1996 жылғы 12 маусымда Алматыда қол қойылған "Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау туралы" Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының |
Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау
туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы
Келісім
(1997 жылғы 21 сәуірде күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан РеспубликасыныңҮкiметi Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау туралыКелiсiм жасауға ниет бiлдiре отырып және екi жақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрi дамытуға ат салысу мақсатында
мына мәселелер жайында уағдаласты:
1-бап Қолданылу саласы
Осы Келiсiм Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де резиденттерi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
2-бап Келiсiм қолданылатын салықтар
1. Осы Келiсiм салық алу тәсiлдерiне қарамастан әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң атынан оның әкiмшiлiк бөлiмшесi немесе жергiлiктi өкiмет орындары табыс (пайда) мен мүлiктен алатын салықтарға қолданылады.
2. Табыс (пайда) мен мүлiктен алынатын салықтарға жалпы табыстан немесе табыстың бiр бөлiгiнен алынатын барлық салықтар, оның iшiнде жылжымалы немесе жылжымайтын мүлiктi шеттетуден алынған табыстарға салынатын салықтар, жалақының немесе сыйақылардың жалпы мөлшерiнен алынатын салықтар, сондай-ақ мүлiк өсiмiне салынатын салықтар жатады.
3. Осы Келісім қолданылатын салықтар мыналар болып табылады:
- Қазақстан Республикасында:
(I) корпоративтік табыс салығы;
(II) жеке табыс салығы;
(III) заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық
(бұдан әрі "Қазақстан салықтары" ретінде аталатындар);
- Өзбекстан Республикасында:
(I) заңды тұлғалардың пайдасына салынатын салық;
(II) жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
(III) мүлік салығы
(бұдан әрі "Өзбекстан салықтары" ретінде аталатындар).
4. Осы Келiсiм сонымен бiрге Уағдаласушы мемлекеттердiң кез-келген осы Келiсiмге қол қойылған мерзiмнен кейiн осы баптың 3-тармағында көрсетiлген салықтарға қосымша немесе солардың орнына алынатын кез-келген осындай немесе iс жүзiнде ұқсас салықтарға да қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары өздерiнiң салық заңдарындағы кез-келген елеулi өзгерiстер туралы бiр-бiрiне хабарлап отыратын болады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.09.2018 № 182-VI Заңымен.3-бап Жалпы айқындамалар
1. Егер түпнұсқа мәтiннен басқа мағына тумаса, осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн:
а) мына терминдер:
- "Қазақстан" термині Қазақстан Республикасын білдіреді және географиялық мағынасында пайдаланған кезде "Қазақстан" деген термин Қазақстан Республикасының мемлекеттік аумағын және өзінің заңнамасына және халықаралық құқыққа сәйкес Қазақстан өзінің егемендік құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыратын аймақты білдіреді;
- "Өзбекстан" терминi Өзбекстан Республикасын бiлдiредi және географиялық мағынада пайдаланғанда халықаралық құқық нормаларына сәйкес, жер қойнауы мен табиғи ресурстарды пайдалану жөнiндегi құқықты қоса Өзбекстан Республикасы өзiнiң егемендiк құқықтары мен заңдарын жүзеге асыра алатын және Өзбекстан Республикасының заңдары қолданылатын оның аумағын, iшкi суларын, оның үстiндегi әуе кеңiстiгiн қамтиды;
б) "Уағдаласушы Мемлекет" және "басқа Уағдаласушы Мемлекет" терминдерi мәтiнiне қарай Қазақстан немесе Өзбекстанды бiлдiредi;
с) "тұлға" терминi жек адамды, Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған және салық салу мақсаттары үшiн заңды тұлға ретiнде қарастырылатын кез-келген заңды тұлғаны және тұлғалардың кез-келген басқа бiрлестiгiн қамтиды;
д) "компания" терминi салық салу мақсаттары үшiн корпоративтiк бiрлестiк ретiнде қарастырылатын кез-келген корпоративтiк бiрлестiктi немесе кез-келген ұйымды, оның iшiнде табысына (пайдасына) салық салынатын акционерлiк қоғамды, жауапкершiлiгi шектеулi қоғамды немесе кез-келген басқа заңды тұлғаны не ұйымды бiлдiредi;
е) "Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны" және "екінші Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны" терминдері тиісінше Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын кәсіпорынды және екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын кәсіпорынды білдіреді;
ғ) "халықаралық тасымал" терминi осындай тасымал басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң аумағында орналасқан мекендер аралығында жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны теңiз, әуе өзен немесе әуе кемесiмен, темiржол немесе автомобиль көлiк құралдарымен жүзеге асыратын кез-келген тасымалды бiлдiредi;
h) "ұлттық тұлға" терминi:
(I) Уағдаласушы Мемлекеттiң азаматы болып табылатын кез-келген жеке тұлғаны;
(II) Уағдаласушы Мемлекеттiң қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өз мәртебесiн алған кез-келген заңды тұлға мен ассоциацияны бiлдiредi;
ж) "құзырлы орган" терминi:
- Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiн немесе оның өкiлеттi өкiлiн бiлдiредi;
- Өзбекстан Республикасында - Өзбекстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiн.
2. Уағдаласушы Мемлекет осы Келiсiмдi қолданғанда Келiсiмде айқындалмаған кез-келген термин, егер түпнұсқа мәтiннен бөгде мағына тумаса, Келiсiм қолданылатын мемлекеттiң салықтарға қатысты заңдарында берiлетiн мәнге ие болады. Осы Уағдаласушы Мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес кез келген мағына осы Уағдаласушы Мемлекеттің басқа заңдары бойынша терминге берілетін мағынадан басым болады.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.09.2018 № 182-VI Заңымен.4-бап Резидент
1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн "Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi" терминi осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес өзiнiң тұрғылықты мекен-жайы, тұрақты болатын орыны, iспен айналысатын орындары, нақты басшы органның тұрғылықты орыны немесе осындай сипаттағы кез-келген басқа өлшем негiзiнде салық салынатын кез-келген тұлғаны бiлдiредi. Алайда бұл термин дәл осы Мемлекеттегi көздерден немесе мүлiктен алынатын табыс негiзiнде ғана осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салуға жататын тұлғаны қамтымайды.
Термин сонымен бiрге Уағдаласушы Мемлекеттiң Үкiметiн немесе оның әкiмшiлiк бөлiмшесiн, жергiлiктi өкiмет органдарын қамтиды. Ол сондай-ақ кез-келген зейнетақы немесе қызметкерлерге төленетiн басқа нысандағы жәрдемақыларды, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған кез-келген қайырымдылық ұйымын қамтиды.
2. 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болған жағдайда оның мәртебесi былайша айқындалады:
а) ол өзiнiң қолы жетерлiк тұрақты баспанасы орналасқан Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi; егер оның Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнде де қолы жетерлiк тұрақты баспанасы болса, ол неғұрлым тығыз жеке және экономикалық байланыстары (өмiрлiк мүдделер орталығы) бар Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
б) егер оның өмiрлiк мүдделер орталығы бар Мемлекеттi айқындау мүмкiн болмаса немесе оның Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрде-бiреуiнде қолы жетерлiк тұрақты баспанасы болмаса, ол өзi әдетте тұратын Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
с) егер ол әдетте Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнде де тұратын болса немесе олардың бiрде-бiреуiнде тұрмаса, ол өзi азаматы болып отырған Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
д) егер Уағдаласушы Мемлекеттердiң әрқайсысы оны өзiнiң резидентi ретiнде қарастырса немесе Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрде-бiреуi оны бұлайша есептемесе, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары бұл мәселенi өзара келiсе отырып шешедi.
3. Егер осы баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес жеке тұлғадан өзге тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуінің де резиденті болып табылса, ол оның нақты басқару орны орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттің ғана резиденті болып есептеледі.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.09.2018 № 182-VI Заңымен.5-бап Тұрақты мекеме
1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн "тұрақты мекеме" терминi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұрақты орынды бiлдiредi.
2. "Тұрақты мекеме" терминi, атап айтқанда, мыналарды қамтиды:
а) басқару орыны;
б) бөлiмше;
с) офис;
д) фабрика;
е) шеберхана;
f) шахта, кеніш, мұнай немесе газ ұңғымасы, карьер, қондырғы, құрылыс (бұрғылау қондырғысын қоса алғанда), теңіз кемесі немесе табиғи ресурстарды барлайтын немесе өндіретін кез келген басқа орын, сондай-ақ осыған байланысты көрсетілетін қадағалау қызметтері;
g) қойма немесе тауарларды өткізетін өзге орын.
3. "Тұрақты мекеме" терминi сондай-ақ мыналарды қамтиды:
а) құрылыс алаңы немесе құрылыс, монтаждау немесе құрастыру объектiсi немесе осы жұмыстардың орындалуын бақылауға байланысты қызметтер, бұл үшiн мұндай алаң немесе объект 12 айдан астам уақыт бойы жұмыс iстеуi немесе осындай қызметтер 12 айдан астам уақыт бойы көрсетiлуi қажет; және
b) Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорнының қызметшілер немесе кәсіпорын осы мақсат үшін жалдаған басқа персонал арқылы консультациялық немесе басқарушылық қызметтер көрсетуін қоса алғанда, қызметтер көрсету, бірақ осындай сипаттағы қызмет (бір жоба немесе онымен байланысты жоба үшін) екінші Уағдаласушы Мемлекет аумағында жиынтығыңда 12 айдан асатын кезең немесе кезеңдер ішінде жалғасатын болса ғана.
с) алып тасталды - ҚР 18.09.2018 № 182-VI Заңымен.4. Бұл баптың осының алдындағы ережелерiне қарамастан "тұрақты мекеме" терминi мыналарды қамтымайды:
а) ғимараттарды осы кәсiпорынға тиесiлi тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету немесе жiберiп тұру мақсаттары үшiн ғана пайдалану;
б) осы кәсiпорынға тиесiлi тауарлар мен бұйымдар қорын сақтау, көрсету немесе жiберiп тұру мақсаттары үшiн ғана ұстау;
с) осы кәсiпорынға тиесiлi тауарлар мен бұйымдар қорын өзге кәсiпорынның өңдеу мақсаттары үшiн ғана ұстау;
д) тұрақты қызмет орынын осы кәсiпорын үшiн тауарлар немесе бұйымдар алу мақсаттары үшiн немесе ақпарат жинау үшiн ғана ұстау;
е) тұрақты қызмет орынын осы кәсiпорынның мүддесi үшiн ғана әзiрлiк немесе көмекшi сипаттағы кез-келген басқа бiр қызметтi жүзеге асыру үшiн ұстау;
ғ) осындай амал нәтижесiнде туындаған осы тұрақты орынның жиынтық қызметi әзiрлiк немесе көмекшi сипатта болғанда, тұрақты қызмет орынын "а" тармақшасынан "е" тармақшасына дейiн көрсетiлген қызмет түрлерiнiң кез-келген жиынтығын жүзеге асыру үшiн ғана ұстау.
5. 1 және 2-тармақтардың ережелерiне қарамастан, егер осы баптың 6-тармағының ережелерi қолданылатын тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға осы кәсiпорынның атынан әрекет ете отырып, осы кәсiпорынның атынан шарт жасасу құқығына ие болса және оны әдетте Уағдаласушы Мемлекетте пайдаланса, егер тек осы тұлғаның қызметi тұрақты қызмет орыны арқылы асырылғанымен, 4-тармақта аталған ережемен шектелмесе, осы тармақтың ережелерiне сәйкес осы тұрақты қызмет орнынан тұрақты мекеме жасалмаса, онда мұндай кәсiпорын осы тұлға кәсiпорын үшiн жүзеге асыратын кез-келген қызметке қатысты осы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылады.
6. Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң кәсiпорны осы басқа Мемлекетте делдал, комиссионер немесе тәуелсiз мәртебесi бар кез-келген басқа агент арқылы өздерiнiң әдеттегi кәсiпкерлiк қызметiнiң шеңберiнде жұмыс iстеп жүрген жағдайда осы тұлғалар арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысатыны үшiн ғана басқа Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылмайды. Алайда, мұндай агенттің қызметі осындай кәсіпорынның атынан толық немесе толық дерлік орындалатын болса, онда ол осы тармаққа сәйкес тәуелсіз мәртебесі бар агент болып есептелмейді.
7. Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң резидентi болып табылатын компанияның басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе осы басқа Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын (тұрақты мекеме арқылы немесе басқа жолмен) компанияны бақылауы немесе соның бақылауында болуы осы компаниялардың бiрiн өздiгiнен екiншiсiнiң тұрақты мекемесiне айналдыра алмайды.
8. Осы баптың алдыңғы ережелеріне қарамастан, бір Уағдаласушы Мемлекеттің сақтандыру ұйымы, егер ол екінші Уағдаласушы Мемлекеттің аумағында жарна жинаумен айналысса немесе онда бола тұрып, осы баптың 6-тармағының ережелері қолданылатын тәуелсіз мәртебесі бар агенттен өзге тұлға арқылы тәуекелдерді сақтандырса, қайта сақтандыруды қоспағанда, екінші Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекеме құрады.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.09.2018 № 182-VI Заңымен.6-бап Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстар
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң резидентi басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алатын табыстарға (соның iшiнде ауыл шаруашылығынан немесе орман шаруашылығынан алынатын табыстарға) тек осы басқа Мемлекетте ғана салық салынуы мүмкiн.
2. Осы Келiсiмде "жылжымайтын мүлiк" терминi қарастырылып отырған мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары бойынша алынған мағынаға ие болады. Бұл термин кез-келген жағдайда жылжымайтын мүлiкке қатысты көмекшi мүлiктi, ауыл шаруашылығында немесе орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен жабдықтарды, жер меншiгiне қатысты жалпы құқық ережелерi қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлiк узуфруктын және табиғи ресурстарды әзiрлегенi немесе әзiрлеу құқығын бергенi үшiн өтемақы ретiнде қарастырылатын құбылмалы немесе кесiмдi төлемдер құқығын қамтиды. Теңiз, өзен және әуе кемелерi, темiр жол және автомобиль көлiк құралдары жылжымайтын мүлiк ретiнде қарастырылмайды.
3. 1-тармақтың ережелерi жылжымайтын мүлiктi тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе жылжымайтын мүлiктi кез-келген басқа түрде пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
4. 1 және 3-тармақтардың ережелерi сондай-ақ кәсiпорынның жылжымайтын мүлкiнен алынатын табысқа және тәуелсiз жеке қызметтердi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын жылжымайтын мүлiктен алынатын табысқа қолданылады.
7-бап Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнде басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны алған пайдаға алғашқы аталған Мемлекетте салық салынады, егер пайда сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы алынған болса, оның тек:
а) осындай тұрақты мекемеге;
б) осы басқа Мемлекетте тұрақты мекеме арқылы сатылатын тауарлар мен бұйымдарға сәйкес келетiн немесе ұқсас тауарлар мен бұйымдарды сатуға; немесе
с) өзiнiң сипаты жөнiнен осындай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын кәсiпкерлiк қызметке сәйкес келетiн немесе ұқсас осы басқа Мемлекетте жүзеге асырылатын басқа кәсiпкерлiк қызметке қатысты бөлiгiне ғана салық салынады.
2. 3-тармақтың ережелерiн ескере отырып, егер Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы мемлекетте кәсiпкерлiк қызметтi сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырса, онда нақ осындай немесе осыған ұқсас жағдайда нақ осындай немесе осыған ұқсас қызметтi жүзеге асыратын оқшауланған және дербес болғанда және өзi тұрақты мекемесi болып отырған кәсiпорыннан мүлдем тәуелсiз әрекет еткенде ала алатын пайдасы әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттегi осындай тұрақты мекемеге жатады.
3. Тұрақты мекеменiң табыстарын (пайдасын) айқындау кезiнде осы тұрақты мекеме қызметiнiң мақсаттары үшiн жұмсалып, құжаттамалар арқылы қуатталған шығындар шегерiлiп тасталуы тиiс, оған тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте немесе одан тысқары жерлерде жұмсалғанына қарамастан басқару және жалпы әкiмшiлiк шығындары қосылады.
Тұрақты мекемеге патенттердi немесе басқа құқықтарды пайдаланғаны үшiн роялти, алымдары немесе басқа ұқсас төлемдер арқылы, немесе нақты қызметтер көрсеткенi үшiн не болмаса менеджмент үшiн комиссиялық ақылар төлеу арқылы, немесе тұрақты мекемеге қарызға берiлген сомаға проценттер төлеу арқылы оның бас мекемесiне (офисiне) немесе резиденттiң кез-келген басқа мекемелерiне (офистерiне) төленген соманы шегерiп тастауға болмайды. Осыған ұқсас, резиденттің бас мекемесінен (офисінен) немесе оның кез келген басқа мекемелерінен (офистерінен) патенттерді немесе басқа да құқықтарды пайдаланғаны үшін роялти, алымдар немесе осыған ұқсас төлемдер түрінде, нақты көрсеткен қызметтері немесе менеджмент үшін комиссиялық төлемдер түрінде немесе бас мекемесіне (офисіне) немесе оның кез келген басқа мекемелеріне (офистеріне) несиеге берілген сомаға пайыздар түрінде алған сомалар тұрақты мекеменің пайдасына қосылмауға тиіс.
4. Тұрақты мекеме осы кәсiпорын үшiн тауарлар немесе бұйымдар сатып алғаны үшiн ғана ешқандай пайда Уағдаласушы Мемлекеттiң тұрақты мекемесiне жатқызылмайды.
5. Осының алдындағы тармақтардың мақсаттары үшiн тұрақты мекемеге қатысты табыстар (пайда), егер оны өзгертуге дәлелдi және жеткiлiктi себеп болмаса, жыл сайын бiркелкi әдiспен айқындалады.
6. Егер пайда осы Келiсiмнiң басқа баптарында айтылған табыс түрлерiн қамтыса, онда осы баптың ережелерi бұл баптардың ережелерiн қозғамайды.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.09.2018 № 182-VI Заңымен.8-бап Халықаралық көлiк
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi теңiз, өзен және әуе кемелерiн, темiр жол немесе автомобиль көлiк құралдарын халықаралық тасымалдарды пайдаланудан қалған табыстарға тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн теңiз, өзен және әуе кемелерiн, темiр жол немесе автомобиль көлiк құралдарын халықаралық тасымалдарда пайдаланудан алынған табыс контейнерлердi (соның iшiнде трейлерлердi және контейнерлер тасымалдауға арналған iлеспе жабдықтарды) пайдалануды, ұстауды немесе жалға берудi қоса алғанда көлiк құралдарын тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез-келген басқа түрде пайдаланудан алынған табыстарды қамтиды.
3. 1 және 2-тармақтардың ережелерi сондай-ақ пулға, бiрлескен кәсiпорынға немесе көлiк құралдарын пайдалану жөнiндегi халықаралық ұйымға қатысудан түсетiн пайдаға қолданылады.
9-бап Ассоциацияланған кәсiпорындар
1. Егер:
а) Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының басқаруына, бақылауына немесе капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса, немесе
б) белгiлi бiр тұлғалар Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң кәсiпорнының және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнының басқаруына, бақылауына немесе капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса және кез-келген жағдайда кәсiпорындардың коммерциялық және қаржы қатынастарында олардың арасында тәуелсiз кәсiпорындар арасында орын алуы мүмкiн жағдайлардан өзгеше жағдайлар пайда болса немесе орнықса, онда кәсiпорындардың бiрiне есептелуi мүмкiн, бiрақ осындай жағдайлардың болуына байланысты есептелмей қалған пайда осы кәсiпорынның табысына енгiзiлiп, оған тиiсiнше салық салынуы мүмкiн.
2. Егер бір Уағдаласушы Мемлекет осы Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорнының пайдасына екінші Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорнының осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынатын пайдасын қосса және оған тиісінше салық салса және осылайша қосылған пайда, егер екі кәсіпорынның арасындағы жағдайлар тәуелсіз кәсіпорындардың арасындағыдай болғанда бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорнына есептелетін пайда болып табылса, онда осы екінші Уағдаласушы Мемлекет осындай пайдадан есептелген салық сомасына тиісінше түзету енгізеді. Осындай түзетуді айқындау кезінде осы Келісімнің басқа ережелері ескеріледі, ал Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары, қажет болған кезде бірімен-бірі консультация жүргізіп отырады.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.09.2018 № 182-VI Заңымен.10-бап Дивидендтер
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң резидентi болып табылатын компания басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн дивидендтерге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда мұндай дивидендтерге сонымен бiрге дивидендтер төлейтiн компания резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер дивиденд алушының оларға нақты құқығы болса, онда алынатын салық дивидендтердiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспауы тиiс.
Бұл тармақтың дивидендтер төленетiн пайдаға салық салуға қатысы жоқ.
3. "Дивидендтер" терминi осы бапта пайдаланылғанда акциялардан немесе пайдаға қатысуға құқық беретiн қарыз талаптары болып табылмайтын басқа да құқықтардан алынған табысты, сондай-ақ пайданы бөлушi компания резидентi болып табылатын Мемлекеттiң заңдарына сәйкес акциялардан алынатын салық секiлдi дәл осындай салық реттеуiне жататын басқа да корпоративтiк құқықтардан алынатын табысты бiлдiредi.
4. Егер дивидендтерге нақты құқығы бар тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бола отырып, дивидендтер төлейтiн компания резидентi болып табылатын басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын болса немесе сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және дивидендтер төлеуге қатысты холдинг осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен нақты байланыста болса, осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай осы Келiсiмнiң 7-бабының немесе 14-бабының ережелерi қолданылады.
5. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компания басқа Уағдаласушы Мемлекетте пайда алған жағдайда осы басқа Мемлекет, мұндай дивидендтен осы басқа Мемлекеттiң резидентiне төленетiн немесе дивидендтер төлеуге қатысты холдинг осы басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен шын мәнiнде байланыста болатын кезден өзге жағдайларда, осы компания төлейтiн дивидендтерге салық салмауы мүмкiн.
6. Егер акцияларды немесе дивидендтер төлеуге қатысты басқа құқықтарды құруға немесе бөлуге байланысты кез келген тұлғаның негізгі мақсаты немесе негізгі мақсаттарының бірі осы бапқа сәйкес осындай құру немесе бөлу жолымен пайда табу болып табылса, осы баптың ережелері қолданылмайды.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.09.2018 № 182-VI Заңымен.11-бап Проценттер
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнде туындайтын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн проценттерге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда мұндай проценттерге сондай-ақ олар туындайтын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер проценттер алушы оның нақты иесi болса, онда осылайша алынатын салық проценттердiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспауы тиiс.
3. 2-тармақтың ережелерiне қарамастан, егер:
а) проценттердiң нақты алушысы басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң Үкiметi немесе жергiлiктi өкiмет органдары, немесе осы Үкiметтiң не жергiлiктi өкiмет органдарының кез-келген басқа органдары болып табылса;
b) проценттердің нақты алушысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе Өзбекстан Республикасының Орталық банкі, мемлекеттік экспорттық және импорттық кредиттерге кепілдік беру жөніндегі ұйым немесе екінші Уағдаласушы Мемлекеттің Үкіметіне толығымен тиесілі өзге де қаржы ұйымдары болып табылса, Уағдаласушы Мемлекетте туындаған проценттер осы Мемлекетте салықтан босатылады.
4. "Проценттер" терминi осы Келiсiмде пайдаланылғанда, ипотекалық қамтамасыз етуге және пайдаға қатысу құқығын иеленуге қарамастан, қарыз талаптарының кез-келген түрiнен алынған табысты, атап айтқанда, үкiметтiң бағалы қағаздары мен қарыз мiндеттемелерiнен алынатын табысты, соның iшiнде осы бағалы қағаздар мен қарыз мiндеттемелерi бойынша берiлетiн сыйлықтар мен ұтыстарды бiлдiредi
5. Егер проценттердiң нақты иесi Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң резидентi бола отырып, проценттер туындайтын басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын болса немесе сонда орналасқан тұрақты база арқылы тәуелсiз жеке қызметтердi жүзеге асырса және соның негiзiнде проценттер төленетiн қарыз талаптары осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға шын мәнiнде қатысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай осы Келiсiмнiң 7-бабының немесе 14-бабының ережелерi қолданылады.
6. Егер төлеуші осы Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылса, проценттер Уағдаласушы Мемлекетте туындаған болып есептеледі. Алайда, егер проценттерді төлейтін тұлға Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатындығына немесе табылмайтындығына қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесі немесе тұрақты базасы болып, соған байланысты проценттерді төлеу бойынша міндеттеме туындаса және мұндай проценттер бойынша шығыстарды осы тұрақты мекеме немесе тұрақты база көтеретін болса, онда проценттер осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте туындаған болып есептеледі.
7. Егер төлеушi мен проценттерге нақты құқығы бар тұлға арасындағы немесе сол екеуi мен әлдеқандай үшiншi тұлға арасындағы ерекше қатынастардың салдарынан проценттер төленетiн қарыз талабына қатысты проценттер сомасы мұндай қатынастар болмағанда төлеушi мен оларға нақты құқығы бар тұлға арасында келiсiлуi мүмкiн сомадан асып түссе, осы баптың ережелерi тек соңғы көрсетiлген сомаға қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгiне бұрынғысынша осы Келiсiмнiң басқа ережелерiн ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттiң әрқайсысының заңдарына сәйкес салық салынады.
8. Егер проценттер төлеуге қатысты қарыз талаптарын жасауға немесе беруге байланысы бар кез-келген тұлғаның басты мақсаты немесе басты мақсаттарының бiрi құқықтарды жасау немесе оларды беру арқылы осы баптан пайда табу болса, бұл баптың ережелерi қолданылмайды.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.09.2018 № 182-VI Заңымен.12-бап Роялти
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнде туындайтын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн роялтиге, егер бұл резидент осы роялтидiң нақты иесi болып табылса, осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда бұл роялтиге сондай-ақ ол туындайтын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер алушы мен роялтидiң нақты иесi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда салық роялтидiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспауға тиiс. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары мұндай шектеулердi қолдану тәсiлiн өзара келiсiп алып белгiлейдi.
3. Осы бапта пайдаланылғанда "роялти" терминi кез-келген әдебиет, өнер және ғылым шығармаларын, соның iшiнде кинофильмдердi және радио хабарлары мен теледидарға арналған таспалар мен бейнекассеттердi, кез-келген патенттi, сауда белгiлерiн, дизайн немесе үлгiнi, жоспарды, компьютер бағдарламаларын, құпия формулаларды немесе проценттердi пайдаланғаны үшiн немесе авторлық құқықтарды пайдалану құқығын бергенi үшiн немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибеге қатысты ақпарат үшiн өтем ретiнде алынатын кез-келген түрдегi төлемдердi және өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны үшiн немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн жасалатын төлемдердi қамтиды.
4. Егер нақты роялти алушы Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бола отырып, роялти туындайтын басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме немесе база арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса және төленетiн роялтиге қатысты құқық немесе мүлiк шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен немесе базамен байланысты болса, 1 және 2-тармақтың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай осы Келiсiмнiң 7-бабының немесе 14-бабының ережелерi қолданылады.
5. Егер төлеуші осы Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылса, роялти Уағдаласушы Мемлекетте туындаған болып есептеледі. Алайда, егер роялти төлеуші тұлға Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатындығына немесе табылмайтындығына қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесі немесе тұрақты базасы болып, соған байланысты роялтиді төлеу бойынша міндеттеме туындаса және мұндай роялти бойынша шығыстарды осы тұрақты мекеме немесе тұрақты база көтеретін болса, онда роялти тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан сол Уағдаласушы Мемлекетте туындаған болып есептеледі.
6. Егер роялти төлеушi мен оған нақты құқығы бар тұлға арасындағы немесе сол екеуi мен әлдеқандай үшiншi тұлға арасындағы ерекше қатынастардың салдарынан пайдалануға, пайдалану құқығына немесе ол төленетiн ақпаратқа қатысты төленетiн роялти сомасы мұндай қатынастар болмағанда төлеушi мен осы табыстарға нақты құқығы бар тұлға арасында келiсiлуi мүмкiн сомадан асып түссе, осы баптың ережелерi тек соңғы көрсетiлген сомаға қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Келiсiмнiң басқа ережелерiн ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттiң әрқайсысының заңдарына сәйкес салық салынады.
7. Егер роялти төлеуге қатысты құқықтарды жасауға немесе беруге байланысы бар кез-келген тұлғаның басты мақсаты немесе басты мақсаттарының бiрi құқықтарды жасау немесе беру арқылы осы баптан пайда табу болса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.09.2018 № 182-VI Заңымен.13-бап Мүлiк құнының өсуi
1. Басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан, 6-бапта көрсетiлген жылжымайтын мүлiктi шеттетуден Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң резидентi алатын табыстарға осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң басқа Уағдаласушы Мемлекеттегi кәсiпорнының тұрақты мекемесiнiң кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiктi шеттетуден алынған табыстарға немесе Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң резидентiнiң басқа Уағдаласушы Мемлекетте тәуелсiз жеке қызметтердi жүзеге асыру мақсаттары үшiн қолы жететiн тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүлiктен алынған табыстарға, соның iшiнде осындай тұрақты мекеменi (жеке немесе кәсiпорынмен бiрге) немесе осындай тұрақты базаны шеттеуден алынған табыстарға осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
3. Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң резидентi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны халықаралық тасымалдарда пайдаланатын теңiз, өзен немесе әуе кемелерiн, темiр жол немесе автомобиль көлiк құралдарын немесе осы көлiк құралдарын пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiктi шеттетуден алатын табыстарға тек осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.
4. Бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен өз құнының 50 пайызынан астамын тікелей немесе жанама түрде алатын компания капиталындағы акцияларын, қатысу үлесін немесе өзге де құқықтарын иеліктен шығарудан алған табыстарға осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
5. Осы баптың алдыңғы тармақтарында көзделгендегіден өзге кез келген мүлікті иеліктен шығарудан алынатын табыстарға мүлікті иеліктен шығарушы тұлға резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.09.2018 № 182-VI Заңымен.14-бап Тәуелсiз жеке қызметтер
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң резидентi кәсiби қызметтер немесе тәуелсiз сипаттағы басқа да қызметтер көрсетуден алатын табысқа тек осы Мемлекетте салық салынады. Алайда мұндай табысқа сондай-ақ басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер:
а) жеке тұлғаның өзінің қызметін жүзеге асыру мақсаттары үшін екінші Уағдаласушы Мемлекетте өз иелігіндегі тұрақты базасы бар болса немесе бұрын болған болса, мұндай жағдайда табыстың осы тұрақты базаға қатысты бөлігіне ғана; немесе
b) жеке тұлға екінші Уағдаласушы Мемлекетте кез келген 12 айлық кезеңнің ішінде жалпы алғанда 183 күннен асатын кезең немесе кезеңдер бойы болса немесе болған болса, мұндай жағдайда осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте көрсетілген қызметтерге қатысты бөлігіне ғана салық салынуы мүмкін.
2. "Тәуелсiз жеке қызметтер" терминi, атап айтқанда, тәуелсiз ғылыми, әдеби, артистiк, бiлiм беру және оқытушылық қызметтi, сондай-ақ дәрiгерлердiң, заңгерлердiң, инженерлердiң, сәулетшiлердiң, тiс дәрiгерлерiнiң және бухгалтерлердiң тәуелсiз жеке қызметiн қамтиды.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.09.2018 № 182-VI Заңымен.15-бап Жалданып iстейтiн жұмыс
1. Осы Келiсiмнiң 16, 18 және 19-баптарының ережелерiн ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң резидентi жалданып iстеген жұмысы үшiн алатын еңбек ақысына және басқа осындай сыйақыларына, егер тек мұндай жұмыс басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүйеге асырылмаса, тек осы Мемлекетте салық салынады.
2. 1-тармақтың ережелерiне қарамастан, егер:
а) алушы кез-келген 12 айлық кезең iшiнде жалпы алғанда 183 күннен аспайтын кезеңде немесе кезеңдер бойы басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүрсе; және
б) сыйақыны басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын жалдаушы төлесе немесе осындай жалдаушының атынан төленсе; және
с) сыйақы төлеу жөнiндегi шығындарды жалдаушының басқа Мемлекеттегi тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы көтерiп алмаса, Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң резидентi басқа Уағдаласушы Мемлекетте жалданып iстеген жұмыс үшiн алатын сыйақыға тек бiрiншi аталған Мемлекетте салық салынады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң резидентi халықаралық тасымалдарға пайдаланатын теңiз, өзен немесе әуе кемесiнiң үстiнде, темiржол немесе автомобиль көлiк құралында жалданып iстеген жұмысы үшiн алатын еңбек ақысына немесе осындай басқа сыйақыларға осы көлiк құралдарын пайдаланушы кәсiпорын резидентi болып табылатын осы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
16-бап Директорлар кеңестерiнiң мүшелерi алатын табыстар
Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң резидентi директорлар кеңесiнiң немесе компанияның осындай органының мүшесi немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын кез-келген басқа заңды тұлға ретiнде алатын сыйақылар мен басқа да осындай төлемдерге осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
17-бап Артистер мен спортшылардың табыстары
1. Осы Келiсiмнiң 14 және 15-баптарының ережелерiне қарамастан Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң резидентi театр, кино, радио немесе теледидар артисi немесе сазгер секiлдi өнер қызметкерi ретiнде спортшы ретiнде басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын өзiнiң жеке қызметiнен алатын табысына осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Егер өнер қызметкерi немесе спортшы өзiнiң осы сипатында жүзеге асырған жеке қызметiнен алынған табыс өнер қызметкерiнiң немесе спортшының өзiне емес, басқа тұлғаға есептелсе, бұл табысқа, осы Келiсiмнiң 7, 14 және 15-баптарының ережелерiне қарамастан, өнер қызметкерiнiң немесе спортшының қызметi жүзеге асырылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
3. Өнер қызметкерi немесе спортшы Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын қызметтен алынатын табыстарға, егер бұл қызметтi басқа Уағдаласушы Мемлекет, оның субъектiлерi немесе жергiлiктi өкiмет орындары қаржыландырса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Бұл жағдайда мұндай табысқа осы өнер қызметкерi немесе спортшы резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
18-бап Зейнетақылар және басқа осындай төлемдер
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн зейнетақыларға (соның iшiнде мемлекеттiк зейнетақыларға және әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi төлемдерге) және аннуитеттерге тек осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.
2. "Аннуитет" терминi төлем мiндеттемесi бойынша сәйкестi және толық өтемақының (қызметтер көрсетуден өзгеше) орнына белгiлi бiр жылдар бойы немесе белгiлi бiр уақыт кезеңiнде жүйелi түрде жеке тұлғаға төленiп тұратын белгiленген соманы бiлдiредi.
3. Алименттерге немесе Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң пайдасына төленетiн басқа да осындай төлемдерге осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
19-бап Мемлекеттiк қызметi үшiн сыйақылар
1. Зейнетақыдан өзге жеке тұлғаға осы Мемлекет үшiн, оның әкiмшiлiк бөлiмшелерi немесе жергiлiктi өкiмет органдары үшiн жүзеге асырған қызметi үшiн Уағдаласушы Мемлекет, оның әкiмшiлiк бөлiмшелерi немесе жергiлiктi өкiмет органдары төлейтiн сыйақыларға тек осы Мемлекетте салық салынады.
2. Алайда егер қызмет осы басқа Мемлекетте жүзеге асырылса және осы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын жеке тұлға:
I) осы Мемлекеттiң ұлттық тұлғасы болып табылса; және
II) тек осындай қызметтi жүзеге асыру үшiн ғана осы Мемлекеттiң резидентi болмай қойса, осындай сыйақыға тек басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.
20-бап Студенттер, оқытушылар және ғылыми қызметкерлер
1. Уағдаласушы Мемлекетке келудiң дәл алдында басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болған немесе болып табылатын және бiрiншi аталған Мемлекетте тек бiлiм алу немесе практикадан өту мақсатында ғана тұрып жатқан студенттер алатын және өздерiнiң қажетiне, бiлiм алу немесе практикадан өту мақсатына арналған төлемдерге, егер бұл төлемдердiң көздерi осы Мемлекеттен тыс жерлерде болса, осы бiрiншi аталған Мемлекетте салық салынбайды.
2. Дәл осылай Уағдаласушы Мемлекетке келердiң дәл алдында басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болған немесе болып табылатын және бiрiншi аталған Мемлекетте негiзiнен сабақ беру немесе зерттеулер жүргiзу мақсатында тұрып жатқан оқытушы немесе ғылыми қызметкер алатын сыйақы осы мемлекетте екi жыл iшiндегi кезеңде осындай сабақ бергенi немесе зерттеулер жүргiзгенi үшiн сыйақыға қатысты салықтан босатылады.
21-бап Басқа табыстар
1. Бір Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің осы Келісімнің басқа баптарында көзделмеген табыс түрлеріне, олардың қайда туындағанына қарамастан, тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. Осы Келісімнің 6-бабының 2-тармағында айқындалған жылжымайтын мүліктен алынатын табысты қоспағанда, егер мұндай табысты алушы бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті бола тұра, екінші Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса немесе осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсіз жеке қызметтер көрсетсе және оларға қатысты табыс төленетін құқық немесе мүлік іс жүзінде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, ол табыстарға осы баптың 1-тармағының ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда, мән-жайларға қарай осы Келісімнің 7 немесе 14-баптарының ережелері қолданылады.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.09.2018 № 182-VI Заңымен.22-бап Мүлiк
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң резидентiнiң иелiгiндегi және басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiкке осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң кәсiпорнының басқа Уағдаласушы Мемлекеттегi тұрақты кәсiпорны (кәсiпкерлiк) мүлкiнiң бiр бөлiгi болып табылатын немесе тәуелсiз жеке қызметтердi жүзеге асыру мақсаттары үшiн Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң басқа Уағдаласушы Мемлекетте қолы жетерлiк тұрақты базасына қатысты жылжымалы мүлiк болып ұсынылған жылжымалы мүлiкке осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
3. Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң меншiгi болып табылатын және халықаралық тасымалдарды пайдаланылатын теңiз, әуе кемелерi, темiржол және автомобиль көлiгi және осындай тасымалдарды жүзеге асыруға байланысты жылжымалы мүлiк болып ұсынылған мүлiкке тек осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.
4. Уағдаласушы Мемлекет резидентi мүлкiнiң барлық басқа элементтерiне тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
23-бап Қосарланған салық салуды жою
1. Қазақстанға байланысты қосарланған салық салу былайша жойылады:
а) егер Қазақстанның резидентi осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес Өзбекстанда салық салынуы мүмкiн табыс келтiрсе немесе мүлiк иеленсе, Қазақстан:
1) осы резиденттiң табысына салынған салықтан Өзбекстанда төленген табыс салығына тең соманы шегерiп тастауға;
2) осы резиденттiң мүлкiне салынған салықтан Өзбекстанда төленген мүлiк салығына тең соманы шегерiп тастауға рұқсат етедi:
Бұл шегерулер кез-келген жағдайда ретiне қарай Өзбекстанда салық салынуы мүмкiн табысқа немесе мүлiкке қатысты шегеру ұсынылғанға дейiн есептелген, табыстан немесе мүлiктен алынатын салықтың бiр бөлiгiнен аспайтын болуы тиiс;
б) Егер Қазақстанның резидентi осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес тек Өзбекстанда ғана салық салынатын табыс келтiрсе, Қазақстан мұндай табысты Қазақстанда салық салынатын осындай басқа табысқа салық ставкасын белгiлеу мақсаттары үшiн ғана салық салу базасына енгiзуi мүмкiн.
2. Өзбекстанға байланысты қосарланған салық салу былайша жойылады:
егер Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң резидентi басқа Уағдаласушы Мемлекетте осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн табыс келтiрсе, онда осындай табыстан осы басқа Мемлекетте төленуге тиiстi салық сомасы бiрiншi көрсетiлген Мемлекеттегi табысына байланысты осы тұлғадан алынатын салықтан шегерiлуi мүмкiн. Мұндай шегеру, алайда, бiрiншi Мемлекетте соның салық заңдарына және ережелерiне сәйкес аталған табысқа есептелген салық сомасынан аспайды.
24-бап Кемсiтпеу
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң ұлттық тұлғасы басқа Уағдаласушы Мемлекетте кез-келген салық салу түрiне немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғасы дәл осындай жағдайда ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салумен және сонымен байланысты мiндеттемемен салыстырғанда өзгеше немесе неғұрлым ауыр болып келетiн сонымен байланысты мiндеттемеге ұшырамайды. Бұл ереже, 1-баптың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де резиденттерi болып табылмайтын жеке тұлғаларға қолданылады.
2. Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң кәсiпорнының басқа Уағдаласушы Мемлекеттегi тұрақты мекемесiне салық салу осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте дәл осындай қызметтi жүзеге асыратын осы басқа Мемлекеттiң кәсiпорнына салық салудан қолайсыздау болмайды.
3. Осы Келiсiмнiң 9, 11 немесе 12-баптарының ережелерi қолданылатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн проценттер, роялти және басқа өтемдер осы кәсiпорынның салық салынатын пайдасын айқындау мақсаттары үшiн бiрiншi аталған Мемлекеттiң резидентiне олар қалай төленсе, дәл сондай жағдайларда шегерiлiп тасталуы тиiс. Осы секiлдi Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң кәсiпорнының басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне қатысты кез-келген қарыздары салық салынатын осы кәсiпорынның мүлкiн айқындау мақсаттары үшiн бiрiншi аталған Мемлекеттiң резидентiнiң қарыздары қалай шегерiлсе, дәл сондай жағдайларда шегерiлiп тасталуы тиiс.
4. Мүлкi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң бiр немесе бiрнеше резидентiне толық немесе iшiнара тиесiлi немесе олар тiкелей немесе жанама түрде бақылайтын Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорындары бiрiншi аталған Мемлекетте кез-келген салық салу түрiне немесе бiрiншi аталған Мемлекеттiң осындай кәсiпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салумен және осымен байланысты мiндеттемелермен салыстырғанда өзгеше немесе неғұрлым ауыр болып келетiн сонымен байланысты мiндеттемеге ұшырамайды.
5. Осы бапта айтылған ешнәрсе Уағдаласушы Мемлекеттiң әрқайсысын басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденттерiне салық салу мақсаттары үшiн өздерiнiң резиденттерiне берiлетiн қандай да бiр жеке жеңiлдiктердi, босатулар мен шегерулердi беруге мiндеттейтiндей болып түсiндiрiлмейдi.
25-бап Өзара келiсiп алу рәсiмi
1. Егер тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң, немесе екеуiнiң де iс-әрекеттерi оған осы Келiсiм сәйкес келмейтiн салық салуға душар етедi немесе душар ететiн болады деп есептелсе, ол осы Мемлекеттердiң iшкi заңдарында көзделген қорғану құралдарына қарамастан өзiнiң арызын өзi резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзырлы органына немесе, егер оның жағдаяты 24-баптың 1-тармағының күшiне жататын болса - өзi ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетке бере алады. Арыз Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар еткен iс-әрекеттер жайлы хабар берiлген сәттен бастап үш жыл iшiнде берiлуi тиiс.
2. Құзырлы орган, егер ол арызды орынды деп есептесе және оның өзi қанағаттанарлық шешiм ала алмайтын болса, Келiсiмге сәйкес келмейтiн салық салуды болдырмау мақсатында мәселенi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң құзырлы органымен өзара келiсiм бойынша шешуге ұмтылады. Кез-келген қол жеткен уағдаластық Уағдаласушы Мемлекеттердiң ұлттық заңдарына көзделген қандай да бiр уақыт шектеулерiне қарамастан орындалатын болады.
3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары Келiсiмдi пайымдау немесе қолдану кезiнде туындайтын кез-келген мәселелердi өзара келiсiм бойынша шешуге ұмтылады. Олар сондай-ақ осы Келiсiмде көзделмеген жағдайларда қосарланған салық салуды жою мақсатында бiр-бiрiмен ақылдасып отыра алады.
26-бап Ақпарат алмасу
1. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті орғандары осы Келісімнің ережелерін орындау немесе әкімшілендіру немесе салық салу осы Келісімге қайшы келмейтіндей шамада Уағдаласушы Мемлекеттердің немесе олардың әкімшілік бөлімшелерінің немесе жергілікті билік органдарының атынан алынатын кез келген түрдегі және сипаттағы салықтарға қатысты ұлттық заңнаманы қолдану үшін қажетті ақпаратпен алмасады. Ақпарат алмасу осы Келісімнің 1 және 2-баптарымен шектелмейді.
2. Уағдаласушы Мемлекет осы баптың 1-тармағына сәйкес алған кез келген ақпарат осы Уағдаласушы Мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес алынған ақпарат сияқты құпия болып есептеледі және осы баптың 1-тармағында айтылған салықтарға қатысты бағалаумен немесе жинаумен, мәжбүрлеп өндіріп алумен немесе сот қудалауымен немесе апелляцияларды қараумен де және жоғарыда көрсетілгендердің барлығын қадағалаумен де айналысатын тұлғаларға немесе органдарға (соттарды және әкімшілік органдарды қоса алғанда) ғана жария етіледі. Мұндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осы мақсаттар үшін ғана пайдалана алады. Олар бұл ақпаратты ашық сот отырысы барысында немесе сот шешімдерін қабылдау кезінде жария ете алады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармағының ережелері Уағдаласушы Мемлекетке:
а) осы немесе екінші Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасы мен әкімшілік практикасына қайшы келетін әкімшілік шараларын қолдану;
b) осы немесе екінші Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасы бойынша немесе әдеттегі әкімшілендіру барысында алуға болмайтын ақпаратты ұсыну;
c) қандай да бір сауда, кәсіпкерлік, өнеркәсіптік, коммерциялық немесе кәсіби құпияны немесе сауда процесін ашуы мүмкін ақпаратты немесе ашылуы мемлекеттік саясатқа қайшы келуі мүмкін ақпаратты ұсыну міндеттемелерін жүктейтіндей мағынада түсіндірілмейді.
4. Егер ақпаратты осы бапқа сәйкес бір Уағдаласушы Мемлекет сұратса, екінші Уағдаласушы Мемлекет осындай ақпарат тіпті осы екінші Уағдаласушы Мемлекетке өзінің жеке салықтық мақсаттары үшін қажет болмаса да, сұрау салынған ақпаратты жинау жөнінде шаралар қолданады. Алдыңғы сөйлемде қамтылған міндеттеме осы баптың 3-тармағының шектеулеріне түседі, бірақ мұндай шектеулер Уағдаласушы Мемлекетке осындай ақпаратқа ішкі мүдделіліктің болмауы себебінен ғана ақпарат ұсынудан бас тартуға рұқсат беретіндей мағынада түсіндірілмейді.
5. Осы баптың 3-тармағының ережелері ақпарат иесі банк, басқа қаржы мекемесі, номиналды ұстаушы немесе агент немесе сенім білдірілген өкіл болып әрекет ететін тұлға ақпарат иесі болып табылатындығы себебінен немесе ақпарат меншік құқығы берілген тұлғаға қатысты болуы себебінен Уағдаласушы Мемлекетке ақпарат ұсынудан бас тартуға рұқсат беретіндей мағынада түсіндірілмейді.
Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.09.2018 № 182-VI Заңымен.27-бап Салықтарды өндіріп алуға жәрдемдесу
1. Уағдаласушы Мемлекеттер өздеріне тиесілі салық міндеттемелерін өндіріп алуда бір-біріне өзара жәрдемдесіп отырады. Мұндай жәрдемдесу осы Келісімнің 1 және 2-баптарының ережелерімен шектеліп қалмайды. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары осы баптың қолданылу тәртібін өзара келісім бойынша айқындайды.
2. Тиісті салықтарды салу осы Келісімге немесе Уағдаласушы Мемлекеттер қатысушылары болып табылатын кез келген өзге халықаралық шартқа қайшы келмейтіндей шамада "Салық міндеттемесі" термині осы бапта қолданылған кезде Уағдаласушы Мемлекеттердің әрқайсысының, олардың әкімшілік бөлімшелерінің немесе жергілікті билік органдарының атынан алынатын салықтың кез келген түрі мен сипаттамасы ретінде төлеуге жататын соманы, сондай-ақ осындай салықтарға жататын пайыздарды, әкімшілік айыппұлдар мен өндіріп алу немесе өндіріп алуды қамтамасыз ету бойынша шыққан шығындарды білдіреді.
3. Егер Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінің алдындағы салық міндеттемесі осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес өндіріп алуға жататын болса және оны осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңдарына сәйкес осы кезде оны өндіріп алуға кедергі келтіре алмайтын тұлға төлеуге тиісті болса, онда мұндай салық міндеттемесі осы Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті орғандарының сұрау салуы бойынша екінші Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органдары өндіріп алуы үшін қабылданады. Мұндай салық міндеттемесін, өзінің салықтарын өндіріп алу үшін қолданатын заңнамасының ережелеріне сәйкес, осы міндеттеме осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің алдындағы салық міндеттемесі болып табылатындай, осы екінші Уағдаласушы Мемлекет өндіріп алады.
4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің салық міндеттемесі, оны өндіріп алу үшін осы Уағдаласушы Мемлекет өзінің заңнамасына сәйкес оған қатысты қамсыздандыру шараларын қолдануы мүмкін міндеттеме болып табылса, мұндай міндеттеме осы Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша екінші Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органы қамсыздандыру шараларын қолдану мақсаттары үшін қабылдауы тиіс. Осы екінші Уағдаласушы Мемлекет өз заңнамасының ережелеріне сәйкес осы салық міндеттемесіне қатысты қамсыздандыру шараларын, егер де тіпті осындай шараларды қолдану сәтінде осы салық міндеттемесі бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетте өндіріп алуға жатпаса да немесе оны өндіріп алуға кедергі келтіруге құқылы тұлға болып табылса да қолданады.
5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарының ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттердің біреуінің заңнамасына сәйкес уақытша шектеулер мен басымдық тәртібі осындай міндеттеменің сипатына байланысты салық міндеттемесіне қолданылуы мүмкін болса, осы Уағдаласушы Мемлекет осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген мақсаттар үшін қабылдайтын салық міндеттемесіне қатысты қолданылмайды. Сонымен бірге, Уағдаласушы Мемлекеттердің біреуі осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген мақсаттар үшін қабылдайтын салық міндеттемесіне осы Уағдаласушы Мемлекетте екінші Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасында көзделген басымдық тәртібін қолдануға болмайды.
6. Уағдаласушы Мемлекеттердің біреуінің алдында салық міндеттемесінің бар-жоғын, рас екенін немесе оның мөлшерін анықтау бойынша рәсімдер екінші Уағдаласушы Мемлекеттің сот немесе әкімшілік органдарының қарауына шығарылмайды.
7. Егер Уағдаласушы Мемлекеттердің біреуі осы баптың 3 немесе 4-тармақтарына сәйкес сұрау салу жібергеннен кейін және екінші Уағдаласушы Мемлекет тиісті салық міндеттемесінің оған тиесілі сомасын өндіріп алғанға және оны бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетке бергенге дейін кез келген кезде мұндай салық міндеттемесі:
a) осы баптың 3-тармағына сәйкес сұрау салынған кезде - осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес өндіріп алуға жататын және оны осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңдарына сәйкес осы кезде өндіріп алуға кедергі келтіре алмайтын тұлғаның өтеуі тиіс болатын Уағдаласушы Мемлекеттердің біреуінің алдындағы салық міндеттемесі;
b) осы баптың 4-тармағына сәйкес сұрау салынған кезде - осы Уағдаласушы Мемлекет өзінің заңнамасына сәйкес оны өндіріп алу үшін қамсыздандыру шараларын қолдана алатын бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекеттің салық міндеттемесі болып табылуын тоқтатса, -
онда бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органдары екінші Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органдарына бұл туралы дереу хабарлайды және екінші Уағдаласушы Мемлекеттің қалауы бойынша бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекет өзінің сұрау салуын тоқтата тұрады немесе кері қайтарып алады.
8. Осы баптың ережелері Уағдаласушы Мемлекеттерге мынадай:
a) осы немесе екінші Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына және әкімшілік практикасына қайшы келетін әкімшілік шараларды қолдану;
b) қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін шараларды қолдану;
c) егер екінші Уағдаласушы Мемлекет әрбір нақты жағдайда өзінің заңнамасына немесе әкімшілік практикасына сәйкес өз иелігіндегі өндіріп алу немесе өндіріп алуды қамтамасыз ету бойынша барлық ақылға сыйымды шараларды қабылдамаған болса, жәрдемдесу;
d) егер осындай жәрдем көрсететін Уағдаласушы Мемлекетке жүктелетін әкімшілік шығындар, нәтижесінде екінші Уағдаласушы Мемлекет алуы мүмкін артықшылықтармен мүлдем мөлшерлес келмеген жағдайда жәрдемдесу міндеттемелерін жүктеу ретінде түсіндірілмейді.
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.09.2018 № 182-VI Заңымен.27-1-бап Жеңілдіктерді шектеу
Осы Келісімнің ережелері Уағдаласушы Мемлекетке салық салудан жалтаруды болдырмау жөнінде оның ішкі заңнамасының ережелерін қолдануға кедергі келтіру ретінде түсіндірілмейді.
Ескерту. Келісім 27-1-баппен толықтырылды - ҚР 18.09.2018 № 182-VI Заңымен.28-бап Дипломатиялық өкiлдiктер мен консульдық мекемелердiң қызметкерлерi
Осы Келiсiмнiң бiрде-бiр ережесiнiң дипломатиялық өкiлдiктер қызметкерлерiнiң және консульдық мекемелер қызметкерлерiнiң халықаралық құқықтың жалпы нормаларымен немесе арнаулы келiсiмдердiң ережелерiне сәйкес берiлген салық артықшылықтарына қатысы жоқ.
28-1-бап Өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Уағдаласушы Мемлекеттер өзара келісу бойынша осы Келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізе алады, олар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын және осы Келісімнің 29-бабына сәйкес күшіне енетін жеке хаттамалармен ресімделеді.
Ескерту. Келісім 28-1-баппен толықтырылды - ҚР 18.09.2018 № 182-VI Заңымен.29-бап Күшiне енуi
Осы Келiсiм iшкi мемлекеттiк рәсiмдердiң орындалғаны туралы соңғы хабар алынған күннен бастап күшiне енедi, бұл орайда оның ережелерi:
а) көзден алынатын салықтарға - Келiсiм күшiне енген айдан кейiнгi үшiншi айдың бiрiншi күнi немесе бiрiншi күннен кейiн төленетiн немесе есептелген сомадан алынатын салықтарға қатысты;
б) Келiсiм күшiне енген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың бiрiншi қаңтарынан немесе бiрiншi қаңтарынан кейiн басталатын салық салынатын кезеңдер үшiн - басқа салықтарға қатысты күшiнде болады.
30-бап Қолданылу күшiн тоқтату
Осы Келiсiмнiң күшiн Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрi тоқтатпайынша ол күшiнде қала бередi. Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет Келiсiм күшiне енген уақыттан кейiн 5 жылдық мерзiм аяқталған соң басталатын кез-келген күнтiзбелiк жылдың аяқталуынан кем дегенде алты ай бұрын қолданылу күшiн тоқтату туралы дипломатиялық арналар арқылы хабардар ету жолымен Келiсiмнiң күшiн тоқтата алады. Мұндай жағдайда Келiсiм:
а) көзден алынатын салықтарға - хабар берiлген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың бiрiншi қаңтарында немесе бiрiншi қаңтарынан кейiн төленетiн немесе есептелген сомадан алынатын салықтарға қатысты;
б) хабар берiлген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың бiрiншi қаңтарынан немесе бiрiншi қаңтарынан кейiн басталатын салық салынатын кезеңдер үшiн - табыс пен мүлiкке салынатын басқа салықтарға қатысты қолданылу күшiн тоқтатады.
Алматы қаласында 1996 жылғы 12 маусымда _____________ екi дана етiп, әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тiлдерiнде жасалды, соның өзiнде барлық мәтiннiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн пайдалануда келiспеушiлiк туа қалған жағдайда орыс тiлiндегi мәтiн негiзге алынады.
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Хаттама
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасында табыстар мен мүлiкке қосарланған салық салуды болғызбау туралы Келiсiмге қол қою кезiнде төменде қол қоюшылар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгiн құрайтын мына ереже туралы келiстi:
10-бапқа (Дивидендтер) қатысты:
Уағдаласушы Мемлекеттердiң кез-келгенi бөлiмшеге салынатын салық (branch tax) енгiзген жағдайда мынадай ереже қолданылатын болып келiсiлдi:
- Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын және басқа Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар компанияға осы басқа Мемлекетте пайдаға салынатын салыққа қосымша салық салынуы мүмкiн. Мұндай салық, алайда, компания пайдасының басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы тиiс үлесiнiң 10 процентiнен аспауы тиiс.
Алматы қаласында 1996 жылғы 12 маусымда екi дана етiп, әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тiлдерiнде жасалды, соның өзiнде барлық мәтiннiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн пайдалануда келiспеушiлiк туа қалған жағдайда орыс тiлiндегi мәтiн негiзге алынады.
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн