1997 жылғы 7 наурызда Алматыда қол қойылған Қазақстан
Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы табыстар пен капиталға
салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және
салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы мен
Литва Республикасының арасындағы
ТАБЫСТАР МЕН КАПИТАЛҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАРҒА
ҚАТЫСТЫ ҚОСАРЛАНҒАН САЛЫҚ САЛУДЫ БОЛДЫРМАУ ЖӘНЕ САЛЫҚ
ТӨЛЕУДЕН БАСТАРТУҒА ЖОЛ БЕРМЕУ ТУРАЛЫ
КОНВЕНЦИЯ
Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы, табыстар мен
капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды
болдырмау және салық төлеуден бастартуға жол бермеу туралы Конвенция
жасауға тiлек бiлдiре отырып,
мына мәселелер жайында уағдаласты:
1-Бап
КОНВЕНЦИЯ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТҰЛҒАЛАР
Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де резиденттерi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
2-Бап
КОНВЕНЦИЯ ҚОЛДАНЫЛАТЫН САЛЫҚТАР
1. Осы Конвенция алу тәсiлдерiне қарамастан Уағдаласушы Мемлекет
немесе оның жергiлiктi өкiмет органы алатын, табыс пен капиталға
салынатын салықтарға қолданылады.
2. Жылжыйтын және жылжымайтын мүлiктi шеттетуден алынатын табыс
салығын қоса жалпы табыстан, жалпы капиталдан немесе табыстың немесе
капиталдың жекелеген элементтерiнен алынатын барлық салықтар,
сондай-ақ капитал құнының өсiмiне салынатын салықтар табыс пен
капиталға салынатын салықтар болып есептеледi.
3. Конвенция қолданылатын алынып жүрген салықтар, атап айтқанда,
мыналар болып табылады:
а) Қазақстанда:
(I) заңды және жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салық;
(II) заңды және жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық;
(бұдан әрi "Қазақстан салығы" ретiнде аталады);
b) Литвада:
(I) заңды тұлғалардың пайдасына салынатын салық ("juridiniu
asmenu pelno мокеstis");
(II) жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салық ("fiziniu
asmenu pajamu мокеstis");
(III) мемлекеттiк капиталды пайдаланатын кәсiпорындарға салынатын
салық ("palukanos uz valstybinio kapitalo nаudоjiма");
(IV) қозғалмайтын мүлiкке салынатын салық ("nekilnojamojo turto
мокеstis");
(бұдан әрi "Литва салығы" ретiнде аталады).
4. Конвенция сондай-ақ осы Конвенцияға қол қойылған күннен кейiн
қазiргi орын алып отырған салықтарға қосымша немесе солардың орнына
алынатын кез-келген бiрдей немесе iс жүзiнде соларға ұқсас салықтарға
да қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары олардың
қолданылып жүрген салық заңдарына енгiзiлетiн кез-келген елеулi
өзгерiстер жайында бiр-бiрiн хабардар етiп отырады.
3-Бап
ЖАЛПЫ АЙҚЫНДАМАЛАР
1. Егер контекстен басқа мағына тумаса, осы Конвенцияның
мақсаттарғы үшiн:
а) "Уағдаласушы Мемлекет" және "басқа Уағдаласушы Мемлекет" терминдерi контекске қарай Қазақстанды немесе Литваны бiлдiредi.
b) термин:
I) "Қазақстан" Қазақстан Республикасын бiлдiредi. Географиялық мағынада қолданғанда "Қазақстан" терминi халықаралық құқыққа сәйкес Қазақстан белгiлi бiр мақсаттар үшiн егемендiк құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыра алатын және Қазақстанның салықтарын реттейтiн заңдар қолданылатын аумақтық суларды, айрықша экономикалық аймақ пен континенталдық шельфтi қамтиды;
II) "Литва" Литва Республикаын бiлдiредi және географиялық мағынада қолданғанда Литва Республикасының аумағын, соның iшiнде онда Литва заңы бойынша және халықаралық құқыққа сәйкес теңiз түбiне және оның қойнауына және олардың минеральды ресурстарына қатысты Литваның құқығы жүзеге асырылуы мүмкiн Литва Республикасының аумақтық суларынан шектес жатқан әрбiр аумақты бiлдiредi;
с) "тұлға" терминi жеке адамды, компанияны немесе тұлғалардың кез-келген басқа да бiрлестiгiн қамтиды;
d) "компания" терминi салық салу мақсаттары үшiн корпоративтi бiрлестiк ретiнде қарастырылатын кез-келген корпоративтi бiрлестiктi немесе кез-келген экономикалық бiрлiктi бiлдiредi;
е) "Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны" және "басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны" терминдерi тиiсiнше Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды бiлдiредi;
f) "халықаралық тасымал" терминi теңiз немесе әуе кемесi тек қана
басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң iшiндегi пункттер арасында
пайдаланылатын жағдайлардан басқа кезде Уағдаласушы Мемлекеттiң
кәсiпорны пайдаланатын теңiз немесе әуе кемесiнiң кез-келген тасымалын
бiлдiредi;
g) "құзырлы орган" терминi;
(I) Қазақстанда: Қаржы министрлiгiн немесе оның
өкiлеттi уәкiлiн;
(II) Литвада: Қаржы министрiн немесе оның өкiлеттi
уәкiлiн бiлдiредi;
h) "ұлттық тұлға" терминi:
(I) Уағдаласушы Мемлекеттiң азаматтығын алған кез-келген жеке
адамды;
(II) өздерiнiң осындай мәртебесiн Уағдаласушы Мемлекеттiң
қолданылып жүрген заңдары негiзiнде алған кез-келген заңды тұлғаны,
серiктестiктi немесе кез-келген басқа ассоциацияны бiлдiредi.
2. Уағдаласушы Мемлекет Конвенцияны кез-келген уақытта
қолданғанда онда айқындалмаған кез-келген термин салықтарына осы
Конвенция қолданылатын сол Мемлекеттiң заңдары бойынша, егер
контекстен басқа мағына шықпаса, қандай мағынаға ие болса, сондай
мағынаға ие болады.
4-Бап
РЕЗИДЕНТ
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi" терминi осы Мемлекеттiң заңдары бойынша онда өзiнiң тұрғылықты жерiне, резиденттiгiне, басқару орнына, құрылған орнына немесе осындай сипаттағы кез-келген басқа өлшемге байланысты салық салынатын кез-келген тұлғаны бiлдiредi. Термин сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттiң үкiметiн немесе оның жергiлiктi өкiмет органдарын қамтиды. Алайда бұл термин тек осы Мемлекеттегi көздерден алынатын табысқа қатысты немесе сонда орналасқан капиталға қатысты осы Мемлекетте салық салынуға тиiс кез-келген тұлғаны қамтымайды.
2. 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болған жағдайда оның мәртебесi былай айқындалады:
а) ол өзiнiң қарамағына жататын тұрақты баспанасы бар Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi; егер оның Мемлекеттердiң екеуiнде де өзiнiң қарамағына жататын тұрақты баспанасы болса, ол неғұрлым тығыз жеке және экономикалық байланыстары (өмiрлiк мүдделер орталығы) бар Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
b) егер оның өмiрлiк мүдделер орталығы бар Мемлекеттi айқындау мүмкiн болмаса немесе оның Мемлекеттердiң бiрде-бiреуiнде өзiнiң қарамағына жататын тұрақты баспанасы болмаса, ол өзi әдетте тұрып жатқан Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
c) егер ол әдетте Мемлекеттердiң екеуiнде де тұратын болса немесе олардың бiреуiнде де тұрмаса, ол өзi азаматы болып табылатын Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
d) егер резиденттiң құзыры а) - c) қосымша тармақтарға сәйкес анықталмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары мәселенi өзара келiсе отырып шешедi.
3. Егер I тармақтың ережелерiнiң себебiмен байланысты жеке тұлғадан өзге тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болса, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары мәселенi өзара келiсе отырып шешуге ұмтылады және мұндай тұлғаға Конвенцияны қолданудың әдiсiн анықтайды. Мұндай келiсiм болмаса, осы Конвенцияның
мақсаттары үшiн тұлға әрбiр Уағдаласушы Мемлекетте басқа Уағдаласушы
Мемлекеттiң резидентi ретiнде қаралмайды.
5-Бап
ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "тұрақты мекеме" терминi сол
арқылы кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi толық немесе iшiнара жүзеге
асырылатын тұрақты қызмет орнын бiлдiредi.
2. "Тұрақты мекеме" терминi, атап айтқанда, мыналарды қамтиды:
а) басқару орны;
b) бөлiмше;
c) кеңсе;
d) фабрика;
e) шеберхана; және
f) шахта, мұнай немесе газ скважинасы, карьер немесе табиғи
ресурстар өндiрiлетiн кез-келген басқа орын.
3. "Тұрақты мекеме" терминi сондай-ақ мыналарды қамтиды:
а) құрылыс алаңы, құрылыс, монтаждау не құрастыру объектiсi, осыларға байланысты не бақылау, не кеңес қызметi егер тек осындай алаң, объект не қызмет 12 айдан астам уақыт бойы жұмыс iстеп тұрса; және
b) табиғи ресурстарды барлау үшiн пайдаланылатын қондырғы не ғимарат, бұрғылау қондырғысын қоса, не осыларға байланысты бақылау қызметi, егер тек осылай пайдалану 6 айдан астам уақытқа бойы жұмыс iстеп тұрса.
4. Осы Баптың осының алдындағы ережелерiне қарамастан "тұрақты мекеме" терминi мыналарды қамтыған болып қарастырылмайды:
а) ғимараттарды кәсiпорынға тиесiлi тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету немесе жiберiп тұру мақсаттары үшiн ғана пайдалануды;
b) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын сақтау, көрсету немесе жiберiп тұру мақсаттары үшiн ғана сақтауды;
с) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын тек басқа бiр кәсiпорынның өңдеу мақсаттары үшiн ғана сақтауды;
d) тұрақты қызмет орнын кәсiпорын үшiн тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшiн немесе ақпарат жинау үшiн ғана ұстауды;
е) тұрақты қызмет орнын кәсiпорын үшiн дайындық немесе көмекшi сипаттағы кез-келген басқа бiр қызметтi жүзеге асыру мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
f) тұрақты қызмет орнының қызмет түрлерiнiң кез-келген амалы нәтижесiнде пайда болатын жиынтық қызметi дайындық немесе көмекшi сипатта болған жағдайда тұрақты қызмет орнын а) тармақшасынан е) тармақшасына дейiн көрсетiлген қызмет түрлерiнiң осындай амалын жүзеге асыру үшiн ғана ұстауды.
5. Осы Баптың 1 және 2 тармақтарының ережелерiне қарамастан, 6 тармақ қолданылатын тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға кәсiпорынның атынан әрекет етсе және Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпорынның атынан келiсiм шарттар жасасуға өкiлеттiгi болса және, әдетте, оны пайдаланып жүрсе, егер мұндай тұлғаның қызметi тұрақты қызмет орны арқылы жүзеге асырылған күннiң өзiнде осы тұрақты қызмет орнын 4 тармақтың ережелерiне сәйкес тұрақты мекемеге айналдырмайтын осы бапта көрсетiлген қызметпен шектелмесе, онда бұл кәсiпорынның осы тұлға кәсiпорын үшiн атқаратын кез-келген қызметке қатысты осы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар деп қарастырылады.
6. Кәсiпорын Уағдаласушы Мемлекетте делдал, комиссионер немесе тәуелсiз мәртебесi бар басқа агент арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысқаны үшiн ғана, мұндай адамдар өздерiнiң әдеттегi қызметi шеңберiнде әрекет еткен жағдайда, осы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылмайды.
7. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе осы басқа Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын (тұрақты мекеме арқылы немесе басқалай жолмен) компанияны бақылауы немесе соның бақылауында болуы осы компаниялардың бiрiн өздiгiнен екiншiсiнiң тұрақты мекемесiне айналдыра алмайды.
6-Бап
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛIКТЕН АЛЫНАТЫН ТАБЫС
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiнiң басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен (соның iшiнде ауыл шаруашылығынан немесе орман шаруашылығынан) алған табысына осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. "Жылжымайтын мүлiк" терминi қаралып отырған мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары бойынша қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаға ие болады. Термин кез-келген жағдайда жылжымайтын мүлiкке қатысты қосалқы мүлiктi, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен құрал-жабдықты, жер меншiгiне қатысты жалпы құқық ережелерi қолданылатын құқықтарды, кез-келген опцион немесе жылжымайтын меншiк тиесiлiгiнiң ұқсас құқығын, жылжымайтын мүлiктiң узуфруктысы және минералдық ресурстарды, кен көздерiн және басқа да табиғи қазбаларды игергенi немесе игеру құқығы үшiн өтемақы ретiнде төленетiн өзгермелi немесе тұрақты төлемдер құқығын қамтиды теңiз және әуе кемелерi жылжымайтын мүлiк ретiнде қарастырылмайды.
3. 1 тармақтың ережелерi жылжымайтын мүлiктi шеттетуден түскен пайда сыяқты жылжымайтын мүлiктi тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе жылжымайтын мүлiктi оны қандай да болсын басқа жолмен пайдаланудан алынған табыстарға қолданылады.
4. Егер компаниядағы акциялар немесе басқа корпоративтi құқықтарды иелену осындай акциялардың немесе құқықтардың иелерiне компанияға тиесiлi жылжымайтын мүлiктi иелену құқығын беретiн болса, осы иелену құқығын тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе қандай да болсын басқа жолмен пайдаланудан алынатын табысқа жылжымайтын меншiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
5. 1, 3 және 4 тармақтардың ережелерi сондай-ақ кәсiпорынның жылжымайтын мүлкiнен табысқа және тәуелсiз жеке қызмет көрсету үшiн пайдаланылатын жылжымайтын мүлiктен түскен табысқа қолданылады.
7-Бап
КӘСIПКЕРЛIК ҚЫЗМЕТТЕН АЛЫНАТЫН ПАЙДА
1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы онда кәсiпкерлiк қызметпен айналыспаса немесе айналыспаған болса, кәсiпорынның пайдасына тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсiпорын жоғарыда аталған кәсiпкерлiк қызметпен айналысып жүрсе кәсiпорынның пайдасына, бiрақ оның осы тұрақты мекемеге қатысты бөлiгiне ғана басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. 3-тармақтың ережелерiн ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметiпен айналысса немесе айналысқан болса, онда ол осындай немесе осыған ұқсас жағдайларда нақ осындай немесе осыған ұқсас қызметпен айналысатын және өзi тұрақты мекемесi болып табылатын кәсiпорыннан толық тәуелсiз әрекет ететiн жеке және дербес кәсiпорын ретiнде алуы мүмкiн пайдасы әрбiр Уағдаласушы Мемлекетте осы тұрақты мекемеге жатқызылады.
3. Тұрақты мекеменiң пайдасын айқындау кезiнде тұрақты мекеменiң мақсаттары үшiн жұмсалған шығындарды, соның iшiнде басқару және жалпы әкiмшiлiк шығындарын, олардың тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте немесе басқан жерде жұмсалғанына қарамастан, шегерiп тастауға болады. Уағдаласушы Мемлекеттiң шегеретiн шығындары осы Мемлекеттiң iшкi заңдары бойынша шегерiлетiн шығындарды ғана қамтиды. Алайда, тұрақты мекеме патенттердi немесе басқа құқықтарды пайдаланғаны үшiн қайтарым есебiне роялти, гонорарлар немесе басқа да ұқсас төлемдер ретiнде немесе көрсетiлген арнаулы қызметтер үшiн немесе менеджмент үшiн комиссиялық төлемдер ретiнде немесе, банк кәсiпорындары жағдайларын қоспағанда, тұрақты мекемеге қарызға берiлген сомаға проценттер төлеу ретiнде кәсiпорынға немесе оның басқа офистерiнiң кез-келгенiне төленген соманы тұрақты мекемеге шегерiп тастауға болмайды.
4. Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекеменiң пайдасын анықтау кәсiпорынның жалпы пайдасын оның әртүрлi бөлiмшелерiнiң арасында пропорациональды бөлу негiзiнде қаншалықты дағдылы болса, соншалықты осы Уағдаласушы Мемлекетке салық салатын пайданы қабылданған бөлу жолымен анықтауға 2 тармақта ештеме тиым салмайды бiрақ таңдап алынған пропорациональды бөлу әдiсi осы Баптың принциптерiне сай нәтиже беруi керек.
5. Осы тұрақты мекеменiң кәсiпорны үшiн тауарлар мен бұйымдар сатып алған үшiн тұрақты мекеме қандай да болмасын пайда тапқан болып есептелмейдi.
6. Егер пайда осы Конвенцияның басқа Баптарында бөлек айтылған табыс түрлерiн қамтыған жағдайда бұл баптардың ережелерiн осы баптың ережелерi қозғамайды.
7. Мұның алдындағы тармақтардың мақсаттары үшiн тұрақты мекемеге қатысты пайда, егер тек мұндай тәртiптi өзгерту үшiн жеткiлiктi және дәлелдi себептер болмаса ғана, жылма-жыл бiрдей тәсiлмен айқындалады.
8-Бап
ТЕҢIЗ ЖӘНЕ ӘУЕ КӨЛIГI
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны теңiз немесе әуе кемелерiн халықаралық тасымалда пайдаланудан алған пайдаға осы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. 1-тармақтың ережелерi сондай-ақ пулға, бiрлескен қызметке немесе көлiк құралын қолданатын халықаралық ұйымға қатысудан алынған пайдаға да қолданылады.
9-Бап
АССОЦИАЦИЯЛАНҒАН КӘСIПОРЫНДАР
1. Мына жағдайларда:
а) Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнының басқаруына, бақылауына немесе капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысқанда; немесе
b) бiр ғана тұлғалар Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны мен басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнының басқаруына, бақылауына немесе капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысқанда,
және әрбiр жағдайда екi кәсiпорын арасындағы коммерциялық және қаржы қатынастарында тәуелсiз кәсiпорындар арасында жасалуы мүмкiн жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орныкса, онда олардың бiреуiне есептелуi мүмкiн, бiрақ осы жағдайлардың болуына байланысты оған есептелмеген кез-келген пайда осы кәсiпорынның пайдасына енгiзiлiп, оған тиiсiнше салық салынуы мүмкiн.
2. Уағдаласушы Мемлекет басқа Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының осы басқа Мемлекетте салық салынатын пайдасын осы Мемлекет кәсiпорнының пайдасына қосып, тиiсiнше салық салса және осылайша қосылған пайда екi кәсiпорынның арасында қалыптасқан жағдайлар тәуелсiз екi кәсiпорын арасындағыдай болған жағдайда бiрiншi аталған Мемлекеттiң кәсiпорнына есептелуi мүмкiн пайда болса, онда осы басқа Мемлекет осы пайдадан алынатын салық сомасына, егер осы Мемлекет түзетулердi орынды деп қарастырса, тиiстi түзетулер енгiзуi тиiс. Мұндай түзетудi айқындау кезiнде осы Конвенцияның басқа ережелерi тиiстi дәрежеде ескерiлуi тиiс, ал Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары қажет болған жағдайда бiр-бiрiмен ақылдасып отырады.
10-Бап
ДИВИДЕНДТЕР
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн дивидендтерiне осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда мұндай дивидендтерге сондай-ақ дивидендтер төлейтiн компания резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте де осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ алушы дивидендтердiң нақты иесi болса, онда осылайша алынатын салық аспайды:
а) егер дивидендтер төлейтiн компания капиталының кемiнде 25 процентiн тiкелей иеленiп отырған компания (әрiптестiктен басқа) дивидендтердiң нақты иесi болса, оның жалпы сомасының 5 процентiнен;
b) қалған жағдайлардың барлығында дивидендтердiң жалпы сомасының 15 процентiнен;
Бұл тармақтың компанияның дивидендтер төленiп отырған пайдасына салық салуға қатысы жоқ.
3. "Дивидендтер" терминi осы Бапта пайдаланғанда акциялардан немесе қарыз талабы болмайтын басқа да құқықтардан, пайдаға қатысудан алынатын табысты, сондай-ақ пайданы бөлетiн компания резидентi болатын Мемлекеттiң заңдарына сәйкес акцияға табыс сияқты, салықтық реттеуге жататын басқа да корпоративтiк құқықтардан алынатын табысты бiлдiредi.
4. Егер дивидендтердiң нақты иесi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бола отырып, дивидендтер төлейтiн компания резидентi болып табылатын басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базамен холдингтен тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және төленiп жүрген дивидендтерге қатысы бар холдинг шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, 1 және 2 тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7 Баптың ("Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда") немесе 14 Баптың ("Тәуелсiз жеке қызметтер") ережелерi қолданылады.
5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып отырған компания басқа Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алса, егер мұндай дивидендтер осы басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн жағдайды қоспағанда, немесе дивидендтер төленетiн холдинг шынында осы басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға жатса, компания төлейтiн дивидендтерге осы басқа Мемлекет салық сала алмайды.
6. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып отырған және басқа Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар компанияға осы басқа Мемлекетте осы тұрақты мекеменiң пайдасына салыққа қосымша салық салынуы мүмкiн. Бiрақ мұндай салық басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынатын компанияның пайдасының 5 проценттiк үлесiнен аспауы керек.
11-Бап
ПРОЦЕНТТЕР
1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн проценттерге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда, мұндай проценттерге де олар пайда болатын Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес осы Мемлекетте де салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер алушы проценттердiң нақты иесi болса, онда осылайша алынатын салық проценттердiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспайтын болады.
3. 2-тармақтың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте туындайтын басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң Үкiметiне толық тиесiлi және ол алған, оның жергiлiктi өкiмет органдарын. Орталық Банктi немесе осы Мемлекетке толық тиесiлi кез-келген қаржы мекемесiн қоса, немесе осындай Үкiмет кепiлдiк берген займнан алынған проценттер бiрiншi айтылған Мемлекетте салықтан босатылады.
4. "Проценттер" терминi осы Бапта пайдаланғанда кепiлмен қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етiлмеген кез-келген түрдегi борыш талаптарынан алынған табысты және, атап айтқанда, үкiметтiң бағалы қағаздарынан алынған табыс пен облигациялардан немесе борыш мiндеттемелерiнен алынған табысты, соның iшiнде осы бағалы қағаздар, облигациялар немесе борыш мiндеттемелерi бойынша алынған сыйақылар мен ұтыстарды бiлдiредi. Уақытында төленбеген төлемдер үшiн айыппұлдар осы Баптың мақсаттары үшiн проценттер ретiнде қарастырылмайды.
5. Егер проценттердiң нақты иесi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бола отырып, проценттер пайда болатын басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе, ал төленетiн проценттерге қатысты борыш мiндеттемесi шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, 1, 2 және 3-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-Баптың ("Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда") немесе 14-Баптың ("Тәуелсiз жеке қызметтер") ережелерi қолданылады.
6. Егер төлеушi осы Мемлекеттiң резидентi болса, проценттер Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған деп есептеледi. Алайда, егер проценттер төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi ме, жоқ па - осыған қарамастан - Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса, соларға байланысты проценттер төленетiн қарыз туындаса және мұндай проценттердi осы тұрақты мекеме немесе тұрақты база төлейтiн болса, онда проценттер тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болған деп есептеледi.
7. Егер проценттер төлеушi мен оның нақты иесi арасындағы арнайы қатынастардың себебiне немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлға арасындағы арнайы қатынастарға байланысты борыш талабына қатысты және соның негiзiнде төленетiн проценттер сомасы осындай қатынастар болмай тұрғанда проценттер төлеушi мен олардың нақты иесi арасында келiсiлуi мүмкiн сомадан асып кетсе, онда осы Баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Бұл жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Конвенцияның басқа ережелерiн тиiсiнше ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынады.
12-Бап
РОЯЛТИ
1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн роялтиге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда мұндай роялтиге сондай-ақ ол пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте де осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер роялти алушы оның нақты иесi болса, онда осылайша алынатын салық роялтидiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспауы тиiс.
3. "Роялти" терминi осы Бапта пайдаланғанда әдебиет, өнер немесе ғылыми шығармаларға берiлетiн авторлық құқықтың кез-келген пайдаланғанға немесе ұсынғанға, соның iшiнде кинематографиялық фильмдерге және радио немесе телехабар үшiн фильмдер мен пленкаға, кез-келген пәтентке, сауда маркасына, дизайнға немесе үлгiге, жоспарға, құпия формалуға немесе процесске, немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны үшiн немесе пайдалану құқығы үшiн, немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибеге қатысты ақпарат үшiн сыйақы ретiнде алынатын кез-келген төлем түрiн бiлдiредi.
4. Егер роялтидiң нақты иесi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бола отырып, роялти пайда болған басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және төленетiн роялтиге қатысты құқық немесе мүлiк шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, 1 және 2 тармақтың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-Баптың ("Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда") немесе 14-Баптың ("Тәуелсiз жеке қызметтер") ережелерi қолданылады.
5. Егер төлеушi осы Мемлекеттiң резидентi болса роялти Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған деп есептеледi. Алайда, егер роялти төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi ме, жоқ па - осыған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса, соларға байланысы роялти төлеу мiндеттемесi туындаса және мұндай роялти осы тұрақты мекеме немесе тұрақты базаға байланысты төлейтiн болса, онда мұндай роялти тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болған деп есептеледi.
6. Роялти төлеушi мен оның нақты иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлға арасында арнайы қатынастар болуына байланысты пайдалануға, құқыққа немесе ақпаратқа қатысты төленетiн роялтидiң сомасы осындай қатынастар болмай тұрғанда роялти төлеушi мен оның нақты иесi арасында келiсiле алатындай сомадан асып кеткен жағдайда, осы Баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Бұл жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Конвенцияның басқа ережелерiн тиiсiнше ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынады.
13-Бап
МҮЛIК ҚҰНЫНЫҢ ӨСIМIНЕН АЛЫНАТЫН ТАБЫСТАР
1. Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң 6-Бапта айқындалғандай (жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстар) және басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алған табыстарына немесе активтерiн, негiзiнен, осындай мүлiктен тұратын компанияның акцияларына немесе активтерi негiзiнен, басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен тұратын әрiптестiк пен трастағы үлестерiне осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте иеленiп отырған тұрақты мекеменiң кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiктi шеттетуден немесе тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшiн Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқа Уағдаласушы Мемлекетте иеленiп отырған тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүлiктен алынатын табыстарға, соның iшiнде осындай тұрақты мекеменi (жеке өзiн немесе бүкiл кәсiпорынмен қоса) немесе осындай тұрақты базаны шеттетуден алынатын осындай табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
3. Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының халықаралық тасымалда пайдаланатын теңiз немесе әуе кемелерiн немесе осындай теңiз немесе әуе кемелерiн пайдалануға қатысты жылжымалы мүлiктi шеттетуден алған табыстарына тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
4. 1, 2 және 3-тармақтарда ескертiлгендерден өзге кез-келген мүлiктi шеттетуден алынатын табыстарға мүлiктi шеттетушi тұлға резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
14-Бап
ТӘУЕЛСIЗ ЖЕКЕ ҚЫЗМЕТТЕР
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болатын және тұлға кәсiптiк қызметтерге немесе тәуелсiз сипаттағы басқа қызметке қатысты алған табысқа тек осы Мемлекетте салық салынады, егер оның осындай қызметiн iске асыру мақсаттары үшiн басқа Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты негiздегi тұрақты базасы жоқ болса. Егер оның осындай тұрақты базасы бар болса, табысқа, бiрақ табыстың осы тұрақты базаға қатысты бөлiгiне ғана басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын жеке тұлға тиiстi салық жылында басталатын немесе аяқталатың кез-келген 12 айлық кезеңде ретiмен келген 12 айда жалпы ұзақтығы 183 күннен асатын кезек немесе кезеңдер бойы осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте болса, оның осы басқа оған тұрақты негiзде қолайлы тұрақты базасы бар деп есептеледi және оның айналысқан қызметiнен осы басқа Мемлекетте алынған табыс осы тұрақты базаға жатады.
2. "Кәсiптiк қызметтер" терминi, атап айтқанда, тәуелсiз ғылыми, әдеби, артистiк, бiлiм беру немесе оқытушылық қызметтердi, сондай-ақ дәрiгерлердiң, заңгерлердiң, инженерлердiң, сәулетшiлердiң, тiс дәрiгерлерiнiң және бухгалтерлердiң тәуелсiз қызметтерiн қамтиды.
15-Бап
ТӘУЕЛДI ЖЕКЕ ҚЫЗМЕТТЕР
1. 16 ("Директорлардың сыйақылары"), 18 ("Зейнетақылар"), 19 ("Мемлекеттiк қызмет") және 20-Баптардың ("Студенттер, профессорлар және зерттеушiлер") ережелерiн ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi жалдамалы жұмысқа байланысты алған ырзықақыға, жалақыға және басқа да осындай сыйақыларға, егер тек осындай жалдамалы жұмыс басқа Уағдаласушы Мемлекетте атқарылмаса, осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалдамалы жұмыс осылайша атқарылған болса, ол жақтан алынған осындай сыйақыға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. 1 тармақтың ережелерiне қарамастан, басқа Уағдаласушы Мемлекетте атқарылатын жолдау бойынша жұмысқа байланысты Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алған сыйақыға тек алғашқы аталған Мемлекетте ғана салық салынады, егер:
а) сыйақы алушы тиiстi салық жылында басталатын немесе аяқталатын кез-келген реттегi 12 айлық созылған кезеңде жалпы ұзақтығы 183 күннен аспайтын кезең немеес кезеңдер бойы басқа Мемлекетте тұрып жатса, және
b) сыйақы басқа Мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын жалдаушы төлесе немесе ол жалдаушының атынан төленсе, және
с) сыйақыны жалдаушының басқа Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы төлемесе.
3. Осы Баптың осының алдындағы ережелерiне қарамастан халықаралық тасымалда пайдаланылатын теңiз немесе әуе кемесiнiң бортында атқарылатын жалдамалы жұмысқа қатысты алынған сыйақыға осы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
16-Бап
ДИРЕКТОРЛАРДЫҢ СЫЙАҚЫЛАРЫ
Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның директорлар кеңесiнiң немесе соған ұқсас органының мүшесi ретiнде алған директорлар сыйақыларына және басқа да осындай төлемдерге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
17-Бап
АРТИСТЕР ЖӘНЕ СПОРТШЫЛАР
1. 14 ("Тәуелсiз жеке қызметтер") және 15 ("Тәуелдi жеке қызметтер") Баптардың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi театр, кино, радио немесе теледидар артисi немесе сазгер секiлдi өнер қызметкерi ретiнде немесе спортшы ретiнде өзiнiң басқа Уағдаласушы Мемлекетте айналысатын жеке қызметiнен алған табысқа осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Егер өнер қызметкерiнiң немесе спортшының өзiнiң осы тұрпатында атқаратын жеке қызметiне қатысты табысы өнер қызметкерiнiң немесе спортшының өзiне емес, басқа адамға есептелсе, онда осы табысқа 7 ("Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда"), 14 ("Тәуелсiз жеке қызметтер") және 15 ("Тәуелдi жеке қызметтер") Баптардың ережелерiне қарамастан өнер қызметкерiнiң немесе спортышынң қызметi жүзеге асырылған Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
3. Егер осы Мемлекетке келу Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiреуiнiң немесе екеуiнiң қоғамдық қорлары немесе оның жергiлiктi өкiмет органдары толық немесе негiзiнен қолдау көрсетсе, 1 және 2 тармақтардың ережелерi өнер қызметкерiнiң немесе спортшының Уағдаласушы Мемлекетте айналысатын қызметiнен алған табысқа, қолданылмайды. Мұндай жағдайда табысқа өнер қызметкерлерi немесе спортшы резидентi болып табылатын сол Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
18-Бап
ЗЕЙНЕТАҚЫЛАР
1. 19-Баптың ("Мемлекеттiк қызмет") 2-тармағының ережелерiне сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне өткендегi атқарған жұмысы үшiн төленетiн зейнетақылар мен басқа да осындай сыйақыларға тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. Уағдаласушы Мемлекетте туындайтын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн алименттерге және осыған ұқсас төлемдерге (балаларды күтүге берiлетiн төлемдердi қосқанда) тек осы басқа Мемлекетте ғана салық салынады.
19-Бап
МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТ
1. a) Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оның жергiлiктi өкiмет органының осы Мемлекетке, немесе өкiмет органына көрсетiлетiн қызметтерге қатысты жеке тұлғаға төлейтiн зейнетақыдан өзге ырзыақыға, жалақыға және басқа ұқсас сыйақыға тек осы Мемлекетте ғана салық салынады;
b) Алайда егер қызмет осы Мемлекетте жүзеге асырылса және жеке тұлға осы Мемлекеттiң резидентi болса тек мұндай ырзықақыға, жалақыға және басқа ұқсас сыйақыға басқа Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады, қайсысы:
(I) осы Мемлекеттiң азаматы болса; немесе
(II) қызметiн iске асыру үшiн ғана осы Мемлекеттiң азаматы болмады.
2. а) Уағдаласушы Мемлекет немесе оның жергiлiктi өкiмет органы немесе олар құрған қорларда жеке тұлғаға осы Мемлекет немесе өкiмет орган үшiн жүзеге асыратын қызметiне төленетiн кез-келген зейнетақыға осы Мемлекетте ғана салық салынады.
б) Алайда егер жеке тұлға осы Мемлекеттiң резидентi және азаматы болса, мұндай зейнетақыға тек басқа Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
3. 15 ("Тәуелдi жеке қызметтер"), 16 ("Директорлардың сыйақылары") және 18 ("Зейнетақылар") Баптардың ережелерi Уағдаласушы Мемлекет немесе оның жергiлiктi өкiмет органы айналысатын кәсiпкерлiк қызметке байланысты көрсетiлетiн қызметке қатысты ырзыақыға, жалақыға және басқа ұқсас сыйақыға және зейнетақыларға қолданылады.
20-Бап
СТУДЕНТТЕР, ПРОФЕССОРЛАР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУШIЛЕР
1. Уағдаласушы Мемлекетке келердiң нақ алдында басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе болған және бiрiншi аталған Мемлекетте тек қана бiлiм алу немесе даярлықтан өту мақсатында тұрып жатқан студент, стажер немесе оқушы өзiнiң тұру, бiлiм алу немесе оқуы үшiн алатын төлемдерге, мұндай төлемдер осы Мемлекеттен тыс жерлердегi көздерден төленген жағдайда, осы Мемлекетте салық салынбайды.
2. Уағдаласушы Мемлекеттегi университетте, колледжде немесе басқа танылған оқу немесе ғылыми институтта сабақ беру немесе зерттеу жүргiзу мақсатымен Уағдаласушы Мемлекетте болатын және нақты осы сапарға дейiн басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып тұрған немесе болған жеке тұлға, осындай сабақ беру не зерттеу үшiн оның бiрiншi сапарының алғашқы күнiнен екi жылдан аспайтын кезек бойы, бiрiншi аталған Уағдаласушы Мемлекетте салық салудан босатылады.
3. Зерттеулерден алынатын табысқа, егер мұндай зерттеулер қоғамдық мүддеге емес, жеке тұлғаның немесе тұлғалардың бас пайдасы үшiн жүргiзiлсе, 1 тармақтың ережелерi қолданылмайды.
21-Бап
ОФФШОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
1. Осы баптың ережелерi осы Конвенцияның 4-ден 20 Баптарының ережелерiне қарамастан қолданылады.
2. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып саналатын және осы басқа Мемлекетте орналасқан теңiз түбiн және оның қойнауын және олардың табиғи ресурстарын барлау немесе пайдалануға байланысты қызметтi басқа Уағдаласушы Мемлекетте оффшорлы жүзеге асыратын тұлға, 3 және 4 тармақтарға сәйкес, қызметтiң осы түрлерiне қатысты кәсiпкерлiк қызметтi осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте осында орналасқан тұрақты мекеме немесе тұрақты база арқылы жүзеге асыратын болып есептеледi.
3. Егер қызмет кез-келген 12 айлық кезеңде жалпы ұзақтығы 30 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы жүзеге асырылса 2 тармақтың ережелерi қолданылмайды. Бiрақ, осы тармақтың мақсаттары үшiн:
a) басқа тұлғамен бiрiккен тұлға жүзеге асыратын қызмет, егер қаралған қызмет айтарлықтай бiрiншi айтылған тұлға жүзеге асырғандай болса, оның өзiндiк қызметiмен бiр уақытта жүзеге асатын қызметтi қоспағанда, басқа тұлға жүзеге асыратын ретiнде есептеледi;
b) егер бiреуi басқасымен тура немесе жанама бақыланса, немесе олардың екеуi де үшiншi тұлғамен немес үшiншi тұлғалармен бақыланса тұлға басқа тұлғамен бiрiккен деп қаралады.
4. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiнiң қорларды немесе персоналды орналасқан жерге немесе орналасқан жерлер арасында тасымалдаудан, қызмет жүзеге асатын Уағдаласушы Мемлекетте, осындай қызметке қосымша, теңiз түбiн және оның қойнауын және олардың табиғи ресурстарын барлау немесе пайдалануға байланысты немесе буксирлi кемелердi және басқа кемелердi пайдаланудан алған пайдасына тек бiрiншi айтылған Мемлекетте ғана салық салынады.
5. а) Осы тармақтың b) тармақшасына сәйкес, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiнiң басқа Уағдаласушы Мемлекеттегi теңiз түбiн және оның қойнауын және олардың табиғи ресурстарын барлаумен немесе пайдаланумен байланысқан жалдамалы жұмысқа қатысты алған ырзыақысына, жалақысына және ұқсас сыйақысына осы басқа Мемлекетте мiндеттер қай шамада оффшорлы жүзеге асырылса, осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн. Алайда, егер жалдамалы жұмыс басқа Мемлекеттiң резидентi болмайтын жалдаушыға оффшорлы iстелсе және кез-келген 12 айлық кезеңде жалпы ұзақтығы 30 күннен аспайтын кезең не кезеңдер бойы, онда мұндай сыйақыға тек бiрiншi айтылған Мемлекетте ғана салық салынады.
b) Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi қорлардың немесе персоналды орналасқан жерге тасымалдауға тартылған теңiз немесе әуе кемесiнiң бортында орындалатын жалдамалы жұмысқа қатысты немесе орналасқан жерлермен, қайда теңiз түбiн және оның қайнауын және олардың табиғи ресурстарын барлаумен немесе пайдаланумен байланысқан қызмет Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асатын немесе буксирлi кеменiң немесе басқа кемелердiң бортында жүзеге асатын жалдамалы жұмысқа қатысты алған ырзыақыға, жалақыға және басқа ұқсас сыйақыға резидентi жалдаушы болатын Уағдаласушы Мемлекетте осындай қызметке қосымша салық салынуы мүмкiн.
6. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiнiң шеттетуден алған табыстарына:
а) барлау немесе пайдалану құқықтары; немесе
b) басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан және осы басқа Мемлекетте орналасқан теңiз түбiн және оның қойнауын және олардың табиғи ресурстарын барлауға немесе пайдалануға байланысты қолданылатын мүлiк; немесе
с) өзiнiң құнын немесе құнының көп бөлiгiн тура немесе жанама осындай құқықтардан немесе осындай мүлiктен немесе бiрге алынған осындай құқықтардан немесе осындай мүлiктен алатын акциялар;
осы бас Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
Осы тармақта "бақылауға және пайдалануға құқықтар" басқа
Уағдаласушы Мемлекеттегi теңiз түбiн және оның қойнауын және олардың
табиғи ресурстарын бақылаудың және пайдаланудың нәтижесi болатын
активтерге құқықтарды, осындай активтердiң үлесiне немесе пайдасына
құқытарды қоса алғанда, бiлдiредi.
22-Бап
БАСҚА ТАБЫСТАР
1. Осы Конвенцияның мұның алындағы Баптарында қаралмаған, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiнiң табыс түрлерiне олар пайда болса да тек осы басқа Мемлекетте ғана салық салынады.
2. 6-Баптың ("Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс") 2 тармағында айқындалғанындай, жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстан өзге табысқа, егер мұндай табысты алушы Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бола отырып, басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және төленiп отырған табысқа қатысы бар құқық немесе мүлiк шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, 1 тармақтың ережелерi қолданылмайды. Бұл жағдайда ретiне қарай 7 Баптың ("Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда") немесе 14 Баптың ("Тәуелсiз жеке қызметтер") ережелерi қолданылады.
23-Бап
КАПИТАЛ
1. 6 Бапта ("Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс") айтылған жылжымайтын мүлiк түрiнде ұсынылған, Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң меншiгi болып табылатын және басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан капиталға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте иеленiп отырған тұрақты мекеменiң кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiк немесе тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшiн Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқа Уағдаласушы Мемлекетте қарамағанда ұстап отырған тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүлiк түрiнде ұсынылған капиталға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының халықаралық тасымалда
пайдаланатын теңiз және әуе кемелерi түрiнде және осындай теңiз және
әуе кемелерiн пайдалануға қатысты жылжымалы мүлiк түрiнде ұсынылған
капиталға тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
4. Уағдаласушы Мемлекет резидентi капиталының барлық басқа
элементтерi осы Мемлекетте ғана салық салынады.
24-Бап
ҚОСАРЛАНҒАН САЛЫҚ САЛУДЫ ЖОЮ
1. Қазақстан жағдайында қосарланған салық салу былай жойылады:
а) Егер Қазақстанның резидентi осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес Литвада салық салынуы мүмкiн табыс алса немесе капиталды иеленсе, Қазақстан:
I) осы резиденттiң табысына салынатын салықтан Литвада төленген табыс салығына тең соманы шегерiп тастауға;
II) осы резиденттiң капиталына салынатын салықтан Литвада төленген капиталға салынатын салыққа тең соманы шегерiп тастауға; рұқсат бередi.
Алайда, егер жоғарыда айтылған табысты алу және капиталға иелiк Қазақстан Республикасында болса, мұндай шегеру Қазақстанда қолданылатын ережелерге сәйкес және ставкалар бойынша есептелетiн сомадан аспайды.
b) Егер Қазақстанның резидентi осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес тек Литвада ғана салық салынатын табыс алса немесе капиталды иеленсе, Қазақстан осы табысты немесе капиталды салық салу базасына, бiрақ Қазақстанда салық салынатын осындай басқа табысқа немесе капиталға салынатын салық ставкасын айқындау мақсаттары үшiн ғана енгiзе алады.
2. Литва жағдайында қосарланған салық салу былай жоғалады:
егер Литваның резидентi осы Конвенцияға сәйкес Қазақстанды салық салынуы мүмкiн табыс алса немесе капиталды иеленсе, егер оның iшкi заңдарында ең қолайлы жағдайлар режимi болжанбаса Литва:
а) осы резиденттiң табысына салынатын салықтан Қазақстанда
төленген табыс салығына тек соманы шегерiп тастауға;
b) осы резиденттiң капиталына салынатын салықтан Қазақстанда
төленген капиталға салынған салыққа тең соманы шегерiп тастауға,
рұқсат бередi.
Алайда, мұндай шегеру, екi жағдайда, Литвада табысқа немесе
капиталға салынатын салықтың, шегеруге дейiн есептелген, жағдайларға
байланыс Қазақстанда салық салынуы мүмкiн табысқа немесе капиталға
қатысты бөлiгiнен аспайды.
25-Бап
КЕМСIТПЕУ
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары әсiресе резиденттiкке қатысты нақ осындай жағдайларда осы басқа Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салуға және соған байланысты мiндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты кез-келген салық салуға немесе соған байланысты кез-келген талап қоюға ұшырамайтын болады. Бұл ереже сондай-ақ, 1 Баптың ("Конвенция қолданылатын тұлғалар") ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де резиденттерi болып табылмайтын тұлғаларға да қолданылады.
2. Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденттерi болып табылатын азаматтығы жоқ тұлғалар нақ осындай жағдайларда тиiстi Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салуға немесе соған байланысты мiндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты салық салуға немесе соған байланысты кез-келген мiндеттемеге Уағдаласушы Мемлекеттердiң ешқайсысына да ұшырамауы тиiс.
3. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекемеге салық салу нақ осындай қызметпен айналысатын осы басқа Мемлекеттiң кәсiпорындарына салық салуға қарағанда осы басқа Мемлекетте қолайсыздау болмайды. Осы ереже Уағдаласушы Мемлекеттi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне салық салу мақсаттары үшiн өзiнiң төл резиденттерiне олардың азаматтық мәртебесi немесе отбасылық мiндеттемелерi негiзiнде беретiн қандай да бiр жеке жеңiлдiктер, салықтан босатулар мен кемiтулер беруге мiндеттейтiндей болып пайымдалмайды.
4. 9 Баптың ("Ассоциацияланған кәсiпорындар") 1 тармағының, 11 Баптың ("Проценттер") 7 тармағының, 12 Баптың ("Роялти") 6 тармағының ережелерi қолданылатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн проценттер, роялти және басқа төлемдер осындай кәсiпорынның салық салынатын пайдасын айқындау мақсатында олар бiрiншi аталған Мемлекеттiң резидентiне қалай төленсе, нақ сондай жағдайларда шегерiлiп тасталуы тиiс, осы секiлдi, Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорынның басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне қарызы осы кәсiпорынның салық салынатын капиталын айқындау мақсатында олар бiрiншi аталған мемлекеттiк резидентiнен қалай шегерiлсе, нақ сондай жағдайларда шегерiлiп тасталуы тиiс.
5. Капитал басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң бiр немесе бiрнеше резиденттерiне толық немесе iшiнара тиесiлi немесе олар тiкелей немесе жанама түрде бақылап отырған Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорындары бiрiншi аталған Мемлекеттiң осындай кәсiпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салуға және соған байланысты
мiндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты салық
салуға немесе соған байланысты талап қоюға бiрiншi аталған Мемлекетте
ұшырамауға тиiс.
6. Осы Баптың ережелерi, 2 Баптың ("Конвенция қолданылатын
салықтар") ережелерiне қарамастан, кез-келген түрдегi және сипаттағы
салықтарға қолданылады.
26-Бап
ӨЗАРА КЕЛIСIП АЛУ РӘСIМI
1. Егер тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де iс-әрекеттерi оған осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар етiп отыр немесе душар етедi деп есептелсе, ол, осы Мемлекеттердiң iшкi заңдарында көзделген қорғану құралдарына қарамастан, өзiнiң iсiн өзi резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе, егер оның жағдайына 25 Баптың ("Кемсiтпеу") 1 тармағы қолданылатын болса, өзi азаматы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзырлы органдарының қарауына бере алады. Арыз Конвенцияның ережелерiне сәйкес емес салық салуға душар еткен iс-әрекеттер туралы алғашқы хабар тиген күннен бастап үш жыл iшiнде берiлуге тиiс.
2. Құзырлы орган, егер ол талапты орынды деп есептесе және өзi қанағаттанарлық шешiмге келе алмаса, Конвенцияға сәйкес келмейтiн салық салуды болғызбау мақсатында мәселенi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң құзырлы органымен өзара келiсе отырып шешуге ұмтылады. Қол жеткен кез келген уағдаластық Уағдаласушы Мемлекеттердiң iшкi заңдарында бар қандай да болсын уақыт шектеулерiне қарамастан орындалуға тиiс.
2. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары Конвенцияны пайымдау немесе қолдану кезiнде туындайтын кез-келген қиындықтарды немесе күдiктердi өзара келiсе отырып шешуге ұмтылады. Олар сондай-ақ Конвенцияда ескерiлмеген жағдайларда қосарланған салық салуды жою үшiн бiр-бiрiмен ақылдаса алады.
4. Уағдаласушы Мемлекеттiң құзырлы органдары немесе олардың өкiлдерi осының алдындағы тармақтарды ұғысуда келiсiмге қол жеткiзу мақсатында бiр-бiрiмен тiкелей байланыс жасай алады. Егер келiсiмге жету үшiн ауызша пiкiр алуды ұйымдастыру дұрыс болса, мұндай пiкiр алысу Уағдаласушы Мемлекеттер құзырлы органдарының өкiлдерiнен тұратын комиссия мәжiлiсiнiң шеңберiнде болуы мүмкiн.
27-Бап
АҚПАРАТ АЛМАСУ
1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары осы Конвенцияның ережелерiн немесе салық салу Конвенцияға қайшы келмейтiндей дәрежеде Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты Уағдаласушы Мемлекеттiң iшкi заңдарын орындау үшiн қажеттi ақпарат алысын тұрады. Ақпарат алысу 1 Баппен ("Конвенция қолданылатын тұлғалар") шектелiп қалмайды. Уағдаласушы Мемлекет алатын кез-келген ақпарат осы Мемлекеттiң iшкi заңдарының шеңберiнде алынған ақпарат секiлдi құпия болып есептеледi және Конвенция қолданылатын салықтарға баға берумен немесе оларды жинаумен, күштеп өндiрiп алумен немесе сот арқылы қудалауымен немесе осы салықтарға байланысты шағымдарды қараумен айналысатын адамдарға немесе органдарға ғана (соның iшiнде соттар мен әкiмшiлiк органдарына) жария етiледi. Мүндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты тек осындай мақсаттар үшiн ғана пайдаланады, олар бұл ақпаратты ашық сот мәжiлiсi барысында немесе сот шешiмдерiн қабылдаған кезде хабарлай алады.
2. 1 тармақтың ережелерi ешбiр жағдайда Уағдаласушы
Мемлекеттерге мiндеттеме жүктейтiндей пайымдалмауы тиiс.
а) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары мен
әкiмшiлiк практикасына қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларын жүргiзу;
b) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары бойынша
немесе әдеттегi әкiмшiлiк практикасы барысында алуға болмайтын
ақпарат беру;
c) қандай да болсын сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсiптiк,
коммерциялық немесе кәсiптiк құпияны немесе сауда процесiн, немесе
ашылуы мемлекеттiк саясатқа (қоғамдық практикаға) қайшы келуi мүмкiн
ақпарат беру.
3. Осы бапта орындауға қажет рәсiмдi айқындау үшiн Уағдаласушы
Мемлекеттердiң құзырлы органдары қосымша келiсiм жасай алады.
28-Бап
ЖЕҢIЛДIКТI ШЕКТЕУ
Осы Конвенцияның кез-келген басқа ережелерiнен тәуелсiз
Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi, басқа Уағдаласушы Мемлекет ұсынған
осы Конвенцияда қаралған салықтарды кез-келген төмендету немесе
олардан босату жеңiлдiгiн алмайды, егер осындай резиденттi немесе
осындай резидентпен байланысты кез-келген тұлғаны жасаудың немесе
болуының негiзгi немесе негiзгi мақсаттардың бiрi, қарсы жағдайда
ұсынылмайтын, осы Конвенцияның ережелерi бойынша жеңiлдiк алу болса.
29-Бап
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ӨКIЛДIКТЕРДIҢ ЖӘНЕ КОНСУЛДЫҚ
МЕКЕМЕЛЕРДIҢ МҮШЕЛЕРI
Осы Конвенцияда ешнәрсе де дипломатиялық өкiлдiктердiң және
консулдық мекемелердiң мүшелерiнiң халықаралық құқықтың жалпы
нормаларына немесе арнаулы келiсiмдердiң ережелерiне сәйкес берiлген
салық артықшылықтарын қозғамайды.
30-Бап
КҮШIНЕ ЕНУI
1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң Үкiметтерi осы Конвенция күшiне енуi жөнiндегi конституциялық талаптардың атқарылғаны туралы бiр-бiрiне хабарлайды.
2. Конвенция 1 тармақта айтылған хабарламалардың соңғысы алынған
күннен күшiне енедi және оның ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттердiң
екеуiнде де қолданылатын болады:
а) Конвенция күшiне енетiн жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 1
қаңтарынан бастап немесе одан кейiн алынған табыс жөнiнде табыс
көзiнен ұтап қалынатын салықтарға қатысты;
б) Конвенция күшiне енетiн жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 1
қаңтарынан бастап немесе одан кейiн басталатын кез-келген қаржы жылы
алынатын салықтарға, табысқа және капиталға салынатын басқа
салықтарға қатысты.
31-Бап
ҚОЛДАНЫСЫН ТОҚТАТУ
1. Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрi оның қолданысын тоқтатқанға дейiн күшiнде қалады. Уағдаласушы Мемлекеттiң әрқайсысы кез-келген күнтiзбелiк жыл аяқталғанға дейiн ең болмағанда алты ай бұрын әрекетiн тоқтату туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлап, Конвенцияның қолданысын тоқтатады. Мұндай жағдайда Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнде де өзiнiң қолданысын тоқтатады:
а) хабарлама берiлген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 1
қаңтарынан бастап немесе одан кейiн алынған табыс жөнiнде, табыс
көзiнен ұстап қалынатын салықтарға қатысты;
б) хабарлама берiлген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 1
қаңтарынан бастап немесе одан кейiн басталатын кез-келген қаржы жылы
алынатын салықтарға, табысқа және капиталға салынатын басқа
салықтарға қатысты.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ РЕТIНДЕ тиiстi өкiлдiктерi бар төменде қол
қоюшылар осы Конвенцияға қол қойды.
Алматы қаласында 1997 жылғы наурыз айының 7 күнi қазақ, литва,
орыс және ағылшын тiлдерiнде екi дана етiп жасалды, барлық мәтiннiң
күшi бiрдей.
Қазақстан Республикасы Литва Республикасы
үшiн үшiн
ХАТТАМА
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Литва Республикасының Үкiметi арасындағы табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияға (осында және одан әрi "Конвенция" ретiнде аталатын) қол қою рәсiмiнiң барысында қол қоюшы тараптар Конвенцияның ажырамас бөлiгiн құрайтын мынадай ережелер туралы келiстi:
10 Баптың ("Дивидендтер") 6 тармағына қатысты:
6 тармақта айтылған пайдаға қосымша салық екi Уағдаласушы Мемлекеттердiң iшкi заңдарына сәйкес алынбаса, 10 Баптың 6 тармағының ережелерi қолданылмайды. Мұндай кiргiзiлген жағдайда екi Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары өзара келiсiм бойынша екi Уағдаласушы Мемлекеттерде 6 тармақтың ережелерiн қолданатын күндi анықтайды.