Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Малайзия Үкiметiнiң арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 27 наурыз N 86

 


     1996 жылғы 18 шiлдеде Алматыда қол қойылған Қазақстан

Республикасының Үкiметi мен Малайзия Үкiметiнiң арасындағы Әуе

қатынасы туралы келiсiм бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

             Президентi



          Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Малайзия

            Үкiметiнiң арасындағы әуе қатынасы туралы

                           Келiсiм



 
       Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Малайзияның Үкiметi, бұдан

 

былай осы Келiсiмде "Келiсушi Жақтар" деп аталады,

     1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода қол қою үшiн ашылған

Халықаралық Азаматтық Авиация туралы Конвенцияның қатысушылары бола

отырып,

     олардың мемлекеттерiнiң тиiстi аумақтарының арасында жүйелi әуе

қатынасын орнату мақсатымен аталмыш Конвенцияға қосымша ретiнде

Келiсiм жасауды қалай отырып,

     халықаралық әуе көлiгiнде қауiпсiздiк деңгейiн көтеруге

ынталана отырып,

     төмендегiлер туралы келiстi:


                           1-бап

                       АЙҚЫНДАМАЛАР


     1. Егер контекстен басқа мен туындамаса, осы Келiсiмнiң мақсаттары

үшiн:


 
       а) "Конвенция" атауы - 1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода қол қою үшiн ашылған Халықаралық Азаматтық Авиация туралы Конвенцияның 90-бабына сәйкес енгiзiлген кез келген Қосымшаны және Конвенцияның 90 және 94-баптарына сәйкес Конвенция мен Қосымшаларға енгiзiлген кез келген түзетулердi де бiлдiредi, егер сол Қосымшалар мен түзетулер екi Келiсушi Жақтармен қабылданған жағдайда;
      б) "авиациялық билiк орындары" атауы - Қазақстан Республикасының Үкiметiне қатысты - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн, және Малайзияның Үкiметiне қатысты - Малайзияның Көлiк министрлiгiн немесе осы кезде аталмыш органдардың қызметiн орындауға өкiлеттенген кез келген ұйымды немесе заңды тұлғаны бiлдiредi;
      с) "тағайындалған авиакәсiпорны" атауы - осы Келiсiмнiң 3-бабына сәйкес осы Келiсiмнiң Қосымшасында көрсетiлген маршруттардағы ұшуларды орындау үшiн тағайындалған және уәкiлденген авиакәсiпорынды немесе авиакәсiпорындарды бiлдiредi;
      д) "аумақ", "әуе қатынасы", "халықаралық әуе қатынасы", "авиакәсiпорын", "жүйелi әуе қатынасымен аялдама жасау" Конвенцияның 2 және 96-баптарына сай мағынаны бiлдiредi;
      е) "тарифтер" - атауы жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау бағалары мен агенттiк қызметтердi немесе көлiк құжаттарын сатқаны үшiн комиссия алымдары мен қосымша төлемдердi қоса осы бағалар қолданылатын жағдайларды бiлдiредi;
      ғ) "Қосымша" атауы - осы Келiсiмнiң 16-бабының 2 тармағына сай қабылданған осы Келiсiмнiң Маршруттар Кестесiн немесе кез келген басқа Қосымшаны бiлдiредi.
      2. Бұл Қосымша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және осы Келiсiмнiң кез келген сiлтемелерi Қосымшаның да сiлтемелерi болып табылады.
 
                          2-бап
                Тасымалдау құқықтарын беру
 
      1. Әрбiр Келiсушi Жақ осы Келiсiмнiң Қосымшасындағы Маршруттар Кестесiнде көрсетiлген маршруттардағы ұшуларды (бұдан былай "келiсiлген әуе жолдары" және "белгiленген маршруттар") орындау мақсатымен екiншi Келiсушi Жаққа осы Келiсiмде көрсетiлген құқықтарды бередi.
      2. Осы Келiсiмнiң қағидаларына сай әрбiр Келiсушi Жақтың кез кез келген тағайындалған авиакәсiпорны мына құқықтарды пайдаланатын болады:
      а) олардың мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы қонбастан ұшып өту;
      б) олардың мемлекеттерiнiң аумақтарында жүйелi әуе қатынасымен қону;
      с) осы Келiсiмнiң Қосымшасында көрсетiлген пункттердегi аумақтарда екiншi Келiсушi Жақ мемлекетiнiң аумағындағы пункттерге (ден баратын) келетiн жолаушыларды, багажды, жүктi және поштаны тиеу және түсiру.
      3. Бұл баптағы қағидалардың ешқайсысы да екiншi Келiсушi Жақтың аумағында жалдану жағдайымен немесе сыйақы үшiн және екiншi Келiсушi Жақтың мемлекетiнiң аумағындағы басқа пунктке тасымалдауға арналған жолаушыларды, жүк пен поштаны бiр Келiсушi Жақтың авиакәсiпорнының бортына алу құқығын бередi деп қаралмайды.
      4. Егер қарулы қақтығыстың, саяси толқулар мен оқиғалардың немесе ерекше және жайсыз жағдайларға байланысты бiр Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорны әдеттегi маршрутпен жолды пайдалана алмаған жағдайда екiншi Келiсушi Жақ уақытша өзгертiлген тиiстi маршруттар бойынша осы жолдарды пайдалану үшiн барлық күш-жiгерiн салатын болады.
 
                               3-бап
            Авиакәсiпорынды тағайындау және өкiлеттiктердi
                              пайдалану
 
      1. Әрбiр Келiсушi Жақ белгiленген маршруттар бойынша келiсiлген әуе жолдарын пайдалану үшiн екiншi Келiсушi Жақты жазбаша түрде хабардар ете отырып, бiр немесе бiрнеше авиакәсiпорнын тағайындауға құқылы болады.
      2. Осындай хабарландыру алған екiншi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындары, осы баптың 3 және 4 тармақтарының қағидаларына сай әрбiр тағайындалған авиакәсiпорнының ұшуына жедел түрде рұқсатын бередi.
      3. Бiр Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындары халықаралық коммерциялық әуе жолдарын пайдалану кезiнде Конвенцияның қағидаларына сәйкес осы Келiсушi Жақпен шарттарды пайдалану қабiлетiнiң барлығына көз жеткiзу үшiн заңдар мен ережелерде жазылған әдеттегiдей және негiздi түрде екiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнынан дәлелдемелер талап етуi мүмкiн.
      4. Әрбiр Келiсушi Жақ авиакәсiпорнын тағайындаған екiншi Келiсушi Жақтың, әйтпесе оның азаматтарының тағайындалған авиакәсiпорны үстiнен айрықша иелiк билiгiн жүргiзе алатындығына дәлелi жоқ барлық жағдайда, ол авиакәсiпорнына осы баптың 2-тармағында көрсетiлген ұшу рұқсатын беруден бас тарта алады, болмаса сол екiншi Келiсушi Жақтан тағайындалған авиация кәсiпорнынан осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген құқықтарды пайдалану үстiнде қажет болады деген әрқилы шарттардың орындалуын талап ете алады.
      5. Тағайындалған және осылайша рұқсат алған авиакәсiпорны, осы Келiсiмнiң 11-бабындағы қағидаға сәйкес орнатылған тарифтер күшiне енгiзiлген жағдайда келiсiлген әуе жолдарын пайдалану iсiн бастай алады.
      6. Әрбiр Келiсушi Жақ осы Келiсiмнiң 2-бабының 2 тармағына сәйкес кез келген авиакәсiпорынға берген құқықтарының пайдаланылуын уақытша тоқтатуға немесе осы авиакәсiпорны оған осы құқықтарды берген Келiсушi Жақтың заңдары мен ережелерiн сақтамаған, яки осы авиакәсiпорны осы Келiсiмде жазылған шарттарды орындамаған жағдайда, әрi осы берiлген құқықтарды пайдалану үшiн қажеттi деп табылған шарттардың орындалуын талап етуге құқықты. Егер жедел түрде аталмыш талаптардың орындалуы бұдан әрi заңдар мен ережелердiң бұзылуына тосқауыл болмаған жағдайда осындай құқықтарды пайдалану екiншi Келiсушi Жақпен кеңесуден соң ғана жүзеге асатын болады.
 
                               4-бап
          Кедендiк баж салығы мен басқа да алымдардан босату
 
      1. Халықаралық тасымалдауларда қолданылатын әрбiр Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнының әуе кемесi, сондай-ақ олардың табельдiк құралдары, сол әуе кемесiне тиелген жанармай және жағармай материалдарының қоры, борттық қорлар (азық-түлiк тағамдары, сусындық және темекi заттарын қоса) екiншi Келiсушi Жақтың аумағына әкелiнгеннен кейiн барлық кедендiк баж салығынан, инспекциялық және басқадай алымдардан босатылады, әйтседе керi әкетiлген мерзiмге дейiн құралдар мен қорлар әуе кемесiнiң бортында қалуға тиiстi.
      2. Бiр Келiсушi Жақтың аумағына екiншi Келiсушi Жақтың авиакәсiпорнымен немесе оның атынан әкелiнген немесе осындай тағайындалған авиакәсiпорнымен пайдаланылатын әуе кемесiнiң бортына алынатын және халықаралық әуе жолдарында пайдалануға арналған отын қорлары, жағармай материалдары, қосалқы бөлшектер, табель жабдықтары және борттың iшiндегi қорлар, егер осы қорлар бортқа қабылданатын Келiсушi Жақ аумағының шеңберiнен өтетiн маршрут учаскесiнде пайдаланылған жағдайда да бiрiншi Келiсушi Жақтың аумағында салынатын кедендiк баж салығы мен инспекциялық алымдарды қоса барлық ұлттық баждар мен алымдардан босатылады. Жоғарыда аталған материалдар кедендiк байқауда немесе тексеруде болады.
      3. Бiр Келiсушi Жақтың әуе кемесiнде орналасқан табельдiк борт жабдықтары, сондай-ақ материалдары мен қорлары екiншi Келiсушi Жақ мемлекетiнiң аумағына осы Келiсушi Жақтың кедендiк органдарының билiгiмен ғана тиелуi мүмкiн. Бұл жағдайда, олар, керi әкетiлгенге дейiн немесе кедендiк ережелерге сай басқа мақсатқа жiберiлгенге дейiн, ескертiлген кедендiк билiк орындарының қарамағында қалатын болады.
      4. Бiр Келiсушi Жақтың әуе кемесiнiң бортына екiншi Келiсушi Жақ мемлекетiнiң аумағында алынатын, сондай-ақ соңғы Келiсушi Жақтың аумағындағы екi пункттер арасындағы ұшуларда пайдаланылатын отын, жағармай материалдары, қосалқы бөлшектер, табель жабдықтары кедендiк баж салығынан, инспекциялық алымдардан және басқа ұлттық немесе жергiлiктi алымдар мен баждардан босатылады.
 

                                 5-бап



                         Коммерциялық қызмет



 
 
       1. Келiсушi Жақтардың әрқайсысының мемлекетiнiң аумағында қолданылып жүрген заңдар мен ережелерге сай Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорны 3-бапқа сәйкес екiншi Келiсушi Жақ мемлекетiнiң аумағында осы Келiсiмнiң Қосымшасына сай әуе қатынасын орындау үшiн қажеттi әкiмшiлiк, техникалық және коммерциялық персоналдары бар өзiнiң өкiлдiгiн ашуға құқығы бар.
      2. Әрбiр Келiсушi Жақ екiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнына өз мемлекетiнiң аумағында тiкелей немесе авиакәсiпорынның қалауы бойынша, өзiнiң агенттерi арқылы төлемақылы тасымалдау жүргiзуге құқық бередi. Әрбiр авиакәсiпорны жергiлiктi валютамен немесе ұлттық заңдар мен ережелерге сай еркiн конверцияланатын валютамен осындай тасымалдауларды сатуға құқықты.
 
                               6-бап
 
           Кiру мен шығу үшiн заңдар мен ережелердi қолдану
 
      1. Бiр Келiсушi Жақ мемлекетiнiң халықаралық әуе қатынастарында пайдаланылатын әуе кемесiнiң оның аумағына ұшып келуiн немесе ұшып шығуын реттейтiн заңдары мен ережелерi, екiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнына да қолданылатын болады.
      2. Бiр Келiсушi Жақ мемлекетiнiң өз аумағында жолаушылардың, экипаждың, жүктiң немесе поштаның келуiн (кетуiн), уақытша жүрiп-тұруын, әкелiнуiн (әкетiлуiн) реттейтiн заңдары мен ережелерi, мысалы эммиграциялауға және эммиграцияға қатысты формалдылықтары, сондай-ақ кедендiк ережелерi мен санитарлық шараларын сол аумақ шегiнде жүрген кезде екiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнының әуе кемесiмен тасымалданатын жолаушыларға, экипажға, жүкке немесе поштаға қатысты да қолданылатын болады.
      3. Бiр Келiсушi Жақтың мемлекетiнiң аумағы арқылы тiкелей транзитпен баратын жолаушыларға, багажға және жүктерге осы мақсат үшiн белгiленген әуежай аумағынан шықпаған жағдайда, жеңiлдiк бақылау жүргiзiлетiн болады. Тiкелей транзитпен баратын багаж және жүктер кедендiк салықтар мен басқадай осы сияқты алымдардан босатылады.
      4. Келiсушi Жақтардың ешқайсысы да осы баптың 1 және 2 тармақтарында қарастырылған заңдар мен ережелердiң қолданылуына қатысты екiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнына қарағанда өзiнiң тағайындалған авиакәсiпорнына артық үстемшiлiк бере алмайды.
 
                                7-бап
                   Тасымалдаулар көлемiн реттеу
 
      1. Келiсушi Жақтардың тағайындалған авиакәсiпорнының әрқайсысына олардың мемлекеттерiнiң тиістi аумақтар арасындағы белгiленген маршруттар бойынша келiсiлген әуе жолдарын пайдалануда қолайлы да теңдес жағдайлар берiлетiн болады.
      2. Әрбiр Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорны келiсiлген әуе жолдарын пайдалану кезiнде сол маршруттағы немесе оның бөлiгiндегi әуе жолдарын пайдаланатын екiншi Келiсушi Жақтың авиакәсiпорнының тасымалдауларына шығын келтiрмес үшiн соның мүддесiн ескерiп отыруы тиiс.
      3. Келiсушi Жақтардың тағайындалған авиакәсiпорындарымен қызмет жасалатын әуе жолдары белгiленген маршруттарда тасымалдаулардың қоғамдық талғамдарына сай болулары тиiс, және әрбiр авиакәсiпорнының бiрiншi кезектегi мiндетi авиакәсiпорнын тағайындаған Келiсушi Жақпен қозғалыстың соңғы баратын елiндегi аумақтар арасында жүк пен поштаны, жолаушыларды тасымалдағанда олардың қазiргi және болжамды сұранымдарын қанағат ете алатындай сыйымдылық беруi керек. Белгiленген маршруттардың үшiншi мемлекеттерiндегi пункттерде тиелетiн және түсiрiлетiн жолаушыларды, жүк пен поштаны тасымалдау сыйымдылығы жалпы принципке сәйкес, мыналардан тәуелдi болады:
      а) ұшудың басталатын және аяқталатын елдерi арасындағы тасымалдауларға деген мұқтаждықтардан;
      б) келiсiлген әуе жолдары өтетiн ауданның тасымалдық мұқтажынан, осы ауданда орналасқан мемлекеттердiң авиакәсiпорындары орнатқан жергiлiктi және аймақтық әуе жолдарын есепке алып отырады;
      с) авиакомпаниялар арасындағы жолаушыларды, багажды, жүктi және поштаны тапсыру жөнiндегi мұқтаждықтардан.
      4. Әрбiр Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындары белгiленген маршруттарда тағайындалған авиакәсiпорындармен ұшуларды орындау үшiн осы баптың тармақтарында көрсетiлген қағидалардың практикалық қолданылуы үшiн тиiстi шараларды мезгiл сайын бiрлесiп қабылдап отырады.
 
                               8-бап
                             Тарифтер
 
      1. Кез келген келiсiлген әуе жолдарында тасымалдау үшiн тарифтер пайдалану шығындарын, негiздi пайданы және белгiленген маршруттардың кез келген учаскесiнде басқа авиакәсiпорындардан алынатын тарифтердi қоса, ақылға сыйымды шеңбердегi барлық тиiстi факторларды ескере отырып, белгiленетiн болады.
      2. Егер тағайындалған авиакәсiпорындардың екеуi де ИАТА-ның мүшелерi болып табылған жағдайда, тарифтердi келiсу мүмкiндiгiнше осы ұйымда қолданылатын процедураларды пайдалану жолымен жүргiзiлетiн болады. Егер осындай келiсу мүмкiн болмаған жағдайда, әрбiр белгiленген маршруттың тарифтерi тағайындалған авиакәсiпорындардың арасында келiсiлетiн болады. Кез келген жағдайда тарифтер Келiсушi Жақтардың авиациялық билiк орындарының бекiтуiне тапсырылады.
      3. Егер тағайындалған авиакәсiпорындар тарифтер жөнiнде келiсiмге келмеген жағдайда, немесе Келiсушi Жақтардың авиациялық билiк орындары осы баптың 2 тармағына сәйкес бекiтуге тапсырылған тарифтердi бекiтпеген жағдайда екi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындары осы тарифтер жөнiнде кеңесулер жүргiзу жолымен келiсiмге келуге тырысады.
      4. Егер осы баптың 3 тармағына сәйкес қайсы-бiр тарифтi бекiту жөнiнде келiсiм болмаған жағдайда, дау-дама осы Келiсiмнiң 15-бабының ережелерiне сәйкес шешiлетiн болады.
      5. Жаңа немесе өзгертiлген тарифтiң ешқайсысы осы Келiсiмнiң 15-бабына сәйкес екi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындарының бекiтуiнсiз немесе Төрелiк соттың шешiмiнсiз күшiне енбейдi. Тарифтердi бекiту кезiнде осы баптың ережелерiне сәйкес, оларды уақытша пайдалануға рұқсат етiледi.
 
                              9-бап
                 Куәлiктер мен айғақтарды тану
 
      1. Бiр Келiсушi Жақтың берген және пәрмендiлiк мерзiмi өтпеген ұшу жарамдылығының куәлiктерi, бiлiктiлiк куәлiктерi мен айғақтары келiсiлген әуе жолдарын пайдалану кезiнде екiншi Келiсушi Жақпен де жарамды деп танылады.
      2. Әрбiр Келiсушi Жақ, дегенмен, өз мемлекетiнiң аумағының үстiнен ұшуларға қатысты өзiнiң азаматтарына берiлген немесе екiншi Келiсушi Жақпен, яки үшiншi мемлекетпен жарамды деп танылған бiлiктiлiк куәлiктерi мен айғақтарын танудан бас тартуға құқықты.
 
                              10-бап
                      Алымдар ставкалары
 
      Келiсушi Жақтардың ешқайсысы халықаралық әуе қатынастарын пайдаланатын өзiнiң меншiктi тағайындалған авиакәсiпорындарының қызмет көрсеткенi үшiн салатын артық салықтарын осындай қатынастарды пайдаланатын екiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорындарына салмайды немесе салық салуға рұқсат етпейдi.
 
                              11-бап
                    Авиациялық қауiпсiздiк
 
      1. Келiсушi Жақтардың халықаралық құқықтарынан туындайтын өздерiнiң құқылары мен мiндеттемелерiне сәйкес бiр-бiрiне қатысты алған азаматтық авиация қауiпсiздiгiне заңсыз араласу актiлерiнен қорғау мiндеттерiн мақұлдайды. Халықаралық заңдарда көрсетiлген құқылары мен мiндеттерiнiң жалпылама қолданысымен шектелiп қоймай, Келiсушi Жақтар сонымен бiрге 1963 жылғы 14 қыркүйекте Токиода қол қойылған әуе кемелерiнiң бортында жасалатын қылмыстар мен кейбiр басқа актiлер туралы Конвенцияның, 1971 жылғы 16 желтоқсанда Гаагада қол қойылған әуе кемелерiнiң заңсыз басып алуға тойтарыс беру жөнiндегi Конвенцияның және 1971 жылғы 23 қыркүйекте Монреалда қол қойылған Азаматтық авиация қауiпсiздiгiне қарсы жасалатын заңсыз актiлермен күресу туралы Конвенцияның, сондай-ақ Келiсушi Жақтардың екеуiде қосылған кез келген басқа авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi Конвенцияның қағидаларына сәйкес қимыл-әрекет жасайтын болады.
      2. Келiсушi Жақтардың сұрауы бойынша әуе кемелерiн заңсыз басып алу актiлерiне және әуе кемелерiнiң, олардың жолаушылары мен экипаждарының, әуежайлар мен әуе-навигациялық құралдардың қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз актiлерге, сондай-ақ азаматтық авиация қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн әрқилы әрекеттерге жол бермеуде бiр-бiрiне қажеттi барлық көмегiн көрсетiп отырады.
      3. Келiсушi Жақтар өзара қарым-қатынасын Халықаралық азаматтық авиация Ұйымы орнатқан Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияға тiркелген Қосымшалардағы авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелерге сәйкес құрулары тиiстi, әйтседе осындай қауiпсiздiк жөнiндегi ережелер Келiсушi Жақтарға қолданымды болуға тиiстi. Келiсушi Жақтар әуе кемелерiне қызмет атқаратын, қызмет орны мен тұрақты тұрғындары өз аумағында болатын персоналдар мен өз аумақтарындағы халықаралық әуежайларда қызмет ететiн персоналдардан осындай авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелерге сай әрекет жасауларын талап ететiн болады. Әрбiр Келiсушi Жақ өздерiнiң ұлттық ережелерiнiң, заңдары мен жоғарыда аталған авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi қағидалардың ерекшелiктерi туралы екiншi Келiсушi Жаққа хабарлайтын болады. Әрбiр Келiсушi Жақ осындай ерекшелiктердi талқылау мен жедел кеңес жүргiзудi екiншi Келiсушi Жақтан талап етуi мүмкiн.
      4. Әрбiр Келiсушi Жақ екiншi Келiсушi Жақ аумағына ұшып бару, ол жерде болу және одан ұшып кету үшiн авиация қауiпсiздiгi туралы ережелер мен талаптардың толық орындалуын сол әуе кемелерiне қызмет көрсететiн персоналдардан екiншi Келiсушi Жақ талап ете алады дегенге келiседi. Әрбiр Келiсушi Жақ өз аумағында әуе кемелерiн қорғау үшiн және жолаушыларды, экипажды, қол жүгiн, багажды, жүктi және борттық қорларды тиеуден немесе отырғызудан бұрын, әйтпесе сол отырғызу-тиеу кездерiнде тексеру үшiн қажеттi шаралардың ұтымды қолданылуын қамтамасыз ететiн болады. Сонымен қатар, әрбiр Келiсушi Жақ екiншi Келiсушi Жақтың нақтылы қатерге байланысты арнайы шара қолдануы туралы кез келген өтiнiшiн зор тiлектестiкпен қарап отырады.
      5. Әуе кемесiн заңсыз басып алуға байланысты немесе әуе кемесiнiң, ондағы жолаушылар мен экипаждың, әуежайлар мен басқадай аэронавигациялық құрал-аспаптардың қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз актiлерге байланысты қақтығыстар немесе қақтығыс қатерi туған жағдайда, Келiсушi Жақтар өзара байланысты жеңiлдету арқылы және ондай қақтығыстарды немесе қақтығыс қатерiн тез және қауiпсiз түрде жою мақсатында басқадай тиiстi шаралар қолдану арқылы бiр-бiрiне көмектесiп отырады.
 
                                12-бап
                          Табыстарды аудару
 
      Әрбiр Келiсушi Жақ екiншi Келiсушi жақ мемлекетiнiң аумағында тағайындалған авиакәсiпорынмен алынған табыстар мен шығындардың айырмасын аудару құқығын осы Жаққа бередi. Аумағында табыс алынған Келiсушi Жақтың ережелерiне сай, ресми, қолданымдағы валюта бағамының негiзiнде осындай қаржы аудару жүргiзiлетiн болады.
 
                                13-бап

 

                     Ақпарат және статистика


     Бiр Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындары екiншi Келiсушi

Жақтың авиациялық билiк орындарының сұрауы бойынша келiсiлген әуе

жолдарында бiрiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнымен

орындалатын тасымал көлемiн анықтау мақсатымен талап етiлуi мүмкiн

болатын мерзiмдi немесе басқадай ақпараттарды ұсынады. Осындай

хабарлар келiсiлген әуе жолдарында тағайындалған авиакәсiпорынмен

жүзеге асырылатын тасымал көлемiн анықтау үшiн қажеттi барлық

ақпарларды қамтиды.


                               14-бап

                             Кеңесулер



 
       Әрбiр Келiсушi Жақ осы Келiсiмге қатысты кез келген мәселе бойынша кеңесулер сұрауы мүмкiн. Келiсушi Жақтармен басқаша шешiм қабылданбаған жағдайда, жазбаша сұраным екiншi Келiсушi Жаққа түскен күннен бастап 60-күндiк мерзiм iшiнде осындай кеңесулер басталуы тиiс.
                                15-бап
                        Дау-дамаларды реттеу
 
      1. Келiсушi Жақтардың арасында осы Келiсiмдi түсiндiру мен қолдануға байланысты туындайтын кез келген дау-дама келiссөздер жүргiзу жолымен шешiлетiн болады.
      2. Егер Келiсушi Жақтар келiссөздерде келiсiмге келмеген жағдайда, дау-дама бiр Келiсушi Жақтың сұрауы бойынша Төрелiк соттың қарауына тапсырылады, ол үшiн әрбiр Келiсушi Жақ өз тарапынан төрешiлер сайлайды. Тағайындалған төрешiлер үшiншi төренi сайлайды, оған Төрағаның мiндетi жүктеледi. Келiсушi Жақтар Төрелiк сот арқылы дауды шешу туралы ұсыныс дипломатиялық арналар бойынша алған мезеттен бастап 60 (алпыс) күннiң iшiнде өз төрешiлерiн тағайындайды. Төрелiк соттың төрағасы келесі 60 (алпыс) күннiң iшiнде тағайындайды.
      3. Егер Келiсушi Жақтардың бiрi өз төрешiсiн немесе Төрелiк соттың үшiншi мүшесiн белгiленген уақытта тағайындамаса, онда Келiсушi Жақтар Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы Кеңесiнiң Төрағасынан немесе Төрелiк соттың Төрағасына төрешiлердi тағайындауын сұрауы мүмкiн. Кез келген жағдайда үшiншi төрешi үшiншi елдiң азаматы болып табылады және Төрелiк соттың Төрағасы болады.
      4. Келiсушi Жақтар осы баптың 2 тармағына сәйкес қабылданған шешiмдердi орындауға мiндеттенедi.
      5. Егер Келiсушi Жақтардың бiрi немесе кез келген Келiсушi

 

Жақтың тағайындалған авиакәсiпорны Төрелiк соттың шешiмiн

орындамаған жағдайда, екiншi Келiсушi Жақ осы Келiсiмге сәйкес сол

Жаққа берiлген құқықтарды шектеуге, уақытша тоқтатуға немесе кез

келген құқықтар мен артықшылықтарды қайтып алуға құқықты.


                              16-бап

                            Өзгертулер


     1. Егер Келiсушi Жақтардың бiрi осы Келiсiмнiң қайсы-бiр

қағидасын өзгертуге ұйғарған жағдайда, ол екiншi Келiсушi Жақтан

кеңесу сұрауы мүмкiн. Осындай кеңесу сұраныс түскен күннен бастап

60 күннiң iшiнде басталуы тиiс.

     2. Келiсушi Жақтардың арасындағы осы Келiсiмдегi кез келген

келiсiлген өзгертулер дипломатиялық ноталармен алмасқан соң күшiне

енедi.


                              17-бап

                      Көпжақты келiсiмдер



 
       Келiсушi Жақтар әуе көлiгi туралы кез келген көпжақты Конвенцияға қосылған жағдайда, осы Келiсiм сол Конвенцияның қағидаларына сай өзгертiлуi тиiс.
 
                               18-бап
                     Күш мерзiмiнiң тоқтауы
 
      Әрбiр Келiсушi Жақ кез келген уақытта екiншi Келiсушi Жаққа осы Келісiм күшiн тоқтату туралы өз ниетiн жазбаша түрде мәлiмдеуi мүмкiн. Осындай мәлiмдеме, сонымен бiрге Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымына тапсырылатын болады. Осы Келiсiм, егер екiншi Келiсушi Жақпен мәлiмдеме алынған күннен бастап, 12 ай мерзiм өткен соң уағдаласу бойынша аталмыш мәлiмдеме керi қайтарып алынбаған жағдайда, өз күшiн тоқтатады. Екiншi Келiсушi Жақтан мәлiмдеме

 

алынғаны туралы растау болмаған жағдайда, Халықаралық Азаматтық

Авиация Ұйымы мәлiмдеменi алғаннан кейiн он төрт күннен (14) соң,

мәлiмдеме алынған болып есептеледi.


                              19-бап

                              Тiркеу


     Осы Келiсiм және 16-бапқа сәйкес кез келген өзгерiстер

Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымында тiркелетiн болады.


                              20-бап

                          Баптардың аты


     Осы Келiсiмнiң баптарының аты қолайлылық пен сiлтемелiк үшiн

пайдаланылады, бiрақ осы Келiсiмдi түсiндiруде ешқандай әсер етпейдi.


                              21-бап

                           Күшiне енуi



 
       Осы Келiсiм әрбiр Келiсушi Жақ мемлекетiнiң конституциялық

 

талаптарына сай қайта бекiтуге жатады және Келiсушi Жақтар

ратификациялық грамоталарымен алмасқан күннен бастап күшiне енедi.

     Осыларды растай отырып, өздерiнiң Үкiметтерiнен тиiстi дәрежеде

уәкiлдiк алғандар осы Келiсiмге қол қойды.

     1996 жылғы 18 шiлде Алматы қаласында, қазақ, малай, орыс және

ағылшын тiлдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы

Келiсiм қағидаларын түсiндiруде өзгешелiктер туындаған жағдайда

ағылшын тiлiндегi мәтiн басшылыққа алынады.


     Қазақстан Республикасының                  Малайзия

          Үкiметi үшiн                        Үкiметi үшiн


                               Қосымша


                        Маршруттар кестесi


                              I КЕСТЕ


     Қазақстан Республикасының тағайындалған авиакәсiпорны немесе

авиакәсiпорындары мына маршруттар бойынша ұшуларды орындайтын болады:

        1               2               3               4

     Жөнелту         Аралық        Малайзиядағы     Сыртқары

     пункттерi       пункттер      пункттер         пункттер

     _________       _________     _____________    ____________

     Қазақстандағы      --         Куала Лумпур        --

     пункттер


                             II КЕСТЕ


     Малайзияның тағайындалған авиакәсiпорны немесе

авиакәсiпорындары маршруттар бойынша ұшуларды орындайтын болады:

        1               2               3               4

     Жөнелту         Аралық        Қазақстандағы     Сыртқары

     пункттерi       пункттер      пункттер          пункттер

     _________       _________     _____________    ____________

     Мазайзиядағы        --         Алматы               --

     пункттер


     Ескерту:


 
       Әрбiр Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорындарының ұшуларды тиiмдi орындауы, жиiлiктер мен берiлген тасымалдау құқықтарын пайдалануы екi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындарының арасында келiсiлетiн болады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады