2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға хаттар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 7 наурыздағы № 169-VIII ҚРЗ.

      2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға 2024 жылғы 8 қарашада және 2024 жылғы 11 желтоқсанда Нью-Йоркте жасалған хаттар алмасу нысанындағы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма
  Нью-Йорк қ., 2024 жылғы
8 қараша

      Жоғары мәртебелі,

      2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға толықтыру ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасының Үкіметіне өтеуді мынадай тәртіппен жүргізуін ұсынамыз:

      персоналға қатысты өтем жасау үшін өтеу жөніндегі төлемдер, қоса берілген нысандарда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің банктік шотына жүргізілетін болады;

      негізгі жабдыққа және өзін-өзі қамтамасыз ету құралдарына қатысты өтем жасау үшін өтеу жөніндегі төлемдер, қоса берілген нысандарда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің банктік шотына жүргізілетін болады.

      Осы хат пен Сіздің жауабыңыз Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес шығыстарды өтеуге қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы келісімді құраса деген ұсыныс жасау құрметіне ие болып отырмын.

      Жоғары мәртебелі, осы мүмкіндікті пайдаланып, өзімнің ілтипатыма тағы да сендіремін.

      Қайрат Омаров
      Жоғары Мәртебелі
Бас хатшының жедел қолдау жөніндегі орынбасары
Атул Харе мырзаға

  Қосымша

2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес өтем жасау нысандары Төлемдер АҚШ долларымен жүзеге асырылады Персоналға қатысты өтем жасау үшін банктік ақпарат

Бенефициар

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

Мекенжайы

Қазақстан, Астана, Достық даңғылы 4

Банк атауы

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі

Банктік шоттың иесі (заңды тұлға)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті

IBAN

KZ91125USD2015300142

SWIFT

NBRKKZKX

Банктік шот валютасы

USD

Банктің мекенжайы

Мәңгілік ел даңғылы 57A

Қала мен облыс

Астана

Пошталық индексі

Z05T8F6

Ел

Қазақстан

Делдал банктің атауы, мекенжайы, SWIFT

Citibank N.A. CITIGROUP, Лондон CITIGB2L, шот нөмірі 14581482

Төлемнің түрі

Персоналка қатысты өтем, UNDOF

Негізгі жабдыққа және өзін-өзі қамтамасыз ету құралдарына қатысты өтем жасау үшін банктік ақпарат

Бенефициар

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Мекенжайы

Қазақстан, Астана, Мәңгілік ел даңғылы 8

Банк атауы

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі

Банктік шоттың иесі (заңды тұлға)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті

IBAN

KZ91125USD2015300142

SWIFT

NBRKKZKX

Банктік шот валютасы

USD

Банктің мекенжайы

Мәңгілік ел даңғылы 57А

Қала мен облыс

Астана

Пошталық индексі

Z05T8F6

Ел

Қазақстан

Делдал банктің атауы, мекенжайы, SWIFT

Citibank N.A. CITIGROUP, Лондон CITIGB2L, шот нөмірі 14581482

Төлемнің түрі

Негізгі жабдыққа және өзін-өзі қамтамасыз ету құралдарына қатысты өтем, UNDOF

  2024 жылғы 11 желтоқсан

      Жоғары мәртебелі,

      2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды және Сіздің Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес өтеу жөніндегі төлемдерге қатысты 2024 жылғы 8 қарашадағы хатыңызды негізге алуды өзіме мәртебе санаймын.

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығы Үкіметке Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес персонал, негізгі жабдық және өзін-өзі қамтамасыз ету құралдары үшін шығыстарды Сіздің 2024 жылғы 8 қарашадағы хатыңызға сәйкес өтейтінін растау құрметіне ие болып отырмын.

      Жоғары мәртебелі, өзіңізге деген зор ілтипатымды қабыл алыңыз.

      Майкл Мулинге Китиви
Операциялық қолдау департаменті
әскери/полициялық әлеуетті қолдау
басқармасының директоры
      Жоғары Мәртебелі
Қазақстанның БҰҰ жанындағы
Тұрақты өкілі
Қайрат Омаров мырзаға
Нью-Йорк қаласы

      2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға хаттар алмасу нысанындағы келісімнің қазақ тіліндегі мәтінінің аудармасы ағылшын тіліндегі мәтінге сәйкес келетінін растаймын.

      ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық
ынтымақтастық департаментінің бастығы
полковник
О. Хұсайынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады