Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 42-VIII ҚРЗ.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның күшін жою көзделген – ҚР 04.12.2024 № 140-VIII Заңымен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заң 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:

      2024 жыл – 2 000 000 000 мың теңге;

      2025 жыл – 2 000 000 000 мың теңге;

      2026 жыл – 2 000 000 000 мың теңге.

      2-бап. Кесімді баға мөлшерлері

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер бойынша мұнайдың 2024 – 2026 жылдарға арналған кесімді бағасының мынадай мөлшерлері белгіленсін:

      2024 жыл – бір баррель үшін 43,4 АҚШ доллары;

      2025 жыл – бір баррель үшін 40,2 АҚШ доллары;

      2026 жыл – бір баррель үшін 41,8 АҚШ доллары.

      3-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 – 2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2022 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады