1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 27 мамырдағы № 87-VIII ҚРЗ

      1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2023 жылы 17 мамырда Сианьда жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы
арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету
туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы (бұдан әрі "Уағдаласушы Тараптар" деп аталады)

      1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 33-бабын негізге ала отырып,

      Шартқа мынадай өзгерістер енгізуге уағдаласты:

1-бап

      Шарттың 2-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

"2-бап Құқықтық көмек көрсету кезіндегі қатынас тәртібі

      1. Егер осы Шартта өзгеше белгіленбесе, азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінген кезде Уағдаласушы Тараптар орталық мекемелер арқылы өзара қатынас жасасады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген орталық мекемелерге: Қазақстан Республикасы тарапынан - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі; Қытай Халық Республикасы тарапынан - Қытай Халық Республикасының Әділет министрлігі, Қытай Халық Республикасының Жоғарғы Халық прокуратурасы және Қытай Халық Республикасының Жоғарғы Халық Соты жатады.

      3. Орталық мекемелер өзгерген жағдайда Уағдаласушы Тараптар бұл туралы бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда дереу хабардар етеді.".

2-бап

      1. Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      2. Уағдаласушы Тараптар осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда хабардар етеді. Осы Хаттама осындай хабарламалардың соңғысы алынған күннен бастап отызыншы күні күшіне енеді.

      3. Осы Хаттама өз қолданысын Шарт қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде тоқтатады.

      Бұған тиісті түрде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы Хаттамаға қол қойды.

      2023 жылғы "17" мамырда Сиань қ. әрқайсысы қазақ және қытай тілдерінде орыс тіліне аудармасымен екі данада жасалды әрі екі мәтін бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады.

      Қазақстан Республикасы
үшін
Қытай Халық Республикасыүшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады