Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Достастыққа кiрмеген мемлекеттермен шекараны күзетудегi ынтымақтастық туралы шартын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 18 қазан N 41-I

 


     1995 жылғы 26 мамырда Минскiде қол қойылған Тәуелсiз Мемлекеттер

Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Достастыққа кiрмеген

мемлекеттермен шекараны күзетудегi ынтымақтастық туралы шарты

бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

          Президентi


          Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүше-елдердiң

           бизнесмендерiне арналған виза процедураларының

                    жеңiлдетiлген тәртiбi туралы

                        К Е Л I С I М



 
       Осы Келiсiмге қол қойған (бұдан әрi қарай "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын) елдердiң үкiметтерi Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (бұдан әрi қарай "ЭКО" деп аталатын) мүшесi болып табыла отырып,
 
      сауда мен экономикалық байланыстар халықтардың өзара дамуын жеделдетуге жәрдемдесетiнiне сене отырып,
 
      Кветин Iс-әрекет Жоспарының 19-тармағында мүше елдерге ЭКО аймағының iшiнде бизнесмендердiң кедергiсiз жүрiп-тұруын жеңiлдету және қажет болған жағдайда визаларды тездетiп беру жөнiндегi қажеттi шаралар қабылдауға үндеу жасалғанын еске ала отырып,
 
      төмендегiлер жөнiнде уағдаласты:
 
                              I БАП
 
      ЭКО-ға мүше-елдердiң барлық дипломатиялық және консулдық миссиялары мүше-елдiң сыртқы-iстер министрлiгiнiң келiсiмiмен сауда саласындағы құзырлы мемлекеттiк органдардың ұсыныс хаты бойынша екiншi мүше-елдердiң бизнесмендерiне визалар бередi.
 
                              II БАП
 
      ЭКО-ға мүше-елдердiң барлық дипломатиялық консулдық миссиялары мүше-елдiң сыртқы-iстер министрлiгiнiң келiсiмiмен сауда саласындағы құзырлы мемлекеттiк органдардың ұсыныс хаты бойынша екiншi Уағдаласушы Тараптардың бизнесмендерiне 72 сағаттың iшiнде визалар бередi немесе басқаша болған жағдайда отыз күнге дейiн болуымен бiрге бiр жыл мерзiмге келу соның iшiнде көп мәрте келу визаларына тапсырысқа жауап бередi.
 
                              III БАП
 
      Құзырлы органдар қолданыстағы заңдарға сәйкес виза алушының өзi барған елде оның мәртебесiне қатысты емес қызметпен айналыспау шарты бойынша тиiстi тараптар арасындағы қол қойылған келiсiм-шарттар қолданылатын мерзiмге экспортпен, импортпен немесе инвестициялық қызметпен айналысатын бизнесмендерге берiлетiн визаларды немесе уақытша тұруға берiлетiн рұқсат түрiн ұзартады.
 
                              IҮ БАП
 
      Осы Келiсiм ережелерiнiң бiр де бiреуi ЭКО-ның екi немесе одан

 

да көп мүше-елдерi арасындағы қолданыстағы екi жақты және көп жақты

келiсiмдердiң орындалуына кедергi келтiрмейтiнiн, сондай-ақ әрбiр

мүше-елдегi визалар, уақытша тұруға рұқсат түрлерiн беруге немесе шет

елдiк азаматтарды елден шығарып жiберуге қатысты мемлекеттiк заңдарға

қайшы келмейтiн болады.


                             Ү БАП


     Кез келген Уағдаласушы Тарап осы Келiсiмге Министрлер Кеңесiнiң

бекiтуiне берiлетiн түзетулер ұсына алады.


                             ҮI БАП



 
       а) Әрбiр Уағдаласушы Тарап ұлттық қауiпсiздiк, қоғамдық тәртiп немесе денсаулық сақтау жағдайларын ескере отырып, Уағдаласушы Тараптардың бәрiн немесе кейбiреулерiне қатысты осы Келiсiмнiң тұтасымен немесе iшiнара күшiне енуiне кейiнге қалдыра тұра алады немесе орындалуын уақытша тоқтата алады. Мұндай шараның қолданылуы немесе күшiн жою туралы тез арада дипломатиялық арналар арқылы ЭКО Хатшылығына хабарланады, ол өз кезегiнде бұл жайында барлық Уағдаласушы Тараптардың хабардар етедi.
 
      б) ҮI/ а) тармағында көрсетiлген шаралардың бiрiн қолдануға шешiм қабылдаған Уағдаласушы Тарап оған қатысты мұндай шаралар қабылданған екiншi Уағдаласушы Тараптан өз азаматтарына қатысты осы Келiсiмнiң қолданыла беруiн талап ете алмайды.
 
                              ҮII БАП
 
      а) Осы Келiсiм оған қосылғысы келген ЭКО-ға барлық мүше-елдердiң мынадай жолмен қол қоюы арқылы әрқашан да ашық болып табылады:
 
      (i) бекiтiлуге қатысты өзгертусiз қол қою;
 
      (ii) соңынан бекiтiлуi жүзеге асырылатын бекiтiлуге қатысты өзгертулерiмен қол қою.
 
      б) Жоғарыда аталған ҮII/а) /i) тармаққа сәйкес Келiсiмге

 

қосылатын мүше-елдер өздерiнiң мүшелiкке кiргенi туралы құжатты ЭКО

Хатшылығына тапсырады. Тап осындай жолмен жоғарыда аталған а)/(ii)

тармаққа сәйкес Келiсiмге қосылатын мүше-елдер ЭКО Хатшылығына бекiту

грамотасын тапсырады.


                             ҮIII БАП


     а) Осы Келiсiм ҮII бапқа сәйкес мүше-елдердiң үшеуiнен астамы:


     (i) бекiтуге қатысты өзгертусiз қол қойғаннан кейiн және

өздерiнiң мүшелiкке кiргенi туралы ЭКО Хатшылығына құжат тапсырғаннан

кейiн;


     (ii) Келiсiмге қол қойып, оны бекiткеннен кейiн және бекiту

грамотасын ЭКО Хатшылығына тапсырғаннан кейiн алпысыншы күнi күшiне

енедi.

     б) Келiсiм күшiне енгеннен кейiн оған қандай да бiр мүше-ел

кiрген жағдайда ол Келiсiм аталған мүше-елге қатысты оның кiргенi

туралы құжатты немесе бекiту грамотасын тапсырғаннан кейiн алпысыншы

күнi күшiне енедi.


                             IХ БАП


     ЭКО Хатшылығы ЭКО-ға мүше-елдердi:



 
       а) Осы Келiсiмнiң күшiне енетiн уақыты туралы және бекiтуге қатысты Келiсiмге өзгертусiз қол қойған немесе Келiсiмге қол қойған және оны бекiткен ЭКО-ға мүше-елдер туралы;
 
      б) ҮI немесе Х баптарға сәйкес алынған кез келген ескертпелер туралы және олардың күшiне енетiн уақыты туралы хабардар етедi.
 
                              Х БАП
 
      Осы Келiсiм беймәлiм мерзiмге жасалып отыр, Уағдаласушы

 

Тараптардың әрқайсысы бұл жайында ЭКО Хатшылығына алдын ала алпыс күн

бұрын хабарлай отырып, Келiсiмнен шыға алады.


     Осыны куәландыру үшiн төменде аталған өкiлеттi өкiлдер осы

Келiсiмге қол қойды.


     1995 жылы 15 наурызда екi түпнұсқа данада ағылшын тiлiнде

жасалды, бұлар өз кезегiнде оның бiр дана куәландырылған көшiрмесiн

әрбiр мүше-елге жолдайтын ЭКО Хатшылығына тапсырылатын болады.


     Ауғанстан Ислам Мемлекетiнiң атынан


     Әзiрбайжан Республикасының атынан


     Иран Ислам Республикасының атынан


     Қазақстан Республикасының атынан


     Пакистан Ислам Республикасының атынан


     Түрiк Республикасының атынан


     Түркiменстан атынан





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады