Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 16 қарашадағы № 40-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заң 01.01.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):

      1) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде:

      2) тармақша "зейнетақы төлемдерін" деген сөздерден кейін ", нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-1) тармақша "жинақ ақшасы түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 741-баптың екінші бөлігінде:

      2) тармақша "зейнетақы төлемдерін" деген сөздерден кейін ", нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-1) тармақша "жинақ ақшасы түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 765-баптың 6-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1. Осы баптың қағидалары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайтарылуын қоспағанда, кепіл нысанасы болып табылатын салымдарға, қайтарылуы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарымен шектелген салымдарға, сондай-ақ тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған салымдарға қолданылмайды.".

      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:

      1) 3-баптың 1-тармағында:

      62-2) және 62-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "62-2) нысаналы талаптар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірісінің және жыл сайын осы сомаға есепке жазылатын, есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірістің елу пайызы есебінен жыл сайын қалыптастырылатын, Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толмаған азаматтары алдындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндеттемелері;

      62-3) өзара өтелетін операциялар – мемлекеттік бюджетті, облыстың және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін, сондай-ақ олардың атқарылуы туралы есептерді қалыптастыру кезінде жүзеге асырылатын, қосарланған шотты болғызбау мақсатында бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне берілетін трансферттер, бюджеттік кредиттер және басқа да ақша сомаларын алып тастауға байланысты операциялар;";

      мынадай мазмұндағы 62-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "62-4) өңірдің салықтық әлеуеті – жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық кезеңге арналған мөлшерлерін белгілеу кезінде өңірдің кіріс көлемдерін айқындау үшін есептелетін, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің ең жоғары ықтимал сомасы;";

      2) 21-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ұлттық қордың активтерін пайдалану, талдау және болжау мақсаттарын қоса алғанда, фискальдық мақсаттарда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтерінің, яғни міндеттемелерді, оның ішінде нысаналы талаптар сомасын шегергендегі активтердің мөлшері пайдаланылады.";

      3) 23-бапта:

      1-тармақ 4) тармақшасындағы "нысаналы трансферттер түрінде жұмсалады." деген сөздер "нысаналы трансферттер түрінде;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) нысаналы талаптарды төлеу түрінде және нысаналы жинақтарды аудару мен төлеуге байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу түрінде жұмсалады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын осы баптың 1-тармағының 1), 3 және 4) тармақшаларында көрсетілген мақсаттарға пайдалану Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтерінің, яғни міндеттемелерді, оның ішінде нысаналы талаптар сомасын шегергендегі активтердің мөлшерімен шектеледі.".

      3. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      33-баптың 2-тармағы:

      "зейнетақы төлемдерін" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақтарды және (немесе) нысаналы жинақ төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      "зейнетақы төлемдері" деген сөздерден кейін "және (немесе) нысаналы жинақ төлемдері" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:

      161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацы:

      "зейнетақы төлемдерін" деген сөздерден кейін ", нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      "жинақ ақшасы түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын.

      5. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:

      156-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы:

      "зейнетақы төлемдеріне," деген сөздерден кейін "нысаналы активтерге, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдеріне," деген сөздермен толықтырылсын;

      "жинақ ақшасы түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:

      1) 15-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтар мен нысаналы активтерді есепке алуды жүргізуі тәртібін бақылауды жүзеге асырады;";

      2) 34-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шоттарына есепке алу мен есепке жатқызуды, нысаналы жинақтарды алушыға нысаналы жинақтау шотынан нысаналы жинақтарды алушылардың нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттарына нысаналы жинақтарды төлеуді, нысаналы жинақтардың қайтарылуын есепке алуды жүзеге асырады.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры нысаналы жинақты алушы он сегіз жасқа толғаннан кейін он жыл ішінде пайдаланылмаған нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтарын нысаналы жинақтау шоттарынан ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударады.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында нысаналы жинақтары бар нысаналы талаптарға қатысушы немесе нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда, мұндай нысаналы жинақтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.";

      3) 35-баптың 2-тармағы 29) тармақшасындағы "беруге міндетті." деген сөздер "беруге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:

      "30) "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.";

      4) 57-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі 3) тармақшасындағы "қаражаты бойынша қаржылық есептілікті және бастапқы статистикалық деректерді бөлек-бөлек ұсынады." деген сөздер "қаражаты;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан аударылатын аударымдар есебінен қалыптастырылған нысаналы жинақтар мен нысаналы активтер бойынша қаржылық есептілікті және бастапқы статистикалық деректерді бөлек-бөлек ұсынады.";

      5) 60-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде:

      бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      3) тармақшадағы "қаражат бойынша үш аудиторлық есеп жасайды." деген сөздер "қаражат;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан аударылатын аударымдар есебінен қалыптастырылған нысаналы жинақтар мен нысаналы активтер бойынша төрт аудиторлық есеп жасайды.";

      6) 258-баптың 4-тармағы "нысанында" деген сөзден кейін "және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де нысандарда" деген сөздермен толықтырылсын.

      7. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 36-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:

      "тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы ақшаны," деген сөздерден кейін "тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақтарды және (немесе) нысаналы жинақ төлемдерін," деген сөздермен толықтырылсын;

      "жинақ ақшасы түрінде" деген сөздер "жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 51-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:

      2) тармақша "зейнетақы төлемдерін" деген сөздерден кейін ", нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-1) тармақша "жинақ ақшасы түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын.

      8. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      10-2-бап мынадай мазмұндағы 10-31) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-31) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;".

      9. "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-баптың 8-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін немесе нысаналы жинақ төлемдерін пайдалана отырып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту деп тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекітетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларында не нысаналы жинақтарды пайдалануды регламенттейтін қағидаларда айқындалған мақсаттар түсініледі.";

      2) 5-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен және 5) тармақшасындағы "жүргізу тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінің негізгі түрлері болып табылады." деген сөздер "жүргізу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу үшін жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;";

      "6) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызуға арналған ағымдағы шоттарды ашу және жүргізу тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінің негізгі түрлері болып табылады.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-3) мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде сенім білдірушінің мүддесінде және тапсырмасы бойынша ақшаны басқарудың сенімгерлік операциялары;".

      10. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) арнаулы көрсетілетін әлеуметтік қызметтерге мұқтаж бала (балалар) – Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын бала (балалар);";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-анасының ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, ата-анасының хабарсыз кетті деп танылуына, қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемесінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала;";

      12-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-1) нысаналы активтер – нысаналы жинақтарды төлеуді қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де мақсаттарға арналған ақша;";

      мынадай мазмұндағы 12-2), 12-3), 12-4), 12-5), 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:

      "12-2) нысаналы жинақтарды алушы – Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, нысаналы жинақтарды алуға құқығы бар азаматы;

      12-3) нысаналы жинақтау шоты – нысаналы жинақтарды алушының осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған, нысаналы жинақтар есепке алынатын және нысаналы жинақтарды төлеу жүргізілетін жеке атаулы шоты;

      12-4) нысаналы жинақ төлемдері – нысаналы жинақтарды алушыға, сондай-ақ мұрагерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы жинақтау шотынан төленетін нысаналы жинақтар сомасы;

      12-5) нысаналы талаптарға қатысушы – Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толмаған, нысаналы талаптарға құқығы бар азаматы;";

      "16) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақтар (бұдан әрі – нысаналы жинақтар) – нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтау шотында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірісінің және жыл сайын осы сомаға есепке жазылатын, есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірістің елу пайызы есебінен жинақталған ақша;

      17) уәкілетті операторлар – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры аударатын нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы;";

      2) 2-тарау мынадай мазмұндағы 7-3, 7-4, 7-5, 7-6, 7-7, 7-8, 7-9, 7-10 және 7-11-баптармен толықтырылсын:

      "7-3-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры:

      1) осы Заңға сәйкес нысаналы жинақтарды есепке алу және есепке жатқызу үшін нысаналы жинақтау шоттарын ашуды жүзеге асыруға;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шоттарына есепке алу мен есепке жатқызуды, нысаналы жинақтарды алушыға нысаналы жинақтау шотынан уәкілетті операторлардың шоттарына нысаналы жинақтарды төлеуді, нысаналы жинақтардың қайтарылуын есепке алуды жүзеге асыруға;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсы және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай:

      нысаналы талаптарға қатысушыға немесе оның заңды өкіліне нысаналы талаптардың сомасы;

      нысаналы жинақтарды алушының сұрау салуы бойынша осы Заңның 7-7-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, нысаналы жинақтау шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге нысаналы жинақтардың сомасы туралы мәліметтерді төлемақы алмай ұсынуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтарды алушылардың уәкілетті операторда ашылған шоттарына, сондай-ақ қайтыс болған не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушылар немесе нысаналы жинақтарды алушылар мұрагерлерінің уәкілетті операторда ашылған банктік шоттарына АҚШ долларында төлеуді жүзеге асыруға;

      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен нысаналы жинақтарды есепке алу, төлеу және қайтару мәселелері бойынша уәкілетті оператормен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;

      6) нысаналы жинақтарды алушы он сегіз жасқа толғаннан кейін он жыл ішінде пайдаланылмаған нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтарын нысаналы жинақтау шоттарынан ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударуды жүзеге асыруға міндетті.

      7-4-бап. Нысаналы талаптарға қатысушылар, нысаналы талаптар және нысаналы жинақтар

      1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толмаған азаматтары ғана нысаналы талаптарға қатысушылар бола алады.

      2. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, нысаналы талаптарға қатысушыларға нысаналы талаптарды есепке жазу олар он сегіз жасқа толғанға дейін жыл сайын жүзеге асырылады.

      3. Нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды есепке алу АҚШ долларында жүргізіледі.

      4. Нысаналы талаптар нысаналы талаптарға қатысушы он сегіз жасқа толатын жылға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі инвестициялық қызмет шеңберінде қаржы құралдарына инвестицияланады.

      5. Нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шотына есепке алу және есепке жатқызу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында нысаналы жинақтау шоттарын ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

      6. Нысаналы талаптарды есепке жазу нысаналы талаптарға қатысушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда тоқтатылады.

      7. Нысаналы жинақ төлемдері нысаналы жинақтарды алушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті операторларда АҚШ долларында өздері ашатын банктік шоттарына есепке жатқызылады.

      8. Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      9. Нысаналы жинақ төлемдерін нысаналы жинақтарды алушының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған нысаналы жинақтау шотына қайтару АҚШ долларында жүзеге асырылады.

      Бұл ретте айырбастауға байланысты шығыстарға төлем жасау, нысаналы жинақ төлемдерін нысаналы жинақтарды алушының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған нысаналы жинақтау шотына аударуға (қайтаруға) байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге төлем жасау нысаналы жинақтарды алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      7-5-бап. Нысаналы талаптарға қатысушылардың, нысаналы жинақтарды алушылардың және олардың заңды өкілдерінің дербес деректерін жинау, өңдеу ерекшеліктері

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының осы Заңның 7-3-бабында көрсетілген міндеттерін орындау үшін нысаналы талаптарға қатысушылардың, нысаналы жинақтарды алушылардың және олардың заңды өкілдерінің дербес деректерін жинау, өңдеу олардың келісімінсіз жүзеге асырылады.

      7-6-бап. Нысаналы жинақ төлемдері

      1. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақ төлемдеріне құқық нысаналы жинақтары бар нысаналы жинақтарды алушыларға беріледі.

      2. Нысаналы жинақтары бар нысаналы талаптарға қатысушы немесе нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда, мұндай нысаналы жинақтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

      Нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу үшін қайтыс болған не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушылардың немесе нысаналы жинақтарды алушылардың мұрагерлері уәкілетті операторда АҚШ долларында банктік шот ашады.

      3. Нысаналы талаптарға қатысушының не нысаналы жинақтарды алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы нысаналы жинақтарды төлеуден бас тартуға негіз болып табылады.

      4. Білім беру ақысын төлеу нысаналы жинақтарды алушының өтінім беруі және өзі мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары арасында шарт жасасу арқылы не "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру жинақтау сақтандыруы шартын немесе білім беру жинақтау салымы туралы шарт жасасу арқылы нысаналы жинақ төлемдері есебінен жүзеге асырылады.

      7-7-бап. Нысаналы жинақтар құпиясы

      1. Нысаналы жинақтар құпиясы нысаналы жинақтарды алушылардың нысаналы жинақтау шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді қамтиды.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры нысаналы жинақтар құпиясына кепілдік береді.

      Нысаналы талаптарға қатысушылардың нысаналы талаптарының сомасы туралы мәліметтер құпия болып табылмайды.

      2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерінің қызметтік және функционалдық міндеттерін жүзеге асыруға байланысты нысаналы жинақтар құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдары, жұмыскерлері нысаналы жинақтар құпиясын құрайтын мәліметтерді жария етуге құқылы емес және оларды жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган арасында ақпарат, оның ішінде нысаналы жинақтар құпиясын құрайтын мәліметтер алмасуды жүзеге асыру нысаналы жинақтар құпиясын жария ету болып табылмайды.

      3. Нысаналы жинақтар құпиясы нысаналы жинақтарды алушыға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен ашылуы мүмкін.

      4. Нысаналы жинақтау шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтамалар:

      1) соттарға – олардың іс жүргізуіндегі істер бойынша сот ұйғарымының негізінде;

      2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру шеңберінде;

      3) прокурорға – оның қарауындағы материал бойынша өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулының негізінде;

      4) нысаналы жинақтарды алушының өкілдеріне – нотариат куәландырған сенімхаттың немесе сот шешімінің негізінде;

      5) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органға –нысаналы жинақтарды алушының өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша;

      6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы міндетті аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымдарға;

      7) мұрагерлерге – нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда мұраға құқық туралы куәлік ұсыныла отырып, сұрау салу бойынша;

      8) нотариустар мен шетелдік консулдық мекемелерге – нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда өздерінің іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша сұрау салу арқылы;

      9) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық типтегі ұйымдардың басшыларына мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер және (немесе) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың осындай ұйымдарда болуын растайтын құжаттардың негізінде берілуі мүмкін.

      7-8-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтері

      1. Нысаналы жинақтарды алушының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, уәкілетті операторлардың борыштары бойынша, оның ішінде санамаланған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда нысаналы активтерге, нысаналы жинақтарға және нысаналы жинақ төлемдеріне тыйым салуды немесе өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.

      2. Нысаналы активтер:

      1) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де жағдайларда нысаналы жинақ төлемдерін жүзеге асыруға;

      2) қате есепке жатқызылған нысаналы жинақтарды және өзге де қате есепке жатқызылған ақшаны қайтаруға ғана пайдаланылады.

      7-9-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтерін сақтау және есепке алу

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарда жалпы сомада сақталады және есепке алынады.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтерін есепке алу және сақтау мақсатында шетелдік кастодиан-банктерде шоттар ашуға құқылы.

      7-10-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы талаптар, нысаналы жинақтар және нысаналы активтер бойынша есебі мен есептілігі және оларды бақылау

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы талаптар, нысаналы жинақтар және нысаналы активтер бойынша есепке алуды жүргізеді және есептілік жасайды.

      Нысаналы активтерді есепке алуды жүзеге асыру және ақпараттың сенімділігін, сақталуын және санкцияланбаған қол жеткізуден қорғалуын қамтамасыз ету үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бағдарламалық қамтылымы түріндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйелер пайдаланылады.

      2. Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтар мен нысаналы активтерді есепке алуды жүргізу тәртібін бақылауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      7-11-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына оның нысаналы активтері бойынша аудит жүргізу

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті жыл сайынғы аудиті шеңберінде аудиторлық ұйым бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтері бойынша аудитті жүзеге асырады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтері бойынша міндетті жыл сайынғы аудит бойынша шығыстар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен жүзеге асырылады.";

      3) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әрбiр баланың заңнамада белгiленген тәртiппен өз бетiнше немесе өзiнiң заңды өкілдері арқылы мәмiлелер жасауға, банктерде, Ұлттық пошта операторында салымдары болуға және жалақысына, стипендиясына немесе өзге де кiрiстерiне және зияткерлік меншiк құқығы объектiлерiне билiк етуге, өзге де мүлiктiк құқықтарды иемденуге және оларды жүзеге асыруға құқығы бар.

      Ата-аналар немесе заңды өкілдер баланың жәрдемақысы немесе материалдық көмек ретiнде мемлекет бөлетін ақшаны баланың атына банктерге және (немесе) Ұлттық пошта операторына салуға құқылы.".

      11. "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-9) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-9) нысаналы талаптарға қатысушылар мен нысаналы жинақтарды алушылардың дерекқорын қалыптастыру және ақпараттық жүйеде олардың есебін жүргізу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына;".

      12. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 5-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 116) тармақшамен толықтырылсын:

      "116) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді.";

      2) 5-3-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 32) тармақшамен толықтырылсын:

      "32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді.";

      3) 44-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:

      2) тармақша "зейнетақы төлемдерін" деген сөздерден кейін ", нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақша "жинақ ақшасы түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігінде:

      2-тармақша "зейнетақы төлемдерін" деген сөздерден кейін ", нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақша "жинақ ақшасы түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 98-баптың бірінші бөлігінде:

      14-1) тармақша ", нысаналы активтерден, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерінен" деген сөздермен толықтырылсын;

      18-1) тармақша "жинақ ақшасы түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын.

      14. "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 6-1-бап алып тасталсын;

      2) 7-баптың 3-1-тармағы алып тасталсын;

      3) 8-баптың 3-тармағының 28) тармақшасындағы "Қорды басқару жөніндегі кеңеске ақпарат жібере отырып," деген сөздер алып тасталсын;

      4) 24-баптың 5-тармағындағы ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің және өзге де мемлекеттік қызметшілердің Қорды басқару жөніндегі кеңестің ұсынымы бойынша сайлануын" деген сөздер алып тасталсын.

      15. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      10-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      16. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      39-1-бапта:

      тақырыптағы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы атындағы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      17. "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) білім беру жинақтау салымы – салымшының немесе енгізушілердің жарналарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері есебінен жарналарын, қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақылары мен мемлекет сыйлықақысын қамтитын, салымшының қатысушы банк шотындағы ақшасы;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) қатысушы банк – осы Заңда белгіленген талаптарға сай келетін және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі, Ұлттық пошта операторы;";

      2) 11-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері есебінен қалыптастырылған білім беру жинақтау салымының қаражатын (олар болған кезде) салымшы:

      1) "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған салымшының нысаналы жинақтау шотына аудару кезіндегі валюталар бағамы бойынша АҚШ долларында одан әрі аудару үшін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу үшін банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында ашылған өзінің банктік шотына аударуға;

      2) "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу үшін банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында ашылған өзінің банктік шотына ұлттық валютамен аударуға;

      3) білімнің басқа деңгейлерін меңгеру мақсатында білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жұмсауға;

      4) білім беру жинақтау салымында қаражат жинақтауды жалғастыруға құқылы.";

      3) 11-1-бапта:

      8-тармақ "бөліп төленеді" деген сөздерден кейін "не "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін пайда алушының нысаналы жинақ төлемдері есебінен төленеді" деген сөздермен толықтырылсын;

      13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерінің сомасын (олар болған кезде) пайда алушы:

      1) "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған салымшының нысаналы жинақтау шотына аудару кезіндегі валюталар бағамы бойынша АҚШ долларында одан әрі аудару үшін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу үшін банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында ашылған өзінің банктік шотына аударуға;

      2) "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу үшін банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында ашылған өзінің банктік шотына ұлттық валютамен аударуға құқылы.";

      4) 15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының кассалық операцияларды жүргізуге арналған лицензияларының болуы туралы талабы және 2) тармақшасының талабы Ұлттық пошта операторына қолданылмайды.".

      18. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-қосымшаның 53-жолының 3-бағаны мынадай мазмұндағы 29 және 30-тармақтармен толықтырылсын:

      "29. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызуға арналған жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарын ашуы және жүргізуі.

      30. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу үшін тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінің депозиттерді қабылдауы, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуы және жүргізуі.".

      19. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 27-бапта:

      3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы "(кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны)" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақтарды және (немесе) нысаналы жинақ төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тармақтың үшінші бөлігінде:

      2) тармақша "зейнетақы төлемдерін" деген сөздерден кейін ", нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-1) тармақша "жинақ ақшасы түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақтың екінші бөлігі:

      "зейнетақы төлемдерін" деген сөздерден кейін ", нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      "жинақ ақшасы түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 46-баптың 7-тармағының 5) тармақшасы:

      "зейнетақы төлемдерін," деген сөздерден кейін "нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін," деген сөздермен толықтырылсын;

      "жинақ ақшасы түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап.

      1. Осы Заң 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толмаған азаматтарында осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап нысаналы талаптарға құқық пайда болады деп белгіленсін.

      3. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін туған нысаналы талаптарға қатысушылар үшін есепке жазылатын жыл сайынғы нысаналы жинақтар саны олар он сегіз жасқа толғанға дейін қалған жылдар санына тең болады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады