2019 жылғы 22 қарашада Мәскеуде жасалған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Бейресми аударма |
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы КЕЛІСІМ
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты негізге ала отырып,
Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - Одақ) шеңберінде бағалы металдар мен асыл тастардың еркін айналысын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында,
Одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру саласында тиімді шараларды әзірлеу мақсатында мүше мемлекеттердің бәсекелестік артықшылықтарын жасауға және олардың өзара іс-қимыл жасауына бағдарланған өзара тиімді сауда экономикалық тетіктерді қалыптастыру мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:
"талдау" - бұйым жасалған металдың және оның қорытпасының химиялық құрамын айқындау, оның ішінде осы бұйымды бұзуды көздейтін әдістерді қолдану жолымен айқындау;
"бағалы металдарды аффинаждау" - бағалы металдың болуын мемлекетаралық стандарттардың және (немесе) мүше мемлекеттердің мемлекеттік (ұлттық) стандарттарының және (немесе) мүше мемлекеттердің аумағында қолданылатын техникалық шарттардың және (немесе) Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LВМА) және Лондон платина мен палладий нарығына қатысушылар (LРРМ) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкес келетін мәндерге дейін жеткізе отырып, алынған бағалы металдарды қоспалардан және ілеспе химиялық элементтерден тазалау процесі;
"асыл тастарды алу" — асыл тастарды байырғы, шашыранды және техногендік кен орындарынан алу, сондай-ақ асыл тастарды сұрыптау, бастапқы сыныптау және бастапқы бағалау;
"бағалы металдарды алу" - концентраттар мен құрамында бағалы металдар бар басқа да жартылай өнімдер ала отырып, бағалы металдарды байырғы (кен), шашыранды және техногендік кен орындарынан алу;
"асыл тастар" - табиғи алмастар, зүбәржаттар, лағылдар, жақұттар және александриттер, сондай-ақ шикі (табиғи) және өңделген түрдегі табиғи інжу, бірегей кәріптас түзілімдері. Асыл тастардың сипаттамаларына (қасиеттеріне) ие жасанды жолмен алынған материалдар асыл тастарға жатқызылмайды;
"бағалы металдар" - кез келген күйде, түрде болуы мүмкін (оның ішінде, саф және аффинаждалған түрде), сондай-ақ шикізатта, қорытпаларда, жартылай фабрикаттарда, өнеркәсіптік өнімдерде, химиялық қосылыстарда, өнімдерде (бұйымдарда), оның ішінде зергерлік және басқа да бұйымдарда, монеталарда, сынықтар мен қалдықтарда болуы мүмкін алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий);
"атаулы таңба" - жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға бедері қойылатын дайындаушының белгісі;
"бағалы металдар мен асыл тастарды пайдалану" - бағалы металдар мен асыл тастарды өндірістік, қаржылық, ғылыми және әлеуметтік-мәдени мақсаттарда қолдану;
"минералды шикізат" - жер қойнауынан алынған және құрамында бағалы металдар бар байырғы кен орындарының кені, шашыранды кен орындарының құмы, техногенді кен орындарының кені және құмы, концентраттар, шлих алтыны және платина, Доре қорытпасы, катодты металл және мырыш шөгінділері, сондай-ақ құрамында өнеркәсіптік тәсілмен алынатын бағалы металдар бар полиметалды (кешенді) кендер;
"таңбалау" - зергерлік және басқа да бұйымдарға сынамалық таңба бедерін қою;
"бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары" - жарамсыз болып қалған немесе өзінің тұтынушылық қасиеттерін және (немесе) функционалдық мақсатын жоғалтқан бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған өнім (бұйым), оның бөліктері, осындай өнімді (бұйымдарды) өндіру процесінде туындаған жөнделмейтін ақау, сондай-ақ өндіру және (немесе) тұтыну процесінде пайда болған және негізінен бағалы металдарды алу үшін пайдаланылатын, құрамында бағалы металдар бар шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың қалған бөліктері;
"асыл тастарды өңдеу" - асыл тастардың физикалық жай-күйін (нысанын, түсін, сапасын) өзгерту мақсатында оларға механикалық, физикалық, химиялық немесе өзге де әсер ету. Өңдеу асыл тастардан әртүрлі мақсаттарда жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдар өндіруді де және оларды жақсартуды да қамтиды;
"сынамалау" - зергерлік және басқа да бұйымдардағы бағалы металдар қорытпасының сынамасын айқындау немесе растау;
"асыл тастардың қалдықтары" - асыл тастарды өңдеу, зергерлік және басқа да бұйымдарды, техникалық мақсаттағы бұйымдарды жасау және пайдалану кезінде пайда болған және аталған бұйымдарды жасау үшін пайдалануға келмейтін асыл тастардың сынықтары, жарықшақтары түріндегі қалған бөліктер;
"сынама" - бағалы металл қорытпасының 1 мың массалық үлесіндегі химиялық таза бағалы металдың массалық үлесінің сандық құрамы;
"сынамалық таңба" - бағалы металдардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға салынатын және осындай бұйым құрамындағы бағалы металл сынамасын куәландыратын, мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген үлгідегі белгі;
"бағалы металдарды өндіру" - алынған кешенді кендерден, конңентраттардан және құрамында бағалы металдар бар басқа да жартылай өнімдерден, құрамында бағалы металдар бар сынықтар мен қалдықтардан бағалы металдарды алу, сондай-ақ бағалы металдарды аффинаждау;
"рекуперацияланған асыл тастар" - пайдаланылған немесе өзге себептермен пайдаланудан шығарылған құралдар мен техникалық мақсаттағы басқа да бұйымдардан алынған асыл тастар;
"алу субъектілері" - өздері резиденттері болып табылатын мүше мемлекеттің аумағында бағалы металдарды алуды жүзеге асыратын ұйымдар;
"зергерлік және басқа да бұйымдар" - эмиссиядан өткен (оның ішінде, айналыстан алынған) монеталарды және мемлекеттік наградаларды қоспағанда, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған және зергерлік және басқа да бұйымдарды сынамалауға, талдауға және таңбалауға қойылатын талаптарда белгіленген ең төменгі сынамадан төмен емес сынамалары бар, оның ішінде әртүрлі декоративтік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, асыл тастардан, табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған көздері бар не онсыз жасалған бұйым не бағалы металдардан және (немесе) асыл тастардан жасалған көздері бар, әртүрлі декоративтік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, табиғи немесе жасанды жолмен алынған материалдардан жасалған бұйымдар.
Осы Келісімде пайдаланылатын өзге де ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта, Одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарттарда айқындалған мәндерде қолданылады.
2-бап
1. Осы Келісім Одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктерін айқындайды және заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалардың (бұдан әрі - дара кәсіпкерлер) бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру жөніндегі қызметіне байланысты құқықтық қатынастарға қолданылады.
2. Осы Келісімнің мақсаттары үшін бағалы металдармен және асыл тастармен операциялар деп:
а) бағалы металдар мен асыл тастарға (бағалы металдар мен асыл тастардың айналысы) меншік құқығының және өзге де мүліктік құқықтардың өтуіне байланысты әрекеттер, оның ішінде бағалы металдар мен асыл тастарды кепіл ретінде пайдалану;
б) бағалы металдарды алу, өндіру, асыл тастарды алу, бағалы металдар мен асыл тастарды кейіннен өңдеу (қайта өңдеу) және пайдалану кезінде кез келген заттар мен материалдардағы бағалы металдар мен асыл тастардың физикалық жай-күйінің немесе құрамының өзгеруі;
в) Одақтың тауарлары болып табылатын бағалы металдар мен асыл тастарды Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен, сондай-ақ Одақтың кедендік аумағы арқылы өткізу (оның ішінде, бағалы металдар мен асыл тастарды сақтау орындарына, қорларға және запастарға тасымалдау), оларды сақтау және экспонаттау;
г) Одақтың құқығын құрайтын актілерде айқындалған тәртіппен бағалы металдар мен асыл тастарды Одақтың кедендік аумағына әкелу және оларды
Одақтың кедендік аумағынан әкету түсініледі.
3. Осы Келісім мынадай:
а) заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің кәсіпкерлік қызметке байланысты емес жеке, отбасылық, үйде немесе өзге де пайдалану үшін зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу операцияларына қатысты қолданылмайды. Мұндай операцияларды жүзеге асыру тәртібі аумағында осы операциялар жасалатын мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді;
б) кәсіпкерлік қызметке байланысты емес мақсаттарда жеке тұлғалар арасында жасалатын зергерлік және басқа да бұйымдармен, сондай-ақ қыры шығарылған асыл тастармен операцияларға қатысты қолданылмайды. Мұндай операцияларды жүзеге асыру тәртібі аумағында осы операциялар жасалатын мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді;
в) зергерлік және басқа да бұйымдарды жасауға жарамсыз асыл тастармен операцияларға қатысты қолданылмайды. Асыл тастарды зергерлік және басқа да бұйымдар жасауға жарамсыз деп жатқызу осы Келісімге № 1 қосымшаға сәйкес тәртіппен жүзеге асырылады;
г) құрамында бағалы металдар мен асыл тастары бар аспаптармен, құралдармен және жабдықтармен операцияларға қатысты қолданылмайды. Мұндай операцияларды жүзеге асыру тәртібі аумағында осы операциялар жасалатын мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді;
д) бағалы металдар мен асыл тастарды Одақтың кедендік аумағынан Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына әкетуге және оларды осындай мемлекеттердің аумағынан Одақтың кедендік аумағына әкелуге байланысты операцияларға;
е) мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері бағалы металдармен, асыл тастармен және минералды шикізатпен жасайтын операцияларға қатысты қолданылмайды. Мұндай операцияларды жүзеге асыру тәртібі аумағында осы операциялар жасалатын мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.
3-бап
Мүше мемлекеттерде бағалы металдарды алу және асыл тастарды алу аумағында тиісті алу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4-бап
1. Одақ шеңберінде бағалы металдар мен олардан жасалған өнімдерді (бұйымдарды) өндіру, асыл тастарды өңдеу, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастарды пайдалану және олардың айналысы тиісті мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес, мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады:
а) бағалы металдарды өндіруді, асыл тастарды өңдеуді, бағалы металдар мен асыл тастардың айналысын, бағалы металдарды өндірістік мақсаттарда пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда арнайы есепте (есепте) тұруға тиіс (бағалы металдармен және асыл тастармен, оның ішінде құрамында бағалы металдар бар минералды шикізатпен операциялар жасайтын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер тізіліміне енгізілуге тиіс, оны жүргізуді мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген орган (ұйым) жүзеге асырады) және (немесе) бағалы металдармен және (немесе) асыл тастармен қызметті жүзеге асыру құқығына арнайы рұқсаты (лицензиясы) болуға тиіс;
б) бағалы металдарды алуды, минералды шикізатты өткізуді жүзеге асыратын немесе минералды шикізаттан, минералды шикізатты қайта өңдеу онімдері мен қалдықтарынан (аффинаждауға жатпайтын саф және бірегей саф бағалы металдарды қоспағанда) жасалған бағалы металдарды өндіретін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер қажетті қайта өңдеуден кейін мынадай әрекеттердің бірін жүзеге асыруға:
егер олардың мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қызметтің осы түрін жүзеге асыруға құқығы бар болса, бағалы металдарды аффинаждауды өз бетінше жүргізуге;
мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қызметтің осы түрін жүзеге асыруға құқығы бар ұйымдарға минералды шикізатты, минералды шикізатты қайта өңдеу өнімдері мен қалдықтарын шарт (келісімшарт) негізінде аффинаждауға жіберуге;
осы Келісімге № 2 қосымшаға сәйкес Құрамында бағалы металдар бар минералды шикізатпен аффинаждауға дейін операциялар жасау тәртібіне сәйкес мүше мемлекеттердің аумақтарында құрамында бағалы металдар бар минералды шикізатпен аффинаждауға дейін операциялар жасауға;
минералды шикізатты, минералды шикізатты қайта өңдеу өнімдері мен қалдықтарын Одақтың құқығын құрайтын актілерде айқындалған тәртіппен Одақтың кедендік аумағынан әкетуге міндетті.
Саф бағалы металдарды аффинаждауға жатпайтын саф түрлерінің санатына жатқызу тәртібін Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) айқындайды;
в) аффинаждауға дейін минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген асыл тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелер есепке алуға жатады. Мұндай мәмілелерді есепке алу тәртібі мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.
2. Бағалы металдарды аффинаждау, егер шарттың (келісімшарттың) талабында меншік қүқығының мүндай өтуі айтылмаса және егер бұл минералды шикізатты немесе оны қайта өңдеу өнімдері мен қалдықтарын аффинаждау үшін тапсырған заңды тұлға немесе дара кәсіпкер аумағында тіркелген мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, бағалы металдарға меншік құқығының өтуіне әкеп соқпайды.
3. Мүше мемлекеттің заңнамасында:
а) мемлекеттің және (немесе) ұйымның бағалы металдарды аффинаждау, бағалы металдардың және (немесе) асыл тастардың алтын-валюта активтерін (қорларын, резервтерін) және (немесе) өзге де мемлекеттік қорларын толықтыру мақсатында бағалы металдар мен асыл тастарды сатып алуға басым құқығы;
б) бағалы металдар өндірісіне, оның ішінде заңнамасына сәйкес қызметтің осы түрін жүзеге асыруға құқығы бар осы мүше мемлекеттің ұйымдарында осы мүше мемлекеттің аумағында өндірілғен минералды шикізаттан алынған бағалы металдарға аффинаждау жүргізуге қатысты талаптар мен шарттар;
в) мемлекеттік тапсырыс бойынша бағалы металдарды, оның ішінде мемлекет мұқтажы үшін бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын және асыл тастарды беру көзделуі мүмкін.
4. Ұйымдарында басқа мүше мемлекеттің аумағын алынған минералды шикізатты қайта өңдеу немесе аффинаждау жүргізілген мүше мемлекеттің заңнамасында кемсітушілік нормалар және осы басқа мүше мемлекеттің аумағына қайта өңделген немесе аффинирленген бағалы металдарды қайтаруды шектейтін нормалар белгіленбейді.
5-бап
1. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер:
а) бағалы металдың атауы, массасы және құрамы (сынама) бойынша - бағалы металдарды;
б) асыл тастардың сыныптамалық және құндық сипаттамаларын айқындау мақсатында Одақ шеңберінде қолданылатын нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес атауы, массасы, сыныптамалық сипаттамалары бойынша - асыл тастарды міндетті есепке алуды жүзеге асырады.
2. Бағалы металдар мен асыл тастарды есепке алу және есептілігін жүргізу, оларды сақтау және тасу (тасымалдау) тәртібі аумағында бағалы металдар мен асыл тастарды алу, өндіру, пайдалану және олардың айналысы жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.
6-бап
1. Бағалы металдармен, өңделмеген асыл тастармен, бірегей саф түрлерімен және аффинаждауға жатпайтын саф түрлерімен мәмілелерді жүзеге асыру кезінде шарттық (келісімшарттық) бағаны қалыптастыру мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Бірегейлер санатына жатпайтын бағалы металдардың саф түрлерін және осындай саф түрлерінің минералогиялық коллекциялық үлгілерін, оларды алу субъектілері, осы Келісімнің 9-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, аумағында олар өткізілетін мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізуі мүмкін.
7-бап
Өңделмеген табиғи алмастарды бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына өткізу өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттаудың халықаралық схемасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттаудың халықаралық схемасының сертификаттарын (Кимберлий процесінің сертификатын) ресімдеу және беру тәртібі, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттаудың халықаралық схемасы талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.
8-бап
1. Одақ шеңберінде сыныптамалық сипаттамасы айқындалмаған асыл тастармен мәмілелер жасауға жол берілмейді.
2. Асыл тастардың сыныптамалық және құндық сипаттамаларын айқындау асыл тастарды сұрыптау, бастапқы сыныптау және бастапқы бағалау (мүше мемлекеттің аумағында алынған жағдайда), сәйкестендіру (Одақтың кедендік аумағына Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелінген жағдайда) процесінде, сондай-ақ оларды өңдеу аяқталған кезде Одақ шеңберінде қолданылатын нормативтік-техникалық құжаттама негізінде жүзеге асырылады.
3. Мүше мемлекеттің аумағында алынған өңделмеген асыл тастарды сұрыптауды, бастапқы сыныптауды және бастапқы бағалауды оларды алу субъектілері немесе осындай операцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдар (ұйымдар) өңделмеген асыл тастар аумағында алынған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
9-бап
1. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің жеке тұлғаларға қыры шығарылған асыл тастарды сатуы (өткізуі) бөлшек саудада сатып алу-сату шарты бойынша әрбір тасқа немесе саны 2 және одан да көп қыры шығарылған асыл тастардың партиясына бірыңғай орамаға салынған сертификат (аттестат) болған кезде жүзеге асырылады.
2. Сертификатты (аттестатты) мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген орган (ұйым) береді.
3. Қыры шығарылған асыл тастарды сертификаттау (аттестаттау) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің жеке тұлғаларға аффинаждауға жатпайтын саф түрлерді, сондай-ақ шикі (табиғи) түрдегі өңделмеген асыл тастарды сатуына (өткізуіне) жол берілмейді.
5. Афинаждауға жатпайтын саф түрлер зергерлік және басқа бұйымдарда көз (жапсырма, алқа) ретінде пайдаланылуы мүмкін.
10-бап
1. Бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары, асыл тастардың қалдықтары пайда болатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, көрсетілген сынықтар мен қалдықтарды жинауды және оларды міндетті есепке алуды жүзеге асырады. Бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын және асыл тастардың қалдықтарын есепке алу жэне есептілігін жүргізу, сақтау және тасу (тасымалдау) тәртібі аумағында олар пайда болған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.
2. Меншікті өндірісте жиналған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын, асыл тастардың қалдықтарын:
а) оларды өз бетінше жинайтын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер меншікті өндірісте қайталама пайдалану үшін өңдейді (қайта өңдейді);
б) егер заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қызметтің осы түрін жүзеге асыруға құқығы болған жағдайда, аффинаждауға (бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарына ғана қатысты) ұшырайды. не шарттың (келісімшарттың) негізінде мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қызметтің осы түрін жүзеге асыру құқығы бар ұйымдарға аффинаждауға жіберіледі;
в) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің бағалы металдардың және (немесе) асыл тастардың мемлекеттік қорларына өткізіледі немесе басқа заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге өткізіледі;
г) Одақтың құқығын құрайтын актілерде айқындалған тәртіппен Одақтың кедендік аумағынан әкетіледі.
3. Мүше мемлекеттің заңнамасында:
а) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қызметтің осы түрін жүзеге асыруға құқығы бар осы мүше мемлекеттің ұйымдарында заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер меншікті өндірісінде жинаған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждау жөніндегі міндеттеме;
б) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қызметтің осы түрін жүзеге асыру құқығы бар осы мүше мемлекеттің ұйымдарында заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер сатып алған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждауға қатысты талаптар мен шарттар белгіленуі мүмкін.
4. Мүше мемлекеттердің бағалы металдардың және (немесе) асыл тастардың мемлекеттік қорларындағы бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының, асыл тастардың қалдықтарының айналысы мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын сатып алатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мынадай әрекеттердің бірін жүзеге асыруға:
а) егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қызметтің осы түрін жүзеге асыруға олардың құқығы бар болса, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждауды өз бетінше жүргізуге;
б) бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын шарт (келісімшарт) негізінде мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қызметтің осы түрін жүзеге асыруға құқығы бар ұйымдарға аффинаждауға жіберуге;
в) егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, кейіннен аффинаждау үшін өңдеу (қайта өңдеу) мақсатында басқа заңды тұлғаларға немесе дара кәсіпкерлерге бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын беруге немесе өткізуге;
г) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің бағалы металдардың және (немесе) асыл тастардың мемлекеттік қорларына бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын өткізуге;
д) Одақтың құқығын құрайтын актілерде айқындалған тәртіппен Одақтың кедендік аумағынан бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге міндетті.
6. Сынықтар мен қалдықтардан алынған бағалы металдарды, сондай-ақ рекуперацияланған асыл тастарды олардың түрі мен жай-күйіне қарай пайдалану және олардың айналысы осы Келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
7. Ұйымдарында басқа мүше мемлекеттің аумағынан өткізілген сынықтар мен қалдықтардан бағалы металдарды алу жүргізілген мүше мемлекеттің заңнамасында осы сынықтар мен қалдықтар аумағынан өткізілген мүше мемлекетке осы бағалы металдарды қайтаруды шектейтін нормалар белгіленбейді.
11-бап
1. Одақтың кедендік аумағына әкелінген және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығарылған зергерлік және басқа да бұйымдар зергерлік және басқа бұйымдарды сынамалауға, талдауға және таңбалауға қойылатын талаптарда белгіленген сынамаларға сәйкес келуге тиіс.
Зергерлік және басқа да бұйымдарды сынамалауға, талдауға және таңбалауға қойылатын талаптарды Комиссия Кеңесі бекітеді.
Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген зергерлік және басқа да бұйымдар, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілген талаптарға сәйкес, аумағына олар әкелінген мүше мемлекеттің сынама таңбасымен таңбалауға жатады.
2. Одақтың кедендік аумағына әкелінген және осы мүше мемлекеттің аумағында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығарылған, мүше мемлекеттің және Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің сынамалау таңбаларын өзара тану көзделетін халықаралық шарттар қолданылатын зергерлік және басқа да бұйымдар оларды сату (өткізу) үшін басқа мүше мемлекеттің аумағына өткізу кезінде осындай бұйымдар аумағынан өткізілген мүше мемлекеттің сынамалау таңбасымен таңбалауға жатады.
3. Мүше мемлекеттің аумағында дайындалған зергерлік және басқа да бұйымдар осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының екінші абзацында көрсетілген талаптарда белгіленген сынамаларға сәйкес келуге, осы зергерлік және басқа да бұйымдар аумағында дайындалған мүше мемлекеттің атаулы таңбасы мен сынамалау таңбасының бедері болуға тиіс.
4. Міндетті түрде сынамалауға, талдауға және таңбалауға:
а) түрлі нысандарда үсынылған мемлекеттік наградалар, монеталар, зергерлік және басқа да түрмыстық бүйымдардың қалған бөліктері;
б) бағалы емес металдардан жасалған қаламдардың бағалы металдардан жасалған қаламұштары;
в) бағалы металдардан жасалған жазбаға арналған пластинкалар не бағалы металдардан жасалған кітаптар, альбомдар, папкалар және ұқсас бұйымдардың мұқабалары;
г) тарихи немесе археологиялық маңызы бар зергерлік және басқа да бұйымдар, отандық және шетелде өндірілген аффинирленген бағалы металдардың құймалары, бағалы металдардың саф түрлері, жапырақша алтын, жапырақша күміс, бұйымдарда платинамен, алтынмен, палладиймен және (немесе) күміспен безендіру тәсілімен орындалған ұсақ кертпелер мен ұсақ әшекейлер, бағалы металдардан жасалатын және ғылыми, өндірістік және медициналық мақсаттарға арналған аспаптар, зертханалық ыдыстар мен өзге де бұйымдар жатпайды.
5. Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетке экспорттауға арналған, мүше мемлекеттің аумағында өндірілген зергерлік және басқа да бұйымдар, егер бұл аумағында осындай бұйымдар дайындалған мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, сынамалауға, талдауға және таңбалануға жатпайды.
6. Бір мүше мемлекеттің аумағында сынамалау таңбасымен таңбаланған зергерлік және басқа да бұйымдар басқа мүше мемлекеттің аумағына өткізілген жағдайда, қосымша сынамалауға, талдауға және таңбалауға жатпайды.
7. Зергерлік және басқа да бұйымдарды дайындау (өндіру) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің өздері дайындайтын зергерлік және басқа да бұйымдардың барлығына бедері салынатын атаулы таңбасы болуға тиіс.
8. Тиісті бағалы металға белгіленген ең төменгі сынамадан төменгі сынамасы бар зергерлік және басқа да бұйымдар, сондай-ақ бағалы емес металдарды қолдана отырып дайындалған бұйымдар таңбалауға және зергерлік және басқа да бұйымдар ретінде өткізуге жатпайды. Мұндай бұйымдардың сыртқы түрі бойынша осындай бұйымдар дайындалған бағалы металдар қорытпасына сәйкес келмейтін сынамалау таңбаларының бедерлеріне не бағалы металдар сынамаларының белгілеріне ұқсайтын таңба бедерлері болмауы тиіс. Осы баптың 1-тармағының екінші абзацында көрсетілген, зергерлік және басқа да бұйымдарды сынамалауға, талдауға және таңбалауға қойылатын талаптарда зергерлік және басқа да бұйымдарды дайындау кезінде бағалы емес металдарды қолдану жағдайлары көзделуі мүмкін.
9. Бір мүше мемлекеттің аумағында сынамалау таңбасымен таңбаланған зергерлік және басқа да бұйымдар басқа мүше мемлекеттің аумағына өткізілген жағдайда, аумағында көрсетілген бұйымдар өткізілген мүше мемлекеттің уәкілетті органына (ұйымына), егер бұл аумағына зергерлік және басқа да бұйымдар өткізілген мүше мемлекеттің заңнамасымен көзделген болса, сынамалау, талдау және таңбалау жүргізу үшін ерікті түрде ұсынылуы мүмкін.
10. Зергерлік және басқа да бұйымдарды сынамалауды, талдауды және таңбалауды, сондай-ақ атаулы таңбаларды есепке алуды (тізілімін) жүргізуді мүше мемлекеттің осыған уәкілеттік берілген органы (ұйымы) жүзеге асырады. Мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайларда, зергерлік және басқа да бұйымдарға сынамалауды, талдауды және таңбалауды жүзеге асыруға, сондай-ақ атаулы таңбаларды есепке алуды (тізілімін) жүргізуге уәкілетті ретінде бағалы металдар мен асыл тастарды өндіру, пайдалану және олардың айналысы саласындағы нормативтік-құқықтық реттеуге уәкілеттік берілген мүше мемлекеттің органы (бұдан әрі - нормативтік-құқықтық реттеуге уәкілеттік берілген орган) бола алады.
Атаулы таңбалардың шифрларын жыл сайын мүше мемлекетте сынамалауға, талдауға және таңбалауға уәкілеттік берілген орган (ұйым) немесе нормативтік-құқықтық реттеуге уәкілеттік берілген орган белгілейді және олар туралы ақпарат осы мүше мемлекеттің зергерлік және басқа да бұйымдарды дайындаушыларының назарына, сондай-ақ басқа мүше мемлекеттердің нормативтік-құқықтық реттеуге уәкілеттік берілген органдарының және сынамалауға, талдауға және таңбалауға уәкілеттік берілген органдарының (ұйымдарының) назарына тоқсан сайын жеткізіледі.
11. Осы Келісімге сәйкес сынамалау таңбасымен таңбалауға жататын зергерлік және басқа да бұйымдарды осындай таңбалардың бедерлерінсіз сатуға (өткізуге) тыйым салынады.
12. Мүше мемлекеттің аумағында дайындалған және осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес таңбалау ерікті негізде жүзеге асырылатын күмістен жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар мұндай бұйымдарда атаулы таңба бедері болған кезде осы мүше мемлекеттің аумағында сатылуы (өткізілуі) мүмкін. Мұндай бұйымдарды сату (өткізу) үшін басқа мүше мемлекеттің аумағына өткізген кезде олар аумағынан осындай бұйымдар өткізілген мүше мемлекеттің сынамалау таңбасымен таңбалануға жатады.
13. Басқа мүше мемлекеттің аумағынан зергерлік және басқа да бұйымдар аумағына өткізілген мүше мемлекеттің заңды тұлғалары мен дара кәсіпкерлері өз мүше мемлекетінің нормативтік-құқықтық реттеуге уәкілеттік берілген органына осындай бұйымдардың өткізілгендігі туралы ақпаратты ұсынады.
14. Зергерлік және басқа да бұйымдар аумағына өткізілген мүше мемлекеттің нормативтік-құқықтық реттеуге уәкілеттік берілген органы зергерлік және басқа да бұйымдардың түскені туралы аумағынан осындай бұйымдар өткізілген мүше мемлекеттің нормативтік-құқықтық реттеуге уәкілеттік берілген органына хабар беруді қамтамасыз етеді. Ақпарат құрамы және онымен алмасу тәртібі осы уәкілетті органдармен (ұйымдармен) келісіледі.
15. Мүше мемлекеттердің бірі зергерлік және басқа да бұйымдардың шығу тегінің төлнұсқалылығын бақылау және айналымның барлық кезеңінде олардың қозғалысын есепке алу саласындағы ақпараттық жүйені енгізген жағдайда, зергерлік және басқа да бұйымдарды сәйкестендіру тәртібін, олар туралы ақпарат құрамын, оны осындай ақпараттық жүйеге беру тәртібі мен мерзімдерін Комиссия айқындайды.
12-бап
1. Нормативтік-құқықтық реттеуге уәкілеттік берілген органдар мыналарды:
а) бағалы металдармен және асыл тастармен қызметті, оның ішінде бағалы металдар мен асыл тастарды өндіру, пайдалану және олардың айналысы саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін;
б) сынамалау таңбаларының белгілерін белгілейтін заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілер туралы ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
2. Нормативтік-құқықтық реттеуге уәкілеттік берілген органдар сынамалау таңбалары бедерлерінің үлгілерімен, олардың сипаттамасымен, атаулы таңба тізілімдерімен, сондай-ақ осы Келісімді іске асыру шеңберінде өзге де мәліметтермен алмасуды қамтамасыз етеді.
3. Нормативтік-құқықтық реттеуге уәкілеттік берілген орган өз мүше мемлекетінің аумағына өткізілген зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіруге қойылатын талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда, осы зергерлік және басқа да бұйымдар аумағынан өткізілген мүше мемлекеттің нормативтік-құқықтық реттеуге уәкілеттік берілген органына анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты жіберуді қамтамасыз етеді. Нормативтік-құқықтық реттеуге уәкілеттік берілген органдар арасында ақпарат алмасу жүзеге асырылатын бұзушылықтардың тізбесін Комиссия айқындайды.
Зергерлік және басқа да бұйымдар аумағынан өткізілген мүше мемлекеттің нормативтік-құқықтық реттеуге уәкілеттік берілген органы анықталған бүзушылықтар туралы келіп түскен ақпаратта көрсетілген тұлғаларға қатысты бақылау іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді және өз мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Бақылау-қадағалау іс-шаралары шеңберінде аумағында бұзушылықтар анықталған мүше мемлекеттің нормативтік-құқықтық реттеуге уәкілеттік берілген органы бұзушылықтар анықталған күннен бастап 1 жыл ішінде солардың тарапынан бұзушылықтар жіберілген өндірушілердің және (немесе) өнім берушілердің зергерлік бұйымдарына сынамалау және талдау жүргізуді қамтамасыз етеді.
Зергерлік және басқа да бұйымдар аумағынан өткізілген мүше мемлекеттің нормативтік-құқықтық реттеуге уәкілеттік берілген органы бірінші мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қабылданған ықпал ету шаралары туралы ақпаратты аумағында бұзушылықтар анықталған мүше мемлекеттің нормативтік-құқықтық реттеуге уәкілеттік берілген органына жіберуді қамтамасыз етеді.
Аумағында бұзушылықтар анықталған мүше мемлекеттің нормативтік-құқықтық реттеуге уәкілеттік берілген органы асыл тастарды алып өту және (немесе) өткізу кезінде осындай бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады және аумағынан асыл тастар өткізілген мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес анықталған бұзушылықтардың жолын кесу бойынша шаралар қабылдау үшін аумағынан асыл тастар өткізілген мүше мемлекеттің нормативтік-құқықтық реттеуге уәкілеттік берілген органына анықталған бұзушылықтар және жүргізілген іс-шаралар туралы хабар береді.
Нормативтік-құқықтық реттеуге уәкілеттік берілген органдар бұзушылықтардың себептерін және оларды жасауға ықпал еткен жағдайларды анықтау және жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.
Нормативтік-құқықтық реттеуге уәкілеттік берілген органдар халықаралық шарттарды және мүше мемлекеттердің заңнамасын басшылыққа ала отырып, Ақшаны жылыстату мен күрес жөніндегі қаржылық шараларды әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын ескере отырып, ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпарат алмасуға ұмтылады.
Мүше мемлекеттер осы Келісімге сәйкес алынған ақпаратты тек осы Келісімді іске асыру мақсатында ғана пайдаланады.
13-бап
1. Бағалы металдар мен асыл тастардың және олардан жасалған бұйымдардың заңсыз айналымы үшін жауаптылық шаралары мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Мүше мемлекеттер Одақ шеңберінде бағалы металдардың, асыл тастардың және олардан жасалған бұйымдардың заңсыз айналымы үшін әкімшілік және (немесе) өзге де жауаптылықты үйлестіру бойынша шаралар қабылдайтын болады. Одақ шеңберінде бағалы металдардың, асыл тастардың және олардан жасалған бұйымдардың заңсыз айналымы үшін әкімшілік және (немесе) өзге де жауаптылықты үйлестіру жөніндегі шаралар тізбесін және оларды іске асыру мерзімдерін Комиссия Кеңесі осы баптың 3-тармағында көзделген шолу сапарларын өткізу нәтижелерін ескере отырып айқындайды.
Бағалы металдар мн асыл тастардан жасалған зергерлік және өзге де бұйымдарды өндіру және олардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау (қадағалау) осы Келісімге № 3 қосымшаға сай Негізгі талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Мүше мемлекеттердің осы Келісімнің ережелерін орындауымен танысу мақсатында алғашқы шолу сапарлары жүзеге асырылады.
Түзету әрекеттерін жүзеге асыру, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру және олардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) бұрыннан бар тетіктерін жетілдіруге бағытталған үздік практикалармен алмасу мақсатында мерзімдік шолу сапарлары ұйымдастырылады.
Алғашқы шолу сапарлары мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) ұсыныстары негізінде қалыптастырылатын және Комиссия Алқасы бекітетін шолу сапарларын өткізу графигіне сәйкес өтеді. Алғашқы шолу сапарлары осы Келісім күшіне енген күннен бастап 6 ай ішінде өтеді. Мерзімдік шолу сапарлары 5 жылда 1 реттен сиретпей жүзеге асырылады.
Шолу сапарларын шолу тобы жүзеге асырады, оның құрамына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) өнімдері, көрсетілген органдар (ұйымдар) басшыларының орынбасарларын қоса алғанда, және Комиссияның өкілдері кіреді.
Алғашқы (қайта) шолу сапарының нәтижелері бойынша тиісті қорытынды жасалады.
Мерзімді шолу сапарының нәтижелері бойынша ұсыным жасалады.
Мүше мемлекеттердің бірі алғашқы шолу сапарының нәтижелері бойынша теріс қорытынды алған жағдайда, қайта сапар шолу сапарларын өткізу графигінде көзделген алғашқы шолу сапарының соңғысы аяқталған күннен бастап 1 айдан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Шолу тобының құрамын, қорытындының нысанын және қорытындыда көрсетілуге жататын мәліметтер тізбесін Комиссия Кеңесі бекітеді.
14-бап
Осы Келісімнің 11-бабының 1-3, 6-9, 11, 13 және 14-тармақтарын осы Келісімнің 13-бабының 3-тармағында көзделген алғашқы шолу сапарларының нәтижелері бойынша алынған барлық мүше мемлекеттерге қатысты оң қорытындылар негізінде қабылданатын Комиссия Кеңесінің шешімі күшіне енген күннен бастап мүше мемлекеттер қолданады.
15-бап
Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айқындалған тәртіппен шешіледі.
16-бап
Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жекелеген хаттамалармен ресімделеді.
17-бап
Осы Келісім Одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарт болып табылады және Одақтың құқығына кіреді.
18-бап
Осы Келісім депозитарий дипломатиялық арналар арқылы мүше мемлекеттердің осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
2019 жылғы 22 қарашада Мәскеу_қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Келісімнің төлнүсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасы үшін |
Беларусь Республикасы үшін |
Қазақстан Республикасы үшін |
Қырғыз Республикасы үшін |
Ресей Федерациясы үшін |
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімге № 1 ҚОСЫМША |
Асыл тастарды зергерлік және басқа да бұйымдар жасауға жарамсыз депа жатқызу ТӘРТІБІ
1. Осы Тәртіп асыл тастарды зергерлік және басқа да бұйымдар жасауға жарамсыз деп жатқызу өлшемшарттары мен қағидаларын белгілейді.
2. Осы Тәртіпте пайдаланылатын ұғымдар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімнің 2-бабында айқындалған мәндерінде қолданылады.
3. Асыл тартарды зергерлік және басқа да бұйымдарды жасауға жарамсыз деп жатқызу өлшемшарттары олардың өлшемдік, түстік жіне сапалық сипаттамалары болып табылады.
4. Зергерлік және басқа да бұйымдарды жасауға жарамсыз асыл тастарға:
а) жер қойнауынан алынған табиғи алмастар, олардың өлшемдік-салмақтық тобына қарамастан, "борт" және "дриллинг" позициялары;
б) асыл тастардың қалдықтары:
"- 3 + 2" және одан төмен елек сыныпты, көпкристалды алмас құралынан рекуперацияланған табиғи алмастар;
- табиғи алмастарды өндеудің кез келген түрінде түзілетін, "- 3 + 2" және одан төмен елек сыныпты қалдықтар;
асыл тастардың үгіндісі, сондай-ақ асыл тастарды (табиғи алмастардан басқа) өңдеудің кез келген түрі кезінде түзілетін, сызықтық мөлшері 2 мм-ден кем қалдықтар жатады.
5. Жер қойнауынан алынған табиғи алмастарды, "борт" және "дриллинг" позицияларын асыл тастарды сұрыптаудың, бастапқы сыныптаудың және бастапқы бағалаудың белгіленген тәртібіне сәйкес зергерлік және басқа да бұйымдар жасауға жарамсыз деп жатқызуды асыл тастарды сұрыптауды, бастапқы сыныптауды және бастапқы бағалауды жүзеге асыратын ұйымдар жүргізеді.
6. Асыл тастардың қалдықтарын зергерлік және басқа да бұйымдарды жасауға жарамсыз деп жатқызуды асыл тастарды сатып алатын және пайдаланатын, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар жүргізеді.
Асыл тастар қалдықтары сипаттамаларының осы Тәртіпте айқындалған өлшемшарттарға сәйкестігін белгілеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тексеруден және калибрлеуден өткен олшеу құралдары мен жабдықтар пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
Көпкристалды алмас құралынан рекуперацияланған табиғи алмастардың, сондай-ақ табиғи алмастарды өңдеудің кез келген түрі кезінде түзілетін қалдықтардың електі сыныбы електерден өткізу жолымен айқындалады.
Асыл тастар үгінділерінің, сондай-ақ асыл тастарды (табиғи алмастан басқа) өңдеудің кез келген түрі кезінде түзілетін қалдықтардың сызықтық өлшемдері 0,1 мм-ден аспайтын ауытқуы бар өлшеу құралдарының көмегімен белгіленеді.
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімге № 2 ҚОСЫМША |
Құрамында бағалы металдар бар минералды шикізатпен аффинаждауға дейін операциялар жасау ТӘРТІБІ
1. Осы Тәртіп құрамында бағалы металдар бар минералды шикізаттың (бұдан әрі - минералды шикізат) меншік иелері мен нарықтың басқа да қатысушылары арасындағы қатынастарды мынадай:
а) алу, байыту және аффинаждауға дейін металлургиялық қайта өңдеу кезінде минералды шикізаттағы бағалы металдардың физикалық жай-күйі немесе құрамы өзгерген;
б) минералды шикізатқа және минералды шикізатты қайта өңдеу өнімдеріне меншік құқығы және өзге де мүліктік құқықтар өткен;
в) минералды шикізатты және минералды шикізатты қайта өңдеу өнімдерін өткізген және сақтаған жағдайда регламенттейді.
2. Осы Тәртіпте пайдаланылатын ұғымдар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімнің 1-бабында айқындалған мәндерінде қолданылады.
3. Осы Тәртіп бірегейлер санатына жатқызылған және аффинаждауға жатпайтын бағалы металдардың саф түрлерімен операцияларға қолданылмайды.
4. Минералды шикізаттағы бағалы металдардың физикалық жай-күйінің немесе құрамының өзгеруі байыту және алтын алу фабрикаларында және металлургиялық өндірісте жер қойнауынан өндірілген кендерді қайта өңдеу процесінде, шаю қондырғылары мен аспаптарында құмдарды шаю кезінде, шлих байыту фабрикалары мен қондырғыларында, үймелі және жерасты сілтісіздендіру қондырғыларында, минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі басқа да объектілерде концентраттарды жетілдіру кезінде жүзеге асырылады.
5. Минералды шикізаттың әрбір партиясына оның меншік иесі паспорт ресімдейді, онда:
а) минералды шикізаттың атауы;
б) партияның нөмірі;
в) партия массасы (табиғи және құрғақ түрде);
г) ылғалдылығы;
д) зиянды және басқа да бақыланатын қоспалардың болуы;
е) бағалы металдардың болуы;
ж) бағалы металдар көлемі;
з) минералды шикізаттың сапасын сипаттайтын басқа да параметрлер көрсетіледі.
6. Аффинирленген бағалы металдарды беруге бұрын жасалған шарттарға (келісімшарттарға) сәйкес міндеттемелермен ауыртпалық салынбаған минералды шикізатты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі - мүше мемлекет) заңнамасына сэйкес аффинаждауға дейін бағалы металдарды алу және (немесе) өндіру субъектілері заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғаларға өткізуі, оның ішінде бағалы металдар мен асыл тастар биржалары арқылы өткізуі мүмкін.
Минералды шикізат мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін.
7. Минералды шикізатқа меншік қүқығының өтуіне, сондай-ақ оны кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелер тиісті шарттармен (келісімшарттармен) ресімделеді жэне Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен жэне асыл тастармен операңияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімнің 4-бабы 1-тармағының "в" тармақшасына сәйкес есепке алуға жатады.
8. Минералды шикізатқа меншік құқығының өтуіне байланысты шарттарда (келісімшарттарда) міндетті түрде:
а) минералды шикізаттың атауы;
б) жеткізу көлемі мен мерзімдері (графигі);
в) химиялық таза түрдегі бағалы металдардың көлемі;
г) химиялық таза түрдегі масса бірлігіне бағалы металдардың бағасы және шарт (келісімшарт) бойынша олардың жалпы құны;
д) жеткізу және ақысын төлеу тәртібі мен шарттары;
е) минералды шикізатты беру және қабылдау шарттары;
ж) тараптардың жауапкершілігі көрсетіледі.
9. Минералды шикізаттың бағасын оның меншік иесі мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері белгілейтін бағаларды ескере отырып немесе Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LВМА) - алтынға, күміске, Лондонның платина және палладий нарығына (LPPМ) қатысушылар платина мен палладий белгілейтін баға белгіленімдерін ескере отырып немесе мүше мемлекеттердің заңнамасымен уәкілеттік берілген органдар (ұйымдар) иридий, родий, рутений, осмийге белгілейтін бағаларды ескере отырып, дербес айқындайды.
10. Минералды шикізаттың меншік иесі мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы шикізаттың қүрамындағы бағалы металдардың сақталуын оны алудың, қайта өңдеудің жэне тасудың барлық сатысында қамтамасыз етеді.
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімге № 3 ҚОСЫМША |
Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру және олардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылауға (қадағалауға) қойылатын НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
1. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімнің ережелерін іске асыру мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі - мүше мемлекеттер):
а) зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру және олардың айналысы саласындағы базалық заңның болуы;
б) сынамалау, талдау және таңбалау, сондай-ақ тексерулер жүргізу мәселелерін регламенттейтін зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру, пайдалану және олардың айналысы саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық актілердің болуы;
в) мүше мемлекеттің аумағына өткізілген зергерлік және басқа да бұйымдарға қатысты міндетті талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік және (немесе) өзге де жауаптылық шараларын көздейтін нормативтік-құқықтық актілердің болуы;
г) зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру, пайдалану және олардың айналысы саласындағы мемелекеттік саясатты жүргізуге жауапты уәкілетті органның және (немесе) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес оны жүргізуге уәкілеттік берілген өзге де органдардың (ұйымдардың) (бұдан әрі - уәкілетті орган (ұйым)) болуы қамтамасыз етіледі.
2. Уәкілетті орган (ұйым) және оның қызметкерлері зергерлік және басқа да бұйымдарды дайындау және (немесе) сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ зергерлік және басқа да бұйымдарды дайындау және (немесе) сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құруға не осындай ұйымдардың қатысушылары болуға құқылы емес.
3. Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру және олардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау (қадағалау) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаларға және дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғаларға (бұдан әрі - дара кәсіпкерлер) тексерулер ұйымдастыру және жүргізу, бұзушылықтардың жолын кесу және (немесе) олардың салдарын жою бойынша мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген шараларды қабылдау, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің өндіріс саласындағы өз қызметін жүзеге асырған кезде міндетті талаптарды орындауына талдау жасау арқылы жүзеге асырылады.
4. Мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес уәкілетті орган (ұйым):
а) өз өкілеттіктері шеңберінде мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыруға байланысты қатынастарды нормативтік-құқықтық және әдістемелік қамтамасыз етуді;
б) егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, уәкілетті органдардың (ұйымдардың) қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді;
в) оның нәтижелері мен тиімділігін бағалау мақсатында мемлекеттік сынамалық қадағалау жүргізуді, сондай-ақ мүше мемлекеттің аумағында зергерлік және басқа да бұйымдардың айналысын мониторингтеуді;
г) анықталған бұзушылықтардың жолын кесу және (немесе) оларды жою бойынша мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген шараларды қабылдауды;
д) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіруді, пайдалануды және олардың айналысын жүзеге асырған кезде міндетті талаптарды орындауына талдау жасауды;
е) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де функңияларды жүзеге асырады.
5. Уәкілетті орган (ұйым):
а) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімнің 11-бабы 1-тармағының екінші абзацында көрсетілген зергерлік және басқа да бұйымдарды сынамалауға, талдауға және таңбалауға қойылатын талаптарға сәйкес зергерлік және басқа да бұйымдарға сынамалауды, талдауды және таңбалауды;
б) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес:
сынамалау таңбалары мен атаулы таңбалардың бедерлеріне сараптаманы;
зергерлік және басқа да бүйымдарға сараптаманы;
зергерлік және басқа да бүйымдарға бақылау талдамаларын жасауды және төрелік істер бойынша сараптаманы;
өзге де іс-шараларды жүргізеді.
6. Мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тексеру жүргізу үшін көзделген негіздерге қосымша ретінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімнің 12-бабына сәйкес, бір мүше мемлекеттің уәкілетті органына (ұйымына) басқа мүше мемлекеттің уәкілетті органынан (ұйымынан) осы басқа мүше мемлекеттің аумағына өткізілген зергерлік және басқа да бұйымдарға қатысты міндетті талаптарды бұзу фактілері туралы өтініш келіп түскен кезде тексерулер жүргізіледі.
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцняларды жүзеге асырудың ерекшеліктері туралы келісімге Қырғыз Республикасының ескертпесі
"Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүргізудің ерекшеліктері туралы келісімнің 7-бабының ережелері Қырғыз Республикасына Кимберлий процесінің халықаралық сертификаттау схемасына толыққанды қатысушы ретінде қосылғаннан кейін қолданылады".
Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі |
М.Д. Абылғазиев |
Осы мәтін 2019 жылғы 22 қарашада Мәскеу қаласында:
Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Премьер- Министрі Н.В. Пашинян;
Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Премьер- Министрі С.Н. Румас;
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі А. Ұ. Мамин;
Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Премьер- Министрі М.Д. Абылғазиев;
Ресей Федерациясы үшін - Рессия Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Д.А. Медведев қол қойған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және бағалы тастармен жасалатын операциялардың ерекшеліктері туралы келісімнің толық және шынайы көшірмесі екенін растаймын.
Төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Заң бөлімі департаментінің Директоры |
В.И. Тараскин |
Осы мәтін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүргізудің ерекшеліктері туралы келісімнің тең түпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын.
Қазақстан Республикасының | |
Индустрия және инфрақұрымдылық министрі | Б.Атамқұлов |