2024 жылғы 14 ақпанда Нью-Йоркте жасалған Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Бейресми аударма |
Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум
БҰҰ-ның бөлуді бақылау жөніндегі күштері (UNDOF) кейіннен Қауіпсіздік Кеңесінің 2016 жылғы 19 желтоқсандағы 2330, 2017 жылғы 29 маусымдағы 2361, 2018 жылғы 21 желтоқсандағы 2450, 2019 жылғы 26 маусымдағы 2477, 2020 жылғы 29 маусымдағы 2530, 2021 жылғы 29 маусымдағы 2581, 2022 жылғы 27 маусымдағы 2639 және 2023 жылғы 29 желтоқсандағы 2689 қарарларымен ұзартылған Қауіпсіздік Кеңесінің 1974 жылғы 31 мамырдағы 350 (1974) қарарына сәйкес құрылғанын назарға ала отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымының өтініші бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі UNDOF-қа олардың мандатын орындауда жәрдемдесу мақсатында күштердің резервтегі ротасы үшін персонал, қару-жарақ (жабдық) және көрсетілетін қызметті ұсынуға келіскенін назарға ала отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі осы салымды ұсыну шарттары мен мерзімін айқындауға ниет білдіріп отырғанын назарға ала отырып,
осы пайым бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын) төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Анықтамалар
1. Осы Өзара түсіністік туралы меморандумның мақсаттары үшін Н қосымшасында санамаланған анықтамалар қолданылады.
2-бап
Өзара түсіністік туралы меморандумды құрайтын құжаттар
2.1. Осы құжат, оған барлық қосымшаны қоса алғанда, UNDOF-ты қолдау үшін персоналды, қару-жарақты (жабдықты) және көрсетілетін қызметті ұсыну мәселелері бойынша Тараптар арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның толық мәтінін қамтиды.
2.2. Қосымшалар:
A. Персонал
1. Талаптар
2. Шығысты өтеу
3. Персонал үшін жалпы шарттар
Қосымша: Әскери қызметшінің жиынтығы - нақты миссия үшін ұсынылатын талаптар
B. Негізгі қару-жарақ (жабдық)
1. Талаптар
2. Негізгі қару-жарақ (жабдық) үшін жалпы шарттар
3. Тексеру және бақылау рәсімдердері
4. Жеткізу
5. Миссия факторлары
6. Шығын мен залал
7. Жеткізу кезіндегі шығын мен залал
8. Ерекше жағдайға арналған қару-жарақ (жабдық)
9. Әскерді ұсынатын бір елге тиесілі және әскерді ұсынатын басқа ел пайдаланатын негізгі қару-жарақты (жабдықты) зақымдағаны үшін жауаптылық
1-қосымша. Ерекше жағдайға арналған қару-жарақ (жабдық)
2-қосымша. Үшінші тарапқа тиесілі қару-жарақ (жабдық) тізімі
C. Өзін-өзі қамтамасыз ету
1. Талаптар
2. Өзін-өзі қамтамасыз етудің жалпы шарттары
3. Тексеру және бақылау рәсімдердері
4. Жеткізу
5. Миссия факторлары
6. Шығын немесе залал
1-қосымша. Өзін-өзі қамтамасыз ету қызметтері: жауапкершілікті бөлу
2-қосымша. "Мәдени-тұрмыстық қажеттілік" және "Интернет желісіне қолжетімділік" өзін-өзі қамтамасыз ету кіші санаты бойынша әскерді беретін елдер ұсынатын заттар тізімі.
D. "Қызмет көрсетіп/қызмет көрсетпей" жалға беру шарттары шеңберінде ұсынылатын негізгі қару-жарақтың (жабдықтың) жұмыс істеуін тексеру қағидаттары мен жұмыс стандарттары
E. Өзін-өзі қамтамасыз ету шеңберінде ұсынылатын қосалқы жабдық пен шығыс материалдары үшін тексеру қағидаттары мен жұмыс стандарттары
Ғ. Медициналық қамтамасыз ету үшін тексеру қағидаттары мен жұмыс стандарттары
G. Бөлімшеге қойылатын талаптар туралы өтініш
H. Анықтамалар
I. Әскерді ұсынатын елдерге арналған басшылық қағидаттар (жадынама)
J. Біз - Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік контингентіміз
K. Бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялар және жергілікті жердегі арнаулы саяси миссиялар үшін экологиялық саясат.
3-бап
Мақсаты
3. Осы Өзара түсіністік туралы меморандумның мақсаты UNDOF-ты қолдау үшін Үкімет ұсынатын персоналды, жабдықты және көрсетілетін қызметті ұсынуды реттейтін әкімшілік, логистикалық және қаржылық шарттарды белгілеу және Үкімет ұсынатын персонал үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының әрекет ету стандарттарын айқындау болып табылады.
4-бап
Қолдану
4. Осы Өзара түсіністік туралы меморандум әскер ұсынатын елдерге арналған нұсқаумен бірге қолданылады.
5-бап
Үкіметтің салымы
5.1. Үкімет UNDOF қарамағына А қосымшасында көрсетілген персоналды ұсынады. Осы Өзара түсіністік туралы меморандумда көрсетілген деңгейден тыс кез келген персонал ұлттық жауапкершілік болып табылады, сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан өтелуге немесе қолдаудың өзге де түріне жатпайды.
5.2. Үкімет UNDOF-қа В қосымшасында санамаланған негізгі қару-жарақты (жабдықты) ұсынады. Үкімет негізгі және қосалқы қару-жарақтың (жабдықтың) UNDOF-та осы мүлікті орналастырудың барлық кезеңінде D және F қосымшаларында мазмұндалған тиімділік стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Осы Өзара түсіністік туралы меморандумда көрсетілген деңгейден тыс кез келген қару-жарақ (жабдық) ұлттық жауапкершілік болып табылады, сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан өтелуге немесе қолдаудың өзге де түріне жатпайды.
5.3. Үкімет UNDOF-қа С қосымшасында санамаланған өзін-өзі қамтамасыз етуге жататын қосалқы қару-жарақты (жабдықты) және шығыс материалдарын ұсынады. Үкімет қосалқы қару-жарақтың (жабдықтың) және шығыс материалдарының UNDOF құрамында осындай мүлікті орналастырудың барлық кезеңінде Е және F қосымшаларында мазмұндалған тиімділік стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Осы Өзара түсіністік туралы меморандумда көрсетілген деңгейден асатын кез келген жабдық ұлттық жауапкершілік болып табылады, сондықтан өтелмейді. Сонымен, ол Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан өтелуге немесе қолдаудың өзге де түріне жатпайды.
6-бап
Шығысты өтеу және Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан қолдау
6.1. Біріккен Ұлттар Ұйымы Үкіметке А қосымшасының 2-тармағында көрсетілген тариф бойынша осы Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес берілетін персонал үшін шығысты өтейді.
6.2. Біріккен Ұлттар Ұйымы Үкіметке В қосымшасында санамаланған негізгі қару-жараққа (жабдыққа) шығысты өтейді. Егер мұндай жабдық D және F қосымшаларында мазмұндалған талап етілетін пайдалану стандарттарына сәйкес келмеген немесе жабдық тізбесі қысқартылған жағдайда негізгі қару-жараққа (жабдыққа) арналған шығысты өтеу сомасы азаяды.
6.3. Біріккен Ұлттар Ұйымы Үкіметке өзін-өзі қамтамасыз етуге байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шығысты С қосымшасында көрсетілген баға бойынша және мөлшерде өтейді. Егер контингент Е және F қосымшаларында келтірілген талап етілетін стандарттарға сәйкес келмеген немесе өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі төмендеген жағдайда өзін-өзі қамтамасыз етуге арналған шығысты өтеу қысқартылады.
6.4. Контингенттің персоналы үшін шығысты өтеу ол кеткен сәтке дейін толық тариф бойынша жалғасатын болады.
6.5. Негізгі қару-жараққа (жабдыққа) жұмсалған шығысты өтеу әскерді ұсынатын тарап операцияларды тоқтатқан күнге дейін немесе миссия аяқталғанға дейін толық мөлшерлемемен жүргізілетін болады. Осыдан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымы айқындағандай, әскерді/полицияны ұсынатын елдің бақылауынан тыс болады деп саналатын жағдайды қоспағанда, шығысты өтеу Өзара түсіністік туралы меморандумда келісілген тарифтің 50%-ына дейін қысқартылады және қару-жарақ (жабдық) миссия ауданынан шыққаннан кейін немесе операциялар тоқтатылған немесе миссия аяқталған күннен кейін 90 күн өткен соң (қайсысы ертерек болатынына байланысты) тоқтатылады.
6.6. Өзін-өзі қамтамасыз етуге шығысты өтеу әскерді ұсынатын тарап операцияларды тоқтатқан немесе миссия аяқталған күнге дейін толық мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылатын болады. Осыдан кейін өзін-өзі қамтамасыз етуге шығысты өтеу контингенттің барлық персоналы миссия ауданынан шыққанға дейін өрістетілген әскердің қалған нақты саны негізге алынып есептелген 100 пайыздық мөлшерлемемен жүргізіледі:
Жалпы / тамақтану
Байланыс / телефон
Жалпы / кір жуу
Жалпы / тұру
Медициналық / қаупі жоғары (эпидемиологиялық)
Әртүрлі, жалпы, мүлік/ төсек-орын
Әртүрлі, жалпы, мүлік/ жиһаз
Операциялар тоқтатылғаннан кейін басқа санаттар бойынша шығысты өтеу осы Өзара түсіністік туралы меморандумда келісілген, әскердің барлық персоналы миссия ауданынан шыққанға дейін өрістетілген әскердің қалған нақты саны негізінде есептелген тарифтің 50 пайызына дейін төмендетілетін болады.
6.7. Егер Біріккен Ұлттар Ұйымы мүлікті репатриациялауға келісімшарт жасау туралы келіссөз жүргізсе, ал жеткізуші күтілетін келу күнінен кейін 14 күндік жеңілдік кезеңінен асатын болса, онда әскерді ұсынатын елдің шығысын Біріккен Ұлттар Ұйымы күтілетіннен бастап нақты келетін күнге дейін қызмет көрсетпей жалға беру мөлшерлемесі бойынша өтейді.
7-бап
Жалпы шарттар
7.1. Тараптар Үкіметтің салымы, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы көрсететін қолдау тиісті қосымшаларда мазмұндалған жалпы шарттармен реттелетініне келіседі.
7-бап bis
Біріккен Ұлттар Ұйымының әрекет ету стандарттары
7.2. Үкімет ұлттық контингентінің барлық мүшесінің осы Өзара түсіністік туралы меморандумға J қосымшасында мазмұндалған Біріккен Ұлттар Ұйымының әрекет ету стандарттарын сақтауын қамтамасыз етеді.
7.3. Үкімет өзінің ұлттық контингентінің барлық мүшесінің Біріккен Ұлттар Ұйымының әрекет ету стандарттарымен танысуын және оны толық түсінуін қамтамасыз етеді. Осы мақсатта Үкімет, атап айтқанда, өзінің ұлттық контингентінің барлық мүшесінің өрістетілу алдында тиісті және тиімді даярлықтан өтуін қамтамасыз етеді.
7.4. Біріккен Ұлттар Ұйымы ұлттық контингенттерге Біріккен Ұлттар Ұйымының әрекет ету стандарттары, миссияның ерекше қағидалары мен ережелері, сондай-ақ тиісті жергілікті заңдар мен нормалар бойынша оқу материалын беруді жалғастырады. Одан басқа, Біріккен Ұлттар Ұйымы өрістетілу алдындағы даярлыққа қосымша тиісті және тиімді кіріспе даярлықты және миссия барысында даярлықты жүргізеді.
7-бап ter
Тәртіп
7.5. Үкімет ұлттық контингент командирі UNDOF құрамындағы контингенттің барлық мүшесінің тәртібіне жауапты болатынын мойындайды. Тиісінше, Үкімет ұлттық контингент командиріне қажетті өкілеттікті беруді және оның ұлттық контингенттің барлық мүшесі арасында тәртіпті ұстау және Біріккен Ұлттар Ұйымының әрекет ету стандарттарын, нақты миссияда қолданылатын қағидалар мен ережелерді және күштердің мәртебесі туралы келісімге сәйкес ұлттық және жергілікті заңдар мен ережелерден туындайтын міндеттемелерді сақтауды қамтамасыз ету үшін барлық дұрыс шараларды қабылдауын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
7.6. Үкімет кез келген қолданылатын ұлттық заңдарды ескере отырып, ұлттық контингент командирінің, күштер қолбасшысының Біріккен Ұлттар Ұйымының әрекет ету стандарттарын немесе нақты миссияда қолданылатын қағидалар мен ережелерді бұзғаны немесе жергілікті заңдар мен қағидаларды сақтамағаны үшін қолданылған кез келген тәртіптік жазаны қоса алғанда, өзінің ұлттық контингентінің мүшелері арасындағы тәртіпке қатысты кез келген елеулі мәселелер туралы жүйелі түрде хабардар етуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
7.7. Үкімет ұлттық контингент командирінің барлық контингенттің мүшелері арасында тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерді сапалы орындауы мақсатында оны өрістетілу алдында тиісті және тиімді даярлауды қамтамасыз етеді.
7.8. Біріккен Ұлттар Ұйымы Үкіметке командалық құрам үшін миссия ауданына келгеннен кейін Біріккен Ұлттар Ұйымының әрекет ету стандарттарына, миссияның ерекше қағидалары мен ережелеріне, сондай-ақ жергілікті заңдар мен нормаларға қатысты оқу-жаттығу іс-шараларын ұйымдастыру бойынша жоғарыда келтірілген 7.3-тармағының талаптарын орындауда көмек көрсетеді.
7.9. Үкімет өз контингентінің мүшелері үшін миссияда тұрмыс пен демалыстың тиісті жағдайын қамтамасыз ету үшін өзінің әлеуметтік төлемін пайдаланады.
7-бап quarter
Тергеп-тексеру
7.10. Үкімет өзінің ұлттық контингентінің мүшесі жасаған кез келген құқыққа сыйымсыз әрекетті немесе елеулі теріс қылықты тергеп-тексеру үшін негізгі жауаптылықта болады деп түсініледі.
7.11. Егер Үкіметтің, бір қарағанда, оның ұлттық контингентінің кез келген мүшесінің елеулі теріс қылық жасағанын көрсететін негізі болса, ол Біріккен Ұлттар Ұйымын дереу хабардар етуге және істі тергеп-тексеру үшін тиісті ұлттық билікке жіберуге тиіс.
7.12. Егер Біріккен Ұлттар Ұйымының, керісінше дәлелдеме болмаған кезде ұлттық контингенттің кез келген мүшесінің теріс қылық жасағанын немесе тәртіпті елеулі түрде бұзғанын көрсететін негізі болса, Біріккен Ұлттар Ұйымы Үкіметті дереу хабардар етеді. Егер бұл дәлелдемені сақтау үшін қажет болса және егер Үкімет фактілерді анықтау бойынша істі қарауды жүргізбесе, Біріккен Ұлттар Ұйымы Үкіметті мәлімдеу туралы хабардар еткен мән-жайға байланысты елеулі бұзушылық болған жағдайда, Үкімет өз тергеп-тексеруін бастағанша фактілерді анықтау мақсатында алдын ала тергеп-тексеруді бастауы мүмкін. Осыған байланысты, фактілерді анықтау мақсатында кез келген осындай алдын ала тергеп-тексеруді Ұйымның қағидаларына сәйкес Ішкі қадағалау қызметінің басқармасын қоса алғанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті тергеу бөлімшесі жүргізеді деп түсініледі. Фактілерді анықтау мақсатында кез келген осындай алдын ала тергеп-тексеру кезінде тергеу тобының құрамына Үкімет өкілі енгізілуге тиіс. Біріккен Ұлттар Ұйымы Үкіметке дереу оның өтініші бойынша фактілерді анықтау үшін өзінің алдын ала тергеп-тексеруі туралы толық есеп ұсынады.
7.13. Егер Үкімет қысқа мерзімде, бірақ Біріккен Ұлттар Ұйымы болжанатын елеулі теріс қылықты өзі тергеп-тексеруді бастағаны туралы Біріккен Ұлттар Ұйымын хабардар еткен сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етпесе, Үкімет мұндай тергеп-тексеруді қаламайды немесе жүргізе алмайды деп саналады және қажет болған жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы болжанатын елеулі теріс қылықты дереу әкімшілік тергеп-тексеруді бастауы мүмкін. Біріккен Ұлттар Ұйымы ұлттық контингенттің кез келген мүшесіне қатысты жүргізетін әкімшілік тергеп-тексеру оған ұлттық және халықаралық құқыққа сәйкес берілетін тиісті құқықтық рәсімдерге заңды құқықтарды құрметтеуге тиіс. Кез келген осындай әкімшілік тергеп-тексеру, егер Үкімет мұндай өкілді ұсынса, тергеу тобының құрамына Үкімет өкілін қосатын болады. Егер Үкімет өзі тергеп-тексеруді бастауға шешім қабылдаса, Біріккен Ұлттар Ұйымы Үкіметке осы іс бойынша барлық қолда бар материалды дереу ұсынады.
7.14. Біріккен Ұлттар Ұйымы ұлттық контингенттің қандай да бір мүшесінің ықтимал елеулі теріс қылығына қатысты әкімшілік тергеп-тексеруді жүргізген жағдайда Үкімет өзінің ұлттық контингентінің қолбасшысына әскери заңнаманы қоса алғанда, қолданыстағы ұлттық заңнаманы ескеріп, ынтымақтастық жасауға және құжаттамамен және ақпаратпен бөлісуге нұсқау беруге келіседі. Сонымен қатар, Үкімет өзінің ұлттық контингентінің командирі арқылы өзінің ұлттық контингентінің мүшелеріне әскери заңнаманы қоса алғанда, қолданылатын ұлттық заңдарды ескеріп, Біріккен Ұлттар Ұйымының осындай тергеп-тексеруімен ынтымақтасу қажет екені туралы нұсқау беруге міндеттенеді.
7.15. Үкімет өзі тергеп-тексеруді бастау және тергеп-тексеру үшін бір немесе бірнеше лауазымды адамды айқындау немесе жіберу туралы шешім қабылдаған кезде, ол Біріккен Ұлттар Ұйымын бұл шешім туралы, оның ішінде тиісті лауазымды адамның немесе лауазымды адамдардың (бұдан әрі - "тергеп-тексеру жөніндегі ұлттық қызметкерлер") жеке басы туралы дереу хабардар етеді.
7.16. Біріккен Ұлттар Ұйымы Үкімет ұлттық контингентінің кез келген мүшесінің ықтимал теріс қылығын немесе елеулі теріс қылығын тергеп-тексеретін кез келген тергеп-тексеру жөніндегі ұлттық қызметкерлерді қоса алғанда, Үкіметтің тиісті органымен толық көлемде ынтымақтастық жасауға және құжаттамамен және ақпаратпен алмасуға келіседі.
7.17. Үкіметтің сұрау салуы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы оның ұлттық контингентінің кез келген мүшелері тарапынан ықтимал теріс қылықты немесе елеулі теріс қылықты тергеп-тексеретін кез келген тергеп-тексеру жөніндегі ұлттық қызметкерлерді қоса алғанда, Үкіметтің құзыретті органымен ынтымақтастық жасайды, UNDOF-ты қолдау үшін персоналды ұсынатын басқа үкіметтермен, сондай-ақ миссия ауданында осындай тергеп-тексеруде жәрдемдесу мақсатында құзыретті органдармен байланысты ұстайды. Осы мақсатта Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаушы ел билігінің келісімін алу үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайды. Үкіметтің құзыретті органдары қабылдаушы ел құзыретті органдарының ұлттық контингенттің мүшесі болып табылмайтын кез келген жәбірленушіге немесе куәгерге қол жеткізуге, сондай-ақ ұлттық контингенттің меншігінде және бақылауында болмайтын дәлелдемені жинауға немесе оның сақталуын қамтамасыз етуге алдын ала рұқсатын алуды қамтамасыз етеді.
7.18. Миссия ауданына тергеп-тексеру жөніндегі ұлттық қызметкерлер жіберілген жағдайда олар тергеп-тексеруге басшылық жасайды. Мұндай жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы тергеушілерінің рөлі мынаны: қажет болған кезде тергеп-тексеру жөніндегі ұлттық қызметкерлерге куәгерлерді анықтау және олардан жауап алу, куәгердің айғақтарын жазу, құжаттық және криминалистикалық дәлелдемені жинау және әкімшілік, сондай-ақ материалдық-техникалық көмек көрсету бөлігінде олардың тергеп-тексеруіне көмек көрсетуді қамтиды.
7.19. Үкімет өзінің ұлттық заңдары мен қағидаларын сақтаған жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымына кез келген тергеп-тексеру жөніндегі ұлттық қызметкерлерді қоса алғанда, өзінің құзыретті органдары ұлттық контингенттің кез келген мүшесінің ықтимал құқыққа сыйымсыз әрекетіне немесе елеулі құқыққа сыйымсыз әрекетіне қатысты жүргізген тергеп-тексеру нәтижесін ұсынады.
7.20. Тергеп-тексеру жөніндегі ұлттық қызметкерлер миссия ауданына жіберілген кезде, олар миссия ауданында немесе қабылдаушы елде болып, тиісті контингент мүшелері сияқты құқықтық мәртебені пайдаланады.
7.21. Біріккен Ұлттар Ұйымы Үкіметтің өтініші бойынша тергеп-тексеру жөніндегі ұлттық қызметкерлер миссия ауданында немесе қабылдаушы елде болған кезде оларға әкімшілік және материалдық-техникалық қолдау көрсетеді. Бас хатшы өз өкілеттігіне сәйкес тергеп-тексеру жөніндегі ұлттық қызметкерлердің қатысуын Біріккен Ұлттар Ұйымы, әдетте, Жедел қолдау департаменті сұратқан және егер Үкімет қаржылық қолдауды сұратқан жағдайда, тергеп-тексеру жөніндегі ұлттық қызметкерлерді орналастыру үшін қажетті қаржылық қолдау көрсетеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Үкіметке жоғары тәуекелге, күрделі іске және елеулі бұзушылыққа байланысты жағдайда тергеп-тексеру жөніндегі ұлттық қызметкерлерді жіберу туралы өтініш жасайды. Осы тармақ Үкіметтің өз контингенті мүшелерінің кез келген теріс қылығын тергеп-тексеру жөніндегі дербес құқығына нұқсан келтірмейді.
7-бап quinquies
Үкіметтің юрисдикцияны жүзеге асыруы
7.22. Әскери қызметшілер және Үкімет ұсынған ұлттық контингенттің ұлттық заңнамасына бағынатын кез келген азаматтық персонал UNDOF әскери компонентінде қызмет еткен кезде жасауы мүмкін кез келген қылмысқа немесе құқық бұзушылыққа қатысты Үкіметтің айрықша юрисдикциясына жатады. Үкімет Біріккен Ұлттар Ұйымын қылмысқа немесе құқық бұзушылыққа қатысты осындай юрисдикцияны жүзеге асыратынына сендіреді.
7.23. Үкімет Біріккен Ұлттар Ұйымын қылмыс немесе құқық бұзушылық болып табылмайтын UNDOF әскери компоненті құрамында болған кезеңде Үкімет ұлттық контингентінің кез келген мүшесі жасаған барлық басқа да теріс қылыққа қатысты талап етілуі мүмкін осындай тәртіптік юрисдикцияны жүзеге асыратынына сендіреді.
7-бап sexiens
Есеп беру
7.24. Егер Біріккен Ұлттар Ұйымы жүргізген тергеп-тексеру немесе Үкіметтің құзыретті органдары жүргізген тергеп-тексеру нәтижесінде Үкімет ұлттық контингентінің кез келген мүшесінің құқыққа сыйымсыз әрекетіне күдік негізделген деген қорытынды жасалса, Үкімет тиісті шаралар қабылдау үшін істі тиісті билік органдарына беруді қамтамасыз етеді. Үкімет бұл органдардың заңнамаға немесе тиісті тәртіптік кодекске сәйкес кез келген басқа да құқық бұзушылыққа немесе ұқсас сипаттағы тәртіптік бұзушылыққа қатысты шешім қабылдауына келіседі. Үкімет Бас хатшыны тергеп-тексеру барысы туралы, оның ішінде істі қарау нәтижесі туралы ұдайы хабардар етуге міндеттенеді.
7.25. Егер Біріккен Ұлттар Ұйымы тиісті рәсімдердерге сәйкес жүргізген тергеп-тексеру немесе Үкімет жүргізген тергеп-тексеру нәтижесінде контингент қолбасшысының мынадай аспектілердің біреуін немесе бірнешеуін орындамағанына күдік бар деген қорытынды жасалса, Үкімет мынадай тиісті шаралар қабылдау үшін істі тиісті органдарға беруді қамтамасыз етеді:
(a) quater 7-бабының 7.14-тармағына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының тергеп-тексеруімен ынтымақтасу, бұл ретте егер қолбасшы өзінің ұлттық заңдары мен қағидаларын сақтамаған немесе үкіметтік тергеп-тексеруді жүргізбеген жағдайда ғана ынтымақтастық жасаудан бас тартпайды деп түсініледі;
(b) тиімді басшылық жасауды және басқаруды жүзеге асыру;
(c) тиісті органдарға дереу хабарлауға немесе оған хабарланғандай, негізделген болып табылатын құқыққа сыйымсыз әрекеттер туралы өтініштерге қатысты шаралар қабылдауға, тиісті шараларды қабылдау үшін істі тиісті органдарға беруді қамтамасыз етуге тиіс. Осы аспектілердің орындалуы контингент командирін қызметтік аттестаттау барысында бағалануға тиіс.
7.26. Үкімет өзінің ұлттық заңнамасы шеңберінде Біріккен Ұлттар Ұйымы оған ұсынған осындай өтініштердің тиісті ұлттық органдарға жіберілуіне жәрдемдесуге ұмтылатын болады. Егер Үкіметтің ұлттық заңнамасы Біріккен Ұлттар Ұйымының осындай талаптар қоюға құқық қабілеттілігін мойындамаса, оларды қабылдаушы елдің тиісті билігі қолданыстағы рәсімдердерге сәйкес Үкіметке ұсынады. Біріккен Ұлттар Ұйымы мұндай мәлімдемелерді, егер бұл Үкіметтің ұлттық заңнамасында көзделген болса, баланың ДНҚ үлгісі сияқты қажетті дәлелдемелер мен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге тиіс.
7.27. Контингент командирінің контингенттегі тәртіпті ұстау міндетін назарға ала отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы күштердің қолбасшысы арқылы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Үкімет арасындағы келісімге сәйкес контингентті миссияда өрістетуді қамтамасыз етеді. Келісім шеңберінен тыс кез келген репатриация қолданылатын ұлттық рәсімдерге сәйкес Үкіметтің немесе контингент қолбасшысының келісімімен жүргізілетін болады.
7-бап septies
Экологиялық нормаларды сақтау және қалдықпен жұмыс істеу
7.28. Әскерді ұсынатын елдер ұлттық контингенттің барлық мүшесінің білікті экологиялық әрекет етуін қамтамасыз етеді. Олар Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған ортаны қорғау және далалық миссиялар үшін қалдықты кәдеге жарату саласындағы саясат пен рәсімдердерін толық орындауға ұмтыла отырып, бітімгершілік операциялардың жұмысына қолданылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының белгіленген қағидалары мен ережелерін сақтауға тиіс. Біріккен Ұлттар Ұйымының далалық миссиялары үшін экологиялық саясат және қалдықпен жұмыс істеу рәсімдердері осы Өзара түсіністік туралы меморандумға К қосымшасында жазылған.
Ұлттық контингенттер әскер қолбасшысының өтініші бойынша қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі үйлестірушілердің функцияларын орындау үшін лауазымды адамдарды тағайындайды. Ұлттық контингенттер жергілікті қоршаған ортаға (жабайы өсімдіктер мен жануарларды қоса алғанда) "зиян келтірмеуге" және олар кеткеннен кейін үй-жайлар мен табиғи ортаны оларға берілген күйде қалдыруға міндеттенеді. Осы қалпына келтіру талабынан ерекшелік тек миссия бұл туралы хабардар болған кезде айрықша жедел қажеттілік жағдайында жасалуы мүмкін. Олар базалар аумағында және патрульдеу уақытында тазалық сақтау саясатын сақтауға, сондай-ақ тұрақты базалардан тыс жерге тазартылмаған ағынды суды ағызбауға тиіс. Тазартылмаған ағынды суды ағызу тек тұрақты база аумағында немесе Біріккен Ұлттар Ұйымы арнайы бөлген ағынды суды ағызу орындарында жүзеге асырылуға тиіс. Олар суды, энергияны және басқа да табиғи ресурстарды үнемдеу, қалдықтарды азайту және бөлу, сондай-ақ өздері жауапты болатын қауіпті қалдықтар мен ағынды суларды тиісті түрде қолдану бойынша нақты қадамдар жасау арқылы қоршаған ортаға әсерді азайтуға тиіс. Бұл мүмкін болатын жерде жаңартылатын энергия көзін пайдалануға басымдық беріледі.
7.29. Біріккен Ұлттар Ұйымы ұлттық контингенттерге Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған ортаны қорғау және қалдықты кәдеге жарату саласындағы саясат пен рәсімдердерді сақтай алатындай көмек көрсетеді.
Мұндай көмек ұлттық контингенттерге келісілген инфрақұрылым мен көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қамтиды, олар экологиялық талаптарды ескере отырып, әрекет етуге мүмкіндік береді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымының экологиялық саясатына сәйкес, мысалы бітімгершілік және арнаулы саяси миссияларды, сондай-ақ миссияның ерекшелігіне негізделген нұсқаулықтарды, стандартты операциялық рәсімдердер мен директиваларды қоса алғанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті талаптарына сәйкес жауапты қатысуды қамтамасыз ету үшін персонал қабылдауы мүмкін іс жүзінде әрекет етуді қоса алғанда, нақты миссиялар үшін брифингтер, қоршаған ортаны қорғау және қалдықты кәдеге жарату саласындағы далалық миссиялар саясаты мен рәсімдердері бойынша кіріспе және үздіксіз нұсқама береді.
8-бап
Ерекше шарттар
8.1. Экстремалды табиғи жағдай факторы: 1,6 %.
8.2. Логистика және жол жағдайы факторы: 0,2 %.
8.3. Дұшпандық әрекет немесе мәжбүрлі кету факторы: 3,3 %.
8.4. Инкрементті көлік факторы: өз еліндегі кету порты мен миссия аймағына келу порты арасындағы қашықтық километрмен бағаланады (нақтыланады).
Коэффициент өтеу мөлшерлемесінің пайызы мөлшерінде белгіленеді (нақтыланады).
8.5. Келесі тармақтар әскер мен техниканы жеткізуді ұйымдастыру мақсатында келісілген жөнелту мен кіру пункттері мен порттары болып табылады:
Әскер:
Әуежай/кіру/шығу порты: Алматы, Қазақстан
(әскер ұсынатын елде)
Әуежай/кіру/шығу порты: Дамаск, Сирия (және одан әрі миссия аймағына) (миссияны өткізу ауданында)
Ескертпе: Әскер әскерді ұсынатын ел көрсеткен басқа жерге қайтарылуы мүмкін, бірақ Біріккен Ұлттар Ұйымының ең көп шығысы көрсетілген шығу пунктіне дейін жол жүру шығысына тең болады. Егер ротация барысында әскер басқа шығу портынан келсе, онда бұл порт сол әскер үшін келісілген кіру порты болады.
Қару-жарақ (жабдық):
Жөнелту орны: нақтыланады, Қазақстан
Қону/түсіру порты: Алматы, Қазақстан
(операцияға қатысушы елде):
Отырғызу/түсіру кезінде шекарадан өту: нақтыланады (егер теңізге шығу мүмкіндігі болмаса немесе қару-жарақ/жабдық автомобиль/теміржол көлігімен жеткізілетін болса, әскер ұсынатын елде)
Отырғызу/түсіру порты: Дамаск, Сирия және одан әрі миссия аймағына
Отырғызу/түсіру кезінде шекарадан өту: нақтыланады.
9-бап
Үшінші тараптардың талаптары
9. Егер үшінші тараптардың мүлкінің жоғалуы немесе бүлінуі, қайтыс болу көрсетілетін немесе дене зақымы осы Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес қызметті немесе кез келген басқа да қызметті немесе операцияны орындау кезінде Үкімет ұсынған персоналдан немесе қару-жарақтан (жабдықтан) болса, Біріккен Ұлттар Ұйымы үшінші тараптардың кез келген талабын қарауға жауапты болады. Алайда, егер шығын, залал, қайтыс болу немесе жарақат Үкімет берген персоналдың өрескел ұқыпсыздығынан немесе қасақана құқыққа сыйымсыз әрекетінен туындаса, мұндай талап үшін Үкімет жауапты болады.
10-бап
Шығынды өтеу
10. Үкімет Біріккен Ұлттар Ұйымына тиесілі қару-жарақтың (жабдықтың) және мүліктің жоғалуына немесе Үкімет берген персонал немесе қару-жарақ (жабдық) келтірген бүлінуге байланысты шығынды, егер мұндай шығын немесе бүліну (а) осы Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес көрсетілетін қызметті немесе кез келген басқа қызметті немесе операцияны орындаудан тыс орын алса немесе (b) Үкімет ұсынған персоналдың өрескел ұқыпсыздығынан немесе қасақана құқыққа сыйымсыз әрекетінен туындаса немесе соның салдарынан болса, Біріккен Ұлттар Ұйымына өтейді.
11-бап
Қосымша келісімдер
11. Тараптар осы Өзара түсіністік туралы меморандумға жазбаша қосымша келісімдер жасай алады.
12-бап
Түзетулер
12. Кез келген Tapaп миссия мен Үкіметтің жедел қажеттілігінің үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы өтейтін салым деңгейін немесе ұлттық қолдау деңгейін қайта қарауға бастама жасай алады. Осы Өзара түсіністік туралы меморандум Үкімет пен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы жазбаша келісім бойынша ғана өзгертілуі мүмкін.
13-бап
Дауларды реттеу
13.1. UNDOF миссия шеңберінде осы Өзара түсіністік туралы меморандумды қолдануға байланысты туындайтын келіспеушіліктерді ынтымақтастық рухындағы келіссөздер арқылы бейбіт жолмен талқылау және реттеу тетігін жасайды. Бұл тетік дауларды шешудің екі деңгейінен тұрады:
(1) бірінші деңгей: миссияны қолдайтын директор/бастық күштер қолбасшысымен және контингент командирімен консультацияда дауды келіссөздер арқылы реттеуге қол жеткізуге тырысады;
b) екінші деңгей: егер бірінші деңгейдегі келіссөздер дауды шешпесе, мүше мемлекеттің тұрақты миссиясының өкілі және Бас хатшының жедел қолдау жөніндегі орынбасары немесе оның өкілі кез келген Тараптың өтініші бойынша дауды келіссөздер арқылы реттеуге тырысады.
13.2. Жоғарыдағы 13.1-тармаққа сәйкес шешілмеген даулар өзара келісілген татуластырушыға немесе Халықаралық Сот Төрағасы тағайындаған байланыстырушыға берілуі мүмкін, олай болмаған жағдайда дау кез келген Тараптың өтініші бойынша төрелікке берілуі мүмкін. Әрбір тарап бір төрешіні тағайындайды, ал тағайындалған екі төреші төраға болып табылатын үшінші төрешіні тағайындайды. Егер төрелік туралы сұрау салу берілген сәттен бастап 30 күн ішінде Тараптардың ешқайсысы төрешіні тағайындамаса немесе екі төреші тағайындалған сәттен бастап 30 күн ішінде үшінші төреші тағайындалмаса, кез келген Tapaп төрешіні тағайындау өтінішімен Халықаралық Сот Төрағасына жүгіне алады. Төрелік рәсімдердерін төрешілер белгілейді және әрбір Тарап өз шығысын көтереді. Төрелік шешімде ол негізделген уәждер жазылуға тиіс және оны Тараптар дау бойынша түпкілікті шешім ретінде қабылдайды. Төрешілердің пайыздарды немесе айыппұл санкцияларын беруге құқығы жоқ.
14-бап
Күшіне енуі
14. Осы Өзара түсіністік туралы меморандум оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердердің орындалғаны туралы Үкіметтің жазбаша хабарламасын Біріккен Ұлттар Ұйымы дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының персоналға, негізгі қару-жараққа (жабдыққа) және өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне арналған шығысты өтеуге қатысты қаржылық міндеттемелері персонал немесе мүлік миссия ауданына келген күннен басталады және әскерді шығарудың келісілген жоспарына сәйкес персонал мен ақаусыз мүлік миссия ауданынан шыққан күнге дейін немесе егер кідіру Біріккен Ұлттар Ұйымының кінәсінен болса, нақты кеткен күннен бастап қолданылатын болады.
15-бап
Тоқтату
15. Шарттың қолданысын тоқтату талаптары Тараптар арасындағы консультациялардан кейін олардың уағдаластығы бойынша айқындалады.
Осыны куәландыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы осы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
2024 жылғы "14" ақпанда Нью-Йоркте ағылшын тілінде екі төлнұсқа данада қол қойылды.
А қосымшасы |
Персонал
I. Талаптар
1. Үкімет мынадай персоналды беруге келіседі:
Мынадан басталатын кезеңге: 2024 жылғы 1 ақпан.
Бөлімше түрі/бөлімше | Персонал саны | Ескертпе |
Резервтегі рота | 139 | |
Барлығы | 139 |
Ескертпе: Үкімет өз есебінен ұлттық командалық элемент немесе ұлттық қолдау элементі ретінде қосымша персонал бере алады.
Контингент персоналына өтем, ротациялау немесе өзін-өзі қамтамасыз ету үшін төлем жасалмайды және Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін ұлттық қосалқы элементке қатысты басқа ешқандай қаржылық міндеттеме болмайды.
II. Шығысты өтеу
2. Үкіметке контингент персоналы үшін өтемақы осы контингентті Біріккен Ұлттар Ұйымының далалық миссиясында өрістетуге байланысты жұмсалған жалпы және негізгі қосымша шығыс үшін айына бір адамға 1 448 АҚШ доллары мөлшерінде бірыңғай өтеу мөлшерлемесі бойынша төленетін болады. Үкіметке сонымен қатар 2026 жылғы 30 маусымға дейін Бас хатшы мұндай тексеруді талап етуді жалғастырған жағдайда өрістету алдында міндетті COVID-19-ға тексеруге байланысты жұмсалған жалпы және негізгі қосымша шығыс үшін айына бір адамға 4,90 АҚШ доллары мөлшерінде бірыңғай өтемақы мөлшерлемесі бойынша уақытша өтем қосымша төленетін болады. 76/276 қарарға сәйкес контингент персоналы үшін бұл өтем мөлшерлемесі 2022 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.
3. Бас Ассамблеяның 67/261 қарарының 11-тармағына сәйкес осы Өзара түсіністік туралы меморандумда көрсетілген жоқ немесе қолданылмайтын негізгі мүлікке қатысты контингент персоналына шығысты өтем сомасынан шегерім жүргізілуі мүмкін.
4. Контингент персоналы далалық миссиядан тікелей 1,28 АҚШ доллары мөлшерінде тәуліктік, оған қоса әрбір алты ай кезеңі ішінде 15 демалыс күні үшін 11,50 АҚШ доллары мөлшерінде демалу үшін демалыс жәрдемақысын алатын болады.
III. Персонал үшін жалпы шарт
5. Үкімет Біріккен Ұлттар Ұйымы UNDOF миссиясында қызмет өткеру үшін белгілеген стандартқа, атап айтқанда атаққа, тәжірибеге, дене шынықтыру дайындығына, мамандандығына және тілді білуге қатысты стандартқа сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Персонал контингент жарақтандырылған техникамен жұмыс істеуге үйренген және Біріккен Ұлттар Ұйымы медициналық немесе өзге де рұқсатқа, екпеге, сапарға, жеткізуге, демалысқа және басқа да құқыққа қатысты белгілеуі мүмкін барлық қағидалар мен рәсімдерді сақтауға тиіс.
6. Үкімет UNDOF миссиясына іссапар кезеңінде ұлттық заңнамаға сәйкес өз персоналына тиесілі кез келген сыйақыны, жәрдемақы төлеуге және жеңілдік беруге жауапты болады.
7. Біріккен Ұлттар Ұйымы Үкіметке Біріккен Ұлттар Ұйымының мүлкін жоғалтқаны немесе бұлдіргені үшін жауаптылық және Біріккен Ұлттар Ұйымындағы қызметке байланысты қайтыс болуына, мертігуіне немесе ауыруына және/немесе жеке мүлкін жоғалтуға байланысты өтемақы талаптары мәселелерін қоса алғанда, персонал беруге қатысты барлық қажетті ақпаратты береді.
Қайтыс болуы және мүгедек болуы жағдайына байланысты талап қою Бас Ассамблеяның 1997 жылғы 17 маусымдағы 51/218е және 1997 жылғы 18 желтоқсандағы 52/177 қарарына сәйкес қаралады. Қайтыс болуына және еңбекке жарамсыздық жағдайына байланысты әкімшілік және төлемдік рәсімдер мен талап қою тәртібі 1997 жылғы 18 желтоқсандағы 52/177 қарармен бекітілген 1997 жылғы 17 қыркүйектегі А/52/369 құжатында жазылған. Бас Ассамблеяның 2018 жылғы 5 шілдедегі 72/285 қарары қайтыс болуына және еңбекке жарамсыздығына байланысты $77,000 мөлшерінде ағымдағы өтемақы мөлшерлемесі белгілеген.
8. Осы Өзара түсіністік туралы меморандумда рұқсат етілген саннан асатын кез келген персонал ұлттық жауаптылық болып табылады және Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан өтелуге немесе қолдауға жатпайды. Егер әскер беретін тарап және Біріккен Ұлттар Ұйымы осы персонал UNDOF-та бейбітшілікті қолдау операциясын жүргізу үшін қажет деп санаса, осы персонал Біріккен Ұлттар Ұйымының алдын ала мақұлдауымен UNDOF-та өрістетілуі мүмкін.
Біріккен Ұлттар Ұйымы осы персонал ұлттық міндеттерді шешу, мысалы, ұлттық тыл буыны үшін байланыс құралдарын пайдалану үшін қажет деп санайды.
Бұл персонал контингент құрамына кіреді және сол сияқты UNDOF миссиясы мүшелерінің құқықтық мәртебесін пайдаланады. Алайда, әскер беретін Тарап мұндай персоналға қатысты ешқандай өтем алмайды, ал Біріккен Ұлттар Ұйымы мұндай персоналға байланысты ешқандай қаржылық міндеттеме мен жауаптылық өзіне алмайды. Кез келген қолдау немесе қызмет көрсету әскер беретін тарапқа тиесілі өтем есебінен өтеледі.
9. Біріккен Ұлттар Ұйымының өтініші бойынша ұзақтығы шектеулі нақты міндеттерді орындау үшін жіберілетін персоналға жағдайға байланысты осы Өзара түсіністік туралы меморандумның қосымша келісімі қолданылуы мүмкін.
10. Үкімет берген және қалыптасқан әскери бөлімше құрамында қызмет өткеретін ұлттық азаматтық персонал осы Өзара түсіністік туралы меморандум мақсатында бөлімшелердің әскери қызметшілеріне теңестіріледі.
11. Әскери және басқа да персонал беруге қолданылатын жалпы әкімшілік және қаржылық рәсімдер I қосымшада келтірілген әскер беретін ел үшін Басшылықта жазылғанға сәйкес келеді.
Қосымшаға толықтыру |
Әскери қызметшінің жиынтығы: нақты миссия үшін ұсынылатын талап
Әскери қызметші жиынтығы
Минималды жедел талаптарды орындау үшін төменде өлшемді қоса алғанда, ер адам мен әйел персонал арасындағы физиологиялық айырмашылық ескерілген берілген заттар тізімі келтірілген. Нақты миссияға қойылатын нақты талаптар Өзара түсіністік туралы меморандум бойынша келіссөз барысында талқыланатын және келісілетін болады.
Жаяу әскер контингентіне қойылатын талаптар үлгісі
Сипаттама | Саны |
Жеке күзет және қауіпсіздік заттары | |
Жеке қару | 1 |
Жауынгерлік дулыға | 1 |
Негізгі броньды кеудеше (жарықшаққа қарсы кеудеше) | |
Киім-кешек заттары | |
Жауынгерлік күртеше, жеңіл | 2 |
Ұзын, қысқа жеңді көйлек | 2 |
Майка | 4 |
Жауынгерлік шалбар, жеңіл | 2 |
Қалта қолорамал | 6 |
Бәтеңке, құмға арналған | 1 жұп |
Жазғы шұлық | 4 жұп |
Жауын шекпені | 1 |
Шорты | 2 |
Трусы | 4 |
Тартпа | 1 |
Қол сүлгісі | 2 |
Жарақ заттары | |
Ұйықтайтын қап | 1 |
Жол сөмкесі | 1 |
Tiс щеткасы | 1 |
Ac пышақ | 1 |
Қасық | 1 |
Шанышқы | 1 |
Тағам ыдыс-аяқы | 1 |
Ішуге арналған кружка | 1 |
Тазалау щеткасы | 1 |
Су құтысы | 1 |
Жеке масахана торы | 1 |
Шам | 1 |
Қажетті заттар жинағы | 1 |
Құбылнама | 1 |
Қосымша заттар | |
Қажеттілік бойынша және уағдаластық бойынша | 1 |
В қосымшасы |
Үкімет беретін негізгі қару-жарақ (жабдық), UNDOF - резервтегі күштер ротасы - Қазақстан, I талап 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап кезеңге
Фактор: | - Экологиялық: | 1.60 % |
- Логистика және жол жүру жағдайы: | 0.20 % | |
- Дұшпандық әрекет/мәжбүрлі тастап кету: | 3.30 % | |
- Инкрементті тасымал: | 1.50 % |
Жабдық элементі | Саны | Факторды қоспағанда, ай сайынғы мөлшерлеме АҚШ $ | Факторды қоса алғанда, ай сайынғы мөлшерлеме АҚШ $ | Факторды қоса алғанда жалпы ай сайынғы өтемақы жиыны |
Жалдау түрі: Қызмет көрсетумен жалдау
КОНТЕЙНЕР
Оқ-дәрі журналы (сақтау) | 3 | 267.00 | 273.07 | 819.21 |
Басқа контейнер | 2 | 73.00 | 74.53 | 149.06 |
Жиыны: 968.27 |
ОРНАЛАСУ ЖАБДЫҒЫ
Қоймаға жинау және сақтау | 4 | 523,00 | 536.48 | 2,145.92 |
Жиыны: 2, 145.92 |
ЖАУЫНГЕРЛІК МАШИНА
БТР базасындағы дөңгелекті медициналық транспортер | 1 | 5,277.00 | 5,457.89 | 5,457.89 |
БТР базасындағы дөңгелекті КШМ | 1 | 4,285.00 | 4,403.43 | 4,403.43 |
Қарулы дөңгелекті жаяу әскер БТР (і сыныпты) | 11 | 7,801.00 | 8,082.60 | 88,908.60 |
Жиыны: 98,769.92 |
ҚОЛДАУ МАШИНАСЫ (КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҮЛГІДЕГІ)
Автобус (13-24 жолаушы) | 1 | 1,208.00 | 1,253.56 | 1,253.56 |
Жиыны: 1,253.56 |
ҚОЛДАУ МАШИНАСЫ (ӘСКЕРИ ҮЛГІДЕГІ)
Жүк автомобилі (5 тоннадан астам және 10 тоннаға дейін) | 2 | 2,044.00 | 2,116.10 | 4,232.20 |
Әскери радиостанциясы бар джип (4x4) | 6 | 1,338.00 | 1,392.36 | 8,354.16 |
Орташа техникалық қызмет көрсететін жүк көлігі | 1 | 1,521.00 | 1,571.44 | 1,571.44 |
Автомобильдік су цистернасы (10000 литрге дейінгі 5000-ден астам) | 1 | 1,917.00 | 1,984,05 | 1,984.05 |
Жиыны: 16,141.85 |
МИНАСЫЗДАНДЫРУ МАШИНАСЫ, ЖҚЗЗ ЖӘНЕ ҚЖЖҚ
Оқ-дәріні/қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны қатерсіздендіруге броньды кабинасы бар минаға қарсы жүк автокөлігі | 2 | 8,323.00 | 8,593.33 | 17,186.66 |
Қадағалау және/немесе жою мүмкіндігі бар қашықтан басқарылатын (rov) автомобиль | 1 | 1,798.00 | 1,862.37 | 1,862.37 |
Жиыны: 19,049.03 |
ЖОҒАРЫ ЖИІЛІКТІ ЖАБДЫҚ
Антенна. |
Жиыны: 1,087.56 |
ҚАРУ-ЖАРАҚ
Станокты оқшашар (10 мм дейін) | 8 | 44.00 | 45.01 | 360.08 |
Жиыны: 360.08 |
ЭЛЕКТР ТЕХНИКА - ГЕНЕРАТОР - СТАЦИОНАРЛЫҚ ЖӘНЕ МОБИЛЬДІ
20-30 КВА стационарлық және мобильді генераторы | 2 | 461.00 | 473.83 | 947.66 |
Жиыны: 947.66 |
МИНАСЫЗДАНДЫРУ ЖАБДЫҒЫ, ЖҚЗЗ ЖӘНЕ ҚЖЖҚ
Белсенді металл анықтағышы мен групенарлы радары бар қол минаіздегіші (қос датчик) | 4 | 287.00 | 295.51 | 1,182.04 |
Автомобильге орнатылған қашықтан іске қосылатын импровизацияланған жарылғыш құрылғысына қарсы іс-қимыл (кедергі) шаралары бойынша электроника | 15 | 2,848.00 | 2,942.80 | 44,142.00 |
Жарылу қаупті оқ-дәрілері бар пайдалану үшін 2 дербес дозиметрді қоса алғанда (әсер ету деңгейін айқындау мүмкіндігі бар) портативті цифрлық рентгендік жүйе | 1 | 339,00 | 352.13 | 352.13 |
Бомбаны айқындау қол локаторы (ферромагнитті объектілерді айқындау магнитометрі) | 2 | 204.00 | 210.07 | 420.14 |
Қол (мина) детекторы (белсенді металдетектор) | 10 | 88.00 | 90.62 | 906.20 |
Оқ-дәрі қатерсіздендіру үшін ілмек және жіп құралдары жинағы | 4 | 10.00 | 10.40 | 41.60 |
EOD костюмі - ауыр (кеуде мен шап үшін ең төменгі рейтинг v50 1600) | 5 | 293.00 | 301.71 | 1,508.55 |
EOD костюмі жеңіл (кеуде мен шап үшін ең төменгі рейтинг v50 1000) | 10 | 186.00 | 191.49 | 1,914.90 |
Қуаты жоғары ерлерге портативті ЭБУ (ұялы ұяшық/gps/басқыш) | 3 | 470.00 | 478.65 | 1,435.95 |
Жиыны: 51,903.51 |
МИНАСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ ОҚ-ДӘРІЛЕРДІ ҚАТЕРСІЗДЕНДІРУ ЖАБДЫҒЫ
Импровизацияланған жарылғыш құрылғыны жою керек-жарағы (оқ-дәріні кәдеге жарату үшін кәдімгі керек- жарақ жинағына қосымша) (жинақ) | 1 | 594,00 | 606.02 | 606.02 |
Жиыны: 606.02 |
ТӘРТІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАБДЫҒЫ - ӨЗГЕ ДЕ ТӘРТІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАБДЫҒЫ
Генераторы бар прожектор (жиынтық) | 2 | 51.00 | 52.49 | 104.98 |
Жиыны: 104.98 |
УАҚЫТША БАЗАЛЫҚ ЖАБДЫҚ
Өрістетілетін бөлімше шатыры (10 адамға дейін) | 6 | 76.00 | 77.68 | 466,08 |
Жиыны: 466.08 | |
Жиыны: $ 193,804.44 |
Ескертпе:
1. "Арлан" броньды транспортері шот-фактура және өрістету алдындағы тексеру негізінде 1-сыныпты дөңгелекті қару-жарағы бар броньды транспортер ретінде жіктелген.
2. "Арлан" броньды транспортері EOD (explosive ordnance device) минасыздандыру машинасы - бұғаттаудан қорғалған EOD тобының минаға қарсы жүк көлігі ретінде жіктелген.
3. Контейнер: Миссия ҚР-ның резервтегі күш ротасына БҰҰ-ға тиесілі қосымша контейнер береді (Өзара түсіністік туралы меморандумды әзірлеу аяқталу сәтінде - 8).
4. Жоғары жиіліктегі байланыс жабдығы: ЕСМ басқышын пайдаланған кезде жедел резервтеу үшін Өзара түсіністік туралы меморандумға В қосымшасына қосылған.
5. Көлік құралына орнатылатын қолдан жасалған жарылғыш құрылғыдан қорғау электрондық құралы (басқыш); бөлімше барлық х15 жауынгерлік машинасына интеграцияланған ЕСМ-мен өрістетілетін болады.
6. Қоймаға салу және сақтау: Қазақстан бұрынғы резервтегі күш ротасынан алған жабдық.
II. Негізгі қару-жарақ (жабдық) үшін жалпы шарт
1. Осы қосымшаға толықтыруда көрсетілген жағдайды қоспағанда, осы Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес берілетін негізгі жабдық Үкімет меншігі болып қалады.
2. Нақты міндеттерді орындау үшін қысқа мерзімге өрістетілетін негізгі жабдық осы Өзара түсіністік туралы меморандумның бөлігі болып табылмайды немесе ол осы Өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша келісімде бөлек талқылауға және келісілуге тиіс.
3. Негізгі жабдыққа жұмсалатын шығысты өтеу әскер беретін Тарап операцияны тоқтатқан немесе миссия аяқталған күнге дейін толық мөлшерлеме бойынша жүргізілетін болады. Бұдан кейін шығысты өтеу Біріккен Ұлттар Ұйымының пікірінше әскер/полиция беретіннің бақылауынан тыс болған жағдайды қоспағанда, ссылай айқындалғандай әскерді/полицияны беретін тараптың бақылауынан тыс деп саналған жағдайды қоспағанда, Өзара түсіністік туралы меморандумда келісілген мөлшерлемеден 50 %-ға дейін қысқарады және жабдық әкетілісімен немесе операция тоқтатылған немесе миссия аяқталған күннен кейін 90 күннен кейін (қайсысы бұрын болатынына байланысты) тоқтатылады.
4. Жұмыс қолданысы стандартын сақтау мақсатында контингентте келісіліп бекітілген мөлшерден 10 %-ғна дейін артық қорды ұстау және осы қорды контингентпен бірге өрістету және қайтару мүмкіндігі болады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы өрістетуге және қайтаруға, сондай-ақ артық қорды бояуға және қайта бояуға байланысты шығысты өзі көтереді, бірақ әскер беретін артық қорды "қызмет көрсетумен" немесе "қызмет көрсетпей" жалдау туралы келісім шеңберінде артық қор үшін өтем алмайды.
5. Біріккен Ұлттар Ұйымы айқындаған қосымша стандартқа рұқсат етілген жабдықты "қызмет көрсетумен" немесе "қызмет көрсетпей" жалдау шартының бөлігі ретінде миссияда өрістету үшін дайындауға байланысты шығыс (мысалы, бояу, Біріккен Ұлттар Ұйымының таңбасын салу немесе қысқа дайындау) Біріккен Ұлттар Ұйымының жауапкершілігі болып табылады. Сол сияқты миссия аяқталғаннан кейін рұқсат етілген мүлікті ұлттық қорға қайтару шығысы (мысалы, ұлттық түске бояу) Біріккен Ұлттар Ұйымына жүктеледі. Шығыс осы Өзара түсіністік туралы меморандумда қамтылған рұқсат етілген мүлік тізімі негізінде талап қою бойынша бағаланатын және өтелетін болады. Егер жабдық "қызмет көрсетумен" жалдау шарты бойынша берілсе, жөндеуге шығыс өтелмейді, өйткені жөндеу "қызмет көрсету мен" жалдау мөлшерлемесі бойынша техникалық қызмет көрсету бөлігіне енгізіледі.
III. Тексеру және бақылау рәсімдері
6. Тексеру және бақылау рәсімдерінің негізгі мақсаты екіжақты Өзара түсіністік туралы меморандумның ережелері мен шартының орындалуын тексеру, сондай-ақ қажет болғанда түзету шараларын қабылдау болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы контингентпен немесе әскер беретін Tapaп тағайындаған басқа да уәкілетті органмен үйлесімділікте Үкімет беретін мүліктің талаптарға сәйкес келуіне және Өзара түсіністік туралы меморандумға D қосымшасына сәйкес берілуін қамтамасыз етуге жауапты болады.
7. Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы берілген мүлік пен көрсетілетін қызмет мәртебесін, жай-күйі мен санын тексеруге құқылы. Үкімет, әдетте, оның функциялары бойынша сәйкес келетін адамды тағайындайды, ол тексеру және бақылау мәселелері бойынша жауапты байланыс жасайтын адам болып табылатын.
8. Тексеру процесінде орындылық қағидаты сақталуға тиіс. Үкімет және Біріккен Ұлттар Ұйымы Өзара түсіністік туралы меморандум мәніне сәйкес келу үшін барлық қажетті шараларды қабылдады ма, сондай-ақ мәселенің маңыздылығын және Өзара түсіністік туралы меморандум орындалмаған кезең ұзақтығын ескеріп, бағалау қажет. Орынды екенін айқындау кезінде басты қағидат Үкімет, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы беруге тиіс материал Өзара түсіністік туралы меморандумда көзделгеннен басқа, БҰҰ немесе Үкімет үшін қосымша шығыссыз өз әскери/полиция функциясы сәйкес келуі болып табылады.
9. Бақылау процесінің нәтижесі сәйкессіздікті жою немесе келісілген біліктілік талаптарын түзетуді қоса алғанда, түзету әрекеті туралы шешім қабылдау мақсатында анағұрлым төмен деңгейде консультативтік талқылау үшін негіз ретінде пайдаланылуға тиіс. Тараптар балама ретінде Өзара түсіністік туралы меморандумның орындалмау дәрежесін ескеріп, жарна мөлшерін қайта қарауға жүгіне алады.
10. Негізгі жабдықты тексеру процесі мынадай инспекциялау түрінен тұрады:
(a) Келгеннен кейінгі инспекциялау:
(i) Негізгі жабдықты инспекциялау миссия ауданына келгеннен кейін бірден жүргізіледі және бір ай ішінде аяқталуға тиіс. Біріккен Ұлттар Ұйымы әскер беретін тұлғамен келісу бойынша уақыт пен орынды айқындайды. Өзара түсіністік туралы меморандум жасалған сәтте техника мен персонал миссия аумағында болған жағдайда бірінші инспекция миссия мен контингент билігі бірлесіп айқындайтын күні жүргізіледі және осы датадан кейін бір ай ішінде аяқталуға тиіс;
(ii) Үкімет Біріккен Ұлттар Ұйымының тобына негізгі жабдыққа және/немесе өзін-өзі қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бойынша кеңес немесе консультация беруге өтінішпен жүгіне алады. Әдетте, Біріккен Ұлттар Ұйымы өрсітету алдында әскер беретін елге сапармен баруға сұраныс жасайды;
(b) Тоқсан сайынғы инспекция:
(i) Инспекция негізгі жабдықтың жай-күйін және өзін-өзі қамтамасыз ету санатын бағалау үшін тоқсан сайын жүргізіледі. Инспекция туралы есепті, яғни тоқсан сайынғы тексеру туралы есепті бөлімшені әрбір инспекциялаудан кейін БҰҰ инспекциялау тобы жасайды. Есепте инспекция нәтижесі сипатталады. Есеп бөлімшемен бірге қаралады және оған контингент өкілі қол қояды. Егер бөлімше миссия ауданында толық немесе ішінара қайта орналастырылуға тиіс болса, жаңа орналасқан жердегі келесі тоқсан сайынғы инспекциялау миссия және бөлімше басшылығы бірлесіп айқындайтын күні жүргізіледі. Тоқсандық тексеру туралы есеп негізгі мүлікке және өзін-өзі қамтамасыз етуге шығысты ресімдеу үшін негіз болып табылады.
ii) Миссия инспекция мен тексеру туралы есеп нәтижесі туралы контингент командирін уақтылы хабардар ететін болады.
(c) Жедел инспекциялау:
(i) Біріккен Ұлттар Ұйымының тағайындаған өкілі тиісті түрде жүргізетін жедел инспекция алты айда бір реттен сиретпей жүргізілуге тиіс. Негізгі жабдық жеткізілген жабдықтың санаты мен тобы, сондай-ақ саны әлі де осы Өзара түсіністік туралы меморандумда көрсетілгенге сәйкес келетіні, ал жабдықтың тиісті түрде пайдаланылуы мәніне тексеріледі;
(ii) Инспекция барысында сонымен қатар пайдалану жарамдылығының Е қосымшасында аталған өнімділік стандартында көрсетілген техникалық сипаттамаға сәйкестігі айқындалатын болады;
(d) Қайтып оралу кезіндегі инспекция:
Қайтып оралу кезіндегі инспекцияны Біріккен Ұлттар Ұйымының тағайындалған өкілі контингент немесе оның құрамдас бөлігі Үкімет берген барлық негізгі мүліктің және тек осы мүліктің отанына қайтарылғанына көз жеткізу үшін, сондай-ақ "қызмет көрсетпей" жалдау тұжырымдамасы шеңберінде берілген жабдықтың жай-күйін тексеру үшін миссиядан кеткенде тиісті түрде жүргізеді;
(e) Басқа да тексеру мен есептілік:
Күштер қолбасшысы/полиция комиссары, Миссияны қолдау жөніндегі директор/бастық немесе Біріккен Ұлттар Ұйымы, мысалы, стандартты жедел есептілікті қамтамасыз ету үшін қажет деп тапқан қосымша қосымша тексеру немесе инспекциялау.
Біріккен Ұлттар Ұйымы өрістету алдында әскер беретін елге өрістетуге дайындалу және өрістету үшін ұсынылатын негізгі мүлік жарамдылығы мен өзін-өзі қамтамасыз ету әлеуетін тексеруде көмек көрсет үшін сол елге спарамен баруға сұраныс жасауы мүмкін.
IV. Жеткізу
11. Біріккен Ұлттар Ұйымы Үкіметпен кеңесіп, келісілген отырғызу/түсіру портынан және Миссия ауданына контингентке тиесілі мүлікті өрістету мен репортациялауға байланысты шығысты тікелей не егер көлікті Үкімет беруге тиіс болса, тапсырыс-хатына сәйкес ұйымдастырады және өтейді.
Теңізге шыға алмайтын елдер немесе миссия ауданына дейін және кері қарай жабдығы автомобильмен немесе теміржол көлігімен жеткізілетін елдер үшін қону/түсіру порты келісілген шекарадан өту пункті болады.
12. Әскер беретін адамдар негізгі жабдыққа жататын қосалқы бөлшектер мен шағын жабдық жиынтығын жеткізуге, сондай-ақ ұлттық талаптарды қанағаттандыру үшін жабдықты ротациялауға жауапты болады. "Қызмет көрсетумен" жалдауге айлық есептік мөлшерлеме қазір осы жеткізу үшін жалпы екі пайыздық үстемені қамтиды. Одан басқа, техникалық қызмет көрсету мөлшерлемесіне қашықтыққа байланысты үстемеақы қолданылады. Қашықтық үшін үстемеақы әскер беретін елге жөнелту порты мен миссия ауданына кіру порты арасындағы жеткізу маршруты бойынша алғашқы 500 мильден (800 км) асатын әрбір толық 500 миль (800 км) үшін есептік техникалық қызмет көрсету мөлшерлемесінің 0,25 %-ын құрайды. Теңізге шыға алмайтын ел немесе жабдығы автомобильмен немесе теміржол көлігімен миссия ауданына және кері қарай жеткізілетін ел үшін әкелу порты келісілген шекарадан өту пункті болып табылады.
13. "Қызмет көрсетумен" жалдау рәсімдерінде көзделгеннен басқа, қосалқы бөлшектерді жеткізуге шығысты жеке өтеу көзделмеген.
14. Ұлттық жедел немесе жөндеу қажеттілігін қанағаттандыру үшін жабдықты ротациялауға байланысты шығыс бұрынғыдай БҰҰ тарапынан өтелмейді.
Пайдалануға жатпайтын бітімгершілік операцияны ұзақ мерзімді өрістету процесінде тұрған немесе миссия ауданында одан әрі оған техникалық қызмет көрсету тиімсіз болып табылатын кейбір негізгі жабдық санатын Біріккен Ұлттар Ұйымының ротациялауы үшін немесе Біріккен Ұлттар Ұйымы есебінен миссия контингентіне тиесілі мүлікті басқару жөніндегі бақылау кеңесінің қалауы бойынша көмек хаты және миссия шеңберіндегі жедел қажеттілік негізінде тиісті контингент командирімен консультация жасап, Өзара түсіністік туралы меморандум негізінде қаралуы мүмкін. Бұл санатқа: әуе кемесі/әуеайлақтық қамтамасыз ету техникасы, барлық көлік құралы түрі, тиеу-түсіру жабдығы, ағаш дайындау техникасы, жүкті жеткізу жабдығы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жабдығы, электр жабдық, байланыс жабдығы және инженерлік жабдық жатады.
15. Конкурсқа қатысу құқығын алу үшін жабдық кемінде жеті жыл немесе есептік қызмет мерзімінің 50 пайызы ішінде қайсысы бұрын болатынына байланысты бейбітшілікті қолдау операцияда тұрақты өрістетілуге тиіс. Егер ротациялау үшін ұсынылатын жабдық саны белгіленген талаптарға сәйкес келетін кемінде бір санаттың жабдық санынан 10 немесе одан да көп пайызды құраса, ротациялау туралы мәселе қаралатын болады. Біріккен Ұлттар Ұйымы есебінен ротацияланатын мүлікті Біріккен Ұлттар Ұйымы контингентке тиесілі мүлік ретінде қарайды, контингентті миссия ауданында өрістету аяқталғаннан кейін репартацияланады. Ауыстырылатын мүлік миссия ауданында контингентті алғаш өрістету шеңберінде өрістетілетін жабдық ретінде қаралады. Ерекше жағдайда миссия басшылығы және Хатшылықтың шешімі бойынша, мысалы, қатері жоғары миссияда, жұмыс қарқыны, қоршаған орта жағдайы, экстремалды климат, орналасқан жері, жүрісі, пайдалану сағаты, жарамсыздығы бойынша жеті жылдық мерзім бес жылға дейін қысқартылуы мүмкін. Біріккен Ұлттар Ұйымы есебінен ротацияға техникалық қызмет көрсетудің болмауына байланысты пайдалануға жарамсыз жабдық жатпайды.
16. Біріккен Ұлттар Ұйымы келісілген жөнелтілетін жер мен отырғызу/түсіру порты арасындағы негізгі мүлікті ішкі жеткізу шығысына жауапты болады. Біріккен Ұлттар Ұйымы жөнелту базасына және кері жеткізуді ұйымдастыруы мүмкін, алайда, Үкімет негізгіден басқа, кез келген басқа мүлікті жеткізуге байланысты шығыс үшін жауапты болады. Негізгі мүлікті ішкі жеткізуге шығысты өтеу жеткізу басталғанға дейін келісілген хатқа сәйкес жасалған қойылатын талап бойынша жүргізілетін болады.
17. Біріккен Ұлттар Ұйымы тек әскер беретін әскер/полиция жұмсаған ішкі жеткізуге шығысты қоса алғанда, контингентке тиесілі мүлікті шыққан елдегі бөлімше (бөлімшелер) орналасқан жерден қону әуежайына дейін әуе арқылы жеткізуге байланысты мүлікті алғашқы өрістету және кейіннен репатриациялау кезінде ішкі көлік шығысын төлеуге жауапты болады. Контингентке тиесілі мүлік бөлімше (бөлімшелер) орналасқан жерден орналасу елінің аумағындағы жөнелту әуежайына (миссия ауданындағы шұғыл жедел қажеттілікке байланысты) әуе көлігімен Меморандумда көзделген мүліктің негізгі саны үшін рұқсат етілген саннан 10 %-дан аспайтын мөлшерде жеткізіледі. Қосымша шығысты әскерді қамтамасыз ететін тарап көтереді.
18. Егер Біріккен Ұлттар Ұйымы мүлікті репатриациялау туралы келісім жасау туралы келіссөз жүргізсе, ал жеткізуші күтілетін келу күнінен кейін 14 күндік жеңілдік кезеңінен асып кетсе, Біріккен Ұлттар Ұйымы күтілетін келу күнінен бастап нақты келген күнге дейінгі кезеңдегі "қызмет көрсетпей" жалдау мөлшерлемесі бойынша оған шығысты өтейді.
V. Миссия факторы
19. Н қосымшасында сипатталған миссия коэффициенті, егер олар қолданылса, негізгі жабдыққа шығыс өтемінің мөлшерлемесіне қолданылады.
VI. Шығын мен залал
20. Шығын мен залалды өтеу туралы мәселені шешу кезінде кінәсіз болған инцидент пен дұшпандық әрекет немесе мәжбүрлі тастап кету арасындағы айырмашылықты ажырату қажет:
(a) Штаттан тыс жағдай. "Қызмет көрсетумен" немесе "қызмет көрсетпей" жалдау мөлшерлемесі штаттан тыс жағдайда бұзылған немесе зақымданған жабдықты өтеу үшін "кінәлі емес" коэффициентін қамтиды. Мұндай инциденттегі жабдық бұзылған немесе зақымданған жағдайда қосымша өтем және басқа да наразылық көзделмеген.
(b) Дұшпандық әрекет немесе мәжбүрлі тастап кету:
(i) Бір дұшпандық әрекеттен немесе мәжбүрлі тастап кету салдарынан бұзылған немесе зақымданған жағдайда Үкімет жеке үлгілік әділ нарықтық құны 80 000 АҚШ доллары шекті мәнінен төмен әрбір негізгі жабдық бірлігі үшін жауапкершілікті өзі көтереді.
(ii) дұшпандық әрекет немесе мәжбүрлі тастап кету салдарынан бұзылған немесе зақымданған жағдайда Үкімет, егер БҰҰ миссиясының бір бюджеттік жылы ішіндегі шығыстың ұжымдық жалпы әділ нарықтық құны 250 000 АҚШ доллары шегі мәнінен төмен болса, жабдық үшін жауапкершілікті өзі көтереді;
(iii) бірреттік дұшпандық әрекет немесе мәжбүрлі тастап кету салдарынан негізгі жабдық бұзылған немесе зақымданған жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы жеке үлгілік әділ нарықтық құны 80 000 АҚШ долларына тең немесе одан асатын негізгі жабдықтың әрбір бірлігі үшін немесе егер мұндай жабдықтың жалпы әділ нарықтық құны Біріккен Ұлттар Ұйымының бір бюджеттік жылы ішіндегі бірнеше дұшпандық әрекет жағдайында 250 000 АҚШ долларына тең немесе одан асатын болса, бұзылған немесе зақымданған негізгі жабдық үшін жауаптылықты өзі көтереді. Өтем жабдықты пайдаланғаны үшін төлемді, яғни "қызмет көрсетпей" жалдау мен Біріккен Ұлттар Ұйымының осы жабдыққа қатысты жүргізген қоршаған ортаны қорғау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және жол жүру жағдайы бойынша миссия факторына байланысты кез келген төлем қосылған мөлшерлемені шегеріп, жалпы әділ нарықтық құны бойынша жүргізіледі;
(iv) Біріккен Ұлттар ұйымы ұйымдастырған алғашқы өрістету шеңберіндегі транзит уақытында дұшпандық әрекет болған жағдайда шығынды немесе залалды өтеу негізгі мүлікпен қатар өзін-өзі қамтамасыз ету затына да қолданылатын болады. Өзін-өзі қамтамасыз ету заттары бойынша наразылық Біріккен Ұлттар Ұйымы әскерді және полиция күшін жеткізу үшін беретін елге берген жүк құжаттамасы және шот-фактура негізінде берілетін болады.
21. Егер жабдық "қызмет көрсетумен" лизингі шартында берілсе, залалды есептеу әдісі нақты жөндеу құны болып табылады. Зақымданған жабдық, егер жөндеу құны жалпы әділ нарықтық құннан 75 %-дан асып кетсе, толық зақымдалған болып саналады.
22. Біріккен Ұлттар Ұйымы, егер бұліну және зақымдану Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті уәкілетті лауазымды адамы шақырған, баяндауын Біріккен Ұлттар Ұйымының жауапты лауазымды адамы бекіткен тергеп-тексеру комиссиясы айқындағандай, әскери қызметшінің қасақана әрекеті немесе өрескел немқұрайлығы салдарынан болса, залалды өтеуге жауапты болмайды.
VII. Жеткізу кезіндегі бұлдіру және зақымдау
23. Жеткізу уақытында жүктің бұлінгені немесе зақымданғаны үшін жауаптылықты жеткізуді жүзеге асыратын тарап көтереді. Залал үшін жауаптылық тек шамалы залалға қолданылады.
Елеулі залал жабдықты жөндеу кезінде жалпы әділ нарықтық құнынан 10 және одан да көп пайызды құрайтын залалды білдіреді.
VIII. Ерекше жағдайға арналған жабдық
24. Егер Өзара түсіністік туралы меморандумда өзгеше арнайы ескерілмесе, арнайы мақсаттағы жабдықтың бұлінуі немесе зақымдануы басқа негізгі жабдық сияқты қаралады.
IX. Бір жасаққа тиесілі немесе басқа жасақ/полиция жасағы пайдаланатын негізгі жабдықтың зақымдануы үшін жауаптылық
25. Біріккен Ұлттар Ұйымы негізгі мүлікті Біріккен Ұлттар Ұйымының өтініші бойынша басқа әскер/полиция өкілінің пайдалануы үшін беруі мүмкін. Бұл жағдайда мынадай қағидаттар қолданылады:
(a) пайдаланушының броньды транспортер сияқты бірегей негізгі жабдықты қолдануға біліктілігі болуы үшін тиісті даярлығы болуы қажет. Біріккен Ұлттар Ұйымы осы даярлықты қамтамасыз етуге және оны жүргізуге қаражат бөлуге жауапты болады. Оқытып-үйретуді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі Біріккен Ұлттар Ұйымы, әскер/полиция беретін және негізгі техниканы пайдаланатын ел мен негізгі жабдықты пайдаланатын әскер/полиция беретін таран арасында келісілуге тиіс. Келіссөз нәтижесі Өзара түсіністік туралы меморандумда көрсетілуге тиіс;
(b) әскер/полиция күшін беретін бір ел берген және екінші тарап падаланатын Біріккен Ұлттар Ұйымының далалық миссиясы берген әскер/полиция күшін берген негізгі мүлікті күтіп-ұстау қажет. Мүлік беретін әскер/полиция Біріккен Ұлттар Ұйымы арқылы пайдаланушы әскер беретін әскер/полиция персоналы тарапынан қасақана теріс қылық, өрескел немқұрайлылық немесе немқұрайлылығы салдарынан болуы мүмкін кез келген залалды өтеу шығысын өтеуге жауапты;
(c) залалға байланысты кез келген инциденты Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидалары мен ережелеріне сәйкес тергеп-тексеріледі және қаралады.
1-толықтыру |
Арнайы қару-жарақ (жабдық)
Егер қажет болса, осы жерде ерекше жағдайға арналған жабдық тізімі болуы мүмкін.
2-толықтыру |
Үшінші тарапқа тиесілі жабдық тізбесі
Егер қажет болса, осы жерде ол үшін әскер беретін ел тек техникалық қызмет көрсету мөлшерлемесі мен жазатайым оқиға коэффициенті бойынша өтем алатын үшінші тарапқа тиесілі жабдық тізбесін көрсету қажет.
С қосымшасы |
ӨЗІН-ӨЗІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
UNDOF - Резервтегі күштер ротасы – Қазақстан
1 - Талап
2024 жылғы 1 ақпаннан бастап кезең үшін
Фактор: Экологиялық: 1.60%
Логистика және жол жүру жағдайы: 0.20 %
Дұшпандық/мәжбүрлі тастап кету: 3.30 %
Жиыны: $ 19,743.56 |
Ескертпе:
1. 1-деңгей: бөлімше медициналық қолдау көрсету үшін 1+ Непал деңгейіне бекітіліп беріледі.
2. 2 және 3-деңгейлер: бөлімшеде Дамаскідегі және Зефаттағы 2-деңгейдегі объектіге және Нахариядағы 3-деңгейдегі объектіге қолжетімділік болады.
3. Қадағалау: бөлімшеде қарулануында жалпы қадағалау үшін 14 дүрбі, түнгі қадағалау үшін 14 навигатор, жалпы қадағалау үшін GPS және x11 LRF жиынтығы болуға тиіс.
II. Өзін-өзі қамтамасыз етудің жалпы шарты
1. Осы Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес берілетін шағын жабдық пен шығыс материалдары Үкіметтің меншігінде қалады.
2. Өзін-өзі қамтамасыз етуге шығысты өтеу әскер беретін тарап операцияны тоқтатқан немесе миссия аяқталған күнге дейінгі толық мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылатын болады. Осыдан кейін келесі санат 100 % мөлшерінде өтемақы алады және контингенттің барлық персоналы миссия ауданынан шыққанға дейін қалған нақты саны бойынша есептеледі:
Жалпы мәселелер/Кейтеринг
Байланыс/Телефон
Жалпы/Кір жуатын орын
Жалпы/Орналау
Медициналық/қатері жоғары (эпидемиологиялық)
Әмбебап дүкен/төсек-орын жабдығы
Әмбебап дүкен/жиһаз
Әрекет ету тоқтатылғаннан кейін басқа санат бойынша шығысты өтеу осы Өзара түсіністік туралы меморандумда келісілген, өрістетілген әскердің немесе құрылған полиция бөлімшесінің нақты қалған саны негізінде контингенттің барлық персоналы миссия ауданынан шыққанға дейін есептелген мөлшерлемеден 50 пайызға дейін төмендетілетін болады.
III. Тексеру және бақылау рәсімдері
3. Біріккен Ұлттар Ұйымы контингентпен немесе әскер беретін тарап тағайындаған басқа да уәкілетті органмен келісіп, Үкімет берген мүліктің UNDOF талаптарына сәйкес келуін және Өзара түсіністік туралы меморандумға С қосымшасына сәйкес берілуін қамтамасыз етуге жауапты болады.
4. Сонымен, Біріккен Ұлттар Ұйымы берілген жабдық пен көрсетілетін қызмет мәртебесін, жай-күйі мен санын тексеруге уәкілетті. Үкімет, әдетте, тексеру және бақылау мәселелері бойынша жауапты байланыс жасайтын адам болып табылатын функциясы бойынша сәйкес келетін адамды тағайындайды.
5. Тексеру процесінде орындылық қағидаты қолданылуға тиіс. Үкіметтің және Біріккен Ұлттар Ұйымының Өзара түсіністік туралы меморандумның барлығына болмаса да, мәніне сәйкес келуі үшін барлық қажетті шараларды қабылдағаны бағалануы қажет. Парасаттылықты айқындау кезінде басты қағидат Үкімет, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы беруі тиіс материалдар осы Өзара түсіністік туралы меморандумда көзделгеннен басқа, Біріккен Ұлттар Ұйымы немесе Үкімет үшін қосымша шығыссыз өз (әскери/полиция) функциясын орындау болып табылады.
6. Тексеру процесінің нәтижесі сәйкессіздікті жою немесе келісілген өтем құқығын түзетуді қоса алғанда, түзету әрекеті туралы шешім қабылдау мақсатында мүмкіндігінше томен деңгейде консультациялық талқылау үшін негіз ретінде пайдаланылуға тиіс. Балама ретінде тараптар Өзара түсіністік туралы меморандумды орындамау дәрежесіне байланысты жарна көлемін қайта қарауға әрекеттенуі мүмкін. Егер орындалмау миссия ауданындағы жедел жағдай салдарынан болса, Үкімет те, Біріккен Ұлттар Ұйымы да санкцияға ұшырамайды.
7. Персоналға қатысты шағын жабдық пен шығыс материалдарын тексеру процесі тексерудің үш түрін қамтиды:
(a) Келгеннен кейінгі инспекция: Бірінші инспекция миссия ауданына келісімен бірден жүргізіледі және бір ай ішінде аяқталуға тиіс. Үкімет уәкілеттік берген адам өзін-өзі қамтамасыз етудің келісілген мүмкіндігін түсіндіруге және көрсетуге тиіс.
Сонымен, Біріккен Ұлттар Ұйымы осы Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы ұсынатын көрсетілетін қызмет туралы есеп беруге тиіс. Егер Өзара түсіністік туралы меморандумды жасау сәтінде өзін-өзі қамтамасыз ету қызметі миссия ауданында болса, онда бірінші инспекция миссия мен контингенттік билік бірлесіп айқындайтын күні жүргізіледі және осы күннен кейінгі бір ай ішінде аяқталуға тиіс;
(b) Тоқсан сайынғы тексеру: Тексеру тоқсан сайын негізгі жабдықтың жай-күйін және өзін-өзі қамтамасыз ету санатын бағалау үшін жүргізіледі. Инспекциялау туралы есепті, яғни тоқсан сайынғы тексеру туралы есепті бөлімшені әрбір инспекциялағаннан кейін БҰҰ-ның инспекциялық тобы жасайды. Есепте инспекция нәтижесі көрсетіледі. Есеп бөлімшемен бірге қаралады және контингент өкілі қол қояды. Егер бөлімше миссия ауданына толық немесе ішінара көшірілсе, онда жаңа орналасқан жердегі келесі тоқсан сайынғы инспекция миссия мен бөлімше басшылығы бірлесіп айқындаған күні жүргізіледі. Тоқсан сайынғы тексеру туралы есеп мүше мемлекеттерге негізгі жабдық пен өзін-өзі қамтамасыз ету шығысын өтеуді ресімдеу үшін негіз болып табылады. Миссия тексеру инспекциясының нәтижесін және тексеру туралы есепті контингент командирінің назарына уақтылы жеткізетін болады.
(c) Жедел тексеру: Жедел тексеру бөлімше миссия ауданында болған уақытта жедел талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігі жеткілікті және қанағаттанарлық болып табылатынын бағалау мақсатында бөлімше жауап беретін өзін-өзі қамтамасыз ету санаты тексеріледі;
(d) Басқа да тексеру мен есептілік: Күштер қолбасшысының/полиция комиссарының, Біріккен Ұлттар Ұйымы миссияны қолдау қызметі директорының немесе орталық мекемесі бастығының шешімі бойынша қажет қосымша тексеру немесе инспекция жүргізілуі мүмкін, мысалы, стандартты жедел есептілік. Егер бөлімше миссия ауданына толық немесе ішінара көшірілуге тиіс болса, жаңа жердегі келесі кезеңдік инспекция миссия мен бөлімше басшылығы бірлесіп айқындайтын күні жүргізіледі.
IV. Жеткізу
8. Өзін-өзі қамтамасыз ету жүйесі шеңберінде берілетін шағын жабдық пен шығыс материалдарын жеткізуге байланысты шығыс С қосымшасында келтірілген тарифке қосылға 2 % мөлшеріндегі көліктік үстемеақы есебінен өтеледі. Өзін-өзі қамтамасыз етудің заттарын жеткізуге байланысты басқа көлік шығысы өтелмейді.
V. Миссия факторы
9. Өзін-өзі қамтамасыз етуге шығысты өтеу мөлшерлемесіне, егер олар қолданылса, Н қосымшасында сипатталған миссия коэффициенті қолданылады.
VI. Жоғалту немесе зақымдау
10. Біріккен Ұлттар Ұйымы өзін-өзі қамтамасыз етудің жоғалған немесе зақымданған затын өтемейді. Бұл инцидент кінәнің болмауына байланысты инцидент коэффициентімен және "қызмет көрсетумен" жалдаудің қосалқы бөлшектерінің компонентіне қолданылатын дұшпандық әрекет немесе мәжбүрлі тастап кету коэффициентімен (миссия факторы қажет деп саналатын жағдайда), сондай-ақ өзін-өзі қамтамасыз ету мөлшерлемесімен жабылады.
С қосымшасына 1-толықтыру |
Өзін-өзі қамтамасыз ету қызметінің міндеттерін бөлу
С қосымшасына | |
2-толықтыру |
"Тұрмыстық қамтамасыз ету" және "Интернетке қолжетімділік" кіші санаты өзін-өзі қамтамасыз ету шеңберінде әскерге берілетін заттар тізбесі
Тұрмыстық қызмет көрсету
Тұрмыстық қызмет көрсету дүкені барлық контингент әскеріне, штабына және бөлінген бөлімге/бөлімшеге қолжетімді болуға тиіс. Заттай мүлік қоймасының құрамына мынадай заттар кіруге, бірақ шектелмеуге тиіс:
Жабдық | Элемент | Саны | Ескертпе |
Аудио/визуалды ойын- сауық жабдығы | DVD | 1 | |
Бейнемагнитофон | - | ||
Теледидар | 5 | ||
Компьютер және компьютер ойыны | 4 |
Сони плэй | |
Колонка | 1 | ||
Фитнес жабдығы | Әртүрлі салмақтағы заттар | - | |
Жаттығу жасайтын тренажер | - | ||
Командалық спорт түрі жабдық | Амер, футбол | 2 | |
Футбол | - | ||
Баскетбол | 2 | ||
Жеке спорттық жабдық | Теннис | - | |
Үстел теннисі | 6 | ||
Бадминтон | - | ||
Гандбол | 2 | ||
Кітапхана | Кітаптар | 36 | |
Мерзімді басылым | - | ||
Үстел ойыны | - | ||
Басқа жабдық (контингент ерекешелігіне байланысты) |
II. Интернет желісіне қолжетімділік
Элемент | Саны | Ескертпе | |
Интернетке кіру жабдығы | - | ||
Компьютер | Стационарлық компьютер | 12 | |
Перифериялық құрылғы | Веб-камера | 2 | |
Микрофон | - | ||
Сканер/принтер | 6 | ||
Техникалық қызмет көрсетудің тиісті деңгейі (жоғарыда аталған жабдықтың қосалқы бөлшектері мен өтімділік мүмкіндігі) |
D қосымшасы |
"Қызмет көрсетумен" немесе "қызмет көрсетпей" жалдау шарты шеңберінде берілетін негізгі жабдық үшін тексеру қағидаттары мен өнімділік стандарты
Арналуы
1. Тексерілетін стандарт бар, оларға сәйкес "қызмет көрсетпей" жалдау және "қызмет көрсетумен" жалдау қолданылады және кейіннен өтеледі. Мынадай стандарттар мен тиісті анықтамалар А қосымшасының 8-тармағында көрсетілген жабдыққа қолдану үшін арналған. Пайдалану талаптары түрінде көрсетілген стандарттар жалпы сипатта болады және жабдықтың кең спектріне жарамды.
Қағидаттары
2. Барлық жабдыққа мынадай қағидаттар қолданылады:
(a) Соғыс іс-қимылы театрына түсетін жабдық негізгі рөлінде пайдалану үшін жарамды жай-күйде болуға, жағдайға байланысты жарамды одометр немесе киловатт-сағат есептегіші және қазірдің өзінде Біріккен Ұлттар Ұйымының таңбасы болуға тиіс. Медициналық персоналды немесе медициналық мақсаттағы заттарды жеткізу үшін арналған жедел жәрдем машинасы мен басқа да көлік құралы Женева конвенциясының қорғауында болатын нышанмен нақты белгіленуге тиіс. Жеткізу қиындығына байланысты жабдықты құрастырудың кез келген талабын бөлімше өрістету процесінде өз есебінен орындайды. Бұл жеткізу мақсатында алынған жанар-жағармай материалын қосуды қамтиды;
(b) Жабдықты функциясын орындау кезінде пайдалану үшін қажетті барлық қосымша шағын жабдық, бақылау тізімі немесе жүк тізбесі жабдықпен бірге жүреді немесе театрға келгеннен кейін жабдыққа қосу үшін нақты бірегей жүкте болады;
(c) "Қызмет көрсетумен" жалдау шарты шеңберінде төлеуші ауыстыратын жабдықты, қосалқы бөлшектерді беруге, келісімшарт бойынша техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге жауапты болады;
(d) Ақаусыздық стандартына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін бөлімшеде бөлімшемен бірге өрістетілу және қайта көшу үшін Өзара түсіністік туралы меморандумда рұқсат етілген негізгі мүлік санынан тағы 10 %-ын сақтау мүмкіндігі бар. Біріккен Ұлттар Ұйымы тиісті өрістету мен қайтаруға шығысқа, сондай-ақ бояу мен қайта бояуға жауапты болады. Бұл ретте мүлік беретін әскери/полиция бөлімі "қызмет көрсетумен" немесе "қызмет көрсетпей" жалдау схемасы бойынша артық мүлік үшін өтемақы алмайды;
(e) Сол бір қызмет стандартының орындалуын бағалау кезінде "парасаттылық" қағидатын басшылыққа алуға тиіс. Сонымен қатар, осы тарауға С қосымшасында келтірілген медициналық өзін-өзі қамтамасыз ету стандартына сәйкес шұғыл медициналық рәсімдерді орындау мүмкіндігі, персонал мен медициналық жабдық, сондай-ақ шұғыл медициналық рәсімдерді орындау мүмкіндігі ұдайы болуға тиіс. Егер таланты орындамау миссия ауданындағы жедел жағдайға негізделген болса, әскер/полиция беретін елге және Біріккен Ұлттар Ұйымына санкция қолданылмайды;
(f) Жеткізу кезінде жабдықтың бүлінуіне жеткізуді ұйымдастыруға жауапты тарап жауапты болады;
(g) "Ерекше жағдай" термині Контингентке тиесілі мүлік жөніндегі нұсқаулықта өтемақы мөлшерлемесі белгіленбеген негізгі жабдыққа қолданылуға тиіс.
3. БҰҰ-ның инспекциялық тобы әскер/полиция беретін таран берген негізгі мүлік түрі мен санын тексеру кезінде Өзара түсіністік туралы меморандумды пайдаланады.
4. Басқа бөлімшенің/ полиция бөлімшесінің жабдығына қызмет көрсететін үшінші тарап өз жабдығына қызмет көрсететін бөлімше/полиция бөлімшесі сияқты жұмыс стандартына сәйкес келуге тиіс.
Стандарт
5. Төменде келтірілген тармақтарда контингентке тиесілі миссия жабдығын инспекциялау тобы тексеруге тиіс стандарт сипатталған.
Байланыс жабдығы
6. "Қызмет көрсетумен" немесе "қызмет көрсетпей" жалдау шарты бойынша шығысты өтеу үшін байланыс жабдығын беру күштер деңгейінде, яғни батальон немесе бөлімше деңгейінен жоғары көрсетілетін қызметті ұсынатын байланыс контингентіне қолданылатын болады. Бұл көрсетілетін қызмет миссия штабы айқындаған барлық бөлімшеге қолжетімді болуға және Өзара түсіністік туралы меморандумға енгізілуге тиіс. Өзара түсіністік туралы меморандумда пайдаланылатын техникалық сипаттамасы көрсетіледі.
7. Жабдық миссия талап ететін негізгі байланыс желісін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуға тиіс. Әскери іс-қимыл театрында көрсетілетін қызметті үздіксіз қамтамасыз ету үшін резервтегі жабдық болуы қажет. Резервтегі жабдық бөлімшемен бірге өрістетіледі және көшіріледі.
8. Егер байланыс бөлімшесіне байланыс үшін өзін-өзі қамтамасыз ету мөлшерлемесі бойынша өтелмейтін жоғары деңгейдегі байланыс құралы қажет болса (мысалы, Inmarsat), онда мұндай жабдыққа Өзара түсіністік туралы меморандумда рұқсат етілуге тиіс және бұл жағдайда ол байланыс бөлімшесіне арналған тәртіппен негізгі жабдық ретінде өтелетін болады. Ұлттық тылдық байланыс мақсатында пайдаланылатын Inmarsat жабдығы ұлттық міндет болып табылады және өтелмейді.
Электр жабдығы
9. Электр жабдығы базалық лагерьге, компанияға немесе ірі шашыраңқы орналасқан объектілер, сондай-ақ 20 киловольт-Амперден (кВА) асатын үлкен энергия көзін қажет ететін мамандандырылған бөлімше (мысалы, медициналық мекеме, жөндеу шеберханасы) үшін электр энергиясының негізгі көзін қамтамасыз ету үшін арналған. Ол барлық қосымша шағын жабдықты, шығыс материалдары мен сым орамын, сондай-ақ соңғы тұтынушыларды қосу кабелін қамтуға тиіс. Жарық беретін аспап, тұрғынжайға арналған тізбек пен электр сымы электр жабдығы үшін өзін-өзі қамтамасыз ету мөлшерлемесі бойынша өтеледі. Егер бір контингенттің әскері немесе мамандандырылған бөлімшесі басқа контингентпен бірге өрістетілсе, жеткілікті резерві бар электрмен жабдықтау үшін жауаптылық екі тараптың Өзара түсіністік туралы меморандумында айқындалуға тиіс. Генератор қондырғысы, егер мотосағатты есептегіш немесе кВт/с есептегіш көрсеткіші қатарынан екі тоқсан ішінде нормаға сәйкес келмесе істен шыққан деп саналады және бұзылған немесе зақымданған жағдайда театрда жөнделмейтін жөнделуге немесе ауыстырылуға тиіс.
10. Базалық лагерьдің негізгі генераторының және медициналық мекемеге қуат беретін генератордың қоса жұмыс істейтін резервтегі қуаты тиіс. Резервтегі қуат медициналық қажеттілікті қамтамасыз ету үшін әрқашан жеткілікті болуға тиіс және басымдылығын қамтамасыз ететін денсаулық сақтау мекемесінің маңызды аймағына қосылуға тиіс.
Екі генератордың қуат комбинациясы өтем мөлшерлемесін айқындау үшін қолданылады. Бұл жағдайда базалық лагерьдің барлық негізгі генераторының тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Тиісті сымы мен кабелі, панелі мен мен трансформаторы екі сағат ішінде жөнделуге немесе ауыстырылуға тиіс. Жеке генераторға (яғни қоса жұмыс істемейтін генератор) 24 сағат ішінде үш сағаттан аспайтын уақытта қызмет көрсетілуге, қуаттандырылуға немесе жөнделуге тиіс. Егер әскер/полиция күшін беретін бір елдің әскері/полициясы немесе медициналық бөлімшесі әскер/полиция күшін беретін басқа елдің контингентімен бірге өрістетілсе және әрекет етсе, жеткілікті резервтегі қуаты бар электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жауаптылық әрбір нақты жағдайда талқыланатын болады және Өзара түсіністік туралы меморандумға В қосымшасында көрсетілген.
11. Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның (ISO) 8528 стандарты негізінде толық сипаттамасы осы қосымшаға 3-толықтыруда келтірілген 2017 жылы іске қосылған генератор қолданыстағы генератор санатын алмастырмай толықтырады. Әскер/полиция күшін беретін ел бұрынғы схема бойынша генераторды өрістетуді жалғастыра алады. Өзіне ыңғайлы уақытта және әскер/полиция күшін беретін елдің басымдығын ескеріп, міндетті емес, бірақ ынталандырушы болып табылады контингентке тиесілі жабдықты пайдаланып, энергиямен жабдықтауға көшудің жаңа жоспарына ауыса алады. Егер ол негізгі электр энергиясы, шектеулі жұмыс уақытының электр энергиясы немесе авариялық резервтегі электр энергиясы үшін жаңа тариф бойынша өтемақы алғысы келсе, онда ол тексерілетін объектіні энергиямен жабдықтау жоспарын ұстануға тиіс. Энергиямен жабдықтауға көшу жоспары жаңа генератор түрін/мүмкіндігін пайдалануға әкелмейді. Керісінше, ол қолданыстағы генераторды тиімді және экологиялық таза пайдалану әдістемесіне бейімделген. Кем дегенде барлық генератор функционалдық мотосағатты есептегішпен, ал барлық генератор қондырғысы функционалдық кВт.с. есептегішпен жарақтандырылуға тиіс.
12. Кез келген немесе барлық отын генераторын ауыстыру үшін жаңартылатын энергия көзінен электр энергиясын өндірілетін жабдықтың берілуі ынталандырылады. Мұндай беру "қызмет көрсетумен" жалдау өтемі мөлшерлемесі бойынша немесе жүйе түріне байланысты ерекше жағдай ретінде бағаланады, бұл 8-тарауда, А қосымшасында нақты сипатталған.
Жаңартылатын энергия көзін пайдалану дизель отыны мен жанар-жағармай материалын пайдалануды қысқарту, сондай-ақ әсіресе асимметриялық шабуылдау ауданына отын жеткізуге және тиісті айдауылға қажеттілікті азайту есебінен энергетикалық автономдықты, жедел тұрақтылық пен лагерьдің өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігін арттырады. Жаңартылатын энергия көзін пайдалану персонал мен қабылдаушы тұрғындар қауіпсіздігіне, қорғалуы мен денсаулығына жағымды ықпал етеді, сондай-ақ парниктік газ бен басқа да ауаны ластаушы заттың шығарындысын қысқарту есебінен контингент пен миссияның қоршаған ортаға әсерін төмендетеді. Контингент лагерінде жаңартылатын энергияны пайдалану сонымен қатар персоналға дизельді генератордың жоғары шу деңгейінің персоналға әсерін төмендетеді, бұл персоналдың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.
Гибридті жүйе сүн фотоэлектр жүйесінен және дизельді генератордан тұратын құрастырылған электр қондырғысын білдіреді, мұнда біріншісі екіншісіне параллель лезде тұтыну үшін электр энергиясын өндіреді. Бұл ретте күн энергиясы генератор сұраныстың өзгеретін бейініне сәйкес келетін келеді және желідегі электр энергиясының сапасын сақталатын теріс жүктеме ретінде қабылданады. Күн фотоэлектр жүйесінен алынатын энергия үлесіне байланысты гибридті жүйені төмен ену жүйесіне және орташа және жоғары ену жүйесіне бөлуге болады. Төмен ену деңгейдегі гибридті жүйеге күн фотоэлектр қондырғысының ең жоғарғы қуаты мен дизельді генератор арасындағы арақатынас 100 % жүктеменің 25-35 % болатын жүйе жатады. Мұндай жүйе тек дизельді генераторда жұмыс істейтін шағын желімен салыстырғанда бұл ретте энергия өндіру сенімділігінің 24/7 режимі сақталғанда айтарлықтай отынды үнемдеуге, энергия шығынын төмендетуге және қоршаған ортаға әсерді азайтуға мүмкіндік береді, өйткені дизельді генератордың толық жүктемені жабуға мүмкіндігі бар. Техникалық қызмет көрсету талаптары сонымен қатар өте төмен, бұл жүйені далалық жағдайда пайдалануға жарамды. Орташа және жоғары ену деңгейіндегі гибридті жүйе сонымен қатар дизельді генераторды күн фотоэлектр жүйесімен үйлестіреді, алайда, күн фотоэлектр жүйесінің ең жоғарғы қуаты мен кВт дизельді генератор қуаты арасындағы арақатынас 35 %-дан астам. Ол отын мұқтажы мен парниктік газ шығарындысының пропорционалды төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді, бірақ қосымша алаңды қажет етуі және пайдалануы күрделі болуы мүмкін. Жоғарғы ену деңгейіндегі жүйе үшін жүйе өндіретін артық күн фотоэлектр энергиясын сақтау және пайдалану үшін энергияны сақтау жүйесі қажет. Энергияның төмен және орташа және жоғары ену деңгейі бар гибридті жүйе жабдығын жобалау мен таңдау объектіге есептік жүктеме бейініне негізделуге тиіс. Бұл ретте электр жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бақылаушының қажеттілігі ескерілуі қажет.
Инженерия
13. Негізгі жабдыққа баға миссияны қолдауға бағытталған инженерлік міндеттерді орындау үшін пайдаланылатын негізгі жабдық үшін төленеді. Бұл ретте жабдық бірлігі мен оның мүмкіндігіне Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес рұқсат етілуге тиіс.
14. Инженерлік жабдық өрістету кезінде пайдалануға дереу дайын болуын қамтамасыз ету үшін жұмыс күйінде ұсталады.
15. Егер инженерлік бөлімшеге, оқ-дәрілерді қатерсіздендіру бөлімшесіне немесе құрамында оқ-дәрілерді қатерсіздендіру шағын тобы немесе іздеу тобы бар кез келген басқа бөлімшеге күш активі ретінде миссия атынан минасындандыру, оқ-дәрілерді қатерсіздендіру немесе іздеу рәсімдерін жүргізу тапсырылса, онда тиісті жабдық БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясы оқ-дәрілерді қатерсіздендіру бөлімшелеріне арналған басшылықта сипатталған тиісті стандарттарқа, БҰҰ-ның қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды қатерсіздендіру жөніндегі стандарттарына, БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясын әскери инженерлік бөлімшесінің басшылығы және минасындандыруға байланысты Халықаралық қызмет стандарттарына сәйкес келуге тиіс және тиісті жағдайда Өзара түсіністік туралы меморандумда ескерілген негізгі жабдық ретінде өтелетін болады. Оқ-дәрілерді кәдеге жарату оқ-дәрілер жөніндегі аға техник жарамсыз деп таныған жарамсыз және әскер мен полиция контингентін берген елге қайтып апару үшін қауіпсіз емес оқ-дәрілерді кәдеге жарату мен жоюды қамтиды. Осы минасыздындыру немесе қатерсіздендіру операциясы кезінде жұмсалған оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар немесе егер күштер қолбасшысы БҰҰ-да қабылданған даярлық стандартынан тыс арнайы даярлыққа рұқсат берсе және жіберсе, миссиядан талап пен сертификат берілгеннен кейін өтелуге тиіс. Арнайы мақсаттағы негізгі мүлікке жататын оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар құны, мысалы, күштер деңгейінде минасыздандыру немесе оқ-дәрілерді қатерсіздендіру кезінде қолданылатын жарылғыш заттар құны ай сайынғы "қызмет көрсетумен" жалдау мөлшерлемесі есебіне енгізілмегендіктен, көлік шығысын өтеу үшін қосымша көлік коэффициенті есепке алынбайды. Демек, Біріккен Ұлттар Ұйымы күштердің негізгі мүлкін пайдаланып, күштер деңгейінде минасыздандыруға немесе оқ-дәрілерді қатерсіздендіруге байланысты міндеттерді орындау үшін пайдаланылатын нақты оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өрістетуге, қайтаруға және толықтыруға байланысты көлік шығысын өтейді.
16. Шығыс материалдарын іздеу және сатып алу, бұрғылау құбыры, шағын сорғы, асфальт және шағылтас сияқты міндеттерді орындау үшін пайдаланылған және қалдырылған материалдар мен шағын жабдықты монтаждау арнайы тапсырыс-хат шеңберінде қаралуға тиіс. Одан басқа, тапсырыс-хатқа сәйкес жабдық шекті ауыр жағдайда пайдаланылғаны салдарынан ерекше тозуы нәтижесінде туындаған артық шығыс өтелуге тиіс.
Қадағалау жабдығы
17. "Қызмет көрсетумен" жалдау шарты шеңберінде барлық қадағалау пунктінде жағдайға байланысты "тәулік бойы" жұмыс мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жабдық күтіп-ұсталуға тиіс. Жабдықты ұдайы калибрлеу қажет.
18. "Қызмет көрсетпей" жалдау шарты бойынша БҰҰ қадағалау пунктінің жұмыс мүмкіндігінің бұрынғы деңгейін ұстау үшін қосалқы бөлшектер мен жабдықтың жеткілікті санын беруге жауапты болады.
Контейнер
19. Контейнер - бұл белгілі бір мақсат немесе көрсетілетін қызмет үшін пайдаланылатын мобильді бүркеме. Контейнердің үш негізгі түрі бар: жүк, тіркеме және теңіз. Жүк көлігіне орнатылған контейнер бөлшектелуі және автомобильден бөлек пайдаланылуы мүмкін. Тіркеме контейнерді бөлшектеп қажет емес, бірақ көлік құралы санатындағы тіркеме ретінде өтелмейді. Теңіз контейнері өтем үшін халықаралық стандартқа сәйкес келуге тиіс (яғни жеткізу үшін сертификатталған).
20. Егер контейнер өзін-өзі қамтамасыз ету тарифі бойынша берілетін қолдау шеңберінде пайдаланылса (мысалы, стоматология, тамақтану), онда оны пайдалану негізгі жабдық ретінде өтелмейді, бірақ тиісті өзін-өзі қамтамасыз ету тарифі бойынша жабылады.
Әуе кемесі
21. Әуе кемесінің ерекше сипатына байланысты түрі, саны мен тиімділік өлшемшарты тапсырыс-хатта бөлек ескерілетін болады. Әуе кемесінің жұмысын бақылау және ол туралы есептілік үшін әуе операциясы бөлімшесі жауапты болады. Әскери авиация мүмкіндігін беруге және әскери әлеуетті анағұрлым толық пайдалануды ынталандыруға хатта анағұрлым дәйекті шарт жинағын қалыптастыру мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымы қаруы бар тікұшақ ұшқыш құрамының қаруды меңгеру дағдысын қолдауға жұмсалған оқ-дәрі құнын бір жыл ішінде өтейтін болады. Бір пилотқа бөлінетін оқ-дәрі саны мен түрін қоса алғанда, қаруды меңгеруге үйрету жаттығуының бөлшегі Ұлттық талаптар/БҰҰ талаптары негізінде айқындалады, осы оқ-дәріге шығыс өтемінің мөлшерлемесі тапсырыс-хатқа қосымшаға енгізілуге тиіс. Жауынгерлік іс-қимыл барысында жұмсалған оқ-дәрілер үшін өтемақы сол мөлшерлеме бойынша жүргізіледі. Біріккен Ұлттар Ұйымы миссия операциясы ауданында немесе қолайлы балама жерде атыс алаңын қамтамасыз етуге жауапты (Үкімет пен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасында екіжақты келісім жасалғанда).
22. Пилотсыз авиациялық жүйе көп жағдайда БҰҰ-ның далалық миссиясында пайдаланылады. Олар командирдің жағдай туралы хабардар болуын арттыру, алғашқы авиациялық деректерді және далалық миссия үшін геокеңістіктік ақпаратты жинау және көптеген жедел ахуал сценарийінде қадағалау үшін құнды ақпарат беру үшін қолданылады. Икемді және әртүрлі болуының арқасында кез келген миссия шеңберінде және барлық компонент үшін әртүрлі көптеген міндеттерді орындауға бейімделуі мүмкін. Мұндай жүйенің үш жіктемесі бар:
(a) I сыныпты пилотсыз авиациялық жүйе: Максималды ұшу массасы 1-150 кг, оператордың тікелей көру шегінде, максималды ұшу қашықтығы 50 км дейін тек жер деңгейінен 5 мың футтан аспайтын шектеулі биіктікте пайдаланылатын пилотсыз авиациялық жүйе.
I сыныпты пилотсыз авиациялық жүйенің үш негізгі санаты бар:
(i) микро (мультироторлы) пилотсыз авиациялық жүйе, жұмыс биіктігі жер деңгейінен 400 футтан төмен және қалыпты әрекет ету радиусы шамамен 5 км;
(ii) шағын (қолмен іске қосылатын) пилотсыз авиациялық жүйе, жұмыс биіктігі жер деңгейінен 1000 футтан төмен және қалыпты әрекет ету радиусы шамамен 25 км;
(iii) шағын (катапульттік) пилотсыз авиациялық жүйе, жұмыс биіктігі жер деңгейінен 5 мың футтан төмен және қалыпты әрекет ету радиусы шамамен 50 км;
Пайдалану биіктігі мен ұшу қашықтығы нақты міндетті орындау кезінде жедел ахуалда айқындалады және әуе кеңістігін пайдалану шектеуіне байланысты. Нақты пилотсыз авиациялық жүйенің техникалық биіктігі мен ұшу қашықтығын әуе кемесін жасаушы айқындайды және көп жағдайда пайдалану биіктігі мен қалыпты ұшу қашықтығынан асып кетеді. I сыныпты микро, шағын және шағын пилотсыз авиациялық жүйені пайдаланатын әскер беретін барлық ел өз әрекетін миссияның авиациясымен келісуге тиіс.
БҰҰ-ның 2018 жылғы авиация жөніндегі нұсқаулығында көрсетілгендей, осы құралдарды пайдаланудың алдындағы бөлім.
Пилотсыз авиациялық жүйе операторы өз елінің әскери қағидалары мен стандартына сәйкес даярланған және лицензиясы болуға тиіс. Барлық оператор мен экипаж мүшелері пилотсыз авиациялық жүйені және бергіш жиынтығын толық мүмкіндігі ауқымында барлық функциясы мен жабдығын басқара алуға тиіс.
(b) II сыныпты пилотсыз авиациялық жүйе: Максималды толық ұшу массасы 150 - 600 кг, тікелей көру деректерін беру жүйесімен жарақталған пилотсыз авиациялық жүйе. Әдетте, жер деңгейінен 18000 фут биіктігінде пайдаланылады, максималды ұшу қашықтығы - 200 км. Жарақталуы мен ұшу жарамдылығының шектеулі болуы осы жүйені шектеулі немесе арнайы әуе кеңістігінде қолдануды шектеуі мүмкін.
(c) III сыныпты ұшқышсыз авиациялық жүйе: үлкен қашықтыққа ұшатын орташа-биіктік пилотсыз авиациялық жүйе және үлкен қашықтыққа ұшатын биіктік авиациялық жүйе, сондай-ақ қашықтан басқарылатын ретінде танылған максималды ұшу массасы 600 кг асатын және тікелей көру шегінен әрекет ету радиусы шектеусіз жер деңгейінен 65000 фут биіктігінде пайдаланылатын қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе. Бұл санатқа стандартты авиациялық қағидалар қолданылады.
23. I сыныпты пилотсыз авиациялық жүйе (микро/мультироторлы және мини/қол) бөлімше құрамында өрістетілген кезде (жедел ден қою күштерін, жылдам өрістету батальонын, инженерлік рота мен полиция бөлімшесін қоса алғанда) 8-тарауда, А қосымшасында көрсетілген нормалар бойынша негізгі жабдық ретінде өтеледі. Барлық қалған түрі, егер қажет болса, бөлімшенің қажеттілігі туралы тиісті мәлімдеме бекітілгеннен кейін тапсырыс-хатқа сәйкес қаралады. Миссияны қолдау үшін электр-оптикалық инфрақызыл камерасының көмегімен тікелей бейне-трансляцияны қоса алғанда, тәулік бойы, күндіз және түнде ұшуды, әуеден барлау мен қадағалауды қамтамасыз ету бойынша минималды көрсетілетін қызмет және деректерді пайдалану мүмкіндігі қажет. Толық ерекшелік техникалық тапсырмада сипатталуға тиіс.
Барлық өрістету кезеңінде шығысты өтеу құқығына ие болу үшін Өзара түсіністік туралы меморандумға енгізілген әрбір микро (мультироторлы) және шағын (қолмен іске қосылатын) пилотсыз ұшу аппараты:
(a) бөлімшенің талабы туралы нақты мәлімдемеде сипатталуға;
(b) миссия жұмысқа қабілетті деп тануға және функционалды (әрбір пилотсыз ұшу аппараты) (алғашқы тексерумен қатар тұрақты негізде) болуға тиіс. Бұл Ұлттық стандартқа сәйкес пилотсыз авиациялық жүйенің білікті операторын беруді қамтиды.
Қару-жарақ
24. Экипаж қызмет көрсететін қару 90 пайызға ақаусыз болуға тиіс. "Жарамдылық" деген ұғымға көздеу және қаруды калибрлеу, сондай-ақ миссия ауданында рұқсат етілген кезеңдік сынап оқ ату кіреді. Әскер/полиция өрістетуі үшін арналған әрбір санаттағы оқ-дәрі саны БҰҰ-ның оқ-дәрілерді басқару жөніндегі нұсқаулығында көрсетілген көлемге сәйкес келуге тиіс. Біріккен Ұлттар Ұйымының анықтамасына сәйкес экипаж қызмет ететін қару - бұл бірнеше тағайындалған әскери қызметші басқаратын кез келген қару. Көздеу, калибрлеу, сынау және оқытып-үйрету үшін оқ-дәрі шығыс материалдары болып табылады және "қызмет көрсетумен" жалдау шартының мөлшерлемесіне енгізіледі. Сондықтан, күш қолбасшысы/полиция комиссары БҰҰ-да қабылданған даярлық стандартынан тыс арнайы даярлыққа арнайы рұқсат берген және жіберген жағдайды қоспағанда, оқ-дәрілерді дайындау Ұлттық міндет болып табылады. Егер қару-жарақ БҰҰ желісімен жеткізілсе, онда соғыс іс-қимылы театрында ақаусыздық стандартын қамтамасыз ету үшін БҰҰ қосалқы бөлшектерінің жеткілікті қоры сақталады.
Оқ-дәрілер
25. Біріккен Ұлттар Ұйымы әскер берген елге оқ-дәрілерді миссия ауданына дейін және кері жеткізу шығысын өтейді. Әскер/полиция күшін беретін ел оқ-дәрілерді БҰҰ-ның оқ-дәрілерді басқару жөніндегі нұсқаулығында көрсетіліп белгіленген мөлшерге сәйкес өрістетуге жауап береді. Көрсетілген мөлшерден асатын оқ-дәрілерді жеткізу немесе кәдеге жарату шығысы өтелмейді. Өйткені зениттік және танкіге қарсы қару мен гаубица сияқты негізгі мүлікке жататын оқ-дәрі мен зымыран, сондай-ақ негізгі мүлікпен бірге пайдаланылатын жарылғыш зат құны ай сайынғы "қызмет көрсетумен" жалдау мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілмейді, оларды толтыруға көлік шығысын өтеу үшін қосымша көлік коэффициенті енгізілмейді.
Сондықтан, Біріккен Ұлттар Ұйымы көлік шығысын өтейді немесе негізгі мүлікпен бірге пайдаланылатын оқ-дәрі мен жарылғыш заттың нақты түрін өрістету, қайтару және толтыру үшін жеткізуді ұйымдастырады (әскер/полиция беретін елдің сұранысы бойынша).
26. Біріккен Ұлттар Ұйымы оқ-дәрілер құнын мынадай жағдайда өтейді:
a) жедел мақсатта жұмсалған оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар.
b) БҰҰ-ның қабылданған даярлық стандартынан тыс оқу нормативін орындау үшін жұмсалған, БҰҰ-ның қабылданған даярлық стандарты шеңберінде басқа жаттықтыру немесе оқу-жаттығу үшін емес, күштер қолбасшысы/полиция комиссары рұқсат еткен және көрсеткен оқ-дәрілер. Соңғы жағдайда оқ-дәрілер шығыс материалдары болып саналады (2-тарауды, А қосымшасын, 2-параграфты қараңыз), ол "қызмет көрсетумен" жалдау мөлшерлемесі немесе контингент персоналы үшін шығысты өтеу мөлшерлемесі бойынша (киім, жарақ және жеке қару бөлігі ретінде) төленеді.
c) операция жүргізілетін ауданда жарамдылық мерзімі өткен оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар. Соған қарамастан, әскер/полиция беретіндер кемінде 50% қалдық жарамдылық мерзімі бар оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өрістетуға және оларды дұрыс сақтауға жауапты.
d) оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарға шығыс өтемі Үкімет өндірушінің шот-фактурасымен немесе миссия берген оқ-дәрілерді жұмсау туралы сертификатпен расталған талапты беруі бойынша жүргізілетін болады.
e) оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар шығысын өтеуге өтініш өте қысқа мерзімде, бірақ оқ-дәрілер шығысы туралы жедел анықтама (OAEC-operational ammunition expenditure certificate) бекітілген күннен бастап 12 айдан кешіктірілмей берілуге тиіс. Осы мерзім өткеннен кейін оқ-дәрі шығысын өтеу құқығы жойылады.
f) әуе/теңіз кемесіне тиесілі оқ-дәріге шығысты өтеу мөлшерлемесі тапсырыс-хатқа қосымша ретінде енгізілуге тиіс (3-тарауды, А қосымшасын, 21 және 28-тармақшаларды қараңыз).
g) өзін-өзі қамтамасыз ету шеңберінде оқ-дәрілерді қатерсіздендіруге оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарға (EOD-explosive ordnance devices) шығысты өтеу өзін-өзі қамтамасыз ету мөлшерлемесіне енгізілген және бөлек өтелмейді (3-тарауды, В қосымшасын, 25-тармақты қараңыз).
27. Егер ондай болса, Біріккен Ұлттар Ұйымы беретін көлікте немесе тапсырыс-хатқа сәйкес әскер/полиция беретін көлікте бөлімшенің персоналын ротациялау кезінде әскерге берілетін бос әлеует анағұрлым тиімділікке қол жеткізу үшін жұмсалған немесе мерзімі өткен қор орнына рұқсат етілген оқ-дәрілерді жеткізу үшін пайдаланылуы мүмкін. Кез келген бос әлеуетті пайдалану Біріккен Ұлттар Ұйымының шығыны тұрғысынан бейтарап болуға тиіс; бұл жағдайда мұндай тиімділікті арттыру әскер беретін әскерден/полициядан өндіріп алынбайды.
Жарамдылық мерзімі өндіруші мәлімдеген мерзімнің жартысынан асқан оқ-дәрілер өрістетілуге қабылданбайды. Талап ету құқығын жою/бас тарту Оқ-дәрілерді басқару саясаты туралы мәлімдеме (Оқ-дәрілер жөніндегі халықаралық техникалық басшылықты 03.10 қараңыз) немесе ұлттық қауіпсіздік органының оқ-дәрілерді пайдалану процесінде техникалық қадағалау және тексеру бағдарламасы қолдайтынын растайтын баламалы мәлімдемесі (Оқ-дәрілер жөніндегі халықаралық техникалық басшылықты 07.20 қараңыз) негізінде жасалуы мүмкін. Өрістету сәтінде жарамдылық мерзімі жарамдылық мерзімінің жартысынан асқан және оқ-дәрілерді басқару саясаты туралы өтініші немесе баламалы өтініші жоқ оқ-дәрілер өрістету қажеттілігінің себебіне қарамастан, өтелмейді. Әскер/полиция персоналі миссия ауданында өрістетілетін оқ-дәрілердің шығарылған жылы мен болжамды сақтау мерзімі көрсетілген өндірушінің сертификатын беруге міндетті. Одан басқа, әскер/полиция берушілеріне ұлттық контингентті қолдау үшін өрістетілетін барлық оқ-дәрінің қолдануға қауіпсіз екенін растау үшін жауаптылық жүктеледі.
Әскер мен полиция беретін елден оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды жоюға немесе қолданыс мерзімін ұзартуға рұқсат алу процесі негізінен өндіруші мәлімдеген жарамдылық мерзімінен 18 ай бұрын басталуға тиіс. Әскер мен полиция күшін беретін ел жарамсыз немесе мерзімі өткен оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды жарамдылық мерзімі өткеннен немесе оқ-дәрілер немесе аға техникалық маманы жарылғыш заттар жарамсыз деп таныған күннен кейін алты ай ішінде қайсысы бұрын болатынына байланысты кәдеге жаратуға рұқсат алу үшін жауапты болады, содан кейін әскер мен полиция күшін беретін елден рұқсат алу туралы талап жарамсыз оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды тастамас бұрын жойылады және жарамсыз оқ-дәрілер немесе жарылғыш заттар қауіпсіздік мақсатында миссия ауданында кәдеге жаратылады.
Оқ-дәрілерді сақтау контейнерін өрістету үшін жауапкершілігі әскер/полиция беретін бөлімшеге жүктеледі. Оқ дәрілерді сақтау контейнері ретінде өтем алу үшін мұндай контейнерде мынадай минималды сипаттама болуға тиіс:
(a) көлемі 20 футтан аспайды;
(b) зақымданбаған және таттанбаған, барлық құлыпы пен ілмегі қолданылады және ақаусыз;
(c) жүйесі жеткілікті ылғалдылықты және 30°С төмен температураны ұстау үшін температураны реттеу шараларын (кондиционерді) қамтамасыз етеді.
(d) Термометр/температура есептегіші бар;
(e) электр қондырғысы үшін қауіпсіздік нормаларына (Оқ-дәрілер жөніндегі халықаралық техникалық басшылық 05.40, 5-тарау) сәйкес ІР44 минималды немесе ұлттық баламалы қорғаныс дәрежесі бар тиісті корпусқа салынған электр-жарылғыш құрылғы сынақ жабдығының энергетикалық шегінен асуы мүмкін электр қондырғысы бар;
(f) жерге тұйықтау жабдығы және жерге тұйықтау үшін дайындалған қосылу нүктесі бар. Қосымша қажетті сипаттама:
(g) ішкі жарықты;
(һ) өрт/түтін туралы хабарлағышты;
(i) ішкі отқа төзімді қабырғаны;
(j) жасырын сымды;
(k) жиналмалы қақпағы бар күрделі құлыптау жүйесін;
(l) су спринклері/гидрант жүйесін;
(m) тік бекітпе нүктесі мен бекітпе белдігін;
(n) ылғалдылықты өлшеу құрылғысын;
(o) температура, ылғалдылық және соққы туралы деректерді тіркегішті қамтиды.
Әскери-теңіз кемесі
28. Кеменің ерекше сипатына байланысты оның түрі, саны мен пайдалану сипаттамасы тапсырыс-хатта бөлек ескеріледі.
Көлік құралы
29. Инспекциялық топ жабдықты КТМ жөніндегі басшылықта келтірілген сипаттамаға немесе санатқа сәйкес оның жіктелуі мәніне тексеруге жауапты болады.
30. Коммерциялық көзден оңай сатып алуға болатын автомобиль коммерциялық автомобиль деп түсініледі. 2011 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа және әрекеттегі миссияға түсетін барлық жаңа коммерциялық автомобиль стандартты қауіпсіздік белдігімен жабдықталуға тиіс. Бұл шығысты әскер/полиция беретін ұйым көтереді. Әскер/полиция берушілерін қазірдің өзінде өрістетілген коммерциялық автомобильге стандартты қауіпсіздік белдігін орнатуға ұсыным беріледі. Бұл опция міндетті болмауға тиіс және ол бойынша шығысты сол ел көтереді.
31. Әскери үлгідегі автомобиль нақты әскери/полиция ерекшелігіне сәйкес арнайы жасалған және жобаланған және нақты әскери/полиция талаптарын қанағаттандыру үшін жасалған.
Әскери үлгідегі автомобиль саны нақты миссия үшін бөлімшенің қажеттілігі туралы мәлімдемеге сәйкес нақты көрсетілуге тиіс. Осы қосымшаға 1-толықтыруда коммерциялық үлгідегі көлік құралы әскери үлгі бойынша шығысты өтеу мөлшерлемесін алуға үміткер бола алатынын айқындау үшін бақылау тізбесі келтірілген. Алғашқы автомобиль коммерциялық үлгіде болған жағдайда ол Өзара түсіністік туралы меморандум бойынша келіссөз жүргізілген жағдайда "контингентке тиесілі мүлік" деген бап бойынша шығысты өтеу мақсаты үшін "әскери үлгідегі" болып саналуы мүмкін, бұл Өзара түсіністік туралы меморандумға В қосымшасында көрсетілуге тиіс. Коммерциялық жабдықты жаңғырту әскери үлгідегі жабдыққа шығысты өтеуге әскер/полиция контингентіне құқық бере ме соған байланысты мәселелер БҰҰ-ның Орталық мекемесінде Өзара түсіністік туралы меморандум бойынша келіссөз барысында шешілуге тиіс, бұл ретте келіспеушілікті шешу кезінде жедел талаптар мен "орындылық" қағидатына бірінші кезекте мән беріледі.
32. Полиция және әскери автомобильдің техникалық сипаттамасы осы қосымшаға 2-толықтыруда келтірілген.
33. Біріккен Ұлттар Ұйымы негізгі жабдыққа техникалық қызмет көрсетуге немесе негізгі жабдыққа үшінші тараптың техникалық қызмет көрсетуін ұйымдастыруға жауапты болатын "қызмет көрсетпей" жалдау шартының шеңберінде техникалық қызмет көрсету құны "қызмет көрсетумен" жалдау үлгілік мөлшерлемесіне енгізілген мөлшерлемеден аспайтынын айқындау үшін техникалық қызмет көрсету мен қосалқы бөлшектерге талдау жасалады. Бұл жағдайда шығынның артуы қоршаған орта немесе пайдалану жағдайына байланысты болуын айқындау үшін алғашқы бағалау жүргізілуге тиіс. Егер шығыстың артуы жергілікті жағдайға емес, жабдықтың жай-күйіне байланысты болса, Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемесіне жағдай түсіндірілген техникалық қызмет көрсету шығысының қай санаты бойынша және қандай сомаға артқаны көрсетілген есеп ұсынылады. Бұл жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы мүлік беретін әскер/полиция үшін "қызмет көрсетпей" жалдау бойынша шығысты өтеу мөлшерлемесін үлгілік "қызмет көрсетумен" жалдауға енгізілген техникалық қызмет көрсетудің сметалық мөлшерлемесінен артқан сомаға төмендетуі мүмкін.
34. Өзара түсіністік туралы меморандумда рұқсат етілген жабдық барлық шағын жабдықты, бақылау тізіміндегі заттарды (домкрат, жүргізуші құрал-сайманы, қосалқы дөңгелек және т.б.) және автомобильге байланысты шығыс материалдарын (отынды қоспағанда) қамтуға тиіс.
35. "Қызмет көрсетумен" жалдау жағдайында ақаусыз (яғни пайдалану үшін қолжетімді) жалпы автомобиль саны Өзара түсіністік туралы меморандумда автомобильдің кіші санаты үшін рұқсат етілген саннан 90 %-дан аз болса, өтемақы сомасы тиісінше азаяды.
36. Егер машина 24 сағаттан асатын уақыт ішінде қалыпты жағдайда пайдаланылмаса, ол жарамсыз болып саналады. Жауынгерлік іс-қимыл жағдайында жөндеу мүмкін болмайтын бұзылған немесе зақымданған машинаны дереу ауыстыруды қамтамасыз ету үшін бөлімшеде шектеулі жедел қор (бекітілген саннан 10 %-ға дейін немесе саны бестен онға дейін бекітілген бір қосымша машина) болады.
37. "Қызмет көрсетпей" жалдау шарты бойынша көлік құралы миссия ауданына келгеннен кейін дереу пайдалану үшін пайдалануға жарамды жай-күйде, барлық шағын жабдықпен және бақылау тізбесімен беріледі. Біріккен Ұлттар Ұйымынан көлік құралының кіші санатындағы келісілген саннан кемінде 90% деңгейінде пайдалану жарамдылығын сақтау талап етіледі. Көлік құралы, егер 24 сағаттан асатын уақыт ішінде қалыпты жағдайда пайдаланылмаса, пайдалануға жарамсыз болып саналады. БҰҰ-ның техникаға қызмет көрсете алмауына байланысты пайдалану жарамдылығы 90%-дан төмен бөлімшелердің міндеттерін/миссиясын белсенділік нормаларының төмендеуі теріс ықпал ететін өтемақының басқа түрін тиісінше қысқартпай, төмендету жағына түзету талап етілуі мүмкін. Біріккен Ұлттар Ұйымы көлік құралының әскер/полиция беретін бөлімшеге алғаш берілген кездегі барлық елеулі жабдығымен және бақылау тізбесінің тармақтарымен пайдалануға жарамдылық деңгейінде қайтарылуына жауапты болады.
38. Барлық машинадағы қару-жарақ жүйесіне қызмет көрсету міндеттерді орындау мүмкіндігінің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Жауынгерлік машинада пайдалану жарамдылығы негізгі қару мен онымен байланысты оқ атуды басқару жүйесі үшін талап етіледі. Егер қарудың өзі немесе оқ атуды басқару жүйесі ақаулы болса, онда машина жарамсыз деп саналады және өтелмейді. Экипаж қызмет көрсететін қару - бұл бірнеше тағайындалған әскери қызметші басқаратын кез келген қару.
39. БҰҰ операциясында пайдалануға жарамды деп санау үшін барлық автомобиль Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті белгісімен ақ түске боялуға тиіс. Бояу және қайта бояу мәселелері осы қосымшаға 4-толықтыруда толық қаралған.
Көлік құралы, егер одометр немесе мотосағат есептегішінің көрсеткіші қатарынан екі тоқсан ішінде нормаға сәйкес келмесе пайдалануға жарамсыз болып саналады және театрда жөнделмейтін бұзылған немесе зақымдалған жағдайда жөнделуге немесе ауыстырылуға жатады.
Кинологиялық бөлімше, барлық түрі - ерекше жағдай
40. Кинологиялық бөлімше - бұл бірегей дағдысы мен машығы бар ит пен жаттықтырушыдан тұратын күзет бөлімшесі. Операцияда бірнеше кинологиялық бөлімшені пайдалану қажет болуы мүмкін.
Электр тогынан зақымданудан қорғау құралдары
41. Қорғаныс құралдары БҰҰ бөлімшелерінің қорғаныс деңгейін арттыру үшін арналған және оларға БҰҰ персоналы мен объектілеріне қарсы пайдаланылатын жаңа әдістер мен рәсімдерге қарсы тұруға мүмкіндік береді. Қазіргі замаңғы қатерге қашықтан басқарылатын қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны пайдалану, БҰҰ объектілеріне кіріп кету және тікелей шабуылдау жатады. Қорғаныс құралдары, атап айтқанда, тасымалданатын немесе көлік құралына орнатылған электрондық қарсы әрекетті басқышты, бейнебақылау жүйесін, қозғалыс детекторын және әртүрлі қозғалыс дачигін қамтуы мүмкін.
Әскери бөлімдерге қойылған міндеттерді орындау үшін түнде, алыс қашықтықта және ұзақ уақыт бойы жауынгерлік іс-қимыл жүргізуге мәжбүр. Мақсатты шабуылдау операциясына, түнгі операцияға және ұзақ қашықтықтағы патрульдеуге қатысатын персонал сонымен қатар жаралыларды эвакуациялау және шұғыл эвакуациялау жағдайында тікұшақтың қолдауына мұқтаж. Түнгі операцияға байланысты қатерді ескеріп, жеткізу жиынтығына тікұшақ алаңы жиынтығын қосу өте болжанбаған және шалғай ауданда операцияны орындайтын әскери қызметшілердің аман қалуын арттыру үшін маңызды. Тікұшақ алаңының жиынтығы, атап айтқанда, жеке жаяу әскер ротасында, жедел әрекет ету күшінде, арнайы мақсаттағы ротада және резервтегі күштер ротасында қолданылатын болады. Батальон үшін рота құрамындағы әрбір бөлімше үшін және бірінші деңгейдегі медициналық мекеме үшін екі тікұшақ алаңының жиынтығы және бір тікұшақ алаңының жиынтығы болуы қажет. Басқа бөлімше түрі (тең немесе одан төмен рота) үшін бір тікұшақ алаңының жиынтығын бөлу қажет.
Өте жоғары жиіліктегі байланыс (VHF)-AM: "әуе-жер" байланысы үшін портативті радиостанция қашыққа патрульдеу міндеті жүктелген жедел ден қою күштерінің жаяу әскері буыны, арнайы мақсаттағы күштер, резервтегі күштер және жаяу әскер бөлімшелері мен тиісті авиациялық құралдар арасындағы радиобайланыс құралы ретінде, әсіресе жаралыларды эвакуациялау операциясы кезінде пайдаланылады. Бұл авиациялық радиостанция 118-137МГц диапазонында осы жауапты міндетті орындау үшін әуе платформасымен тиімді, жылдам және тікелей байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Тікұшақты БҰҰ операциясында пайдалануға жарамды деп тану үшін тікұшақ алаңының жиынтығында алты міндетті зат болуға тиіс. Оларға:
(a) әуе және жерүсті байланысы үшін қол радиостанциясы (VHF-AM) (егер бөлімшеде тиісті жабдық болса, міндетті емес);
(b) түсті түтін гранатасы (6 данадан екі түс жиынтығы)/түсті түтін құрылғысы (2 немесе одан да көп түс жасай алады);
(c) ақ стробоскоп (6 дана);
(d) флуоресцентті маркер-қазығы бар панель (3 данадан жиынтық);
(e) марштық таяқша (2 жиынтық);
(f) мачете (2 данадан жиынтық) жатады.
Е қосымшасы |
Өзін-өзі қамтамасыз ету шеңберінде берілетін шағын жабдық пен шығыс материалдары үшін тексеру қағидаттары мен тиімділік стандарты
Кіріспе
1. Өзін-өзі қамтамасыз ету далалық миссия ауданындағы бөлімшелерге логистикалық қолдау ретінде айқындалады, онда әскер/полиция беретін тарап ақылы негізде контингентті кейбір немесе барлық логистикалық қолдау санатын қамтамасыз етеді. Бөлімше Біріккен Ұлттар Ұйымының қажетті қолдауы мүмкіндігіне және бөлімшенің өз мүмкіндігіне байланысты әртүрлі санат бойынша толыққанды қамтамасыз етілген болуы мүмкін. Модульдік өзін-өзі қамтамасыз ету тұжырымдамасы әскери/полиция контингенті белгілі бір санатта ішінара өзін-өзі қамтамасыз етілмеген қағидатына негізделген. Талап етілетін өзін-өзі қамтамасыз ету санаты және кез келген қосымша уағдаластық тиісті Өзара түсіністік туралы меморандумда көрсетілетін болады.
Тағайындалуы
2. Тексерілетін стандарттар бар, оларға сәйкес өзін-өзі қамтамасыз ету санатын беру және кейіннен өтеу жүзеге асырылады. Төменде келтірілген стандарттар мен тиісті анықтамалар 8-тарауда, В қосымшасында (Бейбітшілікті қолдау жөніндегі миссияға қатысу үшін әскер/полиция күшін беретін ел контингентіне тиесілі шығысты өтеуге және мүлікті бақылауға қатысты саясат және рәсімдер мәселелері жөніндегі басшылық, 2023 жылғы редакцияда, бұдан әрі - КТМ басшылығы) көрсетілген өзін-өзі қамтамасыз ету санатына қолдану үшін арналған. Жедел әлеует терминінде мазмұндалған стандарт жалпы сипатта болады, ал әлеуетті беру нақтылығы мен тәсілдері Біріккен Ұлттар Ұйымы мен әскер/полиция күшін беретін ел арасында талқыланады.
Қағидаттар
3. Өзін-өзі қамтамасыз етудің негізгі қағидаты барлық әскер/полиция күші мен бөлімше беретіндер тиісті Өзара түсіністік туралы меморандумда бекітілген міндеттемелерді ұстануға және келісілген жедел әлеуетті қамтамасыз етуге тиіс. Біріккен Ұлттар Ұйымы мен бөлімшені өрістету үшін әскер/полиция күші мен құралын беретін елдер арасындағы талқылау нәтижесінде өзін-өзі қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізіледі. Біріккен Ұлттар Ұйымы келіссөз үшін бастапқы нүкте ретінде әскер/полиция беретін тараптан ол қамтамасыз ете алмайтын өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігін айқындайды және сұрайды. Әскер/полиция күшін беретін елдің кез келген немесе кейбір өзін-өзі қамтамасыз ету санатын беру құқығы Өзара түсіністік туралы меморандум бойынша келіссөз барысында ескерілетін болады. Алайда, Біріккен Ұлттар Ұйымы әскер/полиция күшін беретін елге өзін-өзі қамтамасыз ету бойынша берілетін кез келген қызмет минималды операциялық мүмкіндіке сәйкес келуін және егер өзара іс-қимыл қажет болса, әскер/полиция күшін беретін басқа ел беретін қызметпен үйлесімді болуын қамтамасыз етуге міндетті, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының шығысы осы көрсетілетін қызметті орталықтандырып ұйымдастырған кезде көтеретінге ұқсас болуын ескерілетініне міндетті. Егер осы қосымшада нақты мазмұндалған өзін-өзі қамтамасыз ету санатының стандарты өзін-өзі қамтамасыз ету санатының стандартын орындау үшін қажетті жабдықтың нақты түрін, санын немесе мүмкіндігін беру нақты талап етілмесе, шығысты өтеу мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымы мен әскер/полиция күшін беретін ел арасында келісілген және Өзара түсіністік туралы меморандумда көрсетілген жедел қажеттілікті қанағаттандыруды негізге алу қажет.
4. Өзін-өзі қамтамасыз ету санатын беруге қай тарап жауапты болатынын айқындау кезінде әскер беретін әскердің/полицияның мәдени қажеттілігі ескеріледі және жалпы парасаттылық қағидаты қолданылады.
5. Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес тек әскер беретін әскер/полиция 8-тарауда, В қосымшасында көрсетілген мөлшерлеме бойынша және Өзара түсіністік туралы меморандумда келісілген персоналдың шекті санына дейін нақты персонал санын пайдаланып беруге тиіс көрсетілетін қызмет өтеледі. Инспекциялық топ әрбір бөлімше қамтамасыз етуге тиіс өзін-өзі қамтамасыз ету санатын айқындау үшін тиісті Өзара түсіністік туралы меморандумға жүгінетін болады.
6. Өзін-өзі қамтамасыз етудің кез келген санаты немесе кіші санаты бойынша шығысты өтеу құқығын алу үшін бөлімше осы нақты санатқа немесе кіші санатқа жататын барлық шағын жабдықты, техникалық қызмет көрсетуді және шығыс материалдарын беруге тиіс. Санат шығысын икемділігін қамтамасыз ету және өтеу үшін әскер/полиция беретін бөлімшелердің тек берілген шағын жабдығы мен керек-жарағы үшін кіші санатқа бөлінеді. Егер бөлімше өзін-өзі қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті басқа бөлімшеден алса, егер басқа екіжақты уағдаластыққа қол жеткізілмесе, шығысты өтеу осы көрсетілетін қызметті берген әскер/полиция есебінен жүргізіледі. Егер мұндай көрсетілетін қызметті немесе оның бір бөлігін Біріккен Ұлттар Ұйымы берсе, онда әскер беретін әскер/полиция тиісті санат немесе кіші санат бойынша өтемақы алмайды. Әскер/полиция күшін беретін ел басқа әскери/полиция күшін беретін елден екіжақтық негізде немесе азаматтық мердігерден кейбір шағын жабдық пен керек-жарақты сатып алу туралы шешім қабылдауы мүмкін және бұл жағдайда ол, егер өзін-өзі қамтамасыз ету санаты үшін белгіленген жедел мүмкіндік пен стандартқа сәйкес келсе, шығысты өтеу құқығын сақтайды.
7. Әскер/полиция берушілер миссияның жедел тиімділігін бұзбау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы өзін-өзі қамтамасыз етудің кейбір санаты бойынша сатып алуды ұйымдастыру және қолдау үшін елеулі уақыт қажет болатынын назарға алу қажет. Сондықтан, әскер/полиция күшін беретін елдің Өзара түсіністік туралы меморандумда көзделген өзін-өзі қамтамасыз етудің бір немесе бірнеше түрін бере алмайтыны немесе жалғастырғысы келмейтіні анықталғаннан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымын хабардар етуі өте маңызды. Бұл жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы мен әскер/полиция күшін беретін ел Біріккен Ұлттар Ұйымы өзін-өзі қамтамасыз ету санатын қамтамасыз ету үшін жауаптылықты мойнына алуы үшін Өзара түсіністік туралы меморандумға түзету енгізу туралы уағдаластық жасауға тиіс.
8. Әскер/полиция беретін адамдар контингентті өзін-өзі қамтамасыз ету үшін қажетті шығыс материалдарымен және шағын жабдықпен толықтыруға байланысты жеткізуге жауапты болады.
Тұрған жерін өзгерту
9. Егер бөлімшеге жедел немесе логистикалық/әкімшілік талаптарға байланысты базалық лагерьді тұрған жерін (бөлімше немесе кіші топ деңгейіне) өзгерту қажет болған жағдайда (өзара уағдаластық бойынша), әскер/полиция беретін бөлімше Біріккен Ұлттар Ұйымына оның жауапкершілігінде болатын өзін-өзі қамтамасыз ету қызметтерін қайта орналастыруға қосымша және қонымды шығысты өтеу туралы талап қоя алады.
Стандарттар
10. Инспекциялық топ Бас Ассамблея бекіткен жедел талап стандарттарының сақталуын бағалау үшін Өзара түсіністік туралы меморандумда келісілген өзін-өзі қамтамасыз ету санатын немесе кіші санатын тексеруге жауапты болады. Сол сияқты, Біріккен Ұлттар Ұйымы Өзара түсіністік туралы меморандумда көзделген көрсетілетін қызмет беру туралы есеп беруге тиіс.
Кейтеринг
11. Өзін-өзі қамтамасыз ету қағидаты бойынша тамақтану шығысын өтеу мөлшерлемесін алу үшін бөлімшенің әскери қызметшілерді таза және салауатты жағдайда суық және ыстық тағаммен қамтамасыз ету мүмкіндігі болуға тиіс. Контингент:
(a) Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес жауап беретін лагерь үшін шығыс материалдарын, көпреттік немесе бірреттік ыдыс-аяқты (табақ, чашка мен ас құралдары) қоса алғанда, асүй мен жабдықты беруге. Бірреттік ыдыс-аяқ биоыдырайтын және/немесе компостелетін материалдан жасалған болуы керек. Өзін-өзі қамтамасыз ететін тамақтанудағы ыдыс-аяқ:
i. Биоыдырайтын ыдыс-аяқ: табиғи ыдырайтын және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін материалдан жасалған кез келген ыдыс-аяқ (табақ, чашка, ас құралдары).
ii. Компостелетін ыдыс-аяқ: ыдыраған кезде компост ретінде пайдалануға болатын материалдан және/немесе ыдырау процесінде қоректік затқа бай топыраққа немесе тыңайтқышқа айналуы мүмкін органикалық материалдан жасалған кез келген ыдыс-аяқ (табақ, чашка мен ас құралдары).
iii. Көпреттік ыдыс-аяқ: көпреттік қатты пластикті қоса алғанда, көпреттік пайдалануға болатын материалдан жасалған кез келген ыдыс-аяқ (табақ, чашка, ас құралдары).
(b) қатты мұздатып қатырылған (қажет болғанда 14 күн) тағамның, асүй үшін салқындық (7 күн) пен құрғақтылықтың (7 күн) сақталуын қамтамасыз етуге;
(c) ыдыс-аяқты ыстық сумен жуу мүмкіндігі бар асүйді көздеуге;
(d) асүйде таза және салауатты ортаны түзетін гигиеналық жабдықтың болуын қамтамасыз етуге тиіс.
Егер авторефрижератор (стационарлық емес) қажет етілсе, онда оның құны "негізгі жабдық" бабы бойынша бөлек өтеледі.
12. Бөлімше жалпы тамақтануға арналған барлық жабдықты, жөндеу бөлшектері мен ыдыс-аяқ пен ас құралдары сияқты шығыс материалдарын қоса, алғанда, асүйін күтіп-ұстауға және қызмет көрсетуге жауапты болады. Егер Біріккен Ұлттар Ұйымы осы көрсетілетін қызметті баламалы стандартқа сәйкес берсе, бөлімше осы санат бойынша өтемақы алмайды.
13. Азық-түлік, су мен жанар-жағармай өтемақы мөлшерлемесіне кірмейді, өйткені оларды, әдетте, Біріккен Ұлттар Ұйымы береді. Егер Біріккен Ұлттар Ұйымы осы заттарды бере алмаса немесе алғашқы қамтамасыз ету үшін өтем Біріккен Ұлттар Ұйымы миссия ауданындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының қамтамасыз ету өлшемімен салыстырғанда берілетін тауар түрі мен саны бойынша талаптың негізділігі тексерілген жағдайда нақты талапты ұсынғаннан кейін жүргізеді. Өтініш Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде қаралады және әскер беру жөніндегі басшылыққа немесе БҰҰ-ның құжаттамасымен расталған басқа да нақты сұранысына сәйкес сұрау салынған беру туралы толық ақпаратты, сондай-ақ кез келген басқа да негіздемені қамтуға тиіс.
Байланыс
14. Телефон бөлімше үшін қажетті байланыс құралы болып табылады; ол штабта ішкі байланыс үшін және негізгі базалық лагерьде орналасқан мобильді емес бөлімшелермен және бөлім бөлімшелерімен байланысу үшін мүмкіндігінше жиі пайдаланылады. Операция жүргізілетін ауданда өте жоғары жиілікті (VHF)/ ҒМ ультра жоғары жиілікті (UHF) және жоғары жиілікті (НҒ) байланысқа қажеттілік жергілікті жерді қарап-тексеру барысында айқындалатын болады және әскер/полиция беретін тараппен келісілуге тиіс. Байланыстың кіші санатының әрқайсысы үшін стандарт төменде, пайдалану артықшылығы ретімен айқындалған. Өзін-өзі қамтамасыз ету шеңберінде байланысқа шығысты өтеу мөлшерлемесін алу үшін бөлімше мынадай өлшемшартқа сәйкес келуге тиіс:
(a) Телефон: негізгі базалық лагерьде негізгі ішкі байланыс құралы ретінде бөлімше телефонды пайдаланады. Бөлімше штабы, стационарлық қосалқы элементтер (мысалы, офис, жұмыс орны, қадағалау пункті мен күзет бекеті) және негізгі базалық лагерьде орналасқан бөлімшелер телефон байланысын тиімді пайдалану үшін операция басында телефон жүйесіне мүмкіндігінше ерте қосылады. Өрістетілетін телефондық жүйенің миссия деңгейінде ұсынылатын телефондық жүйемен үйлесімділік жасауға мүмкіндігі болуға тиіс. Интерфейс ең қарапайым болуы мүмкін (мысалы, екі сымды магистраль немесе одан жақсы). Бұл бөлімшеге осы жүйе бар жерде жергілікті телефондық жүйеге қолжетімділікке мүмкіндік береді. Өтем мөлшері негізгі базалық лагерьдегі персонал санына және контингент беретін телефон байланысымен қызмет көрсетілетін басқа жердегі бөлімше элементтеріне байланысты болады. Өзін-өзі қамтамасыз етуге шығысты өтеу мөлшерлемесін алу үшін бөлімше:
(i) негізгі базалық лагерь шегінде телефон байланысын ұстауға мүмкіндігі бар коммутатор мен телефон желісін орнатуды, пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге;
(ii) әрекет ету аймағында контингент пен бөлімшелері және қосалқы элементтері үшін телефон аппаратының (барлық кабельді, сым мен қосқышты, сондай-ақ қажет болуы мүмкін басқа да жабдықты қоса алғанда) жеткілікті санымен қамтамасыз етуге, орнату мен жұмыс жай-күйінде ұстауға;
(iii) жұмысты қамтамасыз ету, сондай-ақ ақаулы жабдықты жөндеу немесе ауыстыру үшін қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарының жеткілікті қорын қамтамасыз етуге тиіс.
(b) VHF/UHF-FM байланысы: VHF/UHF-FM байланысы тактикалық немесе мобильді және тиісінше телефон байланысын жүзеге асыру мүмкіндігі жоқ жағдайда болатын бөлімшелермен және бөлімше элементтерімен негізгі радиобайланыс құралы ретінде пайдаланылатын болады. VHF/UHF-FM байланысын бөлімше телефонға қатысты резервтегі байланыс құралы ретінде пайдалануы мүмкін болса да, мұндай пайдалану шығысты өтеу үшін жеткілікті негіз болып табылмайды. Өтем мөлшері бөлімше персоналының санына байланысты. Өзін-өзі қамтамасыз ету шығысын өтеу мөлшерлемесін алу үшін бөлімше:
(i) бөлімше (секция/эскадрилья) деңгейіне дейін бірыңғай басқару желісін ұстауға;
(ii) бір әкімшілік желіні ұстауға;
(iii) патрульдеу және күзету үшін бөлшектелген түрде бір желіні немесе көлік құралында орнатылмаған басқа да негізгі желіні жұмыс күйінде ұстауға;
(iv) ақаулы жабдықтың жұмысы мен жөнделуін немесе ауыстырылуын қамтамасыз ету үшін қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарының жеткілікті қорын қамтамасыз етуге тиіс.
(c) ЖЖ байланысы: ЖЖ-байланысы VHF/UHF-FM байланысы құралдарының әрекеті аймағынан тыс жерде болатын және тактикалық немесе мобильді және тиісінше телефон немесе VHF/UHF-FM арқылы байланысты жүзеге асыру мүмкіндігі жоқ жағдайда болатын бөлімшелермен және бөлімше элементтерімен негізгі байланыс құралы ретінде пайдаланылатын болады. ЖЖ-байланысы телефонға немесе UHF/UHF-FM байланысына қатысты резервтегі байланыс құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін болса да мұндай пайдалану шығысты өтеу үшін жеткілікті негіз болып табылмайды. Одан басқа, ЖЖ- байланысын тек ұлттық тылдық байланыс құралы ретінде пайдалану өтелмейді. Өтемақы VHF/UHF-FM байланыс құралдарының әрекет ету ауданынан тыс орналасқан және тактикалық немесе мобильді жағдайда және тиісінше телефон немесе VHF/UHF-FM арқылы байланысты жүзеге асыру мүмкіндігі жоқ операция ауданында әрекет ететін бөлімшелер мен бөлімше элементтері персоналының бекітілген санына қарай есептеледі. Өзін-өзі қамтамасыз ету шығысын өтеу мөлшерлемесін алу үшін бөлімше:
(i) тактикалық немесе мобильді, телефон байланысын жүзеге асыру мүмкіндігі жоқ және VHF/UHF-FM байланыс базалық станциясының әрекеті ауданынан тыс жағдайда болатын бөлімшелермен және бөлімше элементтерімен байланысты жүзеге асыруға;
(ii) ЖЖ-байланысы автомобильдік емес жабдығын пайдаланып, командалық-бақылау желісін қамтамасыз етуге;
(iii) ақаулы жабдықтың жұмысы мен жөнделуін немесе ауыстырылуын қамтамасыз ету үшін қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарының жеткілікті қорын қамтамасыз етуге тиіс.
Офистік қамтамасыз ету
15. Офистің өзін-өзі қамтамасыз ету шығысын өтеу мөлшерлемесін алу үшін бөлімше:
(a) бөлімше штабының барлық қызметкеріне офистік жиһаз, жабдық пен керек-жарақ;
(b) контингент персоналына кеңсе керек-жарағын және қызмет көрсету;
(c) қажетті дерекқорды қоса алғанда, штаб-пәтердің барлық ішкі хат-хабарын және әкімшілік жұмысын жүргізу үшін қажетті бағдарламалық қамтылымды қоса алғанда, деректерді электрондық өндеу және көрсету мүмкіндігін беруге тиіс.
16. Бөлімше барлық жабдықты, қосалқы бөлшектер мен керек-жарақты қоса алғанда, офисін күтіп-ұстауға және қызмет көрсетуге жауапты болады.
17. Мөлшерлеме жалпы бөлімше жеке құрамына қолданылады.
18. Біріккен Ұлттар Ұйымы жоғарыда ескерілген келісілген жалпыға бірдей қағидаттар сақталған кезде осы әлеуетті толық дербес функция ретінде қамтамасыз ете алады.
Электр жабдық
19. Өзін-өзі қамтамасыз ету шеңберінде электр жабдыққа шығысты өтеу мөлшерлемесін алу үшін бөлімше генератордан орталықтандырылмаған электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге тиіс. Орталықтандырылмаған электр энергиясы:
(a) рота, взвод немесе бөлімше деңгейіндегі қадағалау пункті және әскери қызметшілерге арналған шағын лагерь сияқты шағын бөлімшелерді тұрақты электрмен қамтамасыз етуге;
(b) анағұрлым қуатты генератормен қамтамасыз етілетін негізгі электр қуаты үзіліспен берілген кезде резервтегі авариялық көшірмені қамтамасыз етуге;
(c) барлық қажетті электр жгутты, сымды, схема мен жарық беретін жиынтықты беруге тиіс.
20. Бұл ірі құрылғы үшін негізгі қуат көзі емес, ол негізгі жабдыққа арналған тариф бойынша жабылады.
21. Біріккен Ұлттар Ұйымы жоғарыда ескерілген келісілген жалпыға бірдей қағидаттар сақталған кезде осы әлеуетті толық дербес функция ретінде қамтамасыз ете алады.
22. Отынмен жұмыс істейтін генератормен толық немесе ішінара қамтамасыз ету орнына электр энергиямен өзін-өзі қамтамасыз ету үшін жаңартылатын энергия көзіне негізделген электр генераторлы жабдықты пайдалану оң қабылданады және "қызмет көрсетумен" жалдауды өтеу мөлшерлемесі бойынша өтеледі немесе 8-тарауда, А қосымшасында нақты сипатталған (КТМ басшылығы, 2023 ж.) жүйе түріне байланысты ерекше жағдай ретінде қаралады.
Шағын инженерия
23. Шағын инженерия бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге шығысты өтеу мөлшерлемесін алу үшін бөлімшенің өзі орналасқан аудан шегінде:
(a) тұрған жерін қорғауға байланысты емес шағын құрылыс жұмысын орындау;
(b) электр жабдықты жөндеу мен ауыстыру бойынша шағын жұмысты орындау;
(c) сантехникалық және су құбыры жүйесін жөндеу;
(d) шағын техникалық қызмет көрсету және басқа да жеңіл жөндеу жұмысын жүргізу;
(e) барлық шеберхана жабдығын, құрылыс құралдары мен керек-жарағын беру мүмкіндігін болуға тиіс.
Шағын инженерлік жабдыққа шығысты өтеу мөлшерлемесі қалдық пен кәріз ағынын қамтымайды. Әрбір бөлімше үшін орталықтандырылған пункттен қалдықты жинау Біріккен Ұлттар Ұйымының міндетіне кіреді.
24. Осы қосымшаға 2-толықтыруда БҰҰ-ға тиесілі жабдықты жөндеу мен қызмет көрсетуге қатысты БҰҰ-ның және Т/РСС-ның міндеттерін қоса алғанда, әртүрлі жағдайда шағын және ірі инжинирингке қатысты тапсырмалар мен міндеттерге шолу жасалған. Осы басшылықта қамтылмаған кез келген ауытқу немесе күтпеген жағдай әрбір нақты жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы және құралдарды беретін ел осы жағдайда орындылық туралы ережені қолданып қарайтын болады.
Жарылғыш заттарды қатерсіздендіру
25. Жарылыс қаупі бар заттарды қатерсіздендіру кезінде өзін-өзі қамтамасыз етуге шығысты өтеу мөлшерлемесін алу үшін бөлімшеде БҰҰ бітімгершілік миссиясының жарылыс қаупі бар заттарды қатерсіздендіру жөніндегі әскери бөлімшелер үшін басшылыққа сәйкес бөлімше орналасқан ауданының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жарылыс қаупі бар заттарды қатерсіздендіру мүмкіндігі болуға тиіс. Бұл бөлімшеде:
(a) жарылмаған оқ-дәріні анықтау және бағалау;
(b) контингент қауіпсіздігіне қатер төндіретін оқшауланған оқ-дәріні бөлшектеу немесе жою;
(c) барлық қосалқы шағын жабдықты, жеке қорғаныс киімін және шығыс материалдарын беру мүмкіндігі болуға тиіс.
Жарылмаған оқ-дәріні қатерсіздендіру кезінде өзін-өзі қамтамасыз етуге шығысты өтеу құқығын алу үшін бөлімше сонымен қатар қадағалау және бірегейлендіру үшін толыққанды қамтамасыз етілуге тиіс. Өзін-өзі қамтамасыз ету шеңберінде жарылмаған оқ-дәріні қатерсіздендіру үшін пайдаланылатын оқ-дәрі шығыс материалдарына енгізіледі және бөлек өтелмейді.
26. Жарылыс қаупі бар заттарды қатерсіздендіру саласындағы өзін-өзі қамтамасыз ету тек, егер Біріккен Ұлттар Ұйымы жедел қажеттілікті белгілеген және осы көрсетілетін қызметті беру туралы нақты сұрау салумен жүгінген жағдайда өтелуге жатады. Осы қолдаудағы қажеттілік барлық миссияда болмайды және әрбір нақты жағдайда айқындалуға тиіс.
27. Минасыздандыру және жарылғыш заттарды қатерсіздендіру жабдығы БҰҰ-ның әскери бітімгершілік миссиясы үшін жарылғыш заттарды қатерсіздендіру жөніндегі басшылыта, БҰҰ-ның қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны қатерсіздендіру стандартында, БҰҰ бітімгершілік миссиясының әскери сапер бөлімшесіне арналған басшылықта және Халықаралық минаға қарсы әрекет стандартында көзделген тиісті стандарттарға сәйкес келуге тиіс.
28. Егер күштер деңгейінде инженерлік қолдау көрсететін бөлімше басқа бөлімше орналасқан ауданда жарылыс қаупі бар заттарды қатерсіздендіруде қолдау көрсету бойынша міндет алса, онда қолдау көрсететін бөлімше осы бөлімше қызмет көрсететін тұрғындар үшін жарылыс қаупі бар заттарды қатерсіздендіруге байланысты өзін-өзі қамтамасыз етуге шығыс өтемін алады.
29. Оқ-дәрілердің елеулі көлемін, мысалы, оқ-дәрілер мен мина алаңын тапсыру салдарынан болған ірі ауқымды қиратуды кәдеге жаратумен Біріккен Ұлттар Ұйымы беретін инженерлік бөлімшелер айналысатын болады.
30. Күштер өрістетілгеннен кейін 18 айдан соң жарылғыш заттарды қатерсіздендіруге қатысты өзін-өзі қамтамасыз ету туралы таланты қайта қарау қажет. Егер тексеру барысында мұндай өзін-өзі қамтамасыз ету қажеттілігі қажет болмауы анықталса, онда ол туралы ресми хабарламадан кейін алты ай кезеңі ішінде әскер/полиция күшін беретін бөлімшеге өтемақы төлеу жалғасады. Осы кезеңнен кейін жарылғыш заттарды қатерсіздендіруге қатысты өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігі Біріккен Ұлттар Ұйымы есебінен қайтарылады. Осы алты айлық кезеңде әскер/полиция беретін тарап Өзара түсіністік туралы меморандумға өзгерістер енгізу туралы келіссөз жүргізе алады.
Кір жуу
31. Өзін-өзі қамтамасыз ету негізінде кір жууға шығысты өтеу мөлшерлемесін алу үшін бөлімше:
(a) жедел қажет болатын арнайы киімді (егер болса) химиялық тазартуды қоса алғанда, барлық әскери қызметшілерге/полицейге жеке киімін жуу бойынша көрсетілетін қызметті беруге;
(b) барлық кір жуатын орында таза және салауатты ортаны ұстауға мүмкіндік беретін гигиеналық жабдықтың болуын қамтамасыз етуге;
(c) кір жуатын орын персонал үшін берілген кеңістігінің орналасуы мен пайдаланылуын назарға алып, жеткілікті оқшаулауды қамтамасыз ететініне көз жеткізуге;
(d) барлық қосалқы жабдықты, техникалық қызмет көрсету мен шығыс материалдарын беруге тиіс.
Егер бөлімше географиялық тұрғыдан шашыраңқы орналасса және Біріккен Ұлттар Ұйымы тек бөлімшенің бір бөлігін кір жуумен қамтамасыз етсе, онда көрсетілетін қызметті беретін әскери/полиция бөлімі Біріккен Ұлттар Ұйымы қызмет көрсетпейтін қызметкер үшін кір жууға өзін-өзі қамтамасыз ету мөлшерлемесін алады.
Тазалау
32. Тазалау үшін өзін-өзі қамтамасыз етуге шығысты өтеу мөлшерлемесін алу үшін бөлімше:
(a) бөлімшенің барлық персоналы үшін үй-жайды тазалап жинауды қамтамасыз етуге;
(b) барлық объектіде таза және салауатты ортаны ұстауға мүмкіндік беретін гигиеналық жабдықтың болуын қамтамасыз етуге, яғни тұрғын және қызметтік үй-жайды тазалап жинауға;
(c) барлық қосалқы жабдықты, техникалық қызмет көрсету мен шығыс материалдарын беруге тиіс.
Егер бөлімше географиялық тұрғыдан шашыраңқы орналасса және Біріккен Ұлттар Ұйымы тек бөлімшенің бір бөлігін тазалап жинау бойынша көрсетілетін қызметті берсе, онда әскер беретін әскери/полиция бөлімі Біріккен Ұлттар Ұйымы қызмет көрсетпейтін қызметкер үшін тазалап жинауға өзін-өзі қамтамасыз ету мөлшерлемесін алады.
Шатырлар
33. Өзін-өзі қамтамасыз ету негізінде шатырға шығысты өтеу мөлшерлемесін алу үшін бөлімшеде:
(a) персоналды шатырларға орналастыру. Шатырда еден мен қажет болуына қарай жылу және салқындату мүмкіндігі;
(b) шатырда жуу мүмкіндігін қамтамасыз ету, бұл жағдайда жуу құралдары негізгі жабдықтың бабы бойынша өтеледі;
(c) тенттік жайда уақытша офис/жұмыс орнын беру мүмкіндігі болуға тиіс.
Бұл талаптар әскер беретін елге арналған басшылықпен жиынтықта қаралуға тиіс.
34. Бөлімшені тұрғынжаймен қамтамасыз ету мәселесі әрбір нақты бөлімшені өрістетуді алғашқы талқылау және жоспарлау барысында шешілуде. Миссияны алғашқы өрістету кезеңінде көптеген бөлімшелер ең аз дегенде алты ай бойы персоналды орналастыруға арналған шатырды өрістетіледі деп болжану. Жедел немесе әкімшілік талаптарға байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы немесе әскер/полиция беретін ел нақты бөлімшелерге ұзақ мерзімді тұрғынжай беру мәселесін талқылауды бастауы мүмкін. Бұл алғашқы өрістету кезеңінде немесе бөлімшені өрістету барысында болуы мүмкін. Әскер беретін ел ұсынатын ұзақ мерзімді тұрғынжай төменде 39-47-тармақтарда көрсетілген минималды стандарттарға сәйкес келуге тиіс.
35. Жалпы алғанда, алғашқыда өрістетілген және өзін-өзі қамтамасыз ететін шатырға орналастырылған бөлімшелер үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы өрістетілгеннен кейін алты ай ішінде 3-тараудың 40-тармағында, В қосымшасында көрсетілген Біріккен Ұлттар Ұйымының далалық миссиясын орналастыру стандарттарына сәйкес тұрғынжай беруге тырысады (КТМ басшылығы, 2023 ж.). Біріккен Ұлттар Ұйымының қандай тұрғынжай түрін беретіні туралы шешім миссияның жедел қажеттілігін (миссияның уақытша шеңберін қоса алғанда), өрістету кезіндегі ұтқырлық қажеттілігін, тұрақтылыққа қойылатын талаптарды, гендерлік тендік мәселесін ескеріп, бітімгер әйелдер санын арттыру жөніндегі күш-жігерді, миссияның әкімшілік қажеттілігін назарға алып қабылданады. Таңдалған үй-жай түрі керілген мембранасы бар жоғары сапалы құрылымнан, құрастырмалы ғимараттан бастап кәдімгі құрылымға дейін өзгеруі болуы мүмкін.
36. Біріккен Ұлттар Ұйымы өзін-өзі қамтамасыз ету санатын берудің келісілген жалпы қағидаттары сақталған кезде бұл әлеуетті толық дербес функция ретінде қамтамасыз ете алады. Егер бөлімше өрістетілгенге дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы мұндай әлеует талап етілмейтіні туралы әскер/полиция беретін ұйымды хабардар етсе, онда әскер/полиция беретін ұйым осы санат бойынша өтемақы алмайды. Алғашқыда бөлімшелер, егер Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдамаса, алты айға дейінгі мерзімге шатыр үшін өтемақы алады. Егер Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл мүмкіндікті қажет деп растаса, онда өрістетілетін бөлімше шатырын беру және тиісті өтемақы алу туралы шешім қабылдауды жалғастырады. Егер бөлімше БҰҰ далалық миссиясының стандартты тұрғынжайында орналастырылса, бірақ бұл ретте ұтқырлық талабын қанағаттандыру үшін бөлімшенің бір бөлігі үшін шатырда орналасу мүмкіндігін сақтау қажет болса, келісілген шатыр саны әскер/полиция бөлімшесі берілетіндер мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы келіссөзден кейін негізгі мүлік ретінде өтелуі мүмкін.
Қажет болмаған жағдайда әскери және полиция контингентін беретін елдің өтініші бойынша шатырлы лагерь, егер бұл логистика мен қаржы тұрғысынан мүмкін болса, БҰҰ уағдаластығына сәйкес әскери және полиция контингентін беретін елге қайтарылады.
37. Егер шатырда алты ай тұрғаннан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымы бөлімшеге далалық миссия үшін стандартты тұрғынжай бере алмаса, онда әскер/полиция қызметкерін беруші шатырда тұрғаны сонымен қатар өзін-өзі қамтамасыз ету үшін мөлшерлеме бойынша өтемақы алуға құқылы. Бұл біріктірілген мөлшерлеме персонал 3-тараудың 40-тармағында, В қосымшасында көрсетілген стандарттарға сәйкес орналастырылғанға дейін қолданыста болады (КТМ басшылығы, 2023 ж.). Хатшылық Біріккен Ұлттар Ұйымының далалық миссиясы үшін стандартты тұрғынжай беру шығыс тұрғысынан анық және айқын орынсыз және тиімсіз болып табылатын қысқа мерзімді миссия жағдайында осы қосарланған төлем қағидатын қолданудан уақытша бас тарту өтінішімен жүгінуі мүмкін.
КТМ-ны тоқсан сайын тексеру барысында БҰҰ-ның (Т/РСС) әскер/полиция күшін беретін ел бөлімшелері және КТМ өкілдерінен бірлескен топ БҰҰ далалық миссиясының тұрғынжайы мен санитариялық-гигиеналық торабына инспециялау жүргізеді. Егер тұрғынжай КТМ жөніндегі басшылық стандарттарына сәйкес келмесе, онда олар 3-тараудың 40-тармағында, В қосымшасында көрсетілген КТМ жөніндегі басшылық стандарттарына сәйкес келмейді деп жарияланады (КТМ басшылығы, 2023 ж.). Егер БҰҰ берген тұрғынжай мен санитариялық-гигиеналық торап БҰҰ стандарттарына сәйкес келмесе, онда БҰҰ оларды контингентке тиесілі мүлікті тексеру туралы есепте көрсетілген нақтылыққа сәйкес жөндейді немесе ауыстырады.
38. Әскери/полиция контингентіне өтемақы мөлшерлемесінің 5 пайызы мөлшерінде экологиялық жағдайды жақсарту үшін үстемеақы, егер берілген шатырдың 3-тараудың 20 және 23-тармақтарында, А қосымшасында айқындалған нормаларға сәйкес объектіні жылыту мен салқындатудың тиімділігі мен үнемділігін арттыру үшін арналған қосымша элементтері бар екені дәлелденсе, есептелетін болады.
Орналастыру
39. Орналастыру түрі төменде келтірілген минималды стандарттар мен сипаттамада айқындалуға тиіс.
40. БҰҰ-ның далалық миссиясына стандартты тұрғынжай мынадай үй-жай болып айқындалады:
(a) құрылымдық жақтауы стропилді жүйеден немесе ағаштан, құрылымдық болаттан, темір-бетоннан, құрылымдық кірпіштен немесе тиісті жобалау кезінде ұқсас қатты материалдан жасалған;
(b) құрылымдық жақтауы керілген мембранамен немесе атмосфералық төзімді қоршау жасау үшін сыртқы қабырға мен шатырдың тұтас жүйесіне қосылған;
(c) объект жердегі топырақ жағдайын, объектінің бос жүктемесін, пайдалы жүктемені (адамдарды қоса алғанда), жел, қар және сейсмикалық факторды ескерілген барабар іргетасы бар дұрыс жобаланған негіз жүйесіне тұрғызылған және миссияның жауапкершілігі аймағындағы қоршаған орта жағдайын ескерілген көлденең және тік жүктемеден жерге дұрыс орнықталған;
(d) сыртқы корпусында Жедел қамтамасыз ету департаменті материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің директоры айқындаған мәні минималды R жылу және салқындату қажеттілігін азайту үшін жеткілікті оқшауланған, ішкі қаптау және/немесе қабырға қалыңдығы жеткілікті;
(е) объекті жер деңгейінен жоғары орналасқан интеграцияланған еден жүйесін немесе ондағы адамдардан нақты және бос жүктемені қабылдау үшін арналған тақтайшаны қамтиды;
(f) үй-жайда тиісті есігі мен терезесі бар, оның барлығы жәндіктерге қарсы тормен бекітілген және жабылған, ал жалпы саңылау ауданы үй-жайда болатын адамдар үшін қарама-қарсы желдетуді қоса алғанда, жеткілікті желдетуді қамтамасыз ету үшін жалпы үй-жай қабырғасының ауданынан кемінде 5 %;
(g) объект БҰҰ-ның өртке қарсы қорғаныс және өрт сөндіру стандарттарына, сондай-ақ КТМ жөніндегі басшылыққа сәйкес донор ел үшін өртке қарсы қорғаныс талаптарына сәйкес келуге тиіс;
(һ) оранластыру бойынша көрсетілетін қызмет:
(i) болжамды пайдалану үшін барабар қуат беретін және жарық беретін жүйені;
(ii) миссияның жауапкершілік аймағындағы экологиялық жағдайды ескеріп, болжамды орналасу орны үшін жылу, желдету және ауаны баптау жүйесін қамтуға тиіс. Әдетте, ауаны баптау, егер орналасқан жерде көлеңкедегі ауаның маусымдық максималды температурасы Фаренгейт бойынша 86 градустан немесе Цельсий бойынша 30 градустан жоғары болса, ал жылу - сыртқы ауаның минималды температурасы Цельсий бойынша 0 градус немесе Фаренгейт бойынша 32 градус немесе одан төмен немесе жылына 30 күннен асатын кезеңде төмен болса, қамтамасыз етілуге тиіс.
41. Өзін-өзі қамтамасыз ету негізінде тұруға шығысты өтеу мөлшерлемесін алу үшін жасақ/полиция: (а) бөлімше персоналын орналастыру үшін үй-жай алуға немесе салуға тиіс. Бұл үй-жай, ең болмағанда, БҰҰ стандартты далалық миссиясының орналасу талаптарына сәйкес келуге тиіс, ол 3-тараудың 40-параграфында, В қосымшасында (КТМ басшылығы, 2023 ж.) айқындалған. Мөлшерлеме бір адамға 9 ш.м нормасы негізінде есептелуге; дәрет алатын үй-жай бөлек берілетін немесе өтелетін жағдайда мөлшерлеме бір адамға 8 ш.м орналасу өлшемі негізінде есептелуге;
(b) қажет болғанда тамақтану орнына жиһаз берілуге;
(c) Жағдайға байланысты 3-тараудың 40-параграфында, В қосымшасында (КТМ басшылығы, 2023 ж.) айқындалған үй-жайда офис/жұмыс орны болуға;
(d) Берілетін санитариялық-гигиеналық үй-жай ауданы Біріккен Ұлттар Ұйымы офицерлер мен әскери қызметшілерді миссияда орналастыру үшін қабылдаған өлшемге сәйкес келуге тиіс. Дәретхана бөлмесі пайдаланылатын тұрғынжай түріне сәйкес келуге және 3-тарауының 40-тармағында, В қосымшасында (КТМ басшылығы, 2023 ж.) айқындалған ұзақ тұру объектісіне қойылатын талаптарға сәйкес келуге, миссия немесе Біріккен Ұлттар Ұйымы белгілеген су тұтыну өлшеміне сәйкес душта және раковинада ыстық және суық су, етеккір өнімін дұрыс алып тастауды қоса алғанда, гигиеналық стандарттарды сақтау үшін тиісті сантехникасы мен арматурасы және далалық миссияның ағынды суды тазарту стандарттарына сәйкес экологиялық қауіпсіз дренажды жүйесі болуға тиіс. Дәрет алатын үй-жайда еденнің тиісті бөлінуін және персоналдың оқшаулануын қамтамасыз етуге тиіс.
(e) Экипаждың толыққанды демалуын және ұшуды қауіпсіз орындауын қамтамасыз ету үшін не Біріккен Ұлттар Ұйымы не әскер беретін ел (келісу бойынша) авиациялық бөлімше экипажын мынадай шартпен қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін салуға тиіс: пилот (тапсырыс-хатта көрсетілгендей) стандартты бір орынды нөмірде, ал ұшу құрамы (мысалы, әуе атқышы, инженер, шебер) екі орынды нөмірде орналасуға тиіс.
Бұл талаптар әскер беретін елге арналған басшылықпен үйлесімдікте қаралуға тиіс.
42. Егер Біріккен Ұлттар Ұйымы баламалы стандартты тұрғынжаймен қамтамасыз етсе, онда тұрғынжай беретін әскер/полиция осы санат бойынша өтем алмайды.
43. Жабдық қоймасы мен сақтау орны өзін-өзі қамтамасыз ету шеңберінде тұруға шығысты өтеу мөлшерлемесіне енгізілмеген. Бұл мәселелер негізгі жабдық ретінде өтелетін объект арқылы немесе әскер/полиция күшін берушілер мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы екіжақты арнайы негізде шешілетін болады.
44. Әскер/полиция беретін елге шығысты өтеудің келісілген сомасынан қосымша 5% мөлшерінде экологиялық ахуалды жақсартқаны үшін үстемеақы, егер жабдық қоймасы мен сақтау орнын қоса алғанда, 3-тараудың 40-тармағында, В қосымшасында және 45-тармақта төменде айқындалған стандартқа (КТМ басшылығы, 2023 ж.) сәйкес берілетін тұрғынжайда объектіні жылыту мен салқындату тиімділігі мен үнемділігін арттыруға қосымша элементтері болатыны дәлелденген жағдайда есептелетін болады.
45. Тұрғынжайды экологиялық тұрғыдан жақсарту жоғарыда аталған орналасу стандарттарына толықтыру ретінде қаралады, олардың энергияны тұтынуды азайтуға тиімді, осылайша генератор отынын пайдалануды және парниктік газ шығарындысын азайтады. Жақсарту мынадай элементтердің барлығын немесе кейбірін қамтиды:
(a) қосарланған шатыр және көлеңкелі қабырға;
(b) қабырғаны, шатырды, еден мен есікті қосымша жылытып оқшаулау (қажет болғанда);
(c) кондиционер мен жылу жүйесі тиісті көлемде және энергия тиімділігінің коэффициенті бар.
46. Тұру құнына объектінің негізгі функциясына байланысты барлық шағын жабдық пен шығыс материалдары кіреді.
47. Егер Біріккен Ұлттар Ұйымы баламалы стандарттағы тұрғынжай бере алмаса, ал бөлімше тиісті құрылысжайды жалға алса, онда әскер/полиция күшін беретін бөлімше мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы екіжақты арнайы жағдай туралы келісімге сәйкес оған нақты жалдау құны өтеледі.
Негізгі өрт сөндіру мүмкіндігі
48. Базалық өрт сөндіру мүмкіндігі бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету коэффициентін алу үшін бөлімше:
(a) түзетулерімен Халықаралық өрт кодексіне сәйкес негізгі өрт сөндіру құралдарының, яғни шелектің, соққыштың және өрт сөндіргіштің жеткілікті санын қамтамасыз етуге;
(b) барлық қажетті шағын жабдық пен шығыс материалдарын беруге тиіс.
Өртті анықтау және ол туралы хабардар ету мүмкіндігі
49. Өртті анықтау және дабылдама мүмкіндігі бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету коэффициентін алу үшін құрылғы:
(a) түзетуімен Халықаралық өрт кодексіне сәйкес өртті анықтау және дабылдама құралдарының, яғни түтін детекторы мен өрт дабылдамасы жүйесінің жеткілікті санын қамтамасыз етуге;
(b) барлық қажетті шағын жабдық пен шығыс материалдарын беруге тиіс.
Қадағалау
50. Қадағалау бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету коэффициентін алу үшін бөлімшеде өзі әрекет ететін барлық аумақта қадағалау жүргізу мүмкіндігі болуға тиіс. Әрбір үш кіші санат үшін стандарттар төменде келтірілген:
(a) жалпы қадағалау: жалпы қадағалау үшін қол дүрбісін беру;
(b) түнгі қадағалау:
(i) тікелей көру аймағында түнгі уақытта бәсең немесе белсенді инфрақызыл, жылу немесе бейнені күшейтетін визуалды қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
(ii) 300 м немесе одан да көп радиуста адамдарды немесе заттарды анықтау, бірегейлендіруге және жіктеу мүмкіндігі болу;
(iii) түнгі патрульдеуді басқара алу және ұстау міндеттерін орындау.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жоғарыда мазмұндалған келісілген негіз қалайтын қағидаттар сақталған кезде толық дербес функция ретінде түнгі қадағалау мүмкіндігін бере алады.
(c) белгілеу (тұрған жерін айқындау): ғаламдық белгілеу жүйесі мен лазерлік қашықтық өлшегішті бірлесіп пайдалану арқылы операция жүргізу аймағындағы адамның немесе заттың нақты географиялық тұрған жерін анықтай алу.
"Қадағалау" санаты бойынша шығысты өтеу пайдалану талаптарын орындауға негізделген.
51. Бөлімше барлық қосалқы жабдықты, техникалық қызмет көрсетуді және шығыс материалдарын беруге тиіс. Түнгі қадағалау мен белгілеу бағасы тек БҰҰ сұранысы бойынша өтеледі.
Бірегейлендіру
52. Бірегейлендіру үшін өзін-өзі қамтамасыз ету коэффициентін алу үшін бөлімшенің:
(a) бейнеүлдір және біробъективті айналы камера сияқты фотографиялық жабдық көмегімен қадағалау жүргізу;
(b) алынған көрнекі ақпаратты өңдеу және редакциялау;
(c) барлық қосалқы жабдықты, техникалық қызмет көрсетуді және шығыс материалдарын беру мүмкіндігі болуға тиіс.
Егер Біріккен Ұлттар Ұйымы осы көрсетілетін қызметті баламалы стандарттарға сәйкес берсе, бөлімше осы санат бойынша өтемақы алмайды.
Ядролық, биологиялық және химиялық қорғаныс
53. Ядролық, биологиялық және химиялық қорғаныс бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету коэффициентін алу үшін бөлімшеде кез келген ядролық, биологиялық немесе химиялық қатер жағдайында толық қорғаныста әрекет ету мүмкіндігі болуға тиіс. Бұл:
(a) бөлімше деңгейінде тиісті анықтау құралдарының көмегімен ядролық, биологиялық және химиялық агентті анықтау және бірегейлендіру;
(b) ядролық, биологиялық немесе химиялық қатер жағдайында барлық персоналды және жеке жарақты алғашқы қатерсіздендіру жөніндегі операцияны жүргізу;
(c) барлық персоналды ядролық, биологиялық немесе химиялық қарудан қорғау үшін қажетті киіммен және жабдықпен (мысалы, қорғаныс маскасы, комбинезон, қолғап, қатерсіздендіруге арналған жеке жиынтық және шприцпен) қамтамасыз ету;
(d) барлық қосалқы жабдықты, техникалық қызмет көрсетуді және материалдарды беру мүмкіндігін қамтиды. Ядролық, биологиялық және химиялық қорғауға шығыс тек БҰҰ-ның сұранысы бойынша өтеледі.
Далалық қорғаныстық құрылысжай
54. Далалық құрылысжайдың өзін-өзі қамтамасыз етуге шығысты өтеу мөлшерлемесін алу үшін бөлімше:
(a) өзінің базалық лагерін тиісті далалық қорғаныс құралдарымен (мысалы, тікен-сым қоршау, құм салынған қап және басқа да далалық қорғаныс кедергісі) қамтамасыз етуге;
(b) контингенттің үй-жайын қорғау үшін алдын ала хабардар ету және анықтау жүйесін құруға;
(c) мамандандырылған инженерлік контингентке тапсырылмаған өзін-өзі қорғау фортификациялық құрылысжайын (мысалы, шағын бүркеме, траншея және қадағалау пункті) дайындауға;
(d) барлық қосалқы жабдықты, техникалық қызмет көрсетуді және шығыс материалдарын беруге тиіс.
55. Біріккен Ұлттар Ұйымы жоғарыда мазмұндалған келісілген жалпыға бірдей қағидаттар сақталған кезде осы әлеуетті толық дербес функция ретінде қамтамасыз ете алады. Осы қосымшаға 1-толықтыруда саны 850 адам контингентті тиісті далалық қорғау деңгейін қамтамасыз ету үшін қажетті қор туралы анықтамалық ақпарат келтірілген.
Әртүрлі материал
56. Жалпы мақсаттағы әртүрлі дүкеннің үш кіші санатының әрқайсысы бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге шығысты өтеу мөлшерлемесін алу үшін бөлімше мыналарды қамтамасыз етуге тиіс:
(a) төсек-орын: төсек-орын, көрпе, матрасқап, жастық пен сүлгі. Жатынқап төсек-орын мен көрпе орнына болады. Төсек-орын ауыстыру және тазалау үшін жеткілікті көлемде болуға тиіс;
(b) жиһаз: кереует, матрас, тумбочка, үстел шамы және әр адамға шкаф немесе жеткілікті тұрмыс кеңістігін қамтамасыз ету үшін басқа да тиісті жиһаз;
(c) тұрмыстық жағдай: ерлер және әйелдер үшін ойын-сауықты, фитнесті, спортты, ойынды және байланысты қоса алғанда, миссия ауданында олардың санына, тиісті орналасу пунктіндегі персонал санына сәйкес жабдық пен тұрмыстық жағдайдың тиісті деңгейін және ерлермен қатар әйелдер үшін тұрмыстық жағдайға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. Тиісті стандарттардың қамтамасыз етілгенін тексеру Өзара түсіністік туралы меморандумға С қосымшасына 2-толықтыруда нақты мазмұндалған әскер/полиция күшін беретін ел мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасында келісілген тұрмыстық қамтамасыз ету туралы уағдаластық негізінде жүзеге асырылатын болады;
(d) Интернетке қолжетімділік: далалық миссияда Интернетке қолжетімділіктің тиісті деңгейі:
(i) әскер/полиция беретін тарап пен Хатшылық арасындағы уағдаластыққа сәйкес, сондай-ақ Өзара түсіністік туралы меморандумға С қосымшаға 2-толықтыруға сәйкес Интернетке тиісті қолжетімділік берілгенін тексеру;
(ii) Интернетке қолжетімділік әскер беретін әскер/полиция күші қамтамасыз етуге тиіс және Біріккен Ұлттар Ұйымының қолданыстағы байланыс жүйесімен байланысты емес;
Бірегей жабдық
57. Жоғарыда көрсетілген өзін-өзі қамтамасыз ету нормаларында көзделмеген кез келген арнайы шағын жабдық немесе шығыс материалдары бірегей жабдық ретінде қаралатын болады. Бұл мәселелер екіжақты негізде ерекше жағдайда әскер беретін әскер/полиция мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасында шешілетін болады.
F қосымшасы |
Медициналық қамтамасыз ету тиімділігін тексеру қағидаттары мен стандарты
Тексеру қағидаттары
1. БҰҰ стандартына сәйкес берілген және Өзара түсіністік туралы меморандуммен рұқсат етілген медициналық жабдық қана өтелуге тиіс. Бөлімшелерде Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес тиісті амбулаторлық және стационарлық көмек көрсету, базалық және кеңейтілген диагностикалық қызметті, өмірді құтқару жөніндегі базалық және кеңейтілген шараларды, базалық және кеңейтілген хирургиялық қызмет көрсету және мүмкіндік беру, қорды толықтыру бойынша жеткілікті мүмкіндік, сондай-ақ миссия ауданында жараланғандарды эвакуациялау/медициналық эвакуациялау бойынша мүмкіндік беру үшін 1, 2 және 3-деңгейдегі медициналық қызмет үшін БҰҰ стандартында көзделген медициналық жабдықтың жеткілікті саны болуға тиіс. Сұралған медициналық жабдық эвакуациялау мүмкіндігін қоса алғанда, үздіксіз медициналық қолдауды және медициналық қызмет көрсетудің барабар стандартын қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) талаптарына сәйкес асептикалық және стерильді шартты сақтап, берілуге және толық жұмыс істейтін жай-күйде ұсталуға тиіс.
2. Төменде мазмұндалған қағидаттар мен стандартты іске асыру кезінде мынадай анықтамалар пайдаланылады:
(a) медициналық жабдық: Біріккен Ұлттар Ұйымының медициналық мекемесінде медициналық көмек көрсету үшін негізгі есепке алу жабдығы (осы қосымшаға толықтыруларға сілтемелерді қараңыз);
(b) дәрілік зат: ДДҰ стандартына сәйкес өндірілген және Біріккен Ұлттар Ұйымының медициналық мекемесінде медициналық көмек көрсету кезінде тұтынылатын дәрілік заттар;
(c) медициналық құрал: Біріккен Ұлттар Ұйымының медициналық мекемесінде медициналық көмек көрсету кезінде пайдаланылатын шығыс материалы мен ұсақ жабдық;
(d) медициналық өзін-өзі қамтамасыз ету: Біріккен Ұлттар Ұйымының медициналық мекемесінде медициналық көмек көрсету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы заттарды жеткізу және қорын толықтыру;
(e) қаупі жоғары миссия: екпесі жоқ эндемиялық инфекциялық аурулар жиілігі жоғары миссия. Барлық басқа миссия "қаупі қалыпты миссия" болып саналады. Бұл анықтама "қаупі жоғары аймақ (эпидемиологиялық)" үшін өзін-өзі қамтамасыз ету мөлшерлемесін өтеу құқығын айқындау үшін қолданылады;
(f) БҰҰ миссиясының медициналық мекемесінде медициналық қызмет көрсету құқығын айқындау мақсатында мынадай персонал БҰҰ миссиясының құрамына кіреді деп саналады:
(i) Біріккен Ұлттар Ұйымы әскери және полиция бөлімшелерін құрды;
(і) БҰҰ-ның құрылған бөлімшелерінің құрамына кірмейтін әскери және полиция персоналы және Үкімет берген басқа да персонал;
(іі) БҰҰ халықаралық азаматтық персоналы;
(іv) Біріккен Ұлттар Ұйымының еріктілері;
(v) Қолданылатын жерде жұмыс істейтін Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметкерлері.
3. Барлық медициналық мекеме "күштер мүлігі" болып саналады, сондықтан БҰҰ миссиясының барлық мүшесіне қолжетімді. Медициналық мекеме Біріккен Ұлттар Ұйымына, контингентке тиесілі болуы немесе коммерциялық келісімшарт бойынша жұмыс істеуі мүмкін.
4. 1 және 2-деңгейдегі медициналық мекеме өз мүмкіндігін кеңейту үшін модульдермен толықтырылуы мүмкін, одан кейін олар тиісінше 1+ және 2+ деңгейдегі мекеме деп аталады. Модульдерге қойылатын талаптар мен стандарт осы қосымшаға 5-11-толықтыруда ұсынылған (Саясат және шығысты өтеуге және бейбітшілікті қолдау жөніндегі миссияға қатысу үшін әскер/полиция күштерін беретін елдердің контингентіне тиесілі мүлікті бақылауға қатысты рәсімдер мәселелері жөніндегі нұсқау, 2023 жылғы редакцияда, (бұдан әрі - КТМ жөніндегі нұсқау), 2023, 3-тарау, С қосымшасы).
5. Әрбір медициналық мекеме немесе модуль құнының калькуляциясы, демек, тиісті өтеу мөлшерлемесі осы модуль үшін қажетті медициналық жабдықтың әрбір бірлігінің жалпы әділ нарықтық құнына негізделеді. Әрбір модульге арналған жабдық тізбесі жекелеген деңгей үшін қажетті барлық медициналық жабдықты қамтиды. Медициналық стандартты орындау үшін қажетті медициналық емес жабдық (мысалы, қуаты 20 кВА-дан асатын генератор, жедел жәрдем машинасы, су тазарту құрылысжайы және санитариялық-техникалық жабдық) шығысты өтеу мақсатында бөлек атап көрсетілген. Әрбір медициналық мекеме мен модуль үшін медициналық жабдыққа қойылатын қайта қаралған талаптар осы қосымшаға толықтыруларда келтірілген.
6. Дербес орнатылған медициналық модульдер "Негізгі жабдық" құжаты бойынша жеке бірлік ретінде өтелетін болады.
7. Медициналық мекемені тексеру туралы есепті дайындау кезінде стандартта айқындалғандай, сапа, қуат және мүмкіндік негізгі фактор болып табылады. Сондықтан, өтеу сомасынан шегеру алдында кез келген кемшіліктің, сәйкессіздіктің немесе қабылданған түзету әрекетінің немесе ауыстырудың жұмысына ықпал етуі туралы сараптамалық медициналық қорытынды алу қажет.
Қызмет стандарты
8. БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциясы шеңберінде әскери/полиция контингенты өрістеткен және оларға БҰҰ-ның 2 және/немесе 3-деңгейдегі далалық миссиясы үшін стандартты тұрғын үй берген кезде бұл заттар негізгі жабдық ретінде бөлек өтеледі. (8-тарауды қараңыз, А қосымшасы, "Орналастыруға арналған жабдық, лагерьлік бөлімше" (тиісінше 2 және 3-деңгейдегі медициналық мекеме үшін орташа және үлкен) (КТМ жөніндегі нұсқау, 2023). Жуынуға арналған блоктар негізгі жабдық ретінде бөлек өтеледі.
9. Медициналық қамтамасыз ету және қауіпсіздік кез келген уақытта қажет; сондықтан әскерді/полиция күштерін беретін ұйым медициналық өзін-өзі қамтамасыз ету кіші санатында ішінара өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды. Бірінші деңгейдегі медициналық қызмет көрсету әскердің/полиция контингентінің міндеті болып табылады, алайда әрбір бірінші деңгейдегі мекеме өзінің жауапкершілік аймағында тұрақты немесе уақытша болатын БҰҰ-ның барлық персоналына медициналық қолдауды және оған қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге тиіс. Негізінде, 1-деңгейдегі мұндай тұрақты емес медициналық көрсетілетін қызмет төтенше жағдайда ақы алынбай ұсынылуға тиіс. Алайда, әскери/полиция контингенті көрсетілген қызметтің құнын өтеу туралы шешім қабылдай алады, сондықтан көрсетілген шұғыл қызметті құжаттау және тіркеу туралы талап бар. БҰҰ-ның барлық медициналық мекемесі өздерінің жауапкершілік аймағында БҰҰ-ның барлық персоналына шұғыл медициналық көмек көрсетуге жауапты болады. Шұғыл жағдайды қоспағанда, мамандар мен 2 және 3-деңгейдегі медициналық мекеме пациентті қабылдамас бұрын 1-деңгейдегі мекемеден жолдама сұрай алады. Бітімгер әйелдердің ерекше медициналық қажеттілігін қанағаттандыру үшін негізгі дәрілік заттарға үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін күш-жігер салу қажет.
10. Миссия штабы көбінесе БҰҰ қызметкерлеріне және өзін-өзі қамтамасыз ету шеңберінде өтем алмайтын басқа да уәкілетті қызметкерлерге медициналық көмек көрсету туралы өтінішпен медициналық қамтамасыз ету мекемесіне жүгінеді. Мұндай жағдайда медициналық мекеме көрсетілген медициналық көмек үшін төлем моделін қолданып, тиісті шығысты өтеуге қол жеткізуге құқылы. Келісілген рәсімдер мен көрсетілетін қызметті төлеуге тариф осы қосымшаға 16-толықтыруда келтірілген. Әскер/полиция беретін, бұған құқығы жоқ әскери қызметшілерге (мысалы, жергілікті азаматтық тұрғындарға) көрсетілген медициналық көмекті Біріккен Ұлттар Ұйымы өтемейді.
11. Осы қосымшада көрсетілген стандартқа сәйкес барлық көрсетілетін медициналық қызметті ұсына алмайтын әскер/полиция күштерін беретін елдер бұл туралы Хатшылықты Өзара түсіністік туралы меморандум жасау туралы келіссөздер барысында және өрістетілгенге дейін барлық жағдайда хабардар етуге тиіс.
12. Контингент командирі, егер әскери/полиция контингентін өрістету кезінде оның өзін-өзі қамтамасыз ету шартында медициналық жабдықпен, дәрі-дәрмекпен немесе шығыс материалымен барабар жабдықтауды қамтамасыз ете алмайтыны анықталса, миссияны дереу хабардар етуге тиіс. Егер әскер/полиция күштерін беретін ел екіжақты негізде қорды толықтыруды ұсынатын басқа жеткізушіні таба алмаса, Біріккен Ұлттар Ұйымы дәрі-дәрмекпен, шығыс материалымен және медициналық мүлікпен тұрақты жабдықтауды өзі көтеруге тиіс. Медициналық персоналды беруге және медициналық көрсетілетін қызметті ұсынуға әскер/полиция күштерін беретін елдер жауапты болады. Медициналық өзін-өзі қамтамасыз етуге шығысты өтеу әскер/полиция күштерін беретін ел толық өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын күннен бастап жүргізілмейді.
13. Барлық персоналдың оған құқығы бар медициналық көмекті алуын қамтамасыз ету және медициналық өзін-өзі қамтамасыз етуге шығысты тиімді және әділ өтеу жүйесін қамтамасыз ету үшін барлық әскери және полиция персоналы оған медициналық қызмет көрсетуге жауап беретін медициналық мекемеге тіркелуге тиіс. Тіркелу бөлімше құрамында да (құрылған бөлімшелер үшін), жеке де (БҰҰ полициясы, әскери байқаушылар және штаб-пәтердің қызметкерлері) жүзеге асырылуы мүмкін. Әрбір адам қолданылатын жерде 1-деңгейдегі, 2-деңгейдегі және/немесе 3-деңгейдегі мекемеге тіркелуге тиіс.
14. Миссияға кірген кезде барлық персоналдың қандай медициналық мекеме оған қызмет көрсетуге жауапты екені туралы хабардар етілгені, сондай-ақ барлық медициналық мекеменің осы мекемеге кімнің тіркелгені туралы хабардар етілгені үшін жауапкершілік күштердің бас дәрігеріне/дәрігеріне жүктеледі. Жеке адамдар мен бөлімшелер бір медициналық мекеменің жауапкершілік аймағынан екіншісінің жауапкершілік аймағына ауысқан кезде мұндай ақпаратты немесе хабарламаны беру қажет.
15. БҰҰ-ның барлық азаматтық персоналы әскери қызметшілер сияқты медициналық мекемеге тіркелуге тиіс; алайда, егер бұл Өзара түсіністік туралы меморандумда нақты көрсетілмесе, бұл өзін-өзі қамтамасыз ету шеңберінде шығысты өтеуге құқық бермейді. Балама ретінде "қызмет көрсеткені үшін ақы төлеу" моделі қолданылуы мүмкін.
16. БҰҰ-ның барлық медициналық мекемесі барлық пациенттің қадір-қасиеті мен даралығын сақтап, БҰҰ-ның барлық персоналын қабылдау және емдеу үшін жабдықталуға және персоналмен жасақталуға тиіс.
17. Қосымша медициналық жабдықты, құралды, керек-жарақты және шығыс материалын қоса алғанда, өзін-өзі қамтамасыз ету негізінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметке шығысты өтеу көрсетілетін қызмет деңгейі үшін өзін-өзі қамтамасыз ету мөлшерлемесі бойынша жүргізілетін және нақты персонал бойынша медициналық мекеме жауапты болатын бөлімшенің/контингенттің саны Өзара түсіністік туралы меморандумда келісілген деңгейге дейін есептелетін болады.
18. Егер әскери/полиция контингенті бір деңгейден астам көрсетілетін қызметті қамтитын БҰҰ стандартына сәйкес келетін медициналық көрсетілетін қызметті ұсынса, онда бұл деңгей тиісті түрде жинақталады. Алайда, егер 3-деңгейдегі медициналық мекеме 2-деңгейдегі медициналық қызмет көрсететін медициналық мекемесі жоқ ауданды қамтыса, онда 2 және 3-деңгейдегі өзін-өзі қамтамасыз ету көрсеткіші жинақталмайды. 2 және 3-деңгейдегі өзін-өзі қамтамасыз етудің аралас мөлшерлемесі пайдаланылады, ал өтемді есептеу 2 және 3-деңгейдегі медициналық көмек көрсету үшін 3-деңгейдегі медициналық мекемеге жіберілген контингент персоналының нақты саны негізінде жүргізіледі.
Әскер/полиция күштерін беретін тарапқа байланысты емес күтпеген логистикалық қиындық себебінен медициналық қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайда қабылдаушы елдің медициналық материалмен өзін-өзі қамтамасыз етуге кедергі келтіретін қағидалары мен саясаты нәтижесінде жоғалған немесе бұлінген медициналық материалды өтеу өзіндік құны бойынша жүргізілетін болады. Біріккен Ұлттар Ұйымы әскер/полиция беретін тараппен келісіп, мұндай мән-жайдың ауқымын толық немесе ішінара айқындауға жауапты болады.
19. Медициналық өзін-өзі қамтамасыз ету мөлшерлемесі бойынша шығысты өтеу құқығын алу үшін медициналық мекеме Өзара түсіністік туралы меморандумда келісілгендей, барлық тиісті персоналды, жабдықты, дәрі-дәрмекті және шығыс материалын (оның ішінде эпидемиологиялық қаупі жоғары аймақ үшін қажетті) қоса алғанда, базалық, бірінші, екінші, үшінші деңгейдегі санат, қан мен қан өнімін сақтау және қаупі жоғары аймақ үшін медициналық өзін-өзі қамтамасыз етуге тиіс. Жарақтандыру деңгейі осы қосымшада және медициналық мекеме үшін БҰҰ-ның далалық миссиясын медициналық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқауда көрсетілген және Өзара түсіністік туралы меморандумда көрсетілген БҰҰ стандартына сәйкес келуге тиіс. Дәрі-дәрмек пен шығыс материалы ДДҰ стандартына сәйкес келуге тиіс.
Барлық медициналық персоналды техникалық куәландыру далалық миссияда өрістетілген әскери/полиция контингентін беретін кез келген медициналық мекеме үшін негізгі талап болып табылады. Мұндай рұқсатты алу үшін қажетті барлық құжатты Біріккен Ұлттар Ұйымының медициналық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқауының соңғы басылымында мазмұндалған рәсімдер мен мерзімге сәйкес тексеру үшін Біріккен Ұлттар Ұйымына жоспарланған өрістетуге немесе ротациялауға дейін әскер/полиция күштерін беретін ұйым ұсынуға тиіс. Техникалық тексеру өлшемшартын сақтамау медициналық қамтамасыз етуді жұмыс істемейтін және өтелмейтін етеді.
20. Төменде өзін-өзі қамтамасыз ету көрсеткішін ескеріп, медициналық қызмет көрсетудің әр деңгейі үшін БҰҰ стандартының қысқаша мазмұны келтіріледі. Медициналық қамтамасыз ету үшін жабдыққа қажеттілік туралы толық ақпарат осы қосымшаға толықтыруларда қамтылады. Иммундау саясаты, безгек профилактикасы, инфекцияны таратушыға, АИТВ-ға/ЖИТС-ға және жыныстық жолмен таратылатын ауруларға қарсы күрес туралы қосымша ақпарат осы қосымшаға 17-толықтыруда қамтылған (КТМ жөніндегі нұсқау, 2023 ж., 3-тарау). Жергілікті жерде медициналық қамтамасыз ету деңгейі туралы ақпарат БҰҰ медициналық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқауының 4-тарауында, ал медициналық персоналдың ең төменгі кәсіби біліктілігі - БҰҰ медициналық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқауының 8-тарауында мазмұндалған:
(a) Жолдастың алғашқы көмегі: жарақат алған жерде оқиға орнында зардап шеккен адамға өз бетінше немесе жақын адам көрсететін негізгі шұғыл алғашқы көмек. Біріккен Ұлттар Ұйымының жауынгерге арналған дәріқобдишаға қойылатын талабы осы қосымшаға 1-толықтыруда мазмұндалған. Контингенттің әрбір әскери қызметшісінде өзімен бірге бір толық дәріқобдиша болуға тиіс. Жолдастарға алғашқы көмек көрсету үшін дәріқобдиша мүмкіндігінше тез берілуге тиіс, алайда 2022 жылғы 1 шілдеден бастап бұл міндетті болып табылады.
(b) ұжымдық алғашқы көмек: ұжымдық алғашқы медициналық көмек жарақат алған жерде оқиға орнында зардап шеккен адамға жақын адам көрсететін негізгі шұғыл алғашқы көмекті қамтиды. Біріккен Ұлттар Ұйымының коммуналдық алғашқы көмекке қойылатын талаптары осы қосымшаға 2-толықтыруда мазмұндалған. Алғашқы медициналық көмек дәріқобдишасы қаупі жалпы және жоғары орынға арналған және көлік құралында, шеберханада және жөндеу шеберханасында, асүйде және тамақ дайындауға арналған үй-жайда, сондай-ақ медицина қызметкері қажет деп санайтын басқа кез келген жерде болуға тиіс.
(c) далалық медициналық көмек жиынтығы: далалық медициналық көмек жиынтығы - бұл анағұрлым күрделі жабдық жинағы мен шығыс материалын беру үшін арналған алғашқы көмек көрсетуге және зардап шеккен адамға жарақат алған жерде өмірлік маңызды көмек көрсетуге арналған жетілдірілген медициналық жиынтық. Біріккен Ұлттар Ұйымының далалық дәріқобдишаға қойылатын талаптары осы қосымшаға 3-толықтыруда мазмұндалған. Ротада бір жиынтықтың болуы ұсынылады, бұл ретте нақты қажеттілік жұмыс жағдайын ескеріп, Өзара түсіністік туралы меморандум бойынша келіссөздер барысында айқындалады. Әскерді/полицияны беретін ұйым бір ротаға кемінде бір даярланған адамды БҰҰ-ның далалық дәрігерлер курсына сәйкес қажетті жетілдірілген медициналық дағдымен және жеткілікті біліктілік деңгейіне дейін даярлаумен қамтамасыз етіп, оны дайындайды (жоғарыдан қараңыз).
(d) 1-деңгейдегі медициналық мекеме: 1-деңгейдегі медициналық мекеме медициналық көмектің бірінші деңгейін, яғни алғашқы медициналық көмекті және өмірді шұғыл құтқару және реанимация бойынша көрсетілетін қызметті қамтамасыз етеді. Әдетте, 1-деңгейдегі негізгі мүмкіндікке мыналар жатады: науқастануы бойынша кәдімгі шақырту және персоналдың міндеттерді орындауға дереу қайтып оралуы үшін оның жеңіл аурулары мен жарақаттарын емдеу; жараланған жерден жараланғандарды жинау және шектеулі сұрыптау; жараланғандардың жағдайын тұрақтандыру; жараланғандарды зақым алу түрі мен ауырлығына байланысты медициналық мүмкіндіктің келесі деңгейіне эвакуациялауға немесе тиісті деңгейдегі медициналық мекемеге дайындау; шектеулі стационарлық қызмет көрсету; ауру профилактикасы, медициналық тәуекелді бағалау және жауапкершілік аймағындағы күштерді қорғау бойынша консультация беру. 1-деңгейдегі медициналық мекеме - бұл дәрігер/дәрігерлер бар медициналық көмектің бірінші деңгейі. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1-деңгейдегі медициналық мекемеге қойылатын талаптары осы қосымшаға 4-толықтыруда мазмұндалған.
(e) 2-деңгейдегі медициналық мекеме: 2-деңгейдегі медициналық мекеме медициналық қызмет көрсетудің келесі деңгейін және негізгі хирургиялық дағды, сондай-ақ миссияның әрекет ету ауданында тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету, госпитальдық және қосымша көрсетілетін қызмет қолжетімді болатын бірінші деңгейді қамтамасыз етеді. 2-деңгейдегі медициналық мекеме 1-деңгейдегі барлық мүмкіндікті береді, одан басқа шұғыл хирургия, зақым алуды жою хирургиясы, операциядан кейін қызмет көрсету және тәуелділік дәрежесі жоғары науқастарға күтім жасау, реанимация және стационарлық қызмет көрсету мүмкіндігін, сондай-ақ негізгі имагинативті, зертханалық, фармацевтикалық, профилактикалық медициналық және стоматологиялық көрсетілетін қызметті қамтиды. Ауру тарихын жүргізу және эвакуацияланған пациентті қадағалау да 2-деңгейдегі медициналық мекемеге қажет ең аз мүмкіндік болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының 2-деңгейдегі медициналық мекемеге қойылатын талаптары осы қосымшаға 5-толықтыруда мазмұндалған.
(f) 3-деңгейдегі медициналық мекеме: 3-деңгейдегі медициналық мекеме миссия ауданында өрістетілген медициналық қызмет көрсетудің ең жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Бұл деңгейде 1 және 2-деңгейдегі медициналық мекеменің барлық мүмкіндігі, сондай-ақ көпбейінді медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі беріледі.
Хирургиялық көрсетілетін қызмет, арнайы көрсетілетін қызмет және арнайы диагностикалық көрсетілетін қызмет, жоғары тәуелді көмек көрсету бойынша кеңейтілген мүмкіндік, қарқынды терапия бойынша кеңейтілген мүмкіндік және арнайы амбулаторлық көрсетілетін қызмет. Біріккен Ұлттар Ұйымының 3-деңгейдегі медициналық мекемеге қойылатын талаптары осы қосымшаға 6-толықтыруда ұсынылған.
(g) жеңіл мобильді хирургиялық модуль: жеңіл мобильді хирургиялық модуль жылдам өрістету талап етілетін миссияның бастапқы кезеңінде, сондай-ақ әскери және полиция компоненті нақты қатерді жою немесе операция жүргізу үшін миссия ауданы шегінде жылдам орнын ауыстыруға тиіс миссияда анағұрлым пайдалы болатын аясы тар арнайы құрал болып табылады. Аэромедициналық эвакуациялау қашықтығы үлкен және жараланғаннан кейін екі сағат ішінде БҰҰ-ның операция жүргізу жөніндегі ұсынымдарын орындауды қиындататын миссияда оның маңызы ерекше. Басқа медициналық мекемеге қарағанда, ол реанимациялық және хирургиялық көмек көрсетуге бағытталған және 1, 2 және 3-деңгейдегі мекемеде болатындай алғашқы медициналық-санитариялық көмектің кең спектрін қамтамасыз етпейді. Мұнда зақымды жою бойынша реанимациялық және хирургиялық іс-шаралар, сондай-ақ жедел эвакуациялау алдында операциядан кейінгі шектеулі қарқынды терапия жүргізіледі. Объектінің максималды мобильділігі мен жеңілдігін қамтамасыз ету үшін онда саны аз медициналық жабдық көзделген, ал өзі жұмсақ тасада орналастырылған. Медициналық жабдық сенімді, көпфункционалды және далалық жағдайда пайдалануға арналған болуға тиіс. Персонал барынша азаяды және бөлімше көлік құралын беруді қоспағанда, бөгде адамның көмегінсіз жабдықты буып-түю, монтаждау, бөлшектеу және жылжыту үшін қажетті дағдыға ие болуға тиіс. Жеңіл мобильді хирургиялық модульге қойылатын талаптар осы қосымшаға 7-толықтыруда келтірілген (КТМ жөніндегі нұсқау, 2023 ж., 3-тарау).
(һ) аэромедициналық эвакуациялау модулі: аэромедициналық эвакуациялау модуліне байланысты өзін-өзі қамтамасыз етуге шығысты өтеу құқығын алу үшін күштер мен құралдарды беретін әскер/полиция емдеу мүмкіндігін және 3-тарауда, С қосымшасында, 10 және 10.1-толықтыруларда атап көрсетілген медициналық жабдықпен қамтамасыз ете алатын жағдайда болуға тиіс (КТМ жөніндегі нұсқау, 2023 ж., 3-тарау).
(i) ортопедиялық модуль: өзін-өзі қамтамасыз ету негізінде ортопедиялық модуль бойынша шығысты өтеу құқығын алу үшін әскер/полиция емдеу мүмкіндігін және 3-тарауда, С қосымшасында, 13 және 13.1- толықтыруларда атап көрсетілген медициналық жабдықты беруге қабілетті болуға тиіс (КТМ жөніндегі нұсқау, 2023 ж., 3-тарау).
(j) физиотерапиялық модуль: физиотерапиялық модуль бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге шығысты өтеу құқығын алу үшін әскер беретін әскер/полиция емдеу мүмкіндігін және 3-тарауда, С қосымшасында, 14 және 14.1-толықтыруларда атап көрсетілген медициналық жабдықпен қамтамасыз ете алатын жағдайда болуға тиіс (КТМ жөніндегі нұсқау, 2023 ж., 3-тарау).
(k) ішкі медицина модулі: өзін-өзі қамтамасыз ету негізінде ішкі медицина модулі бойынша шығысты өтеу құқығын алу үшін әскер/полиция 3-тарауда, С қосымшасында, 15-толықтыруда көрсетілген емдеу мүмкіндігін қамтамасыз ете алатын ішкі медицина жөніндегі маманды беруге тиіс (КТМ жөніндегі нұсқау, 2023 ж., 3-тарау).
(l) қан және қан препараты: егер әскер/полиция беретін 2 немесе 3-деңгейдегі медициналық мекеме бұл мәселені талқылау қажет деп санам аса, қан және қан препаратын Біріккен Ұлттар Ұйымы жеткізуді, талдауды, өңдеуді және енгізуді қоса алғанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының стандартына сәйкес береді. Мұндай жағдайда бұл мәселе әрбір нақты жағдайда ескерілетін және Өзара түсіністік туралы меморандумға С қосымшасында көрсетілетін болады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы қан мен оның препаратының бұзылуын немесе ластануын болдырмау үшін климаттық жағдайда (суық тізбек) сақтау және жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Медициналық мекеменің білікті персоналы ластануды болдырмау үшін белгіленген гигиена қағидаларын сақтап, қан тобы мен резус-фактордың үйлесімділігіне сәйкес қан мен оның препаратын құюды жүзеге асырады, сондай-ақ қан тобын талдайды және айқындайды. Қан және оның препараты туралы анағұрлым толық ақпаратты БҰҰ-ның медициналық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқауының 12-тарауынан табуға болады.
(m) медициналық газ: медициналық газбен толтыруды (оны сақтауға арналған баллонды емес, тек медициналық газды) Біріккен Ұлттар Ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымының стандартына жүзеге асыратын болады.
(n) қаупі жоғары аудан (эпидемиологиялық): қаупі жоғары аймақта (эпидемиологиялық) өзін-өзі қамтамасыз етуге шығысты өтеу құқығын алу үшін әскер/полиция беретін елдер вакцинасы жоқ эндемиялық инфекциялық аурулармен ауыру деңгейі жоғары ауданда медициналық жабдықтауды, химия профилактикасын және профилактикалық медициналық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс. Қаупі жоғары аудандар (эпидемиологиялық) үшін ең төменгі стандарт БҰҰ персоналы өрістетілген өңірге байланысты өзгеруі мүмкін және БҰҰ персоналы ұшырайтын қатерге негізделеді. Өзін-өзі қамтамасыз етуге шығысты өтеу, ең болмағанда, профилактикалық фармацевтикалық препаратпен (безгекке қарсы) қамтамасыз етуді және оны жұмыс істейтін жай-күйде ұстауды қамтиды.
Осы қосымшаға 17-толықтыруда көрсетілгендей, безгекті профилактикалық емдеу ұлттық міндет болып табылады (КТМ жөніндегі нұсқау, 2023 ж., 3-тарау).
(o) стоматологиялық мекеме: стоматологиялық мекеме бөлімше персоналының стоматологиялық денсаулығын сақтау үшін стоматологиялық көмек көрсетуге, негізгі немесе шұғыл стоматологиялық процедураны жүргізуге, стерильдеу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, шағын профилактикалық процедура жүргізуге және миссия персоналын ауыз қуысының гигиенасына оқытуға қабілетті болуға тиіс.
Біріккен Ұлттар Ұйымының медициналық қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігі жөніндегі стандарты (HQPS-Healthcare Quality and Patient Safety) далалық миссияда өрістетілген әскери немесе полиция контингентін беретін кез келген медициналық мекеме үшін негізгі талап болып табылады. Әскери және полиция контингентін беретін барлық медициналық мекеме осы стандартты сақтауға міндетті. Осы стандарттың сақталуын Денсаулық сақтау басқармасының еңбекті қорғау және денсаулық сақтау бөлімі (DHMOSH) бағалайтын болады.
Вакцинациялау
21. Біріккен Ұлттар Ұйымының ұсынымдарына сәйкес вакцинациялау мемлекеттің міндеті болып табылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы өрістетілгенге дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық қызметкеріне қандай екпе және қандай профилактикалық шара жасалатыны туралы қажетті ақпарат береді. Егер БҰҰ персоналының біреуі тиісті екпесіз және профилактикалық шарасыз өрістетілетін болса, Біріккен Ұлттар Ұйымы қажетті екпе мен профилактикалық шара ұсынады. Мұндай жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы контингент персоналына әскер/полиция береты елдерге берілетін шығысты өтеу есебінен жабылатын бастапқы вакцинациялауға барлық шығысты шегереді.
G қосымшасы |
БҮҰ-ның бөлуді бақылау жөніндегі күштері (UNDOF)
Күштер резервінің ротасына қойылатын талаптар туралы мәлімдеме
Бейбітшілікті қолдау жөніндегі операция департаменті
Әскери мәселелер бойынша басқарма
Әскери жоспарлау қызметі
Мақұлданды
Генерал-лейтенант Максуд Ахмед
Бітімгершілік операция жөніндегі әскери кеңесші 2014 ж. 4 ақпан
Қажет болған кезде Әскери жоспарлау қызметі Тел: 917-367-3996
Жасырын
Осы құжат UNDOF күштері үшін бөлімшелерге қойылатын талаптар туралы (SUR-statement of unit requirement) мәлімдемені білдіреді.
Резервтегі рота. Онда санкцияланған операцияны жүзеге асыру кезінде бөлімшенің тиімділігін оңтайландыру үшін қажетті мүмкіндік келтірілген. Операцияның әскери-стратегиялық ниеті (CONOPS-concept of operations) және кез келген баска құжат.
Болашақ CONOPS түзетулері бөлімшеге қосымша және анағұрлым нақты талаптар қоюы мүмкін. Өзара түсіністік туралы тиісті меморандумдар (MOU-Memorandum of understanding) осы құжатта көрсетілген мүмкіндік негізінде талқыланады. Әскерді беретін елдер (TCCs- troops contributing countries) CONOPS операцияны жүргізу ниетіне, қаруды қолдану қағидаларына (ROE-rules of engagements) және Бітімгершілік операциялар департаменті (DPKO-Department of peacekeeping operations) / Далалық қолдау департаменті (DFS-Departmentoffieldsupport) БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларында өкілеттікке, қолбасшылықка және бақылауға қатысты мынадай талаптарды орындайды деп күтілуде. Осындай MOU немесе ТСС басшылық қағидатында қамтылған ережелер осы құжатта мәлімделген мүмкіндікті алмастырмайды және өрістетілгеннен кейін осы мүмкіндікті жоспарлы пайдалануға әсер етпейді. Мүдделі тараптар арасында құжатты түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған немесе әртүрлі оқу кезінде тек Әскери жоспарлау қызметінің (MPS-military planning service) және Әскери мәселелер жөніндегі басқарманың (OMA-office of military affairs) түсіндіруі жарамды деп саналады және кез келген басқа интерпретацияға жол берілмейді. Бөлімшеге осы талап 2013 жылгы 16 тамыздағы UNDOF күштерінің резервтегі ротасы үшін алдыңғы талапты ауыстырады.
Сілтемелер:
A. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарары 350, 1974 ж. 31 мамыр
B. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарары 1759, 2007 ж. 20 маусым
C. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарары 2131, 2013 ж. 18 желтоқсан
D. UNDOF (CONOPS) операциясының әскери-стратегиялық ниеті, 2007 ж. 3 қазан
E. UNDOF қару қолдану қағидалары (PPVS), 2011 ж. 06 қараша
F. Израиль мен Сирия арасындағы күштерді белу туралы келісім, 1974 ж. 31 мамыр
G. БҰҰ жаяу әскер батальонының нұсқауы, 2012 ж. 15 тамыз
H. БҰҰ-ның БҰҰ бітімгершілік операциясындағы өкілеттікке, қолбасшылыққа және бақылауға қатысты саясаты, 2008 ж. 15 ақпан
I. Америка Құрама Штаттарында әскери бөлімшелерді орналастыратын, әскер беретін елдерге арналған жалпы қағидалар
БҰҰ-ның бейбітшілікті сақтау миссиясы, 2008 ж. 20 наурыз
J. БҰҰ-ның контингенттің мүлкі туралы нұсқаулығы, 2011 ж. 27 қазан
K. UNDOF әскери әлеуетін зерттеу туралы есеп (MCS- militarycapabilitystudy), 2013 ж. 11 сәуір
Өрістету күштері мен орнына шолу
1. Анықтамалық ақпарат
a. Жағдай. UNDOF және БҚҰ-Бітімге келуді қадағалау ұйымы - Голан байқаушылар тобы (UNTSO-OGG) Сирия ішіндегі қақтығыс өршігеннен кейін жедел жағдай күрт өзгерді, бұл UNDOF және Голан байқаушылар тобының (OGG-observers of Golan group) жауапкершілік аймағына (ZoRzoneo (responsibility) жетті. Осы әсердің нәтижесінде В тарапында және шектеу аймағы (AoLareaoflimitation) шегінде жұмыс істейтін бөлімшелер, объектілер мен персонал қауіп деңгейін жоғарылатты, ал UNDOF/OGG ішінара мүмкіндік бермейтін шарттарда әрекет етеді.
Мандатты бұзу саны айтарлықтай өсті. Жанжалдасуға негіз болатын кедергі операциялық және жеке тәуекелді арттырып, жаңа сын-катер туындап, мандатты орындауға әсер етеді.
b. Күш тұжырымдамасы. UNDOF Бөлу туралы келісімге және хаттамаға сәйкес оларға жүктелген оқ атуды тоқтату режимін қолдау және бөлу аймағы (AOSareaofseparation) мен шектеу аймағын (AOL) бақылау міндеттерін орындайды. UNDOF Голан байқаушылар тобының (OGG)/БҰҰ Бітімге келуді қадағалау ұйымының (UNTSO) тікелей қолдауымен операцияларды стационарлық қадағалауды және мобильді патрульдеуді үйлестіру арқылы қойылған міндеттерді орындайтын болады. UNDOF өз мүмкіндігі шеңберінде өңірдегі гуманитарлық қызметке және БҰҰ қызметінің басқа түріне жәрдемдесетін болады.
c. Бөлімшені қолдану тұжырымдамасы. Туындайтын проблеманы ескеріп, UNDOF үшін жауынгерлік қабілетті резервтегі бөлімшені қажет етеді. Бұл резерв ротасы (FR Coy) UNDOF командирінің (FC-force commander) UNDOF жауапкершілік аймағы шегінде UNDOF күштері қолбасшысының жедел басқаруымен (OPCONoperationalcontrol) және операция кезінде КС-ге берілген, өрістетілген батальон командирлерінің тактикалық бақылауымен (TACON- tactical control) өрістетілетін болады. UNDOF құрамында осы мобильді, қорғалған және жеке ротаны өрістету қолдан жасалған жару құралына қарсы әрекет етуді күшейтуді, (CIED СоunterImprovisedExplosiveDevice)/қолдан жасалған жару құралын кәдеге жаратуды (IEDDImprovisedExplosiveDeviceDisposal), бірге жүруді және AoR UNDOF қажетті басқа да жедел мүмкіндікті қамтамасыз етуге арналған.
2. Орындау
a. Ұйымдастыру. А қосымшасын қараңыз. Бөлімше саны - 139 адамға дейін. Бөлімше құрамына бір рота штабы, екі механикаландырылған жаяу әскер взводы, бір механикаландырылған барлау бөлімшесі, бір материалдық-техникалық қамтамасыз ету взводы, бір медициналық қамтамасыз ету тобы (MST-medical support team) және CIED/IEDD мүмкіндігі бар бір сапер тобы кіреді.
b. Жауапкершілік аймағы. UNDOF жауапкершілік аймағы.
c. Тән міндетгер. Ротада белгілі бір негізгі міндеттер болады. Алайда бұл тізім толық деп қаралмауға тиіс; басқа міндеттерді Күштер қолбасшысы бөлімшенің шектеуі/мүмкіндігі шегінде командалық реттілік бойынша қоюы мүмкін. Негізгі міндеттер:
(1) Күштердің дербес резервтегі ротасы ретінде қызмет өткеру.
(2) UNDOF жауапкершілік аймағы шегінде взвод немесе рота деңгейінде қайта орналастыруға дайын болу.
(3) UNDOF барлық аумағында туындайтын жағдайға жедел ден қою күштері (QRF)/жeдeл ден қою тобы ретінде жоғары әзірлік жай-күйінде қалу
(4) қажет болған кезде мониторинг пен есептілікке үлес қосу.
(5) UNDOF барлық аумағында жұмыс істеуге қабілетті қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны (CIED/IEDD) қатерсіздендіру/қарсы әрекет ету мүмкіндігі бар саперлердің бір тобын беру.
Осы миссияға сәйкес саперлер бөлімшесі мынадай мүмкіндікке ие болуға тиіс:
(a) жарылмаған және тасталған жарылғыш оқ-дәрілерді, сондай-ақ жауапкершілік аймағында табылған қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны (IEDD) қоса алғанда, соғыстың жарылғыш қалдығын (ERW-Explosive remnants of War) анықтау, сәйкестендіру, бағалау, қауіпсіз жай-күйге келтіру, алу және кәдеге жарату сияқты қатерсіздендіру/минадан тазарту бойынша мамандандырылған функцияларды орындау.
(b) қаруды техникальгқ барлау (WTI) деректерін жинау, жарылыс инцидентін тергеп-тексеру және дәлелдемелерді бағалау.
(c) бомбаның жарылу қатеріне ден қою.
(d) бұйрық бойынша жауапкершілік аймағында ҚЖҚ - IED және ERW-ні жою, қатерсіздендіру және кәдеге жарату.
(e) UNDOF бастамасымен құрылған әртүрлі контингент жүзеге асыратын арнайы объектілерді минадан тазартуда саперлік қолдау көрсету.
(f) ERW және IED тану бойынша оқытып-үйретуді, сондай-ақ UNDOF мүшелері үшін қауіпсіздік техникасы туралы хабардар етуді қамтамасыз ету.
(g) UNDOF құрамында әртүрлі контингент тобы үшін CIED/IEDD қатерсіздендіру бойынша шектеулі оқытып-үйретуді өткізу.
(6) күндізгі және түнгі уақытта өздігінен немесе басқа UNDOF патрульдерімен бірлесіп, мобильді немесе аралас патрульдеу жүргізуге дайын болу.
(7) Голан биіктігінде UNTSO осал позициялары мен бақылау пункттерін нығайтуға дайын болу.
(8) БҰҰ персоналын қатер төнген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, алып шығу мен эвакуациялауда көмек көрсетуге дайын болу.
(9) тиісті тапсырманы алған кезде өз мүмкіндігі шегінде басқа операцияны жүргізуге дайын болу.
d. Арнайы талаптар:
(1) бөлімшеде екі механикаландырылған взвод болуға және мыналармен жабдықталған болуға тиіс:
(a) дөңгелекті броньды транспортер (БТР).
(b) взвод деңгейіндегі экипажды қолдаудың тиісті қаруы.
(c) түнде көру аспабы (ТКА) және жаһандық позициялау жүйесі (GPS)
(2) бөлімшеде мынадай мүмкіндік болуға тиіс:
(a) бұйрық бойынша күндіз және түнде жұмыс істеу.
(b) Жедел ден қою тобы (QRT) ретінде жауапкершілік аймағының берілген ауданында 10 минут ішінде кешенді жеткізумен бір жеке резервтегі взводты өрістетуге дайын болу.
(c) 30 минут ішінде кешенді жеткізумен QRF ретінде ротасын (рота штабын және 2 және одан астам взводты, қоса берілсе) өрістетуге дайын болу.
(d) жауапкершілік аймағында берілген ауданда өрістету мүмкіндігінің болуы.
(e) кез келген тапсырманы орындау ауданында тактикалық операцияны өрістету/жүргізу үшін взводты шектеулі мерзімге (48 сағатқа дейін) бөлуге қабілетті болу.
(3) қажет болған жағдайда EOD/CIED немесе ORT тобымен бірге өрістету үшін дәрігерді қоса алғанда, бір кешенді медициналық қамтамасыз ету тобын (MST-medical support team) беру.
(4) ядролық, биологиялық және химиялық (ЯБХ) қарудан қорғау: БҰҰ күштері ЯБХ жағдайында әрекет етпеуге тиіс. БҰҰ операция аяқталған, орын ауыстырған немесе эвакуацияған кезеңде, осындай ахуал туындаған жағдайда қоршаған ортаға әсерді азайту бойынша шараларды қамтамасыз етеді.
Қоршаған орта. БҰҰ мұндай жағдай туындаған жағдайда операция, орын ауыстыру немесе эвакуациялау жұмысы аяқталған кезеңде қоршаған ортаға әсерді азайту жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
e. Негізгі жабдыққа қойылатын талаптар. Негізгі жабдыққа қойылатын талаптар В қосымшасында келтірілген. Контингентке тиесілі мүліктің нақты санын, құрамы мен өрістету орнын Бітімгершілік операциялар департаментімен (DPKO) келіссөздер арқылы әскерді беретін ел (ТСС) айқындайды.
3. Әкімшілік талаптар. Ұлттық жауапкершілік.
4. Логистика.
a. Жалпы ережелер. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәртібі КТМ (контингентке тиесілі мүлік) басшылығында жазылған. Бөлімшелерді өрістету орнында жабдықталыммен, сумен және отынмен қамтамасыз ету БҰҰ жауапкершілігімен жүзеге асырылатын болады.
b. Жеткізу. БҰҰ тағайындаған белгіленген жерден барлық тауарды алдыңғы кезектегі пункттерге жеткізуді әскерді беретін ел БҰҰ-ның көлік құралын пайдаланып жүзеге асырады. Қажеттілік бөлімшенің жүкті жеткізу жөніндегі әдеттегі мүмкіндігінен астам болған жағдайда БҰҰ дұрыс шекте алдыңғы кезектегі пункттер бойынша бөлуге көмек көрсетеді. Егер бөлінген жасақ бөлімшенің жауапкершілік аймағынан алыс өрістетілсе, БҰҰ жабдықталымды, суды және отынды жаңа орналасу орнына береді.
c. Тамақтандыру
БҰҰ асүйді, асхананы, барлық ас үй техникасы мен жабдықты ұсынады.
Әскерді беретін ел аспаз мен логистикалық /көмекші персоналды береді.
d. Офистік қамтамасыз ету. БҰҰ қолайлы үй-жай береді.
e. Электр жабдығы. БҰҰ береді.
f. Шағын инженерия. БҰҰ қамтамасыз етеді.
g. Байланыс. БҰҰ қамтамасыз етеді.
һ. Жуу және тазалау. БҰҰ қамтамасыз етеді.
і. Далалық қорғаныс құрылысжайы. БҰҰ береді.
J. Жалпы мақсаттағы әртүрлі материал. БҰҰ қамтамасыз етеді.
Force Кемгп f Comottn Organization
В қосымшасы |
Негізгі қару-жарақ (жабдық)
Қару-жарақ (жабдық) санаты | Саны | Ескертпе |
Жарылу қаупі бар заттарды/қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны (EOD/IEDD) минасыздандыру үшін жабдық | IEDD мүмкіндігі | |
Қашықтан басқарылатын бомбаларды қатерсіздендіру жабдығы | 1 | |
қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны IEDD жою үшін жабдық жиынтығы | 1 | |
Минаіздегіш (металл құрамына қосымша жарылғыш заттардың пішінін немесе құрамын өлшеуге қабілетті) | 4 | Қос детектор (Vallon VMR3) |
Металл іздегіш | 15 | 10хVallon Mk3, IxMD 2000, 4xD100 |
Металл іздегіш | 2 | |
Жарылу қаупі бар заттарды жою ауыр (EOD) костюмі (V 50 минималды бағасы кеуде мен шап үшін 1600 құрайды) | 7 | |
Жарылу қаупі бар заттарды жою үшін EOD жеңіл костюмі (кеуде және шап үшін ең төменгі V50 - 1000 балл) | 6 | |
Ілмек пен сызық жинағы (МК 4) | 4 | |
Электрондық сөндіргіш | 17 | Көлік құралына орнатылған |
ПК негізіндегі портативті рентген аппараты | 1 | |
Минасыздандыруға арналған жеке қорғау жиынтығы | ||
Минасыздандыру үшін қайырмасы бар қорғаныш дулығасы | 11 | |
Минасыздандыру үшін қорғаныш аяқ киім | 10 | |
Минасыздандыру үшін қорғаныш кеудеше /күрте | 10 | |
Күшейтілген қолғап (жұп) | 10 | |
Контейнер | ||
Шеберхана | 3 | |
Оқ-дәрі дүкені (сақтау үшін) | 3 | |
Басқа контейнер | 14 | |
Қару-жарақ | ||
Шабуыл мылтығы/жеке қару | 130 | |
Техникаға орнатылатын оқшашар (15 мм-ге дейін) | 13 | 1/Жауынгерлік броньды транспортер және барлау машинасы |
Есептоп қолданатын оқшашар (10 мм-ге дейін) | 8 | 1/бөлімше х 3 бөлімше х 2 взвод, 2 х барлау бөлімшесі |
Станокты оқшашар | 2 | 2 барлау бөлімшесі |
Броньды техника | ||
Броньдалған дөңгелекті медициналық транспортер | 1 | |
Дөңгелекті броньды транспортер, қаруланған (1 -сынып) | 11 |
• 8 х жаяу әскер взводы, 1 х командир, 2 х оқ-дәріні жою бөлімшесі |
Броньды барлау машинасы (дөңгелек базасы 25 мм-ге дейін) | 5 | • 2 х барлау бөлімшесі, 3 х қолдан жасалған жарылғыш құрылғысына қарсы топ |
Жарылғыш оқ-дәріден (EOD) броньдалған жүк көлігі | 2 | |
Минадан тазарту машинасы | 1 | |
Қолдау машинасы (әскери үлгідегі) | ||
Джип (4x4) әскери радиостанциямен | 3 | |
Тіркеме | ||
Көп осьті жеңіл жүк көлігі | 2 | |
Ауыр жүк көлігі (20 тонна) | 1 |
Ескертпе. 1. Өзін-өзі қамтамасыз ету БҰҰ-ның мүлкі болып табылады.
2. Басқа да негізгі жабдық (қару-жарақ) БҰҰ-ның мүлкі болып табылады.
Н қосымшасы |
Анықтамалар
1. Қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымның әзірлік стандарты: олар миссия мандатының орындалуын қамтамасыз ету үшін үйымдастырылған немесе тағайындалған әрбір бөлімше немесе құралым, корабль, қару-жарақ жүйесі немесе техника бірлігі міндеттерді немесе функцияларды орындауға қабілетті болуға тиіс екенін айқындайтын стандарт.
2. Шығыс материалы: тұрақты негізде тұтынылатын жалпы сипаттағы жабдықтау заттары. Шығыс материалына оқ-дәрілер, жалпы және техникалық қор, қорғаныс қоры, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар, негізгі жабдық мен персоналды қолдау үшін пайдаланылатын негізгі тауар жатады.
3. Контингент: тапсырманы орындау ауданында өрістетілген құрылған барлық бөлімше, персонал және әскери/полиция контингентінің техникасы.
4. Контингентке тиесілі мүлік: бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияны орындау кезінде өрістетілген және контингент пайдаланатын негізгі жабдық, ұсақ жабдық мен шығыс материалы.
5. Жалға алынған мүлік: Біріккен Ұлттар Ұйымның нақты миссиясында тек осы елдің пайдалануы үшін әскер/полиция күштерін беретін елдерге берілетін үшінші тараптарға тиесілі мүлік, ол миссия аяқталғаннан кейін немесе әскер/полиция күштерін беретін елдер мерзімінен бұрын кеткеннен кейін бастапқы иесіне қайтарылады. Үшінші тарап Біріккен Ұлттар Ұйымына техникалық қызмет көрсетпейтінін растаған жағдайда тиісті коэффициентті қоса алғанда, осындай жабдық үшін техникалық қызмет көрсету мөлшерлемесі әскер/полиция беретін тарапқа өтеледі.
6. Экстремалды табиғи жағдай коэффициенті: экстремалды климаттық жағдайға және жергілікті жер бедеріне байланысты әскер/полиция беретін тарап көтеретін арттырылған шығысты есепке алу үшін негізгі мүлікке және өзін-өзі қамтамасыз етуге арналған шығысты өтеу мөлшерлемесіне қолданылатын миссия коэффициенті. Осы коэффициент әскерді/полицияны беретін тараптың болжамды елеулі қосымша шығысы жағдайында қолданылады. Коэффициент өтеу мөлшерлемесінен 5%-ға аспауға тиіс.
7. Жарылмаған оқ-дәрілерді залалсыздандыру (EOD-explosive ordnance devices): жарылмаған оқ-дәрілерді табу, сәйкестендіру, орында бағалау, қауіпсіз күйге келтіру, алу және түпкілікті жою процесі. Миссияның тапсырмасы бойынша мамандандырылған бөлімше күштердің құралы ретінде жүргізеді. Жарылу қаупі бар оқ-дәрілерді кәдеге жарату бойынша күштік операция миссия ауданының барлық аумағында немесе оның бір бөлігінде жүргізілуі мүмкін. Сонымен қатар, олар зақымдану немесе тозу салдарынан қауіпті болған оқ-дәрілерді қамтуы мүмкін. Өзін-өзі қамтамасыз ету тұрғысынан жарылғыш оқ-дәрілерді кәдеге жарату деп бөлімше өзінің орналасқан жерде немесе лагерьде жүргізетін осындай кәдеге жарату түсініледі.
8. Ұзартылған әрекеттегі уақытша же дел базаны өрістеткені үшін үстемеақы: мандатқа және жедел талаптарға байланысты міндеттерді орындау үшін 12 айдан астам жиынтық мерзімге үш уақытша жедел базада өрістету туралы бұйрық алған әскери және полиция бөлімшелеріне берілетін көтермелеу. Мұндай ұзақ іссапар экстремалды және болжанбайтын жағдайдан туындауға тиіс, олар: (а) болжанғаннан ауқымды өрістету аймағына әкеледі; және (b) бөлімшенің қажеттілігі туралы есепті уақтылы жаңартуға мүмкіндік бермейтін динамикалық жедел жағдай жасайды. Сыйлықақыға сұранысты бөлімшелер өрістетілген миссия күштерінің қолбасшысы мақұлдауға тиіс.
Сыйлықақы бір жылдан астам мерзімге үш уақытша жедел базада өрістетілген персонал санына қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумға С қосымшасында келісілген өзін-өзі қамтамасыз етудің негізгі бес санаты бойынша ұйымға беретін әскерге/полицияға тиесілі тоқсан сайынғы өтемақы сомасынан 5%-ға тең. Өзін-өзі қамтамасыз етудің осы бес санаты тамақтану, байланыс, оқ- дәрілерді залалсыздандыру, далалық қорғаныс қоймасы және шатыр болып табылады.
9. Күштер қолбасшысы: Бас хатшы тағайындаған және Миссия шеңберінде барлық әскери операцияға жауапты офицер.
10. Күштерге тиесілі құрал: байланыс, медициналық немесе инженерлік қызмет сияқты көрсетілетін қызметті ұсынатын бөлімше, олар әдетте Күштер деңгейінде тек өзін-өзі қамтамасыз етуде өтеледі. Мұндай бөлімшелер осындай қызметті көрсету үшін пайдаланылатын негізгі қару-жарақ (жабдық) шығысын өтеуге құқылы болуы мүмкін.
11. Форс-мажор жағдайы: Табиғи катаклизм, соғыс немесе көтеріліс немесе басқа да ұқсас сипаттағы әрекет немесе күш.
12. Мәжбүрлі қалдыру: күштер қолбасшысы, полиция комиссары немесе оның уәкілетті өкілі бекіткен шешімге немесе техника мен жабдықты күтіп-ұстаудан және бақылаудан айыруға әкелетін соғыс қимылын жүргізу қағидаларының ережесіне негізделген әрекет.
13. Жанармай шығысын есепке алу: әскер/полиция күштерін беретін елдер жәрдемдесуге және контингентке тиесілі мүлік үшін жеткізілетін отынды есепке алу үшін БҰҰ-ның электрондық отын қорын басқару жүйесін пайдалануды қоса алғанда, БҰҮ-ның отын қорын басқару жөніндегі нұсқауында немесе миссияның стандартты жедел рәсімдерінде белгіленген нақты механизмді қолдануға тиіс.
14. Жалпы әділ нарықтық құн: инфляцияны ескеріп түзетілген және алдыңғы пайдалануды ескеріп дисконтталған сатып алудың орташа бастапқы бағасы ретінде есептелетін шығынды өтеу мақсаты үшін жабдықты бағалау және кез келген күрделі жақсарту немесе шаманың қайсысы аз екеніне байланысты қалпына келтіру құны. Жалпы әділ нарықтық құн жабдықты пайдалану функцияларын орындау кезінде оған қатысты барлық заттарды қамтиды.
15. Үкімет: әскер/полиция беретін елдің Үкіметі.
16. Миссия басшысы: Қауіпсіздік Кеңесінің келісімімен Бас хатшы тағайындайтын және Миссия шеңберінде Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық қызметіне жауапты лауазымды адам.
17. Дұшпандық әрекет: әскери/полиция контингентінің персоналына және/немесе техникасына тікелей және елеулі теріс әсер ететін бір немесе бірнеше соғысушы тараптың әрекетінен туындаған инцидент.
18. Дұшпандық әрекет немесе мәжбүрлі тастап кету коэффициенті: әскерді беретін тараптың әскері/полициясы келтірген шығын мен залалды өтеу үшін "қызмет көрсетумен" жалдау мөлшерлемесінің өзін-өзі қамтамасыз ету мөлшерлемесінің әрбір санатына және қосалқы бөлшектер элементіне (немесе техникалық қызмет көрсетудің есептік мөлшерлемесінің жартысына) қолданылатын миссия коэффициенті. Коэффициент мөлшерлемеден 6%-ға аспауға тиіс.
19. Инкрементті көлік коэффициенті: шыққан елдегі түсіру порты мен миссия аймағындағы кіру порты арасындағы жүкті алып жүру маршруты бойынша алғашқы 800 км-дан (500 миль) асатын әрбір толық 800 км (500 миль) қашықтық үшін лизинг мөлшерлемесінен 0,25% адыммен "қызмет көрсетумен" лизинг немесе техникалық қызмет көрсету лизингі жүйесі шеңберінде қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарын жеткізуге қосымша шығынды жабу үшін әрбір миссиядағы әрбір контингент үшін жеке есептелетін коэффициент. Теңізге шыға алмайтын елдер немесе жабдық автомобиль немесе теміржол көлігімен миссия ауданына және кері қарай жеткізілетін елдер үшін келісілген шекарадан өту пункті миссия ауданына кіру порты болып табылады.
20. Бастапқы қамтамасыз ету: Материалдық-техникалық қолдау туралы келісім, оның шеңберінде әскер/полиция беретін тарап бөлімшені өтеулі негізде азық-түлік үлесімен, сумен, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етеді. Шығысты өтеу шот-фактуралармен және/немесе басқа да тиісті растайтын құжаттамамен расталған талаптарды ұсыну бойынша жүргізіледі. Әдетте, контингентті немесе бөлімшені бастапқы қамтамасыз ету тек оларды бастапқы өрістету үшін және Біріккен Ұлттар Ұйымы оларды осы шығыс материалдарымен қамтамасыз еткенге дейінгі шектеулі мерзімге (30-60 күн) қажет. Сумен, азық-түлік үлесімен және отынмен бастапқы қамтамасыз етуге қойылатын талаптар әскер беретін елдерге арналған нұсқауда көрсетілетін болады, ал БҰҰ-ны қажетті тауармен қамтамасыз ету шәкілі өрістеткенге дейін әскерді/полицияны беретін елдерге берілетін болады.
21. Негізгі жабдықты жалға алу:
(a) "қызмет көрсетпей" жалға алу шарты: Шығысты өтеу жүйесі, онда әскер/полиция күштерін беретін ел миссия жабдығын ұсынады, ал Біріккен Ұлттар Ұйымы оны күтіп-ұстауға жауапты болады;
(b) "қызмет көрсетумен" жалға алу шарты: Шығысты өтеу жүйесі, онда әскер/полиция беретін тарап өрістетілген негізгі техника бірліктеріне, сондай-ақ тиісті шағын жабдыққа қызмет көрсету және қолдау үшін жауапкершілікті қамтамасыз етеді және өзіне алатын болады. Әскерді/полицияны беретін тарап осындай қолдау көрсету шығысын өтеуге құкылы.
22. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және жол жағдайы коэффициенті: Жабдықты қолдану мерзімінің қысқаруына және оған қызмет көрсету шығысының ұлғаюына экелетін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің ерекше және экстремалды жағдайы мен жол жағдайының әсер етуін әскери/полиция контингентіне өтеу үшін негізгі жабдық шығысын өтеу мөлшерлемесіне және өзін-өзі қамтамасыз ету мөлшерлемесіне қолданылатын миссия коэффициенті. Коэффициент мөлшерлемеден 5%-дан аспауға тиіс.
23. Жоғалту немесе зақымдау: Кінәсіз инцидент, бір немесе бірнеше соғысушы тараптың әрекеті немесе күштер қолбасшысы/полиция комиссары бекіткен шешім нәтижесінде жабдықты және/немесе жабдықтау затын толық немесе ішінара жою.
24. Техникалық қызмет көрсету мөлшерлемесі: Белгіленген стандартқа сәйкес техниканың негізгі түрін жұмыс күйінде ұстау және миссия аймағынан қайтып оралғаннан кейін техниканы жұмыс күйіне қайтару үшін қажетті қосалқы бөлшектерді, келісімшарт бойынша жөндеуді және үшінші және төртінші кезектегі техникалық қызмет көрсетуді қамтитын техникалық қызмет көрсету шығынын Үкіметке өтейтін өтемақы мөлшерлемесі. Техникалық қызмет көрсетудің бірінші және екінші түрін жүргізу кезінде еңбекақы төлеу шығысы қосылмаған, өйткені олар жабдыққа қызмет көрсетуге жауапты әскери және полиция персоналының әдеттегі міндеттерінің бір бөлігі болып табылады. Мөлшерлемеге қосалқы бөлшектерді жеткізудің жалпы шығысын жабу үшін қосымша көлік мөлшерлемесі енгізілген. Бұл мөлшерлеме "қызмет көрсетумен" жалға алу мөлшерлемесінің бір бөлігі болып табылады.
25. Негізгі мүлік: Біріккен Ұлттар Ұйымы мен әскер/полиция беретін тарап айқындаған миссия бөлімшесіне тікелей байланысты негізгі мүлік. Негізгі мүлік санат бойынша не жеке есепке алынады. Жеке өтеу мөлшерлесі негізгі жабдықтың әрбір санаты үшін қолданылады. Бұл мөлшерлемеге негізгі жабдықты күтіп-ұстау үшін пайдаланылатын шағын жабдық пен шығыс материалын өтеу шығысын қамтиды.
26. Қосалқы қару-жарақ (жабдық): Бөлімшені қолдау үшін, мысалы, тамақтануды, өрістетуді, мамандандырылмаған байланысты және инженерлік қамтамасыз етуді ұйымдастыру, сондай-ақ миссияны орындауға байланысты басқа да қызмет түрі үшін пайдаланылатын қару-жарақ (жабдық). Қосалқы жабдықты арнайы есепке алу қажет етілмейді. Қосалқы жабдық екі санатқа бөлінеді: негізгі жабдықты қолдауға арналған жабдық және персоналды тікелей немесе жанама түрде қолдайтын жабдық. Персоналмен байланысты шағын жабдыққа өзін-өзі қамтамасыз ету шығысын өтеу мөлшерлемесі қолданылады.
27. Әрекет ету стандартын бұзу: Күштер мәртебесі туралы келісімге сәйкес БҰҰ-ның әрекет ету стандартын, нақты миссияның қағидалары мен ережелерін немесе ұлттық және жергілікті зандар мен қағидалар бойынша міндеттемелерді бұзу болып табылатын кез келген әрекет немесе әрекетсіздік, оның салдары ұлттық контингенттен тыс көрінеді.
28. Нақты миссияның қағидалары мен ережелері: Біріккен Ұлттар Ұйымның әрекет ету стандартына сәйкес және ұлттық ескертпені ескеріп, миссия басшысы, күштер командирі/полиция комиссары немесе БҰҰ далалық миссиясын қолдау бөлімінің директоры/бастығы шығаратын стандартты жедел рәсімдер, директивалар және басқа да ережелер, бұйрықтар мен нұсқаулар. Олар қолданыстағы ұлттық және жергілікті заңдар мен қағидалар туралы ақпаратты қамтуға тиіс.
29. Жазатайым оқиға: Кездейсоқ оқиға немесе абайсыз әрекет ету нәтижесінде туындаған инцидент; мұндай инцидентке олератордың немесе жабдықты сақтаушының қасақана бұзуы немесе өрескел ұқыпсыздығынан туындаған әрекет кірмейді.
30. Жедел оқ-дәрілер: Біріккен Ұлттар Ұйымы мен әскер/полиция күштерін беретін елдер олар қажет болған жағдайда пайдалануға дайын болу үшін миссия аймағында өрістетуге келісетін оқ-дәрілер (зениттік немесе инфрақызыл зымырандар сияқты авиациялық өзін-өзі қорғау жүйесін қоса алғанда). Жедел қажеттіліктің туындау қарсаңында күштер қолбасшысының/полиция комиссарының тапсырмасы бойынша және арнайы нұсқауы бойынша өткізілетін БҰҰ-да қабылданған даярлық стандартына сәйкес келу үшін қажетті шеңберден шығатын жедел даярлық немесе оқу-жаттығу барысында жұмсалған оқ-дәрілер жедел оқ-дәрілер болып саналады.
31. Полиция комиссары: Бас хатшы тағайындайтын және миссия шеңберіндегі барлық полиция операциясына жауап беретін қызметкер.
32. Өрістету алдындағы сапар: Бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялар департаменті, Жедел қолдау және далалық миссиялар департаменті топтарының тиісті функционалдық бөлімшелердің өкілдері құрамында (мысалы, Күштерді құру қызметі, Полиция бөлімі және Бейресми персоналды қолдау бөлімі) мүше мемлекеттерге баруы. Олар мүше мемлекеттерге олардың контингентін өрістетуге дайындауға көмек көрсету және мүше мемлекеттердің миссияның жедел қажеттілігіне қосқан үлесіне және өрістету мерзіміне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
33. Орнын ауыстыру: Миссия аймағы шегінде персонал мен жабдықты бір жерден екінші жерге немесе БҰҰ-ның әртүрлі миссиясы арасында ішкі ауыстыру.
34. Қайтып оралу: персоналды БҰҰ миссиясынан мүше мемлекетпен келісілген кіру әуежайына және жабдықты БҰҰ миссиясынан мүше мемлекетпен келісілген түсіру портына немесе шыққан елдегі бөлімшенің орналасқан жеріне ауыстыру.
35. Фактілерді анықтау үшін алдын ала тергеп-тексеру: Анағүрлым кешірек кезенде ұлттық деңгейде немесе БҰҰ деңгейінде сәтті тергеп-тексеруді жүргізу үшін қажетті дәлелдемелерді сақтау. Тергеп-тексеру жазбаша өтінішті жинауды қамтыса да, ол әдетте куәгерлерден немесе басқа да қатысы бар адамдардан сұрауды қамтымайды.
36. Өзін-өзі қамтамасыз ету: Далалық миссияда бөлімшені материалдық-техникалық қолдау тұжырымдамасы, оған сәйкес ұсынушы мемлекет контингентке өтеулі негізде белгілі бір немесе барлық материалдық-техникалық қолдау көрсетеді.
37. Елеулі теріс қылық: Адам немесе миссия үшін ауыр шығынға, залалға немесе жарақатқа әкелетін немесе әкелуі мүмкін қылмыстық әрекетті қоса алғанда, заңсыз әрекет. Сексуалдық пайдалану және сексуалдық зорлық-зомбылық елеулі теріс қылықты білдіреді.
38. Сексуалдық зорлық-зомбылық: Күш қолданумен немесе тең емес немесе мәжбүрлі жағдайда жүзеге асырылатын сексуалдық сипаттағы нақты немесе қауіп төндіретін күш көрсету шабуылы.
39. Ерекше жағдайға арналған жабдық: Заттың бірегейлігіне, оның жоғары құнына немесе тектес тобының болмауына байланысты шығысты өтеу кестесінде стандартты өтеу мөлшерлемесі айқындалмаған негізгі жабдық.
40. Сексуалдық пайдалану: басқа адамды сексуалдық пайдаланудан ақшалай, әлеуметтік немесе саяси пайда алуды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, сексуалдық мақсатта осалдықты, билікті саралауды немесе сенімді кез келген нақты немесе болжамды теріс пайдалану.
41. Бірегей жабдық: Өзін-өзі қамтамасыз етудің әдеттегі санатына кірмейтін кез келген арнайы шағын жабдық немесе шығыс материалы. Бұл мәселелер әскер/полиция күштерін беретін елдер мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы екіжақты арнайы оқиғалар туралы келісім шеңберінде шешілетін болады.
I Қосымша |
Әскер беретін елдерге арналған нұсқаулықтар (естелік жазба)
I қосымша белгілі бір миссияға арналған, сондықтан оның мәтіні нақты құжатқа енгізілмеген. Ол орналастыру басталғанға дейін таралады.
J қосымшасы |
Біз Біріккен Ұлттар Ұйымның бітімгерлеріміз
Біріккен Ұлттар Ұйымы барлық планета адамдарының бейбітшілікке деген ұмтылысын білдіреді.
Бұл тұрғыда БҰҰ Жарғысы барлық персоналдан адалдык пен әрекет етудің ең жоғары стандартын сақтауды талап етеді.
Стандартымыздың іргелі негізі ретінде біз БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциясына қатысатын күштер үшін халықаралық гуманитарлық құқықтың басшылық қағидаттарын, сондай-ақ Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясының қолданылатын бөліктерін сақтайтын боламыз.
Біз бітімгершілік персонал ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымын білдіреміз және оның жанжал нәтижесінде алған жарақатынан оңалуына көмектесу үшін елде боламыз. Осыған байланысты біз жұмысты орындау және Біріккен Ұлттар Ұйымның мұратын сақтау үшін қоғамдық және жеке өміріміздегі ерекше шектеуге саналы түрде дайын болуымыз керек.
Бізге БҰҰ мен қабылдаушы ел арасында жасалған келісімдерде ескерілген белгілі бір артықшылық пен иммунитет бітімгершілік міндеттерімізді орындау мақсатында ғана берілетін болады. Халықаралық қоғамдастық пен жергілікті тұрғындардың үміті зор болады, ал әрекетіміз, өзімізді ұстау әдебіміз және сөйлейтін сөзіміз мұқият бақыланады.
Біз әрқашан:
• кез келген уақытта өзімізді кәсіби тұрғыдан және тәртіпті ұстаймыз
• өзімізді Біріккен Ұлттар Ұйымның мақсатына қол жеткізуге арнаймыз
• мандат пен миссияны түсінеміз және олардың ережелерін сақтаймыз
• қабылдаушы елдің қоршаған ортасын құрметтейміз және Біріккен Ұлттар Ұйымның қоршаған ортаны қорғау және қалдықты жою саласындағы саясаты мен рәсімдерін сақтауға ұмтыламыз
• қоқыстануға және материал мен жабдықіы дұрыс кәдеге жаратпауға жол бермейміз
• жергілікті заңдарды, әдет-ғұрып мен тәжірибені құрметтейміз, мәдениетті, дінді, дәстүрді және гендерлік мәселелерді білеміз және құрметтейміз
• болатын ел тұрғындарына құрметпен, сыпайылықпен және ықыласпен қараймыз
• қалтқысыз, адал және әдепті әрекет етеміз
• әлсіз, науқас адамдарға қолдау көрсетеміз және көмектесеміз
• БҰҰ-ның жоғары басшыларына/бастықтарына бағынамыз және бағыныстылықты сақтаймыз
• мәртебесіне, атағына, этникалық немесе ұлттық тегіне, нәсіліне, жынысына немесе дініне қарамастан, миссияның барлық басқа бітімгерін құрметтейміз
• әріптес бітімгерлеріміздің тиісті өзін ұстау әдебін қолдаймыз және көтермелейміз
• сексуалдық пайдалану мен зорлық-зомбылықтың барлық жағдайы туралы хабарлаймыз
• тиісті киім нысанын және өзімізді ұстау әдебін үнемі сақтаймыз
• бізге миссия мүшелері ретінде берілген барлық ақша мен мүлік үшін тиісті түрде есеп береміз
• иелігімізге берілген Біріккен Ұлттар Ұйымның барлық мүлкіне ұқыпты қараймыз.
Біз ешқашан:
• Біріккен Ұлттар Ұйымның немесе мемлекетіміздің беделіне өзімізді орынсыз ұстау әдебімен, өз міндеттерін орындамаумен немесе бітімгершілік персоналдың өз жағдайын теріс пайдалануымен нұқсан келтірмейміз
• миссияның орындалуына қатер төндіретін кез келген әрекет жасамаймыз
• алкогольді, есірткіні тұтынбаймыз немесе онымен айналыспаймыз
• сыртқы ұйымдарға рұқсат етілмеген хабарлама, оның ішінде баспасөз үшін рұқсат етілмеген мәлімдемені жіберуді жүзеге асырмаймыз
• жұмысымыздың нәтижесінде алынған ақпаратты заңсыз ашпаймыз немесе пайдаланбаймыз
• шектен тыс зорлық-зомбылық қолданбаймыз немесе қамаудағы адамдардың біреуін қорқытпаймыз
• жергілікті түрғын өкілдеріне, әсіресе әйелдер мен балаларға немесе Біріккен Ұлттар Ұйымның персоналына физикалық, сексуалдық немесе психологиялық тұрғыдан задал келтіруге немесе олардың қайғы-қасіретіне әкелуі мүмкін кез келген әрекет жасамаймыз
• сексуалдық пайдалану мен сексуалдық зорлық-зомбылыққа, 18 жасқа толмаған балалармен сексуалдық қатынасқа немесе сексуалдық қатынасқа ақша, жұмыс, тауар немесе көрсетілетін қызметті айырбастауға байланысты кез келген әрекет жасамаймыз
• біздің бейтараптығымызға немесе басқа адамдардың әл-ауқатына ықпал етуі мүмкін сексуалдық қатынасқа түспейміз
• жұртшылық өкілдерінің немесе Біріккен Ұлттар Ұйымы персоналының біреуіне қатысты дөрекілік немесе әдепсіздік танытпаймыз
• Біріккен Ұлттар Ұйымның мүлкін немесе жабдығын қасақана зақымдамаймыз немесе оны мақсатсыз пайдаланбаймыз
• көлік құралын мақсатсыз немесе рұқсатсыз пайдаланбаймыз
• рұқсат етілмеген кәдесыйды жинамаймыз
• кез келген заңсыз қызметке, сыбайлас жемқорлық немесе құқыққа сыйымсыз әрекетке катыспаймыз
• өзінің кызметтік жағдайын жеке мақсатта пайдалануға, жалған талап қоюға немесе құқығымыз жоқ пайда алуға ұмтылмаймыз
• қоқыс тастамаймыз немесе материалды немесе жабдықты тиісті түрде кәдеге жаратпаймыз
• бұл ұсынымдарды сақтамау салдары елеулі болуы мүмкін екенін түсінеміз:
• Біріккен Ұлттар Ұйымына деген сенімді төмендетпейміз
• миссияның орындалуына қатер төндірмейміз
• бітімгершілік персонал ретінде мәртебеміз бен қауіпсіздігімізге қатер төндірмейміз
• әкімшілік, тәртіптік немесе қылмыстық шараларға әкелмейміз.
К қосымшасы |
БІТІМГЕРШІЛІК ОПЕРАЦИЯ МЕН АРНАЙЫ САЯСИ МИССИЯ ҮШІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ
А. МАҚСАТЫ МЕН ҰТЫМДЫ НЕГІЗІ
1. Осы құжаттың мақсаты қолданыстағы қағидалар мен нұсқамаға толық сәйкестікте миссияның қоршаған ортаға жалпы ықпал етуін азайту бойынша Бас Ассамблеяның мандатын қолдау үшін БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясы мен жергілікті жердегі арнайы саяси миссиясының жедел саясатын мазмұндау болып табылады. Бұл саясатта миссияның қоршаған ортаны қорғаудың дұрыс әдістерін қолдануын және өз қызметінің қоршаған ортаға ықпал етуін толық көлемде ескеруін қамтамасыз ету шаралары мазмұндалады.
2. Олардың операциялық қызметіне, мөлшеріне, мандатына, ұйымдық қолдаудың әртүрлі құрылымына байланысты миссия Хатшылықтың басқа бөлімшесінен ерекшеленетін бірегей экологиялық пайымды басшылыққа алады. Осы саясат БҰҰ Хатшылығының ST/SGB/2019/7 экологиялық саясатында мазмұндалған қоршаған ортамен жұмыс істеудің жан-жақты қағидаттары мен мақсатына сәйкес келу мақсатында жергілікті жерде жедел саясат пен миссия стандартын қамтамасыз ету үшін әзірленді, осы саясат онымен толық келісілген.
3. Бұл саясат БҰҰ-ның 2009 жылғы далалық миссиясы үшін экологиялық саясатқа және БҰҰ-ның 2018 жылғы далалық миссиясы үшін қалдықты басқару саясатына, далалық миссия үшін экологиялық стратегияға (2017 жылғы қаңтар - 2023 жылғы маусым) және БҰҰ-ның экологиялық және инженерлік-техникалық топтары далалық миссия үшін әзірлеген тиісті жедел стандарт пен басшылық құжаттарға, сондай-ақ миссияның өзінің экологиялық қызметін жақсарту және оның теріс салдарын болдырмау жөніндегі тұрақты күш-жігеріне негізделген.
4. Саясат Хатшылықтың өз тәжірибесін 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған орнықты даму саласындағы күн тәртібінің мақсатына және климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау туралы халықаралық келісімдерге сәйкес келтіру жөніндегі күш-жігерін қолдайды. Сонымен қатар, ол бейбітшілікті қолдау жөніндегі іс-қимыл бастамасына байланысты қабылданған жалпы міндеттемелердің орындалуын қолдайды.
"БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциясы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау және орнықты даму үшін жағдай жасау үшін қажетті анағұрлым тиімді тәсілдердің бірі болып табылады. Біздің далалық миссиямыз үшін дұрыс операциялық жоспарды әзірлеу біз қызмет ететін адамдар үшін және 2030 жылға дейін орнықты даму мақсатына қол жеткізу үшін өте маңызды".
Бас хатшының орынбасары Амин Мохаммед |
В. ҚОЛДАНУ САЛАСЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
5. Осы саясат барлық қосымшаны қоса алғанда, объектілер мен инфрақұрылымды басқаратын немесе қызмет көрсететін немесе энергиямен немесе сумен жабдықтауды, ағынды суды немесе қалдықты тазартуды немесе жоюды немесе осы саясатқа қатысты кез келген басқа маңызды экологиялық аспектіні жедел бақылайтын бітімгершілік операцияға және арнайы саяси миссияға қолданылады. "Миссия" және "далалық операция" терминдері осы құжатта осы саясат қолданылатын жерде бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияны және арнайы саяси миссияны белгілеу үшін қолданылады.
6. Осы саясат миссияның/операцияның барлық кезеңінде және азаматтық, мердігерлік немесе әскери компонент сияқты миссия жұмыс істейтін барлық объектіде, құрылысжайда және инфрақұрылым объектісінде қолданылады, жедел бақыланады.
7. Осы саясат оны сақтауды көздейді және миссия басшысы миссияның осы құжатты сақтауын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шара қабылдауға тиіс.
8. Бұл саясат БҰҰ-ның далалық миссиясы үшін экологиялық саясатты (2009.06) және БҰҰ-ның далалық миссиясы үшін қалдықты басқару саясатын (2018.14) қоса алғанда, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған барлық саясатты, директиваны, нұсқаулықты немесе нұсқауды ауыстырады.
9. Осы саясатты іске асыру кезінде Ұйымның тиісті қағидалары мен ережелері, атап айтқанда қаржылық қағидалар мен ережелер сақталуға тиіс.
10. Осы саясаттың күшіне енген күні мұқабада көрсетілген және ол кері қолдануға арналмаған.
С. САЯСАТ
С.1. Экологиялық саясат
11. Әрбір бітімгершілік операция және арнайы саяси миссия "зиян келтірмеу" қағидатын ұстануға және табиғи ресурсты пайдалануда барынша тиімділікке қол жеткізуге ұмтылуға және мүмкіндігінше оларға оң ықпал етіп, адамдар, қоғам және экожүйе үшін өз қызметін барынша аз тәуекелмен жүзеге асыруға тиіс.
Миссия құрылымы
12. Одан басқа, әрбір бітімгершілік операция және арнайы саяси миссия БҰҰ Хатшылығының экологиялық саясатын сақтауға тиіс (ST/SGB/2019/7).
13. Нәтижесінде, тиісті бітімгершілік операция және арнайы саяси миссия осы саясатты сактауға тиіс, өйткені онда ST/SGB/2019/7 іске асыруға жәрдемдесуге бағытталған қосымша операциялық болжам мен далалық операция үшін стандарт мазмұндалған.
С.2. Қағидаттар, міндеттер мен болжам
14. Қолданылатын бітімгершілік операция және арнайы саяси миссия жергілікті және өңірлік жағдайды ескеріп, жүйелі және ұдайы жетілдіру арқылы мынадай қағидатты, мақсат пен стандартты ұстануға міндеттенеді.
15. Осы саясатта жазылған күтілетін стандарт ең төменгі талаптарды көрсетеді. БҰҰ операциясының динамикалық сипатын ескеріп, олар жан-жақты бола алмайды және барлық персонал миссия шеңберінде өзінің тиісті рөлі мен функцияларының экологиялық аспектісін ескеруге тиіс. Операциялық процеске өзгерістер енгізу кезінде, мысалы, өрістетуді жоспарлау, жабдықты іздеу, объектілер салу, сондай-ақ пайдаланудан шығару және демобилизациялау кезінде экологиялық мәселелерге ерекше назар аудару қажет.
D. РЕСУРС
92. Миссия бюджеті осы мақсатқа бөлінген адам ресурсын қоса алғанда, экологиялық саясат пен экологиялык мақсатты қолдау үшін барабар қаржылық ресурсты қамтуға тиіс. БҰҰ қағидалары мен ережелеріне сәйкес қаржыландырудың балама тетігі де зерделенуі мүмкін.
93. БҰҰ-ның экологиялық мандатын сақтамау немесе елеулі экологиялық тәуекелді төмендету нәтижесінде туындайтын қалпына келтіру немесе түзету іс-шараларын жүргізу үшін қажетті ресурс операциялык басымдық ретінде бөлінуге тиіс. Өтелу мерзімі бір жылдан аз экологиялық бастаманы іске асыруға арналған ресурста басымдыққа ие болуға тиіс. Өтелу мерзімі бір жылдан асатын жағдайда бюджеттік сұрау салу Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы мандатын орындау тұрғысынан инвестицияның жиынтық құны мен экологиялық пайдасы тұрғысынан баға мен сапа арақатынасын нақты көрсетіп, ұсынылуға тиіс.
94. Қажеттілікті талдау, шешім мен ерекшелікті әзірлеу және техникалық баламаларды бағалау шығын мен пайданы құжаттамалық расталған талдаумен қалдықты кәдеге жарату мен электр энергиясын өндірудің экологиялық қауіпсіз жүйесін енгізу арқылы әрбір бітімгершілік миссияның жалпы экологиялық ізін азайту бойынша A/RES/70/286 және A/RES/70 /286 мандатын орындауға бағытталуға тиіс, атап айтқанда, түрі, сапасы, тиімділігі, қызмет көрсету құны және қоршаған ортаға әсері. Шығын мен пайданы талдау БҰҰ үшін меншіктің жалпы құны, оның ішінде жеткізу, пайдалану және кәдеге жарату шығыны тұрғысынан құнды ескеруге тиіс, ол, әсіресе, далалық жағдайда маңызды болуы мүмкін. Осы ойды іске асыру кезінде ұйымның қаржылық ережелерін, қағидаларын және тиісті әкімшілік нұсқауларын сақтау маңызды.
95. Мүмкіндік болған кезде тапсырыс берушілер өнімді қолданыстағы жүйелік келісімшарт бойынша сатып алуға тиіс. Ондай болмаған жағдайда осы саясаттың мақсаттарына жауап беретін ұқсас ерекшелік С қосымшасында келтірілген. Күмән туындаған жағдайда тапсырыс берушілер миссияның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметкеріне/үйлестірушісіне немесе сатып алу жөніндегі қызметкерге немесе қоршаған ортаны қорғау секциясына/инженерлік қамтамасыз ету секциясына/логистика бөліміне техникалық ұсынымдар алу үшін жүгінуге тиіс. Осы Саясатқа сәйкес стратегиялық тауар мен көрсетілетін қызметті сатып алу процесінде41 бағалауды қоса алғанда, сатып алу процесіне тиісті білікті экологиялық және/немесе техникалық персонал тартылады.
96. Санаттық менеджментті нығайту жөніндегі тұрақты күш-жігер шеңберінде санаттық стратегияны әзірлеу және ұдайы қайта бағалау жеткізушілердің шектеулі тобы бар салаларды анықтауды қамтуға тиіс, бұл жағдайда DOS нарыққа қатысуды кеңейту мақсатында БҰҰ-ның болжамына қатысты хабардар етуді арттыруды және әлеуетті өрістетуді қолдауға тиіс.
E. РӨЛДЕР МЕН МІНДЕТТЕР
Е.1. Жалпы талаптар
97. Миссияның барлық персоналы, оның ішінде азаматтық және әскери компонентті қоса алғанда, оның миссиядағы мінез-құлқы БҰҰ Хатшылығының экологиялық саясатында (ST/SGB/2019n) және кез келген тиісті нұсқаулар мен миссияның жедел рәсімдерінде жазылған талаптарға сәйкес келуіне жауап береді.
Е.2. Миссия басшысы
98. Бас хатшының арнайы өкілі (SR.SG) немесе БҰҰ Миссиясы басшысының міндетін атқарушы лауазымды адам (миссия басшысы) тиісті қадағалау органдарының сұрау салуы бойынша БҰҰ-ның экологиялық мандатының сақталуы, экологиялық көрсеткіш және оларды жақсарту жөніндегі шаралар туралы есеп беруге тиіс. Осы мақсат үшін сәйкес келетін шаблон D қосымшасында келтірілген.
99. Миссия басшысы осы Саясатты жүзеге асыруға ықпал ететін операциялық рәсімдерді белгілеу үшін өз өкілеттігін миссияны қолдау директорына/миссияны қолдау бөлімінің бастығына (C/DMS) бере алады.
100. Миссия басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымның экологиялық мандатын орындау және миссияның жедел қызметінен оң нәтиже қалдыру бойынша бірыңғай Біріккен Ұлттар Ұйымы ретінде жұмыс істеудің өзара пайдасы болған жағдайда ынтымақтастықты ынталандыру мақсатында операция ауданында қатысатын БҰҰ-ның басқа мекемесімен, қорымен және бағдарламаларымен өз қызметін үйлестіруге тиіс. НОМ осындай үйлестіру қызметін SR.SG орынбасарына, гуманитарлық мәселе бойынша үйлестірушіге, өңірлік үйлестірушіге немесе миссияның басқа лауазымды адамына бере алады.
Е.3. Миссияның әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы миссияның әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы
101. Оған миссия басшысы берген өкілеттіктерге сәйкес C/DMS БҰҰ-ның экологиялық мандатын орындау және бейбіт тұрғындардың, мердігерлердің және үшінші тараптың экологиялық міндеттемелері туралы хабардар болуын қамтамасыз ету үшін жедел рәсімдерді енгізуге және басқа да қажетті шараларды жүзеге асыруға жауапты болады.
102. C/DMS БҰҰ Хатшылығының қағидаларына, ережелеріне, саясатына, рәсімдеріне және нұсқауына сәйкес осы саясатты сақтауды қоса алғанда, Миссия басшысына табиғатты қорғау қызметінің нәтижесі туралы есепті ұсынуға жауап береді.
103. C/DMS кеңсесі миссия қызметінің ауқымына сәйкес келетін жеткілікті экологиялық әлеуетке ие болуға тиіс. Кемінде, c/DMS штаттық кестесінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметкер болуға тиіс. C/DMS сонымен қатар тиісті бөлімшелер мен бөлімдерге немесе қосымша географиялық орынға экология қызметкерімен жұмыс істеу үшін Экология үйлестірушілерін тағайындауға бұйрық бере алады.
Е.4. Күштер қолбасшысы
104. миссия күштерінің қолбасшысы консультациядан кейін және C/DMS- пен келісе отырып, нұсқаулар мен жедел рәсімдерді енгізуге, сондай-ақ БҰҰ-ның экологиялық мандатын орындау және әскери құрамдас персоналдың өзінің экологиялык міндеттері туралы хабардар болуын қамтамасыз ету үшін басқа да кажетті шараларды жүзеге асыруға жауапты.
105. Күштер қолбасшысы әрбір әскери штабқа және құрылған әрбір контингентке СОЕ-КТМ (contingent owned equipment - контингентке тиесілі мүлік) (А/75/121) нұсқауына сәйкес қоршаған ортаны қорғау және қалдықты басқару жөніндегі үйлестірушіні тағайындауды тапсыруға тиіс. Одан басқа, БҰҰ бітімгершілік операциясындағы әскери командирлерге арналған БҰҰ-ның Экологиялық менеджмент жөніндегі нұсқауына сәйкес күштер қолбасшысы экология қызметкерімен байланыста болу және әскери құрамдас шеңберінде экологиялық мәселелерді шешу үшін миссияның әскери құрамдасында қарулы күштер штабының экология жөніндегі кеңесшісі/үйлестірушісі ретінде әскери офицерді тағайындауға тиіс.
Е.5. Полиция комиссары
106. Миссияның полиция құрамдасының бастығы консультациядан кейін және C/DMS-пен келісе отырып, нұсқаулықтар мен жедел рәсімдерді енгізуге және БҰҰ-ның экологиялық мандатын орындау және полиция құрамдасы қызметкерінің өз экологиялық міндеттемелері туралы хабардар болуын қамтамасыз ету үшін басқа да қажетті шараларды жүзеге асыруға жауапты.
107. Полиция құрамдасының басшысы әрбір ұлттық контингентке КТМ (контингентке тиесілі мүлік) (А/75/121) нұсқауына сәйкес қоршаған ортаны қорғау және қалдықты жою жөніндегі үйлестірушіні тағайындауды тапсыруға тиіс. Одан басқа, UNPOL (United Nations Police-БҰҰ полициясы) экологиялық менеджменттің негізгі бағдарламасына сәйкес полиция құрамдасының басшысы миссия штабында, секторда және лагерьде экологиялық мәселелер бойынша үйлестіруші ретінде қызмет ететін лауазымды адамды тағайындауға тиіс.
Е.6. Қоршаған ортаны қорғау офицері
108. Меншікті объектілер мен инфрақұрылымды басқаратын немесе қызмет көрсететін немесе энергиямен, сумен жабдықтауды, ағынды суды немесе қалдықты тазарту мен шығаруды жедел бақылауды жүзеге асыратын миссия да қоршаған ортаны қорғау офицері болуға тиіс.
109. Қоршаған ортаны қорғау офицері оған c/DMS берген өкілеттік шеңберінде БҰҰ-ның экологиялық мақсатына қол жеткізу және осы саясат стандартын сақтау мәселелері бойынша мониторинг, бағалау, талдау және кеңес беру үшін жауап береді. Ол C/DMS-ті миссиядағы экологиялық мәселелерге қатысты іс-шаралардың нәтижесі мен орындалу барысы туралы үйлестіреді және баяндайды.
110. Қоршаған ортаны қорғау офицері әскери және полиция құрамдасында тағайындалған қоршаған ортаны қорғау офицерлерімен кеңесіп, БҰҰ-ның экологиялық талаптарының күнделікті сақталуын бақылау үшін тұрақты бағалау жүргізуге жауапты болады. Белгіленген сәйкессіздік жағдайы C/DMS, күштер қолбасшысына және қажет болған жағдайда полиция құрамдасының бастығына жеткізілуге тиіс.
111. Қоршаған ортаны қорғау офицері ішкі және сыртқы тараптарға сәйкес келетін экологиялық мәселелер бойынша ақпарат беру, сондай-ақ басқару жүйесі мен қосалқы процесті енгізу және қолдау және экологиялық көрсеткіш бойынша есептілік арқылы осы саясатты іске асыруға жәрдемдесуге тиіс.
Е.7. Қалдықты басқару жөніндегі офицер
112. Қалдықты өңцеуді немесе шығаруды жедел бақылауды жүзеге асыратын немесе қауіпті материалды басқаратын миссияда қалдықты басқару жөніндегі офицер болуы керек.
113. Қалдықты басқару жөніндегі офицер қауіпті емес және қауіпті қалдықпен жұмыс істеудің экологиялық нормаларын сақтауға жауап береді.
Е.8. Қоршаған органы қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіруші(лер)
114. Энергетика, сумей жабдықтау, ағынды су немесе қалдықпен байланысты объектілер мен инфрақұрылымы бар миссияда тәуекел деңгейі төмен, қоршаған ортаны қорғау офицері немесе қалдықты басқару офицері функцияларын басқа лауазымдардағы білікті қоршаған ортаны қорғау үйлестірушілері тиісті түрде орындай алады. Мұндай жағдайда миссия қоршаған ортаны қорғау офицерінің немесе қалдықты басқару офицерінің рөлін (рөлдерін) сипаттауда сипатталған тиісті міндеттер мен жауапкершіліктің бөлінген ресурспен қалай орындалатынын құжаттамалық түрде растауға тиіс.
115. Ірі және күрделі операцияда миссия қоршаған ортаны қорғау жөніндегі офицерге, қалдықты басқару жөніндегі офицерге және күштердің немесе полицияның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі үйлестірушісіне (жағдайға байланысты) қосымша тиісті бөлімшелер мен бөлімдерде немесе қосымша географиялық нүктеде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі үйлестірушілерді құруды қарауы керек.
116. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіруші(лер) бастаманы үйлестіруге және оның құзыреті саласына қатысты экологиялық мәселелер бойынша есепті ұсынуға тиіс.
Е.9. Бас хатшының Жедел қолдау департаменті жөніндегі орынбасары
117. Бас хатшының Жедел қолдау департаменті жөніндегі орынбасары барлық функцияны өзінің тиісті салаларындағы экологиялық ойды ескеру үшін шаралар қабылдауға тиіс және ол үшін қажетті ресурсты қамтамасыз етуге тырысуға қажет. Ол, атап айтқанда, миссияға тиімді жабдық пен көрсетілетін қызметті жеткізушілерді іздеу шешімін ұсыну, тиісті және өзекті экологиялық даярлықты жүргізу және әлеуетті өрістету, кадрлық қолдау, білімді басқару және IT жүйесі кіреді.
118. Бас хатшының орынбасары мүше мемлекеттердің қатысуын және стратегиялық басшылық жасауын сұратып, тиісті сыртқы тараптарға маңызды немесе елеулі экологиялық мәселелер бойынша ақпарат беру, озық практика, алынған сабақ және қол жеткізілген прогресс бойынша ішкі коммуникацияны қолдау, экологиялық көрсеткіш бойынша басқару және есеп беру жүйесі мен процесін енгізу және қолдау арқылы БҰҰ жүйесі мен Хатшылықтың тәсілдеріне сәйкес миссияға экологиялық ұсынымдар, коммуникация құралдарын беруді және техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ете отырып, осы саясатты іске асыруда одан әрі қолдау көрсетуге тиіс.
Е.10. Бас хатшының Бейбітшілікті қолдау операциясы департаменті жөніндегі орынбасары
119. Бас хатшының Бейбітшілікті қолдау операциясы департаменті жөніндегі орынбасары барлық функцияның қоршаған ортаны қорғау мәселелерін, оның ішінде қоршаған ортаны бейбітшілік пен қауіпсіздік факторы ретінде дұрыс ескеруді қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауы және оған қажетті ресурсты қамтамасыз етуге ұмтылуы керек.
Е.11. Бас хатшының Саяси және бейбітшілік мәселелері департаменті жөніндегі орынбасары
120. Бас хатшының Саяси және бейбітшілік құру мәселелері департаменті жөніндегі орынбасары барлық функцияның өз салаларындағы экологиялық мәселені, оның ішінде қоршаған ортаны бейбітшілік пен қауіпсіздік факторы ретінде дұрыс есепке алуын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауы және оған қажетті ресурсты қамтамасыз етуге ұмтылуы керек.
F. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы құжатта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады.
Shall: бұл термин сәйкестікті күтуді білдіреді. Талапқа сәйкес келмеу елеулі сәйкессіздік/маңызды мән болып саналады және есеп беретін ұйым оның осы Саясатқа сәйкес келетінін дәлелдей алмайды. "Тыйым салынған" және "тиіс" деген терминдерді "shall" сияқты түсіну керек.
Should: бұл термин операциялық шектеуді ескеріп, талаптардың сақталуын күтуді білдіреді. Талапқа сәйкес келмеу шамалы сәйкессіздік ретінде қаралады. Ұйым, егер барлық шамалы сәйкессіздік сәйкестік туралы есепте/мәлімдемеде көрсетілсе, есеп/мәлімдемеде шамалы сәйкессіздікті жою бойынша негіздеме немесе әрекет келтірілсе, ол осы Саясатқа сәйкес келеді деп мәлімдей алады.
G. СІЛТЕМЕЛЕР
G.1. Нормативтік немесе жоғары сілтемелер
Бас Ассамблеяның өтпелі мәселелер бойынша қабылдаған қарары:
A/RES/72/219 (2018): жалпы хатшылық қызметке және объектілерді басқаруға тұрақты даму практикасын енгізу бойынша Бас хатшы берген іс-қимыл жоспарын мақұлдайды және Бас хатшыдан қолда бар ресурс шеңберінде оның тиісті ұсынымдарын орындауын сұрайды
A/RES/70/286 (2016): Бас хатшыдан/ миссия автопаркінің құрамын қарап шығуды және оңтайландыруды жалғастыруды және автокөлік құралының олардың арналуына сәйкестігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ мынадай шолу баяндамасының контекстінде шығын мен пайданы, атап айтқанда түрін, сапасын, тиімділігін, қызмет көрсету құнын және экологиялық әсерін көрсетіп, талдауды ұсынуды/жалғастыруды сұрайды
A/RES/69/307 (2015), A/RES/70/286 (2016): Бас хатшыдан әрбір бітімгершілік миссияның жалпы экологиялық ізін азайту, оның ішінде қалдықты жою мен электр энергиясын өндірудің экологиялық қауіпсіз жүйесін енгізу арқылы тиісті қағидалар мен ережелерді толық сақтай отырып, күш-жігерді жалғастыруды сұрайды атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымның Қоршаған ортаны қорғау және қалдықты жою саясаты мен рәсімдері
A/RES/70 /1 (2015) Біздің әлемді өзгерту: 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібі
A/RES/47/37 Қарулы жанжал кезінде қоршаған ортаны қорғау. 1993 және 49150, БҰҰ Халықаралық құқығының онжылдығы, 1995 ж.
A/CONF151/26 Рио-де-Жанейра қоршаған орта және даму декларациясы (1992 ж. маусым)
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференциясының декларациясы (Стокгольм декларациясы, 1972)
Қауіпсіздік Кеңесінің мынадай миссия бойынша қабылдаған қарары (ең соңғы):
MINUSMA: S/RES/2584 (2021)
MONUSCO: S/RES/2556 (2020)
UNAMID: S/RES/2559 (2020)
UNFICYP: S/RES/2537 (2020)
UNIOGBIS: S/RES/2512 (2020)
UNISOS; S/RES/2245 (2015)
Бейбітшілікті қолдау жөніндегі операция бойынша Арнайы комитеттің баяндамасы:
А/7 4/19 (2020): Арнайы комитет далалық миссия үшін экологиялық стратегияның маңыздылығын атап өтеді, оның ішінде жалпы миссиялық табиғатты қорғау жоспарларын пайдалану, бюджет жасау және есеп беру құралы ретінде пайдалану және операцияда экологиялық жауапкершілік практикасын қолдау, оның ішінде қолданыстағы қағидаларға сәйкес мандаттарды орындаумен байланысты.
Арнайы комитет мүше мемлекеттердің ұтымды экологиялық практикаға және барлық операция мен мандаттарды орындау үшін экологиялық жауапты шешімді пайдалануға, атап айтқанда, экологиялық мәселелер бойынша даярлықтан өткен бөлімшелерді олардың табиғатты ұтымды пайдалануды қамтамасыз етудегі және экологиялық менеджмент саласындағы әлеует пен тәжірибені қамтамасыз етудегі рөлін орындау үшін пайдалануға жалпы міндеттемені растайды. Арнайы комитет, сонымен қатар жаңартылатын ресурсты пайдалану және энергия мен суды анағұрлым тиімді пайдалану, мүмкіндігінше қалдықтың пайда болу көлемін азайту және жергілікті тұрғындар мен Біріккен Ұлттар ұйымы персоналының денсаулығын, күзету мен қауіпсіздігін жақсарту арқылы күш-жігерді арттыруға шақырады.
Қауіпсіздік Кеңесінің қарары және климаттың өзгеруі жөніндегі төрағаның мәлімдемесі
S/RES / 2436 (2018): Бас хатшыдан Қауіпсіздік Кеңесіне бейбітшілікті сақтау жөніндегі жекелеген операция туралы баяндамаларға миссияның тиімділігін арттыру үшін қабылданған шаралардың қысқаша мазмұнын қосуды сұрайды.
S/PRST72011/15 (2011): Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға қатысты мәселелерде жанжалды талдау және контекстік ақпарат, атап айтқанда, климаттың өзгеруінің қауіпсіздікке ықтимал салдары туралы, осындай мәселелер жанжалдың қозғаушы күші болған кезде маңызды екенін атап өтті, Кеңестің мандатын орындау үшін немесе бейбітшілікті нығайту процесіне қауіп төндіреді. Осыған байланысты Кеңес Бас хатшыдан Кеңеске берген баяндамасында осындай контекстегі ақпараттың болуын қамтамасыз етуді сұрайды
Бейбітшілікті қолдау жөніндегі іс-қимыл: БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніидегі операциясына қатысты бірлескен міндеттемелер туралы декларациясы:
Біз, сонымен қатар БҰҰ-ның далалық миссиясы үшін БҰҰ-ның экологиялық саясатын іске асыру арқылы табиғатты ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге міндеттенеміз және біздің операция мен мандатымызды орындау үшін экологиялық жауапты шешімді қолдаймыз.
Басқа да нормативтік немесе жоғары құжаттар:
А/75/121 Біріккен Ұлттар Ұйымы мен (Бейбітшілікті қолдау жөніндегі БҰҰ операциясы) үшін ресурс беретін үкімет арасындағы өзара түсіністік туралы үлгілік меморандумды қоса алғанда, бейбітшілікті қолдау миссиясына (СОЕ нұсқаулығы) қатысу үшін әскер/полиция ұсынатын елдердің контингентке тиесілі мүлкін өтеуге және бақылауға қатысты саясат пен рәсімдер жөніндегі нұсқау.
Күштер мәртебесі туралы үлгілік келісім (а/45/594)
Бас хатшының Біріккен Ұлттар Ұйымы күштерінің халықаралық гуманитарлық құқықты сақтауы туралы бюллетені (ST/SGB/1999/13, 6 тамыз 1999 ж.)
Біріккен Ұлттар Ұйымы Хатшылығының экологиялық саясаты (ST/SGB/ 2019/7)
Тәуекелді жалпы ұйымдық басқару және ішкі бақылау саясаты, БҰҰ, мамыр 2011 ж.
"БҰҰ Хатшылығының бітімгершілік операциясында экологиялық тұрақтылыққа қол жеткізу жөніндегі біздің ортақ міндеттемелеріміз" бітімгершілік миссиясы мен арнайы саяси миссияның барлық басшыларына Бас хатшының Меморандумы.
Әкімшілік Нұсқау, ресми сапар (ST/AL/2013/3)
G.2. Тиісті рәсімдер, нұсқау
Саясат пен нұсқау туралы соңғы ақпаратты UN KnowledgeGateway сайтынан қараңыз. Осы саясатта мынадай құжаттар пайдаланылды:
2017.10: БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғауға техникалық көмек көрсету жөніндегі далалық миссиясына сұрау салу (SOP) 2018.30: БҰҰ далалық миссиясына (SOP) қалдықты басқару жоспарларын әзірлеу
2018.33: БҰҰ далалық миссиясы (SOP) үшін энергетикалық инфрақұрылымды басқару жоспарларын әзірлеу
2019.09: БҰҰ далалық миссиясы үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау (SOP)
2021.16 Бейбітшілік пен арнайы саяси миссияны қолдау операциясы үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі нұсқаулық (Нұсқау)
2021.19: Бейбітшілік операциясы мен арнайы саяси миссия үшін қалдықты жою жөніндегі нұсқаулық (Нұсқау)
2018.08: Далалық бөлімшелерді жабу бойынша жетекші басшылыққа арналған нұсқаулық
2018.09: d/CMS-CАО-СЕО дайындаған миссияны/жергілікті бөлімшені аяқтау туралы есеп беру бойынша нұсқау.
2018.28: Миссия объектілерін/далалық құрылымды/далалық құрылымды экологиялық тазарту және беру жөніндегі нұсқау
2021.02: БҰҰ бітімгершілік операциясындагы әскери командирлерге арналған БҰҰ Экологиялық менеджмент жөніндегі нұсқаулық
2021.04: далалық миссияға арналған азық-түлік рационы (Нұсқау) Стандартты шығыс пен коэффициент бойынша нұсқау, DOS 2019 Тәуекелді басқару және ішкі бақылаудың негіздемелік бағдарламасы, департаменттер, кеңселер, комиссия, миссия мен трибунал деңгейінде енгізу: басшыларға арналған нұсқаулық, БҰҰ. Қараша 2016 ж.
Бітімгершілік операцияга арналган экологиялык стратегия, жедел қолдау департаменті DOS (2017-2023)
БҰҰ Хатшылығының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2020 - 2030 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары, DMSPC, қыркүйек 2019 ж.
БҰҰ, UNEP жүйесі ұйымдары үшін парникті газ шығарындысының ғылыми негізделген нысаналы көрсеткіші бойынша нұсқау. Сәуір 2021
БҰҰ-ның турақты және тиімді бөлімшелерін іріктеу және құру үшін маңызды және қалаулы табиғатты қорғау шаралары (IDEAs), бағалау және салыстырмалы талдау үшін эталон, UNЕР-БҰҰ-ның қоршаған орта саласындағы саясаты, қыркүйек 2021 ж.
Knowledgegateway (ип SharePoint) порталындағы Fuel Community of Practice бойынша үнемі жаңартылып отыратын түрлі нұсқау
G.3. Миссия деңгейіндегі сілтемелер
Миссия деңгейіне қатысты көптеген саясаттар, рәсімдер мен нұсқаулар бар. Осы саясат үшін анағұрлым маңыздысы мыналар болып табылады:
(Миссия) үшін қалдықты басқару жоспары
(Миссия) үшін энергетикалық инфрақұрылымды басқару жоспары
(Миссия) үшін ағынды суды басқару жоспары
(Нақты маңызды экологиялық тәуекел) үшін тәуекелді басқару жоспары
G.4. Басқа анықтамалық материалдар
Әрбір бітімгершілік операцияның және арнайы саяси миссияның құқықтық мәселелер бөлімі қабылдаушы елдің тиісті заңдары мен нормативтік актілері бойынша консультация бере алады. БҰҰ декларациясын, іс-қимыл бағдарламаларын және көпжақты экологиялық келісімдерді мынадан табуға болады: https://www.lnformea.org/.
Осы Саясатта сілтемелері бар басқа құжаттар төменде келтірілген:
Қауіпті қалдықтың трансшекаралық тасымалын және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясы, Базель конвенциясының Хатшылығы, сәуір 2020 ж.
Парникті газ саласындағы корпоративны есеп және есеп беру стандарты (GHG Protocol). Әлемдік ресурс институты және тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік кәсіпкерлер кеңесі, 2001 ж.
Жаһандық деңгейде келісілген химиялық заттарды жіктеу және таңбалау жүйесі (GHS) (IV), БҰҰ, 2011 ж.
Тұрақты органикалық ластаушы заттар туралы Стокгольм конвенциясы (POPs-persistent organic pollutions), Стокгольм Конвенциясының Хатшылығы, қыркүйек 2020 ж.
H. БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САҚТАУ
Миссия деңгейінде осы Саясаттың сақталуын бақылауды миссия басшысы жүзеге асырады, ал есептілік БҰҰ-ның тиісті ережелеріне, қағидаларына, саясаты мен рәсімдеріне сәйкес ұсынылады. Ұйым деңгейінде осы Саясаттың сақталуын бақылауды қоршаған орта секциясы, Бас хатшының Жедел қолдау департаменті жөніндегі орынбасарының Кеңсесі жүзеге асырады.
I. ТАРИХ
Осы саясат БҰҰ далалық миссиясы үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатты (2009.06) және БҰҰ далалық миссиясы үшін қалдықты басқару саясаты саласындағы (2018.14) саясатты алмастыратын екінші басылым болып табылады.
А қосымшасы |
Ағынды суды жерге ағызуға немесе шектеулі қайта пайдалануға сапа стандарттары
АХУАЛ
Осы қосымшада БҰҰ-ның экологиялық мандатын орындау мақсатында қоршаған ортаға (жерүсті, жерасты немесе басқа су тоғанына) ағызу немесе шектеулі қайта пайдалану үшін ағынды су сапасының пайдалану стандарты, сондай-ақ ағынды суды тазартудан күтілетін инфрақұрылым/жедел басқаруды бақылау келтірілген. Бұл қосымша ағынды суды топыраққа инфильтрациялауға қолданылмайды және шексіз қайта пайдалану туралы ақпаратты қамтымайды, ол үшін бейбітшілікті қолдау операциясы және арнайы саяси миссия үшін Сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі басшылыққа жүгіну қажет. Сынақ рәсімдері мен сапаны бақылау Сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі басшылықта сипатталғанға сәйкес келуге тиіс. Операциялық стандарттарды далалық операциялар үшін БҰҰ-ның DOS қоршаған ортаны қорғау және инженерлік мәселелер жөніндегі техникалық тобы, бітімгершілік операция және арнайы саяси миссия департаменті әзірледі.
АУҚЫМЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Осы қосымша миссия жедел бақылайтын азаматтық және әскери компонент пен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін қызметті қоса алғанда, осы саясаттың 8-бөлімінде (Scope and Applicability) айқындалған қолдану өлшемшартына сәйкес келетін БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі барлық операциясына (PKO-peacekeeping operations) және арнайы саяси миссияға (SPM-special political missions) қолданылады. Осы қосымша талаптардың сақталуын болжайды.
ЖЕДЕЛ НОРМАЛАР
Егер ағынды су қоршаған ортаға түссе немесе шектеулі қайта пайдалану үшін пайдаланылса, ол үш еселенген деңгейге дейін тазартылуға, ал тазартылған ағынды су сапасы А1 кестесінде келтірілген стандартқа сәйкес келуге тиіс. Инфрақұрылымды басқару және жедел басқару құралдары А2 кестесінде келтірілген.
А1 кестесі: Кәдеге жарату немесе шектеулі қайта пайдалану2 үшін ағынды су сапасының стандарттары
Өзара іс-қимыл - суға ағызу
Параметрі - BOD5- (biochemical oxygen demand) (оттегіге бес күндік биохимиялық қажеттілік)
Пайдалану стандарты/ерекшелігі
Орташа жылдық мәні 30 ppm аспауға тиіс.
Тоқсандық сынамасы 4S ppm аспауға тиіс.
BОD5 бір тоқсанда бір реттен сиретпей өлшенеді.
Өлшеу ай сайын жүргізілген дұрыс; қажет болғанда іс жүзіндегі себеп бойынша, егер бұл арақатынас әрбір учаске үшін арнайы айқындалса, оған COD/BOD5 арақатынасын пайдалану арқылы қол жеткізілуі мүмкін. Арақатынас тоқсан сайын тексерілуге және қажет болғанда түзетілуге тиіс.
COD (chemical oxygen demand) (қосымша) (оттегіге химиялық қажеттілік)
Қажетті шек белгілі бір алаңға байланысты және BOD5 арақатынасы бойынша айқындалады.
Мониторингі, әсіресе ірі объекті үшін апта сайын жасаған дұрыс.
Қашықтағы объекті үшін ай сайын мониторинг жасауға жол беріледі.
TSS (total suspended solids) (жалпы өлшенген зат саны)
Орташа айлық мәні 30 ppm аспауға тиіс.
Апта сайынғы сынамасы 4S ppm аспауға тиіс.
TSS бір айда екі реттен сиретпей өлшеген дұрыс.
Қашықтағы объекті үшін ай сайын мониторинг жасауға жол беріледі.
Қажет болғанда іс жүзіндегі себеп бойынша NTU/TSS арақатынасын пайдаланып, апта сайын мониторинг жүргізуге жол беріледі, егер бұл арақатынас і) әрбір учаске үшін арнайы айқындалса, іі) ай сайын тексеріледі және қажет болғанда түзетіледі.
pH
pH - 6,0 - 9,0
Фекальды колиформды бактерия
Сынамадағы құрам 1 000 СОЕ/100 мл аспауға тиіс.
Өлшеу жиілігі бір айда кемінде екі рет болуға тиіс.
А2 кестесі: Ағынды суды таза рту инфрақұрылымы/жедел басқаруды бақылау
Аспектісі - инфрақұрылым
Пайдалану стандарттары/ерекшелігі
Ағынды су сапасы нормативінен асып кету қатерін төмендету үшін инфрақұрылым мен жедел басқару құралдары, әдетте, мыналарды қамтиды:
ағынды суды тазарту инфрақұрылымының барлық объектісі пайдалануға ұдайы әзірлікте және жақсы жай-күйде ұсталады;
септиктен, көтеру станциясынан, резервуардан, раковинадан, душ кабинасынан, ваннадан, киім жуу машинасынан және ыдыс жуу машинасынан қоршаған ортаға ағынды суды бақылаусыз ағызу және/немесе төгу болмайды.
инфрақұрылым септигі мен кәрізі герметикалық және конструкциядағы ашық саңылау/құбыр немесе сызат арқылы ағынды судың нөсер сумен араласуына жол берілмейді. Су құбырының желісі болмаған кезде қазылатын шұңқыр, душ және т.б. тазартылмаған ағынды судың учаскеден тыс төгілуін болдырмайтындай су көзінен жеткілікті қашықта несер немесе жерасты суының түсуін немесе инфильтрациясын болдырмайтындай етіп жобаланады/жасалады;
әрбір септик кемінде 24 сағат септикалық сұйықтықтың тұну уақытын қамтамасыз етеді;
әрбір асүй тоңмайды, майды және жақпамайды сүзіп алып, санитариялық кәрізге және септикалық жүйеге түсуіне жол бермейтіндей (мысалы, санитариялық кәрізге қосылмаған құрастырылған немесе кұйып жасалған майсүзгі немесе резервуар көмегімен) жабдықталған. Майсүзгі ұдайы тексеріліп отырады, тоңмай, май және жақпамай 25 % тереңдікке жеткенде тазартылады және қызмет көрсетіледі.
көлік цехында, автожууда, отын фермасында, отын сақтау резервуарында, отын бергіш орында, атқарылған май сақтайтын орында немесе генератор қабырғасында түзілетін су жерасты және су көзінің мұнай өнімімен ластану қатерін төмендету үшін май және су бұрғыш арқылы бұрылады. Май және су бұрғышқа ұдайы қызмет көрсетіледі, ал қалықтап жүретін май суланатын биіктіктен 5 %-дан асқан кезде жойылады.
Трансфер
Егер ағынды судың/тұңғының бір бөлігі немесе барлығы өндеу немесе кәдеге жарату үшін алаңнан тыс берілсе, миссия БҰҰ персоналының немесе сыртқы алаңға жеткізуге жауапты мердігерлердің қалдықты бекітілмеген орынға емес, көрсетілген алаңға (дарға) жеткізетініне көзін жеткізуге тиіс.
Сыртқы объектіге тікелей қосылған жағдайда құбыр желісінің ағып кетпеуін немесе толып кетпеуін тексеру қажет.
Көлік мердігерін немесе құбыр желісін ішінара тексеру бір жылда екі реттан сиретпей, алайда ең дұрысы жиі жүргізілуге тиіс.
Сыртқы сайттар (БҰҰ-ға тиесілі емес)
Егер БҰҰ-ның далалық миссиясы сыртқы тазарту құрылғысын пайдаланса, онда, әдетте, мынадай шарттар орындалады деп күтілуде:
объектіде лицензия және қабылдаушы ел Үкіметінің рұқсаты бар;
объектге кіруге рұқсат миссия персоналына жазбаша келісімге қол қойылғанға дейін және одан кейін бір жылда екі рет беріледі;
объект кездейсоқ қолжетімділіктен және табиғи қатерден қорғалған (мысалы, су тасқыны);
тазартылған ағын сапасы осы қосымшада мазмұндалған стандарттарға сәйкес келеді. Тазартылған ағынды су сапасы туралы толық ақпарат болмағанда мынадай шарттар орындалады деп болжанады:
учаске жобаланған және ағынды суды тазартуға конфигурациясы немесе нөсер суын басқаруды қоса алғанда, ағынды суды тазарту үшін жобасы бар;
объектіні басқару және тиісті қызмет көрсету, ағынды суды тазарту және кәдеге жарату толып кетуге және бақыланбайтын шығарындыға жол бермей бақыланатын түрде жүзеге асырылады.
Инспекция
БҰҰ-ны және сыртқы тазарту құрылғысын инспекциялау бір жылда екі реттен сиретпей, алайда ең дұрысы - жиі жүргізілуге тиіс.
Ағынды су сапасын тексеру
БҰҰ-ның өңдеу учаскесінде осы қосымшаның А1 кестесіне сәйкес талдау тұрақты жүргізілуге тиіс. Осы талдаудың оңай қолжетімді болатын тиісті жазбасы жасалуға тиіс. Сәйкессіздік айқындалған жағдайда түзету әрекеті қоршаған ортаға әсер етуді болдырмау үшін дереу орындалуға тиіс.
В қосымшасы |
Қалдықты кәдеге жарату стандарттары
Осы қосымша DOS/2022.01 бітімгершілік операцияның экологиялық саясаты және арнайы саяси миссиясы шеңберінде қолданысқа енгізіледі, сондықтан қосымша қол қою талап етілмейді. Күшіне енгізу күні - саясатқа сәйкес.
АХУАЛ
Осы қосымшада қоршаған ортаға қалдықты шығарудың минималды операциялық стандарттары келтірілген. Толық нұсқауларды Бейбітшілікті қолдау операциялары және арнайы саяси миссия үшін қалдықты кәдеге жарату жөніндегі басшылықта табуға болады. Жедел стандарттарды далалық операциялар үшін UNDOS, РКО және SPM қоршаған ортаны қорғау және инженерлік мәселелер жөніндегі техникалық топ әзірледі.
АУҚЫМЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Осы қосымша миссия жедел бақылайтын азаматтық және әскери компонент пен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін қызметті қоса алғанда, осы саясаттың 8-бөлімінде (Scope and Applicability) айқындалған қолдану өлшемшартына сәйкес келетін БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі барлық операциясына (PKOs) және арнайы саяси миссияға (SPMs) қолданылады. Осы қосымша талаптардың сақталуын болжайды.
ЖЕДЕЛ НОРМАЛАР
Қауіпті және биомедициналық қалдықты өндеу және кәдеге жарату Bl кестесінде келтірілген стандарттарға сәйкес келуге тиіс. Қауіпті емес және биомедициналық қалдықты өндеу және кәдеге жарату В2 кестесінде келтірілген стандарттарға сәйкес келуге тиіс.
В1 кестесі: қауіпті және биомедициналық қалдықты өңдеу және кәдеге жарату стандарттары
Ықпал ету - атмосфераға, жерге және суға шығарынды
Параметрі - әртүрлі уытты, реактивті, отқа қауіпті, коррозиялық, инфекциялық немесе радиоактивті материалдар
Пайдалану стандарттары/сипаттамасы
Қауіпті және биомедициналық қалдық ауаға, жерге немесе суға қалдық түріне сәйкес келетін алдын ала өңделмей шығарылмауға тиіс. Қалдықты жинау, жеткізу, сақтау мен өңдеу объектісі қауіпті қалдықты бөлуді және түгендеуді қамтамасыз ететіндей жасалуға тиіс. Мұндай объекті жабық, желдетілетін және топырақтан қорғалған болуға тиіс. Қауіпті қалдық С қосымшасына сәйкес уақтылы ресми өңделуге және жойылуға тиіс. Онымен БҰҰ (қуат компонентін қоса алғанда) айналысатын жағдайда тиісті өңдеу мыналарды қамтиды, бірақ онымен шектелмейді:
химиялық заттар қайтарылуға не бейтараптандыру, сілтілі гидролиз немесе басқа да химиялық өңдеу арқылы уыты алынуға немесе кәдеге жарату алдында капсуласы алынуға тиіс;
биомедициналық қалдықты автоклавтау немесе биомедициналық қоқыс өртегіш пеште өртелуге тиіс;
жарамдылық мерзімі өткен фармацевтикалық препарат қайтарылуға, биомедициналық мақсаттағы қалдықты өртейтін арнайы пеште өртелуге немесе кәдеге жарату алдында капсуласы алынуға тиіс;
барлық ластанған топырақ қажетті деңгейге дейін тазартылуға (қабылдаушы елдің критерийі немесе жалпы мұнай көмірсутегінің <5000ррm немесе оқ ату жағдайында барлық қорғасыны алынуға, яғни <1200 мг/кг, егер соңғысы анағұрлым қатаң болып табылса);
люминесцентті шамдар вакуумды сүзгіш жүйесі бар шам ұсақтағышта өнделуге тиіс;
радиоактивті материалдар, аккумулятор, салқындатқыш, өрт сөндіргіш, электрондық қалдық пен және бұлінген оқ-дәрі гильзасы тек сертификаты бар ресми қайта өңдеушіде өңделуге тиіс. Мұндай қайта өңдеушілер салықты, бажды, жеткізу тізбегі туралы құжаттарды және барлық басқа да қажетті құжаттарды қоса алғанда, әкімшілік рәсімдер туралы; өңдеуге немесе сақтауға қойылатын арнайы талаптар туралы; жеткізуді ұйымдастыру туралы; сондай-ақ материалдарды қайта пайдалану/қайта өндеу және/немесе кәдеге жарату/өңдеу үшін пайдаланылатын процесс туралы нақты ақпаратты беруге тиіс.
Қауіпсіздік пен денсаулыққа залал
Физикалық әсер ету
Полигон мен қоқыс өртегіш жабдық адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндірмейтіндей орналастырылуға тиіс. Бұл ретте физикалық шөгу/көшу (үйінді), метан газының көшуі (шоғыры) немесе қатты бөлшектердің елеулі шығарындысы (ашық өртеу) қаупі ескеріледі. Тұрақты объектілер қабылдаушы тараптың келісімінсіз немесе Күштердің мәртебесі туралы келісімге сәйкес жасалмауға тиіс.
Азық-түлікті кәдеге жарату
Бұзылған немесе жарамсыз азык-түлік, азық үлесі немесе жауынгерлік рацион (CRP-combat ration pack) жергілікті денсаулық сақтау органымен ынтымақтастықта жергілікті экологиялык зандар мен қағидаларға сәйкес кәдеге жаратылуға тиіс. Жергілікті экологиялық заңдар және/немесе нормалар болмағанда мұндай заттар престелуге/биоөңделуге немесе өртелуге тиіс. Үйіндіге көмілген кезде қаптамасы алынуға тиіс. Мердігер орындайтын кез келген кәдеге жарату әрекетін миссия өкілі куәландыруға және жазбаша растауға тиіс. Мердігер (і) келісімшарттың қолданылу мерзімі және одан кейін 12 ай ішінде барлық кәдеге жаратылған материалдың есебін жүргізуге, (іі) тиісті сертификат алуға және (ііі) оларды сұрау салу бойынша тексеру үшін беруге міндетті. Мердігер тек БҰҰ-ның пайдалануы үшін алынған кез келген азық үлесін, CRP, бөтелкедегі суды немесе басқа да азық-түлікті және жабдықты сыйға берілмеуге және кез келген бүлінген немесе жарамсыз азық үлесі немесе CRP кәдеге жарату толық ауқымда жасалуға тиіс.
В2 кестесі: қатты тұрмыстық қалдықты жедел басқаруды бақылау
Аспектісі
Қауіпті емес қалдықты өртеу/қаптау
Пайдалану стандарттары/ерекшелігі
Төменде келтірілген инфрақұрылымды басқару және жедел басқару шаралары, әдетте, мынадай мәннен аспайтын шығарындыны қамтамасыз етеді:
қатты бөлшек - 10 мг/м3
CO - 50 мг/м3
SO2 - 50 мг/м3
NOx - 200 мг/м3
НСІ- 10мг/м3
Инфрақұрылым мен жедел басқару құралдары мынадай болып беріледі:
жабдықтың техникалық сипаттамасы жоғарыда көрсетілген шекті мәнге сәйкес келетін немесе одан асатын екі камералы қоқыс өртегіш пеш, бұл ретте пайдалануға беру жабдықтың екінші камерада газды ұстау уақыты кемінде 2 секунд болғанда 850°С минималды өртеу температурасына тұрақты жете алатынын көрсетеді. Желдеткіші бар бір камералы қоқыс өртегіш пешке 125 адамнан аз қызмет көрсететін объекті үшін жол беріледі (күніне<200 кг);
жабдыққа қызмет көрсететін персонал осы жабдық үшін өндіруші немесе БҰҰ көздеген оқу курсынан өтіп, құзыретті болып саналады және бір жылда бір реттен сиретпей қоқыспен жұмыс жөніндегі маман немесе қоршаған ортаны қорғау жөніндегі маман тарапынан бақылаудан өтеді.
Олар БҰҰ-ның экологиялық мандаты, әдетте, БҰҰ-ның экологиялық мандаты орындалатын минималды операциялық стандартты/ерекшелікті білдіреді. Олар өзі жеткіліксіз болып табылмайды; объектінің жай-күйіне және өңдеу/кәдеге жарату инфрақұрылымына қатысты тиісті инженерлік жобалау және жедел басқару процесін ендіру және ұдайы бағалау қажет. Қатерді бағалау бір жылда екі рет Environmental Action Planning and Performance (е-АРР-қоршаған ортаны қорғау әрекетін жоспарлау және орындау) қосымшасында DOS берген әдістеме бойынша жүргізілуге тиіс.
Жүйелік келісімшарт шеңберінде берілетін жабдықты кезендік сынау бағдарламасы ерекшеліктің далалық жағдайда берілген стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін үйлестірілетін болады.
Қауіпті емес қалдықты шығару/көму
Метан шығарьтндысын ол мүмкіндігінше болдырмауға тиіс. Әдетте, егер шығарынды мыналар көрсетілсе, қолайлы деп саналады:
полигон сыртынан қоршалған және қақпақпен жабылған, тиісті түрде жобаланған және қызмет көрсетілетін метанды ұстау немесе өртеу жүйесімен жабдықталған;
кемінде 90 % органикалық материал престелген, био өңдеу немесе өртеу үшін полигоннан шығарылады.
Көмілген қалдықтан әртүрлі еритін немесе іріктелген қатты заттардың жерасты немесе жерүсті суына түсуі нақты жағдайға байланысты болады. Негізі жақсы практика жерасты және жерүсті суын ластайтын заттардың болуына кезеңділікпен мониторингтеу табылады, ал ең жеңілі егер полигон тиісінше сүзгіні басқару жүйесімен жобаланып, сыртынан қапталған және жабылған болса (өткізгіштігі <1х107см/сек), бұл шығарындыны алдын алуға болады деп саналады. Өртегеннен шыққан күл сыртынан қапталған және жабылған полигонда болуға тиіс.
Орналасқан жері/қауіпсіздігі
Әдетте, объекті нақты басқарылуға және көпшілікке қолжетімді болмауға тиіс. Қалдықты кәдеге жарату бойынша бейресми әрекет жүргізілетін объектіде миссия экологиялық және әлеуметтік қатерді басқару, мысалы, органикалық/тағам қалдығын өртеу, сұрыптау және/немесе қайта өндеу, полигонда кому алдында мерзімі өткен/ластанған тағам өнімінен қаптаманы алу бойынша тиісті шаралар қабылдауға тиіс.
Қалдықты жинау, жеткізу мен сақтау
Қалдықты жинау, жеткізу мен сақтау объектілері қайта өңдеу мүмкіндігіне сәйкес қалдық ағынын бөлінуді (яғни, тағам/органикалық, металл, қағаз, шыны) қамтамасыз ететіндей ұйымдастырылуға тиіс.
С қосымшасы |
ӨНІМ МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТКЕ АРНАЛҒАН СТАНДАРТТАР/ЕРЕКШЕЛІК
АХУАЛ
Осы қосымшада бірқатар азық-түлік пен көрсетілетін қызметке техникалық стандарттар келтірілген. Техникалық критерий әрбір бітімгершілік миссиясының жалпы экологиялық ізін қалдықты жою мен электр энергиясын өндіру жүйесін ендіру арқылы қысқарту, шығын мен пайданы, атап айтқанда, қызмет көрсету түрін, сапасын, тиімділігін, құны мен қоршаған ортаға әсерін құжатпен расталған A/RES/70/286 және A/RES/70/286 мандатын орындауға бағытталған.
Төменде келтірілген ерекшелігі қажеттілік туралы өтінішке енгізу үшін жарамды өнім мен көрсетілетін қызметке тапсырыс берушілер үшін нақты минималды техникалық талаптарды қамтамасыз етуге арналған. БҰҰ-ның жаһандық нарығында бірқатар өнімге қосымша басшылықтар мен сипаттама бар https://www.ungm.org/.
АУҚЫМЫ МЕН ҚОЛДАНЫСЫ
Осы қосымша осы Саясаттың Б бөлімінде (Scope and Applicability) айқындалған қолдану өлшемшартына сәйкес келетін БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау операциясы (PKOs) және арнайы саяси миссия (SPMs) алатын өнім мен көрсетілетін қызметке қолданылады. Осы қосымша талаптардың сақталуын көздейді. Осы стандарттарды ендіру кезінде ұйымның қаржылық ережелерін, қағидалары мен тиісті әкімшілік нұсқаулықтарын сақтау маңызды.
ЖЕДЕЛ НОРМАЛАРЫ
Келесі кестелерде өнім мен көрсетілетін қызметті бағалаудың техникалық талаптары мен өлшемшартына енгізілуі мүмкін ерекшелік санат бойынша бөлінген:
С1: Барлық санатқа қолданылатын I операциялық стандарт міндеті.
С2: Барлық санатқа қолданылатын I операциялық стандарттың факультативтік ерекшелігі.
С3: Нақты санатқа қолданылатын I операциялық стандарт ерекшелігі.
С1 кестесі: I пайдалану стандартыны міндетті ерекіиелігі (барлық өнім санаты)
Сақтау, өңдеу мен кәдеге жарату үшін ерекше шығын талап етілетін материалдарды алып тастау
Егер жеткізуші іс жүзінде жүзеге асырылатын техникалық баламаның немесе БҰҰ-ның барлық мерзімі ішінде қоршаған ортаға задал келтіру қатерінің болмауын негіздей алмаса, мынадай қауіпті материалдарға тыйым салынады және олар ешқандай құрылымдық материалда, жабдықта немесе қаптамада қолданылмайды:
Асбест
Бис (2-этилгексил) фталат (DEHP)
Бутилбензилфталат (В BP)
Кадмий немесе кадмий жабыны
Мыс-хром арсенатымен өңделген ағаш (CCA)
Дибутил фталат (DBP)
Ди-изобутилфталат (DIBP)
Алты валентті хром (Сr6+)
Қорғасын (бояуда)
Сынап және күміс (медициналық жабдықта)
Полибромдалған бифенил (РВВ)
Полибромлаған дифенил эфирі (PBDE)
Полихлорланған бифенил (PCBs)
Стокгольм конвенциясында көрсетілген тұрақты органикалық ластағыш (POPs)
Құрамында қауіпті заттар бар өнім немесе жабдық (оның ішінде экологиялық қауіптілік бойынша Н400, H410, H411, H412, H413 немесе 420 химиялық заттарды жіктеу мен таңбалаудың жаһандық деңгейде келісілген жүйесіне сәйкес) кез келген қауіпті заттарды қауіпсіз өндеу, сақтау және кәдеге жарату туралы ақпаратты қамтитын таңбалануы, сондай-ақ қауіпсіздік паспорты болуға тиіс. Өнім туралы ақпарат компонент негізгі компонент пен қауіпті заттарды көрсететін компоненттік схеманы қамтуға тиіс. Қауіпті заттар туралы ақпарат материалдың түрі, пайдаланылатын мөлшері мен орналасқан жері (өнімде) көрсетілген материалдар тізбесі түрінде берілуге тиіс.
С2 кестесі: Факультативті/есептелген пайдалану стандарттары/ерекшелігі (барлық өнім санаты)
Жақсартылған қаптама дизайны
Жеткізушілер қаптаманың жақсартылған конструкциясы мен материалдың инновациялық таңдауы көлік шығыны мен пайдалану қалдығын қысқартуға мүмкіндік беретінін құжатпен растауға тиіс. Жөнелтілетін тауардың (тауарлардың) бүлінбей жеткізілуін және тұтастығын қамтамасыз ету кезінде қаптама материалы:
қаптама компонентін оңтайландыру есебінен жеткізу тиімділігін барынша арттыру (мысалы, егер ол талап етілмесе, кажет емес қосарланған қаптаманы алып тастау), қаптама ауқымын және жеткізілетін ауа көлемін барынша азайту;
қаптама компонентінде жаңартылатын немесе оңай қайтарылатын немесе қайта өңделетін бастапқы материалды барынша пайдаланып және/немесе бастапқы материалды қайта өндеу мүмкіндігін оңтайландырып, қаптама материалын кәдеге жарату құнын ескеру.
Егер жеткізуші іс жүзінде мүмкін болатын техникалық баламаның болмауын негіздемесе, мынадай қаптама материалын пайдаланбау:
Хлорланған полиэтилен (CPE)
Хлорланған поливинилхлорид (CPVC)
Хлор-сульфатталған полиэтилен (CSPE)
Фторланған этилен-пропилен (FEP)
Полихлоропрен
Полистирол
Поливинилхлорид(PVC)
Жақсартылған өнім дизайны
Жеткізушілер өнімнің жақсартылған дизайны мен материалдың инновациялық таңдауы UN қолданыс мерзімі ішінде құнын арттыратынын және пайдалану қалдығын қысқартатынын құжатпен растауға тиіс. Өнім туралы ақпарат өңделетін негізгі компонент көрсетілген компоненттік схеманы қамтуға тиіс. Мерзімі өткен бұйымды қайта өңдеу, осындай кәсіпорынның орналасқан жері мен осындай схемаға сәйкес кез келген басқа да тиісті кез келген ақпарат туралы толық ақпарат ұсынылуға тиіс.
С3 кестесі: Өнім/көрсетілетін қызмет санаты бойынша I операциялық стандарт ерекшелігі
Автомобиль паркі
Рацион
Инженерлік жобалау және құрылыс
Орналастыру
Энергетика
Сумей жабдықтау мен су бұру
Қатты қалдықты кәдеге жарату
Қажеттілікті талдау, шешім мен ерекшелікті әзірлеу, сондай-ақ техникалық баламаны бағалау шығын мен пайданы талдау, атап айтқанда, қызмет көрсету түрі, сапасы, тиімділігі, құны және қоршаған ортаға әсері құжатпен расталған қалдықты кәдеге жарату мен электр энергиясын өндірудің экологиялық қауіпсіз жүйесін ендіру арқылы әрбір бітімгершілік миссияның жалпы экологиялық ізін азайту бойынша A/RES/70/286 және A/RES/70/286 мандатын орындауға бағытталуға тиіс. Шығын мен пайданы талдау БҰҰ үшін құндылықты меншіктің жалпы құны, оның ішінде жеткізу, пайдалану мен кәдеге жарату шығыны тұрғысынан ескерілуге тиіс. Сатып алу процесіне, бағалауды қоса алғанда, тиісті білікті экологиялық және/немесе техникалық персонал тартылуға тиіс.
Қауіпті қалдық:
Салқындатқыш
Аккумулятор
Электроника
Күн батареясы
Шина
ЖЖМ инфрақұрылымы мен көрсетілетін қызмет
Персоналды күзету мен қауіпсіздігі үшін айқындалған жабдық (қорғаныс кеудешесі, дулыға, оқ-дәрі, атыс қаруы мен сканерлеу жабдығы)
Медициналық және стоматологиялық жабдық пен керек-жарақ фармацевтикалық препарат
Өзге де арнайы қауіпті материалдар
Жеткізушілер тиісті жағдайда қолданыстағы кәдеге жарату/қайта өңдеу, кәдеге жарату және қайта өңдеу кәсіпорны немесе қайтару бойынша көрсетілетін қызмет туралы ақпарат беруге тиіс. Егер жеткізушілер кәдеге жарату бойынша көрсетілетін қызмет берсе, әкімшілік рәсімдерді, оның ішінде салықты, бажды, жеткізу тізбегі туралы құжаттарды және барлық басқа да қажетті құжаттаманы қоса алғанда, ақпарат пен құнын; өңдеуге немесе сақтауға қойылатын арнайы талаптарды; жеткізуді ұйымдастыру; сондай-ақ материалды қайта пайдалану/қайта өңдеу және/немесе кәдеге жарату/өңдеу үшін қолданылатын процесс туралы толық ақпаратты ұсынуы қажет.
Авиатасымалы
Үшінші адамдардың жүгі мен көрсететін қызметін экспедициялау Логистика
Жеткізушілер авиажеткізу, үшінші адамдардың жүгі мен логистикалық көрсететін қызметін экспедициялау кезінде туындайтын парниктік газ шығарындысы туралы күнтізбелік жыл есебін беруге тиіс.
Отын
Жеткізушілер миссияның операциялық аймағында қол жетімді құрамында күкірт анағұрлым аз отын жеткізуге тиіс. Жеткізушілер отын сапасының сертификатын беруге тиіс, ал дизель отынында күкірт мөлшері 50 ppm асқан немесе бензинде күкірт 10 ppm асқан жағдайда жеткізуші іс жүзінде жүзеге асырылатын баламаның болмауын негіздеуге тиіс. Жеткізушілер БҰҰ-ға сұраныс бойынша отын сапасының сертификатын беруге тиіс.
Мұнай, мұнай өнімі мен жағармай материалы
Инфрақұрылым мен көрсетілетін қызмет
Егер жерасты сақтау орнын мүмкіндігінше пайдалану дәлелденбесе, ол пайдаланылмауға тиіс. Бұл жағдайда сақтау жүйесі ластанудан қорғайтын жабдықпен және отын шығыны (ағып кетуін) бақылау жүйесімен (яғни, ағып кетуді анықтау жүйесімен) тиісті жобалануға және жабдықталуға тиіс.
Мұнай, май және жағармай сақтау орнында, тарату құрылғысында және отын айдау аймағының инфрақұрылымында өткізбейтін едені мен бермасы/бүйірлік қабырғасы бар тиісті екінші қорғаныс қабаты болуға тиіс. Берма, әдетте, мәжбүрлі араласу талап етілетін тұйық ағызу жүйесі бар ең үлкен резервуардың номиналды сыйымдылығы 110 % немесе шоғырлану аймағындағы барлық резервуар сыйымдылығы 25 % болатын бүйірлік қабырғаны білдіреді, қайсысы үлкен болса да. Жерүсті отын сақтау резервуарын жобалау жөніндегі басшылықты және оларға қойылатын техникалық талаптарды Жанармай қорын басқару жөніндегі басшылықтан/Отын бойынша практика жасайтын қауымдастықтан табуға болады.
Авариялық төгілуді жоюға арналған жиынтық және қауіпсіздік паспорты (SDS) сақтау орны, тарату пункті мен отын айдау аймағы сияқты барлық тиісті объектіде оңай қолжетімді болуға тиіс.
Энергия генерациясы
Сатып алу процесінде электр энергиясын өндіру жүйесінің ерекшелігі (генератор, жаңартылатын энергия көзі, энергия жинақтағыш пен гибридті жүйе), атап айтқанда, тағайындалуын, сапасын, тиімділігін, қызмет көрсету құнын және қоршаған ортаға әсерін ескеруі үшін шығын мен пайдаға талдау жүргізілуіге тиіс.
Энергия тұтыну (жарықтандыру)
Үй-жайдағы жарықтандыру минималды түсберу индексі 80 болғанда минималды тиімділігі 110 люмен/ватт болуға тиіс. Тиімділігі темен жарықтандыру сатып алуға (мысалы, люминесцентті шамды ауыстыру үшін) тек техникалық жүзеге асырылатын балама болмаған жағдайда жол беріледі (яғни, шам түріне байланысты шектеу), ал жарықтандыруды зерттеу немесе жарықтандыруды жаңғырту шығынының тиімділігін талдау бір жылдан астам өтеу мерзімін көрсетті.
Жылу, желдету және ауаны баптау жүйесі
Егер іс жүзінде мүмкін баламаның болмауы дәлелденбесе, ауа баптағышта нөлдік озон бұзатын әлеуеті (ODP) және жаһандық жылу әлеуеті (GWP) 700-ден аспайтын салқындатқыш қолданылуға тиіс. Ауа баптағышта минималды пайдалы әрекет тиімділігі (COP-Coeficient of Performance) және минималды энергия тиімділігі (EER-energy efficiency Ratio) мынадай болуға тиіс (өлшем санаты: BTU/сағ.: COP, EER): 9 000BTU/сағ.: COP4, 69 немесе EER 4,5 О; 12 000:4,40,4,20; 18 000:3,81,3,6 S; 24 000: 3,81,3,40; 30 000:3,81,3,30; 36 000:3,81,3,30;>48 000:3,66,3,20.
Энергетикалық көрсетілетін қызмет
Көрсетілетін қызмет жеткізуге қатысты құзыреттілік, мүмкіндік мен тәжірибе туралы және қажет болса тиісті орган лицензиясының болуы туралы ақпарат берілуге тиіс.
Сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне арналған қосалқы бөлшектер мен шығыс материалы
Жабдық мынадай ерекшелікке сәйкес келуге тиіс:
Кран (раковинаға кран мен араластырғыш): максималды шығын - <1,5 О л/мин. 44 фунт/кв дюйм/3 бар, синхронды кран.
Кран (раковинаға кран мен араластырғыш (асүй): өнімнің максималды шығысы - қысымы SS л/мин. кезінде 45psi/3 бар.
Кран, араластырғыш немесе душ сыбызғысы, қол (телефон) душы:
Өнімнің максималды шығысы - қысымы 45 PSI/3 бар кезінде <5 л/мин., синхрондалған кран.
Қосарланған ағызғышы бар ағызу багы - толық ағызу: бір ағызуға <4,5 л.
Қосарланған ағызғышы бар ағызу багы - жартылай ағызу: бір ағызуға <2,5 л.
Писуар: бір ағызуға <1.9 л, уақытша кран
Аэратор/шығыс реттегіші: асүй жуғышының краны мен араластырғышы және қол (телефон) душы үшін қысымы 45 PSI/3 бар кезінде <5 л/мин., раковина, қол бидесі краны мен араластырғышы үшін қысымы 45 фунт кезінде кв дюймға/3 бар <1,5 л/мин.
Сумен жабдықтау және су бұру бойынша көрсетілетін қызмет
Қалдықты басқару бойынша көрсетілетін қызмет
Көрсетілетін қызметке қатысты құзыреттілік, мүмкіндік мен тәжірибе туралы, сондай-ақ қажет болса тиісті органдардан лицензияның болуы туралы ақпарат берілуге тиіс. Қауіпті материалды өңдеу және кәдеге жарату озық салалық стандартқа сәйкес ресми түрде жүзеге асырылуға тиіс. Өңдеу немесе кәдеге жарату бойынша қызмет көрсететін үшінші тараппен қосалқы мердігерлік шарт жасасу кезінде сақталуын қамтамасыз етудің тиісті рәсімдерінің болуын көрсету қажет.
Құрылыс материалы
Жеткізушілер ағаш пен агрегаттың заңды және ресми басқарылатын көзден келетінін көрсетуге тиіс (яғни, ресурстың меншік иесі немесе басқарушысы оларды заңды пайдалануды және Жойылып кету қатері бар түрдің халықаралық саудасы туралы конвенцияны (CITES- convention on international trade in endangered species) қоса алғанда, жергілікті және ұлттық заңнаманы сақтайды.
Жалпы пайдалану шығысы (мысалы, үй-жайды жинап-тазалау, ландшафтық дизайн, көгалдандыру, зиянкестерге қарсы күрес)
Пестицид пен гербицид
Жеткізушілерге ұсыным берілген пестицид тізімі және Қалдықты басқару жөніндегі басшылықтың "пестицид пен гербицид" бөліміндегі халықаралық тыйым салынған пестицидге сілтеме берілуге тиіс. Жеткізушілер, егер қоршаған ортаны қорғау маманы балама препараттың техникалық қажеттілігін көрсетпесе және мақұлдамаса, ұсыным берілген пестицид тізімімен шектелуге тиіс. Миссия жергілікті нарықта пестицид шектеулі болған жағдайда қызмет көрсететін мердігерлерге БҰҰ жеткізетін пестицид пен гербицидті беру мүмкіндігін қарауға тиіс. Пестицид пен гербицид қауіпті материал ретінде қаралуға тиіс және оларды жеткізу, сақтау, өңдеу мен кәдеге жарату кезінде осы саясаттың тиісті талаптары қолданылуға тиіс. Оларды қолданған кезде өндірушінің нұсқаулықтарын мұқият сақтау арқылы жабайы табиғатқа, әсіресе пайдалы жәндіктерге, құстар мен балықтарға әсер етпеуі үшін тиісті сақтық шаралары қабылдануға тиіс.
Тазалау құралдары
Құрамында мынадай химиялық заттар бар тазартқыш, егер мүмкін болатын техникалық баламаның болмауы негізделмесе, жеткізілмеуге немесе пайдаланылмауға тиіс: қолданыстағы затта массасы бойынша 0,010% концентрациясына дейін полиалкокси химиясы негізінде ПАВ-да формальдегид қоспасын қоспағанда, Алкилфенолэтоксилат (APEOs) және алкилфенолдың басқа да тәріздесі; Атранол; Хлоратранол; Диэтилентриаминпентацет қышқылы (DTPA); Этилендиаминтетрацет қышқылы (EDTA) және оның тұздары; Формальдегид мен оның шығарғышы,; Глутаральдегид; Гидроксиизогексил-3- циклогексенкарбоксальдегид (НІСС); Микропластик; Нанокүміс; Нитромускус және полициклді мускус; Фосфат; Перфторланған алкилат; Биологиялық ыдырамайтын төрттік аммоний тұзы; Реактивті хлор қоспасы; Родамин В; Триклозан; 3-йод-2-пропинилбутилкарбамат; Хош иісті көмірсутек; Галогенделген көмірсутек. Қоршаған ортаға әсерді болдырмау үшін, әсіресе су тоғанына төгілген кезде, оларды қолданған кезде өндірушінің нұсқаулықтарын мұқият орындап, тиісті сақтық шараларын сақтау қажет.
Жиһаз (тұрғын және кеңсе)
Теріге тимейтін тоқыма құрамындағы формальдегид мөлшері 300 ppm аспауға тиіс; теріге тиетін формальдегид мөлшері 75 ppm аспауға тиіс. Құрамында ұшпа органикалық қоспа (VOC-volatile organic compounds) бар өніммен тауардың беткі қабатын өңдеу кезінде қолданылатын органикалық еріткіш мөлшері м2 қабатына 60 г аз болуға тиіс. Жеткізушілер ағаш өнімі заңды және ресми басқарылатын көзден алынуға тиіс екенін көрсетуге тиіс (яғни ресурстың меншік иесі немесе менеджері оны заңды пайдалануды жүзеге асырады және жергілікті және ұлттық заңнаманы, оның ішінде Жойылып кету қаупі төнген түрдің халықаралық саудасы туралы конвенцияны (CITES) сақтайды.
Ішкі жабдық пен аспап
Сатып алу процесінде энергия мен суды тұтыну жоғары аспаптың (мысалы, кір жуғыш машина, кептіргіш, ыдыс жуғыш машина, бройлер) техникалық сипаттамасын айқындау кезінде, атап айтқанда олардың арналуы, сапасы, тиімділігі, қызмет көрсету құны және қоршаған ортаға әсері ескерілген шығын мен пайдаға талдау жүргізілуге тиіс. Жабдықты сатып алатын тапсырыс берушілер миссияның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі үйлестірушісіне немесе қоршаған ортаны қорғау секциясына/инженерлік қолдау секциясына/материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөліміне техникалық ұсынымды сұрауға тиіс.
Бөтелкедегі су
Бір рет қолданылатын пластмассаны пайдаланбау мүмкін болмаған жағдайда жеткізушілер бөтелкені мүмкіндігінше ауқымды жеткізу нұсқасын ұсынуға тиіс.
Асхана жұмысы
Іс-шараларда тағамтандыруды ұйымдастыру
РХ дүкеніндегі операция
Жеткізушілер бірреттік пластикті, атап айтқанда пластикалық бөтелкені, асхана құралын және қаптаманы пайдалануды азайту үшін инновациялық шешімді ұсынуға тиіс. Жеткізушілер қайта пайдаланылатын немесе престелетін материалды пайдалану, сондай-ақ тағам қалдығын азайту бойынша инновациялық шешімді ұсынуға тиіс. Тоңазытқыш қондырғысында осы жабдық үшін іс жүзінде мүмкін болатын техникалық баламаның болмауы негізделген жағдайды қоспағанда, R11, R12, R22. R410A және R134A салқындатқышы болмауға тиіс. Жеткізушілер суықпен және энергиямен жабдықтау жүйесін жетілдіру электр энергиясы мен парниктік газ шығарындысын қалай төмендететінін құжатпен растауға тиіс. Жеткізушілер осы саясатқа сәйкес тағам қалдығын қоқысқа шығаруға қалай жол берілмейтінін құжат бойынша растауға тиіс.
Қағаз бен баспа материалы
Полиграфиялық көрсетілетін қызмет және баспа басылымы
Қағаз макулатуралық талшықтан (басым) немесе заңды және ресми реттелетін көзден алынған бастапқы талшықтан жасалуға тиіс. Қағаз кемінде кәдімгі хлорсыз, ал басым ретінде толық хлорсыз болуға тиіс. Іс жүзінде мүмкін болатын техникалық баламаның болмауы негізді болып табылған жағдайды қоспағанда, сияда экологиялық қауіпті заттар болмауға тиіс (химиялық заттарды жіктеу мен таңбалаудың жаһандық келісілген жүйесіне сәйкес Н400, Н410, Н411, Н412, Н413 немесе 420 қоспасы).
D ҚОСЫМША |
Экологиялық есептілік стандарты
АХУАЛ
Осы қосымшада экологиялық есепті дайындауға қойылатын талаптар келтірілген. Ол тиісті қадағалау органына олардың сұрау салуы бойынша БҰҰ операция тиімділігіне және экологиялық мандатын сақтауға орынды, бірақ абсолютті емес кепілдік беру үшін арналған.
БҰҰ миссияға осындай есепті дайындау, сондай-ақ экологиялық қатер мен қызмет нәтижесі бойынша есептілік құралын берді (Environmental Action Planning and Performance-eAPP қосымшасы).
ҚОЛДАНУ АЯСЫ
Осы қосымша осы Саясаттың В бөлімінде (Scope and Applicability) айқындалған қолдану өлшемшартына сәйкес келетін БҰҰ-ның барлық бейбітшілікті қолдау операциясына (PKOs) және арнайы саяси миссияға (SPMs) қолданылады. Есептілік миссияның жедел бақылауындағы келісімшарттық қызметті қоса алғанда, миссияның азаматтық және әскери компонентін қамтуға тиіс. Бұл қосымша талаптардың сақталуын көздейді
ЕСЕПТІЛІК СТАНДАРТЫ
Егер экологиялық есепті тиісті қадағалау органы сұратса немесе миссияға БҰҰ экологиялық мандатының орындалуы немесе экологиялық мақсатқа қол жеткізу туралы есеп беру ұсынылса, онда мынадай мәлімдеменің бірі болуға тиіс:
Қол жеткізілмеді (егер осы саясатта көзделген "shall" талаптарының бірі орындалмаса);
(миссия) мынадай маңызды немесе елеулі экологиялық мәселелерге байланысты БҰҰ-ның экологиялық мандатын сақтау мақсатына қол жеткізбеді:
(осы саясатта көзделген "shall" талабы орындалмаған жағдайды атау).
Қазіргі уақытта қоршаған ортаға әсерді азайту бойынша мынадай шаралар жүзеге асырылуда:
(әсерді азайту жөніндегі шаралар тізбесі және оларды орындау мерзімі).
Ішінара қол жеткізілді (барлық "shall" орындалған кезде, бірақ осы саясаттан күтілген барлық "should" орындалмады):
(миссия) БҰҰ-ның экологиялық мандатын орындады және ішінара өзінің экологиялық мақсатына қол жеткізді. Жақсарту үшін мүмкіндік төменде келтірілді:
(осы саясатта көзделген күтілетін "should" орындалмаған жақсарту үшін мүмкіндікті атау және егер қажет болса, оларды орындау мерзімін көрсету).
Қол жеткізілді (мұнда осы саясаттан күтілетін барлық "shall" және "should" орындалды):
(миссия) БҰҰ-ның экологиялық мандатын орындады және ішінара өзінін экологиялық мақсатына қол жеткізді. Жақсарту үшін мүмкіндік төменде келтірілді:
(осы саясатта көзделген күтілетін "should" орындалмаған жақсарту үшін мүмкіндікті атау және егер қажет болса, оларды орындау мерзімін көрсету).
Қол жеткізілді (мұнда осы саясаттан күтілетін барлық "shall" және "should" орындалды):
(миссия) экологиялық мақсатына толық қол жеткізді және БҰҰ-ның экологиялық мандатын орындады.
Жылдық экологиялық есеп үлгісі/мысалы
Келесі бетте осы қосымшаға сәйкес есептіліктің жұмыс үлгісі келтірілген.
БҰҰ X миссиясының жылдық экологиялық мәлімдемесі
БҰҰ-ның X (UNMX) миссиясы қоршаған ортаға "задал келтірме" қағидатын ұстанады және табиғи ресурсты барынша пайдалануда тиімділікке қол жеткізуге ұмтылады, сондай-ақ өз қызметін мүмкіндігінше олардың оң әсеріне ықпал етіп,адамдар, қоғам мен экожүйе үшін барынша аз қатермен жүзеге асырады.
Осы UNMX құжаты БҰҰ-ның экологиялық мандаты мен мақсатына қол жеткізу туралы мәлімдеме болып табылады. Ол кепілдіктің орынды, бірақ абсолютті деңгейін қамтамасыз ету үшін арналған.
(МООНХ) БҰҰ-ның экологиялық мандатын орындамады және мынадай маңызды немесе елеулі экологиялық мәселелер туралы хабарлайды:
Альфа лагерінде қоршаған ортаға ағызу үшін ағынды су сапа стандартынан асып кетті, бұл тазартылмаған ағынды судың жақын маңдағы су тоғанына құйылуынан туындады.
Қазіргі уақытта әсерді азайту бойынша мынадай шаралар іске асырылуда:
Альфа лагеріндегі тазарту құрылғысын жаңғырту одан әрі төгіндіні алдын алу үшін 2031 жылғы маусымға дейін аяқталады.
UNMX сонымен қатар экологиялық ахуалды жақсарту үшін мынадай мүмкіндік туралы хабарлайды:
"Браво" лагерінде қалдықты өртеу пешінің жұмыс істемеуі салдарынан қауіпті емес қалдықты ашық өртеуден туындаған қалдықты кәдеге жарату кезінде ауа сапасының нормасынан асып кету орын алды. "Браво" лагеріндегі өртеу пешін жөндеу 2031 жылғы маусымға дейін аяқталады.
100 м3 қалдық Зета алаңындағы инженерлік емес полигонға шығарылды. Зета лагерінен шыққан қалдық "Браво" лагеріне жеткізіледі, ал үйінді 2031 жылғы маусымға дейін қалпына келтіріледі.
20 объектінің екеуінде төгілуден қорғау үшін тиісті қорғаныс қабаты орнатылмаған. Түзеу іс-шаралары жоспарланбаған, олардың орындылығы болашақ бюджеттік цикл ішінде бағаланатын болады.
Біріккен Ұлттар Ұйымның бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның қазақ тіліндегі мәтіні ағылшын тіліндегі мәтінге сәйкес аударылғанын растаймын.
ҚР Қорғаныс Министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник |
В. Вишникин |