2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 12 қазандағы № 366-VI ҚРЗ.

      2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы 2019 жылғы 29 сәуірде Бішкекте жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
     

2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына (бұдан әрі - ШЫҰ) мүше мемлекеттер

      2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімді (бұдан ірі - Келісім) іске асыру тетігін жетілдіру қажеттігін басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісім мынадай редакциядағы 27-1-баппен толықтырылсын:

"27-1-бап

      Осы Келісім күшіне енгеннен кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшесі болып табылатын кез келген мемлекеттің оған қосылуы үшін ашық.

      Қосылған мемлекет үшін осы Келісім депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Депозитарий Тараптарды қосылған мемлекетке қатысты осы Келісімнің күшіне енген күні туралы хабардар етеді.".

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.

      Келісім депозитарийі Тараптарға осы Хаттаманың куәландырылған көшірмелерін оған қол қойылған күннен бастап 15 күн ішінде жібереді.

      2019 жылғы 29 сәуірде Бішкек қаласында орыс және қытай тілдерінде бір төлнұсқа данада жасалды, бұл ретте екі мәтіннің де күші бірдей.

      Қазақстан Республикасы
үшін
      Қытай Халық Республикасы
үшін
      Қырғыз Республикасы
үшін
      Ресей Федерациясы
үшін
      Тәжікстан Республикасы
үшін
      Өзбекстан Республикасы
үшін

      Осы құжат 2007 жылғы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманың (Бішкек қаласы, 2019 жылғы 29 сәуір) теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын.

      Осы құжаттың төлнұсқа данасы ШЫҰ Хатшылығында сақталады.

      ШЫҰ Бас хатшысының
      орынбасары Н.С. Аққошқаров

      Осы мәтін 2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманың орыс тіліндегі нұсқасына сәйкес аударылды.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
Халықаралық ынтымақтастық
департаментінің бастығы
полковник
О.Құсайынов

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Хаттаманың қытай тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады