Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 87-VII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

      1) 14-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "индустриялық-инновациялық қызмет", "индустриялық-инновациялық жобалары" деген сөздер тиісінше "өнеркәсіптік-инновациялық қызмет", "өнеркәсіптік-инновациялық жобалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 48-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне;".

      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:

      1) 54-баптың 1-тармағының 11) тармақшасында:

      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру;";

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау;";

      2) 55-баптың 1-тармағының 11) тармақшасында:

      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру;";

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау;";

      3) 105-1-баптың 3-тармағындағы "индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау" деген сөздер "инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      1) 92-баптың 1-тармағында:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) инновациялық қызмет;";

      2) 97-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, бизнес-инкубаторлар және "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтері жатады.";

      3) 98-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласында:

      1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

      2) мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалардың тізбесін айқындайды;

      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құрады және ол туралы ережені және оның құрамын бекітеді;

      5) ұлттық экономиканың, оның ішінде оның өнеркәсіптік-инновациялық құрамдас бөлігінің тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын енгізуді, олардың күшін жоюды, сондай-ақ оларды қолдану тәртібін көздейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

      6) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын жүзеге асырады.";

      4) 100-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "100-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган және оның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті

      Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды жүзеге асырады.";

      5) 100-1-бапта:

      1-тармақтағы "Инновациялық" деген сөз "Инновациялық және технологиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      1) тармақшаға орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      мынадай мазмұндағы 1-1) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;";

      "3-1) инновациялық және технологиялық даму бөлігінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын келіседі;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне оның құрамын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының жұмыс істеуі, технологиялық тұғырнамаларды ұйымдастыру және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу әдістемесі мен өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;";

      8) тармақша алып тасталсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2) және 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9-1) бизнес-инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9-2) жобалар инновациялылығының өлшемшарттарын айқындау жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;

      9-3) цифрлық трансформация және Индустрия 4.0-ді енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады;";

      6) 101-баптың 2-тармағында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;";

      3) тармақшадағы "индустриялық-инновациялық" деген сөздер "өнеркәсіптік-инновациялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "индустриялық-инновациялық даму мақсаттарына сәйкестігі тұрғысынан" деген сөздер алып тасталсын;

      7) 102-баптың 2-тармағының 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшалары алып тасталсын;

      8) 103-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "103-бап. Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті

      Мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы өз құзыреті шегінде:

      1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

      2) мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

      3) Технологиялық саясат жөніндегі кеңесте қарау үшін жетекшілік ететін бағыттарда технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын, нысаналы технологиялық бағдарламаларды айқындау және технологиялық тұғырнамаларды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      4) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру, сондай-ақ инновацияларды дамыту жөніндегі индикаторларға қол жеткізу туралы ақпаратты береді;

      5) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      6) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын орындауды қамтамасыз етеді;

      7) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      9) 105-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      10) 233-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "қызметтер көрсету болып табылады." деген сөздер "қызметтер көрсету;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау болып табылады.";

      11) мынадай мазмұндағы 23-1-тараумен толықтырылсын:

      "23-1-тарау. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау

      241-1-бап. Инновациялық қызмет ұғымы және оның мазмұны

      1. Инновациялық қызмет деп инновацияларды жасауға бағытталған қызмет (зияткерлік, шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, өнеркәсіптік-инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және (немесе) коммерциялық қызметті қоса алғанда) түсініледі.

      Инновациялық қызмет инновациялық қызметтің нарықтық перспективаларының белгісіздігімен және салынған қаржылық және өзге де ресурстардың ықтимал ысыраптарымен сипатталатын жоғары кәсіпкерлік тәуекелдің болуы мүмкіндігін білдіреді.

      2. Инновациялық қызмет шеңберінде жүзеге асырылатын және жаңа немесе жетілдірілген өнімді немесе процесті жасауға және (немесе) енгізуге және оны тұтынушыға дейін жеткізуге бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені инновациялық жоба болып табылады.

      3. Бәсекеге қабілеттілікті және алдыңғы өнімдерге немесе процестерге қарағанда салыстырмалы артықшылықты қамтамасыз ететін, әлеуетті пайдаланушыларға қолжетімді болған өнім (тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет) немесе пайдалануға берілген процесс түріндегі инновациялық қызметтің жаңа немесе жетілдірілген нәтижесі инновация болып табылады.

      4. Инновациялық жобаларды іске асыратын жеке, заңды тұлғалар, жай серіктестіктер инновациялық қызмет субъектілері болып табылады.

      5. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, процестер мен технологиялар жаңа немесе жетілдірілген деп есептелуі мүмкін болатындай, оларда жүзеге асырылуы мүмкін жаңалықтардың барлық түрлері инновациялық қызметтің объектісі болып табылады.

      241-2-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мақсаты, міндеттері мен негіздері

      1. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мақсаты ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаңа немесе едәуір жақсартылған өнімді (тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметті), технологияны немесе процесті, маркетингтің жаңа әдісін немесе іскерлік практикадағы жаңа ұйымдастыру әдісін қолданысқа енгізу, жұмыс орындарын немесе сыртқы байланыстарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

      2. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау міндеттері мыналар болып табылады:

      1) таланттарды анықтау, тәрбиелеу, тарту және ұстап қалу әрі ғылыми, инженерлік және кәсіпкерлік кадрлардың кәсіби өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      2) жоғары технологиялық салаларды дамыту, экономиканың технологиялық күрделілігін арттыру, экономика мен қоғамның инновацияларды қабылдау қабілетін арттыру есебінен ұлттық экономиканың базалық салаларын технологиялық жаңғырту және оны әртараптандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      3) инновациялық қызметті қолдау, инновацияларды тиімді енгізу, жоғары технологиялық өндірістерді, корпоративтік инновацияларды дамыту және технологиялар трансферті;

      4) стартап-инфрақұрылымы мен венчурлік инвестициялау мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасау;

      5) инновацияларға деген сұранысты ынталандыру;

      6) инновациялық қызмет субъектілеріне технологияларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруда, ғылымды қажетсінетін бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасауда жәрдем көрсету;

      7) инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықта, оның ішінде инновациялық қызмет үшін жоғары білікті кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықта жәрдем көрсету;

      8) инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруда және инновациялық кластерлерді дамытуда жәрдем көрсету;

      9) мемлекеттік технологиялық саясатты іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау.

      3. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мыналарға негізделеді:

      1) осы Кодекске сәйкес инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;

      2) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын шараларының жариялылығы, атаулылығы және транспаренттілігі;

      3) мемлекет пен инновациялық қызмет субъектілері мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету;

      4) инновациялық қызмет субъектілері инновациялық жобаларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларды табысты іске асыру мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру;

      5) мемлекет пен инновациялық қызмет субъектілерінің тұрақты өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ететін кешенділік пен жүйелілік;

      6) ғылым, технологиялар және инновациялар саласында тиімді коммуникациялар жүйесін қалыптастыру есебінен инновациялық қызметтің өмірлік циклінің барлық сатыларында мемлекеттік қолдау көрсету.

      241-3-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері

      1. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілеріне инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалар жатады.

      2. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері:

      1) технологиялық болжамдауды жүргізуде, мемлекеттік технологиялық саясатты іске асыруда және инновациялық инфрақұрылымды дамытуда әдіснамалық және консультациялық қолдау көрсетеді;

      2) инновацияларды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;

      3) инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына қатысу, шетелдік қатысатын заңды тұлғаларды құру, инвестициялық және венчурлік қорларды құру немесе оларға қатысу арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен инновациялық жобаларға инвестицияларды жүзеге асырады;

      4) технологиялық тұғырнамаларды, технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, технологиялық парктерді, бизнес-инкубаторларды, акселераторларды, технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын, технологиялық даму орталықтары нысанындағы бірлескен кәсіпорындарды құруға, басқаруға және үйлестіруге қатысады;

      5) экономиканың басым секторларының технологиялық дамуын ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;

      6) іске асырылатын инновациялық жобалар, енгізілген технологиялар, технологиялық болжамдау бойынша жүргізілген талдамалық зерттеулердің нәтижелері туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

      7) бизнес-инкубациялау, стартаптарды акселерациялау, технологияларды коммерцияландыру және технологиялар трансферті, инновациялық қызмет субъектілерінің кадрлық, басқарушылық және өндірістік әлеуетін күшейту бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыруға қатысады;

      8) мемлекеттік органдарға инновациялық қызмет мәселелері бойынша сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсынымдар береді;

      9) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар беру бойынша қызметтер көрсетеді;

      10) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік технологиялық саясатты іске асыру бойынша қызметтер көрсетеді;

      11) тәуекелмен инвестициялаудың инвестициялық қорларын, венчурлік қорларды және венчурлік қаржыландыруды дамытуға жәрдем көрсетеді;

      12) маркетингтік және өзге іс-шараларды өткізу, әлеуетті инвесторларды іздестіру бойынша инновациялық қызмет субъектілеріне акселерациялау, бизнес-инкубациялау қызметтерін ұсынады;

      13) инновацияларды ақпараттық-насихаттық қолдауға, оның ішінде инноваторлар, рационализаторлар мен өнертапқыштар арасында конкурстар өткізуді ұйымдастыру арқылы қатысады.

      241-4-бап. Мемлекеттік технологиялық саясат

      1. Мемлекеттік технологиялық саясат ұлттық экономиканың, оның секторлары мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің технологиялық даму деңгейін арттыру мақсатында, технологиялық тұғырнамаларды, технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын құруды, нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыруды қоса алғанда, мемлекет және (немесе) инновациялық қызмет субъектілері жүзеге асыратын, технологиялық басымдықтарды айқындауға, инфрақұрылымды және оларды іске асыру жөніндегі құзыреттерді дамытуға бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесін білдіреді.

      2. Мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқаратын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Технологиялық саясат жөніндегі кеңес жұмыс істейді.

      Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) технологиялық даму басымдықтарын және мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау;

      2) мемлекеттік органдар үшін елдің инновациялық және технологиялық даму мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      3) инновациялық жүйені және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды келісу;

      4) әзірленетін мемлекеттік технологиялық саясатты салалық бағыттар бойынша қарау;

      5) мемлекеттік органдардың технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын, нысаналы технологиялық бағдарламаларды айқындау және салаларда технологиялық тұғырнамаларды ұйымдастыру бойынша бастамаларын қарау.

      241-5-бап. Мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру құралдары

      1. Мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру үшін технологиялық тұғырнамалар құрылады.

      Технологиялық тұғырнама өзара байланысты және өзара толықтыратын білім беру, ғылыми және өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтерінен, технологияларды генерациялау мен жетілдірудің, кадрлар даярлаудың, инновациялық жобаларды іске асырудың үздіксіз процесін қамтамасыз ету үшін қажетті ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық және өнеркәсіптік қызмет субъектілерінен тұратын кешен болып табылады.

      Технологиялық тұғырнама экономиканың салаларын технологиялық дамыту мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, ғылыми ұйымдардың, білім беру ұйымдарының, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының коммуникация жасауына және оларды нарыққа бағдарланған үйлестіруге арналған құрал функциясын да орындайды.

      2. Тиісті саланың немесе технологиялық бағыттың мемлекеттік технологиялық саясатын әзірлеу және оның сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын айқындайды.

      Технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының негізгі міндеттері жеделдетілген технологиялық даму үшін әлемдік технологиялық трендтерді мониторингтеу, ағымдағы жағдайлар мен бәсекелік артықшылықтарды, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттілігі мен мүдделілігін айқындау болып табылады.

      Технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарына қойылатын өзге де өлшемшарттар технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының жұмыс істеуі, технологиялық тұғырнамаларды ұйымдастыру және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу әдістемесі мен өлшемшарттарына сәйкес айқындалады.

      3. Технологиялық саясатты қалыптастыру үшін технологиялық болжамдау жүргізіледі.

      Технологиялық болжамдау деп игерілуі мемлекеттің орнықты инновациялық дамуы үшін қажетті шарт болып табылатын негізгі (басым) технологияларды анықтауға бағытталған талдамалық зерттеулер кешені түсініледі.

      Технологиялық болжамдау шетелдік және отандық сарапшыларды тарту, сауалнамалар мен талдамалық зерттеулер жүргізу, алынған деректерді жинақтап қорыту және ұсынымдарды қалыптастыру арқылы технологиялық тұғырнамалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде тиісті салалардағы технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының қатысуымен жүргізіледі.

      Технологиялық болжамдау қорытындылары мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау кезінде ескеріледі.

      4. Технологиялық саясатты іске асыру үшін нысаналы технологиялық бағдарламалар әзірленеді және бекітіледі.

      Нысаналы технологиялық бағдарлама деп негізгі (басым) технологияларды дамыту және мемлекеттің, кәсіпкерлік субъектілері мен ғылымның өзара іс-қимылына негізделген саланың технологиялық міндеттерін шешу жөніндегі шаралар кешені түсініледі.

      Нысаналы технологиялық бағдарламаларды технологиялық тұғырнамаларға қатысушылар әзірлейді.

      Нысаналы технологиялық бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын инновациялық жобалардың инновациялық гранттар мен инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын беру кезінде басым артықшылығы болады.

      5. Технологиялық болжамдау және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының жұмыс істеуі, технологиялық тұғырнамаларды ұйымдастыру және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу әдістемесі мен өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      241-6-бап. Инновациялық белсенділікті ынталандыру және инновациялық жүйені талдау құралдары

      1. Инновацияларды ақпараттық-насихаттық қолдау және білімді тарату, оның ішінде технологияларды коммерцияландыру арқылы тарату инновациялық белсенділікті ынталандыру құралдары болып табылады.

      Технологияларды коммерцияландыруға жәрдемдесу (қолдау) мыналар арқылы жүзеге асырылады:

      1) технологиялық кәсіпкерлік саласындағы құзыреттерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және (немесе) өткізу;

      2) технологияларды іздестіру, оларды сәйкестендіру жүйесін қалыптастыру және дамыту және оларды нарыққа ілгерілетуге жәрдем көрсету;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер.

      2. Мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға, технологиялық саясаттар мен нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалар жүзеге асыратын инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау инновациялық жүйені талдау құралы болып табылады.

      Ұсынымдар әзірлей отырып, инновациялық жүйенің тиімділігін тәуелсіз талдауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын инновациялық обсерватория жүзеге асырады.

      Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау әдістемесін инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Инновациялық гранттар беру бойынша инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау инновациялық қызметтің нарықтық перспективаларының белгісіздігімен және салынған қаржылық және өзге де ресурстардың ықтимал ысыраптарымен сипатталатын жоғары кәсіпкерлік тәуекел сияқты инновациялық қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      241-7-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары

      1. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодексте айқындалады.

      2. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларына мыналар жатады:

      1) венчурлік қорларды қоса қаржыландыру;

      2) инновациялық гранттар беру.

      3. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау осы Кодекске, "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес айқындалады.

      241-8-бап. Венчурлік қорлар мен жекеменшік венчурлік инвесторларды қоса қаржыландыру

      1. Венчурлік қорлар мен жекеменшік венчурлік инвесторларды қоса қаржыландыруды инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері жүзеге асырады.

      2. Венчурлік қаржыландыру деп инновациялық қызметті ғана жүзеге асыратын тұлғалардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру, олар шығарған қаржы құралдарын сатып алу немесе оларға ақшалай қарыздарды беру арқылы оларды қаржыландыруға байланысты қызмет түсініледі.

      3. Стартап-компанияларды венчурлік қаржыландыруды жүзеге асыратын және оларға өз қалауы бойынша сараптамалық қолдауды қамтамасыз ететін жеке тұлға жекеменшік венчурлік инвестор болып табылады.

      241-9-бап. Инновациялық гранттар беру

      1. Инновациялық грант деп инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде инновациялық қызмет субъектілеріне олардың инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты түсініледі.

      Инновациялық гранттар беруді инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып жүзеге асырады.

      Инновациялық гранттар беруге арналған конкурс жеке кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымымен және (немесе) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілерімен бірлесе отырып, жекелеген басым бағыттар бойынша өткізілуі мүмкін.

      2. Инновациялық гранттар инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық жобаларды іске асыруды қоса қаржыландыру арқылы беріледі.

      3. Инновациялық гранттар мыналарға:

      1) технологияларды коммерцияландыруға;

      2) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға;

      3) салаларды технологиялық дамытуға беріледі.

      4. Инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық гранттар беру қағидаларына сәйкес сараптама жүргізіледі.

      Инновациялық гранттар беру қағидаларында инновациялық гранттар беру кезінде қойылатын өлшемшарттар белгіленеді.

      5. Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты инновациялық гранттар берілген инновациялық жобалар бойынша жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуді талдау мақсатында берілген инновациялық гранттарға мониторинг жүргізеді.

      6. Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде инновациялық гранттар беруге бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.

      Қаржы жылының соңына есептелетін ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, келесі қаржы жылында инновациялық гранттар беруге жұмсалады. Инновациялық гранттар беруге арналған ақшаның жалпы көлемі барлық инновациялық гранттар арасында бөлінеді.";

      12) 24-тарауда:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-тарау. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру";

      1-параграф алып тасталсын;

      2-параграфта:

      245, 246, 247, 248 және 249-баптар алып тасталсын;

      250-бап алып тасталсын;

      251, 251-1, 252, 253, 254, 255 және 256-баптар алып тасталсын;

      3-параграф алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 272-1, 272-2, 272-3 және 272-4-баптармен толықтырылсын:

      "272-1-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру

      1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру осы Кодекске және "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, негізінен, елде өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары, сондай-ақ оларды көрсету шарттары көзделеді.

      272-2-бап. Өнеркәсіптік саясат

      1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік саясатты іске асыру кезінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

      2. Өнеркәсіптік саясаттың басымдықтары мен бағыттары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен айқындалады.

      3. "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өнеркәсіптік саясаттың мақсаты, міндеттері мен қағидаттары, оны қалыптастыру және іске асыру рәсімдері мен тетіктері белгіленеді.

      272-3-бап. Өнеркәсіптік саясатты іске асыру бағыттары

      Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік саясат "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мынадай бағыттар бойынша іске асырылады:

      1) өнеркәсіпті дамытудың базалық шарттары;

      2) өткізу нарықтарына ілгерілету;

      3) өнеркәсіптің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

      272-4-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет

      Индустриялық-инновациялық қызмет деп "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет түсініледі.

      "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 739-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері – жер қойнауын пайдаланушылар болып табылады.";

      13) 281-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау инвестициялық преференциялар беру және (немесе) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы өзгерген кезде тұрақтылыққа кепілдік беру түрінде мемлекеттік преференциялар беруді білдіреді.";

      14) 288-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның шешімі ұсынылған мемлекеттік заттай грантты меншікке немесе жер пайдалануға өтеусіз беру үшін негіз болып табылады, ол инвестор мен инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалған инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвестордың инвестициялық міндеттемелерді орындауын көздейтін аудиторлық есеп алынған күннен бастап үш айдан кешіктірмей қабылданады.";

      15) 289-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Кодекстің 295-3-бабына сәйкес инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан заңды тұлғаларға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес он жыл мерзімге Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беріледі.";

      16) мынадай мазмұндағы 295-3-баппен толықтырылсын:

      "295-3-бап. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен заңды тұлға арасында жасалатын, заңды тұлғаның мұндай келісімді жасасуға өтінім берілген жылды қоса алғанда, ол қолданылатын кезеңге жоспарланатын, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және оны жасасуға өтінім берілген жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елу миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі капиталдандырылатын кейінгі шығыстарды және (немесе) жаңа тіркелген активтерді сатып алуға, өндіруге, салуға арналған шығыстарды қаржыландыру жөніндегі, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тіркелген активтердің құнын ұлғайтатын басқа да шығындарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерін көздейтін шарт инвестициялық міндеттемелер туралы келісім болып табылады.

      Пайдалы қатты қазбаларды өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғамен инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан кезде мұндай келісім тек қана пайдалы қатты қазбаларды өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласындағы қызмет бойынша жасалады.

      2. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлғамен жасалады:

      1) заңды тұлға, көмірсутекті пайдалы қазбалар мен мұнай өнімдерін экспорттаушыларды қоспағанда, экспортқа бағдарланған тауар өндіруші болып табылады. Экспортқа бағдарланған тауар өндіруші деп экспортқа өткізуден түсетін кірісі алдыңғы жылғы жиынтық жылдық кірісте кемінде жетпіс пайызды құрайтын заңды тұлға түсініледі;

      2) заңды тұлға деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жобаға қатысуды қоса алғанда, деңгейлес мониторингте тұрған ірі салық төлеуші болып табылады;

      3) акцизделетін тауарларды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асырмайды;

      4) арнаулы салық режимдерін қолданбайды.

      3. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан заңды тұлғаның осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелерді орындауы инвестициялық міндеттемелер туралы келісімге қосымша болып табылатын инвестициялар салу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Бұл ретте осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген соманың кемінде жетпіс пайызын қаржыландыру инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасуға өтінім берілген жылды қоса алғанда, алғашқы бес жыл ішінде жүзеге асырылуға тиіс.

      Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан заңды тұлға осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелерді орындаған кезде:

      1) өзара байланысты тараппен жасалған шарттар бойынша тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны іс жүзінде шеккен шығыстар мөлшерінде, бірақ осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелер сомасының елу пайызынан аспайтын мөлшерде есепке алынады;

      2) өзара байланысты тараппен құны іс жүзінде шеккен шығыстар мөлшерінде есепке алынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға шарттар жасасқан кезде мұндай өзара байланысты тарап Қазақстан Республикасының резиденті болуға тиіс.

      4. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім қолданылатын мерзім ішінде, ол жасалған күннен екінші жылдан бастап, жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайтын заңды тұлға жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай қаржыландыру жүзеге асырылатын жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен кем емес сомада қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға да міндетті.

      Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шығыстарды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      5. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасуға өтінім инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасуға өтінім келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде осындай келісімге қол қою үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді.

      Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер енгізу, оның қолданылуын тоқтату тәртібін және инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің үлгілік нысанын инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      6. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімге өзгерістер осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде белгіленген ережелердің сақталуы ескеріле отырып, тек қана инвестициялар салу кестесін өзгерту бөлігінде енгізілуі мүмкін.

      7. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасу осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде инвестициялық преференциялар беруге инвестициялық келісімшарттарды жасасуға кедергі келтірмейді. Бұл ретте салықтар бойынша преференциялар инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасалған кезге қолданыста болатын осы Кодекске және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес беріледі.

      8. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданылуы осы Кодекстің 289-бабының 3-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін осы тармаққа сәйкес тараптардың келісімі бойынша немесе біржақты тәртіппен тоқтатылуы мүмкін.

      Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім қолданылатын кезеңде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде, 2-тармағында, 3-тармағының екінші бөлігінде және 4-тармағында көзделген міндеттемелер мен шарттар орындалмаған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай өткен соң инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданылуын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.

      Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде осындай келісім жасасқан заңды тұлға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес белгіленген тәртіппен өзінің салықтық міндеттемелерін қайта есептеуді жүзеге асырады.".

      4. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:

      16-бап мынадай мазмұндағы 41-9) тармақшамен толықтырылсын:

      "41-9) биіктікте жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігін және оны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;".

      5. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      202-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі "индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау" деген сөздер "өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      1) бүкіл мәтін бойынша "жергілікті қамту", "жергілікті қамтудың", "жергілікті қамтуды", "жергілікті қамтуының", "жергілікті қамтуға" деген сөздер тиісінше "елішілік құндылық", "елішілік құндылықтың", "елішілік құндылықты", "елішілік құндылығының", "елішілік құндылыққа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Жер қойнауын пайдаланушылар өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар бойынша сатып алуды "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.";

      3) 28-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау" деген сөздер "өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 120-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы "индустриялық-инновациялық жобаны", "іске асыру бойынша міндеттемелер қабылдау" деген сөздер тиісінше "өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемені", "қабылдауы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 278-баптың 7-тармағында:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын, қызметі (технологиялық процесі) жер қойнауын пайдаланумен байланысты өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері осы тармақта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодекстің 70-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілмеген аумақ шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесіне берілген өтініш негізінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия алуға құқылы деп белгіленсін. Бұл құқықты өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде іске асыра алады.";

      екінші бөліктегі "индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау" деген сөздер "өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлікте:

      "Индустриялық-инновациялық" деген сөздер "Өнеркәсіптік-инновациялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау" деген сөздер "өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші және бесінші бөліктердегі "индустриялық-инновациялық" деген сөздер "өнеркәсіптік-инновациялық" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне:

      1) 388-бапта:

      2-тармақта:

      бірінші абзацтағы "индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен", "және мыналарды" деген сөздер тиісінше "өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен", "және осы қағидалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақша "көлік құралдарын" деген сөздерден кейін "және (немесе) олардың құрамдастарын" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) тармақшадағы "жеңілдіктің шарттарын, оның ішінде мөлшерін айқындау тәртібін және қаржыландыру тәртібін" деген сөздер "жеңілдікті қаржыландыру шарттары мен тәртібін, оның ішінде оны қаржыландыру мөлшерін айқындау тәртібін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен", "және мыналарды" деген сөздер тиісінше "өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен", "және осы қағидалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 405-баптың 3-тармағындағы "индустрия және сауда" деген сөздер "индустрия, сауда" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 30-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы "немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының төлемділік" деген сөздер "немесе агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың ақылылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 34-баптың 8-тармағындағы "немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымының" деген сөздер "немесе агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      27-баптың 1-тармағының 24) тармақшасындағы "қазақстандық қамту бойынша", "сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға" деген сөздер тиісінше "елішілік құндылық бойынша", "өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Қазақстанның Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптағы "индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды" деген сөздер "өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-баптың 2-тармағында:

      1) тармақшадағы "(бес жыл және одан көп мерзімге)" деген сөздер "(бір жылдан бастап және одан көп мерзімге берілетін банктік кепілдіктерді қоспағанда, бес жыл және одан көп мерзімге)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақша "желілерін" деген сөзден кейін ", орналастырудан түсетін қаражатты эмитент Меморандумда айқындалған тәртіппен экспорттық операцияларды іске асыруға жіберетін облигацияларды Даму Банкінің сатып алуын" деген сөздермен толықтырылсын.

      11. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 27-1-баптың екінші бөлігіндегі "республикалық индустрияландыру картасына" деген сөздер "бірыңғай индустрияландыру картасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 60-баптың 9-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "республикалық индустрияландыру картасына" деген сөздер "бірыңғай индустрияландыру картасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      34-1-баптың 3-тармағындағы "индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау", "жергілікті қамту" деген сөздер тиісінше "өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру", "елішілік құндылық" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      15-5-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары "энергия өндіруші ұйымдардың", "энергия өндіруші ұйымдар" деген сөздерден кейін тиісінше ", оның ішінде қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың", ", оның ішінде қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын.

      14. "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      17-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы және 21-баптың 1-тармағының 19) тармақшасындағы "жергілікті қамту" деген сөздер "елішілік құндылық" деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      9-1-баптың 4) тармақшасындағы "индустриялық-инновациялық" деген сөздер "өнеркәсіптік-инновациялық" деген сөздермен ауыстырылсын.

      16. "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 6-баптың 1-тармағында:

      1) тармақшадағы "индустрия және сауда саласындағы" деген сөздер "өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган.";

      2) 8-1-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі "Инвестициялар және даму жөніндегі" деген сөздер "Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      17. "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      4-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) индустрия саласындағы уәкілетті орган;";

      6) тармақшадағы "орган құрайды." деген сөздер "орган;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган құрайды.";

      2-тармақтағы "2) – 6) тармақшаларында" деген сөздер "2) – 7) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      18. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 9-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-2) қайталама энергетикалық ресурстар – электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын ферроқорытпа, кокс және доменді газдарды пайдалану бөлігінде өнеркәсіптік өндіріс процесінде жанама өнім ретінде түзілетін энергетикалық ресурстар;";

      2) 9-бапта:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың күші меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі (2022 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздері және қайталама энергетикалық ресурстар объектілері өндірген электр энергиясы есебінен, сондай-ақ осы сатып алушымен бір тұлғалар тобындағы заңды тұлғалардың жаңартылатын энергия көздері және қайталама энергетикалық ресурстар объектілері есебінен жаңартылатын энергия көздерінің осы тармақта айқындалған үлесін жабуды қамтамасыз ететін пропорционалды көлемде шартты тұтынушының электр энергиясын сатып алушыларға қатысты қолданылмайды.

      Бұл ретте осы тармақтың екінші бөлігінің күші осы баптың 4-3-тармағында көрсетілген шарттар мен мерзім сақталған кезде ғана қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы 4-2 және 4-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "4-2. Осы баптың 4-тармағының күші меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі (2022 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздері және қайталама энергетикалық ресурстар объектілері өндірген электр энергиясы есебінен, сондай-ақ осы сатып алушымен бір тұлғалар тобындағы заңды тұлғалардың жаңартылатын энергия көздері және қайталама энергетикалық ресурстар объектілері есебінен осы баптың 4-тармағында айқындалған жаңартылатын энергия көздерінің үлесін жабуды қамтамасыз ететін пропорционалды көлемде шартты тұтынушының электр энергиясын сатып алушыларға қатысты қолданылмайды.

      Бұл ретте осы тармақтың күші осы баптың 4-3-тармағында көрсетілген шарттар мен мерзім сақталған кезде қолданылады.

      4-3. Шартты тұтынушылардың электр энергиясын сатып алушылар уәкілетті органды, қаржы-есеп айырысу орталығын және жүйелік операторды жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін жоспарланатын іске қосу туралы жаңартылатын энергия көздерінің және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстардың түрін, қуат көлемін және олардың орналасқан жерін көрсете отырып, күнтізбелік үш жүз алпыс бес күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      Шартты тұтынушылардың электр энергиясын сатып алушылардың хабарламасында көрсетілген жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін жоспарланатын іске қосу бойынша мерзімдер асып кеткен жағдайда, уәкілетті орган осы сатып алушының өтініші негізінде мерзімдерді түзетуді жүргізеді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Энергия беруші ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға желілер бойынша беруге еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.

      Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын, осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес өндірілетін электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар және тасқындық электр энергиясын өндіру мен желіге жіберуді (суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде және тасқындық электр энергиясы көлемінде) жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары) энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беруге арналған қызметтеріне ақы төлеуден босатылады.

      Сатып алушылар және олармен бірге бір тұлғалар тобына кіретін, жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды өз мұқтаждары үшін пайдаланатын (2022 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген) олардың энергия өндіруші ұйымдары энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беруге арналған қызметтеріне ақы төлеуден босатылады.".

      19. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14-1) техникалық жағынан күрделі тауар – өзін қосылыстың мәні айқындайтын мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік беретін бір тұтасты құрайтын көптеген конструкциялық және (немесе) әртекті элементтерді қамтитын, техникалық жағынан күрделі ішкі құрылымы бар азық-түлік емес тауар, оған тек қана көлік құралдары, ауыл шаруашылығы техникасы, су және әуе кемелері жатады;

      14-2) техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігі – техникалық жағынан күрделі тауардың жойылмайтын кемшілігі немесе мөлшерлес емес шығыстарсыз немесе қосалқы бөлшекті беруді күту уақытын қоса алғанда, заңда белгіленген мерзімнен асатын немесе тұтынушы үшін мұндай жоюдың өзектілігі жоғалатындай немесе тауарды нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға мүмкін етпейтіндей соншалықты созылатын уақыт шығындарынсыз жоюға келмейтін кемшілігі не тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтіруге алып келуі мүмкін кемшілік;";

      2) 15-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Техникалық жағынан күрделі тауарға және оның құрамдасына қатысты тұтынушы техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігі болған жағдайда ғана ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды не сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (модельді, артикулді) дәл сондай тауарға ауыстыруды, не шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшаны қайтаруды талап етуге құқылы.

      Техникалық жағынан күрделі тауарға байланысты қалған жағдайларда тұтынушы тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды не айырманы тиісінше қайта есептей отырып, сатып алу бағасын мөлшерлес азайтуды талап етуге құқылы.";

      2-тармақтағы "1-тармағында" деген сөздер "1 және 1-1-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "1-тармағында" деген сөздер "1 және 1-1-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 30-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Тұтынушы техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігін анықтаған және ол шартты бұзу және тауар үшін төленген ақшаны қайтару туралы талап қойған жағдайда, техникалық жағынан күрделі тауарды және оның құрамдасын сатушы (дайындаушы, орындаушы) осы талапты үш жұмыс күні ішінде қанағаттандыруға міндетті.

      Тұтынушы техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігін анықтаған және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда, техникалық жағынан күрделі тауарды және оның құрамдасын сатушы (дайындаушы, орындаушы) осы талапты отыз жұмыс күні ішінде қанағаттандыруға міндетті.

      Бұл ретте сатушы тұтынушының қойған талаптарымен келіспеген кезде сәйкестікті растау жөніндегі органдарға не сынақ зертханаларына техникалық жағынан күрделі тауардың қауіпсіздігін және (немесе) сапасын қосымша тексеруге (сараптамаға) жіберген жағдайда, техникалық жағынан күрделі тауарды қайтару немесе айырбастау жөніндегі мерзім тексеру (сараптама) жүргізілген уақытқа тоқтатыла тұрады.".

      20. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-баптың 33) тармақшасындағы "индустриялық-инновациялық" деген сөздер "өнеркәсіптік-инновациялық" деген сөздермен ауыстырылсын.

      21. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      22-бапта:

      2-тармақтың 1) тармақшасындағы "индустриялық-инновациялық құрамдас бөліктерінің" деген сөздер "өнеркәсіптік-инновациялық құрамдас бөлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтың 1) тармақшасындағы "индустриялық-инновациялық" деген сөздер "өнеркәсіптік-инновациялық" деген сөздермен ауыстырылсын.

      22. "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 4-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) мұнай-газ-химия өнеркәсібін дамыту бойынша жағдайлар жасау.";

      2) 5-баптың 1) тармақшасы "жабдықтау" деген сөзден кейін ", сондай-ақ мұнай-газ-химия өнеркәсібі" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 6-бапта:

      1) тармақша "жабдықтау" деген сөзден кейін ", сондай-ақ мұнай-газ-химия өнеркәсібі" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-2) тармақшадағы "индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау" деген сөздер "өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 7-баптың 4-1-тармағының бірінші абзацындағы "Индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау" деген сөздер "Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру" деген сөздермен ауыстырылсын.

      23. "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "индустриялық-инновациялық" деген сөздер "өнеркәсіптік-инновациялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 8-баптың 3-тармағының 10) тармақшасындағы "индустриялық-инновациялық және өзге де саясаттарын" деген сөздер "өнеркәсіптік және өзге де саясаттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қор немесе Қордың тобына кіретін ұйым өнеркәсіптік-инновациялық қызметті жүзеге асырған кезде оларға Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясат туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.".

      24. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      12-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі "жергілікті қамту" деген сөздер "елішілік құндылық" деген сөздермен ауыстырылсын.

      25. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-қосымшаның 53-жолы 3-бағанының 8-тармағындағы "немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының" деген сөздер "немесе агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      26. "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      3) тармақшадағы "индустриялық-инновациялық қызметті" деген сөздер "өнеркәсіптік-инновациялық қызметті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақшадағы "индустриялық-инновациялық қызмет" деген сөздер "өнеркәсіптік-инновациялық қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-баптың 2-тармағындағы "индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы" деген сөздер "инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы, өнеркәсіптік саясат" деген сөздермен ауыстырылсын.

      27. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      2-баптың 3-тармағындағы және 10-баптың 5-тармағындағы "Индустриялық-инновациялық", "индустриялық-инновациялық" деген сөздер тиісінше "Өнеркәсіптік-инновациялық", "өнеркәсіптік-инновациялық" деген сөздермен ауыстырылсын.

      28. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-баптың 1-тармағындағы "жергілікті қамтуды" деген сөздер "елішілік құндылықты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-баптың 8) тармақшасындағы "индустриялық-инновациялық" деген сөздер "мемлекеттік технологиялық және өнеркәсіптік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 11-бапта:

      1-тармақтағы "индустриялық-инновациялық қызметті ынталандыруға" деген сөздер "өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамытуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      5) тармақшадағы "индустриялық-инновациялық" деген сөздер "өнеркәсіптік-инновациялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) тармақшадағы "жергілікті қамтуды" деген сөздер "елішілік құндылықты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 13-1-бапта:

      2-тармақтың 5) тармақшасындағы "индустриялық-инновациялық" деген сөздер "өнеркәсіптік-инновациялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4 және 12-тармақтардағы "индустриялық-инновациялық" деген сөздер "өнеркәсіптік-инновациялық" деген сөздермен ауыстырылсын.

      29. "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 4-бап мынадай мазмұндағы 5-1) және 10-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      "10-1) аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      2) 13-бап мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:

      "4. Атаулы таңба уәкілетті орган айқындаған тәртіппен уәкілетті ұйымда міндетті тіркеуге жатады.

      5. Уәкілетті ұйым тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен уәкілетті органға тоқсан сайын ұсынады.".

      30. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 32-баптың 3 және 4-тармақтарындағы "агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының", "агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары" деген сөздер тиісінше "агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың", "агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 52-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымы" деген сөздер "агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын.

      31. "Стандарттау туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      11-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) техникалық регламенттердің жобаларын, техникалық регламенттерді, стандарттау жөніндегі құжаттарды талдауды және жүйелеуді;".

      32. "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 39-баптың 13) тармақшасындағы "индустриялық-инновациялық" деген сөздер "өнеркәсіптік-инновациялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 45-баптың 13) тармақшасындағы "индустриялық-инновациялық" деген сөздер "өнеркәсіптік-инновациялық" деген сөздермен ауыстырылсын.

      33. "Техникалық реттеу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 25-баптың 3-тармағындағы "техникалық жағынан күрделі бұйымның" деген сөздер "техникалық жағынан күрделі бұйымның және (немесе) техникалық жағынан күрделі тауардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 43-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өнімге сынақтар жүргізу үшін техникалық жағынан күрделі тауардың (бұйымның) үлгілерін іріктеп алу, егер осы техникалық жағынан күрделі тауарды (бұйымды) сынау әдістері ол үшін бұзушы әдістер болып табылмаса, бақылау және қадағалау субъектісі басшысының немесе өкілінің қатысуымен сатып алусыз жүргізілуі мүмкін.".

      34. "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" 2021 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 2-тармағы 14) тармақшасындағы "сатып алу жағдайларына қолданылмайды." деген сөздер "сатып алу;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15) қаржы лизингінің көрсетілетін қызметтерін сатып алу және (немесе) лизингтік қызметті жүзеге асыру кезінде оларды кейіннен лизингке беру үшін тауарларды, сондай-ақ лизинг нысанасын сатып алуға, беруге және жұмыс жай-күйіне келтіруге тікелей байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      16) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар шеңберіндегі сатып алу жағдайларына қолданылмайды.";

      2) 12-баптың 5-тармағында:

      бірінші бөлік алып тасталсын;

      екінші бөліктегі "Офтейк-келісімшарттарды" деген сөздер "5. Офтейк-келісімшарттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 13-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын.

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 13), 15) және 16) тармақшаларын;

      2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 29-тармағын;

      3) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 12) тармақшасының жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 12) тармақшасының жиырма үшінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтары 2022 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады