"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасы Төрағасының республикада төлем және несие тәртiбiн нығайту мәселесi жөнiндегi есебi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 30 қаңтардағы қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң экономикалық нормативтерiн бұзғаны үшiн коммерциялық банктерге қолданылатын санкциялар туралы Уақытша ережеге өзгерiс енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Есеп айырысуларда қолдағы ақшаның пайдаланылуын ретке келтiру туралы" 1994 жылғы 27 қаңтардағы N 1532 Заң күшi бар Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 13 маусымдағы N 8

      1-бап. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасы Төрағасының республикада төлем және несие тәртiбiн нығайту мәселесi жөнiндегi есебi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 30 қаңтардағы қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң экономикалық нормативтерiн бұзғаны үшiн коммерциялық банктерге қолданылатын санкциялар туралы Уақытша ереженiң (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 4, 68-құжат) 4-тармағы алынып тасталсын.
      2-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Есеп айырысуларда қолдағы ақшаның пайдаланылуын ретке келтiру туралы" 1994 жылғы 27 қаңтардағы N 1532 Заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлер жинағы, 1994 ж., N 5, 42-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

           Президентi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады