Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 394-VI ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 г., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 46-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; 2020 ж., № 10, 46-құжат; № 13, 67-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-2) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс – мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қызметтер көрсетуге арналған тапсырыс;";

      2) 4-баптың 3-тармағындағы "деңгейде" деген сөз "және өңірлік деңгейлерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 4-3-бапта:

      7) тармақшадағы "өзі белгілеген тәртіпке сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1) республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-2) республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      7-3) өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін әзірлейді және бекітеді;";

      4) 4-4-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесі негізінде өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;";

      5) мынадай мазмұндағы 1-2-тараумен толықтырылсын:

      "1-2-тарау. Республикалық және өңірлік деңгейлердегі мемлекеттік ақпараттық саясаттың кейбір мәселелері

      4-6-бап. Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия

      1. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу кезінде қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ халықтың ақпаратқа қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында уәкілетті орган жанынан Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия құрылады.

      2. Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның негізгі функциялары мыналар болып табылады:

      1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесін қарау және ұсыныстарды тұжырымдау;

      2) республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты алуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және ұсыныстарды тұжырымдау;

      3) Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      3. Уәкілетті орган Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені және оның құрамын, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекітеді.

      4-7-бап. Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар

      1. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу кезінде қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ халықтың ақпаратқа қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар жанынан мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар құрылады.

      2. Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялардың негізгі функциялары мыналар болып табылады:

      1) республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты алуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және ұсыныстарды тұжырымдау;

      2) республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты алуға үміткерлердің өтінімдерін Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның қарауына және ұсынымдар алу үшін жіберу;

      3) мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      3. Өңірлік комиссия өз қызметінде мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережені басшылыққа алады.";

      6) 14-баптың 3-тармағында:

      бірінші бөліктегі "жарнамалауға 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздер ", алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді жарнамалауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісін және (немесе) атауын жарнамалау "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      7) 22-баптың 4-тармағындағы "ар-намысы мен қадiр-қасиетiне" деген сөздер "іскерлік беделіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2017 ж., № 15, 55-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37-құжат; 2020 ж., № 11, 56-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат):

      1) 13-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы ", алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-1-тармақта:

      "Алкоголь өнімін", "элементтерін немесе" деген сөздер тиісінше "Осы Заңның 14-2-бабының талаптарына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісін және (немесе) атауын жарнамалауды қоспағанда, алкоголь өнімін, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді", "элементтерін және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "алкоголь өнімінің" деген сөздерден кейін ", алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімнің" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 14-2-баппен толықтырылсын:

      "14-2-бап. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісін және (немесе) атауын жарнамалау ерекшелiктерi

      1. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісін және (немесе) атауын жарнамалауға:

      1) мынадай талаптар ескеріле отырып, отандық теле-, радиоарналарда (балалар мен діни арналарды қоспағанда) жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат жиырма екіден бастап таңғы сағат алтыға дейінгі кезеңде рұқсат етіледі:

      отандық телеарналардағы жарнамада трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау уақытында жарнама алаңының (кеңістігінің) кемінде он пайызында шарапты шамадан тыс тұтынудың зияны туралы ескерту қоса берілуге тиіс;

      отандық телеарналарда жарнаманың трансляциялануы және (немесе) ретрансляциялануы кезінде телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес саламатты өмір салтын танымал ету жөніндегі екі әлеуметтік жарнама қоса беріледі;

      радиоарналардағы жарнамада, оның трансляциялануы аяқталғанда, шарапты шамадан тыс тұтынудың зияны туралы ескертетін хабар қоса берілуге тиіс;

      2) мынадай талаптар ескеріле отырып, мерзімді баспасөз басылымдарында (балалар мен діни басылымдарды қоспағанда) рұқсат етіледі:

      газеттердің бірінші және соңғы беттерінде орналастырылмауға тиіс;

      журналдардың, альманахтардың, бюллетеньдердің, оларға қосымшалардың бірінші және соңғы беттері мен мұқабаларында орналастырылмауға тиіс;

      жарнама алаңының көлемі (кеңістігі) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісі және (немесе) атауы жарнамасының жарнама алаңының көлеміне тең болатын саламатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қамтуға тиіс.

      Саламатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру мен іріктеу телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган денсаулық сақтау және жарнама саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітетін, саламатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және отандық телеарналарда орналастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісінің және (немесе) атауының жарнамасы:

      1) шарапты жарнамаламауға;

      2) еңбек қызметімен және көлiк құралын басқарумен байланысты болмауға;

      3) кәмелетке толмағандардың қатысуымен түсірілмеуге (жазылмауға), оның ішінде мультипликацияның (анимацияның) көмегімен орындалмауға;

      4) кәмелетке толмағандарға бағытталмауға;

      5) шараптың емдік қасиеттері бар деп сендірмеуге, оны шамадан тыс тұтынуды көтермелемеуге;

      6) шарапты тұтынудан тартынуды айыптамауға;

      7) шарапты тұтыну өзара қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді деп сендірмеуге тиіс.".

      3. "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 46-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 14, 75-құжат):

      1-бапта:

      14) тармақшадағы "пайдалана отырып," деген сөздер "пайдалана отырып және телекоммуникация желілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) теле-, радиокомпания – теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік алған, теле-, радиоарнаның меншік иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға немесе оның филиалы (өкілдігі);".

      4. "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 138-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 24, 124-құжат; 2019 ж., № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган – ақпаратқа қол жеткізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      4) тармақша "қаржылық есептілікті" деген сөздерден кейін ", азаматтық бюджетті" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) ашық диалогтың интернет-порталы – ақпарат пайдаланушылардың мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы сұрау салуларды жіберу, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың интернет-конференцияларға және сауалнамаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдасы;";

      9) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларының блог-платформасы – азаматтардың сұрау салуларды жіберу және мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларынан оларға жауаптар алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдасы;";

      2) мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-баптармен толықтырылсын:

      "6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпаратқа қол жеткізу саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

      2) Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені бекітеді;

      3) ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын, мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекітеді;

      4) жыл сайын, 1 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есепті ұсынады;

      5) көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден босату тәртібін айқындайды;

      6) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Президентінің актілері өзіне жүктеген өзге де функцияларды орындайды.

      6-2-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті

      1. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган:

      1) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;

      2) Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады және оның құрамын бекітеді;

      3) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін мониторингтеу мен ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      4) ақпарат иеленушілерге ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;

      5) ақпарат иеленушілермен және пайдаланушылармен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

      6) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекітеді;

      7) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекітеді;

      8) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекітеді;

      9) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;

      10) мемлекеттік органдардың ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректерінің бірыңғай тізбесін әзірлейді;

      11) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      12) жыл сайын, 1 сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есептің жобасын жібереді;

      13) Қазақстан Республикасында ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есепті өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

      14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган:

      1) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру объектілерінде қамтылған электрондық ақпараттық ресурстарды жасау, іздеу, жинау, жинақтау, сақтау, өңдеу, алу, пайдалану, өзгерту, көрсету, тарату және беру бөлігінде іске асыруды қамтамасыз етеді;

      2) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ашық деректердің интернет-порталында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінде қамтылған деректерді кейіннен орналастыру мақсатында оларға талдау жүргізеді;

      3) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпаратпен толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді;

      4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      3) 8-бап 6) тармақшадағы "тұлғалар ақпарат иеленушілер болып танылады." деген сөздер "тұлғалар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар ақпарат иеленушілер болып танылады.";

      4) 9-бапта:

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) құзыреті шегінде ашық деректердің, ашық бюджеттердің және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың интернет-порталдарында орналастырылатын ақпаратты уақтылы жаңартып отыруға;";

      13) тармақшадағы "заңнамасында" деген сөз "өзге де заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілердің ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге ішкі мониторингті және оны үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің болуы немесе ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті адамды тағайындауы міндетті.";

      5) 10-баптың 4) тармақшасындағы "Қорғаныс министрлігін" деген сөздер "қорғаныс, сыртқы істер министрліктерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 11-бапта:

      5-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері "органдар" деген сөзден кейін "мен квазимемлекеттік сектор субъектілері" деген сөздермен толықтырылсын;

      13-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерлері және оларды төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында міндетті түрде жариялануға және ақпарат иеленушілердің интернет-ресурстарында орналастырылуға жатады.

      Халықтың әлеуметтік осал топтары көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден босатылады.";

      7) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ақпарат иеленушілер өздері орналасқан үй-жайларда өз қызметі туралы ақпараты бар ақпараттық стендтерді және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдарды орналастырады және мүгедектердің оларға еркін қол жеткізуіне жағдайлар жасайды.

      Қызметі қоғамдық тәртіпті сақтаумен және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты ақпарат иеленушілер өз қызметі туралы ақпараты бар ақпараттық стендтерге және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдарға тәулік бойы еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.";

      8) 14-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының қорғаныс, сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары, әкімдер және ұлттық жоғары оқу орындарының басшылары жылына бір реттен сиретпей атқарылған жұмыс туралы халық алдында есеп береді.";

      9) 16-баптың 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

      1) қызметі туралы жалпы ақпаратты:

      ұйымдық құрылымын, басшылары мен олардың орынбасарлары туралы мәліметтерді;

      анықтама қызметтерінің, құрылымдық бөлімшелердің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың байланыс деректерін (пошталық мекенжайын, электрондық поштасының мекенжайын, телефон нөмірлерін);

      құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізбесін, олардың міндеттері мен функцияларын, сондай-ақ басшылары мен олардың орынбасарлары туралы мәліметтерді;

      аумақтық органдардың тізбесін, олардың міндеттері мен функцияларын, сондай-ақ басшылары мен олардың орынбасарлары туралы мәліметтерді;

      құзыретін, өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді;

      ресми жаңалықтарды, баспасөз релиздерін;

      жаңалықтар легін;

      қызметіндегі алдағы ресми оқиғалардың күнтізбелерін;

      басшылары мен олардың орынбасарларының ресми сөйлейтін сөздерінің және ресми мәлімдемелерінің мәтіндерін;

      құрылған бұқаралық ақпарат құралдары туралы (болған кезде) мәліметтерді;

      2) нормашығармашылық қызмет туралы ақпаратты:

      қабылданған нормативтік құқықтық актілер тізбесін;

      әзірленетін нормативтік құқықтық актілер жобаларының оларға түсіндірме жазбаларымен (олар болған кезде) және салыстырма кестелерімен (нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге мәтіндерін, ғылыми сараптамалардың қорытындылары мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің сараптама қорытындыларын (олар болған кезде), оларды жария талқылаудың аяқталғаны туралы есептерді;

      халықты нормативтік құқықтық актілердің жобаларына жария талқылаулар өткізу мерзімдері туралы хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарларды, баспасөз релиздерін;

      3) бюджет қаражаты туралы ақпаратты:

      республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын;

      бекітілген республикалық және жергілікті бюджеттерді;

      мемлекеттік органның жұмыс істеуіне бөлінген бюджет қаражатының жалпы сомасы туралы ақпаратты;

      республикалық және жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатының пайдаланылуы туралы ақпаратты;

      бюджеттік есептілікті;

      шоғырландырылған қаржылық есептілікті;

      мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау нәтижелерін;

      азаматтық бюджетті;

      халықты бюджеттік бағдарламалардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге жария талқылаулар өткізу мерзімдері туралы хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарларды, баспасөз релиздерін;

      4) ағымдағы қызметі туралы ақпаратты:

      мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын және оның іске асырылуы туралы есепті;

      аумақтарды дамыту бағдарламаларын және олардың іске асырылуы туралы есептерді;

      мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, тұжырымдамаларды, доктриналарды, стратегияларды, тиісті саланы дамыту жоспарларын, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептерді;

      саланың (аяның) жай-күйін және даму серпінін сипаттайтын статистикалық ақпарат пен көрсеткіштерді;

      жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ өздерінің жүргізуіндегі ведомстволық дерекқорлардың (деректер банктерінің), тізілімдердің, тіркелімдердің, кадастрлардың тізбесін;

      қызметі туралы талдамалық баяндамалар мен шолуларды, сондай-ақ атқарылған жұмыс туралы есептер мен баяндамаларды;

      алқалы органдардың ашық отырыстарының стенограммаларын және (немесе) хаттамаларын;

      мемлекеттік орган жұмыс органы болып табылатын консультативтік-кеңесші органдардың (кеңестердің, комиссиялардың) қызметі туралы ақпаратты;

      мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау қорытындыларын;

      5) кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ақпаратты:

      Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке кіру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді;

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жарияланған конкурс туралы мәліметтерді;

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын;

      персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) бос лауазымдарға орналасу мәселелері бойынша консультация беруге уәкілеттік берілген жұмыскерлерінің байланыс деректерін (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы);

      6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы ақпаратты:

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді;

      мемлекеттік органның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы жыл сайынғы есепті;

      мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын, әзірленетін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ оларды жария талқылаудың аяқталғаны туралы есептерді;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторингтеу нәтижелерін;

      мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесіне шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты;

      8) халықаралық ынтымақтастық саласындағы ақпаратты:

      қызметіне мемлекеттік орган қатысатын халықаралық ұйымдардың тізбесін;

      жасалған (қол қойылған) халықаралық шарттар мен келісімдердің тізбелерін және мәтіндерін;

      шет мемлекет, халықаралық немесе шетелдік ұйым және (немесе) қор берген, алынған және пайдаланылған гранттар туралы мәліметтерді;

      мемлекеттік органның халықаралық шарттар мен халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын іске асыруға қатысуы туралы мәліметтерді;

      мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың қорытындыларын, сараптамалық бағалауларын, ұсынымдарын және басқа да талдамалық материалдарын;

      халықаралық ынтымақтастық саласындағы өзге де мәліметтерді;

      9) мемлекеттік сатып алу саласындағы ақпаратты:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін;

      мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын;

      өткізу шарттарын, оларға әлеуетті өнім берушілердің қатысу тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік орган ашық конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден сатып алу тәсілдерімен, сондай-ақ тауар биржалары арқылы жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты, мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаларды, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау тәртібін;

      10) рұқсат беру әрекеттерін (лицензиялау, аккредиттеу, тіркеу және басқалар) жүзеге асыру тәртібін;

      11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер ескеріле отырып, мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары жүргізген тексерулердің нәтижелері туралы, сондай-ақ мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдарында жүргізілген тексерулердің нәтижелері туралы ақпаратты;

      12) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратты;

      13) жүргізілген әлеуметтанушылық, талдамалық және өзге де зерттеулердің, сондай-ақ халыққа жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері туралы деректерді;

      14) халықпен жұмыс жөніндегі ақпаратты:

      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау графигін;

      өтініштер мен сұрау салуларды қарау нәтижелері бойынша шешімдерге және (немесе) әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағым жасау тәртібін қоса алғанда, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау, сондай-ақ өтініштер мен сұрау салуларды қарау мәселелері бойынша ақпарат алуға мүмкіндік беретін уәкілетті адамдардың байланыс деректерін (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы);

      Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік орган қарауға қабылдайтын өтініштер мен сұрау салулардың үлгілерін;

      15) келіп түскен сұрау салуларды жинақтап қорыту және талдау нәтижелері бойынша ақпарат пайдаланушылар бірнеше рет сұрататын ақпаратты;

      16) орналастыру міндеті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де ақпаратты немесе орналастыруды мемлекеттік орган қажет деп санайтын ақпаратты орналастыруға міндетті.

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган өзінің интернет-ресурсында Ұлттық архив қорының құжаттары және оны жинақтау көздері туралы мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қор каталогын орналастырады.

      5. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар Қазақстан Республикасы соттарының интернет-ресурстарында сондай-ақ:

      1) ашық қол жеткізуде орналастыруға жатпайтындарды қоспағанда, сот актілері;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер ескеріле отырып, сот істерін қарау графиктері орналастырылуға тиіс.

      6. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының интернет-ресурстарында сондай-ақ:

      1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есеп;

      2) жергілікті қоғамдастық жиынын, жиналысын шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер;

      3) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жиналысының хаттамалары, сондай-ақ оларда қабылданған шешімдер орналастырылуға тиіс.

      7. Мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің интернет-ресурстарында:

      1) қызметі туралы жалпы ақпарат:

      тарихы;

      ұйымдық құрылымы;

      басшылығы туралы мәліметтер;

      қызметі туралы мәліметтер;

      консультативтік-кеңесші органдардың (болған кезде) қызметі туралы ақпарат;

      байланыс деректері (анықтама қызметтерінің, құрылымдық бөлімшелердің, аумақтық өкілдіктердің (болған кезде) пошталық мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірлері);

      2) бос лауазымдар жөніндегі ақпарат:

      жарияланған бос лауазымдар;

      бос лауазымдарға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

      бос лауазымдар туралы ақпарат алу үшін телефон нөмірлері;

      3) ресми жаңалықтар, баспасөз релиздері, алдағы оқиғалардың күнтізбелері;

      4) қаржылық есептілік, республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражаттың жұмсалуы туралы ақпарат, азаматтық бюджет;

      5) өздерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер;

      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізілетін мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер;

      7) халықаралық ынтымақтастық саласындағы ақпарат;

      8) келіп түскен сұрау салуларды жинақтап қорыту және талдау нәтижелері бойынша ақпарат пайдаланушылар бірнеше рет сұрататын ақпарат;

      9) жүргізілген әлеуметтанушылық, талдамалық және өзге де зерттеулердің, сондай-ақ халыққа жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері туралы деректер;

      10) өздерінің жүргізуіндегі дерекқорлардың (деректер банктерінің), тізілімдердің, тіркелімдердің, кадастрлардың тізбесі;

      11) "Сұрақ-жауап" сервисі;

      12) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау графигі;

      13) өтініштер мен сұрау салуларды қарау нәтижелері бойынша шешімдерге және (немесе) әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағым жасау тәртібін қоса алғанда, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау, сондай-ақ өтініштер мен сұрау салуларды қарау мәселелері бойынша ақпарат алуға мүмкіндік беретін уәкілетті адамдардың байланыс деректері (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы);

      14) Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қарауға қабылданатын өтініштер мен сұрау салулардың үлгілері;

      15) орналастыру міндеті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де ақпарат немесе орналастыруды мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме қажет деп санайтын ақпарат орналастырылуға тиіс.

      8. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

      1) қызметі туралы жалпы ақпарат:

      тарихы;

      ұйымдық құрылымы;

      басшылығы туралы мәліметтер;

      қызмет түрлері;

      даму стратегиясы;

      консультативтік-кеңесші органдардың (болған кезде) қызметі туралы ақпарат;

      анықтама қызметтерінің, құрылымдық бөлімшелердің, аумақтық өкілдіктердің және еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың байланыс деректері (пошталық мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірлері);

      2) бос лауазымдар жөніндегі ақпарат:

      жарияланған бос лауазымдар;

      бос лауазымдарға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

      бос лауазымдар туралы ақпарат алу үшін телефон нөмірлері;

      3) ресми жаңалықтар, баспасөз релиздері, алдағы оқиғалардың күнтізбелері;

      4) қаржылық есептілік, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражаттың жұмсалуы туралы ақпарат;

      5) еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпарат;

      6) қызметін регламенттейтін нормативтік құжаттар;

      7) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу туралы ақпарат;

      8) халықаралық ынтымақтастық саласындағы ақпарат;

      9) статистикалық көрсеткіштер және қызметінің нәтижелері;

      10) атқарылған жұмыс туралы талдамалық есептер мен баяндамалар;

      11) жүргізілген әлеуметтанушылық, талдамалық және өзге де зерттеулердің, сондай-ақ халыққа жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері туралы деректер;

      12) келіп түскен сұрау салуларды жинақтап қорыту және талдау нәтижелері бойынша ақпарат пайдаланушылар бірнеше рет сұрататын ақпарат;

      13) өздерінің жүргізуіндегі дерекқорлардың (деректер банктерінің), тізілімдердің, тіркелімдердің, кадастрлардың тізбесі;

      14) "Сұрақ-жауап" сервисі;

      15) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау графигі;

      16) өтініштер мен сұрау салуларды қарау нәтижелері бойынша шешімдерге және (немесе) әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағым жасау тәртібін қоса алғанда, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау, сондай-ақ өтініштер мен сұрау салуларды қарау мәселелері бойынша ақпарат алуға мүмкіндік беретін уәкілетті адамдардың байланыс деректері (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы);

      17) Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қарауға қабылданатын өтініштер мен сұрау салулардың үлгілері;

      18) орналастыру міндеті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де ақпарат немесе орналастыруды квазимемлекеттік сектор субъектісі қажет деп санайтын ақпарат орналастырылуға тиіс.

      9. Бюджет қаражатын алушылардың интернет-ресурстарында республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға қатысты және қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатқызылмаған ақпарат орналастырылады.

      10. Монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің интернет-ресурстарында монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеу мәселелерін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ олар өндіретін (өткізетін) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар орналастырылады.

      11. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылардың интернет-ресурстарында мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыруға қатысты ақпарат орналастырылады.";

      10) 17-бапта:

      1, 2, 3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ақпарат пайдаланушылар осы Заңға сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдастарында орналастырылатын ақпаратты ала алады және пайдалана алады, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген не "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдастарында авторландырылған жағдайда оны талқылауға қатыса алады.

      2. Ашық деректердің интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1), 2), 3) және 7) тармақшаларында көрсетілген ақпарат иеленушілер ашық деректерді орналастырады.

      Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы халқының ашық деректерге қажеттіліктері туралы қоғамдық пікірді сұрау нәтижелері бойынша ашық деректердің интернет-порталында орналастыру үшін ақпарат иеленушілерден ашық деректерді сұратуға құқылы.

      Ақпарат иеленушілер ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында өз бастамасы бойынша да орналастыруға құқылы.

      3. Ашық бюджеттердің интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау нәтижелерін орналастырады, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге жария талқылау өткізеді.";

      "5. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, стратегиялық жоспарлардың және аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастырады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметіне жария талқылау өткізеді.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Ашық диалогтың интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген ақпарат иеленушілер мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы келіп түскен сұрау салуларға жауаптар береді, сондай-ақ интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізеді.";

      11) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-бап. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия

      Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган жанынан консультативтік-кеңесші орган – Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия құрылады.

      Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы қоғамдық мүдделер деп ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу мен таратуға әркімнің конституциялық құқығын іске асырудың қолайлы жағдайларын, нысандарын, тетіктері мен тәсілдерін жасау түсініледі.

      Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның қызметі өзінің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және шешу кезінде ашықтық пен бүкпесіздік негізінде жүзеге асырылады.

      Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырыстары тоқсанына бір реттен сиретпей, тоқсанның соңғы айының соңғы онкүндігінде өткізіледі.".

      5. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 20, 96-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат):

      1) 7-баптың 15) және 28) тармақшалары алып тасталсын;

      2) 9-баптың бірінші бөлігінің 15) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 10-баптың 15) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 35-баптың 6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ашық деректер, ашық бюджеттер, ашық нормативтік құқықтық актілер, ашық диалог және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталдарының қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуді оператор жүзеге асырады.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады