1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 316-VІ ҚРЗ.

      1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2018 жылғы 8 қарашада Астанада жасалған екінші хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма

1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы
ЕКІНШІ ХАТТАМА

      (2021 жылғы 19 қаңтарда күшіне енді – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2021 ж., N 1, 3-құжат)

      1992 жылғы 15 мамырда Ташкентте қол қойылған және 1994 жылғы 20 сәуірде күшіне енген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа (бұдан әрі - Шарт) және 1999 жылғы 2 сәуірде Мәскеуде қол қойылған және 2000 жылғы 22 наурызда күшіне енген 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартты ұзарту туралы хаттамаға қатысушы мемлекеттер

      Шарттың 9-бабына сәйкес

      төмендегілер туралы уағдаласты:

      1. Шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қатысушы мемлекеттер қатысушы мемлекеттердің басшыларынан не егер өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес оларға Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға өкілеттіктер берілген болса, қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің басшыларынан тұратын Ұжымдық қауіпсіздік кеңесін (бұдан әрі - Кеңес) құрады.";

      б) 6-баптың бірінші абзацы "қатысушы мемлекеттердің басшылары" деген сөздерден кейін "не егер өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес оларға тиісті өкілеттіктер берілген болса, қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің басшылары" деген сөздермен толықтырылсын;

      в) қорытынды бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "1992 жылғы 15 мамырда Ташкент қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды, ол Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Хатшылығында сақталады.".

      2. Осы Хаттама оған қол қойған мемлекеттердің оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.

      2018 жылғы 8 қарашада Астана қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Армения Республикасы үшін

Беларусь Республикасы үшін

Қазақстан Республикасы үшін

Қырғыз Республикасы үшін

Ресей Федерациясы үшін

Тәжікстан Республикасы үшін

      1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы Екінші хаттаманың орыс тіліндегі мәтіні мен қазақ тіліндегі аудармасының теңтүпнұсқалы екенін куәландырамын.

      ҚР СІМ Әкімшілік жұмыс және бақылау
департаментінің Мемлекеттік тіл
басқармасының бірінші хатшысы
А.Бекбосынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады