімін электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымының және өнімінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарды бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-1) мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының негізінде инвестициялық ұсыныстарға және бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қорытындылар береді, сондай-ақ мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының негізінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке келіседі;";

      5) 7-2-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне жатпайтын ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;";

      6) 7-4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2), 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-1) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесі арқылы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;

      7-2) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингін жүзеге асырады;";

      "9) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі жүйесін ұйымдастырушылық және техникалық қолдап отыруды жүзеге асырады;

      10) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінде ақпараттық қауіпсіздіктің қатерлері мен оқыс оқиғаларын анықтау, олардың жолын кесу және зерттеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады және оларды жою немесе олардың алдын алу жөніндегі ұсынымдарды қалыптастырады;

      11) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асырады.";

      7) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сарапшылық кеңес ақпараттандыру саласындағы мәселелерді қарайды және ұсыныстарды және (немесе) ұсынымдарды тұжырымдайды.

      Сарапшылық кеңестің өкілеттіктері мен қызмет тәртібі сарапшылық кеңестің қызметі туралы ережеде айқындалады.";

      8) 9-баптың бірінші бөлігінде:

      2), 3), 5) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "электрондық үкiметтiң" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың және мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлеу, іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингілеу және дамыту қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      3) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құрады және дамытады;";

      "5) мемлекеттік органның архитектурасын бекітеді және оны іске асыру мен дамытуды қамтамасыз етеді;";

      "9) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асырады;";

      10) тармақшада:

      "мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің" деген сөздер "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "және лицензиялық" деген сөздер ", лицензиялық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) тармақшадағы "ақпараттық жүйелерді құру немесе" деген сөздер "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) өз интернет-ресурстарында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастырады;";

      9) 10-бапта:

      2), 3), 5), 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жергілікті атқарушы орган қызметінің бағыттарын және мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлеу, іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингтеу және дамыту қағидаларын ескере отырып, "электрондық үкiметтiң" архитектурасын, "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      3) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құрады және дамытады;";

      "5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік органның архитектурасын бекітеді және оны іске асыру мен дамытуды қамтамасыз етеді;

      6) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асырады;

      7) өз интернет-ресурстарында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастырады;";

      8) тармақшада:

      "мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің" деген сөздер "электрондық үкіметтің" "ақпараттандыру объектілерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "және лицензиялық" деген сөздер ", лицензиялық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) тармақшадағы "ақпараттық жүйелерді құру немесе" деген сөздер "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 12-бапта:

      4) тармақша "және оны дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) тармақша алып тасталсын;

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) инвестициялық ұсыныстың, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманың "электрондық үкiмет" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға, мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына, "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасына сәйкестігіне және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құру және дамыту кезінде стандарттық шешімдерді пайдалану мүмкіндігінің бар-жоғына ақпараттандыру саласында сараптама жүргізеді;";

      11) тармақшадағы "іске асырылуын қолдап отыру" деген сөздер "іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингтеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) тармақшадағы "мемлекеттік органдардың ақпараттандыру жүйелерін тіркеуді," деген сөздер алып тасталсын;

      17) тармақшада:

      "мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің" деген сөздер "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "және лицензиялық" деген сөздер ", лицензиялық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      18) тармақшадағы "мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе" деген сөздер "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 14-бапта:

      1-тармақта:

      1), 2), 3), 4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және "электрондық үкімет" электрондық поштасының бірыңғай шлюзін қолдап отыруды жүзеге асырады;

      7) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізеді;";

      9) тармақша алып тасталсын;

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) инвестициялық ұсыныстың және бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізеді;";

      11) және 13-1) тармақшалар алып тасталсын;

      2-тармақтағы "ұлттық қауіпсіздік органдары" деген сөздер "Ұлттық қауіпсіздік комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 23-бапта:

      1-тармақтың екінші және үшінші бөліктеріндегі "іске асырылуын қолдап отыру" деген сөздер "іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингтеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Мемлекеттік органдар мемлекеттік органның архитектурасын әзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру және дамыту барысында жұмыс тобын құрады және сервистік интегратор үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық жағдайлар жасайды.

      Мемлекеттік орган мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлеу, іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингтеу және дамыту қағидаларына сәйкес "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында мемлекеттік орган архитектурасын іске асыру жоспары бөлігінде оның жобасын жария талқылауды қамтамасыз етеді.";

      2-тармақтағы "іске асырылуын қолдап отыру" деген сөздер "іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингтеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторынан мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерімен интеграциясын жүргізу бойынша" деген сөздер "ақпараттандыру объектісінің меншік иесінен немесе иеленушісінен "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерімен интеграциясын жүргізуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 24-баптың 1-тармағындағы "іске асырылуын қолдап отыру" деген сөздер "іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингтеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 25-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жолымен не "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін немесе ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу жолымен мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына сәйкес, ал ол болмаған жағдайда – уәкілетті органмен келісілген, мемлекеттік органның автоматтандыру қажеттілігі туралы шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік органдар әлеуетті өнім берушілерді тарту, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің техникалық-экономикалық, пайдаланушылық және өзге де сипатталымын нақтылау мақсатында қызметті жоспарланатын автоматтандыруды жария талқылауды қамтамасыз етеді.";

      2-тармақтың екінші және үшінші бөліктеріндегі "ақпараттық жүйелерде" деген сөздер ""электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 26-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру Қазақстан Республикасының аумағындағы "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға сәйкес ақпараттық жүйелер мен сервистік бағдарламалық өнімдерді орналастыру басымдығын қамтамасыз ету ескеріле отырып жүзеге асырылады.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      16) 27-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі "Электрондық үкімет" шеңберінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің интеграциясына" деген сөздер "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін өзге де ақпараттандыру объектілерімен интеграциялауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 31-бапта:

      1-тармақтағы "тіркеуді жүзеге асыруға, есепке алуға, сақтауға және бір жүйеге келтіруге" деген сөздер "есепке алуды, сақтауды және жүйелендіруді жүзеге асыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік органдар "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және оларға техникалық құжаттаманың көшірмелерін "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларына сәйкес орналастырады.

      Құрылатын (дамытылатын) және сатып алынған "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі туралы мәліметтерді "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына ұсыну және оларды жаңартып отыру міндетті болып табылады және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің әрбір кезеңінде жүзеге асырылады.";

      3-тармақта:

      "мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе" деген сөздер "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тіркелген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне" деген сөздер "орналастырылған "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ алып тасталсын;

      18) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Ақпараттық жүйелер. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклі";

      19) 37-бапта:

      3-тармақтың екінші бөлігіндегі "мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын және" деген сөздер алып тасталсын;

      7-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      "пайдалану" деген сөз "өнеркәсіптік пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "пайдаланылуын" деген сөз "өнеркәсіптік пайдаланылуын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "және ақпараттық жүйелерді аттестаттау" деген сөздер алып тасталсын;

      20) 38-бапта:

      1-тармақ алып тасталсын;

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингі жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылын;";

      2-1-тармақтың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісілген техникалық тапсырманың;";

      "3) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің мемлекеттік емес ақпараттық жүйемен өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы ғана интеграциялануы талаптары орындалған жағдайда құрылады, пайдаланылады және дамытылады;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің меншік иесі немесе иеленушісі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ақпараттық жүйе өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгеннен кейін Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингін жүргізу үшін оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.";

      21) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "39-бап. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту

      1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту сыныптауышқа сәйкес берілген сыныпты ескере отырып, мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру, ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілмен жүзеге асырылады.

      2. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы қорытындыларды алу қажет.

      3. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құру және дамыту:

      1) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін әзірлеуді;

      2) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалануды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүргізуді, оның ішінде:

      тәжірибелік пайдалануды жүргізу рәсімдерін құжаттауды;

      оңтайландыруды және анықталған ақаулар мен кемшіліктерді кейіннен оларды түзете отырып жоюды;

      тәжірибелік пайдаланудың аяқталғаны туралы актіні ресімдеуді қамтиды.

      Тәжірибелік пайдалануды жүргізу мерзімі бір жылдан аспауға тиіс;

      3) осы Заңға сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынауды;

      4) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін ендіруді;

      5) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалану дұрыс аяқталған, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижесі бар акті болған жағдайда техникалық құжаттама талаптарына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуді қамтиды.

      5. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін дамыту оны осы бапқа сәйкес өнеркәсіптік пайдалануға бергеннен кейін жүзеге асырылады.

      6. Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру шеңберінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту осы Заңға және ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына сәйкес осы баптың 3-тармағында көзделген нормаларды қолданбай жүзеге асырылады.";

      22) 40-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-бап. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалану дұрыс аяқталған, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижесі бар акті болған жағдайда техникалық құжаттама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік органдар "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға берген кезден бастап "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымының барлық нұсқасын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларына сәйкес есепке алу және сақтау үшін "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына беруді қамтамасыз етеді.";

      2-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін" деген сөздер "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақша алып тасталсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ақпараттандыру объектісін қолдап отыру;";

      7) тармақшадағы "ақпараттық жүйеде пайдаланылатын лицензиялық бағдарламалық қамтылымға" деген сөздер "ақпараттандыру объектісінің пайдаланылатын лицензиялық бағдарламалық қамтылымына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) жүйелік-техникалық қызмет көрсету;";

      9) тармақшада:

      "ақпараттық жүйенің кепілді мерзім кезеңінде анықталған қателері мен кемшіліктерін" деген сөздер "кепілді мерзім кезеңінде анықталған қателер мен кемшіліктерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "әзірлеушінің ақпараттық жүйеге" деген сөздер "өнім берушінің "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ақпараттық жүйені" деген сөздер "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 41-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "41-бап. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануды тоқтату";

      1-тармақта:

      "Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін" деген сөздер "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ақпараттық жүйе" деген сөздер "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      "Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін" деген сөздер "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі интеграцияланған ақпараттық жүйелердің" деген сөздер "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі интеграцияланған "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "Мемлекеттік органның есептен шығарылатын ақпараттық жүйесінің" деген сөздер "Есептен шығарылатын "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "ақпараттық жүйесінің" деген сөздер "ақпараттандыру объектісінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 42-баптағы "Мемлекеттік органның ақпараттық жүйелеріндегі", "Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің", "Ақпараттық жүйенiң", "ақпараттық жүйенiң", "ақпараттық жүйеде", "ақпараттық жүйеге" деген сөздер тиісінше "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі", "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің", "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің", "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің", "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде", "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 44-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйе өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы ғана мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланады.";

      26) 8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Ақпараттандыру объектілеріне сынау және аудит жүргізу";

      27) 48-баптағы "ақпараттық жүйелер" деген сөздер "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 49-бапта:

      тақырыптағы "техникалық құжаттаманың сараптамасы" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақтың 6) тармақшасында:

      "мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      "қалыптастыруға" деген сөзден кейін ", мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне ("электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері болып табылатындарды қоспағанда) жатқызылған ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтарды осы Заңға және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізеді.

      5. Ақпараттандыру объектілерінің сапасын бағалау мақсатында оларды сынау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.";

      29) 51-бап алып тасталсын;

      30) 54-бапта:

      2-тармақта:

      6) тармақшадағы "мемлекеттік техникалық қызметке" деген сөздер "Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақшада:

      ", олардың қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін" деген сөздер алып тасталсын;

      "мемлекеттік техникалық қызметпен" деген сөздер "Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) тармақшада:

      "мемлекеттік техникалық қызметтің" деген сөздер "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жүргізуі үшін оған" деген сөздер "жүргізу үшін Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ақпараттандыру объектілеріне және" деген сөздерден кейін "ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-1-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      "Елдің қорғанысы мен қауіпсіздігі үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды" деген сөздер "Елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімінен" деген сөздер "сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қажетті өнім болмаған жағдайда, тауарларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуға жол беріледі.";

      31) 10-тараудың тақырыбындағы "Уәкілетті органның құжаттарға сараптама жүргізуі және оларды келісуі" деген сөздер "Құжаттарға сараптама жүргізу және оларды келісу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32) 57-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "57-бап. Ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы қорытындылар

      1. Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін мемлекеттік орган ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы қорытындыларды алу үшін уәкілетті органға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға енгізеді.

      Инвестициялық ұсыныстарға, қаржылық-экономикалық негіздемелерге ақпараттандыру саласында сараптама жүргізу инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласында сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      2. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныс "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырма қоса беріліп, қорытындыға енгізіледі.

      Шығыстардың есеп-қисабының негіздемесі, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы мен тиімділігін айқындау тұрғысынан бағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады және ақпараттандыру саласындағы қорытындыда көрсетіледі.

      3. Инвестициялық ұсынысты уәкілетті орган және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      4. Ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне қорытындылар толық құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.";

      33) 58-бап алып тасталсын;

      34) 59-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "59-бап. Ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы техникалық құжаттаманы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша құжаттаманы келісу

      1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманы келісуді уәкілетті орган және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырады.

      2. "Электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы әзірлеген ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманы келісу ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

      3. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық және жергілікті жобалары шеңберінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасы, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес уәкілетті органмен келісіледі.".

      23. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 171-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 22, 82-құжат):

      1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер;".

      24. "Стандарттау туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 17-18, 59-құжат):

      1) 6-баптағы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының", "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың", "қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 15-баптың 5) тармақшасындағы "стандарттау жөніндегі құжаттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда)" деген сөздер "егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, стандарттау жөніндегі құжаттарды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 1) тармақшасын және 15-тармағының 1) тармақшасын;

      2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1), 4) және 5) тармақшаларын, 2-тармағын, 22-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33) және 34) тармақшаларын;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 22-тармағының 6) тармақшасын;

      4) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 2) тармақшасын, 11-тармағы 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 20-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацын және 24-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Техникалық-экономикалық негіздемесі осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге бюджет қаражаты бөлінген ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған тәртіппен жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады