2023 жылғы 22 мамырда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН СИНГАПУР РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САУДАСЫ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы (бұдан әрі - "Қазақстан") және Сингапур Республикасы (бұдан әрі - "Сингапур") (бұдан әрі бірге "Тараптар" және жеке "Тарап" деп аталады)
Тараптар арасындағы ұзақ және берік достықты нығайтудың маңыздылығын МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП;
Тараптардың тауарлар саудасын, көрсетілетін қызметтер саудасын, инвестицияларды және саудаға байланысты салаларды қамтитын жан-жақты экономикалық әріптестікке деген өзара ұмтылысын МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП;
2019 жылғы қазанның бірінші күні Ереванда, Армения, қол қойылған Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы жан-жақты экономикалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімді РАСТАЙ ОТЫРЫП;
Тараптар арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасы мен инвестициялардағы кедергілерді жоюға, бизнесті жүргізуге жұмсалатын шығындарды азайтуға, экономикалық тиімділікті арттыруға және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мен өзара тиімділік үшін қолайлы жағдайлар жасауға ҰМТЫЛА ОТЫРЫП;
инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау іскерлік бастаманы ынталандыруға және Тараптардың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететінін МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП;
екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін, атап айтқанда, теңдік және өзара тиімділік қағидаттары негізінде бір Тарап инвесторларының екінші Тарап аумағындағы инвестициялары үшін қолайлы жағдайлар жасауды ҚАЛАЙ ОТЫРЫП;
әрбір Тараптың ұлттық саясаттың заңды мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті шараларды қабылдау және олардың сақталуын қамтамасыз ету құқығын РАСТАЙ ОТЫРЫП,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-ТАРАУ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1-бап
Еркін сауда аймағын құру
Осы арқылы Тараптар ГАТС-тың V бабына сәйкес еркін сауда аймағын құрады.
1.2-бап
Мақсаттар
Осы Келісімнің мақсаттары осы Келісімге сәйкес Тараптар арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасы мен инвестицияларды ырықтандыру және оларға жәрдемдесу болып табылады.
1.3-бап
Қамту
1. Осы Келісім Тараптардың көрсетілетін қызметтер саудасы мен инвестицияларды қозғайтын шараларына қолданылады.
2. Осы Келісім Тарапқа өзінің жұмыспен қамту нарығына қол жеткізуге ұмтылатын немесе оның аумағында тұрақты негізде жұмыс істейтін екінші Тараптың азаматына қатысты ешқандай міндеттеме жүктемейді және бұл азаматқа мұндай қолжетімділікке немесе жұмыспен қамтуға қатысты ешқандай құқық бермейді, сондай-ақ азаматтыққа, тұруға немесе тұрақты негізде жұмыс істеуге қатысты шараларға қолданылмайды.
3. Осы Келісім:
(а) әрбір тиісті Тараптың аумағында мемлекеттік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде көрсетілетін қызметтерге қолданылмайды.
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мемлекеттік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде көрсетілетін қызмет коммерциялық емес негізде және бір немесе бірнеше көрсетілетін қызметті берушілер бәсекелес емес жағдайда ұсынатын кез келген көрсетілетін қызметті білдіреді;
(b) мемлекеттік сатып алуға; және
(c) Үкімет қолдайтын қарыздарды, кепілдіктерді және сақтандыруды қоса алғанда, Тарап ұсынатын субсидияларға немесе гранттарға; немесе Үкімет қолдайтын қарыздарды, кепілдіктерді және сақтандыруды қоса алғанда, мұндай субсидиялар немесе гранттар тек тұрмыстық көрсетілетін қызметтерге, көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға немесе көрсетілетін қызметтерді берушілерге немесе Тарап инвесторларына немесе Тарап инвесторларының инвестицияларына ұсынылатынына қарамастан, осындай субсидияларды немесе гранттарды алуға немесе алуды жалғастыруға байланысты кез келген шарттарға қолданылмайды.
1.4-бап
Жалпы қолданылатын анықтамалар
Егер өзгеше көзделмесе, осы Келісімнің мақсаттары үшін:
(а) "қызмет" коммерциялық емес негізде де, конкурстық емес негізде де бір немесе бірнеше тұлғаның бір қызмет түріне қатысуымен жүзеге асырылатын қызметті қоспағанда,
(і) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың, филиалдардың өндірістік, коммерциялық немесе кәсіптік сипаттағы қызметін білдіреді;
(b) "коммерциялық қатысу" бизнестің кез келген түрін немесе кәсіптік мекемені, оның ішінде:
(i) заңды тұлғаны құру, сатып алу немесе сүйемелдеу; немесе
(ii) қызмет көрсету мақсатында екінші Тараптың аумағында филиал немесе өкілдік құру немесе ұстау арқылы білдіреді.
(c) "күн" күнтізбелік күнді білдіреді;
(d) "ГАТС" ДСҰ келісіміне 1В қосымшада қамтылған Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі бас келісімді білдіреді.
(e) "ХВҚ" Халықаралық валюта қорын білдіреді;
(f) "мүдделі тұлға" жалпы қолдану шарасы шеңберінде қандай да бір құқықтар немесе міндеттер қолданылуы мүмкін кез келген жеке немесе заңды тұлғаны білдіреді;
(g) "инвестиция" инвестицияның сипаттамалары бар инвесторға тікелей немесе жанама түрде тиесілі немесе бақыланатын активтің кез келген түрін білдіреді.1 Инвестициялар қабылдай алатын нысандар мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:2
(і) жылжымалы және жылжымайтын мүлік және олармен байланысты мүліктік құқықтар;
(ii) заңды тұлғаның акциялары, салымдары және жарғылық капиталына қатысудың өзге де нысандары, оның ішінде одан туындайтын құқықтар;
(iii) облигациялар, борыштық міндеттемелер, қарыздар және олардан туындайтын құқықтарды қоса алғанда, басқа да борыштық құралдар;3
(iv) фьючерстер, опциондар және басқа туынды қаржы құралдары;
(v) ақшалай міндеттемелерді не коммерциялық қызметке байланысты және экономикалық құндылығы бар шарттық міндеттемелерді өзге де орындау талабы;
(vi) зияткерлік меншік құқығы және іскерлік бедел; және
(vii) табиғи ресурстарды іздеу, өсіру, өндіру немесе пайдалану үшін кез келген жеңілдіктерді қоса алғанда, қолданылатын заңнамаға сәйкес берілетін лицензиялар, рұқсаттар, рұқсат беру құжаттары және осыған ұқсас құқықтар;
(һ) "Тараптың инвесторы":
(i) осы Тараптың заңнамасына сәйкес оның азаматы болып табылатын жеке тұлғаны; немесе
(ii) осы Тараптың инвестицияларды жүзеге асыратын немесе жасаған, немесе екінші Тараптың аумағында инвестицияларды жүзеге асыру4 бойынша нақты іс-қимыл немесе іс-қимыл жасаған заңды тұлғасын білдіреді.
(і) "заңды тұлға" пайдалы болуына не болмауына, жеке немесе мемлекеттік меншікте болуына, корпорацияны, трастты, әріптестікті, дара басшылықтағы иелікті, бірлескен кәсіпорынды, қауымдастықты немесе осыған ұқсас ұйымды қоса алғанда, бақылауда болуына не болмауына қарамастан, Тараптың заңнамасына сәйкес тиісті түрде құрылған немесе өзге түрде ұйымдастырылған кез келген заңды тұлғаны, сондай-ақ заңды тұлғаның филиалын білдіреді;5
(j) "Тараптың заңды тұлғасы" осы Тараптың заңнамасына сәйкес құрылған немесе өзгеше түрде ұйымдастырылған заңды тұлғаны білдіреді;
(k) "шара" Тараптың заң, қаулы, қағида, рәсім, шешім, әкімшілік әрекет немесе кез келген басқа нысандағы кез келген шарасын білдіреді;
(I) "Тарап шарасы":
(i) осы Тараптың орталық, өңірлік немесе жергілікті үкіметтері мен билік органдары; және
(ii) осындай Тараптың орталық, өңірлік немесе жергілікті үкіметтері мен билік органдары берген өкілеттіктерді орындау үшін мемлекеттік емес органдар қабылдаған шараларды білдіреді;
(m) "көрсетілетін қызметтер саудасына әсер ететін Тараптың шаралары" мыналарға қатысты:
(i) көрсетілетін қызметті сатып алу, оған ақы төлеу немесе пайдалану;
(ii) көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты Тараптардың талаптарына сәйкес жалпы жұртшылыққа ұсынылуы тиіс көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі және пайдаланылуы;
(iii) екінші Тараптың аумағында қызмет көрсету үшін бір Тарап тұлғаларының коммерциялық қатысуын қоса алғанда, қатысуына қатысты шараларды қамтиды;
(n) "жалпы қолданылатын шара":
(i) нақты жағдайда белгілі бір тұлғаға, тауарға немесе көрсетілетін қызметке қолданылатын әкімшілік немесе квазисот ісін жүргізу барысында шығарылған шешімді немесе ұйғарымды; немесе
(ii) белгілі бір актіге немесе практикаға қатысты шығарылатын ұйғарымды қамтымайды;
(о) "азамат" Тарап заңнамасының мағынасы бойынша оның азаматын білдіреді;
(р) "жеке тұлға" Тараптың азаматы болып табылатын жеке тұлғаны білдіреді;
(q) "осы Келісімнің тарапы болып табылмайтын тарап" осы Келісімнің тарапы болып табылмайтын мемлекетті білдіреді;
(r) "тұлға" не жеке, не заңды тұлғаны білдіреді;
(s) "көрсетілетін қызметтер" мемлекеттік өкілеттіктерді жүзеге асыру тәртібімен ұсынылатын қызметтерді қоспағанда, кез келген сектордағы кез келген көрсетілетін қызметтерді қамтиды;
(t) "көрсетілетін қызметті беруші" көрсетілетін қызметті беретін кез келген тұлғаны білдіреді;6
(u) "көрсетілетін қызметті тұтынушы" көрсетілетін қызметті алатын немесе пайдаланатын кез келген тұлғаны білдіреді;
(v) "көрсетілетін қызметті беру" көрсетілетін қызметтің жүргізілуін, таратылуын, оның маркетингін, сатылуын және жеткізілуін қамтиды;
(w) "аумақ":
(і) Қазақстанға қатысты: құрлықты, ішкі суларды, жер қойнауын, әуе кеңістігін қоса алғанда, оның құрлық, теңіз және әуе шекаралары шегіндегі аумақты, сондай-ақ өзінің заңнамасына және халықаралық құқығына сәйкес Қазақстан теңіз түбіне, жер қойнауына және олардың табиғи ресурстарына қатысты өзінің егеменді құқықтарын және юрисдикциясын жүзеге асыратын немесе одан әpi жүзеге асыра алатын мемлекеттік шекара шегінен тыс кез келген аумақты білдіреді;
(іі) Сингапурға қатысты: үстіндегі әуе кеңістігін қоса алғанда, оның құрлық аумағын, ішкі суларын және аумақтық теңізін, сондай-ақ өзінің заңнамасына сәйкес, халықаралық құқыққа сәйкес теңізге, теңіз түбіне, жер қойнауына және табиғи ресурстарға қатысты Сингапур егеменді құқықтарын немесе юрисдикциясын іске асыра алатын аймақтар ретінде айқындалған немесе келешекте айқындалатын аумақтық теңіз шегінен тыс орналасқан кез келген теңіз ауданын білдіреді;
(х) "көрсетілетін қызметтер саудасы":
(i) бір Тараптың аумағынан екінші Тараптың аумағына;
(ii) бір Тараптың аумағында екінші Тараптың көрсетілетін қызметтерін тұтынушыға;
(iii) екінші Тараптың аумағында коммерциялық қатысу арқылы бір Тараптың көрсетілетін қызметті берушісінің; немесе
(iv) бір Тараптың жеке тұлғаларының екінші Тараптың аумағында қатысуы арқылы бір Тараптың көрсетілетін қызметті берушісінің көрсетілетін қызмет ұсынуын білдіреді;
(у) "ДСҰ келісімі" 1994 жылы 15 сәуірде Марракеште жасалған Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімін білдіреді;
(z) "ДСҰ" Дүниежүзілік сауда ұйымын білдіреді.
_____________________
1 Егер активтің инвестициялық сипаттамалары болмаса, онда ол қандай нысанда болса да, бұл актив инвестиция емес.
2 "Инвестиция" термині сот немесе әкімшілік талқылау барысында шығарылған бұйрықты немесе шешімді қамтымайды.
3 Осы Келісімнің мақсаттары үшін (g)(iii) тармағында сипатталған "қарыздар және басқа да борыштық құралдар" және (g)(v) тармағында сипатталған "ақша немесе шартты орындау талаптары" кәсіпкерлік қызметке байланысты активтерге жатады және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке сипаттағы активтерге жатпайды.
4 Неғұрлым айқындылық үшін инвестицияларды жүзеге асыру бойынша нақты іс-қимыл немесе іс-қимыл бизнесті құру үшін ресурстарды немесе капиталды бағыттау сияқты әрекеттерді қамтиды.
5 "Филиалды" "заңды тұлға" анықтамасына қосу Тараптың өз заңнамасына сәйкес филиалды тәуелсіз заңды түрде қызмет етпейтін және жеке ұйым болып табылмайтын заңды тұлға ретінде қарау қабілетіне нұқсан келтірмейді. Қазақстан Республикасы үшін Сингапурдың кез келген басқа елдің заңды тұлғаларының өкілдіктеріне және үкіметтік емес ұйымдарға Қазақстан Республикасының аумағында коммерциялық негізде қызмет көрсетуге рұқсат етілмейді.
6 Егер көрсетілетін қызмет тікелей заңды тұлға арқылы емес, филиал немесе өкілдік сияқты коммерциялық қатысудың басқа нысандары арқылы берілсе, көрсетілетін қызметті берушіге (яғни заңды тұлғаға) осындай қатысу арқылы осы Келісімге сәйкес көрсетілетін қызметтерді берушілер үшін көзделген режим ұсынылады. Бұл режим көрсетілетін қызмет берілетін қатысуды қамтиды және көрсетілетін қызмет берілетін аумақтан тыс жерде орналасқан берушінің кез келген басқа бөліктерін міндетті түрде қамтымауы мүмкін.
2-ТАРАУ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САУДАСЫ
2.1-бап
Қолданылу аясы және қамту
1. Осы тарау екінші Тараптың көрсетілетін қызметтерді берушісінің көрсетілетін қызметтер саудасын қозғайтын Тараптың шараларына қолданылады.
2. Осы тарау ішкі және халықаралық авиакөлік қызметтерін қоса алғанда, тұрақты, сол сияқты тұрақты емес авиациялық қызметтерге және авиациялық қызметтерді қолдауға байланысты көрсетілетін қызметтерге қолданылмайды.
3. Қаржылық көрсетілетін қызметтерге қатысты ГАТС қосымшасының 5(a) тармағында айқындалғандай:
(a) осы тарау қаржылық көрсетілетін қызметтерге қатысты онда баяндалған кез келген шарттар мен талаптар сақталған кезде ГАТС шеңберінде әрбір Тараптың ерекшелікті міндеттемелерінің тізбесіне енгізілген секторларға қатысты ғана қолданылады;
(b) осы тараудың ережелеріне қосымша Тараптардың қаржылық көрсетілетін қызметтерге қатысты құқықтары мен міндеттері осы Келісімге инкорпорацияланған қаржылық көрсетілетін қызметтер бойынша ГАТС қосымшасының ережелерімен де mutatis mutandis реттеледі; және
(c) осы тарау мен ГАТС қосымшасы арасында қаржылық көрсетілетін қызметтер бойынша кез келген сәйкессіздік болған жағдайда, сәйкессіздік бөлігінде осы тараудың басым күші болады.
4. Телекоммуникациялық қызметтерге қатысты:
(a) осы тарау онда баяндалған кез келген шарттар мен талаптар сақталған кезде ГАТС шеңберінде әрбір Тараптың ерекшелікті міндеттемелерінің тізбесіне енгізілген секторларға қатысты ғана қолданылады;
(b) осы тараудың ережелеріне қосымша Тараптардың телекоммуникациялық қызметтерге қатысты құқықтары мен міндеттері сондай-ақ осы Келісімге инкорпорацияланған ГАТС шеңберіндегі Тараптардың әрбір ерекшелікті міндеттемелерінің тізбесіне қоса берілетін базалық телекоммуникациялар жөніндегі келіссөз тобы әзірлеген телекоммуникация жөніндегі ГАТС қосымшасының және ГАТС анықтамалық құжатының ережелерімен mutatis mutandis реттеледі; және
(c) осы тарау мен телекоммуникациялар жөніндегі ГАТС қосымшасы арасында немесе осы тарау мен ГАТС шеңберіндегі Тараптардың әрбір ерекшелікті міндеттемелерінің тізбесіне қоса берілген Базалық телекоммуникациялар жөніндегі келіссөз тобы әзірлеген ГАТС анықтамалық құжаты арасында кез келген сәйкессіздік болған жағдайда, сәйкессіздік бөлігінде осы тараудың күші басым болады.
4. Телекоммуникациялық қызметтерге қатысты:
(a) осы тарау онда баяндалған кез келген шарттар мен талаптар сақталған кезде ГАТС шеңберінде әрбір Тараптың ерекшелікті міндеттемелерінің тізбесіне енгізілген секторларға қатысты ғана қолданылады;
(b) осы тараудың ережелеріне қосымша Тараптардың телекоммуникациялық қызметтерге қатысты құқықтары мен міндеттері сондай-ақ осы Келісімге инкорпорацияланған ГАТС шеңберіндегі Тараптардың әрбір ерекшелікті міндеттемелерінің тізбесіне қоса берілетін базалық телекоммуникациялар жөніндегі келіссөз тобы әзірлеген телекоммуникация жөніндегі ГАТС қосымшасының және ГАТС анықтамалық құжатының ережелерімен mutatis mutandis реттеледі; және
(c) осы тарау мен телекоммуникациялар жөніндегі ГАТС қосымшасы арасында немесе осы тарау мен ГАТС шеңберіндегі Тараптардың әрбір ерекшелікті міндеттемелерінің тізбесіне қоса берілген Базалық телекоммуникациялар жөніндегі келіссөз тобы әзірлеген ГАТС анықтамалық құжаты арасында кез келген сәйкессіздік болған жағдайда, сәйкессіздік бөлігінде осы тараудың күші басым болады.
2.2-бап
Неғұрлым қолайлы режим
1. ГАТС-тың VII бабына сәйкес өзара тануды көздейтін, осы Келісімнің тарапы болып табылмайтын Тараппен жасасқан келісімдер негізінде қағидаларды үйлестіру нәтижесінде туындауы мүмкін ерекшеліктерді ескере отырып, осы тарау қамтитын кез келген шараға қатысты ГАТС-тың II бабындағы ерекшеліктер туралы Тараптың қосымшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір Тарап екінші Тараптың көрсетілетін қызметтері мен көрсетілетін қызметтерді берушілеріне осы Келісімнің тарапы болып табылмайтын кез келген Тараптың осыған ұқсас көрсетілетін қызметтері мен көрсетілетін қызметтерді берушілеріне өзі ұсынатын режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді дереу және сөзсіз ұсынады.
2. Осы тараудың ережелері шекара маңындағы аумақтар осындай аумақтар шеңберінде жеткізілетін және тұтынылатын көрсетілетін қызметтер алмасуын оңайлату мақсатында Тарапқа көршілес шекара маңындағы елдерге артықшылық беруге немесе ұсынуға кедергі ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
3. Осы тарауда ештеңе Тарапты екінші Тараптың көрсетілетін қызметтеріне немесе көрсетілетін қызметтерді берушілеріне бірінші Тарап:
(a) өңірлік немесе екіжақты ынтымақтастықтың басқа да нысандарын қоса алғанда, кез келген экономикалық немесе кеден одағы, немесе еркін сауда аймағы немесе бірыңғай нарық шеңберінде, немесе Тараптардың арасындағы инвестициялық келісімдерді қоса алғанда, олардың кез келгені тарапы болып табылатын немесе тарапы бола алатын осыған ұқсас халықаралық келісімдер шеңберінде;
(b) Тараптардың кез келгені тарапы болып табылатын немесе тарапы бола алатын кез келген екіжақты инвестициялық шарттарға сәйкес;
(c) өңірлік экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер мен осы Келісімнің тарапы болып табылмайтын кез келген бір немесе бірнеше тараптардың арасындағы инвестициялық келісімдерді қоса алғанда, өңірлік экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер арасындағы кез келген халықаралық инвестициялық келісімдерге сәйкес;
(d) экономикалық, әлеуметтік, еңбек, өнеркәсіптік немесе ақша салаларындағы өңірлік ынтымақтастыққа жәрдемдесуге бағытталған, осы Келісімнің тарапы болып табылмайтын тараппен немесе тараптармен сол географиялық өңірдегі кез келген уағдаластыққа сәйкес; сондай-ақ
(e) қосарланған салық салуды болдырмауға бағытталған келісімдер немесе салық салу мәселелері бойынша басқа да уағдаластықтар негізінде ұсынатын немесе келешекте ұсынатын артықшылықтар немесе пайда беруге міндеттейтін ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
2.3-бап
Нарыққа қол жеткізу
1. 1.4-баптың (Жалпы қолданылатын анықтамалар) (х) тармағында айқындалған жеткізу тәсілдері арқылы нарыққа қол жеткізуге қатысты әрбір Тарап екінші Тараптың көрсетілетін қызметтері мен көрсетілетін қызметтерді берушілеріне 2-1-қосымшадағы (Ерекшелікті міндеттемелер тізбесінде) келісілген және көзделген шарттарға, шектеулерге және ережелерге сәйкес ұсынылатын режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді ұсынады7.
2. Егер 2-1-қосымшада (Ерекшелікті міндеттемелер тізбелері) өзгеше көрсетілмесе, нарыққа қол жеткізу бойынша міндеттемелер қабылданған секторларда Тарап өңірлік бөлімше негізінде де, өзінің бүкіл аумағы негізінде де сақтамайтын немесе қабылдамайтын шаралар:
(a) сандық квоталар, монополиялар, көрсетілетін қызметтерді эксклюзивті берушілер нысанындағы немесе экономикалық орындылығы тұрғысынан тест талаптары нысанындағы көрсетілетін қызметтерді берушілердің саны бойынша шектеулер;
(b) сандық квоталар немесе экономикалық орындылығы тұрғысынан тест талаптары нысанында көрсетілетін қызметтің немесе активтердің жалпы құны бойынша шектеулер;
(c) квоталар немесе экономикалық орындылығы тұрғысынан тест талаптары нысанында белгіленген сандық өлшем бірліктері түрінде көрсетілген қызметтер бойынша операциялардың жалпы саны немесе көрсетілетін қызметтерді өндірудің жалпы көлемі бойынша шектеулер;8
(d) сандық квоталар немесе экономикалық орындылығы тұрғысынан тест талаптары нысанында белгілі бір қызмет көрсету секторында жұмыспен қамтылуы мүмкін немесе көрсетілетін қызметтерді беруші жалдай алатын және белгілі бір көрсетілетін қызметті беру үшін қажетті және оған тікелей қатысы бар жеке тұлғалардың жалпы саны бойынша шектеулер;
(e) көрсетілетін қызметтерді беруші солар арқылы қызмет көрсете алатын заңды тұлғалардың немесе бірлескен кәсіпорындардың белгілі бір түрлерін шектейтін немесе талап ететін шаралар; және
(f) акционерлік капиталға шетелдік қатысудың ең жоғары үлесі немесе жеке немесе жиынтық шетелдік инвестициялардың жалпы құны нысанында шетелдік капиталдың қатысуына шектеулер ретінде айқындалады.
___________________
7 Егер Тарап 1.4-баптың (Жалпы қолданылатын анықтамалар) (х)(i) тармақшасында аталған беру тәсілі арқылы көрсетілетін кызметтерді берумен байланысты нарыққа қол жеткізу бойынша міндеттемені өзіне алса және егер капиталдың трансшекаралық қозғалысы көрсетілетін қызметтің елеулі бөлігі болып табылса, мұндай Тарап сол арқылы капиталдың осындай қозғалысына рұқсат беруге міндеттенеді. Егер қандай да бір Тарап 1.4-баптың (Жалпы қолданылатын анықтамалар) (х)(ііі) тармақшасында аталған қызмет беру тәсілі арқылы қызмет көрсетуге қатысты міндеттемені өзіне алса, онда ол сол арқылы өз аумағына капиталдың тиісті аударымдарына рұқсат беруге міндеттенеді.
82(c) тармақшасы Тараптың қызмет көрсетуді беру үшін ресурстарды шектейтін шараларына қолданылмайды.
2.4-бап
Ұлттық режим
1. 2-1-қосымшадағы (Ерекшелікті міндеттемелер тізбелері) оның Ерекшелікті міндеттемелер тізбесінде баяндалған секторларда және оларда айтылған кез келген шарттар мен талаптарға сәйкес әрбір Тарап екінші Тараптың көрсетілетін қызметтеріне және көрсетілетін қызметтерді берушілерге көрсетілетін қызметтерді беруге әсер ететін барлық шараларға қатысты өзінің осыған ұқсас көрсетілетін қызметтеріне және көрсетілетін қызметтерді берушілеріне ұсынатын режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді ұсынады.
2. Тарап 1-тармақтың талабын екінші Тараптың көрсетілетін қызметтеріне және көрсетілетін қызметтерді берушілерге не формальды түрде дәл осындай режимді, не өзінің осыған ұқсас көрсетілетін қызметтеріне және көрсетілетін қызметтерді берушілерге ұсынатын режимнен формальды түрде ерекшеленетін режимді ұсыну жолымен орындай алады.
3. Формальды түрде дәл осындай немесе формальды түрде ерекшеленетін режим, егер ол бәсекелестік шарттарын Тараптың көрсетілетін қызметтерінің немесе көрсетілетін қызметтерді берушілердің пайдасына өзгертсе, екінші Тараптың осыған ұқсас көрсетілетін қызметтеріне немесе көрсетілетін қызметтерді берушілерге қарағанда қолайлылығы кем деп есептеледі.
2.5-бап
Қосымша міндеттемелер
Тараптар 2.3 (Нарыққа қол жеткізу) және 2.4 (Ұлттық режим) баптарына сәйкес тізбеде көрсетілмеген көрсетілетін қызметтер саудасын қозғайтын шараларға, оның ішінде біліктіліктерге, стандарттарға және лицензиялау мәселелеріне қатысты міндеттемелер туралы уағдаласа алады. Мұндай міндеттемелер 2-1-қосымшаға (Ерекшелікті міндеттемелер тізбелері) Тараптың Ерекшелікті міндеттемелері тізбесіне енгізіледі.
2.6-бап
Төлемдер мен аударымдар
1. 7.6-бапта (Төлем теңгерімін қорғау мақсатындағы шектеулер) көзделген жағдайларды қоспағанда, Тарап өзінің Ерекшелікті міндеттемелеріне байланысты ағымдағы операциялар бойынша халықаралық аударымдар мен төлемдерге шектеулерді қолданбайды.
2. Осы тарауда ештеңе де, 7.6-бапты (Төлем теңгерімін қорғау мақсатындағы шектеулер) қоспағанда немесе ХВҚ өтініші бойынша, Тарап осындай операцияларға қатысты өзінің міндеттемелерімен үйлеспейтін капиталмен кез келген операцияларға шектеулер белгілемеген жағдайда, Келісімінің баптарына сәйкес келетін айырбастау әрекеттерін пайдалануды қоса алғанда, ХВҚ Келісімінің баптарына сәйкес ХВҚ мүшелері ретіңде Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
2.7-бап
Монополиялар және ерекше көрсетілетін қызметтерді берушілер
1. Әрбір Тарап кез келген монополиялық көрсетілетін қызметті беруші оның аумағына тиісті нарыққа монополиялық қызметті беру кезінде осы Тараптың ерекшелікті міндеттемелеріне үйлеспейтін тәсілмен әрекет етпеуін қамтамасыз етеді.
2. Егер Тараптың монополиялық берушісі өзінің монополиялық құқықтарынан тыс шығатын және осы Тараптың ерекшелікті міндеттемелері қолданылатын көрсетілетін қызметті беру кезінде не тікелей, не үлестес компания арқылы бәсекелесе, Тарап мұндай беруші оның аумағында осындай міндеттемелермен үйлеспейтін тәсілмен әрекет ете отырып, өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдаланбауын қамтамасыз етеді.
3. Егер Тарапта екінші Тараптың монополиялық көрсетілетін қызметті берушісі 1 немесе 2-тармақтарға сәйкес әрекет етпейді деп пайымдауға негіз болса, ол осындай берушіні белгілейтін, қолдайтын немесе оған өкілеттік беретін басқа Тараптан жүргізілетін операцияларға қатысты нақты ақпарат беруді сұрайды.
4. Осы баптың ережелері Тарап формальды немесе іс жүзінде:
(a) көрсетілетін қызметтерді аз берушілердің санына рұқсат беретін немесе анықтайтын; және
(b) өз аумағында осы берушілер арасындағы бәсекелестікке айтарлықтай кедергі болатын кезде көрсетілетін қызметтерді эксклюзивті жеткізушілер болған жағдайда да қолданылады.
2.8-бап
Ішкі реттеу
1. Ерекшелікті міндеттемелер қабылданған секторларда әрбір Тарап көрсетілетін қызметтер саудасын қозғайтын жалпы қолданылатын шаралардың барлығы ақылға қонымды, объективті және бейтарап түрде қолданылуын қамтамасыз етеді.
2. Егер Тарапқа қызмет көрсету үшін рұқсат талап етілсе, Тараптың құзыретті органдары өзінің заңнамасына сәйкес аяқталды деп есептелетін өтінім берілгеннен кейін ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде өтініш берушіні өтінім бойынша шешім туралы хабардар етеді. Өтініш берушінің сұрау салуы бойынша Тараптың құзыретті органдары жөнсіз кідіртпей өтінімнің мәртебесі туралы ақпарат береді.
3. Біліктілік талаптары мен рәсімдеріне, техникалық стандарттарға және лицензиялық талаптарға байланысты шаралар көрсетілетін қызметтер саудасы үшін негізсіз кедергілер тудырмауын қамтамасыз ету мақсатында әрбір Тарап мұндай шаралардың:
(a) көрсетілетін қызметті беру құзыреттілігі және қабілеттілігі сияқты объективті және ашық өлшемшарттарға негізделуін;
(b) көрсетілетін қызметтің сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті шамадан артық ауыртпалықта болмауын; сондай-ақ
(c) лицензиялау рәсімдері жағдайында олар өздері көрсетілетін қызметті беруге шектеу болмауын қамтамасыз етуге ұмтылады.
4. Егер ерекшелікті міндеттемелер қабылданған секторларда көрсетілетін қызметті беруге рұқсат талап етілсе, әрбір Тарап мыналарды:
(a) оның құзыретті органдары лицензияға арналған өтінімді өңдеу үшін қараудың болжалды мерзімдерін белгілеуін;
(b) оның құзыретті органдары жөнсіз кідіртпей лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдауын;
(c) оның құзыретті органдары өтініш берушінің сұрау салуы бойынша өтінімді өндеудің болжалды мерзімі өткеннен кейін өтініш берушіні өтінімнің мәртебесі туралы хабардар етуін;
(d) өтінім қабылданбаған жағдайда өтініш берушіге ақылға қонымды мерзімде өтінімді қайта беруге рұқсат етілуін қамтамасыз етуге ұмтылады.
5. Егер ГАТС-тың VI бабының 4-тармағына байланысты келіссөздердің нәтижелері (немесе екі Тарап қатысатын басқа да көпжақты форумдарда жүргізілген кез келген осыған ұқсас келіссөздердің нәтижелері) күшіне енсе, онда осы Келісімге сәйкес осы нәтижелерді қолданысқа енгізу үшін Тараптар арасындағы консультациялардан кейін осы бапқа тиісті өзгерістер енгізіледі.
3-ТАРАУ ИНВЕСТИЦИЯ
3.1-бап
Анықтамалар
Осы тараудың мақсаттары үшін:
(a) "өтініш беруші" екінші Тараппен инвестициялық даудың тарапы болып табылатын Тараптың инвесторын білдіреді;
(b) "дауласушы тараптар" өтініш беруші мен жауапкерді білдіреді;
(c) "дау Тарапы" не өтініш берушіні, не жауапкерді білдіреді;
(d) "еркін пайдаланылатын валюта" Халықаралық валюта қоры Келісімнің баптарына және оған кез келген түзетулерге сәйкес ХВҚ-да айқындалған "еркін пайдаланылатын валютаны" білдіреді;
(e) "ИДРХО" Инвестициялық дауларды шешу жөніндегі халықаралық орталықты білдіреді;
(f) "ИДРХО қосымша тетігінің қағидалары" 2006 жылғы 10 сәуірде күшіне енген түзетулермен Инвестициялық дауларды шешу жөніндегі халықаралық орталық Хатшылығының Сот ісін жүргізуді әкімшілендіру үшін қосымша тетік құруды реттейтін қағидаларды білдіреді;
(g) "ИДРХО Төрелік ережелері" 2006 жылғы 10 сәуірде күшіне енген түзетулермен Төрелік талқылау рәсімінің қағидаларын (Төрелік қағидалары) білдіреді;
(h) "ИДРХО конвенциясы" 1965 жылғы 18 наурызда Вашингтонда қол қойылған Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердің азаматтары арасындағы инвестициялық дауларды шешу туралы конвенцияны білдіреді;
(і) "осы Келісімнің тарапы болып табылмайтын тараптың инвесторы" Тараптардың ешқайсысына тиесілі емес кез келген жеке немесе заңды тұлғаны білдіреді;
(j) "Нью-Йорк конвенциясы" Біріккен Ұлттар Ұйымы 1958 жылғы 10 маусымда Нью-Йоркте қабылдаған Шетелдік төрелік шешімдерді тану және орындау туралы конвенцияны білдіреді;
(k) "жауапкер" инвестициялық даудың тарапы болып табылатын Тарапты білдіреді;
(l) "үшінші тараптың қаржыландыруы" дау тарапы болып табылмайтын, бірақ талқылаудың бір бөлігін немесе бүкіл құнын қаржыландыру мақсатында дау тарапымен келісім жасасқан жеке немесе заңды тұлға беретін не
(i) қайырымдылық немесе грант нысанындағы; немесе
(ii) даудың нәтижесіне байланысты сыйақыға айырбасқа кез келген қаржыландыруды білдіреді.
(m) "ЮНСИТРАЛ төрелік регламенті" 1976 жылғы 15 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының Төрелік қағидаларын білдіреді.
А бөлімі: Инвестиция
3.2-бап
Қамту
1. Осы тарау Тарап мыналарға:
(a) екінші Тараптың инвесторларына; және
(b) осы Келісім күшіне енгенге дейін немесе одан кейін бірінші Тараптың аумағында жасалған екінші Тарап инвесторларының инвестицияларына қатысты қабылдаған немесе қолданатын шараларға қолданылады.
2. Осы тарау мыналарға:
(a) 3.10 (Экспроприация) және 3.12 (Аударымдар) баптарды қоспағанда, кез келген салықтық шараға;
(b) тиісті Тараптың аумағында мемлекеттік билік функцияларын жүзеге асыру кезінде ұсынылатын қызметтерге қолданылмайды. Осы тараудың мақсаттары үшін мемлекеттік билік функцияларын жүзеге асыру кезінде ұсынылатын қызмет коммерциялық емес негізде ұсынылатын, сондай-ақ бір немесе бірнеше көрсетілетін қызметтерді берушілер бәсекелес емес ортада ұсынатын кез келген көрсетілетін қызметті білдіреді; және
(c) көрсетілетін қызмет секторы Тараптың 2-1-қосымшадағы ерекшелікті міндеттемелер тізбесіне енгізілгеніне қарамастан, Тарап қабылдаған немесе жүзеге асыратын, көрсетілетін қызметтер саудасына әсер ететін шараларға қолданылмайды. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, 2-тарауға (Көрсетілетін қызметтер саудасы) сәйкес 3.3 (Инвестицияларды көтермелеу және қорғау), 3.7 (Шығыстарды өтеу), 3.10 (Экспроприация), 3.11 (Суброгация), 3.12-баптар (Аударымдар) және В бөлімі (Инвестор мен мемлекет арасындағы дауларды шешу) бір Тараптың көрсетілетін қызметтерді берушісінің екінші Тараптың аумағында коммерциялық қатысуы арқылы көрсетілетін қызметтерді ұсынуын қозғайтын кез келген шараға mutatis mutandis, бірақ мұндай көрсетілетін қызметтер секторы 2-1-қосымшада (Ерекшелікті міндеттемелер тізбелері) Тараптың ерекшелікті міндеттемелері тізбесіне енгізілген не енгізілмегеніне қарамастан, осы тарауға сәйкес инвестициялар мен міндеттемелерге қандай да бір осындай шараларға жататындай шамада ғана қолданылады.
3. Осы Келісім болған оқиғалардан туындайтын талап қоюларға9 немесе осы Келісім күшіне енгенге дейін ұсынылған талап қоюларға қолданылмайды.
________________________
9Неғұрлым айқындылық үшін осы Келісім қандай да бір Тарапты осы Тарап үшін осы Келісім күшіне енген күнге дейін орын алған іс-қимылға немесе фактіге немесе өзінің болуын тоқтатқан жағдайға қатысты міндеттемейді.
3.3-бап
Инвестицияларды көтермелеу және қорғау
1. Әрбір Тарап өзінің заңнамасына және жалпы экономикалық саясатына сәйкес өз аумағында инвестицияларды жүзеге асыру үшін екінші Тараптың инвесторларын көтермелейді және олар үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
2. Әрбір Тарап екінші Тараптың инвесторларының инвестицияларына әділ және тең құқықтық режимді, әдеттегі халықаралық құқыққа сәйкес толық қорғау мен қауіпсіздікті ұсынады. "Әділ және тең құқықтық режимін" қамтамасыз ету міндеттемесі қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік сот талқылауында сот төрелігінен бас тартпау міндеттемесін қамтиды. "Толық қорғау мен қауіпсіздікті" қамтамасыз ету міндеттемесі әр Тараптан әдеттегі халықаралық құқыққа сәйкес талап етілетін полицияның қорғаныс деңгейін қамтамасыз етуді талап етеді. "Әділ және тең құқықтық режим" және "толық қорғау және қауіпсіздік" ұғымдары қосымша режимді немесе әдеттегі халықаралық құқыққа сәйкес талап етілетіннен тыс режимді талап етпейді және қосымша материалдық құқықтар қалыптастырмайды.
3. Осы Келісімнің немесе жеке халықаралық Келісімнің басқа ережесін бұзудың орын алғанын айқындау осы баптың бұзылуының орын алғанын белгілемейді.
3.4-бап
Ішкі реттеу
1. Осы бап Тараптардың олардың аумағында заңды тұлғалар құруды, сатып алуды немесе ұстауды қозғайтын лицензиялық талаптар мен рәсімдерге немесе біліктілік талаптары мен рәсімдерге байланысты шараларына қолданылады.
2. Осы бап мыналарға:
(a) осы Тарап 3-1 және 3-2-қосымшалардағы (Сәйкес келмейтін шаралар) өзінің тізбесінде көрсеткендей, Тарап қабылдаған немесе қолданатын сәйкес келмейтін шараларға; және
(b) Тараптың өз аумағында мыналар:
(i) екінші Тараптың инвесторы; немесе
(ii) 1.4-баптың (m) тармақшасында (Жалпы қолданылатын анықтамалар) анықталғандай екінші Тарап инвесторларының инвестициялары арқылы көрсетілетін қызметтер саудасын қозғайтын шараларына қолданылмайды.
3. Әрбір Тарап лицензиялық талаптар мен рәсімдерге және біліктілік талаптары мен рәсімдерге байланысты шаралардың ақылға қонымды, объективті және бейтарап түрде қолданылуын қамтамасыз етуге ұмтылады.
4. Заңды тұлғаны құруға, сатып алуға немесе ұстауға рұқсат талап етілген жағдайларда Тараптың құзыретті органдары ішкі заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес толық деп танылған өтініш берілгеннен кейін ақылға қонымды мерзімде өтініш берушіні осы өтініш бойынша қабылданған шешім туралы хабардар етеді. Бұл іс жүзінде қаншалықты мүмкін болса, құзыретті органдар өтінішті қараудың болжамды мерзімдерін белгілейді. Өтініш берушінің өтініші бойынша Тараптардың құзыретті органдары өтінімнің мәртебесі туралы ақпаратты негізсіз кідіріссіз ұсынады.
3.5-бап
Ұлттық режим
1. Әрбір Тарап екінші Тараптың инвесторларына ол ұқсас жағдайларда өз аумағында инвестицияларды құруға, сатып алуға, кеңейтуге, басқаруға, жүргізуге, пайдалануға, сатуға немесе өзге де билік етуге қатысты өзінің жеке инвесторларына ұсынатын режимнен қолайлылығы кем емес режим ұсынады.
2. Әрбір Тарап екінші Тарап инвесторларының инвестицияларына ол ұқсас жағдайларда өз аумағында инвестицияларды құруға, сатып алуға, кеңейтуге, басқаруға, жүргізуге, пайдалануға, сатуға немесе өзге де билік етуге қатысты өзінің жеке инвесторларының инвестицияларына ұсынатын режимнен қолайлылығы кем емес режим ұсынады.
3.6-бап
Барынша қолайлылық режимі
1. Әрбір Тарап екінші Тараптың инвесторларына ол ұқсас жағдайларда өз аумағында инвестицияларды құруға, сатып алуға, кеңейтуге, басқаруға, жүргізуге, пайдалануға, сатуға немесе өзге де билік етуге қатысты Тарап болып табылмайтын кез келген мемлекеттің инвесторларына ұсынатын режимнен қолайлылығы кем емес режим ұсынады.
2. Әрбір Тарап екінші Тарап инвесторларының инвестицияларына ол ұқсас жағдайларда өз аумағында инвестицияларды құруға, сатып алуға, кеңейтуге, басқаруға, жүргізуге, пайдалануға, сатуға немесе өзге де билік етуге қатысты Тарап болып табылмайтын кез келген мемлекеттің инвесторларының инвестицияларына ұсынатын режимнен қолайлылығы кем емес режим ұсынады.
3. Неғұрлым айқындылық үшін 1 және 2-тармақтар инвесторларға В бөлімінде (Инвестор мен мемлекет арасындағы дауларды шешу) баяндалғандардан өзгеше дауларды шешу бойынша мүмкіндіктер немесе рәсімдер беру ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
3.7-бап
Шығыстарды өтеу
1. Екінші Тараптың аумағындағы инвестициялары соғыстан немесе басқа қарулы қақтығыстан, ұлттық төтенше жағдайдың жай-күйінен, бүліктен, көтерілістен, бүліншіліктен, тәртіпсіздіктерден немесе соңғы Тараптың аумағындағы кез келген осындай жағдайдан залал шеккен бір Тараптың инвесторларына, соңғы Тарап, егер осындайлар бар болса реституцияға, өтеуге, өтемақыға немесе өзге де реттеуге қатысты бірінші Тарап инвесторларының инвестициялары үшін не қолайлырақ екендігіне байланысты осы Тарап өзінің жеке инвесторларының инвестицияларына немесе осы Келісімнің тарапы болып табылмайтын кез келген тарап инвесторларының инвестицияларына ұсынатын режимнен қолайлылығы кем емес режим ұсынады. Алынған кез келген өтемақы еркін пайдаланылатын валютада жүргізіледі және 3.12-бапқа (Аударымдар) сәйкес еркін аударылуы мүмкін.
2. 1-тармаққа қарамастан, егер Тараптың инвесторы 1-тармақта көрсетілген жағдайларда:
(a) оның инвестицияларын немесе олардың бір бөлігін соңғы Тараптың күштерімен немесе билігімен реквизициялау; немесе
(b) қалыптасқан жағдайдың қажеттілігі талап етпеген оның инвестицияларын немесе олардың бір бөлігін соңғы Тараптың күштерімен немесе билігімен бұзу салдарынан органдары салған инвестициясының екінші Тараптың аумағындағы шығындардан зардап шегетін болса, соңғы Тарап инвесторларға осындай шығын үшін реституция, өтемақы немесе жағдайға байланысты екеуін де ұсынады.
3.8-бап
Қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар
ДСҰ-ның Сауда-саттыққа байланысты инвестициялық шаралар жөніндегі келісімінің (ТРИМС) ережелері осы Келісімде нақты аталмаған немесе өзгертілмеген ДСҰ Келісіміне 1А қосымшаға сәйкес осы Келісімге mutatis mutandis қолданылады.
3.9-бап
Сәйкес келмейтін шаралар
1. 4.5 (Ұлттық режим) және 3.6 (Барынша қолайлылық режимі) баптары мыналарға:
(а) Тарап өзінің 3-1-қосымшадағы (Сәйкес келмейтін шаралар) тізбесіне сәйкес сақтайтын кез келген қолданыстағы талаптарға сәйкес келмейтін шараға;
(b) (а) тармақшасында аталған кез келген сәйкес келмейтін шараны жалғастыруға немесе дереу ұзартуға; немесе
(c) (а) тармақшасында аталған кез келген сәйкес келмейтін өлшемге түзетулер, бұл түзету шараның сәйкестігін төмендетпейтін дәрежеде, түзету енгізілгенге дейін тікелей болған күйінде 3.5 (Ұлттық режим) және 3.6 (Барынша қолайлылық режимі) баптарға қолданылмайды.
2. 3.5 (Ұлттық режим) және 3.6 (Барынша қолайлылық режимі) баптары 3-2 (Сәйкес емес шаралар) қосымшадағы Тараптың тізбесінде көрсетілген ол қабылдайтын немесе қолдайтын секторларға, кіші секторларға немесе қызмет түрлеріне қатысты қандай да бір шараға қатысты қолданылмайды.
3. Тараптардың ешқайсысы осы Келісім күшіне енген күннен кейін қабылданған және 3-2 (Сәйкес емес шаралар) қосымшасында көзделген қандай да бір шараға сәйкес екінші Тараптың инвесторынан шара күшіне енген кезде болатын инвестицияларды оның азаматтығы себебімен сатуды немесе өзге де жолмен иеліктен шығаруды талап ете алмайды.
4. 3.5 (Ұлттық режим) және 3.6 (Барынша қолайлылық режимі) баптары Тараптардың ТРИПС келісімі бойынша осы Келісімде тікелей көзделген міндеттемелерінен ерекшелік немесе одан ауытқу болып табылатын қандай да бір шараға қатысты қолданылмайды.
3.10-бап
Экспроприация10
1. Мұндай шара кемсітпейтін негізде, қоғамдық мақсаттарда, тиісті құқықтық рәсімге сәйкес және осы бапқа сәйкес өтемақы төленгеннен кейін қабылданатын жағдайларды қоспағанда, Тараптардың ешқайсысы екінші Тарап инвесторының инвестицияларын мемлекеттің меншігіне алмауға, экспроприациялауға немесе мемлекеттің меншігіне алумен немесе экспроприациялаумен (бұдан әрі "экспроприация" деп аталады) баламалы әсері бар шараларға ұшыратпауы тиіс.
2. Экспроприация тез, барабар және тиімді өтемақы төлеумен бірге жүреді. Өтемақы экспроприацияланған инвестициялардың тікелей нақты экспроприацияланғанға дейін немесе бұрын болған жағдайға байланысты алдағы экспроприация туралы жалпыға бірдей белгілі болғанға дейінгі әділ нарықтық құнына баламалы болуы керек. Мұндай өтемақы 3.12-бапқа (Аударымдар) сәйкес тиімді жүзеге асырылуы, еркін пайдаланылуы және еркін аударылуы және негізсіз кідіріссіз төленуі тиіс. Өтемақы экспроприация күнінен бастап төлем күніне дейін есептелетін осы валюта үшін коммерциялық ақылға қонымды мөлшерлеме бойынша пайыздарды қамтуы керек.
3. 1 және 2-тармақтарға қарамастан, жермен байланысты кез келген экспроприациялау шаралары экспроприациялаушы Тараптың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
4. Экспроприациялау немесе бағалау жөніндегі кез келген шараны қатысы бар инвесторлардың өтініші бойынша осындай шараны қабылдайтын Тараптың сот немесе өзге де тәуелсіз органы оның заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта қарауы мүмкін.
5. Осы бап Зияткерлік меншік құқықтарына қатысты берілген міндетті лицензияларды беруге немесе осындай беру, күшін жою, шектеу немесе ТРИПС келісіміне сәйкес құру шартымен зияткерлік меншік құқықтарынан айыруға, шектеуге немесе құруға қолданылмайды.11
____________________________
10 3.10-бап (Экспроприация) 3-3 қосымшаға (Экспроприация) сәйкес түсіндірілуі тиіс.
11 Неғұрлым айқындылық үшін зияткерлік меншік құқығынан айыру термині мұндай Құқықтардан бас тарту немесе күшін жоюды қамтиды, ал зияткерлік меншік құқығын "шектеу" термині осындай құқықтардан алып тастауларды қамтиды.
3.11-бап
Суброгация
1. Егер қандай да бір Тарап (немесе кез келген орган, мекеме, ресми орган немесе ол уәкілеттік берген корпорация) екінші Тараптың инвесторының инвестицияларына немесе оның кез келген бөлігіне қатысты берген өтемінің нәтижесінде осы Келісім бойынша олардың кез келген талаптарына қатысты өз инвесторларына төлем жүргізген жағдайда, бірінші Тарап (немесе кез келген мекеме, мекеме, заң шығарушы орган немесе корпорация) суброгацияға немесе кез келген құқықты немесе құқықтық атақты беруге байланысты өз инвесторларының құқықтарын жүзеге асыру және талаптарын бекітуге құқығы болатынын екінші Тарап мойындайды. Суброгатталған немесе берілген құқықтар немесе талаптар аталған инвестордың бастапқы құқықтарынан немесе талаптарынан аспауға тиіс.
2. Егер Тарап (немесе кез келген орган, мекеме, ресми орган немесе ол уәкілеттік берген корпорация) осы Тараптың инвесторына төлем жасаса және инвестордың құқықтары мен талаптарын қабылдаса, егер ол Тараптың немесе Тарап тағайындаған төлемді жүзеге асыратын органның атынан әрекет етуге уәкілеттік берілмесе, бұл инвестор осы құқықтар мен талаптарды екінші Тарапқа қарсы жүзеге асырмауы тиіс.
3.12-бап
Аударымдар
1. Әрбір Тарап өз аумағында, өз аумағына және өз аумағынан екінші Тарап инвесторының инвестицияларына байланысты аударымдарды еркін және кідіріссіз жүзеге асыруға рұқсат береді. Мұндай аударымдарға мыналар жатады:
(а) инвестор жасаған шарт бойынша жасалған төлемдер немесе оның инвестициялары, соның ішінде кредит шартына сәйкес жасалған төлемдер;
(b) инвестициялардың барлығын немесе кез келген бөлігін сатудан немесе инвестицияларды ішінара немесе толық таратудан түскен пайда, дивидендтер, капитал өсімі және түсімдер;
(c) пайыздар, роялти, басқару алымдары, техникалық көмек алымдары және басқа да алымдар;
(d) 3.7 (Шығындарды өтеу) және 3.10 (Экспроприация) баптарға сәйкес жасалған төлемдер;
(e) бастапқы жарнаны қоса алғанда, капиталға жарналар; және
(f) В бөліміне (Инвестор мен мемлекет арасындағы дауларды шешу) сәйкес туындайтын төлемдер.
2. Әрбір тарап l-тармаққа сәйкес аударым кезінде қолданыста болатын нарықтық айырбас бағамы бойынша еркін пайдаланылатын валютадағы төлемдер мен аударымдарға рұқсат береді.
3. 1 және 2-тармақтардың ережелеріне қарамастан, Тарап төмендегілерге қатысты өз заңнамасын әділ, кемсітусіз және адал қолдану арқылы аударуды кейінге қалдыруы немесе болдырмауы мүмкін:
(a) банкроттық, дәрменсіздік немесе кредит берушілердің құқықтарын қорғау;
(b) бағалы қағаздарды, фьючерстерді, опциондарды немесе туынды құралдарды шығару, сату немесе олардың айналымы;
(c) құқық қорғау органдарына немесе қаржылық реттеу органдарына көмек көрсету үшін қажет болған жағдайда қаржылық есептілік немесе валюта аударымдарын есепке алу;
(d) қылмыстық құқық бұзушылықтар;
(e) сот талқылауларында қаулылардың немесе сот шешімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
(f) әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы және міндетті жинақ бағдарламалары; немесе
(g) салық салу.
4. Тараптар 3(d) тармақшасы ақшаны жылыстатудың, терроризмнің және таратуды қаржыландырудың алдын алу үшін Қаржылық іс-шаралар жөніндегі нысаналы топтың халықаралық стандарттарына сәйкес қабылданатын шараларға қолданылуы мүмкін екенін түсінеді.
5. Егер Тарап 7.6-бапта (Төлем балансын қорғау мақсатындағы шектеулер) немесе ХВҚ өтініші бойынша көзделгендерді қоспағанда, осы тарауда қабылданған міндеттемелеріне сәйкес келмейтін және осындай операцияларға қатысты капиталмен қандай да бір операцияларға шектеулер белгілемеген жағдайда, аталған баптарға сәйкес келетін айырбастау операцияларын қолдануды қоса алғанда, осы тарауда ештеңе Келісімнің баптарына сәйкес ХВҚ мүшелерінің құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
3.13-бап
Ерекше формальдылықтар және ақпаратпен жұмыс істеу
1. 3.5-бапта (Ұлттық режим) ештеңе тіркеу үшін тұрғылықты жері туралы талап немесе оның заңнамасына сәйкес инвестициялардың заңды түрде құрылуы туралы талап сияқты, егер мұндай формальдылықтар осы тарауға сәйкес екінші Тараптың инвесторларына және инвестицияларға Тарап беретін қорғауға елеулі залал келтірмейтін жағдайда, Тарапқа инвестицияларға байланысты ерекше формальдылықты белгілейтін шараны қабылдауға немесе сақтауға кедергі келтіретін ретінде түсіндірілмеуі керек.
2. 3.5-бапқа (Ұлттық режим) және 3.6-бапқа (Барынша қолайлылық режимі) қарамастан, Тарап екінші Тараптың инвесторынан немесе оның инвестицияларынан осы инвестициялар туралы ақпаратты тек қана ақпараттық немесе статистикалық мақсаттарда ұсынуды талап етуі мүмкін. Тарап құпия болып табылатын осындай ақпаратты инвестордың бәсекелестік жағдайына немесе инвестицияларға нұқсан келтіретін кез келген ашудан қорғауы тиіс. Осы тармақта ештеңе Тарапқа өз заңнамасын әділ және адал қолдануға байланысты ақпаратты өзге де алуға немесе ашуға кедергі келтіретін ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
В бөлімі: Инвестор мен мемлекет арасындағы дауларды шешу
3.14-бап
Қамту
1. Осы бөлім инвесторға немесе оның инвестицияларына шығын немесе залал келтіретін, осы тарауға сәйкес бірінші Тараптың міндеттемелерін болжамды бұзуға қатысты Тарап пен екінші Тараптың инвесторы арасындағы дауларға қолданылады.
2. Осы бөлім темекіге немесе темекіге байланысты өнімдерге қатысты Тарап инвесторларға немесе инвестицияларға беретін қандай да бір қабылданған немесе қолданатын шараға немесе кез келген режимге қатысты кез келген дауға қолданылмайды.12
3. Осы бөлім 3.4-бапқа (Ішкі реттеу) сәйкес туындайтын кез келген мәселеге қатысты кез келген дауларға қолданылмайды.
____________________
12Осы тараудың мақсаттары үшін "темекі немесе темекі бұйымдары" 24-тараудың (Темекі және өндірілген темекі алмастырғыштар) қолданысына жататын өнімдерді және Келісілген жүйенің 24-тарауының (Темекі және өндірілген темекі алмастырғыштар) қолданысына жатпайтын темекі бұйымдарын білдіреді.
3.15-бап
Төрелік талқылауды құру
1. Дауласушы тараптар бастапқыда дауды консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы шешуге ұмтылады.
2. Егер дауды 1-тармаққа сәйкес консультациялар мен келіссөздерге жазбаша сұрау салынған күннен бастап алты (6) ай ішінде шешу мүмкін болмаса, өтініш беруші төрелік сотқа:
(a) өз атынан жауапкердің осы Келісім бойынша міндеттемені бұзғаны және өтініш берушінің осындай бұзушылықтың салдарынан немесе нәтижесінде шығынға ұшырағаны немесе залал шеккені туралы талап қою; немесе
(b) тікелей немесе жанама түрде өтініш беруші иелік ететін немесе бақылайтын13 заңды тұлға болып табылатын жауапкердің заңды тұлғасының атынан жауапкердің осы Келісім бойынша міндеттемені бұзғаны және заңды тұлға осы бұзушылықтың салдарынан немесе нәтижесінде шығындар немесе залал келтіргені үшін талап қою беруі мүмкін.
3. Өтініш беруші төрелік сотқа:
(а) екі Тарапта ИДРХО конвенциясының тараптары болған жағдайда, ИДРХО конвенциясына және ИДРХО Төрелік ережелеріне сәйкес;
(b) Тараптардың екеуі де емес, бірі ИДРХО конвенциясының тарапы болған жағдайда ИДРХО механизмінің қосымша ережелеріне сәйкес;
(c) ЮНСИТРАЛ-дың Төрелік регламентіне сәйкес; немесе
(d) кез келген басқа төрелік институттарға немесе егер дау тараптары келіссе, кез келген басқа төрелік ережелерге сәйкес талап арыз бере алады.
_____________________
13Заңды тұлға:
a) егер ондағы үлестің 50 пайыздан астамы осы Тараптың жеке тұлғаларының немесе кәсіпорындарының мүлкіне тиесілі болса, екінші Тараптың жеке тұлғаларына немесе кәсіпорындарға тиесілі;
b) егер мұндай жеке тұлғалар немесе кәсіпорындар өз директорларының көпшілігін тағайындауға немесе өз іс-әрекеттерін басқа жолмен заңды түрде бағыттауға құқылы болса, оны екінші Тараптың жеке тұлғалары немесе кәсіпорындары бақылайды.
4. Әрбір Тарап осы бөлімнің ережелеріне сәйкес 3(a), 3(b) және 3(c) тармақтарына сай:
(a) осы Келісім бойынша талапкерге немесе оның инвестицияларына шығындар немесе залал келтірген міндеттеменің бұзылғаны туралы өтініш берушіге белгілі болған немесе анық белгілі болуға тиісті сәттен бастап үш жыл ішінде дауды осындай төрелік сотқа беру орын алған;
(b) өтініш беруші 3-тармаққа сәйкес дауды төрелік сотқа бергенге дейін өтініш беруші жауапкердің заңды тұлғасы болып табылмаған;
(c) өтініш беруші осы бөлімде баяндалған ережелерге сәйкес төрелік талқылауға жазбаша келісім берген; сондай-ақ
(d) өтініш беруші өзінің дауды осындай төрелікке беру ниеті туралы талап қою берілгенге дейін кемінде отыз (30) күн бұрын жауапкерге тапсырылуы тиіс және онда:
(і) өтініш берушінің аты-жөні және мекенжайы, егер дау заңды тұлғаның атынан берілсе, заңды тұлғаның атауы, мекенжайы және құрылған орны көрсетілетін;
(ii) 3-тармақта аталған форумдардың бірі дауларды шешу үшін форум ретінде тағайындалатын;
(iii) мыналармен:
(A) 2(a) тармақшасына сәйкес төрелікке берілген шағымдар үшін өтініш берушінің талаптардан жазбаша бас тартуымен; және
(B) 2(b) тармақшасына сәйкес төрелікке берілген шағымдар үшін өтініш беруші мен заңды тұлғаның шағымдардан жазбаша бас тартуымен, кез келген талқылауды қозғау немесе жалғастыру құқығынан (3.20-баптың 1-тармағында (Уақытша қорғау шаралары және дипломатиялық қорғау көрсетілген уақытша қорғау шараларын қолдану туралы талқылауларды қоспағанда) осы дау шеңберіндегі мәселеге қатысты 3-тармақта аталған басқа форумдардың кез келгеніне дейін сүйемелдеумен; сондай-ақ
(iv) осы Келісімге сәйкес жауапкердің болжамды бұзушылығы (бұзылған деп мәлімделген ережелерді қоса алғанда), даудың құқықтық және нақты негізі, сондай-ақ осы бұзушылық нәтижесінде өтініш берушіге немесе оның инвестицияларына келтірілген шығындары немесе залал қысқаша баяндалатын жазбаша хабарлама берген жағдайларда дауды төрелікке беруге келісім береді.
5. Жауапкер тарапының өтініші бойынша трибунал өтініш беруші 4-тармақта аталған талаптардың қайсыбірін орындамаған жағдайларда істі қараудан бас тартады.
6. 4-тармаққа сәйкес Келісім және осы бөлімге сәйкес төрелікке талап арыз беру:
(a) ИДРХО конвенциясының II тарауының (орталықтың юрисдикциясы) және дау тараптарының жазбаша келісімі үшін ИДРХО қосымша ережелерінің; және
(b) "жазбаша Келісім" туралы Нью-Йорк конвенциясының II бабының талаптарын қанағаттандыруға тиіс.
7. Осы бөлімге сәйкес төрелікке берілген талап арыз Нью-Йорк конвенциясының I бабының мақсаттары үшін коммерциялық қатынастар немесе мәміле нәтижесінде пайда болған деп есептеледі.
3.16-бап
Төрелік сотты құру
1. Егер дау тараптары өзгеше уағдаласпаса, төрелік сот үш төрешіден тұратын болады. Даудың әрбір тарапы бір төрешіні тағайындайды және даудың тараптары төрелік соттың төрағасы болатын үшінші төрешіні бекітуге тиіс. Егер төрелік сот төрелікке талап арыз берілген күннен бастап (тоқсан) 90 күн ішінде не дау тарапы төрешіні тағайындамағандықтан, не дау тараптары төрағаны тағайындау туралы уағдаласа алмағандықтан құрылмаса, онда дау тараптарының кез келгенінің талабы бойынша ИДРХО Бас Хатшысы өз қалауы бойынша тағайындалмаған төрешіні немесе төрешілерді тағайындайды.
2. 1-тармақтың мақсаттары үшін, егер ИДРХО Бас хатшысы Тараптардың кез келгенінің азаматы немесе тұрақты тұрғыны болып табылса, ИДРХО Бас хатшысының орынбасары немесе кез келген Тараптың азаматы немесе тұрақты тұрғыны болып табылмайтын келесі жоғары тұрған лауазымды адам қажетті тағайындау немесе тағайындаулар жасауы тиіс.
3. Төрешілер:
(a) халықаралық жария құқық немесе халықаралық инвестициялық құқық саласында тәжірибесі немесе арнаулы білімі болуы; және
(b) Тараптардан және дауласушы инвестордан тәуелсіз болуы және үлестес тұлға болмауы немесе олардың кез келгенінен нұсқаулар алмауға тиіс.
3.17-бап
Түсіндіру ережелері
Тараптар осы Келісімнің ережелерін түсіндіруді қабылдай алады. Тараптардың осы Келісімнің ережесін түсіндіру туралы бірлескен шешімі трибунал үшін міндетті болып табылады және кез келген шешім немесе трибунал шығарған шешім осы бірлескен шешімге сәйкес келуі тиіс.
3.18-бап
Төрелік орны
Егер дау тараптары өзгеше уағдаласпаса, трибунал бұл орын Нью-Йорк конвенциясының тарапы болып табылатын мемлекеттің аумағында болған жағдайда, қолданылатын төрелік қағидаларға сәйкес төрелік орнын айқындайды.
3.19-бап
Төрелік талқылауды жүргізу
1. Осы бөлімге сәйкес құрылған трибунал осы Келісімге және халықаралық құқықтың қолданылатын нормалары мен қағидаттарына сәйкес даулы мәселелерді шешеді.
2. Трибуналдың басқа да қарсылықтарды алдын ала мәселе ретінде қарау өкілеттігіне нұқсан келтірместен, мысалы, трибуналдың юрисдикциясына қарсылықты қоспағанда, дау трибуналдың құзыретіне жатпайды деген қарсылық, трибунал қойылған талап заңға сәйкес оған қатысты шешім 3.21-бапқа (Шешім) сәйкес талапкердің пайдасына қабылдануы мүмкін талап арыз болып табылмайтындығы туралы жауапкердің кез келген қарсылығын алдын ала мәселе ретінде қарастыруы және шешуі тиіс.
(a) Мұндай қарсылық трибуналға ол құрылғаннан кейін мүмкіндігінше тезірек және ешбір жағдайда трибунал жауапкердің өзінің қарсы меморандумын ұсынуын белгілейтін күннен (немесе төрелік туралы хабарламаға түзету енгізілген жағдайда, төрелік сот жауапкерге өзінің түзетуге жауабын ұсыну үшін тағайындайтын күннен) кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.
(b) Осы тармақ бойынша қарсылық алған кезде трибунал істің мәні бойынша кез келген іс жүргізуді тоқтата тұрады, кез келген басқа алдын ала мәселені қарау үшін белгіленген кез келген графикке сәйкес қарсылықты қарау графигін белгілейді және ол үшін негіздерді баяндайтын қарсылық туралы аралық шешім немесе түпкілікті шешім шығарады.
(c) Осы тармақ бойынша шешім қабылдаған кезде трибунал төрелік туралы хабарламада (немесе оның кез келген түзетуінде) кез келген талапты, ал ЮНСИТРАЛ Төрелік қағидаларына сәйкес берілген дауларда ЮНСИТРАЛ Төрелік ережелерінің тиісті бабында айтылған өтінішті қолдау үшін шынайы өтініш берушінің нақты бекітулерін қабылдайды. Трибунал кез келген тиісті даулы емес фактілерді қарастыра алады.
(d) Жауапкер осы тармақты орындағаны немесе оған қарсылық білдірмегені немесе 3-тармақта көрсетілген жеделдетілген рәсімді пайдаланғаны себебінен жауапкер құзыреттілікке қатысты қандай да бір қарсылықтардан немесе мәні бойынша қандай да бір дәлелдерден бас тартпайды.
3. Егер жауапкер трибунал құрылғаннан кейін қырық бес (45) күн ішінде сұрау салса, трибунал 2-тармаққа сәйкес қарсылық бойынша немесе дау трибуналдың юрисдикциясына кірмейтіндігін қоса алғанда, даудың трибуналдың құзыретіне жатпайтыны туралы кез келген қарсылық бойынша жеделдетілген негізде шешім қабылдайды. Трибунал кез келген іс жүргізуді мәні бойынша тоқтата тұрады және сұрау салу күнінен кейін бір жүз елу (150) күннен кешіктірмей оған (оларға) негіздемелер жаза отырып, қарсылық(тар) бойынша аралық шешім немесе түпкілікті шешім шығарады. Алайда, егер дау тарапы тыңдауды сұраса, шешім немесе сот актісін қабылдау үшін трибуналға қосымша отыз (30) күн қажет болуы мүмкін. Тыңдау сұралғанына-сұралмағанына қарамастан, трибунал күтпеген себептер туындаған кезде өз шешімін немесе сот актісін отыз (30) күннен аспайтын қосымша қысқа мерзімге кейінге созуы мүмкін.
4. Егер ол 2 немесе 3-тармаққа сәйкес респонденттің қарсылығы бойынша шешім қабылдаса, онда трибунал, егер бұл ақталатын болса, қарсылық білдіруге немесе наразылық білдіруге байланысты туындаған ақылға қонымды шығындар мен адвокатқа төленген шығыстардың орнын даудың басым тарапына толтыра алады. Мұндай шешімнің негізді екендігін анықтау кезінде трибунал өтініш берушінің талабы немесе респонденттің қарсылығы негізсіз болып табылатындығы туралы мәселені қарастырады және дауласушы тараптарға сөйлеуге ақылға қонымды мүмкіндік береді.
3.20-бап
Уақытша қорғау шаралары және дипломатиялық қорғау
1. 3.15-баптың (Төрелік талқылауды құру) 4(d)(iii) тармақшасы өтініш берушіге оның құқықтары мен мүдделерін сақтау үшін 3.15-баптың (Төрелік талқылауды құру) 3-тармағында аталған дауларды шешу жөніндегі кез келген форумда сот талқылауы басталғанға дейін соттарда немесе жауапкердің әкімшілік трибуналдарында қаралатын мәселенің мәні бойынша залал төлеуге немесе шешуге байланысты емес уақытша қорғау шараларын сұрауға кедергі келтірмейді.
2. Тараптардың ешқайсысы дипломатиялық қорғауды ұсынбауға немесе оның инвесторларының бірі және екінші Тарап осындай дауда шығарылған шешімді сақтамаған жағдайлардан басқа, осы бөлімге сәйкес екінші Тарап төрелікке ұсынуға немесе беруге келіскен дауға қатысты халықаралық талап қоймауы тиіс. Осы тармақтың мақсаттары үшін дипломатиялық қорғау дауды шешуді жеңілдету мақсатында бейресми дипломатиялық алмасуларды қамтымайды.
3.21-бап
Шешім
1. Егер трибунал жауапкерге қарсы түпкілікті шешім қабылдаса, трибунал жеке немесе жиынтықта:
(a) ақшалай залалды және кез келген қолданылатын пайыздарды; және
(b) мүлік реституциясын ғана бере алады және бұл жағдайда шешімде жауапкердің реституциясының орнына ақшалай залалды және кез келген қолданылатын өтемақыны төлей алатыны көзделеді.
Трибунал осы бөлімге және қолданыстағы төрелік қағидаларға сәйкес адвокатқа шығыстары мен төлемдерін өтеуді де тағайындай алады.
2. Кез келген төрелік шешім дау тараптары үшін түпкілікті және міндетті болып табылады. Әрбір Тарап өзінің тиісті заңнамасына сәйкес шешімнің танылуын және орындалуын қамтамасыз етеді.
3. Егер талап жауапкердің заңды тұлғасы атынан берілсе, төрелік шешім заңды тұлғаға жіберілуге тиіс.
3.22-бап
Шығыстар
1. Трибунал төрелік талқылау шығыстарын даудың жеңілген тарапы көтеруі туралы шешім шығарады. Ерекше жағдайларда, егер трибунал мұндай бөлу істің мән-жайларында орынды деп санаса, төрелік шығыстарды дау тараптары арасында бөле алады.
2. Басқа ақылға қонымды шығыстарды, оның ішінде заңды өкілдік пен көмек шығыстарын, егер трибунал істің мән-жайларын ескере отырып, мұндай бөлудің ақылға қонымсыз екенін анықтамаса, дауда жеңілген тарап көтереді.
3. Егер талаптардың бір бөлігі ғана қанағаттандырылса, берілген шығыстар талаптардың қанағаттандырылған бөліктерінің санына немесе көлеміне пропорционалды түрде түзетіледі.
4. Тиісті өтініш бойынша трибунал, егер өтініш беруші өзіне қарсы шығарылған шығыстар туралы ықтимал шешімді орындай алмау қаупі бар деп санауға ақылға қонымды негіздер болса, өтініш берушінің шығыстардың барлығын немесе бір бөлігін жабуды қамтамасыз етуіне билік ете алады.
5. Егер трибунал қаулы шығарғаннан кейін отыз (30) күн ішінде немесе трибунал белгілеген кез келген басқа мерзім ішінде шығыстарды қамтамасыз ету толық көлемде ұсынылмаса, трибунал бұл туралы дау тараптарына хабар береді. Трибунал іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру немесе тоқтату туралы қаулы шығара алады.
3.23-бап
Шоғырландыру
1. Осы бөлімге сәйкес екі немесе одан көп талап қою төрелікке бөлек ұсынылған және талап қоюларда жалпы құқық немесе факт туралы мәселе болған және сол оқиғалардан немесе мән-жайлардан туындайтын жағдайларда, даудың кез келген тарапы осы баптың тәртібіне немесе шарттарына сәйкес қамтылуы талап етілетін даудың барлық тараптарының келісіміне сәйкес шоғырландыру туралы бұйрықты сұрата алады.
2. Осы бапқа сәйкес шоғырландыру туралы бұйрық алуға ұмтылатын дау тарапы жазбаша нысанда ИДРХО Бас хатшысына және бұйрықта қамтылған даудың барлық тараптарына бұйрықта қамтылған даудың барлық тараптарының аты-жөні мен мекенжайларын; сұрау салудың сипатын; және бұйрық сұратылатын негіздерді көрсете отырып, өтініш жібереді.
3. Егер ИДРХО Бас хатшысы 2-тармаққа сәйкес сұрау салуды алғаннан кейін отыз (30) күн ішінде сұрау салудың анық негізсіз болып табылатынын анықтамаса, осы бапқа сәйкес трибунал құрылады.
4. Егер шоғырландыру туралы бұйрықта қамтылған даудың барлық тараптары басқаша келіспесе, осы бапқа сәйкес құрылған трибунал үш төрешіден тұруға тиіс:
(a) дауласушы инвесторлардың келісімі бойынша тағайындалған бір төреші;
(b) жауапкер тағайындаған бір төреші; сондай-ақ
(c) ИДРХО Бас хатшысы тағайындаған трибуналдың төрағасы.
5. Егер Бас хатшы 2-тармаққа сәйкес сұрау салуды алған күннен бастап алпыс (60) күн ішінде жауапкер Тарап немесе дауласушы инвесторлар 4-тармаққа сәйкес төрешіні тағайындай алмаса, онда Бас хатшы бұйрықпен қамтылған даудың кез келген Тарапының сұрау салуы бойынша әлі тағайындалмаған төрешіні немесе төрешілерді тағайындайды.
6. Егер осы бапқа сәйкес құрылған трибунал 3.15-бапқа (Төрелік талқылауды құру) сәйкес төрелікке берілген екі немесе одан көп талап қоюдың құқық туралы немесе жалпы факт туралы мәселе бар екеніне және сол оқиғалардан немесе мән-жайлардан туындайтынына сенімді болса, трибунал талаптарды әділ және тиімді шешу мүддесінде және дау тараптарын тыңдағаннан кейін бұйрықпен:
(a) талап қоюдың барлығына немесе бір бөлігіне қатысты юрисдикцияны қабылдауы, оларды тыңдауы және олар бойынша бірлескен шешім шығаруы мүмкін;
(b) юрисдикцияны алуы және бір немесе бірнеше талап қоюды тыңдауы және анықтауы, олардың анықтамасы басқа талап қоюларды шешуге ықпал етеді деп санауы мүмкін; немесе
(c) бұрын 3.16-бапқа (Төрелік сотты құру) сәйкес құрылған трибуналға мынадай шарттармен талаптардың барлығына немесе бір бөлігіне қатысты юрисдикцияны қабылдауды, сондай-ақ оларды бірге тыңдауды және анықтауды тапсыруы мүмкін:
(i) бұл трибунал дауға қатысатын, осы трибуналда даудың бұрын тарапы болып табылмайтын кез келген инвестордың өтініші бойынша, дауға қатысатын инвесторлар үшін төреші 4(a) тармақшаға және 5-тармаққа сәйкес тағайындалуға тиіс екенін қоспағанда, өзінің бастапқы құрамында қайта құрылуға тиіс; және
(ii) бұл трибунал кез келген алдыңғы тыңдауды қайта өткізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.
7. Егер трибунал осы бапқа сәйкес құрылған болса, 3.15-бапқа (Төрелік талқылауды құру) сәйкес төрелікке талап қою берген және 2-тармаққа сәйкес берілген өтініште аталмаған дауласушы инвестор трибуналға оны 6-тармаққа сәйкес шығарылған кез келген қаулыға енгізу туралы жазбаша өтінішпен:
(a) дауласушы инвестордың аты-жөні мен мекенжайын;
(b) талап қойылатын ордердің сипатын; және
(c) ордер сұралатын негіздерді көрсете отырып жүгіне алады. Өтініш беруші Бас хатшыға өз өтінішінің көшірмесін ұсынады.
8. Осы бапқа сәйкес құрылған трибунал, осы бөлімде өзгертілген жағдайларды қоспағанда, ЮНСИТРАЛДЫҢ Төрелік қағидаларына сәйкес төрелік талқылауды жүргізеді.
9. 3.16-бапқа (Төрелік сотты құру) сәйкес құрылған трибунал, осы бапқа сәйкес құрылған немесе уәкілеттік берілген трибунал өздеріне қатысты юрисдикцияны қабылдаған талап қою немесе талап қоюдың бөлігі бойынша шешім қабылдау үшін юрисдикцияға ие емес.
10. Дау тарапының өтінішхаты бойынша осы бапқа сәйкес құрылған трибунал 6-тармаққа сәйкес өз шешімі қабылданғанға дейін 3.16-бапқа (Төрелік сотты құру) сәйкес құрылған трибуналда, егер соңғы трибунал өзінің іс жүргізуін кейінге қалдырмаса, іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулы шығара алады.
3.24-бап
Үшінші тараптың қаржыландыруы
1. Үшінші тарап қаржыландырған жағдайда, одан пайда алатын дауға қатысушы тарап дауға қатысушы екінші тарапты және трибуналды атауы мен мекенжайы туралы, сондай-ақ ол қолданылатын жерде қаржыландырушы үшінші тараптың түпкілікті бенефициарлық иесі мен корпоративтік құрылымы туралы хабардар етеді.
2. Мұндай хабарлама талап қою кезінде немесе қаржыландыру шарты жасалған кезде немесе сыйға тарту немесе грант талап қойылғаннан кейін жасалған кезде, шарт жасалғаннан кейін немесе сыйға тарту немесе грант жасалғаннан кейін дереу жасалуға тиіс.
3. 3.22-бапқа (Шығыстар) сәйкес сот шығындарын бөлу кезінде, трибунал үшінші тараптың қаржыландыруының кез келген тетіктерін, оның ішінде осы Баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптардың сақталуын назарға ала алады.
С бөлімі: Қорытынды ережелер
3.25-бап
Халықаралық келісімдерді жариялау
1. Әрбір тарап өзі қол қойған, инвесторларды немесе инвестициялық кызметті қозғайтын немесе оларға қатысты халықаралық келісімдердің дереу жариялануын немесе мүдделі тұлғаларға немесе Тараптарға олармен танысуға мүмкіндік беретіндей өзге де түрде қол жеткізілуін қамтамасыз етеді.
2. Мүмкіндігінше, әрбір Тарап 1-тармақта айтылған халықаралық келісімдерді интернетте қолжетімді етеді. Әрбір Тарап екінші Тараптың сұрау салуы бойынша нақты сұрақтарға дереу жауап береді және екінші Тарапқа 1-тармақта аталған халықаралық келісімдерге қатысты ақпарат береді.
3-3-ҚОСЫМША |
ЭКСПРОПРИАЦИЯ
Тараптар мыналар туралы жалпы түсініктерін растайды:
1. Егер инвестициялардағы материалдық немесе материалдық емес меншік құқығын немесе мүліктік мүддені қозғамаса, Тараптардың әрекеті немесе бірқатар әрекеттері экспроприацияны білдірмейді.
2. 3.10-баптың (Экспроприация) 1-тармағы екі жағдайға қатысты болады. Біріншісі - тікелей экспроприация, онда инвестициялар мемлекет меншігіне алынады немесе меншік құқығын формальды түрде беру немесе тікелей тыйым салу арқылы тікелей экспроприацияланады.
3. 3.10-баптың (Экспроприация) 1-тармағында қаралатын екінші жағдай Тарап әрекетінің немесе бірқатар әрекеттерінің құқықтық титулды формальды түрде бермейтін немесе тікелей тыйым салмайтын тікелей экспроприацияға баламалы салдары бар жанама экспроприация болып табылады.
(а) Тараптың іс жүзіндегі нақты жағдайдағы әрекеті немесе бірқатар әрекеттері жанама экспроприация болып табылатынын анықтау үшін басқа да фактілермен мыналарды ескеретін фактілерге негізделген әрбір нақты жағдайды тергеп-тексеру талап етіледі:
(і) үкіметтің әрекеттерінің экономикалық әсері және олардың ұзақтығы, Тараптың әрекетінің немесе бірқатар әрекеттерінің инвестициялардың экономикалық құнына кері әсерін тигізуі жанама экспроприацияның болғанын білдірмейді;
(ii) үкіметтің әрекеттері инвестицияларға негізделген нақты, ақылға қонымды үміттерге қайшы келетін дәреже; және
(iii) үкімет әрекеттерінің сипаты.
Сирек жағдайларды қоспағанда, қоғамдық денсаулық, қауіпсіздік және қоршаған орта сияқты қоғамдық әл-ауқаттың заңды мақсаттарын қорғау үшін әзірленген және қолданылатын Тараптардың кемсітпейтін реттеу әрекеттері жанама экспроприацияны білдірмейді.
4-ТАРАУ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ОРЫН АУЫСТЫРУЫ
4.1-бап
Қамту
1. Осы тарау 4-1-қосымшада ("Жеке тұлғалардың орын ауыстыруы" тарауы міндеттемелерінің тізбесі) осы екінші Тараптың тізбесінде көрсетілген осындай жеке тұлғалардың санаттарына қатысты Тараптың жеке тұлғаларының екінші Тараптың аумағына уақытша келуіне қатысты шараларға қолданылады.
2. Осы тарау Тараптың екінші Тараптың еңбек нарығына қол жеткізуге ұмтылатын жеке тұлғаларына қатысты шараларға, сондай-ақ азаматтығына, ұлтына, тұрғылықты жеріне немесе тұрақты негізде жұмыспен қамтылуына қатысты шараларға қолданылмайды.
3. Осы Келісімде ештеңе Тарапқа екінші Тараптың жеке тұлғаларының өз аумағына кіруін немесе олардың өз аумағында уақытша болуын реттеу жөніндегі шараларды, оның ішінде қол сұғылмаушылықты қорғау және жеке тұлғалардың өз шекарасы арқылы реттелген орын ауыстыруын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қоса алғанда, мұндай шаралар ерекшеленетін міндеттеме шарттарына сәйкес екінші Тарап алатын пайданы нөлге түсіру немесе қысқарту үшін қолданылмайтын жағдайда қолдануға кедергі келтірмейді. Үшінші тарап тұлғалары үшін емес, осы Келісім Тарапының жеке тұлғалары үшін виза талап ету фактісінің өзі осы Келісімде қабылданған міндеттемелерге сәйкес пайданы нөлге түсіру немесе қысқарту ретінде қаралмауға тиіс.
4. Осы тараудың мақсаттары үшін "уақытша келу" Тараптың жеке тұлғасының екінші Тараптың аумағында тұрақты тұру ниетінсіз келуін немесе болуын білдіреді.
5. 4-1-қосымшада ("Жеке тұлғалардың орын ауыстыруы" тарауы міндеттемелерінің тізбесі) оның тізбесінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың ешқайсысы осы тараудың 1-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың уақытша келуіне қатысты қандай да бір сандық шектеулерді немесе экономикалық орындылығын тексеру талаптарын енгізбейді немесе сақтамайды.
4.2-бап
Ақпарат беру
1. Осы тараудың мақсаттары үшін әрбір Тарап өзінің құзыретті органдарының екінші Тараптың жеке тұлғалары оның осы тарауға қатысты шараларымен таныса алатындай етіп мұндай ақпаратты жариялауды қамтамасыз етеді. Мұндай ақпарат жаңартылуға тиіс.
2. 1-тармақта көрсетілген ақпарат осы тарауға сәйкес келуге және уақытша болуға қойылатын талаптарға қатысты түсіндірме материалдарға жатады. Мұндай түсіндірме материалда қажет болған жағдайда:
(a) тиісті заңнама;
(b) осы тарауға сәйкес жеке тұлғалардың келуіне рұқсаттардың санаттары;
(c) қажетті құжаттаманы, орындалуы қажет шарттарды және ұсыну тәсілін қоса алғанда, осындай рұқсатты беру және ұзарту немесе жаңарту рәсімдері;
(d) осы тарауға сәйкес жеке тұлғалардың келуіне қатысты рұқсаттың әрбір түрін бергені үшін алымдар; сондай-ақ
(e) өтінімдерді өңдеудің болжамды уақыты қамтылуға тиіс.
3. Әрбір Тарап екінші Тарапқа осы Келісім күшіне енген күннен кейін алты айдан кешіктірмей, 2-тармақта көрсетілген ақпарат қолжетімді тиісті жарияланымдар немесе веб-сайттар туралы мәліметтерді беруге тиіс.
4.3-бап
Өтінімдерді берудің жедел рәсімдері
1. Әрбір Тараптың құзыретті органдары екінші Тараптың жеке тұлғаларынан кіруге рұқсат беру туралы өтініштерді, оның ішінде оларды қайта бастау немесе ұзарту туралы өтініштерді жедел өңдеуге тиіс.
2. Өтініш берушінің сұрау салуы бойынша Тараптың құзыретті органдары негізделмеген кідіріссіз оның өтінішінің мәртебесі туралы ақпарат береді.
3. Әрбір Тараптың құзыретті органдары уақытша кіру сұралған өтініш өз заңнамасына сәйкес толтырылған болып есептелгеннен кейін ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде: өтініш берушіге не тікелей, не ол немесе оның әлеуетті жұмыс берушілері арқылы өтінішті қарау нәтижелері туралы хабар береді. Хабарламада қажет болған жағдайда бекітілген болу кезеңі және кез келген басқа шарттар қамтылуға тиіс.
4. Тараптар осы тарауға сәйкес онлайн-өтінім беруге және жеке тұлғалардың уақытша келуіне рұқсатты өңдеу үшін жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Тарап рұқсат алуға онлайн-өтінімді тиісті жеке тұлғаның әлеуетті жұмыс берушілерінің беруін талап ете алады.
4.4-бап
Дауларды шешу
Осы тарауда ештеңе инвестор мен мемлекет арасындағы даулар 3-тараудың (Инвестиция) В бөліміне (Инвестор мен мемлекет арасындағы дауларды шешу) сәйкес шешілуге жатпайды.
5-ТАРАУ ТРАНСПАРЕНТТІЛІК
5.1-бап
Жариялау
1. Әрбір Тарап осы Келісімнің қолданылу аясына кіретін кез келген мәселелер бойынша өзінің жалпы қолдану шаралары екінші Тарапқа және мүдделі тұлғаларға олармен танысуға мүмкіндік беру үшін дереу жариялануын немесе өзгеше түрде еркін қол жеткізу үшін орналастырылуын қамтамасыз етеді.
2. Мүмкіндігіне қарай әрбір Тарап:
(a) қабылдау жоспарланып отырған жалпы қолданылатын кез келген осындай шараларды алдын ала жариялайды; және
(b) мүдделі тұлғаларға және екінші Тарапқа қабылдау жоспарланып отырған шаралар бойынша өзінің түсіндірмелерін беруге негізделген мүмкіндік береді.
5.2-бап
Хабарлама және ақпарат беру
1. Барынша мүмкін дәрежеде әрбір Тарап екінші Тарапты Тараптың пікірі бойынша осы Келісімнің күшіне елеулі әсер етуі немесе осы Келісімге сәйкес екінші Тараптың мүдделеріне өзгеше түрде елеулі әсер етуі мүмкін кез келген шара туралы хабардар етеді.
2. Екінші Тараптың сұрау салуы бойынша Тарап бұрын сұрау салушы Тараптың осы шара туралы хабардар етілгеніне қарамастан, осы Келісімнің қолданылу аясына кіретін кез келген мәселелер бойынша кез келген шараларға қатысты ақпаратты дереу береді және сұрақтарға жауап береді.
1. Осы бапқа сәйкес берілетін кез келген хабарламада немесе ақпаратта шараның осы Келісімге сәйкес келетініне сәйкес келмейтіні алдын ала анықталуға тиіс.
2. Осы бапқа сәйкес кез келген хабарлама, сұрау салу немесе ақпарат екінші Тарапқа тиісті байланыс пункттері арқылы беріледі.
3. 1-тармаққа сәйкес ақпарат ДСҰ-ға оның тиісті қағидалары мен рәсімдеріне сәйкес хабарлама арқылы берілген кезде немесе аталған ақпарат Тараптардың ресми, жалпыға қолжетімді және тегін веб-сайттарында орналастырылған кезде ақпарат алмасу өтті деп есептеледі.
5.3-бап
Әкімшілік іс жүргізу
Осы Келісімнің қолданылу аясына кіретін кез келген мәселелер бойынша жалпы қолданылатын барлық шараларды дәйекті, бейтарап және ақылға қонымды қолдану мақсатында әрбір Тарап екінші Тараптың нақты тұлғаларына, тауарларына немесе көрсетілетін қызметтеріне қатысты осындай шараларды қолдануға бағытталған әкімшілік іс жүргізу барысында белгілі бір жағдайларда:
(a) іс жүргізудің сипатын сипаттауды, соның негізінде іс жүргізу басталған құқық қорғау органының өтінішін және кез келген даулы мәселелердің жалпы сипаттамасын қоса алғанда, іс жүргізудің қашан басталғаны туралы ішкі рәсімдерге сәйкес іс жүргізуге тікелей қатысы бар екінші Тараптың тұлғаларына ақылға қонымды хабарлама беруге ұмтылуға;
(b) мұндай тұлғаларға қандай да бір түпкілікті әкімшілік шешім қабылданғанға дейін, іс жүргізудің уақыты, сипаты және қоғамдық мүдде мүмкіндік беретін дәрежеде өз ұстанымдарын қолдайтын фактілер мен дәлелдерді ұсынуға ақылға қонымды мүмкіндік беруге; және
(с) рәсімдердің өз заңнамасына сәйкес болуын қамтамасыз етуге тиіс.
5.4-бап
Әкімшілік шараларды қайта қарау
1. Әрбір Тарап сот, квазисот немесе әкімшілік трибуналдарды немесе рәсімдерді мақсаттар үшін, оның ішінде осы Келісімнің қолданылу аясына кіретін мәселелер бойынша әкімшілік шараларды дереу қайта қарау және түзету үшін құрады және (немесе) қолдайды. Мұндай трибуналдар немесе рәсімдер бейтарап болуға және әкімшілік шаралардың сақталуын қамтамасыз ету жүктелген ведомстводан немесе органнан тәуелсіз болуға тиіс және осы мәселені шешуге қандай да бір елеулі мүдделілігі болмауға тиіс.
2. Әрбір Тарап кез келген осындай трибуналдарда немесе кез келген осындай рәсімдерді жүзеге асыру кезінде талқылау тараптарына:
(a) өзінің тиісті ұстанымдарын іске асырудың немесе қорғаудың ақылға қонымды мүмкіндігіне; және
(b) дәлелдемелерге және ресми берілген құжаттарға немесе, егер мұны оның заңнамасы талап етсе, әкімшілік орган жасаған ресми құжатта негізделген шешімге құқық берілуін қамтамасыз етеді.
3. Әрбір Тарап өзінің ішкі заңнамасына сәйкес шағымдануды немесе одан әрі қайта қарауды ескере отырып, мұндай шешім қолданылатынын және қаралып отырған әкімшілік шараларға қатысты ведомствоның немесе органның практикасын реттейтінін қамтамасыз етеді.
5.5-бап
Айрықша ережелер
Осы тараудың нысанасына қатысты осы Келісімнің басқа тарауларындағы айрықша ережелердің осы тараудың ережелерінен ерекшеленетін шамада басым күші болады.
6-ТАРАУ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
6.1-бап
Анықтамалар
1. Осы тараудың мақсаттары үшін:
(a) "төреші" 6.8-бапқа (Төрелік топтың құрамы және құрылуы) сәйкес құрылған төрелік топтың мүшесін білдіреді;
(b) "төрелік той" 6.8-бапқа (Төрелік топтың құрамы және құрылуы) сәйкес құрылған топты білдіреді;
(c) "талап қоюшы Тарап" 6.7-бапқа (Төрелік талқылаудың басталуы) сәйкес төрелік топ құруды сұрататын кез келген Тарапты білдіреді;
(d) "ДШУ" ДСҰ туралы келісімінің 2-қосымшасында көрсетілген Дауларды шешуді реттейтін ережелер және шаралар туралы уағдаластықты білдіреді;
(e) "жауапкер Тарап" осы Келісімнің ережелерін бұзады деп атап көрсетілетін Тарапты білдіреді; және
(f) "талқылау", егер өзгеше көрсетілмесе, осы тарауға сәйкес төрелік талқылауды білдіреді.
6.2-бап
Мақсаты
Осы тараудың мақсаты мүмкіндігінше өзара қолайлы шешімге қол жеткізу үшін Тараптар арасындағы кез келген дауларды болғызбау және шешу болып табылады.
6.3-бап
Қамту
1. Егер осы Келісімде өзгеше көзделмесе, осы тарау осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дауларды болғызбау немесе шешу үшін Тарап:
(a) екінші Тараптың шарасы осы Келісім бойынша міндеттемелерге сәйкес келмейді; немесе
(b) екінші Тарап осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін өзге тәсілмен орындамаған деп пайымдаған жағдайларда қолданылады.
2. Неғұрлым айқындылық үшін осы Келісімге сәйкес екінші Тараптың осы Келісімге қайшы келмейтін қандай да бір шараларды қолдануы нәтижесінде Тарап алуды ақылға қонымды түрде күтуі мүмкін кез келген пайданы жоюдан немесе қысқартудан туындайтын даулар осы тараудың ережелерімен реттелмейді.
6.4-бап
Дауды шешу орнын таңдау
1. Дауларды шешу туралы осы тараудың ережелерін қолдану дауларды шешу рәсімдерін қоса алғанда, ДСҰ шеңберінде қандай да бір іс-қимылды кемітпеуге тиіс.
2. Егер талап қоюшы Тарап нақты шараға қатысты дауды шешу рәсімін не осы тарауға сәйкес не ДСҰ келісіміне сәйкес бастаған болса, ол бірінші талқылау аяқталғанға дейін дауларды шешудің басқа жерінде сол шараға қатысты дауды шешу рәсімін бастауға тиіс емес. Бұдан басқа, талап қоюшы Тарап әртүрлі міндеттемелерге айтарлықтай дәрежеде дау айтылмайтын немесе дауды шешудің таңдалған орны рәсімдік немесе юрисдикциялық себептер бойынша осы міндеттеменің бұзылуын жою туралы талап қою жөніндегі тұжырымдарды қамтамасыз ете алмайтын жағдайлардан басқа, дауды шешу орнының мұндай қабілетсіздігі дау Тарапының іс-әрекеттерді тиісті түрде жүзеге асырудан жалтару нәтижесі болып табылмаған жағдайда, дауды шешу жөніндегі талқылауды осы тарауға сәйкес және ДСҰ келісіміне сәйкес бастамауға тиіс.
3. 2-тармақтың мақсаттары үшін:
(a) ДСҰ келісіміне сәйкес дауларды шешу рәсімдері ДШУ-дің 2-бабының 1-тармағына сәйкес Тараптың аралық топты құру туралы сұрау салуы бойынша басталған болып есептеледі және дауларды шешу жөніндегі орган ДШУ-дің 16 және 17.14-баптарына сәйкес мән-жайларға байланысты аралық топтың баяндамасын және апелляциялық органның баяндамасын бекіткен кезде аяқталған болып есептеледі; және
(b) осы тарауға сәйкес дауларды шешу рәсімдері 6.7-бапқа (Төрелік рәсімнің басталуы) сәйкес Тараптың төрелік топты құру туралы сұрау салуы бойынша басталған болып есептеледі және төрелік топ 6.11-бапқа (Төрелік топтың алдын ала және түпкілікті баяндамасы) сәйкес өзінің түпкілікті баяндамасын Тараптарға ұсынған кезде немесе төрелік рәсімдер 6.15-бапқа (Төрелік талқылауды тоқтата тұру және тоқтату) сәйкес тоқтатылатын кезде аяқталған болып есептеледі.
4. Осы тарауда ештеңе дауларды шешу жөніндегі орган рұқсат еткен міндеттемелерді тоқтата тұруды қолдану үшін Тарапқа кедергі болмауға тиіс. ДСҰ келісімі осы тарауға сәйкес міндеттемелерді тоқтата тұру үшін Тарапқа кедергі жасайтындай болып қолданылмауға тиіс.
6.5-бап
Консультациялар
1. Тараптар осы Келісімнің ережелерін түсіндіру және қолдану туралы әрдайым келісімге келуге және өзара келісілген шешімге қол жеткізу мақсатында консультацияға адал кірісу арқылы кез келген тиісті дауды шешуге ұмтылады.
2. Тарап Келісімнің қолданылатын ережелерін және осындай ережелердің қолданылу себептерін көрсетуді қоса алғанда, сұрау салу үшін негіздерді баяндай отырып, екінші Тараптың байланыс жасайтын тұлғасына жазбаша сұрау салуды ұсыну арқылы консультациялар сұратады.
3. Консультациялар сұрау салуды алған күннен кейін отыз (30) күннен кешіктірілмей жүргізіледі және егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, сұрау салуды алған күннен соң алпыс (60) күннен кейін аяқталған болып есептеледі. Кезек күттірмейтін мәселелер бойынша, оның ішінде тез бұзылатын тауарлар бойынша консультациялар сұрау салуды алған күннен соң он бес (15) күннен кешіктірілмей жүргізіледі және егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, сұрау салуды алған күннен кейін отыз (30) күннен соң аяқталған болып есептеледі.
4. Консультациялар жүзбе-жүз немесе Тараптарға қолжетімді кез келген технологиялық құралдардың көмегімен жүргізілуі мүмкін. Егер консультациялар жүзбе-жүз жүргізілетін болса, егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, олар сұрау салу жіберілген Тараптың аумағында өткізіледі. Консультациялар құпия сипатта болады және кез келген одан кейінгі талқылаулар кезінде Тараптардың кез келгенінің құқықтарына нұқсан келтірмейді.
5. Егер сұрау салу жіберілген Тарап оны алған күнінен бастап он (10) күн ішінде консультациялар туралы сұрау салуға жауап бермесе немесе егер консультациялар 3-тармақта көрсетілген мерзімде жүргізілмесе немесе егер консультациялар өзара келісілген шешімге қол жеткізілмей аяқталса, талап қоюшы Тарап 6.7-бапқа (Төрелік талқылаудың басталуы) сәйкес төрелік топ құруды талап ете алады.
6.6-бап
Көрсетілетін қайырымды қызметтер, келісу рәсімі немесе делдалдық
1. Тараптар кез келген уақытта көрсетілетін қайырымды қызметтерді, келісу рәсімін немесе делдалдықты пайдалану туралы уағдаласа алады. Көрсетілетін қайырымды қызметтер, татуласу немесе делдалдық рәсімдері кез келген уақытта басталуы мүмкін. Олар талап қоюшы Тараптың не жауапкер Тараптың сұрау салуы бойынша кез келген уақытта тоқтатылуы мүмкін.
2. Егер Тараптар бұл туралы уағдаласқан болса, көрсетілетін қайырымды қызметтер, келісу рәсімі немесе делдалдық осы тарауда көзделген бүкіл төрелік талқылау процесі барысында жалғасуы мүмкін.
3. Көрсетілетін қайырымды қызметтер, келісу рәсімі және делдалдық пайдаланылған талқылаулар және атап айтқанда, Тараптардың осы талқылаулар барысындағы ұстанымдары құпия сипатта болады және Тараптардың кез келгенінің кез келген басқа талқылаудағы құқықтарына нұқсан келтірмейді.
6.7-бап
Төрелік талқылаудың басталуы
Төрелік топ құру туралы сұрау салу жауапкер Тараптың байланыс пунктына жазбаша нысанда жіберіледі. Талап қоюшы Тарап өзінің сұрау салуында нақты шараны немесе өзге де даулы мәселені, консультациялардың жүргізілгенін не жүргізілмегенін және шағымның құқықтық негізінің қысқаша сипаттамасын проблема анық ұсынылатындай етіп көрсетуге тиіс.
6.8-бап
Төрелік топтың құрамы және құрылуы
1. Төрелік топ үш (3) төрешіден тұрады. Тараптардың әрқайсысы 6.7-бапта (Төрелік талқылаудың басталуы) көрсетілген сұрау салуды алғаннан кейін отыз (30) күннен кешіктірмей төрешіні тағайындайды және екі төреші олардың екіншісін тағайындағаннан кейін отыз (30) күннен кешіктірмей уағдаластық бойынша үшінші төрешіні тағайындауға тиіс.
2. Тараптар үшінші төреші тағайындалғаннан кейін жеті (7) күннен кешіктірмей, мақұлданған жағдайда төрелік топтың төрағасы ретінде әрекет ететін осы мүшенің тағайындалуын бекітуге немесе қабылдамауға тиіс.
3. Егер үшінші төреші 1-тармаққа сәйкес тағайындалмаған болса немесе Тараптардың біреуі үшінші төрешіні тағайындауды қабылдамаса, ДСҰ-ның Бас директоры Тараптардың кез келгенінің өтініші бойынша келесі отыз (30) күн ішінде төрелік топтың төрағасы ретінде әрекет ететін үшінші төрешіні тағайындайды.
4. Егер Тараптардың біреуі 1-тармаққа сәйкес төрешіні тағайындамаса, екінші Тарап келесі отыз (30) күн ішінде төрелік топтың төрағасын тағайындайтын ДСҰ-ның Бас директорына хабар бере алады. Тағайындалғаннан кейін төраға төрешіні тағайындамаған Тараптан мұны он төрт (14) күн ішінде іске асыруды сұрайды. Егер мұндай мерзім өткеннен кейін бұл Тарап төрешіні тағайындамаса, төраға ДСҰ-ның Бас директорына хабар береді, ол осы тағайындауды келесі отыз (30) күн ішінде іске асырады.
5. 3 және 4-тармақтардың мақсаттары үшін, егер ДСҰ-ның Бас директоры Қазақстанның немесе Сингапурдың азаматы болып табылған жағдайда, қажетті тағайындауларды жүзеге асыру өтінішімен ДСҰ Бас директорының орынбасарына немесе қандай да бір Тараптың азаматы болып табылмайтын, шені бойынша одан кейінгі қызметкерге жүгінеді.
6. Үш төрешінің соңғысы тағайындалған күн төрелік топтың құрылған күні болып есептеледі.
7. Төрелік топтың төрешісі болып тағайындалған кез келген адамның құқық, халықаралық сауда, осы Келісімде қамтылған басқа да мәселелер саласында немесе халықаралық сауда келісімдерінен туындайтын дауларды шешу саласында білімі мен тәжірибесі болуға тиіс. Төреші объективтілік, сенімділік, парасатты ақыл-ой және тәуелсіз болу негізінде қатаң түрде таңдап алынады және бүкіл төрелік талқылау барысында және 6-2-қосымшаға (Төрешілердің мінез-құлық кодексі) сәйкес өзін осы негіздерде ұстауға тиіс. Бұдан басқа, төраға Қазақстанның немесе Сингапурдың азаматы болуға, өзінің әдеттегі тұрғылықты жері болуға немесе оның аумағында жұмыс істеуге тиіс емес. Төраға Қазақстанмен де, Сингапурмен де дипломатиялық қатынастары бар мемлекеттің азаматы болуға тиіс. Егер Тарап төрелік топтың қандай да бір төрешісі осы талаптарды бұзып отыр деп есептесе, Тараптар консультациялар жүргізеді және, егер олар келісімге келетін болса, бұл төреші шеттетіледі және осы бапқа сәйкес жаңа төреші тағайындалады.
8. Егер осы бапқа сәйкес тағайындалған төрелік топтың қандай да бір төрешісі отставкаға кететін болса, талқылауға қатысуға қабілетсіз болып қалса немесе 7-тармаққа сәйкес шеттетілсе, мирасқор бастапқыда тағайындалған төреші үшін белгіленгендей түрде тағайындалады. Мұндай жағдайда төрелік топтың жұмысы бастапқыда тағайындалған төреші отставкаға кеткен, талқылауға қатысуға қабілетсіз болған немесе 7-тармаққа сәйкес шеттетілген күннен бастап басталатын кезеңге тоқтатыла тұрады, ал төрелік талқылауға қолданылатын барлық мерзімдер төрелік топтың жұмысы тоқтатыла тұрған кезеңге ұзартылады. Төрелік топтың жұмысы мирасқор тағайындалған күні қайта басталады. Мирасқор бастапқыда тағайындалған төрешінің барлық өкілеттіктері мен міндеттеріне ие болуға тиіс.
6.9-бап
Өкілеттіктер ауқымы
Егер Тараптар төрелік топты құру туралы сұрау салуды алған күннен бастап жиырма (20) күн ішінде өзгеше уағдаласпаса, төрелік топ өкілеттіктерінің мынадай ауқымы айқындалады:
"Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісімнің тиісті ережелері аясында 6.7-бапқа (Төрелік талқылаудың басталуы) сәйкес төрелік топты құру туралы сұрау салуда көрсетілген мәселені зерделеу және дауды шешу жөнінде тұжырым жасау, шешім шығару және кез келген ұсынымдар беру, сондай-ақ 6.11-бапқа (Төрелік топтың алдын ала және түпкілікті баяндамасы) сәйкес жазбаша баяндама ұсыну".
6.10-бап
Төрелік талқылау
1. Егер Тараптар өзге шешім қабылдамаса, төрелік топтың отырыстары жабық режимде өтеді.
2. Тараптардың әрқайсысына құжаттарды кемінде бір рет жазбаша нысанда ұсынуға және талқылау барысында кез келген таныстырылымдар, мәлімдемелер немесе жауап мәлімдемелер кезінде қатысуға мүмкіндік беріледі. Алдын ала баяндамаға кез келген түсіндірмелерді және төрелік топ берген сұрақтарға жауаптарды қоса алғанда, Тарап төрелік топқа жазбаша нысанда ұсынған барлық ақпарат немесе құжаттар екінші Тарапқа қолжетімді болуға тиіс.
3. Екінші Тараптың шарасы осы Келісімге сәйкес келмейді деп тұжырымдаушы Тарап осындай сәйкессіздікті белгілеу ауыртпалығын көтереді. Осы Келісімге сәйкес шара ерекше жағдайға жатады деп тұжырымдаушы Тарап осы ерекше жағдайдың қолданылатынын анықтау ауыртпалығын өзі көтереді.
4. Төрелік топ қажет болған жағдайда Тараптардан консультация алуға және проблеманың өзара қолайлы шешілуін немесе өзара келісілген шешімді әзірлеу үшін баламалы мүмкіндіктер беруге тиіс.
5. Төрелік топ консенсус негізінде кез келген шешім қабылдау үшін барлық күш-жігерін салады. Егер шешім консенсуспен қабылданбаса, даулы мәселе көпшілік дауыспен шешіледі.
6. Тараптың сұрау салуы бойынша немесе өз бастамасы бойынша төрелік топ төрелік талқылау үшін қолайлы деп есептейтін кез келген көзден ақпарат ала алады. Төрелік топ сондай-ақ өз қалауы бойынша сарапшылардың пікірін сұратуға құқылы. Төрелік топ мұндай сарапшыларды таңдау алдында Тараптармен кеңеседі. Осылайша алынған кез келген ақпарат Тарапқа ашылуға және олардың түсіндірмелері үшін ұсынылуға тиіс. Егер төрелік топ өз баяндамасын дайындау кезінде мұндай ақпаратты ескеретін болса, ол сондай-ақ осындай ақпаратқа қатысты Тараптардың кез келген түсіндірмелерін ескеруге тиіс.
7. Төрелік топ талқылауларының барысы туралы ақпарат және оған ұсынылған құжаттар құпия болып табылады.
8. 7-тармаққа қарамастан, Тараптардың кез келгені дауға қатысты өз көзқарастары туралы жария мәлімдемелер жасай алады, бірақ екінші Тарап төрелік топқа жазбаша нысанда ұсынған, осы Тарап құпия ретінде айқындаған кез келген ақпарат пен құжаттарды құпия құжаттар ретінде қарауға тиіс. Егер Тарап құпия ретінде белгіленген ақпаратты немесе құжаттарды жазбаша нысанда берсе, бұл Тарап екінші Тараптың сұрау салуынан кейін отыз (30) күннен кешіктірмей жария етілуі мүмкін ақпараттың немесе құжаттардың құпия емес қысқаша сипаттамасын беруге тиіс.
6.11-бап
Төрелік топтың алдын ала және түпкілікті баяндамасы
1. Төрелік топ дау Тараптарына:
(a) жазбаша нысандағы құжаттардың және Тараптардың дәлелдерінің қысқаша сипаттамасын;
(b) істің нақты мән-жайлары бойынша негіздемесі бар тұжырымдарды;
(c) осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға қатысты және
(i) қаралып отырған шараның осы Келісім бойынша міндеттемелерге қайшы келетініне не келмейтініне; немесе
(ii) Тараптың осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындаудан қандай да бір өзгеше түрде жалтарғанына не жалтармағанына қатысты өз шешімін;
(d) өкілеттіктер ауқымымен көзделген кез келген басқа да шешімді; және
(e) сәйкессіздік туралы шешім болған кезде жауапкер Тараптың шараны осы Келісім бойынша міндеттемелерге сәйкес келтіруі туралы және дау Тараптары келіскен кезде дауды шешу тәсілдері туралы өз ұсынымын қамтитын алдын ала баяндаманы төрелік топ құрылған күннен кейін тоқсан (90) күннен немесе аса қажет болған жағдайда алпыс (60) күннен кешіктірмей ұсынады. Ол бұл мерзім сақталмайды деп есептеген жағдайларда, төрелік топтың төрағасы кідірту себептерін және төрелік топ өзінің алдын ала баяндамасын ұсынуды жоспарлап отырған күнді көрсете отырып, Тараптарды жазбаша хабардар етуге тиіс. Ешқандай жағдайда төрелік топ өзінің алдын aлa баяндамасын құрылған күнінен кейін бір жүз жиырма (120) күннен кешіктірмей ұсынуға тиіс.
2. Кез келген Тарап төрелік топтың алдын ала баяндаманың нақты аспектілерін қарауы туралы жазбаша сұрау салуды ол ұсынылған кезден бастап отыз (30) күн ішінде бере алады. Төрелік топ Тараптардың алдын ала баяндамаға кез келген жазбаша түсіндірмелерін жазбаша түсіндірмелері алынған күннен бастап он бес (15) күн ішінде қарайды. Тараптардың кез келген осындай жазбаша түсіндірмелерін қарағаннан кейін төрелік топ өз баяндамасына өзгерістер енгізе алады және өзі орынды деп есептейтін одан әpi қарауды жүргізе алады.
3. Төрелік топ Тараптарға өзінің түпкілікті баяндамасын алдын ала баяндаманы ұсынғаннан кейін қырық бес (45) күннен немесе аса қажет болған жағдайда отыз (30) күннен кешіктірмей ұсынады. Ол бұл мерзім сақталмайды деп есептеген жағдайларда, төрелік топтың төрағасы кідірту себептерін және төрелік топ өзінің түпкілікті баяндамасын ұсынуды жоспарлап отырған күнді көрсете отырып, Тараптарды жазбаша хабардар етуге тиіс. Ешқандай жағдайда төрелік топ өзінің түпкілікті баяндамасын құрылған күнінен кейін бір жүз сексен (180) күннен кешіктірмей ұсынуға тиіс. Қорытынды есеп 1-тармақта көрсетілген мәселелерді қамтуға, алдын ала қарау кезеңінде ұсынылған дәлелдердің жеткілікті талдауын қамтуға және Тараптардың жазбаша түсіндірмелерін нақты жазып көрсетуге тиіс.
4. Төрелік топтың түпкілікті баяндамасын Тараптар нақты дауға қатысты сөзсіз қабылдауға тиіс. Төрелік топ өзінің тұжырымдары мен ұсынымдарында осы Келісімде көзделген құқықтар мен міндеттерді қоса алмайды немесе оларға нұқсан келтіре алмайды.
6.12-бап
Төрелік топтың баяндамасын орындау
1. Тараптардың әрқайсысы төрелік топтың түпкілікті баяндамасын адал сақтау үшін қажетті кез келген шараларды қабылдайды. Егер төрелік топ өзінің түпкілікті баяндамасында қаралып отырған шара осы Келісім бойынша міндеттемелерге сәйкес келмейтінін немесе жауапкер Тарап осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамағанын анықтаса, жауапкер Тарап мүмкіндігінше осы Келісімнің бұзылуын жоюға тиіс.
2. Түпкілікті баяндаманы ұсынғаннан кейін отыз (30) күннен кешіктірмей жауапкер Тарап, егер дереу орындау мүмкін болмаса, түпкілікті баяндаманы орындау үшін талап етілетін (бұдан әрі "ақылға қонымды мерзім" деп аталады) уақыт туралы талап қоюшы Тарапты хабардар етеді. Дау Тараптары ақылға қонымды уақыт кезеңі жөнінде келісуге ұмтылады.
3. Егер дау Тараптары түпкілікті есепті ұсынғаннан кейін қырық бес (45) күн ішінде ақылға қонымды мерзім туралы уағдаласпаса, талап қоюшы Тарап түпкілікті есепті ұсынғаннан кейін елу (50) күннен кешіктірмей бастапқыда құрылған төрелік топтан ақылға қонымды мерзімнің ұзақтығын айқындауды жазбаша сұрай алады. Мұндай сұрау салу туралы бір мезгілде екінші Тарап та хабардар етіледі. Бастапқыда құрылған төрелік топ Тараптарға ақылға қонымды мерзімнің ұзақтығы туралы өз шешімін сұрау салу берілген күннен кейін жиырма (20) күннен кешіктірмей ұсынады.
4. Егер бастапқыда құрылған төрелік топтың қандай да бір мүшесі бұдан әрі процеске қатыса алмайтын болса, 6.8-бапта (Төрелік топтың құрамы және құрылуы) көзделген рәсімдер қолданылады. Ақылға қонымды мерзімнің ұзақтығы туралы шешім шығару мерзімі 3-тармақта көрсетілген сұрау салу берілген күннен кейін отыз бес (35) күннен14 аспауға тиіс.
14Неғұрлым айқындылық үшін, 35 күңдік мерзім 6.8-бапқа (Төрелік топтың құрамы және құрылуы) сәйкес кейінге қалдырудың кез келген күнін қамтымайды.
5. Жауапкер Тарап түпкілікті баяндаманы орындау үшін өзі қабылдаған кез келген шаралар туралы ақылға қонымды мерзім өткенге дейін талап қоюшы Тарапты хабардар етеді. Ақылға қонымды мерзім Тараптардың өзара келісімі бойынша ол аяқталғанға дейін кез келген уақытта ұзартылуы мүмкін.
6. 5-тармаққа, осы Келісімнің ережелеріне сәйкес мәлімделген кез келген шараның болуына немесе сәйкестігіне қатысты Тараптар арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, талап қоюшы Тарап бастапқыда құрылған төрелік топтан осы мәселе бойынша шешім шығаруды жазбаша сұрай алады. Мұндай сұрау салу туралы екінші Тарап, қаралатын кез келген нақты шара мен 6.3-баптың (Қамту) ережелері көрсетіле отырып, бір мезгілде хабардар етіледі, осы сұрау салу арқылы келіспеушіліктерді анық ұсыну үшін жеткілікті болатындай етіп аталған шараны сәйкес келмейді деп есептейді. Бастапқыда құрылған төрелік топ Тараптарға өз шешімін сұрау салу берілген күннен кейін қырық бес (45) күннен кешіктірмей ұсынады.
7. Егер бастапқыда құрылған төрелік топтың қандай да бір мүшесі бұдан әрі процеске қатыса алмайтын болса, 6.8-бапта (Төрелік топтың құрамы және құрылуы) көзделген рәсімдер қолданылады. Шешім шығару мерзімі 6-тармақта көрсетілген сұрау салу берілген күннен кейін алпыс (60) күннен15 аспауға тиіс.
_______________________
15 Неғұрлым айқындылық үшін, 60 күндік мерзім 14.6-бапқа (Төрелік топтың құрамы және құрылуы) сәйкес кейінге қалдырудың кез келген күнін қамтымайды.
6.13-бап
Міндеттемелерді өзгеге берудің немесе басқа да міндеттемелердің өтемақысы және оларды тоқтата тұру
1. Егер жауапкер Тарап 6.12-бапқа сәйкес (Төрелік топтың баяндамасын орындау) түпкілікті баяндаманы орындау үшін қабылданған қандай да бір шаралар туралы хабардар етпесе немесе егер төрелік топ 6.12-бапқа сәйкес (Төрелік топтың баяндамасын орындау) мәлімделген қандай да бір шараның жоқ екендігі немесе ол 6.12-баптың (Төрелік топтың баяндамасын орындау) қандай да бір ережесіне сәйкес келмейді деген шешім шығарса, жауапкер Тарап өтемақы туралы өзара қолайлы келісімге қол жеткізу мақсатында талап қоюшы Тараппен келіссөздер жүргізеді.
2. Егер Тараптар өтемақы туралы уағдаласпаса:
(a) ақылға қонымды мерзім өткеннен; немесе
(b) төрелік топтың 6.12-бапқа (Төрелік топтың баяндамасын орындау) сәйкес мәлімделген кез келген шараның жоқ екендігі немесе оның осы Келісімнің қандай да бір ережесіне қайшы келетіні туралы шешімі шығарылғаннан кейін отыз (30) күн ішінде мән-жайларға байланысты, талап қоюшы Тараптың жауапкер Тарапты хабардар еткеннен кейін төрелік топ осы Келісімге сәйкес келмейді деп таныған шарамен мәні бірдей, осы Келісімнен туындайтын міндеттемелерді өзгеге берудің немесе басқа да міндеттемелердің қолданылуын тоқтата тұруға құқығы бар. Хабарламада талап қоюшы Тарап тоқтата тұруға ниет білдіріп отырған міндеттемелерді өзгеге берудің немесе басқа да міндеттемелердің деңгейі көрсетіледі және тоқтата тұруға негізделген себептер көрсетіледі. Талап қоюшы Тарап 4-тармақты ескере отырып, өз хабарламасы жауапкер Тарапқа жеткізілгеннен кейін жиырма (20) күннен соң тоқтата тұруға кірісе алады.
3. 2-тармаққа сәйкес қандай міндеттемелерді өзгеге берудің немесе басқа да міндеттемелердің қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселені қарау кезінде:
(a) талап қоюшы Тарап алдымен төрелік топтың 6.11-бапта (Төрелік топтың алдын ала және түпкілікті баяндамасы) көрсетілген түпкілікті баяндамасына сәйкес осы Келісім бойынша міндеттемелерге сәйкес келмеу анықталған сол секторға (секторларға) қатысты міндеттемелерді өзгеге берудің немесе басқа да міндеттемелердің қолданылуын тоқтата тұруға тырысуға тиіс;
(b) егер талап қоюшы Тарап сол секторға (секторларға) қатысты міндеттемелерді өзгеге беруді немесе басқа да міндеттемелерді тоқтата тұруды орынсыз немесе тиімсіз деп есептесе, ол басқа секторға (секторларға) қатысты міндеттемелерді өзгеге берудің немесе басқа да міндеттемелердің қолданылуын тоқтата тұруы мүмкін; және
(c) талап қоюшы Тарап оларды тоқтата тұру осы Келісімнің жұмыс істеуін барынша аз дәрежеде бұзатын міндеттемелерді өзгеге беруді немесе басқа да міндеттемелерді қарастыратын болады.
4. Жауапкер Тарап бастапқыда құрылған төрелік топтан қолданылуын талап қоюшы Тарап тоқтата тұруға ниет білдіріп міндеттемелерді өзгеге басқаға беру немесе басқа да міндеттемелер деңгейінің төрелік топ осы Келісімге сәйкес келмейді деп таныған шара әсер еткен міндеттемелерді өзгеге беруге немесе басқа да міндеттемелерге баламалы болып табылатыны не болып табылмайтыны туралы шешім шығару жөнінде жазбаша түрде сұрау салуы мүмкін. Талап қоюшы Тарап мұндай сұрау салу туралы 2-тармақта көрсетілген жиырма күндік (20 күндік) мерзім өткенге дейін хабардар етіледі. Бастапқыда құрылған төрелік топ қажет болған жағдайда сарапшылардың пікірін сұрата отырып, Тараптарға өз шешімін сұрау салу берілген күннен бастап отыз (30) күннен кешіктірмей ұсынады.
Міндеттемелерді өзгеге берудің немесе басқа да міндеттемелердің қолданылуы төрелік топ өз шешімін шығарғанға дейін тоқтатылмауға тиіс және кез келген тоқтата тұру төрелік топтың шешіміне сәйкес келуге тиіс.
5. Егер бастапқыда құрылған төрелік топтың қандай да бір мүшесі бұдан әрі процеске қатыса алмайтын болса, 6.8-бапта (Төрелік топтың құрамы және құрылуы) көзделген рәсімдер қолданылады. Шешім шығару мерзімі 4-тармақта көрсетілген сұрау салу берілген күннен кейін қырық бес (45) күннен16 аспауға тиіс.
6. 1-тармақта көрсетілген өтемақы және 2-тармақта көрсетілген тоқтата тұру уақытша шаралар болып табылады. Төрелік топтың түпкілікті баяндамасында айқындалғандай, өтемақы да, тоқтата тұру да осы Келісімге кез келген сәйкессіздікті толық жоюдан артық болмайды. Кез келген тоқтата тұру сәйкессіздік толығымен жойылғанға дейін немесе 6.14-бапқа (Міндеттемелерді орындауға шолу) сәйкес сәйкессіздіктің жойылғаны немесе Тараптың өзгеше түрде өзара қолайлы шешімге қол жеткізбегені айқындалғанға дейін ғана қолданылады.
__________________________
16 Неғұрлым айқындылық үшін, 45 күндік мерзім 6.8-бапқа (Төрелік топтың құрамы мен құрылуы) сәйкес кейінге қалдырудың кез келген күнін қамтымайды.
6.14-бап
Міндеттемелерді орындауға шолу
1. Егер жауапкер Тарап төрелік топтың түпкілікті баяндамасында бастапқыда айқындалғандай, осы Келісімге сәйкессіздікті өзі жойдым деп есептесе, ол бастапқыда тағайындалған төрелік топтан осы мәселе бойынша шешім шығару жөнінде жазбаша түрде сұрау салуы мүмкін. Мұндай сұрау салу туралы екінші Тарап бір мезгілде хабардар етіледі. Бастапқыда тағайындалған төрелік топ Тараптарға өз шешімін сұрау салу берілген күннен кейін қырық бес (45) күннен кешіктірмей ұсынады. Егер төрелік топ жауапкер Тарап осы Келісімде көрсетілген ережелерге сәйкессіздікті жойды деп шешсе, талап қоюшы Тарап өзі енгізген басқаға беруді немесе басқа да міндеттемелерді кез келген тоқтата тұруды қолдануды тоқтатуға тиіс.
2. Егер бастапқыда құрылған төрелік топтың қандай да бір мүшесі бұдан әрі процеске қатыса алмайтын болса, 6.8-бапта (Төрелік топтың құрамы және құрылуы) көзделген рәсімдер қолданылады. Шешім шығару мерзімі 1-тармақта көрсетілген сұрау салу берілген күннен кейін алпыс (60) күннен17 аспауға тиіс.
________________________
17 Неғұрлым айқындылық үшін, 60 күндік мерзім 6.8-бапқа (Төрелік топтың құрамы және құрылуы) сәйкес кейінге қалдырудың кез келген күнін қамтымайды.
Төрелік талқылауды тоқтата тұру және тоқтату
1. Төрелік топ екі Тараптың жазбаша сұрау салуы бойынша өз жұмысын кез келген уақытта Тараптармен келісілген, он екі (12) айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұрады және өз жұмысын талап қоюшы Тараптың жазбаша сұрау салуы бойынша осы келісілген кезеңнің соңында немесе екі Тараптың жазбаша сұрау салуы бойынша осы келісілген кезең аяқталғанға дейін жаңартады. Егер талап қоюшы Тарап тоқтата тұрудың келісілген кезеңі аяқталғанға дейін төрелік топтың жұмысын қайта бастауды талап етпесе, осы тарауға сәйкес басталған дауды шешу рәсімдері тоқтатылған болып есептеледі. Төрелік топтың жұмысын тоқтата тұру немесе тоқтату 6.4-бапқа сәйкес (Дауды шешу орнын таңдау) дау Тараптарының кез келгенінің басқа талқылаудағы құқықтарына нұқсан келтірмейді.
2. Тараптар кез келген уақытта осы тарауға сәйкес басталған дауларды шешу рәсімдерін тоқтату туралы жазбаша уағдаласа алады.
6.16-бап
Рәсім қағидалары
Осы тарауға сәйкес дауларды шешу рәсімдері 6-1-қосымшамен (Төрелік іс жүргізу тәртібі) реттеледі.
6.17-бап
Түсіндіру қағидалары
Төрелік топ халықаралық жария құқықты түсіндірудің әдеттегі қағидаларына сәйкес осы Келісімде көрсетілген ережелерді түсіндіреді.
6.18-бап
Шығыстар
Әрбір Тарап өзі тағайындаған төрешінің шығыстарын, сондай-ақ құқықтық көмекке арналған өз шығыстары мен шығындарын көтереді. Төрелік топ төрағасының шығыстарын және талқылауды жүргізуге байланысты басқа да шығыстарды Тараптар тең үлеспен көтереді.
6.19-бап
Мерзімі
1. Осы тарауда белгіленген барлық мерзімдер күнтізбелік күндермен есептеледі, бұл ретте бірінші күн, егер өзгесі көрсетілмесе, сілтеме жасалатын іс-қимылдан немесе фактіден кейінгі күн болып есептеледі.
2. Осы тарауда көрсетілген кез келген мерзім Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
6-1-ҚОСЫМША |
ТӨРЕЛІК ІС ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ
Жалпы ережелер
1. 6-тарауда (Дауларды шешу) көрсетілген анықтамалар осы қосымшаға қолданылады. Осы қосымшаның және 6-2-қосымшаның (Төрешілердің мінез-құлық кодексі) мақсаттары үшін қосымша:
(a) "кеңесші" төрелік талқылауға байланысты осы Тарапқа консультация беру немесе көмек көрсету үшін Тарап шақырған адамды білдіреді;
(b) "көмекші" төрешіні тағайындау шарттарына сәйкес зерттеу жүргізетін немесе төрешіге көмек көрсететін адамды білдіреді;
(c) "кандидат" 6.8-бапқа сәйкес (Төрелік топтың құрамы және құрылуы) төреші ретінде таңдау үшін қаралатын жеке тұлғаны білдіреді;
(d) "өкіл" осы Келісімге сәйкес даудың мақсаттары үшін Тарапты білдіретін Тараптың мемлекеттік органы, ведомствосы немесе кез келген басқа да жария заңды тұлғасы тағайындаған қызметкерді немесе кез келген адамды білдіреді;
(е) "персонал" төрешінің қызметіне қатысты бөлікте көмекшіні қоспағанда, төрешінің басшылығындағы және бақылауындағы кез келген адамды білдіреді.
2. Егер Тараптар өзгеше туралы уағдаласпаса, осы қосымша 6-тарауға (Дауларды шешу) сәйкес дауларды шешу рәсімдеріне қолданылады.
3. Талап қоюшы Тарап дауларды шешу рәсімдерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін, атап айтқанда, егер өзгеше келісілмесе, тыңдауларды ұйымдастыру үшін жауапты болады.
Хабарламалар
4. Тараптар мен төрелік топ тиісті тараптарға жазбаша нысанда ұсынылған кез келген сұрау салуды, хабарламаны, құжаттарды немесе басқа да құжатты сол күні факсимиле, тапсырысты пошта жөнелтілімі, курьер, қолхатпен табыс ету арқылы немесе жөнелту фактісін растауды қамтамасыз ететін кез келген басқа байланыс құралы арқылы берілген қағаз көшірмесімен қоса электрондық пошта арқылы бір мезгілде беруге тиіс. Егер өзгеше дәлелденбесе, электрондық поштамен берілетін хабарлама оны жіберген күні алынған болып есептеледі.
5. Барлық хабарламалар 7.2-бапта (Байланыс пункттері) көрсетілген дау Тараптарының тиісті байланыс пункттеріне жіберілуге тиіс.
6. Кез келген сұрау салудағы, хабарламадағы, жазбаша нысанда ұсынылған құжаттардағы немесе төрелік талқылауға қатысы бар басқа да құжаттағы техникалық сипаттағы елеусіз қателер екінші Тараптың қарсылықтары болмаса, осы қосымшаның 4-5-Ережелеріне сәйкес өзгерістерді анық көрсететін жаңа құжатты беру арқылы түзетілуі мүмкін.
7. Егер құжат жеткізілген соңғы күн қандай да бір Тараптың ресми мемлекеттік мерекесімен тұспа-тұс келсе, құжат келесі жұмыс күні жеткізіледі.
Төрелік талқылаудың басталуы
8. Егер Тараптар өзгеше туралы уағдаласпаса, Тараптар немесе төрелік топ төрешілерге төленуге тиіс сыйақы мен шығыстар мәселелерін қоса алғанда, орынды деп есептейтін мәселелерді айқындау үшін олар төрелік топ құрылған сәттен бастап (7) күн ішінде төрелік топпен кездесуге тиіс. Төрешілер мен Тараптардың өкілдері осы отырысқа телефон арқылы немесе бейнеконференция арқылы қатыса алады.
Құжаттарды жазбаша нысанда бастапқы ұсыну
9. Талап қоюшы Тарап өз құжаттарын төрелік топ құрылған күннен кейін жиырма бір (21) күннен кешіктірмей жазбаша нысанда ұсынады. Жауапкер Тарап өз құжаттарын талап қоюшы Тараптың құжаттары жазбаша нысанда жеткізілген күннен кейін жиырма бір (21) күннен кешіктірмей жазбаша нысанда ұсынады.
Төрелік топтардың жұмысы
10. Төрелік топтың төрағасы оның барлық отырыстарында төрағалық етеді. Төрелік топ әкімшілік және процесстік шешімдер қабылдау өкілеттігін төрағаға бере алады.
11. Егер 6-тарауда (Дауларды шешу) өзгеше көзделмесе, төрелік топ өз қызметін телефон, факсимильдік немесе компьютерлік байланысты қоса алғанда, кез келген байланыс құралдарының көмегімен жүзеге асыра алады.
12. Төрелік топтың отырыстарына тек төрешілер ғана қатыса алады, бірақ төрелік топ өздерінің талқылаулары кезінде өз көмекшілеріне қатысуға рұқсат беруі мүмкін.
13. Талқылау барысында көтерілген барлық мәселелерді қарау және төрелік топтың кез келген шешімдерінің жобаларын дайындау төрелік топтың айрықша міндеті болып табылады және бұл міндет берілмеуге тиіс.
14. 6-тарауда (Дауларды шешу), 6-1-қосымшада (Төрелік іс жүргізу тәртібі) немесе 6-2-қосымшада (Төрешілердің мінез-құлық кодексі) көзделмеген рәсімдік мәселе туындаған жағдайда, оның ішінде аса қажет болған жағдайда, төрелік топ Тараптармен консультациялардан кейін осы ережелерге сәйкес келетін қажетті рәсімді бекіте алады.
15. Төрелік топ қандай да бір мерзімді немесе 6-тарауда (Дауларды шешу), осы қосымшада немесе 6-1-қосымшада (Төрелік іс жүргізу тәртібі) және 6-2-қосымшада (Төрешілердің мінез-құлық кодексі) көзделген рәсімді өзгерту қажет деп есептесе, ол Тараптарға ұсынылған өзгерістің себептері туралы жазбаша хабар береді. Тараптар өзара келісім бойынша кез келген мерзімді немесе рәсімді өзгерте алады.
Төрешілерді ауыстыру
16. Егер төреші талқылауға қатыса алмайтын болса, өздігінен бас тартуды мәлімдейді немесе ол ауыстырылуға тиіс, ауыстыру 6.8-бапқа (Төрелік топтың құрамы және құрылуы) сәйкес таңдалуға тиіс.
17. Егер Тарап төреші 6.8-баптың (Төрелік топтың құрамы және құрылуы) 7-тармағының немесе 6-2-қосымшаның (Төрешілердің мінез-құлық кодексі) талаптарына сәйкес келмейді және осы себепке байланысты ауыстырылуға тиіс деп есептесе, онда бұл Тарап екінші Тарапты төрешінің көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуін куәландыратын мән-жайлар туралы өзіне белгілі болған кезден бастап он бес (15) күн ішінде хабардар етуге тиіс.
18. Егер Тарап төрағадан басқа, төреші 6.8-баптың (Төрелік топтың құрамы және құрылуы) 7-тармағының немесе 6-2-қосымшаның (Төрешілердің мінез-құлық кодексі) талаптарына сәйкес келмейді деп есептесе, дау Тараптары консультациялар жүргізеді және олар келіскен жағдайда, төрешіні ауыстырады және 6.8-бапта (Төрелік топтың құрамы және құрылуы) көзделген рәсімге сәйкес оны ауыстыратын адамды таңдайды.
19. Егер Тараптар төрешіні ауыстыру қажеттігі туралы уағдаласа алмаса, Тараптардың кез келгені мұндай мәселенің шешімі түпкілікті болып табылатын төрелік топ төрағасының қарауына беру туралы өтінішхат жасай алады.
20. Егер Тарап төрелік топтың төрағасы 6.8-баптың (Төрелік топтың құрамы және құрылуы) 7-тармағының немесе 6-2-қосымшаның (Төрешілердің мінез-құлық кодексі) талаптарына сәйкес келмейді деп есептесе, Тараптар консультациялар жүргізеді және олар келіскен жағдайда төрағаны ауыстырады және 6.8-бапта (Төрелік топтың құрамы және құрылуы) көзделген рәсімге сәйкес оны ауыстыратын адамды таңдайды.
21. Егер Тараптар төрағаны ауыстыру қажеттігі туралы уағдаласа алмаса, мұндай мәселе ДСҰ-ның Бас директорының қарауына беріледі. ДСҰ-ның Бас директорының төрағаны ауыстыру қажеттігі туралы шешімі түпкілікті шешім болып табылады. Егер ДСҰ-ның Бас директоры Қазақстанның немесе Сингапурдың азаматы болып табылған жағдайда, қажетті тағайындауларды жүзеге асыру өтінішімен ДСҰ Бас директорының орынбасарына немесе қандай да бір Тараптың азаматы болып табылмайтын, шені бойынша одан кейінгі қызметкерге жүгінеді.
22. Төрелік топтың жұмысы осы қосымшаның 16-22-қағидаларында көзделген рәсімдерді орындау мерзіміне тоқтатыла тұрады.
Тыңдаулар
23. Төраға Тараптармен және басқа да төрешілермен консультациялар жүргізе отырып, тыңдаудың күні мен уақытын белгілейді және оны дау Тараптарына жазбаша нысанда растайды. Егер Тараптардың ешқайсысы қарсылық білдірмесе, төрелік топ тыңдауды шақырмау жөнінде шешім қабылдай алады.
24. Егер Тараптар өзгеше туралы уағдаласпаса, тыңдау талап қоюшы Тараптың аумағында өткізіледі.
25. Егер Тараптар бұл туралы уағдаласса, төрелік топ қосымша тыңдаулар шақыра алады.
26. Барлық төрешілер барлық тыңдаулар кезінде қатысып отырулары тиіс.
27. Тыңдауға мына адамдар қатыса алады:
(a) Тараптардың өкілдері;
(b) Тараптардың кеңесшілері;
(c) әкімшілік персонал, ауызша аудармашылар, жазбаша аудармашылар және отырыс хатшылары; және
(d) төрешілердің көмекшілері.
Тараптардың өкілдері мен кеңесшілері ғана төрелік топтың алдында сөз сөйлей алады.
28. Тыңдауды өткізу күніне дейін үш (3) күннен кешіктірмей Тараптардың әрқайсысы төрелік топқа және бір мезгілде екінші Тарапқа тыңдау шеңберінде ауызша дәлелдемелерімен жарыссөзде немесе осы Тараптың атынан істі ұсына отырып сөз сөйлейтін адамдардың, сондай-ақ тыңдауға қатысатын басқа да өкілдердің немесе кеңесшілердің тізімін ұсынады.
29. Төрелік топ талап қоюшы Тарап пен жауапкер Тарапқа тең уақыт берілуін қамтамасыз ете отырып, тыңдауды былайша өткізеді:
Құжаттарды ұсыну
(a) талап қоюшы Тараптың құжаттарды ұсынуы;
(b) жауапкер Тараптың құжаттарды ұсынуы;
Жарыссөз
(a) талап қоюшы Тараптың дәлелдемелерін ұсыну;
(b) жауапкер Тараптың қарсы дәлелдемелерін ұсыну.
30. Төрелік топ әрбір тыңдаудың стенограммасын дайындауды және оны Тараптарға мүмкіндігінше қысқа мерзімде беруді қамтамасыз етеді.
31. Төрелік топтың келісімімен Тарап тыңдау барысында туындаған кез келген сұраққа жауап ретінде жазбаша нысанда қосымша құжаттарды ұсына алады. Екінші Тарапқа да кез келген осындай қосымша құжаттарға жазбаша нысанда түсіндірмелер беру мүмкіндігі беріледі.
Жазбаша нысандағы сұрақтар
32. Төрелік топ төрелік талқылау барысында кез келген сәтте даудың бір немесе екі Тарапына жазбаша нысанда сұрақтарды жібере алады. Тараптардың әрқайсысы төрелік топ қойған кез келген сұрақтардың көшірмесін алады.
33. Тараптың әрқайсысы да бір мезгілде төрелік топқа және екінші Тарапқа төрелік топтың сұрақтарына өздерінің жазбаша жауаптарының көшірмесін береді. Тараптың әрқайсысына екінші Тараптың жауаптарын алған күннен бастап жеті (7) күн ішінде оларға жазбаша түсіндірмелер беру мүмкіндігі беріледі.
Құпиялылық
34. Тараптар және олардың кеңесшілері мен өкілдері, барлық төрешілер, бұрынғы төрешілер және олардың көмекшілері мен қызметкерлері және төрелік топтың тыңдауларына қатысатын барлық қатысушылар мен сарапшылар тыңдаулардың, талқылаулардың және төрелік топтың алдын ала баяндамасының және жазбаша нысандағы барлық ұсынылған құжаттардың және төрелік топпен ақпарат алмасудың құпиялылығын сақтауға тиіс. Бұл Тарап құпия ретінде белгілеген, төрелік топқа осы Тарап ұсынған кез келген ақпаратты қамтиды. Осы қосымшада ештеңе де Тарапқа өз ұстанымын, екінші Тарап ұсынған ақпаратқа сілтеме жасау кезінде екінші Тарап құпия ретінде белгілеген ешқандай ақпарат ашылмайтындай шамада, жария түрде мәлімдеуге кедергі болмауға тиіс.
Ex parte байланыстары
35. Төрелік топ екінші Тарап болмаған кезде кездесулер, тыңдаулар өткізбеуге және бір Тараппен өзгеше түрде өзара іс-әрекет жасамауға тиіс.
36. Төрешілердің ешқайсысы да басқа төрешілер болмаған кезде Тараппен немесе Тараптармен талқылау нысанасын талқылай алмайды.
Тілі мен аудармасы
37. 6-тарауда (Дауларды шешу) көзделген барлық рәсімдер және бүкіл ақпарат алмасу, барлық берілетін құжаттар және төрелік алқа жариялайтын барлық баяндамалар ағылшын тілінде жүргізіледі немесе жасалады.
38. Тараптың әрқайсысы өзі талқылау барысында беретін барлық құжаттардың ағылшын тіліне аудармасын дайындауға жауапты болады.
Мерзімдерді есептеу
39. Егер осы қосымшаның 7-қағидасын қолдануға байланысты Тарап құжатты екінші Тараптың осы құжатты алған күнінен өзгеше күні алса, осындай құжатты алған күн негізінде есептелетін кез келген мерзім осындай құжатты алған соңғы күннен бастап есептелуге тиіс.
Басқа рәсімдер
40. Осы қосымша сондай-ақ 6.12-баптың (Төрелік топтың баяндамасын орындау) 3 және 6-тармақтарында, 6.13-баптың (Міндеттемелерді өзгеге берудің немесе басқа да міндеттемелердің өтемақысы және оларды тоқтата тұру) 4-тармағында және 6.14-баптың (Міндеттемелерді орындауға шолу) 1-тармағында көзделген рәсімдерге қолданылады. Осы қосымшада белгіленген мерзімдер төрелік топтың осындай жекелеген рәсімдер шеңберінде шешімдер қабылдауы үшін көзделген арнайы мерзімдерге сәйкес келтіріледі.
6-2-ҚОСЫМША |
ТӨРЕШІЛЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ КОДЕКСІ
Анықтамалар
1. Егер өзгеше көрсетілмесе, осы қосымшада пайдаланылатын анықтамалар 6-тарауда (Дауларды шешу) және 6-1-қосымшада (Төрелік іс жүргізу тәртібі) айқындалған мәндерінде қолданылады.
Талқылау процесіндегі міндеттер
2. Талқылау барысында әрбір кандидат немесе төреші жарамсыз мінез-құлыққа немесе оның орын алуына жол бермеуге, тәуелсіз әрі бейтарап әрекет етуге, мүдделердің тікелей немесе жанама қақтығысынан аулақ болуға және дауларды шешу тетігінің тұтастығы мен бейтараптығын сақтау мақсатында мінез-құлықтың жоғары стандарттарын сақтауға міндетті. Төрешілер төрелік топтың қарауындағы мәселелер бойынша қандай да бір ұйымдардан, жеке тұлғалардан немесе мемлекеттік органдардан нұсқаулар алмауға тиіс.
Ақпаратты ашу жөніндегі міндеттемелер
3. 6-тарауға (Дауларды шешу) сәйкес төреші лауазымына бекітілу алдында кандидат өзінің тәуелсіздігі мен бейтараптығына әсер етуі мүмкін немесе талқылау барысында негізді түрде жарамсыз мінез-құлық немесе алалаушылық әсерін тудыруы мүмкін кез келген мүдделілік, өзара қарым-қатынастар немесе жағдайлар туралы ақпаратты ашуға міндетті. Осы мақсатта кандидат осындай мүдделіліктің, өзара қарым-қатынастардың немесе жағдайлардың бар екенін сезіну үшін барлық ақылға қонымды күш-жігерін салуға міндетті.
4. Бекітілгеннен кейін төреші осы қосымшаның 3-тармағында аталған кез келген мүдделіліктің, өзара қарым-қатынастардың немесе жағдайлардың бар екенін сезіну үшін барлық ақылға қонымды күш-жігерін салуды жалғастыруға міндетті және олар туралы ақпаратты ашуға міндетті. Ақпаратты ашу жөніндегі міндеттеме тұрақты болып табылады, ол төрешіден талқылаудың кез келген кезеңінде мұндай мүдделілік, өзара қарым-қатынастар немесе жағдайлар туындаған жағдайда олар туралы мүмкіндігінше тезірек хабарлауын талап етеді. Төреші Тараптарды осындай мүдделілікті, өзара қарым-қатынастарды немесе жағдайларды қарау үшін жазбаша нысанда хабардар ету арқылы олар туралы ақпаратты ашуға міндетті.
5. Мүдделілік, өзара қарым-қатынастар немесе жағдайлар туралы ақпаратты ашу мұндай мүдделіліктің, өзара қарым-қатынастың немесе жағдайдың осы қосымшаның 3 және 4-тармақтарының қолданылу аясына жататынына не жатпайтынына немесе бұл қарсылық білдіруге немесе шеттетуге алып келетініне не алып келмейтініне қарамастан жүргізіледі. Мүдделілік, өзара қарым-қатынас немесе жағдай туралы ақпаратты ашу қажеттігіне қатысты айқын болмау жағдайында кандидат немесе төреші ақпаратты ашу пайдасына бейімделуге міндетті.
6. Кандидат немесе төреші осы қосымшаны бұзудың нақты немесе ықтимал тәуекелі бар жағдайлар туралы ғана Тараптарға оларды қарау үшін хабарлауға міндетті.
Төрешілердің міндеттері
7. Төреші өз міндеттерін әділдік пен адалдық рухындағы бүкіл талқылау барысында мұқият әрі жедел орындауға міндетті.
8. Төреші 6-тарауда (Дауларды шешу), 6-1-қосымшада (Төрелік іс жүргізу тәртібі) және осы қосымшада көрсетілген ережелерді сақтауға міндетті.
9. Төреші талқылау барысында туындайтын және шешім шығару үшін қажетті мәселелерді ғана қарауға міндетті және бұл міндетті қандай да бір үшінші тұлғаларға беруге тиіс емес. Төреші басқа төрешілерге талқылаудың барлық аспектілеріне қатысудан бас тартпауға тиіс.
10. Төреші өз ассистенттері мен қызметкерлерінің 2-6, 8, 11 және 17-20-тармақтарында көрсетілген ережелермен танысуы және оларды сақтауы үшін тиісті шаралар қабылдауға міндетті.
11. Төреші талқылауға байланысты біржақты байланыстарға тартылмауға тиіс.
Төрешілердің тәуелсіздігі мен бейтараптығы
12. Төреші тәуелсіз әрі бейтарап болуға міндетті және жарамсыз мінез-құлық немесе алалаушылық әсерін тудырмауға, жеке мүдделерін көздемеуге, сыртқы қысымға ұшырамауға, саяси көзқарастарға, қоғамдық талаптарға, Тарапқа бейімділікке немесе сынға ұшырау қорқынышына тәуелді болмауға тиіс.
13. Төреші өзінің жеке міндеттерінің тиісінше орындалуына сол немесе өзгеше түрде ықпал ететін немесе ықпал ететіні туралы әсер тудыратын қандай да бір міндеттемені тікелей немесе жанама түрде өзіне алуға немесе қандай да бір пайда табуға тиіс емес.
14. Төреші қандай да бір жеке немесе жекеменшік мүдделерді ілгерілету үшін төрелік топта өз жағдайын пайдалануға тиіс емес және басқалардың ерекше жағдайда екендігі және оған әсер ете алатыны туралы әсер тудыратын іс-қимылдар жасамауға тиіс.
15. Төреші өткен немесе қазіргі қаржылық, іскерлік, кәсіби, отбасылық немесе әлеуметтік қатынастарының немесе міндеттерінің өз мінез-құлқына немесе пайымдауына ықпал етуге мүмкіндік бермеуге тиіс.
16. Төреші өзінің бейтараптығына әсер етуі мүмкін немесе жарамсыз мінез-құлық немесе алалаушылық әсерін негізді түрде тудыруы мүмкін қандай да бір қарым-қатынасқа түспеуге немесе қаржылық мүдделі болмауға тиіс.
Құпиялылық
17. Төреші немесе бұрынғы төреші талқылау мақсаттарынан басқа, талқылауға қатысты немесе талқылау барысында алынған қандай да бір жарияланбайтын ақпаратты бір кезде ашуға немесе пайдалануға тиіс емес және атап айтқанда, жеке пайда немесе басқалар үшін пайда алу үшін немесе басқалардың мүдделеріне әсер ету үшін кез келген осындай ақпаратты ашуға немесе пайдалануға тиіс емес.
18. Төреші аяқталмаған төрелік талқылаудың мәні бойынша ешқандай жария мәлімдемелер жасамауға тиіс.
19. Төреші 6-тарауға (Дауларды шешу) сәйкес төрелік топтың есебі ұсынылғанға дейін осы есепті немесе оның бөліктерін жария етпеуге тиіс.
20. Төреші немесе бұрынғы төреші бір кезде төрелік топ талқылауларының барысы туралы немесе қандай да бір төрешінің талқылаулар барысы туралы пікірі туралы немесе талқылау барысында сол немесе өзге төрешілерді көпшіліктің не азшылықтың пікірін білдірушілерге жатқызу туралы ақпаратты ашуға тиіс емес.
Шығыстар
21. Әрбір төреші талқылауға арналған уақыт туралы және өзінің шығыстары туралы, сондай-ақ өз көмекшілерінің уақыты мен шығыстары туралы есеп жүргізуге және түпкілікті есеп беруге міндетті.
Бұрынғы төрешілердің міндеттемелері
22. Бұрынғы төреші өз міндеттерін орындау кезінде алалаушылық танытты немесе төрелік топтың шешімінен қандай да бір пайда алды деген әсер тудыруы мүмкін әрекеттерден аулақ болуға міндетті.
Сарапшылардың, ассистенттердің және персоналдың жауапкершілігі
23. 2 - 6, 8, 11, 17 - 20 және 22-тармақтар сондай-ақ сарапшыларға, ассистенттерге және персоналға да қолданылады.
7-ТАРАУ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7.1-бап
Бірлескен комитет
1. Тараптар осы арқылы Қазақстан мен Сингапур өкілдерінің құрамында Бірлескен комитет құрады.
2. Осы Келісім күшіне енгеннен кейін, егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, Бірлескен комитет өз отырыстарын Сингапурда немесе Қазақстанда әр екі жыл сайын кезекпен өткізеді. Бірлескен комитет әр тараптан министрлер деңгейінде лауазымды адамдардың немесе олардың өкілетті өкілдерінің төрағалығымен өтеді. Бірлескен комитет өз күн тәртібін дербес белгілейді.
3. Шұғыл жағдайларда бірлескен Комитеттің арнайы отырыстары бір Тараптың екінші Тарапқа және Тараптардың өзара келісімі бойынша жазбаша хабарлауы арқылы да өткізілуі мүмкін. Мұндай отырыстар Тараптар келіскен уақытта және жерде өткізіледі.
4. Бірлескен комитет:
(a) осы Келісімнің жалпы қолданылуына шолуды жүзеге асырады;
(b) осы Келісімнің қолданылуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады және оның негізгі мақсаттарын ілгерілетеді;
(c) осы Келісім шеңберінде құрылған барлық жұмыс топтарының және басқа органдардың жұмысына бақылауды жүзеге асырады;
(d) Тараптар арасындағы сауда қатынастарын одан әрі нығайту жолдарын зерделейді;
(e) осы Келісімнен туындайтын кез келген мәселелерді шешуге ұмтылады; және
(f) Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге қатысты кез келген мәселелерді қарайды.
5. Бірлескен комитет:
(a) өз міндеттерін орындауға көмектесу үшін қажет деп санайтын кез келген жұмыс топтарын құру немесе тарату туралы шешім қабылдауы;
(b) өзінін құзыретіне кіретін кез келген мәселелер бойынша, қажет болған кезде барлық мүдделі тұлғалармен және сарапшылармен ақпарат алмасу туралы шешім қабылдауы;
(c) жұмыс топтарының ұсыныстарын қарастыруы;
(d) Тараптар үшін орынды деп саналатын, оның ішінде осы Келісімге кез келген өзгерістер енгізу жөнінде ұсынымдар дайындауы;
(e) осы Келісімде көзделген болса, шешімдерді қабылдау немесе ұсынымдар дайындауы;
(f) өз рәсімдік қағидаларын бекітуі; және
(g) Тараптардың өзара келісімі бойынша өз функцияларын жүзеге асыру үшін кез келген басқа да іс-әрекеттер жасауы мүмкін.
6. Бірлескен комитет Тараптардың консенсусымен шешімдер мен ұсынымдар қабылдайды. Тараптар бірлескен комитеттің шешімдерін орындау үшін қажетті шараларды қабылдауы тиіс.
7.2-бап
Байланыс пункттері
Осы Келісімнің басқа ережелерінде өзгеше арнайы көрсетілмеген жағдайларды қоспағанда, әрбір Тарап екінші Тараппен және осы Келісімде қамтылатын кез келген мәселелер бойынша Бірлескен комитетпен байланыс үшін жалпы жауапты болатын байланыс пунктін тағайындайды. Әрбір Тарап өзінің ішкі рәсімдеріне сәйкес өзінің байланыс пунктін тағайындайды және Келісім күшіне енген күннен бастап тоқсан (90) күн ішінде осындай тағайындау туралы екінші Тарапқа хабарлайды. Тараптың байланыс тұлғасы кез келген өзгерген жағдайда, бұл Тарап екінші Тарапты тиісті түрде хабардар етеді.
7.3-бап
Басқа келісімдермен арақатынасы
1. Тараптар ДСҰ келісімін қоса алғанда, екі Тарап қатысушылары болып табылатын қолданыстағы екіжақты және көпжақты келісімдерден туындайтын бірімен-біріне қатысты өздерінің қолданыстағы құқықтары мен міндеттемелерін растайды.
2. Осы Келісім мен Тараптардың қатысушылары болып табылатын басқа да келісімдер арасында қандай да бір қайшылық туындаған жағдайда, мүдделі Тараптар халықаралық құқықтың жалпы қағидаттарын ескере отырып, өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында бірімен-бірі дереу консультациялар өткізеді.
3. 2-тармаққа қарамастан, егер осы Келісімде 2-тармақта көрсетілген қайшылық мәселесін реттейтін ережелер тікелей көзделсе, мұндай ережелер қолданылады.
4. Осы Келісімнің мақсаттары үшін ГАТС-тағы баптарға кез келген сілтеме, егер қолданылса, түсіндірме жазбаларды қамтиды.
5. Осы Келісім мен 2018 жылғы 21 қарашада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімнің арасында кез келген сәйкессіздіктер болған жағдайда, сәйкессіздік бөлігінде осы Келісім басым күшке ие болады.
7.4-бап
ДСҰ құқығының дамуы
Егер Тараптар осы Келісімге енгізген ДСҰ келісімінің қандай да бір ережесіне өзгерістер енгізілсе, Тараптар қажет болған жағдайда өзара қолайлы шешімді дайындау мақсатында Бірлескен комитет шеңберінде бірімен-бірі консультациялар өткізеді.
7.5-бап
Салық салу
1. Осы Бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Келісімде ештеңе салықтық шараларға қолданылмайды.
2. Осы Келісімде ештеңе екі Тарап тараптары болып табылатын кез келген салықтық келісім бойынша Тараптардың кез келгенінің құқықтары мен міндеттерін қозғамайды. Осы Келісім мен кез келген осындай келісім арасындағы кез келген сәйкессіздік болған жағдайда, мұндай келісім ол сәйкес келмейтін шамада басым күшке ие болады. Тараптар арасындағы екіжақты салықтық келісім болған жағдайда, уәкілетті органдар осы Келісім шеңберінде осы Келісім мен сол Келісімнің арасында қандай да бір сәйкессіздіктің бар-жоғын анықтау үшін айрықша жауапты болады.
3. 3.10-бап (Экспроприация) және В бөлімі (Инвестор мен мемлекет арасындағы дауларды шешу) салықтық шараларды осындай салықтық шаралар экспроприация болып табылатындай дәрежеде қолданылады.18 Салықтық шараға қатысты 3.10-бапқа (Экспроприация) сілтеме жасауға ұмтылатын инвестор алдымен 4-тармақта сипатталған уәкілетті органдарға 3.15-бапқа (Төрелік талқылауды құру) сәйкес хабарлама жіберілген сәтте осы салықтық шара экспроприация болып табыла ма деген сұрақпен жүгінуі тиіс. Егер уәкілетті органдар бұл мәселені қарауға келіспесе немесе оны қарауға келісе отырып, осы шараның экспроприация болып табылмайтыны туралы келісімге келмейтін болса, осындай берілген сәттен бастап алты (6) ай ішінде инвестор өз талабын 3.15-бапқа (Төрелік талқылауды құру) сәйкес төрелікке бере алады. Неғұрлым айқындылық үшін, егер уәкілетті органдар осы тармаққа сәйкес шараның экспроприация болып табылмайтынымен келіссе, инвестор талап қою үшін негіз ретінде 3.10-бапқа (Экспроприация) сілтеме жасамауға тиіс.
4. Осы баптың мақсаттары үшін:
(а) "уәкілетті органдар":
(i) Сингапур үшін - Қаржы министрлігі;
(ii) Қазақстан үшін - Қаржы министрлігі;
_________________
183.10-бапқа қатысты (Экспроприация) салықтық шара экспроприация болып табылатынын бағалау кезінде былайша пайымдау орынды:
(a) салықтарды енгізу, әдетте, экспроприация емес. Инвестицияларға қатысты бірнеше юрисдикцияға жаңа салықтық шараларды енгізу немесе салық салу экспроприация болып табылмайды;
(b) халықаралық деңгейде танылған салық саясатына, қағидаттары мен тәжірибесіне сәйкес келетін салықтық шаралар экспроприация болып табылмайды. Атап айтқанда, салықтан жалтарудың немесе жалтарудың алдын алуға бағытталған салықтық шараларға, жалпы алғанда, экспроприаторлық ретінде қарастырылмауы керек; және
(c) белгілі бір ұлттың инвесторларына немесе белгілі бір жеке салық төлеушілерге бағытталған емес, кемсітусіз негізде қолданылатын салықтық шаралар экспроприацияны білдірмейді. Егер инвестицияны жүзеге асыру кезінде ол қолданыста болса және ол туралы ақпарат жария етілсе немесе басқаша түрде жария етілсе, салықтық шара экспроприацияны білдірмеуі тиіс.
немесе олардың мирасқорлары дегенді білдіреді.
(b) "салықтық келісім" қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімді немесе басқа халықаралық салықтық келісімін немесе уағдаластықты білдіреді.
7.6-бап
Төлем балансын қорғауға арналған шектеулер
1. Егер Тарап төлем балансында елеулі қиындықтарға және сыртқы қаржылық қиындықтарға тап болса немесе оларға қауіп төнсе, ол көрсетілетін қызметтер мен инвестициялар саудасына, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер мен инвестициялар саудасына байланысты төлемдер мен аударымдарға қатысты шектеулерді енгізуі немесе сақтауы мүмкін.
2. 1-тармаққа сәйкес қабылданған немесе сақталатын кез келген шектеулер:
(a) ХВҚ келісімінің баптарына сәйкес келуге;
(b) екінші Тараптың коммерциялық, экономикалық және қаржылық мүдделеріне қажетсіз зиян келтірмеуге;
(c) 1-тармақта сипатталған мән-жайларды қарау үшін қажетті мән-жайлардан аспауға;
(d) уақытша сипатта болуға және 1-тармақта көрсетілген жағдай жақсарған сайын біртіндеп жойылуға;
(e) кемсітусіз негізде және екінші Тарапқа осы Келісімнің тарапы болып табылмайтын кез келген Тараптан кем емес қолайлы қаралатындай етіп қолданылуға тиіс.
3. 1-тармаққа сәйкес қабылданған немесе сақталған кез келген шектеулер немесе олардың кез келген өзгерістері екінші Тарапқа дереу хабарлануы тиіс.
4. Осы баптың l-тармағына сәйкес қандай да бір шектеулерді қабылдайтын Тарап өзі қабылдаған шектеулерді қарау үшін бірлескен комитет арқылы екінші Тараппен консультацияларды бастайды.
7.7-бап
Жалпы ерекшеліктер19
Мұндай шаралардың осындай шарттар басым болатын басқа Тарапқа немесе оның инвесторларына қатысты ерікті немесе негізсіз кемсітушілік құралы немесе Тарап аумағында көрсетілетін қызметтер саудасына немесе екінші Тарап инвесторларының инвестицияларына жасырын шектеу болатын тәсілмен қолданылмауы туралы талап сақталған жағдайда, осы Келісімде ештеңе де Тараптың:
(a) қоғамдық моральды қорғау немесе қоғамдық тәртіпті сақтау үшін қажетті;20
(b) адамның өмірін немесе денсаулығын, жануарларды немесе өсімдіктерді қорғау үшін қажетті;
(c) көркемдік, тарихи немесе археологиялық құндылығы бар ұлттық қазынаны қорғау үшін қолданылатын;
(d) егер мұндай шаралар ішкі өндіріске немесе тұтыну шектеумен бірге енгізілсе, сарқылатын табиғи ресурстарды сақтауға байланысты;
(е) осы Келісімнің ережелеріне қайшы келмейтін заңнамаға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін қажетті, оның ішінде мыналарға:
(i) жосықсыз және алаяқтық әрекеттердің алдын алуға немесе шарт бойынша міндеттемелерін орындамау салдарын жоюға;
(ii) дербес деректерді өңдеу мен таратуға және жеке жазбалар мен шоттардың құпиялылығын қорғауға қатысты жеке тұлғалардың құпиялылығын қорғауға; немесе
(iii) қауіпсіздікке қатысты ережелердің сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдауына немесе орындауына кедергі келтіретін ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
___________________
19Неғұрлым айқындылық үшін осы ережелерге жалпы ерекшеліктерді қолдану үкіметтердің заңды реттеу мақсаттарының болуына байланысты инвесторлар мұндай жағдайда болмаған кезде әрекет ету қабілетін төмендету ретінде түсіндірілмеуі керек.
20Қоғамдық тәртіпке қатысты ерекшелік, егер қоғамның негізгі мүдделерінің біріне нақты және айтарлықтай қауіп төнген жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
7.8-бап
Қауіпсіздік пайымдары бойынша ерекшеліктер
Осы Келісімде ештеңе:
(a) Тарапқа ашылуы өз қауіпсіздігінің елеулі мүдделеріне қайшы келеді деп есептейтін кез келген ақпаратты беру талабы ретінде; немесе
(b) Тарапқа халықаралық бейбітшілікті немесе қауіпсіздікті қолдауға немесе қалпына келтіруге немесе өзінің жеке қауіпсіздігінің елеулі мүдделерін қорғауға қатысты өз міндеттемелерін орындау үшін қажет деп санайтын шараларды қолдануға кедергі келтіретін ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
7.9-бап
Ақпаратты ашу
1. Осы Келісімдегі ештеңе Тарапты ашылуы құқық қолдануға кедергі келтіретін немесе қоғамдық мүдделерге өзгеше түрде қайшы келетін немесе жекелеген кәсіпорындардың, мемлекеттік немесе жекеменшік кәсіпорындардың заңды коммерциялық мүдделеріне нұқсан келтіретін құпия ақпарат беруді талап ететін ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
2. Егер осы Келісімде өзгеше көзделмесе, Тарап осы Келісімге сәйкес құпия деп айқындайтын ақпаратты басқа Тарапқа (немесе Бірлескен комитетке, кіші комитеттерге, жұмыс топтарына немесе кез келген басқа органдарға) беретін жағдайларда, осындай ақпаратты алатын Тарап (немесе Бірлескен комитет, кіші комитет, жұмыс тобы немесе кез келген басқа орган) ақпараттың құпиялылығын сақтауға, оны тек ақпарат берген Тарап айқындаған мақсаттар үшін қолдануға және оны Тараптың арнайы жазбаша рұқсатынсыз ашпауға тиіс.
7.10-бап
Артықшылықтан бас тарту
Егер мұндай тұлға басқа Тараптың аумағында елеулі іскерлік операцияларды жүргізбейтін және:
(a) осы Келісімнің тарапы болып табылмайтын кез келген тарапқа; немесе
(b) бұрынғы Тарапқа тиесілі немесе солардың тұлғалары бақылайтын заңды тұлға болып табылатынын анықтаса, Тарап осы Келісімнің және оның инвестицияларының артықшылықтарын басқа Тараптың тұлғасына беруден бас тарта алады.
8-ТАРАУ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
8.1-бап
Өзгерістер енгізу
Тараптар осы Келісімге өзгерістер енгізу туралы жазбаша нысанда уағдаласа алады. Барлық өзгерістер осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және 8.2-бапта (Күшіне енуі) көзделген тәртіппен күшіне енеді.
8.2-бап
Күшіне енуі
Осы Келісімді Тараптар ратификациялайды. Осы Келісім Тараптардың осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті өздерінің тиісті ішкі құқықтық рәсімдерін орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен кейінгі екінші айдың бірінші күнінде күшіне енеді.
8.3-бап
Ұзақтығы
1. Егер 2-тармаққа сәйкес Тараптардың кез келгені оны бұзбаса, осы Келісім белгісіз уақыт кезеңі ішінде қолданылады.
2. Тараптардың кез келгені осы Келісімнің қолданылуын тоқтату ниеті туралы екінші Тарапты жазбаша хабардар ете алады.
3. Осы Келісімнің қолданылуы осы баптың 2-тармағында көрсетілген жазбаша хабарлама алынған күннен кейін он екі айдан кейін тоқтатылады. Бұл тоқтату салдарын анықтайтын осы Келісімнің ережелеріне, атап айтқанда 8.4-бапқа (Ерекшеліктер туралы ережелер) зиян келтірмейді.
8.4-бап
Ерекшеліктер туралы ережелер
1. Осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылған күннен бастап он (10) жыл ішінде мынадай ережелер (тиісті қосымшаларды қоса алғанда) жалпы халықаралық құқық нормаларын кейіннен қолдану үшін залал келтірмей, тоқтатылған күні қолданыстағы екінші Тарап инвесторларының инвестицияларына қолданылуын жалғастырады:
(a) 3-тараудың (Инвестиция) ережелері; және
(b) 3-тарауды (Инвестиция) қолдану немесе түсіндіру үшін қажет болуы мүмкін Келісімнің өзге де ережелері.
2. Күмәнді болдырмау үшін 1-тармақ тоқтатылған күннен кейін инвестицияларды құруға, сатып алуға немесе кеңейтуге қолданылмайды.
3. 2-тармаққа сәйкес хабарлама жіберілгеннен кейін отыз (30) күн ішінде Тараптардың кез келгені 2-тармақта көзделгеннен гөрі осы Келісімнің кез келген ережесінің қолданылуын тоқтатудың неғұрлым кеш мерзімінде күшіне енуіне қатысты консультациялар сұрата алады. Мұндай консультациялар Тарап осындай сұрау салуды жібергеннен кейін отыз (30) күн ішінде басталуы тиіс.
8.5-бап
Қосымшалар
Осы Келісімге қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН тиісті түрде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.
2023 жылғы 22 мамырда, Астанада, Қазақстан, қазақ және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей. Дау туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтіннің басым күші болады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН |
СИНГАПУР РЕСПУБЛИКАСЫҮШІН |
2-1-ҚОСЫМША |
ЕРЕКШЕЛІКТІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ТІЗБЕЛЕРІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ
Түсіндірме жазба
1. Осы тізбедегі көрсетілетін қызметтер секторларының сыныптамасы, егер "НӨС" нөмірінің болмауы өзгешені белгілемесе, 1991 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымы Статистика басқармасының алдын ала Негізгі өнімдер сыныптамасына (бұдан әрі - НӨС) негізделген. Тәртіп 1991 жылғы 10 шілдедегі ГАТТ MTN.GNS/W/120 құжатында пайдаланылатын көрсетілетін қызметтердің салалық сыныптамасының тізіміне сәйкес баяндалған. Ерекшелікті міндеттемелердің тізбесі 1993 жылғы 3 қыркүйектегі ГАТТ MTN. GNS/W/164 және 1993 жылғы 30 қарашадағы MTN.GNS/W/164/Add. 1 құжаттарында жазылған басшы қағидаттарға сәйкес келеді.
2. Жекелеген НӨС кодтарына қатысты"**"пайдалану осы кодқа арналған ерекшелікті міндеттеме осы кодта қамтылатын көрсетілетін қызметтердің барлық спектріне қолданылмауға тиіс екенін көрсетеді.
3. Төменде келтірілген (бұдан әрі "осы тізбе" деп аталатын) міндеттемелер тізбесі 2.3 (Нарыққа қол жеткізу), 2.4 (Ұлттық режим) және 2.5 (Қосымша міндеттемелер)-баптарға сәйкес ырықтандырылған көрсетілетін қызметтердің секторларын көрсетеді және ескертпелер арқылы осы секторлардағы Қазақстанның көрсетілетін қызметтері мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілеріне қолданылатын нарыққа және ұлттық режимге қол жеткізуді шектеуді көрсетеді. Бұл тізбе мынадай элементтерден тұрады:
(a) Сингапур өзіне міндеттемелер алған сектор немесе кіші сектор және ескертпелер қолданылатын ырықтандыру көлемі көрсетілетін бірінші баған;
(b) бірінші бағанда көрсетілген секторда немесе кіші секторда 2.3-бапқа (Нарыққа қол жеткізу) қолданылатын ескертпелер сипатталатын екінші баған;
(c) бірінші бағанда көрсетілген секторда немесе кіші секторда 2.4-бапқа (Ұлттық режим) қолданылатын ескертпелер сипатталатын үшінші баған; сондай-ақ
(d) көрсетілетін қызметтердің трансшекаралық берілуіне және 2.3- бапқа (Нарыққа қол жеткізу) және 2.4-бапқа (Ұлттық режим) сәйкес тізбелерге енгізілуге жатпайтын көрсетілетін қызметтер секторларында мекеме құруға ықпал ететін шаралар бойынша ерекше міндеттемелер сипатталатын төртінші баған.
4. 2.3-бапқа (Нарыққа қол жеткізу) қарамастан, осы тізбеде кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанының типіне қатысты оларды Сингапурдың қолдауы немесе қабылдауы мақсатымен кемсітпейтін талаптарды көрсетудің қажеттілігі жоқ.
5. Осы тізбеде, егер 2.3-баптың (Нарыққа қол жеткізу) және 2.4-баптың (Ұлттық режим) мәнінде нарыққа қол жеткізуді немесе ұлттық режимді шектеуді білдірмесе, біліктілік талаптары мен рәсімдеріне, техникалық стандарттар мен лицензиялау талаптарына қатысты шаралар қамтылмайды. Бұл шаралар (мысалы, лицензия алу қажеттілігі, әмбебап көрсетілетін қызметтерді ұсыну және реттелетін секторлардағы біліктілікті тану бойынша міндеттемелер, сондай-ақ арнаулы емтихандарды, оның ішінде тіл бойынша емтихандарды тапсыру қажеттілігі және экономикалық қызмет жүзеге асырылатын аумақта заңды тұрғылықты жері болу қажеттілігі), тіпті көрсетілмесе де, кез келген жағдайда Қазақстанның көрсетілетін қызметтеріне және көрсетілетін қызметтерді берушілеріне қолданылады.
6. Осы тізбе өзгеден басқа жылжымайтын мүлікті иеленуді, сатуды, сатып алуды, дамытуды және басқаруды қозғайтын шараларды қоса алғанда, жылжымайтын мүлікті қозғайтын шараларға қолданылмайды.
7. 1.3-бапқа (Қамту) сәйкес осы тізбе мемлекет қолдайтын кредиттерді, кепілдіктер мен сақтандыруды қоса алғанда, Тарап ұсынатын субсидияларға немесе гранттарға қолданылмайды немесе мұндай субсидиялар тек жергілікті көрсетілетін қызметтерге, көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға немесе көрсетілетін қызметтерді берушілерге берілетініне-берілмейтініне қарамастан, осындай субсидияларды немесе гранттарды алуға немесе ұзақ уақыт алуға байланысты кез келген шарттарға қолданылмайды.
Өнім беру тәсілдері: (1) Трансшекаралық өнім беру (2) Шетелде тұтыну (3) Коммерциялық қатысу (4) Жеке тұлғалардың қатысуы
______________________________________
1 Осы ақпарат тек транспаренттілік мақсатында ғана ұсынылады: Аудиторлық көрсетілетін қызметтерге арналған осы шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай шарттың жарамды болуы үшін әдетте талап етілетін ережелерге қосымша құпиялылыққа және кәсіби ұйымда мүшелікке қойылатын талаптарға қатысты ережелерді қамтуға тиіс.
2 Осы ақпарат тек транспаренттілік мақсатында ғана ұсынылады: 1. Аудиторлық ұйым жалдаған кемінде үш аудитор Қазақстанның біліктілік комиссиясы берген "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін иеленуге тиіс. 2. Қазақстанның аумағында заңды тұлғаны құру үшін шетелдік аудиторлық компания Халықаралық бухгалтерлер федерациясына мүше ұйымға мүше болуға немесе резиденттік орны бойынша құзыретті уәкілетті органда тіркелуге болуға тиіс.
3 Бұл ақпарат тек транcпаренттілік мақсатында беріледі: бухгалтерлік компания Халықаралық бухгалтерлер федерациясына мүше ұйымның мүшесі болуға тиіс. Бухгалтерлерді Халықаралық бухгалтерлер федерациясына мүше ұйым сертификаттауы немесе оларға тұрғылықты жері бойынша құзыретті уәкілетті орган уәкілеттік беруге тиіс.
4 Жергілікті, сол сияқты шетелдік көрсетілетін қызметтерді берушілер үшін жергілікті уәкілетті органдардан рұқсат алу талап етіледі, ол қалалық жоспарлау мен тарихи және табиғи объектілерді қорғауға байланысты өлшемшарттар бойынша берілетін болады.
5 "Өндеу" ұғымы іріктеуді, сұрыптауды, тасымалдау мен жеткізуді қамтиды.
6Көрсетілетін экспресс жеткізу қызметтері жазбаша хат-хабарларды (мысалы, хаттарды, ашықхаттарды) жеткізуге арналған айтарлықтай анағұрлым жоғары тарифтерге, сондай-ақ жеткізудің жоғары жылдамдығы мен көбірек сенімділігіне қосымша жөнелту орнынан тікелей жөнелтімдерді алу, адресатқа дербес жеткізу, қозғалысын қадағалау және жеткізу жолында межелі және алу пунктін өзгерту ықтималдығын, алғанын растау сияқты қосымша басқа элементтерді қамтуы мүмкін. Жазбаша хат-хабарларды жеткізуге арналған айтарлықтай анағұрлым жоғары тарифтер - неғұрлым шұғыл жеткізу санатының бірінші салмағында ұлттық пошта операторының жазбаша хат-хабарды жеткізгені үшін мемлекеттік базалық тарифінен 5 есе астам жоғары тарифтер.
7 Траспаренттілік мақсаты үшін: осы код НӨС 5115-ті қамтиды (Тау-кен жұмыстарын жүргізу үшін алаңдарды дайындау бойынша көрсетілетін қызметтер).
8 Осы ерекшелікті міндеттемелердің тізбесі тұрғысында фармацевтикалық, парафармацевтикалық және медициналық тауарлар: витаминдерді, минералдарды немесе адам организмінің дұрыс жұмыс істеуіне арналса да, ауруларды емдеуге арналмаған басқа да белсенді биологиялық заттарды; косметиканы, мақта тампондары сияқты медициналық сараптаманы қажет етпейтін ортақ пайдаланудағы тауарларды; және басқа да гигиена мен тазалық өнімдерін қамтымайды.
9 Бөлшек саудада қызметтерді көрсету үшін ұлттық режимнің негізінде жергілікті биліктің рұқсаты талап етіледі. Негізгі өлшемшарттар: халықтың тығыз қоныстануы, географиялық қашықтық, қала құрылысы және тарихи ескерткіштер мен табиғи парктерді қорғау жоспары.
10 Осы сектордағы (НӨС 8929* бөлігі) міндеттемелер осы Ерекше міндеттемелердің тізбесінде сипатталған шараларды, көрсетілетін қызметтердің басқада секторларында жүзеге асырылуына кедергі келтірмеуге тиіс.
ТЕҢІЗ КӨЛІГІНІҢ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРІ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕР ТІЗБЕСІНЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР
Автожол, теміржол, ішкі су көлігінің көрсетілетін қызметтері және олармен байланысты қосалқы көрсетілетін қызметтер Қазақстанның тізбесінде толығымен қамтылмаса, мультимодал тасымалдардың операторы жүк автомобильдерін, теміржол вагондарын немесе баржаларды, сондай-ақ елдің ішінде жүктерді жылжытуға арналған тиісті жабдықты жалға немесе лизингке ала алады немесе оларға қол жеткізе алуға және мультимодал тасымалдарды жүзеге асыру мақсатында мультимодал қызметтің осы түрлерін ақылға қонымды және кемсітпеушілік шарттарында пайдалануға тиіс.
Мультимодал көлік тасымалдарының және осы қосымша міндеттеменің мақсаттары үшін "ақылға қонымды және кемсітпеушілік шарттарында" деген тұжырым портқа кешірек келген барлық басқа да тауарлардан басымдығын қоса алғанда, мультимодал тасымалдардың операторына тауарларды уақтылы жеткізу үшін кепілдік берілген мүмкіндікті ұсынуды білдіреді.
Анықтамалар
1. Заңнамаға сәйкес "каботаждық тасымалдар" ретінде қаралуы мүмкін қызмет түрлеріне нұқсан келтірмей, осы тізбеге "теңіз каботаждық тасымалдары бойынша көрсетілетін қызметтер" енгізілмеді, ол Қазақстанда орналасқан порт және Қазақстанда орналасқан басқа порт арасындағы жолаушылар мен тауарлар тасымалдары, сондай-ақ осы тасымалдардың маршруттары Қазақстанның аумақтық суларының шегінде қалған жағдайда, Қазақстанда орналасқан сол бір портта жөнелту пункті мен межелі пункті болатын осындай барлық тасымалдар деп түсініледі.
2. "Халықаралық теңіз көлігінің қызметтерін көрсету үшін коммерциялық қатысудың басқа да нысандары" деп Сингапурдың теңіз көлігінің көрсетілетін қызметтерін халықаралық берушілердің тұтынушыларға ішінара немесе толық интеграцияланған көлік қызметтерін көрсету үшін қажетті қызметтің барлық түрлерін жергілікті деңгейде жүзеге асыру қабілеттілігін түсінген жөн, олардың шеңберінде теңіз көлігінің көрсетілетін қызметтері маңызды құрамдас бөлік болып табылады (алайда, осы міндеттемені трансшекаралық өнім беру тәсілі бойынша қабылданған міндеттемені қандай да бір түрде шектеу деп түсінбеу керек).
Бұдан басқа, осы қызмет түрлерінің арасында мыналар:
(а) тікелей сатып алушылармен байланыс жасау арқылы теңіз көліктік және ілеспе көрсетілетін қызметтердің маркетингі және оларды сату, оферта ұсынудан бастап шоттың көшірме үзіндісіне дейін аталуы мүмкін. Көрсетілетін қызметтер арасында өнім берушілердің өздері беретін және ұсынатын көрсетілетін қызметтері де, өнім берушімен тұрақты іскерлік қатынастар орнатқан басқа да сатушы өнім беруші арқылы өткізетін көрсетілетін қызметтер де болуы мүмкін;
(b) кез келген көлік түрін қолдана отырып, көрсетілетін қызметтерді берудің кез келген тәсілдері бойынша, атап айтқанда, кешенді көрсетілетін қызметтер ұсынуға қажетті ішкі су, жол және теміржол көлігінің түрлері бойынша ішкі көліктік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, кез келген көлік құралдары мен ілеспе қызметтерді өз пайдасына немесе клиенттердің тапсырмасы бойынша (сондай-ақ клиенттерге қайта сату) сатып алу;
(c) тасымалданатын тауарлардың шығу тегіне және сипатына байланысты көліктік құжаттарға, кедендік құжаттарға немесе басқа да құжаттарға қатысты құжаттаманы дайындау;
(d) компьютерлендірілген ақпараттық жүйелерді және деректерді электрондық алмасуды қоса алғанда (Телекоммуникациялар бойынша қосымшаның ережелері шеңберінде), іскерлік ақпаратты кез келген тәсілдермен ұсыну;
(e) кез келген іскерлік қатынастарды (компаниядағы үлестік қатысуды қоса алғанда) ұйымдастыру және кез келген жергілікті тиеп-жөнелтуші агенттікпен бірге жергілікті мамандардан (немесе персоналдың орнын ауыстыру бойынша деңгейлес міндеттемелерге жататын шетелдік персонал үшін) қызметкерлерді тағайындау;
(f) компанияның тапсырмасы бойынша қызметті жүзеге асыру, қажет болған жағдайда кемені шақыруды немесе жүкті алуды ұйымдастыру қызметтері аталуы мүмкін.
3. "Теңіз жүктерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер" деп, егер бұл жұмыс күші стивидорингтен және терминал операторларының компанияларынан тәуелсіз ұйымдастырылған жағдайда, терминалдардың операторларын қоса алғанда, бірақ порт жұмысшыларының (докерлердің) тікелей қызметін қоспағанда, стивидорлық компаниялар жүзеге асыратын қызмет түсініледі. Теңіз жүктерін өңдеу бойынша өтелетін көрсетілетін қызметтерге мыналарды:
(a) жүктерді кемелерге тиеуді/кемелерден түсіруді;
(b) жүктерден бекіткіштерді бекітуді/ шешуді;
(c) жүктерді тиеп жөнелткенге дейін немесе тиеп/түсіріп алғаннан кейін алу/жеткізу және жауапты сақтауды ұйымдастыру мен қадағалау кіреді.
4. "Контейнерлік станциялар мен депоның көрсетілетін қызметтері" деп порттың аумағында да, оның шегінен тыс жерде контейнерлерді тиеу, түсіру немесе жөндеу және жүктерді тасымалдау үшін ұсыну мақсатында оларды сақтауды қамтитын қызмет түсініледі.
2-1-ҚОСЫМША |
ЕРЕКШЕЛІКТІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ТІЗБЕЛЕРІ СИНГАПУРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ
Түсіндірме жазба
1. Осы тізбедегі көрсетілетін қызметтер секторларының сыныптамасы, егер НӨС нөмірінің болмауы өзгешені көрсетпесе, 1991 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымы Статистика басқармасының алдын ала Негізгі өнімдерінің сыныптамасына (бұдан әрі - НӨС) негізделген. Тәртіп 1991 жылғы 10 шілдедегі ГАТТ MTN.GNS/W/120 құжатында пайдаланылатын көрсетілетін қызметтердің салалық сыныптамасының кезектілігін көрсетеді. Ерекшелікті міндеттемелердің тізбесі 1993 жылғы 3 қыркүйектегі ГАТТ MTN.GNS/W/164 және 1993 жылғы 30 қарашадағы MTN.GNS/W/164/Add.l құжаттарында жазылған басшы қағидаттарға сәйкес келеді.
2. Жекелеген НӨС кодтарына қатысты"**"пайдалану осы кодқа арналған ерекшелікті міндеттеме осы кодта қамтылатын көрсетілетін қызметтердің барлық спектріне қолданылмауға тиіс екенін көрсетеді.
3. Төменде келтірілген (бұдан әрі "осы тізбе" деп аталатын) міндеттемелер тізбесі 2.3 (Нарыққа қол жеткізу), 2.4 (Ұлттық режим) және 2.5 (Қосымша міндеттемелер)-баптарға сәйкес ырықтандырылған көрсетілетін қызметтердің секторларын көрсетеді және ескертпелер арқылы осы секторларда Сингапурдың көрсетілетін қызметтеріне және көрсетілетін қызметтерді берушілеріне қолданылатын нарыққа және ұлттық режимге қол жеткізу жөніндегі шектеулерді көрсетеді. Осы тізбе мынадай элементтерден тұрады:
(a) Қазақстан Республикасы өзіне міндеттемелер алатын сектор немесе кіші сектор және ескертпелер қолданылатын ырықтандыруды қамту көрсетілетін бірінші баған;
(b) бірінші бағанда көрсетілген секторда немесе кіші секторда 2.3-бапқа (Нарыққа қол жеткізу) қолданылатын ескертпелер сипатталатын екінші баған;
(c) үшінші бағанда бірінші бағанда көрсетілген секторда немесе кіші секторда 2.4-бапқа (Ұлттық режим) қолданылатын ескертпелер сипатталады; және
(d) көрсетілетін қызметтердің трансшекаралық берілуіне жеткізуге және 2.3-бапқа (Нарыққа қол жеткізу) және 2.4-бапқа (Ұлттық режим) сәйкес тізбеге енгізілуге жатпайтын көрсетілетін қызметтер секторларында кәсіпорындар құруға ықпал ететін шаралар бойынша нақты міндеттемелер сипатталатын төртінші баған.
4. 2.3-баптың (Нарыққа қолжеткізу) ережелеріне нұқсан келтірмей, осы тізбеде кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық нысанына қатысты кемсітпейтін талаптарды Қазақстанның сақтауы немесе қабылдауы үшін көрсетудің қажеттілігі жоқ.
5. Осы тізбеде, егер 2.3-баптың (Нарыққа қол жеткізу) және 2.4-баптың (Ұлттық режим) мәнінде нарыққа немесе ұлттық режимге қол жеткізуді шектеуді білдірмесе, біліктілік талаптары мен рәсімдеріне, техникалық стандарттар мен лицензиялау талаптарына қатысты шаралар қамтылмайды. Бұл шаралар (мысалы, лицензия алу қажеттілігі, әмбебап қызмет көрсету міндеттемелері және реттелетін секторлардағы біліктілікті тану қажеттілігі, сондай-ақ арнаулы емтихандарды, оның ішінде тіл бойынша емтихандарды тапсыру қажеттілігі және экономикалық қызмет жүзеге асырылатын аумақта заңды тұрғылықты жері болу қажеттілігі), тіпті көрсетілмесе де, кез келген жағдайда Сингапурдың көрсетілетін қызметтеріне және көрсетілетін қызметтерді берушілеріне қолданылады.
6. Осы тізбе өзгелерден басқа жылжымайтын мүлікті иеленуді, сатуды, сатып алуды, дамытуды және басқаруды қозғайтын шараларды қоса алғанда, жылжымайтын мүлікті қозғайтын қатысты шараларға қолданылмайды.
7. 1.3-баптың (Қамту) 3(c) тармақшасына сәйкес осы тізбе мемлекеттік қолдау кезіндегі кредиттерді, кепілдіктерді және сақтандыруды қоса алғанда, Тарап ұсынатын субсидияларға немесе гранттарға; немесе мұндай субсидиялар тек ішкі көрсетілетін қызметтерге, көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға немесе көрсетілетін қызметтерді берушілерге берілетініне-берілмейтініне қарамастан, осындай субсидияларды немесе гранттарды алуға немесе алуды жалғастыруға байланысты кез келген шарттарға қолданылмайды.
Өнім беру тәсілдері: (1) Трансшекаралық өнім беру; (2) Шетелде тұтыну; (3) Коммерциялық қатысу; (4) Жеке тұлғалардың қатысуы
____________________________
1Осы лауазымға тағайындалуы мүмкін адамдар негізінен Сингапур азаматтары, Сингапурдың тұрақты резиденттері және EntrePass иелері (барлығының жергілікті мекенжайы бар) болып табылады.
2 "Хат" дегеніміз - жіберуші хаттың өзінде немесе оның қаптамасында көрсеткен нақты бір адресатқа немесе мекенжайға берілуге және жеткізілуге (электрондық түрдегіден өзгеше) тиіс кез келген нақты жеткізгіште жазбаша түрдегі кез келген хабарды, оған қоса осындай хабарды қамтитын, бірақ кез келген кітапты, каталогты, газетті немесе мерзімді басылымды қамтымайтын пошта жөнелтілімін білдіреді.
3 Әуе және теңіз көлігіндегі қоғамдық тамақтандыру қызметтерін қоспағанда
4 Әуе және теңіз көлігіндегі қоғамдық тамақтандыру қызметтерін қоспағанда
3-1-ҚОСЫМША |
СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН ШАРАЛАР ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІЗБЕСІ
1. | |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | - |
Тиісті міндеттемелер |
Ұлттық режим (3.5-бап) |
Қолданыстағы шаралар | 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі |
Сипаттама |
Мына жеке тұлғалар: |
2. | |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | - |
Тиісті міндеттемелер | Ұлттық режим (3.5-бап) |
Қолданыстағы шаралар | "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-VI Қазақстан Республикасының Заңы; "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461 Қазақстан Республикасының Заңы |
Сипаттама |
Егер бұл бір тұлғадан немесе бір елден келген тұлғалар тобында құқықтардың шоғырлануына әкеп соғуы мүмкін болса, мемлекеттік орган өтініш берушіге Қазақстанның стратегиялық ресурстарын пайдалану және (немесе) стратегиялық объектілерін пайдалану, сатып алу2 бойынша мәмілелер жасауға рұқсат беруден бас тартуға құқылы. |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | - |
Тиісті міндеттемелер | Ұлттық режим (3.5-бап) |
Қолданыстағы шаралар | "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167 Қазақстан Республикасының Заңы |
Сипаттама | Концессионерді іріктеу рәсімі және концессиялық келісімнің елеулі шарттарының тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді. |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | - |
Тиісті міндеттемелер | Ұлттық режим (3.5-бап) |
Қолданыстағы шаралар | "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Қазақстан Республикасының Заңы |
Сипаттама |
Белгілі бір аумақта немесе акваторияда жануарлар дүниесін пайдалануға берудегі басымдық Қазақстанның заңды тұлғалары мен азаматтарына беріледі. |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | - |
Тиісті міндеттемелер | Ұлттық режим (3.5-бап) |
Қолданыстағы шаралар | "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV Қазақстан Республикасының Заңы |
Сипаттама |
1. Мемлекеттің тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің иеліктен шығарылатын объектілерін,3 тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерді және тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері-заңды тұлғалардың бақылау акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алуға басқа тұлғалар алдында артықшылықтар. Мұндай объектілерге, атап айтқанда, магистральдық газ құбыржолдары, тауарлық газ қоймалары, газ тарату және газ тұтыну жүйелері немесе газ құю станциялары жатады. |
6. | |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | - |
Тиісті міндеттемелер | Ұлттық режим (3.5-бап) |
Қолданыстағы шаралар | "Бағалы металдар және асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 444-V Қазақстан Республикасының Заңы |
Сипаттама | Мемлекеттің бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға артықшылықты құқығы бар. Мемлекеттің артықшылықты құқығын Қазақстанның Ұлттық Банкі іске асырады. |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | - |
Тиісті міндеттемелер | Ұлттық режим (3.5-бап) |
Қолданыстағы шаралар | "Бағалы металдар және асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 444-V Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" № 125-VI Қазақстан Республикасының Кодексі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 112 шешімі |
Сипаттама | Бағалы металдарды аффинаждауды жүзеге асыруға уәкілетті ұйымдардың тізбесі4 Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. |
8. | |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | - |
Тиісті міндеттемелер | Ұлттық режим (3.5-бап) |
Қолданыстағы шаралар | "Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 Қазақстан Республикасының Заңы |
Сипаттама | Есірткі және психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызметті мемлекеттік кәсіпорындар ғана жүзеге асыра алады. |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | - |
Тиісті міндеттемелер | Ұлттық режим (3.5-бап) |
Қолданыстағы шаралар | "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429 Қазақстан Республикасының Заңы |
Сипаттама | Этил спирті мен алкоголь өнімін Қазақстанның аумағына әкелуді және аумағынан әкетуді Қазақстанның аумағында тіркелген заңды тұлғалар ғана жүзеге асыра алады. |
10. | |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | - |
Тиісті міндеттемелер | Ұлттық режим (3.5-бап) |
Қолданыстағы шаралар | "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Қазақстан Республикасының Заңы |
Сипаттама |
Жүзеге асыруға лицензия талап етілетін қызметті Қазақстанның заңды тұлғалары немесе Қазақстанда белгіленген тәртіппен тіркелген дара кәсіпкерлер ғана жүзеге асыра алады. |
_________________________________________
1Қандас - бұрын Қазақстанның азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшесі.
2Стратегиялық ресурстарға мұнай, газ, газ конденсаты кен орындары, мұнай-газ өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібінің өнімі; әуе кеңістігі, темір жолдар, телекоммуникациялар; энергия ресурстары, энергетикалық жүйелер; дәнді дақылдар; алтын кен орындары, алтын және басқа да бағалы металдар; қара және түсті металдар кен орындары, қара, түсті және сирек кездесетін металдар; уран кен орындары және уран өнімдері; минералдық шикізат және тау-кен-химия өнеркәсібінің өнімдері; магистральдық құбыржолдар жатады, бірақолармен шектелмейді.
Стратегиялық обьектілерге: магистральдық теміржол желілері; магистральдық құбыржолдар; ұлттық электр тораптары; магистральдық байланыс желілері; телерадио хабарларын тарату объектілері; мұнайды қайта өңдеу өндірістері; қуаты кемінде 50 мегаватт энергия ендіруші объектілер; ұлттық пошта желісі; халықаралық әуежайлар; халықаралық маңызды мәртебесі бар теңіз порттары; әуе қозғалысын басқару жүйесінің аэронавигациялық құрылғылары; кеме қатынасының қауіпсіздігін реттейтін және оған кепілдік беретін құрылғылар мен навигациялық белгілер; атом энергиясын пайдаланатын объектілер; ғарыш саласының объектілері; су шаруашылығы құрылысжайлары; ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары; сондай-ақ меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалардағы акциялар (қатысу үлестері, пайлар) пакеттері, меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалардың шешімдерін тікелей немесе жанама айқындауға немесе қабылданатын пішімдеріне ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке және заңды тұлғалар акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) пакеттері жатқызылуы мүмкін.
3Анағұрлым айқын болуы үшін иеліктен шығарылатын объект деп меншік иесі сататын немесе меншік иесі оны сатқаннан кейін жаңа меншік иесі мәміле жасау кезінде сатып алатын объект есептеледі.
4Кез келген күйдегі және пішіндегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий).
5Іс-шаралар тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000202
3-1-ҚОСЫМША |
СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН ШАРАЛАР
СИНГАПУРДЫҢ ТІЗБЕСІ
Түсіндірме жазба
1. Осы Қосымшаға Сингапурдың қосымшасында 3-тараудың (Инвестиция) 3.9-бабына (сәйкес келмейтін шаралар) сәйкес Сингапурдың:
(a) 3.5-бапта (Ұлттық режим);
(b) 3.6-бапта (Барынша қолайлылық режимі); немесе
(c) 3.8-бапта (Қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар) салынатын кейбір немесе барлық міндеттемелері қолданылмайтын қолданыстағы шаралары көрсетілген.
2. Әрбір тізбе мынадай элементтерді қамтиды:
(a) Сектор ол үшін жазба жасалатын жалпы секторға жатады;
(b) Кіші сектор, ол айтылатын жерде өзі үшін жазба жасалатын нақты кіші секторға жатады;
(c) Салалық сыныптама, ол айтылатын жерде, Негізгі өнімдердің алдын ала сыныптамасында пайдаланылатын НӨС-тің алдын ала кодтарына сәйкес (М № 77 статистикалық құжаттар сериясы, Халықаралық экономикалық және әлеуметтік істер департаменті, Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикалық бюросы, Нью-Йорк, 1991 жыл) сәйкес келмейтін шара қолданылатын қызметке жатады;
(d) Тиісті міндеттемелер 3-тараудың (Инвестиция) 3.9-бабына (Сәйкес келмейтін шаралар) сәйкес осы жазбаның Сипаттамасы элементінде көрсетілген, санамаланған шараларға қолданылмайтын, 1-тармақта айтылған міндеттемені айқындайды;
(e) Сипаттама жазба қолданылатын шараның сәйкес келмейтін аспектілерін белгілейді; және
(f) Шара көзі заңдарды, қаулыларды, қағидаларды, рәсімдерді, шешімдерді, әкімшілік әрекеттерді немесе өзі үшін жазба жасалған кез келген басқа нысанды айқындайды. Шара көзі элементінде көрсетілген шара:
(i) осы Келісім күшіне енген күнге өзгерістері бар, жалғастырылатын немесе ұзартылатын шараны білдіреді; және
(ii) шараның негізінде және оған сәйкес қабылданған немесе сақталатын кез келген қосымша шараны қамтиды;
3. Жазбаны түсіндіру кезінде жазбаның барлық элементтерін ескерген жөн.
3-2-ҚОСЫМША |
СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН ШАРАЛАР ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІЗБЕСІ
1. | |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | - |
Тиісті міндеттемелер |
Ұлттық режим (3.5-бап) |
Қолданыстағы шаралар | "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі № 165-IV Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік актілері |
Сипаттама | Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға әсер ететін шектеулерді, алып қоюды, қосымша талаптар мен шарттарды қоса алғанда, кез келген шараларды қолдану немесе сақтау құқығы өзінде сақталады. |
2. | |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | — |
Тиісті міндеттемелер |
Ұлттық режим (3.5-бап) |
Қолданыстағы шаралар | Қазақстан Республикасының заңдары, нормативтік актілері және халықаралық шарттары |
Сипаттама | Қазақстанның табиғи монополияларды қозғайтын шектеулерді, алып қоюды, қосымша талаптар мен шарттарды қоса алғанда, кез келген шараларды қолдану немесе сақтау құқығы өзінде сақталады.1 |
3. | |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | — |
Тиісті міндеттемелер |
Ұлттық режим (3.5-бап) |
Қолданыстағы шаралар | "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 445-V Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік актілері; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары |
Сипаттама | Қазақстанның ядролық энергетика және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызмет пен операцияларға қатысты шектеулерді, алып қоюды, қосымша талаптар мен шарттарды қоса алғанда, кез келген шараларды қолдану немесе сақтау құқығы өзінде сақталады. |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | - |
Тиісті міндеттемелер |
Ұлттық режим (3.5-бап) |
Қолданыстағы шаралар | 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" № 125-VI Қазақстан Республикасының Кодексі; Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік актілері; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары |
Сипаттама | Қазақстанның жер қойнауын пайдалануға қатысты шектеулерді, алып қоюды, қосымша талаптар мен шарттарды қоса алғанда, кез келген шараларды қолдану немесе сақтау құқығы өзінде сақталады. |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | - |
Тиісті міндеттемелер |
Ұлттық режим (3.5-бап) |
Қолданыстағы шаралар | 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" № 125-VI Қазақстан Республикасының Кодексі; "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік актілері; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары |
Сипаттама: | Қазақстанның континенттік қайраңы шегіндегі қызметке қатысты шектеулерді, алып қоюды, қосымша талаптар мен шарттарды қоса алғанда, Қазақстанның кез келген шараларды қабылдау немесе сақтау құқығы өзінде сақталады. |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | - |
Тиісті міндеттемелер |
Ұлттық режим (3.5-бап) |
Қолданыстағы шаралар | 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік актілері; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары |
Сипаттама: | Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісі мен ағаш отырғызу үшін пайдаланылатын жер учаскелеріне қатысты шектеулерді, алып қоюды, қосымша талаптар мен шарттарды қоса алғанда, кез келген шараларды қолдану немесе сақтау құқығы өзінде сақталады. |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | - |
Тиісті міндеттемелер |
Ұлттық режим (3.5-бап) |
Қолданыстағы шаралар | 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік актілері; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары |
Сипаттама | Қазақстанның жерді сатуға, сатып алуға, пайдалануға немесе оған билік етуге қатысты шектеулерді, алып қоюды, қосымша талаптар мен шарттарды қоса алғанда, кез келген шараларды қолдану немесе сақтау құқығы өзінде сақталады. |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | - |
Тиісті міндеттемелер |
Ұлттық режим (3.5-бaп) |
Қолданыстағы шаралар | 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 242-VI Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік актілері; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары |
Сипаттама | Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы қызметке қатысты шектеулерді, алып қоюды, қосымша талаптар мен шарттарды қоса алғанда, кез келген шараларды қолдану немесе сақтау құқығы өзінде сақталады. |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | - |
Тиісті міндеттемелер |
Ұлттық режим (3.5-бап) |
Қолданыстағы шаралар | "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV Қазақстан Республикасының Заңы; "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 399 Қазақстан Республикасының Заңы, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімі; Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік актілері; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары |
Сипаттама: | Қазақстанның қару мен оқ-дәрілердің, сондай-ақ жарылғыш заттардың айналымына2 байланысты қызметке қатысты шектеулерді, алып қоюды, қосымша талаптар мен шарттарды қоса алғанда, кез келген шараларды қолдану немесе сақтау құқығы өзінде сақталады. |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | - |
Тиісті міндеттемелер |
Ұлттық режим (3.5-бап) |
Қолданыстағы шаралар | - |
Сипаттама | Қазақстанның әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік құқық қорғаудың қызметтерін, жедел жәрдемнің қызметтерін, түзеудің көрсетілетін қызметтерін және өрт сөндірудің көрсетілетін қызметтерін ұсынуды қоса алғанда, кез келген шараларды қолдану немесе сақтау құқығы өзінде сақталады. |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | - |
Тиісті міндеттемелер |
Ұлттық режим (3.5-бап) |
Қолданыстағы шаралар | - |
Сипаттама | Қазақстанның әлеуметтік қамсыздандыруға және мемлекеттің меншігіндегі немесе бақылауындағы денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсынуына, оған қоса осы мекемелерге инвестицияларға әсер ететін кез келген шараларды қолдану немесе қолдау құқығы өзінде сақталады. |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | — |
Тиісті міндеттемелер |
Ұлттық режим (3.5-бап) |
Қолданыстағы шаралар | "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V Қазақстан Республикасының Заңы; "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік актілері |
Сипаттама | Қазақстанның дербес деректер мен дерекқорларды қоса алғанда, ақпаратты жинауға, әкімшілендіруге және сақтауға қатысты кез келген шараларды қолдану немесе сақтау құқығы өзінде сақталады. |
Сектор | Барлығы |
Кіші сектор | - |
Тиісті міндеттемелер | Барынша қолайлылық режимі (3.6-бап) |
Қолданыстағы шаралар | Халықаралық шарттар мен халықаралық келісімдер |
Сипаттама |
Қазақстан мыналарға: |
____________________________________
1 Осындай табиғи монополиялардың болжамды тізбесі мұнайды және газды жалғастырушы, магистральдық газ құбыржолдары немесе газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалануға; жылу энергиясын өндіруге, беруге, бөлуге немесе жеткізуге; электр энергиясының торапқа босатылуы мен тұтынылуын техникалық диспетчерлендіруге байланысты қызмет пен инфрақұрылымды; бәсекелес темір жол желісі болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар магистральдық темір жол желілері мен темір жол желілерін; бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдарды; халықаралық және транзиттік ұшуларға аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, аэронавигацияны; порттың көрсетілетін қызметтерінің нарығында бәсекелестік болмаған кезде порттарды; әуежайларды; шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қоспағанда, кәбілдік арнаны; сумен жабдықтауды немесе су бұруды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.
2 Айналым - бұл дайындау, құрастыру, қайта өңдеу, сату (сауда жасау), беру, сыйға тарту, наградтау, мұраға қалдыру, сатып алу, жинау, экспонаттау, есепке алу, сақтау, тасу, тасымалдау, пайдалану, тыйым салу, жою, Қазақстанның аумағына әкелу және Қазақстанның аумағынан әкету.
3-2-ҚОСЫМША |
СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН ШАРАЛАР СИНГАПУРДЫҢ ТІЗБЕСІ
Ілеспе жазба
1. Осы қосымшаға Сингапурдың тізбесінде 3-тараудың (Инвестиция) 3.9-бабына (Сәйкес келмейтін шаралар) сәйкес Сингапур өздеріне қатысты қолданыстағы шектеу шараларын сақтай алатын немесе:
(a) 3.5-бапта (Ұлттық режим);
(b) 3.6-бапта (Барынша қолайлылық режимі); немесе
(c) 3.8-бапта (Қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар) салынатын кейбір немесе барлық міндеттемелерге сәйкес келмейтін жаңа немесе барынша шектеу шараларын қабылдай алатын нақты секторлар, кіші секторлар немесе қызмет түрлері көрсетілген.
2. Әрбір тізбе мынадай элементтерді қамтиды:
(a) сектор өзі үшін жазба жасалатын барлық секторға жатады;
(b) кіші сектор, ол айтылатын жерде, өзі үшін жазба жасалатын нақты кіші секторға жатады;
(c) салалық сыныптама, ол айтылатын жерде, Негізгі өнімдердің алдын ала сыныптамасында пайдаланылатын НӨС-тің алдын ала кодтарына сәйкес (М № 77 статистикалық құжаттар сериясы, Халықаралық экономикалық және әлеуметтік істер департаменті, Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикалық бюросы, Нью-Йорк, 1991) сәйкес келмейтін шара қолданылатын қызметке жатады;
(d) тиісті міндеттемелер 3-тараудың (Инвестиция) 3.9-бабына (Сәйкес келмейтін шаралар) сәйкес жазбада санамаланған секторларға, кіші секторларға немесе қызмет түрлеріне қолданылмайтын 1-тармақта айтылған міндеттемелерді айқындайды;
(e) сипаттама жазбада санамаланған секторлардың, кіші секторлардың немесе қызмет түрлерінің қамтылуын немесе сипатын айқындайды; және
(f) қолданыстағы шаралар, егер көрсетілген болса, онда ашықтық мақсатында жазбамен қамтылған секторларға, кіші секторларға немесе қызмет түрлеріне қолданылатын қолданыстағы шаралардың толық емес тізбесі келтіріледі;
3. Осы Келісімнің 3-тарауының (Инвестиция) 3.9-бабына (Сәйкес келмейтін шаралар) сәйкес келетін міндеттемелер элементінде көрсетілгендер осы позицияның Сипаттама элементінде көрсетілген секторларға, кіші секторларға және қызмет түрлеріне қолданылмайды.
4. Жазбаны түсіндіру кезінде жазбаның барлық элементтерін ескерген жөн.
______________________________
1 Барынша айқын болуы үшін осы тармақтың тұжырымдамасы осы тармақта аталған тиісті екіжақты немесе көпжақты келісімді кейіннен қайта қарауға немесе өзгертуге нәтижесінде елге берілген кез келген сараланған режимге қолданылады.
4-1-ҚОСЫМША |
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ОРЫН АУЫСТЫРУЫ ЖӨНІНДЕГІ ТАРАУҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ
Төменде 4.1-бапқа (Қамту) сәйкес бір Тараптың жеке тұлғаларының екінші Тараптың аумағына уақытша келуіне қатысты Қазақстанның міндеттемелері көрсетілген.
1 Үш жылдық кезең бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Ұзарту келесі экономикалық қажеттілік тестіне жатады:
(i) жұмысқа рұқсат уәкілетті органның дерекқорынан тиісті кандидатураларды іздеу аяқталғаннан және БАҚ-та бос жұмыс орындары туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін ғана беріледі;
(іі) осы рәсімдерді жүзеге асыру мерзімі 1 айдан аспайды;
(ііі) корпоративішілік ауыстыруларды жүзеге асыруға рұқсат компания ұлттық еңбек нарығында өзінің талаптарына сәйкес келетін кандидатураны таба алмаған жағдайда, осы рәсімдер сақталғаннан кейін беріледі.
4-1-ҚОСЫМША |
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ОРЫН АУЫСТЫРУЫ ЖӨНІНДЕГІ ТАРАУҒА АРНАЛҒАН СИНГАПУР МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ
Төменде 4.1-бапқа (Қамту) сәйкес бір Тараптың жеке тұлғаларының екінші Тараптың аумағына уақытша кіруіне қатысты Сингапурдың міндеттемелері баяндалады.