Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы Заем туралы (қарапайым операциялар) (Зейнетақы Реформасының Бағдарламасы) келiсiмдi бекiтi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 6 наурыз N 212


     1998 жылғы 3 ақпанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Азия
Даму Банкi арасындағы Заем туралы (қарапайым операциялар) (Зейнетақы
Реформасының Бағдарламасы) келiсiм бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 

                                                 Келісім көшірмесі
                                                   Заем N 1589 KAZ
           
   
                      Қазақстан Республикасы мен
                           Азия Даму Банкі
                             арасындағы
                         Заем туралы Келісім
                       (қарапайым операциялар)
                (Зейнетақы Реформасының Бағдарламасы)

                      күні _____________________
     
     ___________________________________________________
                         LАО:КАZ
     
     
                       Заем туралы Келісім
                      (қарапайым операциялар)
     
     Қазақстан Республикасы (бұдан әрi - Заем алушы) мен Азия Даму 
Банкі (бұдан әрi - Банк) арасындағы Заем туралы ___________________Келісім 
     


      (А) Банк Заем алушыдан Заем берушiнiң елiнде (бұдан әрi - "Бағдарлама") Зейнетақы реформасына арналған Заем туралы осы Келiсiмге 1-қосымшада жазылған басты мақсаттар, шаралар және iс-әрекеттер баяндалған даму стратегиясы туралы хатты (бұдан әрi-стратегиялық хат) алды;

     (В) Заем алушыдан Бағдарлама мақсаттары үшiн Банктiң қарапайым 
күрделi ресурстарынан заем беру туралы өтiнiш жасаған фактiлерiн
     
      НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,
     
     (С) Банк басқа негiзде Заем алушыдан оның қарапайым күрделi 
ресурстарынан бұдан әрi белгiленген шарт негiзiнде заем беруге келiстi.
     Осылайша тараптар осымен мынадай келiсiмге келiстi: 
     
                           1-бап
                 Заем ережесi: Айқындама
     


      1.01-бөлiм. Банктiң заемдар бойынша қарапайым операциялар туралы 1986 жылғы 1-шiлдедегi Ережесiне енгiзiлген ережелердiң бәрi, егер олар келер жылы өзгертiлуге жататын осы құжатта толығынан баяндалған болса, осы арқылы Заем туралы осы Келiсiмге сол шамасында қолданылады (жоғарыда аталған осылайша өзгертiлген заемдар бойынша қарапайым операциялар туралы ережелер бұдан әрi - заем Шарты деп аталады):
      а) 2.01(9)-бөлiм алынып тасталады және былайша өзгертіледі:
      "Бағдарлама" терминi Банк Заем туралы Келiсiмде баяндалған шарт негiзiнде заем беруге келiскен бағдарламаны білдiредi, онда шарттар Банк пен Заем алушы арасындағы келісім бойынша кейде өзгерiп отырады";
      (б) Бағдарлама терминi Заем туралы осы Шартта қайда кездессе де "Жоба" терминіне ауыстырылатын болады;
      (c) 2.01-бөлiм алынып тасталады және былайша өзгертіледi:
      "10. Бағдарлама бойынша Атқарушы Агенттік терминi бағдарламаның заем туралы Келiсiмде баяндалғандарға сәйкес орындалуына жауапты ұйымды немесе ұйымдарды бiлдiредi;
      (d) "Бағдарлама бойынша Атқарушы Агенттік терминi Заем туралы осы Шартта қайда кездессе де "Жоба бойынша Атқарушы Агенттiк" терминiне өзгертілуі тиіс;
      (e) 2.01 (17)-бөлiм алынып тасталады және былайша өзгертіледі: "доллар" немесе "долларлар" термині, сондай-ақ доллардың "$" белгісі Америка Құрама Штаттарының валюта түріндегі долларын немесе долларларын білдіреді;
      (f) 2.01 (26) және (27) бөлімдері алынып тасталады, ал жаңа 2.01 (26)-бөлім мыналарды қамтиды: "Долларлық пұл" деген Банктің өзінің қарапайым күрделі ресурстарын беретін доллар түріндегі заемдар бойынша төлемдерді қаржыландыру мақсатында Банк кепілдік берген шеттен алған доллар түріндегі төленбеген қарызға алынған пұлын білдіреді;
      (g) 3.02-бөлімнің бірінші параграфының соңғы сөйлемі алынып тасталады;
      (h) 3.01(b) (ii)-бөлімі алынып тасталады және былайша өзгертіледі: "(ii) заемға байланысты "білікті несиелер" Банктің 1992 жылдың 30-маусымынан кейін бірте-бірте пайдаланылатын долларлық пұлдағы төленбеген несиесін білдіреді;
      (i) 3.06(а)-бөлімнің бірінші параграфының соңғы сөйлемі алынып тасталады және 3.06(b)-бөліміндегі "Банкке қолайлы күн" деген сөз алынып тасталады;
      (j) 4.02-бөлім алынып тасталады және былайша өзгертіледі: "Ақша қаражаттары қарыз шотынан доллар түрінде алынуға тиіс".
      (к) 4.03 (а)-бөлiмi алынып тасталады және былайша өзгертiледі: "Заемның негізгі сомасы доллармен өтелуге тиiс";
      (1) 4.04-бөлiм алынып тасталады және былайша өзгертiледi: "Заемның кез-келген бөлiгi бойынша процент доллармен өтелуге тиiс";
      (m) "5.02-бөлiмге сәйкес және кез-келген арнаулы міндеттеме бойынша төлем" 4.05-бөлiмнен алынып тасталады;
      (n) 4.09-бөлiм алынып тасталады және жаңа 4.09-бөлiм мыналарды қамтиды:
      Өзгенi көздейтiн осы Шарттың кез-келген ережелерiне қарамастан Заем жағдайында қарыз шотынан алу - егер банк осындай алу мақсатында долларларды аудару мүмкін емес деп шешкен сондай ерекше жағдайларды қоспағанда - Банктiң қалауы бойынша валютамен немесе валюталармен жүргiзілуі тиiс. Мұндай валютада немесе валюталарда төленетiн заемның негізгі сомасына қолданылатын проценттiк ставка мұндай валютаны алу немесе спредке қосқандағы валюта бойынша банктердің шығыстарына негiзделген болуы керек, сонымен қатар және мезгіл-мезгіл банк айқындап отырады.
      1.02-бөлім. Егер контекст өзгедей талап етпесе Шартың барлық мәтіні бойынша айқындама осы Шартта берiлген, оларда көрсетілген шектеу мағыналары, ал төменде көрсетiлген қосымша терминдер мыналарды білдіреді:
      (а) "СҚК" Заем алушының Сырттан қарыз алуы жөнiндегi комитетін немесе оның кез-келген құқықтық мұрагерiн білдiредi;
      (b) "Қазақстан тарапының қаражаты" Заем алушыға түсетiн және осы Бағдарлама бойынша ұсынылған Заем қаражатынан құралатын теңге түріндегi түсiмдi бiлдіреді;
      (с) "Рұқсат етiлген тауарлар" бағдарлама шеңберiнде импортталатын тауарларды (Заем туралы осы Келiсiмнiң 3-қосымшасына 1 толықтыруға сәйкес айрықша ерекшеленгендерiнен басқа) бiлдіреді, оның шетелдік валюта түрiндегі шығындары заем қаражатынан қаржыландырылуға жатады;
      (d) "Бiрінші транш" елу миллион (50,000,000) аспайтын сомадағы заем қаражатының бiрiншi кезекте игерілетiн бөлігін бiлдiредi;
      (е) "БАЖ" басқарудың ақпараттық жүйесiн бiлдіреді;
      (f) "ЗЕХӘҚМ" Заем алушының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін немесе оның кез-келген құқықтық мұрагерін білдіреді;
      (g) "ҚМ" Заем алушының Қаржы министрлігін немесе оның құқықтық мұрагерін білдіреді;
      (h) "ҚҰБ" Қазақстанның Ұлттық Банкін немесе оның кез-келген құқықтық мұрагерін білдіреді;
      (i) "ҰЗҚ" Ұлттық Зейнетақы Қорын немесе оның кез-келген құқықтық мұрагерін білдіреді;
      (j) "ҰҚК" Ұлттық Қауіпсіздік комитеті немесе оның кез-келген құқықтық мұрагерін білдіреді;
      (k) "Бағдарлама бойынша Атқарушы Орган" осындай Бағдарламаны орындау бойынша міндеттемелер жүктелген осы Келісімнің мағыналық контекстінің - Қаржы министрлігінің мақсаты үшін білдіреді;
      (l) "Екінші транш" осы Келісімнің 3-қосымшасының 5-параграфы Ережелерінің шарттарын орындағанда және орындау кезінде алуға жататын Бірінші траншты игергеннен кейін Заем шотындағы қалдықты білдіреді;
      (m) "СХСЖ" Стандартты Халықаралық Сауда Жүктелімін, БҰҰ-ның статистикалық жинағында жарияланған 3 жорамалын білдіреді, Министрлік сериясы, N 34/Вер.3 (1986);
      (n) Заем алушының Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталығын немесе оның кез-келген мұрагерін білдіреді;
      (o) "Теңге" Заем алушының валютасы болып табылады.

                       ІІ-бап
                        Заем

      2.01-бөлім. Банк Заем алушыға оның қарапайым күрделі ресурстарынан 100 млн. доллар (100,000,000 млн. доллар) мөлшер сомасында қаржы бөлуге келісім береді.
      2.02-бөлім. Заем алушы Банкке осы Келісімнің 3.02-бөліміне сәйкес тағайындалған көлемде процент төлеуге тиіс.
      2.03-бөлiм. (а) Заем алушы ставка жөнiндегi комиссияға проценттiң төрттен бiр бөлiгiн (жылдық 0,75 процент) төлеуге тиiс. Мұндай комиссия осындай түрде Заем туралы осы Келiсiм күнiнен кейiн 60 күн толған бiрiнен соң бiрiнен кейiнгi Заем сомасына (мезгіл-мезгiл алынған сомалардың қалдықтары):
      алғашқы он екi айлық мерзiм iшiнде - 15,000,000 долларға, екiншi он екi айлық мерзiм iшiнде - 45,000,000 долларға, үшiншi он екi айлық мерзiм iшiнде - 85,000,000 долларға және одан әрi заемның бүкiл сомасына есептеледi.
      (б) Егер заемның сомасы заемның құрамынан жойылған болса, онда осындай жойылудың алдында заемның осы Бөлiмнiң (а) параграфында белгіленген бөлiгiнiң сомасы заемның жойылған бүкiл сомасына қатысты тепе-тең қысқартылуға тиiс.
      2.04-бөлiм. Заемдар бойынша проценттер және басқа төлемдер жарты жылда бiр рет, әр жылдың 15 маусымынан 15 желтоқсанына дейiн төленiп отыруға тиiс.
      2.05-бөлiм. Заем алушы Заем туралы осы Келiсiмнiң 2-қосымшасында келтiрiлген өтеу кестесiне сәйкес заемның шотынан алынған заемның негiзгi сомасын қайтарады.

                          III-Бап
              Заемның қаражатын пайдалану

      3.01-бөлiм. Заем алушы Заем туралы осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес бағдарлама бойынша шығындарды қаржыландыруды пайдалануды қамтамасыз етедi.
      3.02-бөлiм. Заем қаражаты Заем туралы осы Келiсiмнiң 3- қосымшасының ережелерiне сәйкес осы бағдарламамен рұқсат етiлген тауарлар бойынша жасалған шетелдiк валюта түрiндегi шығындарды қаржыландыру мақсаты үшiн ғана, мұндай Қосымшаға мезгіл-мезгiл Заем алушы мен Банк арасындағы келiсiмге сәйкес өзгертулер енгiзiлуi мүмкiн екендiгi ескере отырылып қарыз шотынан алынуы мүмкiн.
      3.03-бөлiм. Заем алушы мен Банк арасындағы арнаулы уағдаластық өзгедей жағдайларды көздемеген жағдайлардан басқа жағдайларда заем қаражатынан қаржыландырылатын барлық рұқсат етiлген тауарлар Банктiң мүше-елдерiнде және Заем туралы осы Келiсiмнiң 4-қосымшасының ережелерiне сәйкес алынуы тиiс. Банк Заем алушы мен Банк арасындағы келiсiм рәсiмдерiне сәйкес тауарлар сатып алынбаған шарттарды немесе шарттың ережелерi мен тәртiптерi Банк үшiн қолайсыз болған жағдайларда қаржыландырылуы мүмкін.
      3.04-бөлім. Банк өзгедей жағдайларға келіскен жағдайлардан басқа жағдайларда күшіне енгенге дейін жүз сексен күннен (180) астам кезеңде пайда болған міндетті баптар бойынша шығындарға қатысты қарыз шотынан алуға тиым салынады.
      3.05-бөлім. Осы Шарттың 3.03-бөлімінің мақсаттары үшін заем шотынан қаражат алынатын соңғы күн болып 1999 жылдың 30 маусымы немесе Заем алушы мен Банк арасында дүркін-дүркін келісілетін басқа күн болып табылады.

                        IV-бап
                   Айрықша шарттар

      4.01-бөлім. (а) Заем алушы оңтайлы, әкімшілік және қаржы әдістерін, әлеуметтік қорғау және қоршаған ортаны қорғау талаптарын ескеріп ауыл шаруашылық әдістерін қолдана отырып жауапкершілікпен және жеткілікті деңгейдегі пайдалылықпен және тиімділікпен Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етеді.
       (б) Заем алушы Бағдарламаны орындау кезінде Заем туралы осы Келісімнің 5-қосымшасында баяндалған барлық міндеттемелерді орындайды немесе оның орындалуына ықпал етеді.
      4.02-бөлім. Заем алушы Бағдарламаның орындалуы үшін Заем қаражаттарына қосымша қажетті қаржы және материалдық-техникалық қорларды, қызмет көрсетулерді, жер учаскелерін және өзге де ресурстарды уақытында және қажетіне орай береді.
      4.03-бөлім. Заем алушы өзінің бөлімшелері мен ведомстволары Бағдарламаны орындауға қатысты қызметті орынды әкімшілік практика мен рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылатын және үйлестірілетін жағдайлармен қамтамасыз етеді.
      4.04-бөлім. (а) Заем алушы заем қаражаттарынан қаржыландырылатын рұқсат етілген тауарларды жүйелеуге мүмкіндік беретін есеп пен есептемені жүргізуі немесе жүргізуді қамтамасыз етуі, сондай-ақ жүргізілген Бағдарлама шараларының есебін жүргізуі тиіс.
      (б) Заем алушы Банктің өкілдеріне осы Бөлімнің (а) параграфында аталған бухгалтерлік есеп құжаттарын тексеру мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті.
      4.05-бөлім. (а) Заем алушы Банк танысу қажетті деп санауы мүмкін мыналарды: (і) заем қаражаттарын жұмсау мен олардың пайдаланылуы; (іі) заем қаражаттарынан қаржыландырылатын рұқсат етілген тауарлар; (ііі) Қазақстан тарапының қаражаттары мен олардың пайдаланылуы; (iv) стратегиялық хаттағы мақсаттарға қол жеткiзу мен шаралардың орындалуын қосқанда, бағдарламаның орындалуы; (v) Заем алушы аумағындағы қаржылық және экономикалық жағдайларға және Заем алушының халықаралық төлем балансының жағдайы; (vi) заем мақсатына қатысты кез-келген басқа мәселелер бойынша барлық есептер мен мәлiметтердi банкке беруi немесе қамтамасыз етуi тиiс.
      (б) Жоғарыда айтылғандардың жалпы сипатын шектемей Заем алушы Бағдарламаның орындалуы және стратегиялық хатта көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу мен шараларды өткiзу туралы жарты жылдық есептi Банкке беруi немесе берудi қамтамасыз етуi тиiс. Мұндай есептер толық жазылған нысанда және Банк көрсеткен мерзiмде берiлуi керек, одан басқа, туындаған мәселелерде қолданылған немесе қолданылатын шешiмдер, қол жеткiзілген прогрестер мен алға басқан есептi бiрiншi жарты жылдық iшiнде туындаған проблемалар, сондай-ақ одан әрi жүргiзілетiн шаралардың ұсынылатын жоспары және ықтимал барысы көрiнiс табуы керек.
      (с) Қаражатты қарыз шотынан алу үшiн белгiленген ақырғы күннен кейiн кiдiртпестен, бiрақ барлық жағдайда да осыдан кейiн 3 айдан кешiктiрмей немесе осы мақсат үшiн Заем алушы мен Банк арасында келiсілуге тиiс бұдан да кеш күннен кейiн Заем алушы Банкке Бағдарламаның орындалғаны, бағдарлама бойынша шығындарды қоса алғанда, Заем алушының заем туралы келiсiм жөнiндегi өз мiндеттемелерiн орындағаны және заемның мақсатына жеткендiгi туралы толық жазылған нысанда және Банк көрсеткен мерзiмде жасалған есептi әзiрлеп, Банкке өткiзуге тиiс.
      4.06-бөлiм. (а) Мүлiктi бөлуге шек қою шарттарында Заем алдында Заем алушының бiрде-бiр сыртқы борышы өзгеге басымдығы болмайтынына Заем алушы мен Банк келiседi. Сондықтан (i) Заем алушы Банк заемының негiзгi сомасын тиым салынған мүлiктен тең және тепе-тең төлеуден өзгеге Банк келiспейтiн болса - кез-келген жоғары борыш бойынша кепiл ретiнде өзiнiң мүлiктерiн пайдалануға шек қою шартын, сондай-ақ заем бойынша проценттер мен басқа да алымдарды қамтамасыз етудi - Заем алушы мiндеттенедi; және (ii) өзiнiң мүлiктерiн пайдалануға шек қою пайда болғанда немесе Заем алушы пайда болуға жол бергенде мұның алдындағы параграфта көрсетiлгендердi сөзсiз орындауға мiндеттенедi.
      (б) Осы бөлiмнің (а) параграфының ережелерi мыналарға:
      (i) мүліктi сатып алу кезінде адам қарыз үшiн ұстап қалудың қайсыбiр құқығына, мұндай мүліктің сатып алу бағасына кепілдік ретiнде; немесе (іi) Банктiк операциялардың қарапайым барысында туындайтын мүлікті қарыз үшiн ұстап қалудың қайсыбiр құқығына және қарызды өтеу мерзімі бiткеннен кейiн бір жылдан аспайтын уакытқа кепілдікке қолданылмайды.
      (с) "Заем алушының активтерi" термині осы Бөлiмнiң (а) параграфының контекстінде кез-келген әкімшілік бөлімшесінің активтерiн немесе Заем алушының кез-келген ұйымның активтерiн және ҚҰБ-нің және Заем алушы үшiн Орталық Банктің қызметін атқаратын өзге мекемелердiң активтерiн қосқанда, осы сияқты әкiмшiлiк бөлiмшелердің активтерiн қосады.

                              V-бап
                            Күшiне енуі

      5.01-бөлiм. Төмендегі айтылғандар Заем туралы ереженiң 9.01(f)-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн Заем туралы осы Келiсiмдi күшіне енгізуге қосымша шарт болып табылады: Заем алушы зейнетақы бойынша төленбеген берешектердiң барлығын 1997 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеуi тиiс.
      5.02-бөлiм. Заем туралы келiсімнің күшіне ену мерзiмi болып осы

Шарттың 9.04-бөлiмiнiң мақсаттары үшін Заем туралы осы Келiсiм 
жасалған күннен кейiн тоқсан (90) күн ішiндегi мерзiм белгiленген.

                           VI-бап
                       Басқа мәселелер
     
     6.01-бөлiм. Қаржы министрі осы Шарттың 11.02-бөлімінiң мақсаттары 
үшін Заем алушы ретінде тағайындалады.
     6.02-бөлім. Осы Шарттың 11.01-бөлімінің мақсаттары үшін мына 
мекен-жайлар көрсетіледі:
     Заем алушы үшін:
     Қазақстан Республикасы
     Алматы 480091
     Абылайхан даңғылы 97
     Қаржы министрлігі
     
     Факс: (7-3272) 636984/628079
     
     Банк үшін:
     
     Азия Даму Банкі
     пошта жәшігі 789
     0980 Манила, Филиппин

     Факс: (682) 636-2444
           (632) 636-2421
     
     Мұны куәландыру үшін өзінің уәкілетті өкілдері арқылы жұмыс 
істейтін тараптар тиісінше осы Келісімге өзінің тиісті атымен қол 
қойып, оны жоғарыда көрсетілген жылда және айда Банктің Бас офисіне 
жеткізуді қамтамасыз етті.
     
                      Қазақстан Республикасы
     
             _________________________________________
                            Уәкілетті өкіл
     
                                және
                         Азия Даму Банкі
     
                  _____________________________
                       Уәкілетті өкіл
     
                          1-Қосымша
      
                 Бағдарламаны сипаттау
     


      1. Бағдарламаның негізгі мақсаты - жарналар негізінде толық қаржыландырылатын зейнетақы реформасына көшуге қолдау көрсету болып табылады. Бағдарламаны одан әрі егжей-тегжей сипаттау Стратегия туралы Хатта келтіріледі. Бағдарлама 1997 жылдан 2000 жылдар аралығындағы кезеңде орындалатын болады.

      2. Бағдарламаға қолдау көрсетуге:

     (а) Заем қаражаттары Рұқсат етілген Тауарларға шетел валютасында 
қаржыландыру үшін қолданылады; және
     (b) Қазақстан Тараптарының қаражаттары Бағдарламаның 
мақсаттарымен келісілетін белгілі-бір бағдарламалар мен шараларды 
орындауға байланысты жұмсалған шығыстарды жергілікті валютада 
қаржыландыру үшін қолданылады.
     (с) Заем қаражаттары 1999 жылдың 30 шілдесіне дейін қолданылады деп 
күтілуде.

                                                    2-Қосымша
     
             Мерзімі ұзартылған Заемды Біртіндеп Өтеу Кестесі
                   (Зейнетақы Реформасының Бағдарламасы)
     
     Төлеу күні                           Негізгі Соманы Төлеу
     _________                           ______________________
                                         (АҚШ долларымен)*
     
     2001 жылдың 15 маусымы               2,247,100
     2001 жылдың 15 желтоқсаны            2,359,400
     2002 жылдың 15 маусымы               2,477,400
     2002 жылдың 15 желтоқсаны            2,601,300
     2003 жылдың 15 маусымы               2,731,400
     2003 жылдың 15 желтоқсаны            2,867,900
     2004 жылдың 15 маусымы               3,011,300
     2004 жылдың 15 желтоқсаны            3,161,900
     2005 жылдың 15 маусымы               3,320,000
     2005 жылдың 15 желтоқсаны            3,486,000
     2006 жылдың 15 маусымы               3,660,300
     2006 жылдың 15 желтоқсаны            3,843,300
     2007 жылдың 15 маусымы               4,035,400
     2007 жылдың 15 желтоқсаны            4,237,200
     2008 жылдың 15 маусымы               4,449,100
     2008 жылдың 15 желтоқсаны            4,671,500
     2009 жылдың 15 маусымы               4,905,100
     2009 жылдың 15 желтоқсаны            5,150,400
     2010 жылдың 15 маусымы               5,407,900
     2010 жылдың 15 желтоқсаны            5,678,300
     2011 жылдың 15 маусымы               5,962,200
     2011 жылдың 15 желтоқсаны            6,260,300
     2012 жылдың 15 маусымы               6,573,300
     2012 жылдың 15 желтоқсаны            6,902,000
     
                           Жиыны         100,000,000
     


      * Бұл бағандағы сандар шоттан қаражаттарды алу күніне сәйкес анықталған Долларлық эквиваленті көрсетіледі. Төлемдер бойынша операцияларға міндеттемелердің мерзімі жақындаған кезге байланысты олардың әрқайсысы бойынша Қарапайым Операциялар бойынша Заем туралы Шарттың тиісті ережелері таратылады.

          Алдын-ала төлемдер бойынша қосымшалар

      Үлестері процент түрінде көрсетілетін мына сандар Заем туралы Шарттың 3.06 бөліміне сәйкес Заемның негізгі сомасының кез келген бөлігінің міндеттемелері бойынша төлем мерзіміне дейін алдын-ала өтеу бойынша төлемге жататын қосымшалар ретінде көрсетіледі.

      Алдын-ала Төлеу Уақыты Қосымша
                                   Алдын-ала төлем күні Заем

бойынша қалған төленбеген қалдыққа қолданылатын мыналарға көбейтілген проценттік ставка (бір жылға процентпен көрсетілген)

     Міндеттемелер бойынша төлеу
     мерзімі жақындағанға дейін 2
     жылдан артық емес                    0,13



     Міндеттемелер бойынша төлеу
     мерзімі жақындағанға дейін 2
     жылдан артық, бірақ 4 жылдан
     артық емес                           0,33
     
     Міндеттемелер бойынша төлеу
     мерзімі жақындағанға дейін 5
     жылдан артық, бірақ 10 жылдан
     артық емес                           0,67
     
     Міндеттемелер бойынша төлеу
     мерзімі жақындағанға дейін 10
     жылдан артық, бірақ 13 жылдан
     артық емес                           0,87

     Міндеттемелер бойынша төлеу
     мерзімі дейінгі 13 жылдан
     артық                                1,00
     
     
                                                3-Қосымша
          
           Шоттан Заем Қаражаттарын Аудару және Алу

     1. Егер Банк келiсуi мүмкiн өзге жағдайлардан басқа реттерде, 
мыналарға:
     (i) қандай да болмасын жергiлiктi шығыстарға;


      (ii) қолдау көрсетiп отырған ресми халықаралық немесе екi жақты ұйымдардың несиелерiмен қаржыландырылатын шетел валютасы түрiндегi қандай да бiр шығыстарға немесе Банк беретiн кез келген заемдарға;
      (ііі) Күшiне Ену Күнiне дейiн қалған жүз сексен күннен бұрын туындайтын Рұқсат етiлген Тауарларға жұмсалған шығыстарға қатысты Заем Шотынан ешқандай да қаражаттарды алу жүргiзiлмейдi.
      2. Егер Банк келiсуi мүмкiн өзге жағдайлардан басқа реттерде, Заем Шотынан қаражаттарды алу Рұқсат етiлген Тауарларға жұмсалған шығыстарды шетел валютасы түрiнде қаржыландыру үшiн жүргізіледі.
      3. (а) Банкке Заем Шотынан қаражаттарды алуға өтiнiштер Бағдарламаны Атқарушы Ұйым немесе Бағдарламаны Атқарушы атынан берiледi; олар Банк үшiн қанағаттанарлық нысанда берiледi;
      (b) Егер Банк келiсуi мүмкiн өзге жағдайлардан басқа реттерде, мұндай өтiнiмдер, мұндай құжаттармен және мұндай өтiнiмдер бергендерге қатысты Заем шығыстарының қаражаттарынан қаржыландыруға сабақтас Банктi заңды қанағаттандыру үшiн қажет болып табылатын басқа растаулармен бекiтiледi.
      (с) Заем туралы осы Келiсiмнiң 4-қосымшасының 3 (а)-тармағында айтылған әрбiр келiсiм-шарттарға және Заем туралы осы Келiсiмнiң 4-қосымшасының 3 (b)-тармағында айтылған және олардың әрқайсысының құны АҚШ долларына шаққанда санағанда 5,000,000 немесе одан аз құрайтын әрбiр келiсiм-шарттарға қатысты Заем алушы Банкке шығыстар туралы тиiстi есеппен бiрге, шығыстар Заем туралы осы Келiсiмнiң шарттарына және ережелерiне сәйкес жұмсалғандығын куәландыратын құжатты және Банк негiзделген тәртiпте дүркiн-дүркiн сұрау салуы мүмкiн басқа да осындай құжаттар мен мәлiметтердi ұсынады.
      (d) Заем туралы осы Келiсiмнiң 4-қосымшасының 4 (b)-тармағында айтылған және бағалау бойынша әрқайсысының құны АҚШ долларына шаққанда 5,000,000 асатын соманы құрайтын әрбiр келiсiм-шарттарға қатысты Заем алушы Банкке Банкке қатысты Заем Шотынан қаражаттарды алу өтiнiмiмен бiрге құжаттаманың келiсiм-шартына байланысты сәйкес келетiн екi расталған көшiрменi және Банк негiзделген тәртiпте дүркiн-дүркiн сұрау салуы мүмкiн осындай басқа құжаттарды және мәлiметтердi ұсынады.
      4. Шығыстар туралы Есепке жататын Банк рәсiмi Күшiне Ену Күнiне дейiнгi жүз сексен күннiң iшiнде Рұқсат етiлген Тауарларға жұмсалған шығыстардың орнын толтыру үшiн пайдаланылады; алайда, әрқайсысының құны АҚШ долларына шаққанда 5,000,000 асатын соманы құрайтын жағдайда келiсiм-шартқа сәйкес жұмсалған шығыстарға қатысты мұндай рәсiм қолданылмайды.
      5. Заем туралы осы Келiсiмнiң немесе Заем туралы Шарттың

ережелерi кез келген өзгелерге тәуелсiз және Егер Банк келiсуi мүмкiн 
өзге жағдайлардан басқа реттерде, егер Банк заем алушымен кеңескеннен 
кейiн мыналарға:
     (а) Заем алушы Бағдарламаны орындау кезiнде жеткiлiктi оң 
нәтижелерге жеткендiгi; және оның iшiнде
     (b) Заем алушы осы Ереженiң 2-Қосымшасында көрсетiлген Екiншi 
Траншты ашу үшiн шарттарды орындағаны расталмаса Екiншi Транш шотынан 
ешқандай да қаражаттарды алу жүргiзiлмейдi.
     
                                       3-Қосымшаға 1-Толықтыру
     
           Тыйым салынған Тауарларды сипаттау
     


      1. Заем қаражаттары Бағдарлама кезінде талап етілетін импортталатын тауарлардың (баждардан және салықтардан басқа) қанағаттанарлық құнына қатысты жұмсалған шығыстарды шетел валютасында қаржыландыру үшін қолданылады:
      2. Жоғарыда келтірілген 1-тармақтың ережелеріне тәуелсіз мынадай

шығыстарға:
     
     (а) Банктің Заем алушыға хабарлауында көрсетілетін төмендегі СХСС 
топтарына немесе ішкі топтарына немесе СХСС алдағы қайта қарауына 
сәйкес кез келген топтарға немесе құқықтық мұрагер-ішкі топтарға 
енгізілген тауарлардың шығыстарына:
     
     Топ                   Ішкі топ         Тауарларды сипаттау
     
     122                  ___________       Алкоголь ішімдіктері
     
     121                  ___________       Өңделмеген темекі;
                                            темекі қалдықтары
     
     122                  ___________       Өңделген темекі (онда
                                            темекінің орнын
                                            алмастыратындар
                                            барына немесе
                                            жоғына тәуелсіз)
     
     252                  ___________       Радиоактивті және
                                            оларға аралас материалдар
     
     667                  ___________       Маржандар, өңделген
                                            және өңделмеген асыл 
                                            және жартылай асыл тастар
     
     718                     718,7          Ядролық реакторлар
                                            және олардың бөлшектері;
                                            ядролық реакторлар үшін
                                            сәулесіз отын элементтері
                                            (катридждер)

     897                     897,3          Алтын, күміс немесе
                                            платина (қол және қалта
                                            сағаттарынан және олардың
                                            қораптарынан басқа) тобындағы
                                            зергерлік бұйымдар; алтыннан
                                            және күмістен жасалған
                                            зергерлік бұйымдар (асыл
                                            тастарды қоса алғанда)
     
     971                   ___________      Құндылығы аз алтын (алтын
                                            рудалары мен концентраттардан
                                            басқа)
     
     (b) әскери немесе жартылай әскери мақсаттарға немесе өте бағалы 
заттарға арналған тауарлардың шығыстарына; немесе
     (с) ӘДҰ (Әлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы) Қауіпсіздік Дәрежесі 
бойынша Пестицидтердің Сыныптамасына және Сыныптама бойынша Басшылыққа 
сәйкес өте қауіпті немесе қауіптілігі жоғары 1а немесе 1b кластарына 
жатқызылған пестицидтерге арналған шығыстарға қатысты шоттан ешқандай да 
алым жүргізілмейді.
     
                                        3-Қосымшадағы 2-Толықтыру
     
               Екінші Траншті ашу Шарттары
               Жаңа Зейнетақы Жүйесіне Көшу
     
     1. Заем алушы жаңа зейнетақы жүйесінің жинақтаушы қорының құрамдас 
бөлігіне ресми секторда тұрған тұлғалардың алпыс проценттен (60%) кем 
емес бөлігін көшіруді қамтамасыз етеді.
     
            2. Зейнетақымен Қамтамасыз етуді Пайдаланылатын
             Тұлғалар туралы Мәліметтерді Компьютерге енгізу
     
     2. Заем алушы зейнетақы алып отырған зейнеткерлер туралы 
мәліметтерді толығымен компьютерге енгізуді жүргізеді.
     
                      3. Жылдық Бюджеттік Аударымдар
     
     3. Заем алушы жаңа зейнетақы жүйесінің Кірістердің Түсуіне Қарай 
Зейнетақыларды Төлеудің құрамдас бөлігінің қаржылық талаптарын орындау 
үшін Парламенттің қарауына 1999 жылға арналған жылдық бюджетте осындай 
қаражатты аударады.
     
                Зейнетақылардың Уақытылы Төленуі
     
     4. Заем алушы 1998 жылдың 1 сәуірінен кейін жаңа зейнетақы 
жүйесінің Кірістердің Түсуіне Қарай Зейнетақыларды Төлеудің құрамдас 
бөлігіне сәйкес зейнетақыларды уақытылы төлеуді жүзеге асырады.
     
              Ішкі Мемлекеттік Борыш Аспаптарын Шығару
     
     5. Заем алушы олар жөніндегі міндеттемелер бойынша үш жылдан 
асатын төлемдер мерзімінде біреуден кем емес ішкі мемлекеттік борыш 
аспаптарын шығарады.
     
             Зейнетақы Қорын Инвестициялармен Жетілдіру
     
     6. Кем дегенде он бестен кем емес, оның ішінде бесеуінен кем 
емесі А класына жататын компанияның акциялары Қазақстанның Қор Биржасына 
жіберіледі.
     
        Ең Төменгі Зейнетақыны Дүркін-Дүркін Индекстеу
     


      7. Заем алушы тұтыну құнының индексі бойынша кері күшке ие ең төменгі зейнетақының дүркін-дүркін индекстеу тәсілін қолданады.
                                            4-Қосымша




      1. Егер Банк келiсуi мүмкiн өзге жағдайлардан басқа реттерде, осы Қосымшаның келесi тармақтарында сол туралы айтылатын рәсiм Заем қаражаттарынан қаржыландыруға тиiс Рұқсат етiлген Тауарларды сатып алуға қолданылады.
      2. (а) Егер Банк келiсуi мүмкiн өзге жағдайлардан басқа реттерде және төмендегi көрсетiлген 3 (b) - тарауында қарастырылғандай құны бағалау бойынша АҚШ долларына шаққанда 5,000,000 асатын соманы құрайтын Рұқсат етiлген Тауарларды жеткiзуге арналған әрбiр келiсiм-шарт конкурстық негiзде IY Тарауда көрсетiлген оған дүркiн-дүркiн енгiзiлген өзгерiстер, алдын ала қарау және бекiту туралы ережелердi жою "Азия Даму Банкiнiң Заемдары бойынша Сатып алу жөнiндегi Басшылық ету" II Тарауында баяндалғандай халықаралық тендер негiзiнде берiледi.
      (b) Егер Банк келiсуi мүмкiн өзге жағдайлардан басқа реттерде, конкурстық негiзде халықаралық тендер негiзiнде көрсетiлетiн келiсiм-шарттарға қатысты, Банк мүмкiндiгiнше тез арада, бiрақ кез келген жағдайда Бағдарламаға, Сатып алу туралы Жалпы Хабарламаға (Банк осы Хабарламаны жеке жариялау бойынша шаралар қолданады) сәйкес сауда-саттыққа шақыру бiрiншi жiберiлгенге дейiнгi 90 күннен кешiктiрмей, ол туралы Банк негiзделiп сұрау салып отырған мұндай ақпараттар бар мұндай нысанда және тетiкте ұсыну керек. Банкке конкурстық негiзде халықаралық тендер негiзiнде сатып алынуы керек қандай да бiр Рұқсат етiлген Тауарлар қалған жағдайда, мұндай Сатып алу туралы Жалпы Хабарламаны жыл сайын жаңартып отыру үшiн қажеттi ақпарат ұсынады.
      (с) Осы тармақтың (а)-тармақшасында сол туралы айтылған келiсiм-шарттардың әрқайсысына қатысты Заем алушы Банкке мұндай келiсiм-шартқа қатысты Заем Шотынан қаражаттарды алу үшiн бiрiншi өтiнiмдi Банкке ұсынғанға дейiн, сауда-саттыққа берген өтiнiмдердi сараптаумен және ұсынуға арналған ұсыныммен бiрге мұндай келiсiм-шарттың расталған екi көшiрмесiн, сақталып жүрген жарнамалау тәртiбiн баяндауды және сауда-саттыққа өтiнiм берудi және Банк негiзделiп сұрау салатын мұндай басқа ақпаратты ұсынады.
      3. (а) Егер Банк келiсуi мүмкiн өзге жағдайлардан басқа реттерде және төмендегi келтiрiлген 3 (b)-тармақта қарастырылғандай, бағалау бойынша құны АҚШ долларына шаққанда 5,000,000 немесе одан аз құрайтын Рұқсат етiлген Тауарларға арналған әрбiр келiсiм-шарт немесе жеке сектор жеткiзген жағдайда сатып алушының қарапайым коммерциялық тәжiрибесiнiң негiзiнде немесе мемлекеттiк сектор жеткiзген жағдайда Заем алушы көрсеткен нұсқамасы негiзiнде берiледi.
      (b) Егер банк келісуі мүмкін өзге жағдайлардан басқа реттерде, Рұқсат Етілген Тауарларды жеткізуге арналған кең таратылған әр келісім- шарт сауда-саттық мақсатқа арналған және Банк үшін қанағаттанарлық негіздегі рәсімде беріледі.
                                               5-Қосымша




      1. ҚМ Бағдарламаны Атқарушы Ұйым ретiнде:
      (а) БХҚМ, ҚҰБ және ҚҰҚ Бағдарламаларын орындауды жүйелеуге;
      және
      (b) заем қаражаттарының тиiмдi басқарылуына және пайдаланылуына жауапты.
      2. ЕХҚМ, ҚҰБ және БК Бағдарламаның өздерiне тиесiлi құрамдас бөлiктерiн орындау барысы туралы жарты жылдық есептерiн дайындайды және оларды ҚМ ұсынады. Мұндай есептерде басқаларының арасында қол жеткен нәтижелер, кездескен проблемалар және оларды шешу жөнiнде бiрiншi алты ай iшiнде қабылданған iс-әрекеттер және Бағдарлама шеңберiнде ұсынылып отырған шаралар және келесi алты ай iшiнде күтiлiп отырған нәтижелер көрсетiледi.
      3. Бағдарламаның орындалуын қадағалау үшiн Заем алушы Күшiне Енген Күннен бастап бiр ай iшiнде төрағасы Қаржы министрi болатын және құрамына ҚМ, ЕХҚМ, ҚҰБ, ЗТМО және МЗҚ өкiлдерi кiретiн Бағдарламаны Үйлестiру жөнiндегi Комиссия (БҮК) құрады. БҮК реформа бойынша ұсынылып отырған шаралар Бағдарламаға сәйкес жүргiзiлуiн қамтамасыз ету үшiн әр үш ай сайын бiр рет өзiнiң жиналысын өткiзедi.
      4. Заем алушы
      (а) қабылданған стратегия және қабылданатын iс-әрекет Стратегия туралы Хатта сипаттап жазылғандай Бағдарлама орындалу уақыты кезiнде Заем туралы осы Келiсiм күнiне дейiн күшiнде қалуын қамтамасыз етедi; және
      (b) Стратегия туралы Хатта көрсетілгендей тез арада Бағдарламаға енген басқа стратегияны қабылдайды және басқа iс-әрекеттерге шара қолданады және осындай стратегия және осындай iс-әрекеттер Бағдарлама орындалу кезiнде күшiнде қалуын қамтамасыз етедi.

             Қазақстан Тараптарының Қаражаттары

      5. Заем алушы Қазақстан Тараптарының Қаражаттары жарналар негiзiнде толық Қаржыландырылатын зейнетақы жүйесiне көшуге қолдау көрсету үшiн қолдануды қамтамасыз етедi.

                    Стратегияны Талқылау

      6. (а) Заем алушы Банкті үнемі хабардар етіп отырады және Заем алушы және Банк Стратегия туралы Хатта баяндалған стратегиялар мен іс- әрекеттерді орындау кезінде қол жеткен нәтижелер және жаңа зейнетақы реформасының стратегиясын тұжырымдау мен орындау туралы дүркін-дүркін пікір алмасады.
      (b) Заем алушы Банкпен Бағдарламаны орындау кезінде кездескен проблемалар мен қиындықтарды және осындай проблемалар мен қиындықтарды жеңу немесе жеңілдету жөнінде тиісті шараларды дереу талқылап отырады.
      7. Заем алушы бағдарламаның жалпы мақсаттары мен ауқымына әсерін тигізетін басқа да халықаралық және екі жақты ұйымдармен және мекемелермен стратегия туралы ұсыныстарын талқылауы нәтижесінде Банкті үнемі хабардар етіп отыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Заем алушы кез келген мұндай ұсыныстарды ақырғы пысықтағанға және орындағанға дейін Банк ұсынысын қабылдайды.

                  Мониторинг және Бағалау

      8. 1998 жылдың 30 қарашасына немесе осындай басқа күнге дейін

      (а) Стратегия туралы Хатта (оның ішінде, Заем туралы осы Келісімнің 3-Қосымшасының 2-Толықтыруында келтірілген ережелердің орындалуын қоса алғанда) баяндалған реформаның стратегиясын орындау кезінде Заем алушының нәтижелеріне, және
      (b) зейнетақы жүйесін қаржыландыруды жетілдіруге мұндай және ерте

реформалардың әсеріне қатысты заем алушы мен Банк келісе алатын шолу 
жүргізіледі.
     
     Бұл шолуды жеңілдету үшін Бағдарламаны Атқарушы Ұйым Банкті 
есептерге және Банк жалпылай сұрай салуы мүмкін осындай тетіктерде 
Заем туралы осы Келісімнің 4.05 Бөлігінде сол туралы айтылған 
ақпараттарға қосымша тиісті ақпараттармен қамтамасыз етеді. Бұл шолу 
Заем алушы мен Банк зейнетақы жүйесінің реформасын жалғастыруға 
себебін тигізу үшін қажетті немесе дұрысырақ деп есептелуі мүмкін одан 
әрі шараларды талқылауы үшін негіз болып табылады.
     
     Оқығандар:
     Орынбекова Д.
     Нарбаев Е.
     
     (Конвенция мәтіні Парламенттен алынды)
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады