Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 140-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заң 01.01.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:

      2025 жыл – 2 000 000 000 мың теңге;

      2026 жыл – 2 000 000 000 мың теңге;

      2027 жыл – 2 000 000 000 мың теңге.

      2-бап. Кесімді баға мөлшерлері

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер бойынша мұнайдың 2025 – 2027 жылдарға арналған кесімді бағасының мынадай мөлшерлері белгіленсін:

      2025 жыл – бір баррель үшін 42,3 АҚШ доллары;

      2026 жыл – бір баррель үшін 41,0 АҚШ доллары;

      2027 жыл – бір баррель үшін 39,4 АҚШ доллары.

      3-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады