Қазақстан Республикасы халық депутаттары жергiлiктi Кеңестерiнiң өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы 9 желтоқсан N 3800. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 12 Заңымен (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)

       1-бап. Халық депутаттары жергiлiктi Кеңестерiнiң өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылсын.

       2-бап. Халық депутаттары жергiлiктi Кеңестерiнiң өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылуына байланысты алдағы кезде жаңадан сайланатын жергiлiктi өкiлдi органдар жұмысы басталғанға дейiн қажеттi ұйымдық-құқылық және материалдық-техникалық шараларды жүргiзу облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiне жүктелсiн.
      Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады