"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 9 желтоқсан N 306-I


     "Мемлекеттік сатып алу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі  

Z970163_

  
Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің 
Жаршысы, 1997 ж. N 17-18, 216-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар 
енгізілсін:
     1. Кіріспеде: 
     " , сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардың" деген сөздер алып тасталсын;
     
     2. 1-бапта: 
     екінші абзац алып тасталсын; 
     үшінші абзацта:
     " , сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардың" деген сөздер алып тасталсын;
     "сатып алу туралы" деген сөздердің алдынан "мемлекеттік" деген сөзбен 
толықтырылсын;
     бесінші абзац:
     "олардың қарамағындағы" деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген 
сөзбен толықтырылсын;
     " , сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардың" деген сөздер алып тасталсын;
     жетінші абзацтағы "жарнасы" деген сөз "кепілді жарнасы" деген 
сөздермен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:


      "мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету - өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындауының кепілді жарнасы;";
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "конкурсты ұйымдастырушы - тапсырысшы немесе конкурсты өткізу мен ұйымдастыру кезінде тапсырысшының атынан немесе уәкілетті органның тапсырмасы бойынша әрекет жасайтын басқа да мемлекеттік орган;";
      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мемлекеттік сатып алу процесі - Қазақстан Республикасының республикалық және жергілікті бюджеттерінің қаражаты есебінен тауарлар сатып алуға, қажетті жұмыс пен көрсетілетін қызметтерді алуға бағытталып жүргізілетін барлық шаралар кешені, соның ішінде тапсырысшының мемлекеттік сатып алу номенклатурасы мен көлемін қалыптастыруы, өнім берушіні таңдауы, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мен оны орындауы;";
      он екінші абзацтағы "уәкілетті" деген сөзден кейінгі "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;
      он үшінші абзац "сатып алу" деген сөздің алдынан "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "конкурстық құжаттама - конкурстық өтінімдерді әзірлеу үшін және конкурсты өткізу тәртібі туралы ықтимал өнім берушіге берілетін құжаттама;
      конкурстық өтінім - ықтимал өнім берушінің конкурстық құжаттамаға сәйкес жасаған конкурстық ұсынысы.".
      3. 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-бап. Мемлекеттік сатып алу процесі
      Мемлекеттік сатып алу процесі:
      республикалық және жергілікті бюджеттер бекіткен көрсеткіштер негізінде сатып алынатын тауарлардың, атқарылатын жұмыс пен көрсетілетін қызметтің номенклатурасы мен көлемін қалыптастыруды;
      өнім берушіні таңдауды, онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт

жасасуды және одан тиісті қаржы жылына тауарларды, жұмыс пен қызмет 
көрсетулерді сатып алуды;
     мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды орындауды қамтиды.".
     4.3-бапта:
     екінші абзацтағы "пен бюджеттен тыс қорлар" деген сөздер алып 
тасталсын;
     бесінші абзацтағы "және мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс 
қорлардың 
қаражатын жұмсаудың" деген сөздер алып тасталсын.
     5.6-бапта:
     баптың атауындағы, 1 және 2-тармақтардағы "уәкілетті" деген сөзден 
кейінгі "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;
     1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін" деген 
сөздер алып тасталсын;
     2-тармақта:
     1) тармақшадағы "бақылауды" деген сөз "мониторингті" деген сөзбен 
ауыстырылсын;
     3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
     "3) тауарларды, жұмыс пен қызметті мемлекеттік сатып алуды жүргізудің 
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртібін бақылауды жүзеге 
асырады;
     4) жүргізілген мемлекеттік сатып алу туралы есеп беру тәртібін 
анықтайды;".
     6. 7-баптың 2-тармағындағы "тапсырысшылар" деген сөзден кейін "немесе 
конкурсты ұйымдастырушылар" деген сөздермен толықтырылсын.
     7. 8-бапта:
     1-тармақта:
     "процесі" деген сөз алып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
     "3) баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып өнім берушіні таңдау.";
     4-тармақтың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда 
жазылсын:
     "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Тауарларды, жұмысты және 
қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібін сақтай отырып, 
қайталап конкурс өткізуге;";
     5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
     "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негізгі әдісі ашық конкурс 
болып табылады.
     Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың 
мынадай жолдарын өз бетінше таңдап алады:
     1) ашық конкурс;
     2) баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып өнім берушіні таңдау;
     3) табиғи монополиялар субъектілерінен бір көзден сатып алу;


      4) конкурстың жабық түрін және табиғи монополиялардың субъектілеріне жатпайтын өнім берушілерден бір көзден сатып алуды таңдаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетудің біртектес түрлерін сатып алу.
      Конкурсты ұйымдастырушы уәкілетті органмен келісе отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мынадай жолдарын таңдап алады:
      1) жабық конкурс;
      2) табиғи монополиялардың субъектілерінен сатып алуды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен астам сомаға тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетудің біртектес түрлері бойынша бір көзден сатып алу;
      3) екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, ашық және жабық конкурстар өткізу.";
      6-тармақ "құжаттаманың нысанын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ тауарларды, жұмыс пен қызмет көрсетуді сатып алудың салалық ерекшеліктерін" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақта:
      "қарамағындағы" деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      "тапсырысшы" деген сөз "конкурсты ұйымдастырушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "көрсеткіштің" деген сөзден кейін "бес" деген сөзбен толықтырылсын;
      "мөлшерінен" деген сөздің алдынан "айлық" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      "8. Егер бірнеше тапсырысшы тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетудің біртектес түрлері бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғысы келген жағдайда уәкілетті орган оларға ортақ конкурс ұйымдастырушыны белгілей алады.".
      8.9-бапта:
      баптың атауындағы және 1-тармақтағы "Тапсырысшының" деген сөз "Конкурсты ұйымдастырушының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      " 6-1. Конкурстық құжаттаманың, конкурс өткізудің және Қазақстан

Республикасының заңдарына сәйкес өнім беру шартын жасасудың тіліне 
қойылатын талаптар;";
     2-тармақтағы "құжаттама" деген сөз "өтінім" деген сөзбен ауыстырылсын.
     9. 10-бапта:
     1-тармақтың 4) тармақшасындағы "және бюджеттен тыс қорларға" деген 
сөздер алып тасталсын;
     4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "4. Елде осы тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетудің бәсекелес 
рыногы болған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы біліктілік талаптарын 
қалыптастыру кезінде отандық ықтимал өнім берушілермен ғана шектелуге 
құқылы.";
     5-тармақта "қабылдаған" деген сөз "қараған" деген сөзбен ауыстырылсын.
     10.11-бапта:
     1-тармақта:
     "ықтимал" деген сөзден кейін "барлық" деген сөзбен толықтырылсын;
     "конкурстық өтінімді әзірлеу жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;
     1) тармақшадағы "атауы" деген сөз "тізбесі" деген сөзбен ауыстырылсын;
     3) тармақшадағы "тапсырысшы" деген сөз "конкурсты ұйымдастырушы" 
деген сөзбен ауыстырылсын;
     8) тармақша "мен олардың қолданылу мерзімі" деген сөздермен 
толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
     "13) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұны мен орындалуын 
қамтамасыз ету нысаны;


      14) күрделілігі жоғары сипаттағы ірі объектілерді салу жөніндегі

мердігерлік жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жүргізілген жағдайларда 
бастапқы ең жоғары баға белгіленуі мүмкін.";
     2-тармақта:
     "құжаттаманы" деген сөз "өтінімді" деген сөзбен ауыстырылсын;
     "осы баптың 1-тармағына" деген сөздер "конкурстық құжаттамаға" деген 
сөздермен ауыстырылсын;
     3-тармақта "құжаттаманың", "құжаттаманы" деген сөздер тиісінше 
"өтінімнің", "өтінімді" деген сөздермен ауыстырылсын.
     11. 12-баптың 2-тармағында "құжаттар" деген сөз "өтінімдер" деген 
сөзбен ауыстырылсын.
     12. 13-баптың 3-тармағында "Егер конкурстық құжаттамада өзгеше 
көзделмесе, ықтимал" деген сөздер "Ықтимал" деген сөзбен ауыстырылсын.
     13. 14-бапта:
     1-тармақта "етуі мүмкін" деген сөздер "етуге міндетті" деген 
сөздермен ауыстырылсын;
     2-тармақта:
     1) тармақшада:
     "өткеннен кейін" деген сөздер "өткен соң" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     "немесе егер бұл конкурстық құжаттамада көзделмеген болса түпкілікті 
мерзімі өткенге дейін" деген сөздер алып тасталсын;
     2) тармақшадағы, "қайтарылмайды" деген сөз алып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
     "3) конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлем мен жағдайларда 
мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғаннан кейін мемлекеттік 
сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, 
қайтарылмайды.";
     3-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.
     14. 15-баптың 1-тармағында "барлық" деген сөзден кейін "келуші" деген 
сөзбен толықтырылсын;
     15. 16-бапта:
     1-тармақтағы 3) тармақша алып тасталсын;
     5-тармақта:
     3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "3) осы Заңның 25-1-бабына сәйкес отандық ықтимал өнім берушілерді 
қолдау.";
     мынадай мазмұндағы 5-1 тармақпен толықтырылсын:
     "5-1. Консультациялық қызмет көрсетуге тарту мемлекеттік сатып алу 
мәні болған жағдайда:
     1) консультациялық қызметтердің сапалық сипаттамалары;
     2) ықтимал өнім берушінің осындай қызметтер рыногындағы жұмыс 
тәжірибесі;


      3) ықтимал өнім берушінің және қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердің біліктілік деректері, беделі, сенімділігі, кәсіптік және басқару құзыры таңдау өлшемдері болып табылады.".
      16. 17-бапта:
      1-тармақта:
      Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының ережелері бойынша деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "тапсырысшы ұсынысын қабылдаған" деген сөздер "конкурс жеңімпазы деп танылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "осы Заңның 16-бабына сәйкес" деген сөздер алып тасталып, "неғұрлым" деген сөз "конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес жеңімпаздың ұсынысынан кейінгі ең" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Тапсырысшы өнім берушіден мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуді талап етуге құқылы. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, егер ол конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда ғана Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес енгізеді.
      Қамтамасыз етудің көлемі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының 5%-нен аспауға тиіс.".
      17. 18-бапта ", сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардың" деген сөздер алып тасталсын.
      18. 19-бапта:
      1-тармақта:
      "Тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген есепті көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен асатын сомаға мемлекеттік" деген сөздер "Мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      2) конкурстық өтінімдер ұсынған ықтимал өнім берушінің атауы мен

орналасқан жері, сондай-ақ конкурс жеңімпазының атауы, орналасқан жері 
және оның жеңімпаз деп танылған шарттары;";
     7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "7) егер конкурс нәтижесінде жеңімпаз анықталмаса, тиісті себептерді 
көрсету;";
     8) тармақшадағы "құжаттамадағы өзгерістердің" деген сөздер 
"конкурстық құжаттамадағы өзгерістер мен толықтырулардың" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     2-тармақта:
     "мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалмаған" деген сөздер "конкурс 
жеңімпазы анықталмаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
     3-тармақ алып тасталсын.
     19. 23-бапта:


      баптың атауындағы, 1 және 2-тармақтардағы "сұрату пайдаланылатын конкурс" деген сөздер "сұратуды пайдалана отырып, өні берушіні таңдау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "белгіленген" деген сөзден кейін "айлық" деген сөзбен толықтырылсын.
      20. 24-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) мемлекеттік өндірістік кәсіпорындар мен мекемелер өндіретін тауарлар, атқарылатын жұмыс пен көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жағдайлар мен тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің, құқық тәртібі мен қорғаныс қабілетінің кепілдігін қамтамасыз етеді.".
      21. Мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
      "25-1-бап. Отандық ықтимал өнім берушілерді қолдау
      1. Отандық ықтимал өнім берушілер, соның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілері жеңіп шыққан конкурстық өтінімді анықтаған жағдайда тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін басымдыққа мына шарттар сақталған кезде ие болады:
      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар бойынша жергілікті еңбек, шикізат және өндіріс ресурстарын пайдаланудың құндық көрінісі тауарлар құнының 50%-нен кем, ал мердігерлік жұмыстар атқарылған кезде -80%-нен кем болмауға тиіс.
      2. Отандық ықтимал өнім берушілерге басымдық беру шарты конкурстық құжаттамада айтылуға тиіс.
      3. Егер бәсекелес орта болған жағдайда мердігерлік жұмыстар жөніндегі конкурсқа шетелдік ықтимал өнім беруші тікелей қатысса, оған осы баптың 1-тармағында аталған жергілікті еңбек, шикізат және өндіріс ресурстарын пайдалану шарты қолданылады.".
      22. 26-бапта:

     баптың атауы мен 1-тармақ "немесе тапсырысшының" деген сөздермен 
толықтырылсын;
     3-тармақта "ұйымдастырушының" деген сөзден кейін "немесе 
тапсырысшының" деген сөздермен толықтырылсын.
     23. 27-баптағы "уәкілетті орган" деген сөздер "тапсырысшы" деген 
сөзбен ауыстырылсын.
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Оқығандар:
          (Қасымбеков Б.А.)
          (Қобдалиева Н.М.)
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады